№28 (10627) 11 шілде жұма 2014 жыл



жүктеу 9.27 Mb.
Pdf просмотр
бет2/3
Дата27.01.2017
өлшемі9.27 Mb.
1   2   3

ЕСКЕРТУ:  Бірақ  тарауық  намазы  осы  айтылған 

қасиеті  сауап-шарафаты  иман  келтіру,  бес  уақыт 

намаз оқу, ораза ұстау, зекет беру жəне мүмкіндігінше 

мал-мүлкі  жетсе  қажыға  бару  секілді  исламның  бес 

парызын  ыждаһатпен  орындап,  шариғат  жолында 

жан-тəнімен  берік  ұстанған  мұсылманға  ғана  толық 

нəсіп екенін есте ұстау лəзім.

Əсет ПАЗЫЛОВ,

Баянауыл ауданы,

Жаңажол ауылы.

Ораза


Дін және Мәшһүр Жүсіп

және Тарауих намазы туралы

және Тарауих намазы туралы


№28 (10627) 11 шілде, жұма, 2014 жыл                                                    Баянтау

4

Бүгінгі  таңда  білім  берудің  ұлттық  жүйесі  өте 

маңызды, қарқынды өзгерістер арқылы жүзеге асуда. 

Қоғам  дарынды,  қабілетті  адамдарды  қажет  етеді. 

Сондықтан  да  мамандық  атаулының  барлығынан 

дерлік  бейімділікті,  ептілікті,  ерекше  ой  қызметін, 

үлкен жауапкершілікті талап етеді.

«Адам  баласының  жаман  құлқы  жаратылысынан 

емес, өскен орта, көрген үлгі, өнеге ортасынан деп тегін 

айтылмаса керек. Ендеше жас ұрпаққа сапалы білім мен 

саналы  тəрбие  беру  жауапты  сала  екені  баршамызға 

мəлім.  Сондықтан,  мұғалімдердің  бала  тəрбиесі  мен 

білімін арттырудағы еңбегін айтпасқа болмас. 

Осы  тұрғыда  Сұлужон  орта  мектебінің  жыл  бойғы 

оқушылармен атқарып келе жатқан жұмыстарының куəсі 

болып  келемін.  Мектеп  бір  көзге  қарағанда  кішкентай 

болып көрінгенімен, ұжымның атқарып жатқан еңбектері 

аз  емес.  Мектептің  басты  ұстанған  бағыттарының  бірі 

дарынды  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерін 

шыңдауда  аудандық,  облыстық,  республикалық  сайыс-

тарға  қатысып,  көптеген  жетістіктерге  қол  жеткізіп 

отыр.


Аудандық  оқулардан  «Ізденімпаз» (Қ.Мəулен), «Жас 

талант» (Ж.Əжібаев)  номинацияларына,  жетекшісі - 

Ш.Тұмарбекова,  Қ.Сəтбаев  оқулары  бойынша  «Жас 

ғалым» (Г.Сағынтай), жетекшісі - Ж.Ботина, «Кенгуру-

математика  для  всех»  халықаралық  конкурсынан 

ІІ 


орынды 

Б.Тұрсынбеков (4-сынып), 

Ханат 

Құндызқызының  жетекшілігімен 3-сынып  оқушылары 



Д.Ділназ  ІІІ  орынды,  Малика  Мүрсəлімова  І  орынды 

алды. «Балдəурен»-2014  секциясы бойынша Е.Қасенова 

ІІІ  орынды,  бастауыш  сынып  олимпиадасынан 

Ə.Бейсенова ІІІ орынды иеленді.

Ш.Айманов оқулары бойынша «Көңілім əнді ұғады» 

бөлімінен  Қ.Қашенова  (ІІІорын),  Д.Қапаров  (ІІІ 

орын),  жетекшісі - М.Баймұса  болды.  Б.Омарованың 

жетекшілігімен  С.Торайғыров  оқуларынан  Ж.Əжібаев  

ІІІ орынға қол жеткізді.

Жылда  өтетін  аудандық  «Бүлдіршін»  фестивалінде  

М.Əжібаев  пен  А.Бөкен  ІІ  орынды, «Күншуақ»  шағын 

орталығының  кішкентай  өнерпаздары  топтық  биден 

ІІ  орынды  иеленді.  Ж.Аймауытовтың 125 жылдығына 

орай өткен аудандық оқуларынан «Өлең сөздің патшасы, 

сөз  сарасы»  секциясынан 8-сынып  оқушысы  Н.Изат 

бас жүлдені жеңіп алып, мектеп абыройын бір көтерді. 

(Жетекшісі - Д.Жұмаділова).

Мектеп  мұғалімдері  де  əрдайым  ұйымшылдықпен 

мұғалімдердің жетілдіру курстарынан өтіп, жан-жақты 

ізденіп,  бұқаралық  ақпараттық  құралдармен  тығыз 

байланыс жасап тұрады. Соның бір дəлелі ретінде мектеп 

директоры  Зарема  Сəдуақасованың  республикалық 

педагогикалық  «Аль-Манах»,  Баян  Қосдəулетованың 

педагогикалық  ғылыми-əдістемелік  журналдарына 

шыққан мақалаларын айтуға болады.

Кішкентай ауыл болса да, қазақ балаларын ешкімнен 

кем  қылмай,  мектеп  қабырғасынан  жан-жақты  білімді, 

тəрбиелі  етіп  шығу  жолдарында  Сұлужон  мектебінің 

мұғалімдері    алдына  жан  салмай  келе  жатқанына 

көңіліміз марқаяды. 



Ж.ҚАБЫЛБЕКОВА,

кітапханашы.

Жуырда Майқайың балалар өнер мектебінде 

«Дарынды жұлдыздар шашуы» тақырыбында 

жылдық есеп беру концерті өткізілді. Концерт 

домбыра 

бөлімінің 

ұстазы 

Рахымғали 

Ниязбекұлының  жетекшілігімен  құрылған 

оркестрдің 

орындауындағы 

туындымен 

ашылды.

Аталмыш  мектептің  түлектері  сурет  бөлімінен 

Қабдулова  Алина,  Сивцова  Александра,  Елубай 

Сабина 


көрермендерге 

қолөнер 


шеберлігі 

көрмесін  ұсынса,  фортепиано,  би  бөлімдерінің  

тəлімгерлері  Халимоллина  Сабина,  Шакарова 

Камила,  Өмірбаева  Саида,  Шəми  Аяла,  Серік 

Диана,  Темеш  Əлфиялар  жыл  бойғы  алған 

білімдерін жұртшылыққа ұсынды.

Мерекелік шарада сөз алған Майқайың балалар 

өнер  мектебінің  директоры  Батталова  Əлия 

Əбікенқызы жəне оқу ісінің орынбасары Любовь 

Александровна  Фабрициус  өнер  əлемінен  үлкен 

өмірге ұшқалы тұрған 9 мектеп бітіруші түлектер-

ге ізгі лебіздерін білдіріп, мектептің толық курсын 

бітіргендері  үшін  куəлік  жəне  оқу  жылын  үздік 

аяқтағандары  жөніндегі  мақтау  қағаздары  мен  грамоталарын  тапсырды.  Көп 

жыл-дар бойы еңбек етіп, зейнеткер атанған ұстаздарымыз жəне өнер мектебінің 

атын  асқақтатып  жүрген  халықаралық,  республикалық,  облыстық  байқаулардың 

жеңімпаздары, оның ішінде «Айналайын» үлгілі би ұжымының жоғары, орта жəне 

кіші топтарының тəрбиеленушілері марапатталды.

«Бүгiнгi  күнi  қолдарына  қосымша  куəлiк  алып  отырған 

балаларымыздың болашағынан зор үмiт күтемiз, олар орта 

бiлiм  беретiн  мектеп  қабырғасында  озат,  үздiк  оқушылар 

қатарын  толықтырумен  ғана  емес,  өмiрде  де  өздерiнiң 

орындарын  тауып,  жақсы  маман  иелерi  болатынына, 

тəуелсiз елiмiздiң тұғырын төмендетпейтiн ұландар болып 

ер  жететiнiне  сенiмiмiз  мол», – деп  Əлия  Əбікенқызы  ақ 

тілегін  білдірді.  

Ата-аналар  өздерінің  көз  алдарында  бүршік  жарып, 

өркендеп  келе  жатқан  жасөспірім  ұл-қыздарын  əлемге 

танытқан ұстаздарға алғыстарын білдіріп, ата-əжелеріміз ақ 

баталарын берді. Олардың сахналық ойынын көріп, əндерін 

тыңдап, шағын шығармашылық концерттерін тамашалаған 

көрермендер  кəусəр  бұлақ  тұнығынан  қанып  ішкендей 

рухани  сезімге  бөленді.  Концерт  барысында  жоғары  хор 

ұжымының орындауында «Аве Мария», «Крылатые качели», 

«Большой хоровод» əндері шырқалды. 

Өнерді бойларына серік етіп, əн-биден қолөнерден шашу 

шашқан 80-ге  тарта  өнерпаздарымызды  шын  мəніндегі 

«Дарынды жұлдыздар» деп атауға лайықтай. 



Б.БЕГАЛИНОВА,

Майқайың балалар өнер мектебінің

тəрбие ісінің меңгерушісі.

«ДАРЫНДЫ ЖҰЛДЫЗДАР ШАШУЫ»

г.Павлодар ул.Центральный Промрайон, 395 «Бипэк-авто и Азия-авто» тел: 8-(7182)-78-77-35, г.Павлодар ул.Суворова, 7, «Рэно» тел: 8-(7182)-54-20-75.

Мектебімізде - 

жетістіктер бар


Баянтау                                                     №28 (10627) 11 шілде, жұма, 2014 жыл

5

Биыл  «Бір  ел – бір  кітап»  акциясына  орай  Қазақстан  Республикасының 

еңбек  сіңірген  қайраткері,  жазушы  С.Мұратбековтың  «Жусан  иісі»  жəне 

«Басында Үшқараның» əңгімелері оқуға ұсынылып отыр.

Осыған  орай  Жаңажол  ауылдық  жəне  кітапхана  оқырмандары  арасында 

С.Мұратбековтың  шығармаларын  таныстыру  мақсатында  жыл  бойына  жоспар 

құрылып,  əр  түрлі  іс-шаралар,  əдеби  сағаттар  мен  танымдық  сағаттар  өтеді. 

«Жусан  иісі»  жəне  «Жабайы  алма»  шығармалары  бойынша  «Жүректің  қылын 

тербеген»  əдеби  сағат  өткізілді.  Аталмыш  əдеби  сағатта  оқушылар  арасында 

«Сайын даланың Сайыны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, жинақ папкасы 

ашылды.  Кеш  барысында  жазушы  шығармаларының  буклеті  жəне  өмірбаяны 

жайлы деректі фильм көрсетілді.  «Жусан иісі» туындысындағы ауыл балаларының 

соғыс  жылдарында  көрген  ауыртпашылықтары,  сонымен  қатар  «Жабайы  алма» 

шығармасындағы жетім бала Аянның тағдыры арқылы сол кездегі ауыр тұрмыс-

тіршіліктің  бейнесі  баяндалатыны  зерделі  оқырманға  ақиқат.  Шараға  «Атамұра» 

клубының мүшелері Арқалық Мадина, Исабек Айзада, Сейітов Жұмкен, Байханова 

Айгерім, Болат Динара, Рахымтай Гүлнұр, Мұсабек Назеркелер белсене атсалысып, 

екі шығарма бойынша өз ой-пікірлерін ортаға салды. 

***

Жаңажол ауыл кітапханасында «Ел тарихы – Елбасы өмірі» атты тарихи сабақ өтті. 

Ауылдық  кітапхананың  кітапханашысы  Рəміздер  күніне  орайластырып  өткізген 

«Жаса,  жайна  тəуелсіз  Қазақстан»  атты  бейне-суретті  көрсетіп,  ҚР  мемлекеттік 

рəміздерінің ерекшеліктерінен бастады. Атап айтсақ, «Көшбасшымен бірге алға!», 

«Н.Назарбаевтың шығармалары», «Ғасырдың ғажап азаматы», «Елбасы Қазақстан 

Республикасының Президенті» атты 4 бөлімнен құрылды. 

Тудың,  Елтаңбаның,  Əнұранның  мəні  мен  мағынасын  түсіндіру  тəуелсіз 

Қазақстанның  болашақ  азаматтарын  тəрбиелеудің  негізін  қалаушы  бағыттардың 

бірі  болып  есептеледі.  Сол  себепті,  жоғарыда  аталған  бөлімдерде  «Тəуелсіздік 

шежіресі», «Бейбітшілік  кіндігі», «Тарих  толқынында», «Тəуелсіздіктің 

белестері», «Қазақстан жолы», Қазақстан Республикасының рəміздеріне айрықша 

көңіл бөлініп, шара барысында талқыланды. Іс-шараға мектеп оқушылары, клуб 

мүшелері, мəдениет үйінің қызметкерлері жəне əкімшілік қызметкерлері белсене 

атсалысты.   

  С.ҚАНЫШЕВА,

Жаңажол кітапханасының кітапханашысы.

Халықаралық  балаларды  қорғау  мерекесіне  орай  Ақмектеп  ауылдық 

кітапханасында  бір  апта  бойы  түрлі  іс-шаралар,  спорттық  сайыс, 

викториналық  сұрақ-жауап  ойыны, «Менің  ауылым», «Бақытты  балалық» 

тақырыбына сурет, шығарма байқауы өткізілді. 

Кітапханашы Б.Смайылова апай балалардың ойлау қабілетін дамытып, кітапқа 

деген  сүйіспеншілігін  арттыру  мақсатында  «Қазақ  елі - мəңгілік»  атты  əдеби 

кеш өткізді. Елбасымыздың ұлағатты сөздері бойынша балаларға жасап отырған 

қамқорлығы жайлы əңгімелей отырып, биылғы Елбасының «Бір мақсат, бір мүдде, 

бір болашақ» халыққа Жолдауында айтылған бағыттары жайлы түсіндірді. Балалар 

өздерінің жазған шығармаларын оқып беруі арқылы өз еліне, туған Отанына деген 

сүйіспеншілігін білдірді. Аптаның екінші күні өткізілген спорттық сайыс, қызықты 

болды. Балалар арқан тартыс, қол добы, жаяу жарыс, қап киіп жарысу, кір тасын 

көтеру, боулинг сынды жарыстарға белсене қатысып, өз мүмкіндіктерін сынады. 

Үшінші,  төртінші  күні  балалар  «Мен  отбасымды  сүйемін»  тақырыбында  өз 

ойларын  қағазға  түсірді.  Викториналық  сұрақтарға  Ардақ  Зейнолла,  Мағжан 

Мұқанов, Эльмира Смайылова, Нұрай Болатова, Жаннұр Исабекова тағы басқалары 

белсене қатысты.

Балаларға арналған онкүндік іс-шаралар барысында «Мақтанышым – мемлекеттік 

рəміздер» əдеби сағаты өткізілді. Кітапханашы Бағзад апай:

Рəміздерім – елдігімнің белгісі, 

Білу керек баладағы ең кіші.



Белгілері – Əнұран, Ту, Елтаңба,

Рəміздерді жатқа білген жөн кісі, - деп Қазақстан Республикасының мемлекеттік 

рəміздерін  балаларға  жан-жақты  түсіндіру  арқылы  еліне,  туған  жеріне  деген 

сүйсіпеншілік сезімін оятуды мақсат етті. 

«Абайды  оқы,  таңырқа» - кезекті  іс-шара  осылай  аталды.  Ерболат  Смайылов, 

Гүлнұр Жапанова, Мағжан Мұқанов, Əмина Сейітқазина, Ардақ Зейнолла Абайдың 

өлеңдерін  мəнерлеп,  жатқа  айтуы  олардың  Абай  поэзиясына  деген  іңкəрлігін 

білдіргендей болды.

«Сыпайылық,  əдептілік  белгісі – иіліп  сəлем  бергенің»  деп  аталған  дөңгелек 

үстел отырысы  болды.  Қорыта айтқанда,  балаларға арналған  онкүндік  іс-шараға 

барлығы атсалысты.

Белсене  қатысқан  балаларға  кітапханашы  Б.Смайылова  өзі  демеушілік  жасап, 

бағалы сыйлықтар, алғысхаттар табыс етіп,  жазғы демалыстарын көңілді өткізуіне 

тілектестігін білідірді.



Б.ҚАЛИЕВА,

Ақмектеп ауылы.

Жерлесіміз,  қазақ  киносының 

дамуына  зор  үлесін  қосқан 

талантты 

актер 

Шəкен 

Аймановтың 

туғанына 100 

жыл 

толуына 

орай 

жыл 

басынан 

бері 

əр 

ауылдық 

мəдениет  мекемелерінде  түрлі 

тақырыптық  іс-шаралар  өткі-

зілуде. 

Соның 


бір 

айғағы 


таяуда 

Ұзынбұлақ ауылына қарасты Ақши 

ауылдық  кітапханасында  өткізіл-

ген  «Қазақ  киносының  арысы» 

атты  əдеби-сазды  кеш.  Аталмыш 

шараға  жиналған  қауымның  «Ұлт 

мақтанышы – Шəкен  Айманов» 

атты кітап көрмесін тамашалаудан 

басталды.  Ш.Аймановқа  арналған 

əдеби-сазды  кешті  Ұзынбұлақ 

ауылының  əкімі  Асқар  Мұратұлы 

Мұқанов:


Өнерде өзгеше талантымен 

танылған  Шəкен  Кенжетайұлы  өмірде  де  ешкімге 



ұқсамайтын,  ашық-жарқын,  ерекше  жомарт  адам 

болған.  Осы  қасиетіне  қарай  достары  оны  бүгінгі 

заманның  серісі  деп  білген.  Көзкөрген  əріптестері 

Ш.Кенжетайұлын шенді мен шекпендіден ықпаған, қай 

кезде де өз пікірін табанды түрде қорғай алатын батыл, 

тегеурінді  тұлға  болғанын  айтады.  Шəкен  Айманов 

фильмдерінің өміршең болатын себебі, суреткердің кез 

келген  фильмінде  өзінің  еліне  деген  сүйіспеншілігі, 

адамды  құрметтеу,  оның  ішкі  психологиясын  ашуға 

ұмтылысы  басым.  Шəкен  атамыз  «Кино – елдің 

төлқұжаты»  деп  түсінген  ұлтжанды  азамат.  Шəкен 

есімі – ешқашан  ұмытылмайтын  ерекше  адам, - деп, 

актердің  мінез-құлқы,  адамгершілік  тұстарын  ашатын 

деректерден мысал келтіріп өтті.

Бір тумасы киелі жер Баянның,

Өнерге де құлаш ұрған дананың. 

Жүз жасқа келді міне, халайық,

Шəкен  дархан  дарыны  бір  даланың, – деп,  Ақши 

ауылының  кітапханашысы  Бақыт  Төлеубекова  Шəкен 

Аймановтың  өмірбаяны,  шығармашылығы  жайлы 

баяндауы да қызықты болды.

Көрермен 

қауым 

интербелсенді 



тақтадан 

Ш.Аймановтың  өмірі,  қызмет  жолындағы  белестері 

жайлы  кинофильмді  тамашалады.  Ақши  жалпы  орта 

білім  беретін  мектептің  директоры  Қайрат  Халелұлы 

Ш.Аймановқа  арналып  өткізіліп  отырған  іс-шараның 

кейінгі  ұрпаққа  жастар  үшін  тəлім-тəрбиелік  маңызы 

зор екендігіне тоқталды.

Ақши жалпы орта білім беру мектебі оқушыларының 

орындауында «Тақиялы періште», клуб қызметкерлері-

нің  орындауында  «Алдаркөсе»  фильмдерінен  үзінді 

көріністі көрермендер назарына ұсынды.

Ұзынбұлақ 

ауылының 

кітапханашысы 

Жанна 

Ақылбекова  қыздар  тобымен  бірге  «Тақиялы  періште» 



фильмінде  ойналатын  «Қайда  кеттің,  Одиссей»  əнін 

шебер орындап, кешке ажар кіргізді. Аяна Рақымжанова 

осы  фильмде  айтылған  «Ана»  əнін  тамылжыта 

шырқады.


- Шəкен Айманов - туған халқының болмысын əрбір 

түсірген фильміне арқау ете білген. Сол кездің өзінде ол 

кісі қазақ үшін өте маңызды тақырыптарды көтерді.

Шəкен  Кенжетайұлы 20-дан  астам  рөлде  ойнап, 14 

фильм түсірген. Солардың ішіндегі ең үздіктерінің бірі 

– «Атамекен»  фильмі  Душанбедегі  фестивальде  бас 

жүлдеге ие болған. Өкінішке орай «Атаманның ақыры» 

фильмі суреткердің ең соңғы жұмысы, - деді аудандық 

ОКЖ-нің  директоры  Айман  Саясатқызы  Мақтаева  өз 

сөзінде.


Кітапханашы  Бақыт  Төлеубекова  əдеби  қойылымға 

белсене  қатысқан  оқырмандарға  алғысхаттар  табыс 

етті.

Керілгенде кинода бір кереге,



Сусындатқан қазағымды өнерге.

Шəкен – мəңгі сөнбей-тұғын бір жұлдыз, 

Өнердегі  өмірі  бір  өнеге, - деп  жыр  жолдарды 

нақтылайтын болсақ, шынында да айтылғандай Шəкен 

Айманов барша халық үшін сөнбейтін жұлдыз, өмірі жас 

ұрпақ  үшін  ғибратты  өнегелі  жол  болып  қала  беретіні 

сөзсіз. 

Бағзад НҰРТАЙҚЫЗЫ, 

«Баянтаудың» штаттан тыс тілшісі. 

Ұлтымыздың мақтанышы

Ұлтымыздың мақтанышы

Қызықты өткен 

онкүндік

ҒАСЫР ҚАСІРЕТІ ҰМЫТЫЛМАЙДЫ

Биыл  қазақ  даласындағы  алапат 

аштықтың  өткеніне 82 жыл  толып 

отыр.  Осыған  орай  Ақмектеп  ауыл 

кітапханасында  кітапханашы  Бағзад 

Смайылованың  ұйымдастыруымен 

«Ғасыр қасіреті жəне тарих тағылы-

мы» атты ауызша журнал өткізілді.

Б.Смайылова  жиналған  оқырман-

дарға кітапханада ұйымдастырылған 

«Ұлттық 

тарих - қазынамыз» 

кітап  көрмесіне  шолу  жасады. 

Ашаршылық 

зұлматы 

туралы 


Валерий  Михаиловтың  «Хроника 

великого 

джута», 

Кəкімжан 

Қазыбаевтың  «Сұрапыл»,  Ғалым 

Жайлыбайдың  «Қарағанды  лагері», 

Панза Алтынбекованың «Ақиқат пен 

қасірет»  кітаптарымен  таныстырды. 

«Халық  жадында  сақталған  тарихи 

кезең» бөлімінде Үміт Жапанова ұлт 

үшін  үн  қосқан  алаш  ардақтылары 

жайлы  əңгімеледі.  Ауызша  журнал-

дың  екінші  беті  «ҚарЛАГ  қасіреті 

ұмытылмайды» деп аталды. Оқырман 

Жаннұр 

Исабекова 



«АЛЖИР-

дегі  арулар»  жайлы  дайындаған 

баяндамасын оқыса, Ардақ Зейнолла 

Зейтін  Ақышевтің  «Қан  жылатқан 

жылдар»  естелігін  оқып  беруі 

əсерлі  болды.  Дамир  Мұқанов, 

Ерболат  Смайыл  ақын  Мүбарак 

Жаманбалиновтың  «Аштық азабы», 

Бейімбет 

Майлиннің 

«Күлпəш» 

шығармаларынан 

үзінді 

оқып, 


құрбандарды  барлығы  орындарынан 

тұрып, үнсіз еске алды.



Б.ҚАЛИЕВА,

Ақмектеп ауылы.

ЖҮРЕКТІҢ ҚЫЛЫН 

ТЕРБЕТКЕН

АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНДА

АУЫЛ КІТАПХАНАЛАРЫНДА


 

ҚҰРЫЛТАЙШЫ: БАЯНАУЫЛ 

АУДАНЫНЫҢ ƏКІМДІГІ.

МЕНШІК  ИЕСІ: «БАЯНТАУ» 

ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКЦИЯСЫ 

ЖАУАПКЕРШІЛІГІ 

ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІ. 

БАС РЕДАКТОРДЫҢ 

ОРЫНБАСАРЫ

 

Л.Т.ЖҮНІСБЕКОВА

МЕКЕН-ЖАЙЫМЫЗ:

Баспа индексі 140300.

Павлодар облысы, Баянауыл 

ауылы, Сəтбаев көшесі, 49 үй.

Газеттің нөмірі «Баянтау» редакциясында компьютермен теріліп, 

беттеледі.

Телефондар: 9-15-50 (Бас 

редактор), 9-20-24 (факс)

Қазақстан  Республикасының  Мəдениет,  ақпарат  жəне  қо-

ғамдық  келісім  министрлігінің  бұқаралық  ақпарат  құралын 

есепке  қою  туралы 2002 жылы 29 тамызда  №3255-Г  куəлігі 

берілген.

Газетті  есепке  қою  туралы  Қазақстан  Республикасының 

Мəдениет  жəне  ақпарат  министрлігінің  №7250-Г  куəлігі 2006 

жылғы 18 мамырда берілген.

Алғашқы  есепке  қою  кезіндегі  нөмірі  мен  мерзімі  №64-

09.10.1990 ж.

Қазақстан  Республикасы  Əділет  министрлігі  Павлодар  

облысының  Əділет  департаменті  Баянауыл  ауданының  Əділет 

басқармасының заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы 2012 

жылғы 21 желтоқсандағы №190-1945-04-ЖШС куəлігі берілген.

Павлодар қаласында, ЖШС «ДОМ ПЕЧАТИ» баспаханасында 

басылады. Ленин көшесі, 143 үй.

Автордың  пікірі  редакция 

көзқарасына сəйкес келе бермеуі 

мүмкін.  Мақалада  көрсетілген 

аќпараттар 

мен 

деректерге 

авторлар жауап береді. Жарнама 

материалдарының  мазмұнына 

берушілер жауап береді. Редакция 

оқырмандардан  түскен  барлық 

хаттарға  тегіс  жауап  беруді 

міндетіне 

алмайды. 

Хаттар, 

қолжазбалар  рецензияланбайды 

жəне қайтарылмайды.

Газет аптасына бір рет, жұма 

күні шығады.

ТАРАЛЫМЫ: 2000. 

Тапсырыс

№28 (10627) 11 шілде, жұма, 2014 жыл                                                     Баянтау

6

ШЕШІМ

(V сайланған кезектен тыс ХХХІV сессия)



№175/34

Баянауыл ауылы                                                                2014 жылғы 2 маусым



Баянауыл аудандық мəслихатының

кейбір шешімдерінің күштері жойылды

деп тану жəне жою туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік 

басқару жəне өзін-өзі басқару туралы» Заңының 7 - бабы 5 - тармағына, Қазақстан 

Республикасының «Нормативтік-құқықтық актілер туралы» Заңына жəне Қазақстан 

Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамызда №964 «Нормативтік-құқықтық 

актілердің мониторингін жүргізу қағидасын бекіту туралы» қаулысына сəйкес 

Баянауыл аудандық мəслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

Баянауыл  аудандық  мəслихатының (IV сайланған  кезекті XV сессиясы) 

1. 

2009  жылғы 6 сəуірдегі  «Баянауыл  аудандық  мəслихаттың  аппараты»  мемлекеттік 



мекемесінің Ережесін бекіту туралы №103/15 шешімінің күші жойылсын.

Осы шешім аудандық баспасөз бетінде жариялансын. 

2. 

Сессия төрағасы           Е.Досов

Аудандық мəслихат хатшысының міндетін атқарушы           Т.Əбиев

ЕСКЕ АЛУ

Баянауыл ауданы, Қаражар ауылының тұрғыны, адал жар, асқар таудай əке, сүйікті ата 



Шомақов Олжатай Бейсенбайұлының дүниеден озғанына 

1  жыл  толады.  Еліне  қадірлі,  үлкен-кішіге  сыйлы,  туған-

туысқандарына,  ұл-қыздарына  ақылшы,  қамқоршы  бола 

білген  əкемізді  сағына  еске  аламыз!  Марқұмның  жатқан 

жері жарық, топырағы торқа болсын! 

Атам-ау, əкем-ау, ағам-ау деп еске аламыз,

Өмірдің көшіменен мойынсұна біз барамыз.

Қайратты да сабырлы тұлғаңыз ұмытылмай,

Өсиет пен ісіңді нық ұстаймыз, жүрек талмай!

2014  жылдың 12 шілдесінде  сағат 13.00-де  Қаражар 

ауылында  марқұмның  жылына  арналып  дұға  оқылып,  ас 

беріледі.





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет