№28 (10627) 11 шілде жұма 2014 жыл


ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: ЖҰБАЙЫ, БАЛАЛАРЫ, КҮЙЕУ БАЛАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата27.01.2017
өлшемі9,27 Mb.
#2818
1   2   3

ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: ЖҰБАЙЫ, БАЛАЛАРЫ, КҮЙЕУ БАЛАЛАРЫ, 

КЕЛІНДЕРІ, НЕМЕРЕ-ЖИЕНДЕРІ, ШӨБЕРЕЛЕРІ.

       ЕСКЕ АЛУ

Баянауыл  ауданының  тұрғыны,  адал  жар,  асқар 

таудай  əке,  сүйікті  ата  Шақпақбаев  Күмісбекті 

сағына еске аламыз!

Егер  тірі  болса  биылғы  жылдың  шілде  айының 15 

жұлдызында 76 жасқа толар еді. Амал қанша сұм ажал 

арамыздан алып кетті. Қимас жанымызды сағына еске 

ала  отырып,  жатқан  жері  жарық,  топырағы  торқа, 

жаны жəнатта, иманы саламатта болсын деп тілейміз.

Еске алып сағынамыз нұр жүзіңді,

Көңілден өшірмейміз біз өзіңді.

Алла қабыл етсін деп тілейміз,

Оқыған дұға, иманды сөзімізді.

ЕСКЕ АЛУШЫЛАР: ЖҰБАЙЫ - БИЖАМАЛ, БАЛАЛАРЫ, НЕМЕРЕ-

ЖИЕНДЕРІ, ЖИЕНШАРЛАРЫ, ШӨБЕРЕЛЕРІ.

Биылғы  аудандық  жазғы XVII спартакиада  Ш.Аймановтың 100 жылдық 

мерейтойына арналды. Спорттық шараға ауданымыздың барлық округтерінен 1000-

ға жуық спортшылар қатысты.

Бұған дейін аймақтық ойындар Құндыкөл, Қаражар, Торайғыр ауылдарында өткен 

болатын. Ал бұл жолғы спартакиада спорттың 14 түрін қамтыды. Əсіресе, Құндыкөл, 

Жаңатілек, Ақсаң ауылдық округтерінің спортшылары спорттың барлық түрінен бақ 

таластырды. «Əттеген-ай», дегізер тұстар да болып жатты. Мысалы, аудан орталығы 

Баянауылдың  жəне  Майқайың  кентінің  спорт  сүйерлері  мүмкіндіктерін  толық 

пайдалана алмады. 

Үстіміздегі  жылы  аудандық  спартакиаданы  өткізу  үшін 1 млн. 300 мың  теңге 

бөлініп, толық игерілді. Биылғы аудандық спартакиада, ұлттық ойындар ойнауымен 

ерекшеленіп, оның ішінде ат спортына көңіл аударылып, аудан бюджетінен 500 мың 

теңге  қаржы  бөлінді.  Сөйтіп,  тұңғыш  рет  аудандық  спартакиада  да  ат  спортының 

тұсауы  кесілді.  Ат  спортынан  жарыс  Жаңатілек  ауылында  өткізілді.  Оған:  аламан 

бəйге (25 км), тоқ бəйге (15 км), аударыспақ (3 салмақ дəрежесінде 65 келіге дейін, 

80  келіге  дейін, 85 келіден  жоғары),  теңге  алу,  қыз  қуу  кіргізілді.  Аталған  жарыс 

түрлеріне  аудан  ауылдарынан  келген 50-ден  аса  ат  қатысты.  Майқайың  кенті, 

Баянауыл а/о, Шөптікөл а/о, Бірлік а/о бұл сайыстан тысқары қалды. Төменде біз ат 

спортынан өткен сайыстың нəтижелерін беріп отырмыз.

Аламан бəйге: 1 орын Мұрат Байкин (Қызылтау а/о), 2 орын Серік Əутаев (Сəтбаев 

а/о), 3 орын  Серік  Дөнешев  (Жаңатілек  а/о).  Тоқ  бəйге 1 орын  Асқар  Мұқанов 

(Ұзынбұлақ  а/о), 2 орын  Дидар  Жанəбілов  (Жаңатілек  а/о), 3 орын  Серік  Əутаев 

(Сəтбаев а/о). Аударыспақ 65 келіде 1 орын Ардақ Жақыпов (Жаңатілек а/о), 80 келіде 

1  орын  Дархан  Көрпебаев  (Жаңатілек  а/о), 85-тен  жоғары 1 орын  Нұржан  Қалиев 

(Қызылтау  а/о).  Теңге  алу 1 орын  Дидар  Қалиев  (Қаратомар  а/о), 2 орын  Дархан 

Көрпебаев  (Жаңатілек  а/о), 3 орын  Асылбек  Сағындықов  (Қызылтау  а/о).  Қыз  қуу 

1 орын Спандияр Тұманбаев, Мейрамгүл Таласпаева (Жаңатілек а/о), 2 орын Берік 

Калықов,  Мəншүк  Өміржанова  (Ақсаң  а/о), 3 орын  Айдар  Əбиев,  Гүлнəр  Əзімхан 

(Күркелі а/о).

Лайым болашақта да ұлттық ойындарымыздың саны көбейіп, ұлттық спортымызды 

жаңғырта берейік.



А.ЛЕКЕРОВ.

Ат спортының 

тұсауы кесiлдi

Жақында дін жолында жүрген 

жастар  арасында  «Ақ  қайың» 

кубогы  үшін  шағын  футболдан 

жарыс  өтті.  Салауатты  өмір  салты  мен  адамгершілікті, 

гуманизмді  жəне  толеренттылықты    насихаттауды  мақсат 

тұтқан бұл жарысты ауданның ішкі саясат бөлімі, Майқайың кенті əкімшілігі жəне 

«Ақ қайың» қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Екібастұз  қаласының  «Жасыбай»  БЖСМ  кешенінде  өткен  жарысқа 7 команда 

қатысты.  Олар:  Павлодар  жəне  Екібастұз  қалаларынан  келген  Бірлік  командасы, 

Достар (Павлодар), Нұр, Проспорт (Екібастұз), Аңсар (Майқайың), Көктөбе (Көктөбе 

ауылы).  Нəтижесінде 1 орынды  Екібастұз  қаласының  «Бірлік»  командасы  алса, 2 

орынды «Проспорт» (Екібастұз қ.) командасы иеленді. 3 орынды Көктөбе командасы 

олжалады. 

Жеңімпаздарға  жəне  үздік  ойыншыларға  ерекше  ойын  өрнегін  көрсеткені  үшін 

«Үздік  шабуылшы», «Үздік  қорғаушы»  жəне  «Үздік  қақпашы»  номинациялары 

бойынша мақтау қағаздары жəне ақшалай сыйлықтар табысталды. 

Жарысқа  ақшалай  көмек  қолын  ұсынған  ауданның  ішкі  саясат  бөліміне 

алғысымызды білдіреміз.

Е.ДОСОВ, 

аудандық мəслихат депутаты,

«Ақ қайың ҚҚ» құрылтайшысы.

спорт


сайыс

Шағын футболдан

Екібастұз  қаласының  көру  қабілетінің  төмендігі  бойынша 1 топтағы  мүгедек  жандар 

Баянауыл  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  паркінің  директоры  Б.Д.Рахметовке,  аға  кезекші 

И.Б.Солтаналинге,  В.В.Гертерге 

«

Жасыбай



»

  демалыс  аумағында  жағажай  жағасындағы 

демалыстарын  өткізуге  қажетті  жағдайды  жасап,  қызмет  көрсеткендері  үшін  алғыстарын 

білдіреді.  



ЗАҒИП ЖАНДАРДЫҢ АЛҒЫСЫ

2001  жылғы 

«

Вис  Пикап



»

  автокөлігін  сатамын  немесе  малға  айырбастаймын. 

Бағасы келісім бойынша.

Тел.: 40-351, 87051413420.



Досумов Айдын Сериковичтың атына 1996 жылы берілген Лекер жалпы негізгі 

білім беру мектебін бітіргендігі жөнінде НМК-П 0763622 санды куəлік жоғалды.

Құжат жарамсыз деп танылсын. 

«

Баянтау



»

 газетінің 4 шілдесінде шыққан №27 санында (V сайланған кезектен тыс 

ХХХІV  сессия)  Баянауыл  аудандық  мəслихатының 2014 жылғы 2 маусымындағы 

№174/34 


«

Ауданның жер қорынан ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер 

телімдерін жалға берген кезде конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізбесін бекіту 

туралы


»

  шешімінің  қосымшасында 11 пунктінің 5 бағанындағы 

«

Ақсаң  ауылдық 



округінің аумағы - 25 км

»

 деп жаңсақ кеткен сөзі 



«

Күркелі ауылдық округінің аумағы 

- 70 км

»

  делініп оқылсын.



Ж А Ң С А Қ Т Ы Қ

Ж А Ң С А Қ Т Ы Қ

Ермеков Ерканат Талгатовичтың атына 1996 жылы  Бірлік жалпы орта білім 

беру мектебін бітіргендігі жөнінде берілген №0760856 санды куəлігі жоғалды. 

Құжат жарамсыз деп танылсын.

Индивидуальный  предприниматель  Айтказинов  Темиртас  Бекказынович 

(серия 08915, №0046658,  ИИН 890720350817 от 10.01.2011 г.)  прекращает  свою 

предпринимательскую деятельность. 

Индивидуальный  предприниматель  Куанов  Толеухан  Саткалымович 

(серия 08915, №0046558,  ИИН 580301350150 от 30.04.2010 г.)  прекращает  свою 

предпринимательскую деятельность.

Ү Й    С А Т А М Ы Н

Қараащы ауылында үй сатамын. 1989 жылы салынған, 5 бөлмелі.



Телефондар: 8-71840-61111, 8-7058414984.

П Р О Д А М   Д О М

Продам дом в поселке  Сулужон двух уровневый с хоз.постройками и действующим 



магазином.

Обращаться по телефону:  4-02-70, 8-7051415107.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет