№2(78)/2015 Серия филология



жүктеу 1.71 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата03.03.2017
өлшемі1.71 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

 
Қ АР АҒ АН Д Ы  
У Н И В Е Р С И Т Е Т I Н I Ң  
ÕÀÁÀÐØÛÑÛ 
ÂÅÑÒÍÈÊ 
К АР АГ АН Д И Н С К О Г О  
У Н И В Е Р С И Т Е Т А
 
ISSN 0142-0843 
 
ФИЛОЛОГИЯ сериясы 
№ 2(78)/2015 
Серия ФИЛОЛОГИЯ 
 
Сəуір–мамыр–маусым 
30 маусым 2015 ж. 
1996 жылдан бастап шығады 
Жылына 4 рет шығады 
Апрель–май–июнь 
30 июня 2015 г. 
Издается с 1996 года 
Выходит 4 раза в год 
             Собственник  РГП   
Карагандинский государственный университет  
                                                    имени академика Е.А.Букетова
 
Бас редакторы — Главный редактор 
Кубеев Е.К., д-р юрид. наук, профессор 
 
Зам. главного редактора  
Х.Б.Омаров, д-р техн. наук 
Ответственный секретарь  
Г.Ю.Аманбаева, д-р филол. наук 
Редакция алқасы — Редакционная коллегия 
М.И.Абдуов, 
редактор д-р филол. наук; 
Г.Ю.Аманбаева, 
д-р филол. наук; 
Золтан Андраш, 
д-р филол. наук (Венгрия); 
Ж.А.Жакупов, 
д-р филол. наук; 
Ш.М.Мажитаева,  
д-р филол. наук; 
Матейко Любор, PhD 
д-р (Словакия); 
Ж.Н.Жунусова, 
д-р филол. наук; 
Н.И.Букетова, 
д-р филол. наук; 
А.С.Адилова, 
д-р филол. наук; 
Б.Шалабай, 
д-р филол. наук; 
Н.Ж.Шаймерденова, 
д-р филол. наук; 
С.А.Матяш, 
д-р филол. наук (Россия); 
М.Д.Джусупов, 
д-р филол. наук (Узбекистан); 
У.М.Бахтикиреева, 
д-р филол. наук (Россия); 
Т.В.Белошапкова, 
д-р филол. наук (Россия); 
К.Жанбозулы, 
д-р филол. наук (КНР); 
Ж.З.Кадина, 
отв. секретарь  
 
канд. филол. наук  
 
 
Адрес редакции: 100028, г. Караганда, ул. Университетская, 28 
Тел.: 77-03-69 (внутр. 1026); факс: (7212) 77-03-84.  
E-mail: vestnick_kargu@ksu.kz  Сайт: vestnik.ksu.kz 
 
 
 
 
 
Редакторы  Ж.Т.Нұрмұханова  
Техн. редактор  Д.Н.Муртазина 
Издательство Карагандинского  
государственного университета  
им. Е.А.Букетова 
100012, г. Караганда,  
ул. Гоголя, 38,  
тел.: (7212) 51-38-20 
e-mail: izd_kargu@mail.ru 
 
Басуға 29.06.2015 ж. қол қойылды.  
Пiшiмi 60
84 1/8.  
Офсеттік қағазы.  
Көлемi 16,25 б.т.  
Таралымы 300 дана.  
Бағасы келiсiм бойынша.  
Тапсырыс № 246. 
 
Подписано в печать 29.06.2015 г.  
Формат 60
84 1/8. 
Бумага офсетная. 
Объем 16,25 п.л. Тираж 300 экз. 
Цена договорная. Заказ № 246. 
 
Отпечатано в типографии  
издательства КарГУ  
им. Е.А.Букетова 
© Карагандинский государственный университет, 2015 
Зарегистрирован Министерством культуры и информации Республики Казахстан. 
Регистрационное свидетельство № 13109–Ж от 23.10.2012 г. 

 
2  
Вестник Карагандинского университета 
МАЗМҰНЫ 
 
С О Д Е Р Ж А Н И Е  
ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМІ 
 
КАЗАХСКОЕ  ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
Адилова А.С.,  Смаилова А.Ш.  Көркем  фан-
тастика мəтіндерінің лексикасы (А.-Х.Ф. Мар-
хабаевтың 
«Жұлдыздар 
жарығы 
жерге 
жетеді» романы бойынша) .................................   
4
 
Адилова А.С., Смаилова А.Ш. Лексика текстов 
художественной  фантастики  (по  роману      
А.-Х.Ф.  Мархабаева  «Лучи  звезд  доходят  до 
земли») ................................................................. 
4
Рапишева Ж.Д.,  Жүнісова М.Қ.,  Сейдахмето-
ва З.Қ.,  Кишенова А.Ю.  Терминологиялық 
лексиканың  бұқаралық ақпарат құралдарында 
қолданылу ерекшеліктері ...................................   
9
 
Рапишева Ж.Д.,  Жунусова М.К.,  Сейдахмето-
ва З.К.,  Кишенова А.Ю.  Особенности  упот-
ребления  терминологической  лексики  в 
средствах массовой информации ....................... 
9
Насыритдинова Ə.Н. Техникалық терминоло-
гиядағы  омоним-терминдер  жəне  олардың 
қолданыс ерекшеліктері .....................................   
15
 
Насыритдинова А.Н.  Термины-омонимы  в 
технической  терминологии  и  особенности  их 
использования ...................................................... 
15
Шортанбаев  Ш.А.  Махамбет  поэзиясындағы 
сөздердің стильдік-мағыналық  қолданысы .....  
22
 
Шортанбаев Ш.А. Использование стилистико- 
лексических средств в поэзии Махамбета ........ 
22
Ыбырайым  Ə.О.  Қазақ  тіліндегі  ресми-
іскерлік стильдің қалыптасу, даму кезеңдері ...   
27
 
Ибраиым  А.О.  Этапы  формирования  и  разви-
тия  официально-делового  стиля  в  казахском 
языке ..................................................................... 
27
Купаева  А.Қ.  Туынды  сөз  семантикасының 
қалыптасу ерекшеліктері ...................................  
32
 
Купаева А.К.  Особенности  формирования 
семантики производного слова .......................... 
32
Кадина Ж.З.,  Қабанов М.Ш.,  Сатеева Б.С. 
Толғау поэтикасының ерекшелігі .....................  
39
 
Кадина  Ж.З.,  Кабанов  М.Ш.,  Сатеева  Б.С.
 
Особенности поэтики толгау
 .............................. 
39
ЖАЛПЫ ЖƏНЕ ОРЫС  
ТІЛ БІЛІМІ 
 
ОБЩЕЕ  И РУССКОЕ  
ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
Аманбаева  Г.Ю.,  Балабекова  М.А.  Қазіргі 
таңда  Қазақстандағы  мультилингвалды  жағ-
дайды дамытуға бағытталған жағдайлар ..........   
47
 
Amanbayeva G.Yu., Balabekova M.A. Conditions 
for development of multilingualism in Kazakh-
stan ........................................................................ 
47
Аманбаева  Г.Ю.,  Төлеубекова  Ə.Т.  Ғылыми 
диcкурсты  зерттеудің  интеграциялық  модель-
дері .......................................................................  
53
 
Amanbaуeva G.Yu., Toleubekova А.Т.  Integrated 
models of scientific discourse research ................. 
53
Қуанышева Ə.Б. Орыс тіліндегі əлемнің тілдік 
суретіндегі «күйеу» концептінің өлшемі ..........   
58
 
Kuanysheva A.B. Parameterization of concept 
«husband» in the Russian language picture of the 
word....................................................................... 58
Зензеров В.Н.,  Щепина А.А.  У.С.  Моэмның 
«Театр»  романындағы  паралингвистикалық 
амалдар ролі ........................................................  
64
 
Зензеров В.Н., Щепина А.А. Роль паралингвис-
тических  средств  в  романе  У.С.  Моэма      
«Театр» ................................................................. 
64
Фрешли М. Ежелгі орыс əдебиетіндегі шарап ...  
74  
Фрешли М. Вино в древнерусской литературе ... 
74
ƏДЕБИЕТТАНУ  ЖƏНЕ 
ФОЛЬКЛОРТАНУ 
 
ЛИТЕРАТУРОВЕДЕНИЕ  
И  ФОЛЬКЛОРИСТИКА 
Жарылғапов Ж.Ж.  Бұқар  жырау  шығармала-
рындағы романтизмнің бейнелеу принциптері ...   
80
 
Жарылгапов  Ж.Ж.  Принципы  романтизма  в 
творчестве Бухар жырау ..................................... 
80
Каренов  Р.С.  Кенесары  ханның  халық 
əдебиетіндегі  жəне  тарихи  зерттеулердегі 
бейнесі .................................................................  
88
 
Каренов Р.С. Образ хана Кенесары в народной 
литературе и исторических исследованиях ........ 
88
Ысқақұлы  С.  Таңжарық  ақынның  табиғат 
лирикасы ..............................................................    108
 
Искакулы  С.  Пейзаж  в  лирике  Танжарык  
акына ....................................................................  108

Содержание 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 
 

Каренов  Р.С.  Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының 
«Шипагерлік  баяны» — халық  даналығының 
айғағы ..................................................................   112
 
Каренов  Р.С.  «Трактат  об  излечении  от 
болезней»  Отейбойдака  Тлеукабылулы — 
достояние народной мудрости ...........................  112
ЖУРНАЛИСТИКА  МƏСЕЛЕЛЕРІ 
 
ПРОБЛЕМЫ  ЖУРНАЛИСТИКИ 
Асанов Қ.Д., Еркін Ж.Ж. Сөз өнерін меңгеру — 
болашақ журналистер үшін басты міндет ........   122
 
Асанов К.Д.,  Еркин Ж.Ж.  Овладение  искус-
ством  речи — основная  задача  будущих 
журналистов .........................................................  122
МЕРЕЙТОЙ ИЕЛЕРІ 
 
НАШИ ЮБИЛЯРЫ 
Адилова А.С. Мерейтой иесі туралы сөз ...........    127
 
 
Адилова А.С. Слово о юбиляре ...........................  127
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МƏЛІМЕТТЕР .............
129  
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ ................................ 129
 


Вестник Карагандинского университета 
ҚАЗАҚ  ТІЛ  БІЛІМІ 
КАЗАХСКОЕ  ЯЗЫКОЗНАНИЕ 
ƏОЖ 81’42:811.512.122 
А.С.Адилова, А.Ш.Смаилова  
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 
(E-mail: adilova2010@mail.ru) 
Көркем фантастика мəтіндерінің лексикасы  
А.-Х.Ф. Мархабаевтың «Жұлдыздар жарығы жерге жетеді» романы бойынша 
Қазақ көркем фантастикасы мəтіндерінің вербалды қабатындағы лексика арнайы қарастыруды қажет 
етеді.  Ондағы  жалпыхалықтық  лексика,  арнаулы  лексика,  квазитерминдер,  түрлі  кəсіби  сөздер, 
неологизмдер қаламгер суреттеп отырған қиялдағы дүниені неғұрлым шынайы елестету, оқиғалар мен 
құбылыстарға  қатысты  ғылыми-фантастикалық  немесе  техникалық  мəліметтерді  жеткізу,  автордың 
концептуалды  ойын  жеткізуге  қажетті  реалияларды  нақтылау,  сипаттау,  таныстыру  мақсатында 
қолданылады.  Фантастика  мəтіндерінде  кездесетін  авторлық  неологизмдерді  ғылыми  əдебиетте 
түрліше  атайды.  Қарастырылып  отырған  мəтіндегі  авторлық  қолданыстарды  квазитерминдер  деп 
атауға  болады,  алайда  олардың  поэтикалық  окказионализмдер  қатарына  жатқызыла  алмайтынын  да 
айта  кеткен  дұрыс.  Квазитерминдер  қазақ  тілінің  аналитикалық  сөзжасам  тəсілімен  жасалып,  түрлі 
квазиреалияларды атау үшін қолданылған.  
Кілт сөздер: фантастикалық əдебиет мəтіндері, квазитерминдер, концептуалды ой, реалия, сөзжасам, 
аналитикалық тəсіл. 
 
Фантастикалық  көркем  əдебиет — негізінен,  ойдан  туындайтын,  ғылым  немесе  техниканың 
қоғамға,  яки  жекеге  ықпалын  суреттейтін,  баяндайтын  нысанасы  беймəлім  өңірдегі  қияли  əдеби 
мəтіндер. «Фантастика» ұғымының өзі де қиялдану өнерін меңзейді. 
«Ғылыми  фантастика — əдебиеттің  перзенті.  Демек,  оны  оқыған  адам  ғылыми  мəлімет, 
фантастикалық қуат алуы жəне ғылымдағы тенденцияны аңғарумен қатар, эстетикалық лəззат алуы 
тиіс.  Жазылған  дүниенің  қажетті  компоненттері  жетпей  де  қалмай,  асып  та  кетпейтіндей  дəрежеде 
болғанда  ғана  рухани  лəззат  та,  ғылыми  таным  да  алуға  болады» [1], — деп  атап  көрсеткен               
А.-Х.Ф. Мархабаевтың қазақ фантастикасының қалыптасуына қосқан үлесі қалың оқырманға кеңінен 
таныс,  ал  оның  фантастика  жанрының  пайда  болуы,  көтерген  тақырыбын  зерттеген  монографиясы 
постсоветтік кеңістікте осы тұрғыдағы алғашқы еңбектердің бірі екені белгілі.  
Ғылым  мен  техника  дамуындағы  жаңа  кезең,  яки  космос  дəуірі,  фантастикалық  əдебиет 
тақырыбын да тың өріске шығарды: бұрынғы арманға енді нақты ғылыми деректер араласты, аспан 
туралы  қиялға  бүгінде  астронавтика,  астроботаника,  астрофизика,  космос  медицинасы  секілді 
ғылымның жаңадан өркен жайып келе жатқан тың салалары қатысты. 
А.-Х.Ф.  Мархабаевтың  «Жұлдыздар  жарығы  жерге  жетеді»  атты  туындысындағы  тілдік 
құралдардың  қолданылу  мақсатын  айқындап,  вербалды  құрылымындағы  сөздердің  экспрессивтік-
эмоционалдық  бояуын  көрсете  отырып,  олардың  көркемдік-стилистикалық  қызметін  саралау 
негізінде  қаламгердің  стильдік  қолтаңбасын  анықтауға  авторлық-индивидуалды  сөзқолданыстар, 
сөзжасам модельдері, квазитерминдер ықпал ететіні байқалады.  
Жазушының  стиль  даралығы  сөздерді  белгілі  бір  мақсатта  қолданылуында  көрінеді.  Абдул-
Хамид  Ф. Мархабаевтың 
шығармасында 
стильдік 
мақсатта 
фантастикалық 
терминдер, 
фантастикалық кəсіби сөздер, авторлық неологизмдер, мақалдар, қысқарған сөздер, күрделі атаулар, 
айқындауыш мүшелер жиі кездеседі.  

Көркем фантастика мəтіндерінің… 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 

Қазақ  көркем  фантастика  мəтіндерінің  вербалды  қабатында  ұлттық  тіліміздің  жалпыхалықтық 
қолданыстағы  сөздерін,  арнаулы  лексиканы  кездестіруге  болады.  Фантастика  мəтіндерінде  қазақ 
тілінің  сөзжасамдық  тəсілдері  бойынша  жасалған  лексикалық  бірліктер  қаламгер  суреттеп  отырған 
қиялдағы  дүниені  шынайы  елестету,  оқиғалар  мен  құбылыстарға  қатысты  ғылыми-фантастикалық 
немесе  техникалық  мəліметтерді  жеткізу,  автордың  концептуалды  ойын  жеткізуге  қажетті 
реалияларды нақтылау, сипаттау, таныстыру мақсатында қолданылады.  
Қазақ тілінің қоғамдық рөлінің артуымен жарыса өрби дамыған саласы — лексика, оның дамуын 
зерттеу  тіліміздің  дамуының  əлеуметтік  сырын  жəне  өз  ішкі  заңдылықтарын  тануға  көп  септігін 
тигізеді. Егер дұрыстап қарайтын болсақ, тілде пайда болған сөздердің көбі оның ішкі құрылысының 
дамуынан тумайды, жаңа ұғымдар, оны тіркеуші сөздер қоғамдық дамудың барысында пайда болады. 
Осының  негізінде  тіл  оларға  дыбыстық  түр  беріп,  лексика  мен  фонетика  байланысы,  одан 
морфологиялық,  синтаксистік  т.б.  формалар  байланыстары  өрбіп  қалыптаса  бастайды.  Қоғам 
өмірінде  болып  жатқан  жаңа  үдерістермен  байланысты  мыңдаған  жаңа  сөздер  пайда 
болады. Олардың  көпшілігі  біртіндеп  халыққа  танылып,  қолданыс  жиілігі  жоғарылау  нəтижесінде 
өзінің жаңалығынан айрыла бастайды, түсіндірме немесе тіркеуші сипатта сөздіктерге енгізіледі.  
Фантаст-жазушы 
үшін 
мазмұндық-фактуалды 
ақпаратты 
жеткізуге 
жалпыхалықтық 
қолданыстағы  лексика  мен  арнайы  терминология  жеткіліксіз  болады,  себебі  ол  өзі  ойлап  тапқан, 
қиялындағы  болмысты  нақты  реалиялармен  сипаттай  алмайды,  сондықтан  ол  жаңадан  сөз  жасауға 
мəжбүр болады. Ал көркем фантастика мəтіндерінде жасалған жаңа сөздерді атау үшін түрлі атаулар 
ұсынылған.  Олардың  қатарында  орыс  тіл  біліміндегі  «квазилексемы», «квазитермины», 
«лжетермины», «вымышленные  термины» («жалған  терминдер», «ойдан  шығарылған  терминдер», 
«квазитерминдер», «квазилексемалар») сөздерін атауға болады. 
Жалпы  орыс,  ағылшын  тілдерінде  қазіргі  заман,  технология,  техника  жəне  экспрессивті 
сөзқолданыс нəтижесінде пайда болып жатқан неологизмдерді М. Эпштейн былайша топтастыруды 
ұсынады: 1) футурологизмдер; 2) актуализмдер; 3) экспрессизмдер; 4) протологизмдер.  Автор  өзі 
атап  көрсеткен  неологизмдердің  əрқайсысына  біршама  толық  сипаттама  беріп,  олардың  жасалу 
жолдарына  аздап  тоқталады.  Бұлардың  арасында  біз  үшін  маңыздысы — футурологизмдер,  себебі 
бұлар  ғылым  мен  техниканың  дамуымен  байланысты  пайда  болатын  сөздер.  Олар — futuroloqism
«будесловие» деген сөзден шыққан, неологизмнің бір түрі, əлі шындықта жоқ, бірақ болуы ықтимал 
зат  не  құбылыс  атауын  білдіретін  жаңа  сөз.  Қазіргі  қолданыс  тіліне  енген  футурологизмнің  бірі 
ретінде 1920 ж.  ағайынды  Чапектер  жұмсаған  «робот»  деген  сөзді  мысалға  алсақ  та  жеткілікті. 
Сол тəрізді  америкалық  фантаст  У.Гибсон 1984 ж. «киберспейс», «киберпанк»  сөздерін  енгізген. 
Футурологизмдер — өздері  таңбалайтын  құбылыстан  бұрын  пайда  болатын  сөздер,  сол  сөздердің 
қолданылуы  таңбаланатын  құбылыстардың  шындыққа  айналуын  қалыптастырады.  Орыс 
мəдениеттанушысы  ұсынған  классификациядағы  тағы  бір  назар  аударатын  неологизмдер — 
протологизмдер. «Сам  этот  термин — новое  слово,  которое  еще  не  успело  стать  неологизмом. 
Предложенный мною в 2003 г. термин protologism получил распространение в английском языке, в 
частности,  широко  употребляется  в  самой  большой  в  мире  сетевой  энциклопедии  «Википедия» 
(Wikipedia). Протологизм (protologism, от гр. protos — первый, начальный + logos — слово) — новое 
слово,  предложенное  его  автором  для  введения  в  язык,  но  еще  не  нашедшее  применения  у  других 
авторов, не закрепившееся в качестве неологизма» [2]. 
Бұл  орайда  тіл  білімінде  бұрыннан  белгілі  окказионализмдер  мен  потенциалды  сөздер  еске 
түседі  жəне  академик  Р.С.  Сыздық  айтқандай: «Сол  сияқты  жеке  ақын-жазушылардың 
шығармаларында  кездесетін  окказионализмдер  деп  аталатын  тілдік  нормаға  бағынбаған,  тосын, 
«кездейсоқ», «бір жұмсар» сөздерді лингвистикалық неологизмдер қатарына қосуға бола ма, болмай 
ма? деген сұраққа да айрықша қарау керек» [3]. Біздіңше, көркем фантастика мəтіндеріндегі авторлық 
қолданыстарды окказионал сөздер қатарына жатқыза алмаймыз, себебі олардың атқаратын стильдік 
қызметі  мүлдем  басқа,  яғни  қаламгер  бір  жұмсар  сөздерді  төмендегі  мақсаттарда  пайдаланады: 
«а) ойды дəл əрі қысқа беруді көздеу; ə) жазушы санасында пайда болған күрделі образды жинақтап, 
синтездеп  беруге  ұмтылу,  бірнеше  ой  жүйесін  шоғырландырып  беру;  б)  тілімізде  бұрыннан  бар 
ұғымдарға анағұрлым сəтті атаулар беру; в) құбылысты бейнелі түрде суреттеу қажеттілігін сезіну; 
г) поэтикалық  техниканың  əр  түрлі  міндеттерін  өтеу: 1) ұйқас  үйлесімін  сақтау; 2) ырғақтық 
əуезділікті  бұзбау; 3) сөз қолданысында тавтологиядан сақтану; 4) сөздің сонылығына, өзгешелігіне 
ұмтылу, «ескі»  сөздерді  қайталай  бермеуге  тырысу» [4]. Мəселен,  зерттеуші  Р.Сыздық 
Ə.Кекілбаевтің «Үркер» романынан  батымды болу, сойыл дос, қамшы дос, мəмлехана, жолығыс; ал 

А.С.Адилова, А.Ш.Смаилова 

Вестник Карагандинского университета 
О.  Бөкеевтің  «Қайдасың,  қасқа  құлыным?»  повесінен  мамырстан  заман,  бақида  сияқты 
окказионализмдерді көрсетсе, Х. Нұрмұқанов баянат, көнерім, ескірім, басытқылау, келгін, күйінді 
деген сөздерді атап, Қ.Мырза-Əлидің екі жолын келтіреді: Шаруакештер шөлдегі ақшағылды терін 
төгіп  жайнаған  бақша  қылды.  Ал  қазақ  ақын  қыздарының  бірі  Г.  Салықбайдың  өлеңіндегі 
окказионалды  сөз  мүлдем  жаңа  номинация:  Енді  ешқашан  енбейтін  түсханаңа,  Мені  мəңгі 
қайтпайтын  құсқа  бала.  Жалғызыңды  қайтесің  жалған  жоқтап,  Ғұмырымыз  онсыз  да  да  қысқа 
ғана. Бұл мысалдардағы неологизмдердің бəрі — поэтикалық окказионалимдер. 
Термин (лат.  terminus — шек,  шеті,  шекарасы  деген  мағынада) — ғылыми  ұғымға  айқын 
анықтама  беретін,  оның  мағыналық  шегін  дəл  көрсететін  сөздер.  Оларды  зерттеушілер  жалпы 
ғылыми  жəне  арнайы  терминдер  деп  үлкен  екі  топқа  бөледі,  яғни  алғашқыларына  көптеген  ғылым 
салаларына  ортақ  терминдердің  жатқызса,  екіншісі  тек  бір  ғана  салада  қолданылатын  терминдерді 
қамтиды.  Ал  көркем  фантастика  мəтіндеріндегі  терминдердің  ғылыми  қолданыстағы  лексикалық 
бірліктерден айырмашылығы бар.  
Абдул-Хамид  Ф.  Мархабаев  шығармаларындағы  авторлық  қолданыстарды  квазитерминдер 
қатарына жатқызған дұрыс, өйткені квази — латынның quasi «почти» (дерлік), «наподобие» (ұқсас), 
«как  будто» (тəрізді)  деген  мағынада  жұмсалатын  халықаралық  элементке  айналып  үлгерген  сөзі. 
Сонда  қазақ  көркем  фантастика  мəтіндерінде  жұмсалатын  терминдер  ғылыми  ұғымға  айқын 
анықтама  беретін,  оның  мағыналық  шегін  дəл  көрсететін  сөздер  емес,  соған  сыртқы  формасы, 
мағынасы,  мəні,  қызметін  ұқсастыру  нəтижесінде  жасалған  жаңа  қолданыстар.  Мұндай 
квазитерминдерді  анықтау  үшін  лингвистикалық  жəне  экстралингвистикалық  факторға  сүйенуі 
қажет,  яғни  бұл  сөздер  лингвистикалық  сөздіктерде  тіркелмеген  жəне  қоршаған  ортада  бұлар  атау 
болатын нақты зат, ұғым, құбылыс жоқ. Сонымен қатар бұлардың барлығы да тек осы контексте ғана 
қолданыла алады. 
Көркем фантастика авторлары мүлде бейтаныс орта мен ұғым, құбылыстарды суреттейтіндіктен, 
тосын  сөздер  жасауға  ұмтылады,  алайда  көп  жағдайда  ана  тілінің  сөзжасам  үлгілері,  тəсілдеріне 
сүйенеді. Өйткені жасанды сөздермен қиялындағы құбылыс, заттардың денотатын елестете алмайды. 
Алайда бұл денотаттар тек фантастика мəтінінде пайда болатындықтан, оларды жасауға негіз болған 
элементтер  бірден  танылады.  Квазитерминдердің  құрамындағы  жекелеген  сөздердің  лексикалық 
мағынасы белгілі себебінен, олардың мəтіндегі мəнін түсінуге болады, яғни автор квазитерминдерді 
жасау  барысында  екі  түрлі  мақсатты  көздейді: 1) ойдан  шығарылған,  таныс  емес  əлемдегі  барлық 
жағдайды  толық,  дəл  суреттеп,  оның  күнделікті  өмірдегі  жағдайдан  өзгеше  екенін  көрсетеді; 
2) қиялдағы өмірде өтіп жатқан оқиға, құбылыстардың оқырманға шамамен болса да түсінікті болуын 
қамтамасыз етеді. 
А.-Х.  Мархабаевтың  мəтіндеріндегі  квазитерминдер  қазақ  тілінің  сөзжасам  жүйесінде  көне 
замандардан бері қолданылып келе жатқан аналитикалық тəсілмен жасалған.  
Қазақ  тілінде  сөзжасамның  өнімді  тəсілі  болып  есептелетін  аналитикалық  тəсілдің  сөзқосым, 
қосарлау, тіркестіру, қысқарту сияқты түрлерін автор өте жиі қолданған. Бұл орайда квазитерминдер 
сөзқосым  арқылы  көбірек  жасалғаны  байқалады,  мəселен,  грекше  βιο - βίος, bios, «өмір»  сөзімен 
жасалған  квазитерминдердің  бəрі  ұлттық  тіл  қорындағы  адамның  дене  мүшелері  атауларымен  қосу 
нəтижесінде  пайда  болған:  биодене,  биожүрек,  биомасса,  биоми,  биокөз,  биожүйке,  биоөңеш, 
биоауыз,  биоағза,  бионейрон.  Квазикварк,  квазилазер,  галакосмоэфир  сияқты  сөздердің  екі  не  үш  
сыңары да  өзгетілдік элемент болса, кейбір квазитерминдер таза қазақ тіліндегі сөздердің бірігуінен 
көрінеді, мысалы, ғарышхат, иісдыбысбейне, ғарышнама. 
Ең  көне  ескерткіштер  тілінен  белгілі  сөз  қосарлау  арқылы  жасалған  квазитерминдер  арасында 
сарапшы-тамырлар,  көлікші-маман,  зерткер-химик-теміртек,  қызметші-теміртектер,  сарбаз-
теміртектері,  фай-қағаз сияқтыларды атауға болады.  
Аналитикалық тəсілдің тіркестіру түрі де көркем фантастика мəтіндерінде өнімді қолданылады, 
себебі  қандай  да  бір  ұғым  немесе  затты  дұрыс,  дəл  атау  үшін  əр  сөздің  мағынасы  бір-біріне 
үстемеленеді.  Мұндай  жасанды  терминдердің  қатарында  Кварк  таспалы  гиперкітапхана,  Реж 
Іріктеу  Тобы,  Жайсаң  Кітаптар  Жарысы,  Планеталық  Ғарыш  Көліктерін  бақылау  Ұлпаты,  Реж 
Орталық Квазар Иісдауысбейне дидар Ақпарат Ұлпаттастығы сияқты күрделі атауларды көрсетуге 
болады.  Бұлардың  құрамындағы  сөздердің  бірі  контекстен  түсінікті  болса,  енді  бірі — авторлық 
окказионализм.  Мəселен,  қазақ  тіліндегі  «тұрпат»  сөзінің  үлгісімен  жасалған  ұлпат  лексемасы 
тосындығымен бірден байқалады.  

Көркем фантастика мəтіндерінің… 
Серия «Филология». № 2(78)/2015 

Қазақ тілінде бұрын қысқарту тəсілі тек адам аттарына қатысты болса, совет заманында күрделі 
атауларды  қысқартып  атау  үрдісі  қалыптасты.  Қазірде  ресми  жəне  публицистикалық,  ғылыми 
стильде өнімді қолданылатын қысқарту тəсілі А.-Х.Ф. Мархабаев шығармашылығында жиі кездеседі. 
Мысалы,  бірнеше  сөздің  тіркесінен  құралған  күрделі  атауларды  қысқартып  қолданған:  ТК — Төре 
Компьютерші.  Енді  бар  билік  тек  қана  планетаның  Төре  Компьютершісіне    (ТК)  тиді;  АТО — 
Ақпарат Тарату Орталығы. АТО жетекшісінің компьютері бейне бір жылдам жүгіріске шыдамай, 
тоқтап  қалды;  МИОП — Мүлік  Иелігі  Орталығының  Президенті.  Сол  МИОП,  реждіктер 
құлақтанып  кеткесін,  амалсыздан,  орнынан  қуылды;  ЖЖЖЖ — Жат  Жұрттықтармен 
Жанасушылар Жетекшісі. ЖЖЖЖ сəл-пəл тоқтаңқырап, қайтадан сөзін ұластырды. Автор оларды 
алғашында толық нұсқамен беріп, келесі қолданғанында аббревиатурамен келтіріп отырған.  
Қаламгер  мəтінінде  кездесетін  квазитерминдерді  тақырыптық  жағынан  былайша  топтастыруға 
болады:  
1. Басқа,  қиялдағы  əлем  адамының  дене  мүшелеріне  байланысты  атаулар:  биодене;  биожүрек; 
биомасса;  биоми;биокөз;  биоөңеш,  биотанау;  биожүйке,  биоағза;  биоқұлақ;  биотыныс  жолдары; 
биотөбеқұйқа.  
2. Галактикалық  кəсіп  түріне  байланысты  қолданылған  кəсіби  сөздер:  сарапшы-тамырлар; 
киберхана меңгерушісі; хатшы-робот; космохабаршы; тілмаш-робот; биокиберші;  көлікші-маман
биосарапшы;  зерткер-химик-теміртек.  
3. Ойдан  шығарылған  планеталар  атаулары:  Ісмер  планетасы,  Қаж  планетасы,  Коре 
планетасы, Реж планетасы, Шер планетасы, Ро планетасы, Қорған планетасы, Сион планетасы. 
4. Жоғарыда  аталған  фантастикалық  планеталардың  өз  ішінде  қолданылатын  терминдер: 
ғарышхат,  Кварк  таспалы  гиперкітапхана,  квазарденедидар,  фай-қағаз,  иісдыбысбейне,  əдеби-
уфология, галакосмоэфир.  
Бұлардан  басқа  түрлі  құрылғы,  жабдықтардың  атаулары  жиі  кездеседі,  оның  себебі  автор  өзі 
ойдан  шығарған  əлемдегі  жағдай,  оқиғаны  реалды  түрде  беру  үшін  квазиреалияларды  қолданады. 
Мысалы, Түрлі-түсті без-түймелердің қалағанын бассаң — əрқайсысының өз қызметі бар; Мысалға, 
төмендегі  сарапшы-тамырлардың  қарсы  маңдайындағы  жиналыс  үйі  төріндегі  ұзын  үстелдерді 
көргің келсе — қызыл без-түймені бас; Планеталық Ғарыш Көліктерін бақылау Ұлпатының тексеру 
қорытындысында  Бас-Баһадүрдің  өз  меншігін  бөлген  сенің  тақымыңа  түскен  зымыранның  алба-
жалбасын шығарып, құртып, лақса қылғаныңды мəлімдеді. 
Абдул-Хамид  Ф.  Мархабаев  шығармаларында  адам  қиялынан  тыс  əлемде  болып  жатқан 
оқиғалар  мен  өмір  сүріп  жатқан  тіршілік  иелері  туралы  сөз  болып  жатса  да,  этнолексика  көптеп 
кездеседі:  Енді  тілмаш  роботын  айтсаңшы,  бір  көрсе,  рахатты  осыдан  көретін  шығар,  қас  пен 
көздің  арасында  олардың  тілдерін  судыратып  біліп  шығатынын  қайтерсің!  Парықсыз  сөз  естіген 
биокибершілер  жапырыла  осылай  қарасты.  Ана  жанды,  биосарапшы-тамырларыңыз  кейінгі 
жауапкершілікті  өздерінен  гөрі  «қу  темірге»  аударғандары  тиімді  емес  пе?!  Ол  ресми  əйел 
болғаннан  бері,  екі  күннің  бірінде  өз  төркіні  сонау  Сион  планетасына  шауып  барып-келуге  аңсары 
ауады да тұрады. Реждің бетін басып жүрген қаншама платина  жүзіктің көзінен өтетін, Ай десе 
– аузы бар, Күн десе – көзі бар, қандас лимфалас бойжеткендерді елемей былай қойып, сонау Сион 
планетасы асып барып, құда түсіп, мына аузы итаяқтай қызсымаққа ұрынғаны. Біртұтас Тəуелсіз 
Планеталар Достастығын ұйымдастырып, соның Бахадүрі болуды ниет ететіндей. 
Байқалып  отырғанындай,  түрлі  тақырыптық  топтарға  жататын  лексикалық  бірліктер  мен 
фразеологизмдердің ұлттық бояуы бірден назар аудартады.  
Абдул-Хамид  Ф.  Мархабаев  шығармаларында  айқындайтын  мүшенің  бір  сыңары  болып, 
мазмұнын дəлелдеп тұратын сөздер, яғни қосарлы айқындауыштар  да, бар. 
Мысалы: Əмірші-Дарабоз, Қосбас-Самұрық, қара-робот, қызметші-теміртектер, жұлдызшы-
биотеміртек, тілмаш-теміртек, сарбаз-теміртек. 
1) Əмірші-Дарабоздың — био  жəне  қарабайыр  теміртектер  Қожайынының — мінез-құлқы  
қазірде, фрион тиген озондай, ыдырап, тіпті өзгеріп кеткен. 
2) Қоластындағы қатардағы, можантопай теміртектер түгіл, біршама есі бар, осы Қосбас-
Самұрық  Нысан-планетасының  əтібірлі  қаймағы  саналатын  топты  бастайтын  Төраға 
биотеміртектер де не боп, не қойғанынан бейхабар. 
3) ...Ең əдепкіде оған Сарай ішіндегі қызметші-теміртектер аса көп мəн бере қоймағанды. 
4) Жайбарақат  отырған  Жұлдызшы-биотеміртек  орнынан,  төменгі  жағынан  серіппе 
тепкендей шоршып атып тұрды. 

А.С.Адилова, А.Ш.Смаилова 

Вестник Карагандинского университета 
5) ... Сосын, əсіресе, тілмаш-теміртек жасау ісін өте-мөте шұқшия қадағалады. 
6) ... Ал сарбаз-теміртектері анда барды дейік. 
А.-Х.  Мархабаевтың  көркем  фантастика  мəтіндерінің  лексикалық  ерекшеліктері  жоғарыда 
көрсетілгендермен  шектеліп  қалмайды,  ондағы  интертекстуалды  байланыстар  маркерлері,  жасанды 
антропонимдердің стильдік қызметі де атап өтуге тұрарлық. 
Қорыта айтқанда, қазақ көркем фантастика мəтіндерінің вербалды құрылымындағы  лексикалық 
бірліктер, олардың жасалуы, экспрессивтілігі мəтіннің стильдік ерекшеліктерін таныта алады. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1  Мархабаев А.-Х. Қазақ фантастикасының поэтикасы. — Алматы: Қазақ университеті, 2008. — 175-б. 
2  Эпштейн М.Н. Типы новых слов: Опыт классификации. — [ЭР]. Режим доступа: http://www.topos.ru/article/5174 
3  Сыздық Р. Қазақ тіліндегі ескіліктер мен жаңалықтар. — Алматы: Арыс, 2009. — 169-б. 
4  Мұратова Г.Ə. Көркем əдебиеттегі қажеттілік пен кездейсоқтық. — Алматы: Атамұра, 2002. — 45, 46-б. 
 
 
А.С.Адилова, А.Ш.Смаилова  



Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет