№3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет



жүктеу 10.49 Mb.
Pdf просмотр
бет3/6
Дата24.12.2016
өлшемі10.49 Mb.
1   2   3   4   5   6

Айнұр БЕКБЕРГЕНОВА,

бейнелеу өнері және дизайн 

кафедрасының аға оқытушысы.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Жетісу 

университеті



АДАМ ЖӘНЕ ЗАҢ

бейсенбі,  11 ақпан,

2016 жыл

5

КЕҢЕСТІК ДӘУІРДЕН БАСТАУ АЛҒАН, ЖЕҢ ҰШЫНАН 

ЖАЛҒАСЫН ТАПҚАН, КӨЗ ҚЫСТЫ, БАРМАҚ БАСТЫ 

ӘДЕТ ӘЛІ БОЛСА ҚЫЛАҢ БЕРІП КЕЛЕДІ. БҰЛ ДЕРТ 

ЕЛІМІЗДІҢ ДАМУЫНА, ЭКОНОМИКАНЫҢ ӨРКЕНДЕП 

ӨСУІНЕ ӨРЕСКЕЛ КЕДЕРГІ КЕЛТІРЕТІНІ ДАУСЫЗ.

Жемќорлыќ -

 

тєртіп бар жерде 



т±раќтамайды

Б

іздің бала күнімізде ата-анамыз жан шошырлық әңгімені 



мүлде айытқызбайтын. Ауыл арасында болған сұмдық 

жағдайды, масқаралық оқиғаны қозғай бастасақ, үлкендер: «Мал 

құлағы саңырау, ести көрме Тәңір-ау, жап, айтпа!» деп ау-

зымызды жаптырып тастайтын. Әншейінде ата-анамыздың 

ондай ашуланғанын көрмеген біз, жағдайды тез ұмытуға, тіпті 

ойламауға тырысатынбыз. Ендігәрі ондай әңгімені өрбітпеуге, 

жаманшылыққа бой алдырған адамдардан аулақ жүруге 

дағдыландық. Бұлай тыйым жа сау ұл-қызы жамандықты 

естімесін, көрмесін, бойын, ойын, құлағын сорақылыққа үйретпесін 

дегені екен ғой. Сондықтан замандастарымыз қылмысқа бой ал-

дырмайтын.

Зорлыќ-зомбылы°

 _ 

жасµспірімніњ  



психикасын б±зады

Жемқорлықпен  күрес  бүгінде  елімізде 

мемлекеттік маңызы бар түйткілді мәселеге 

айналып  отырғандығы  шындық.  Елдің 

ертеңі  үшін,  болашақ  келер  ұрпақ  алдын-

да  еңсеміздің  бек  көтеріліп  жүруі  үшін, 

жемқорлық  індетімен  белсене  күресіп,  түп-

тамырымен  жою  қажет.  Бұл  індет  адамзат 

баласына  жат  қасиет.  Еуропа  елдерінде, 

әлемнің өзге де мемлекеттерінде орын алып 

жатқан  саяси,  экономикалық,  әлеуметтік 

дағдарыстарға,  түрлі  қиын  жағдайларға 

қарамастан,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назар-

баев  «Нұрлы  жол»  бағдарламасын  жа-

рия  етті.  Аталған  бағдарламаға  орай 

принциптері    анықталып,  жемқорлыққа 

қатысты  құқық  бұзушылықтардың  және 

оған  байланысты  жауапкершіліктің  түрлері 

анықталды.

Қазақстан 

Республикасының 

«Сы-


байлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  тура-

лы»  Заңында  азаматтардың  құқықтары 

мен  бостандықтарын  қорғауға,  сыбайлас 

жемқорлық  көріністерінен  туындайтын 

қауіп-қатерден,  республикамыздың  ұлттық 

қауіпсіздігін  қамтамасыз  етуге,  заңның 

негізінде  мемлекеттік  міндеттер  атқаруға 

уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген 

адамдар жауапты болатындығы көрсетілген.

Ал,  бүгінде  ғаламторды  ашып  қалсаң, 

масқараның,  азғындықтың  көкесін  көресің. 

Елді  елең  еткізуді  мақсат  тұтқандар 

жамандықты  іздеп  жүріп,  көпке  әсірелеп 

жеткізуге  жаны  құмар.  Сайттар  жан 

шошырлық  жағдайды  бірінші  болып 

айту  арқылы  көрермен  жинайды.  Яғни, 

тұтынушылар  санын  арттырады.  Көкейді 

тескен – табыс. Оған тыйым салып жатқан 

жан  жоқ.  Естірткені  былай  тұрсын  болған 

жағдайды  бейнебаянмен  дәлелдейді.  Оны 

бала  да  көреді,  шаға  да  көреді.  Көз  көріп, 

құлақ  үйренеді.  Бәлекеттен  сақтандыру 

бүгінде  жайына  қалды.  Керісінше,  мы-

наны  көр  деп  айуандық  пен  азғындықты 

алданып  қалу  дерегі  бойынша  тіркелген. 

Біздің  менталитет  көп  жағдайда  үйде 

отырып,  жүкті  болған  қызды  сынға  алып, 

шеттетеді.  Сондықтан,  қиындыққа  тап 

болған жасөспірімдер ешкімге айтпай түсік 

жасатады.  Кейбіреулері  тығылып  босанып, 

сәбиін далаға тастайды. Тығырықтан шыға 

алмағаны өз жанын қиып, өмірмен қош ай-

тысады.  

  Міне,  осы  бір  сұрақ  төңірегінде  сөз 

қозғай  қалсаңыз,  сан  түрлі  ойдың  орта-

сында  қаласың.  Әркім  әр  қилы  топшылай-

ды.  Ұстаздар  отбасы  жауапкершілігін  арт-

тыру  керек  десе,  дәрігерлер  сезімге  ерте 

ОЙМАҚТАЙ ОЙ

  Қыздар  жасына  жетпей  ауыраяқ  болып  жататындығын  естиміз.  Бұл  орайда 

көбі  жігіттердің  опасыздығынан  жапа  шегеді.  «Еркек  қашанда  аттың  үстінде 

жүреді»  деген  сөз  бар.  Олардың  соңынан  сөз  де  ермейді.  Өзінің  анасы,  апа-

сы, қарындасы жоқтай жауапкершіліктен ат тонын ала қашады. «Еркекке емес, 

екі босағаңа сен» деген ескіден қалған есті сөз бар. Қыздардың есінде осы сөз 

болғаны жөн.

жариялауға құштар болып алдық. Қоғамды 

қатыгездікке  үйретіп  жатырмыз-ау,  деген 

ой  ешкімді  мазаламайтындай.  Елімізде 

некесіз  бала  туу,  тастанды  нәрестелер, 

жетімдер  үйінің  көбейіп  бара  жатқаны 

тәрбиенің,  имандылықтың  әлсіздігінен  бе 

деп ойлайсың.

Пәлен  ауданда  бес  бірдей  мектеп 

оқушысы  жүкті  болып  қалыпты  деген 

жаңалық  ғаламторда  бұрқ  ете  қалды. 

Ойпырым-ай!  Оның  біреуі  өгей  әкенің 

тырнағына  іліккен  екен.  Азғындықтың  шегі! 

Қолында  өскен  балапанын  мазақ  қылуға 

қалай  дәті  барды?!  Екі  аяқты  азса,  төрт 

аяқтыдан  жаман  болып  кететін  көрінеді 

ғой.  Мысалы,  былтыр  облыс  бойынша, 

28  жасөспірім  дүниеге  сәби  әкелсе,  өткен 

жылы  бұл  сан  41-ге  жетіпті.  Статистикаға 

сүйенсек, тастанды балалардың 29 пайызы 

анасы  18-ге  толмағандардың  нәрестелері 

көрінеді. Не сұмдық?!

Зорлық-зомбылыққа 

ұшырау 


жасөспірімнің 

психикасын 

бұзады. 

Болашаққа деген сенімін жоғалтады. Жігерін 

құм  етеді.  Тіпті,  ар  алдында  өзін  қаралап, 

өмірден баз кешетіндер де бар. Облыстық 

прокуратурадан  алынған  мәлімет  бойын-

ша,  өткен  жылы  20  жасөспірім  өз-өзіне 

қол  жұмсаған.  Суицид  жағдайының  негізі 

ата-анамен  тіл  табыса  алмау,  жоспар-

сыз  жүктілік,  қиын  жағдайға  душар  болған 

баланың әке-шешеден қолдау көрмеуі және 

берілмеуді  айтады.  Ал,  ата-ана  қоғамды 

кінәлайды.  Прокурорлар  мұны  ерікті  және 

еріксіз түрде болған оқиға деп, заң баптары-

мен салмақтайды. Ал, бұл жөнінде шариғат 

не  дейді  екен?  Сұрақты  Талдықорғандағы 

«Нұр»  мешітінің  бас  имамы  Алмас 

Сағидоллаұлына қойған едік.

– Жүрегінде иманы бар адам кесапаттан 

аулақ  жүреді.  Жиіркенішті  іске  бармайды. 

Өзінің  қарындасындай  қызға  күш  көрсету, 

мазақ  ету  жүректе  иманның  жоқтығынан. 

Шариғатта  некесіз  қатынасқа  тыйым  са-

лынады.  Білім  ордаларында  имамдардың 

тәрбие сағаттарын өткізу ұйымдастырылса 

құба-құп  болар  еді.  Имандылық  барлық 

зорлық-зомбылықтан  қорғайды.  Қазақта: 

«Құдайдан қорықпағаннан қорық», – деген 

нақыл  бар.  Ұл-қыздарымызды  пәлекеттен 

сақтандырудың  бір  жолы  –  шариғатқа  бет 

бұру.  Жаста  берген  тәрбие  жас  қайыңды 

игендей, – дейді дін маманы.

Қорыта  келгенде,    арыңды  жасыңнан 

сақта,  деген  тәмсілді  басшылыққа  алуы-

мыз  керек  шығар.  Әр  нәрсе  өз  уақытымен 

болғаны  дұрыс.  Үлкендерге  қатысты 

шаруаның  дәмін ерте татуға  талпынбаған 

жөн.  «Ұлың  өссе,  ұлықтымен,  қызың  өссе, 

қылықтымен қоңсы бол» деген аталы сөзді 

басшылыққа  алайық.    Ата-баба  дәстүрін 

сақтап,  имандылыққа бет бұрайық, ағайын!



Г. КӨЗКӨРГЕН.

ТАҚЫРЫПҚА ТҰЗДЫҚ

 

Біздің 


қоғамда 

сыбайлас 

жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның 

барлық 


күш-жігерін 

біріктіріп, 

осы  дерттің  одан  әрі  ушықпауы 

үшін,  оны  тоқтатудың  барлық 

амалдарын 

қолдану 


арқылы 

ғана  бұл  құбылысқа  тиімді 

түрде  қарсы  тұруға  болады.  Сы-

байлас  жемқорлықпен  күресу 

барлық  Қазақстан  Республикасы 

азаматтарының  азаматтық  боры-

шы деп білу керек.

Қазақ  мемлекеті  елімізде  бұрын-соңды 

болмаған  ірі  жобаларды  жүзеге  асырмақ. 

Сондықтан  да,  жасалған  жұмыс  сапалы, 

бөлінген  қаражат  мақсатты  игерілуі  ке-

рек.  Ол  үшін  қатаң  тәртіптің  берік  орнауы 

маңызды. Тәртіп бар жерде қанағат, рақым, 

жауапкершілік  пен  ар-ұят  орнайтындығы 

белгілі. 

Қоғамдық 

сананы 

түпкілікті 



өзгертіп,  азаматтардың  жауапкершілігін 

күшейту  арқылы  жемқорлықсыз  мемле-

кет құрылатындығы белгілі. Өкінішке орай, 

бүгінгі  таңда  келеңсіз  жайттардың  белең 

алуы,  мемлекеттік  сатып  алу,  мемлекет 

қаржысын  талан-тараж  етіп,  ысырап  қылу, 

жер  телімін  заңсыз  беру,  дүние-мүлкін, 

ақша  капиталын  салық  декларациясынан, 

яғни  мемлекеттен  жасырып  қалу  сияқты 

мемлекет  қалтасына  қауіп  төндіретін  жат 

қылықтар әлі де баршылық. Онымен күрес 

күн өткен сайын күшейтіліп, құрықталып жат-

са  да,  жат  қылықтан  жалтарып  жатқандар 

саны  азаймай  отыр.  Бүгінде  мемлекет  та-

рапынан жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу 

мақсатында  ауқымды  жұмыстар  іске  асу-

да.  Мемлекетіміз  Кеңес  Одағы  кеңістігінде 

алғаш  рет  «Жемқорлыққа  қарсы  күрес» 

Заңын  қабылдады.  Бұл  заң  жобасы 

арқылы жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі 

Сыбайлас 

жемқорлықтың 

тамыры 

тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. 



Ресей  тарихындағы  I  Петрдің  кезінде 

пара  алғанды  да,  пара  бергенді  де  жа-

залап,  өлім  жазасына  кескенін  көреміз. 

Одан  кейін  II  Екатеринаның  кезінде  заңға 

сұғанақтық  жасаған  адамды  қатаң  жаза-

лап  отырған.  Тарихқа  үңілсек,  осындай 

мәліметтер  арқылы  сыбайлас  жемқорлық 

сынды  қылмыстармен күрес көне заманда  

да болған. Бұл әлі күнге дейін күн тәртібінен 

түскен емес.

Бүгінгі  таңда    сыбайлас  жемқорлықпен 

күресу  мақсаты  азаматтардың  құқықтары 

мен 

бостандықтарын 



қорғауға, 

сы-


байлас  жемқорлық  көріністерінен  ту-

ындайтын 

қауіп-қатерден, 

Қазақстан 

Республикасының 

ұлттық 


қауіпсіздігін 

қамтамасыз  етуге  бағытталған.  Сонымен 

қатар  сыбайлас жемқорлыққа байланысты 

құқық  бұзушылықтың  алдын  алу,  анықтау, 

олардың  жолын  кесу  және  ашу,  олардың 

зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа 

тарту  арқылы  мемлекеттік  органдардың, 

сондай-ақ, 

оларға 

теңестірілген 



адамдардың  тиімді  қызметін  қамтамасыз 

етуді  көздейді.  Сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы 

күрестің 



негізгі 

принциптерін 

айқындап,  сыбайлас  жемқорлыққа  бай-

ланысты  құқық  бұзушылықтың  түрлерін, 

сондай-ақ  жауаптылықтың  пайда  болу 

жағдайларын белгілейді.  



Қорыта айтқанда, 

мемлекеттік қызметкердің аты-

на кір келтіретін әрекеттерден 

әркімнің де аулақ болғаны 

жөн. Мұндай заң бұзушылыққа 

қасақана барғандар қатаң жазаға 

да тартылады. Оларға біздің 

қоғамда да, арамызда да орын 

жоқ  екенін түсінгені абзал.

А. ДҮЙСЕНБЕКОВА,

заңгер.

Gazeta.zhgu@mail.ru

Жетісу 

университеті



6

бейсенбі, 11 ақпан, 

2016 жыл

СӘТІ ТҮСКЕН СҰХБАТ

БІЗДІҢ ЖАҚТЫҢ ЖІГІТТЕРІ

Ќазіргі жастардыњ ойы 

ж‰йрік


Қ

азіргі  таңда  журналис- 

тика _ технологиялық  

дамудың  негізінде  адам 

айтқысыз қарыштап

өркендеп барады. Баспасөз 

қызметкерлерінің де ой-өрісі  

осы озық технологиялық 

қондырғылармен етене бай-

ланыста өрбитін сияқты. 

Байырғы журналистердің  

осы тұрғыдағы ойын білу 

мақсатында сәті түсіп 

«Сарқан» аудандық газетінің 

бас редакторы Жомарт  Игіман 

ағамызды  әңгімеге тартқан 

болатынбыз.  Сол сұхбатты 

оқырман назарына ұсынып 

отырмыз.

–  Журналистика  саласына  қалай 

келдіңіз? Ол сіздің бала күнгі арманыңыз 

ба еді?

– Мектепте оқып жүрген кезде журналист 

деген мамандықтың қыр-сырын толық білген 

жоқпыз.  Алғашқы  өлеңдерім,  сол  кездегі 

жаңадан  жарық  көре  бастаған  «Балқаш 

өңірі»  газетінде  басылды.  Газетте  тасқа 

басылғандай  болып  атың  шығып  жатса, 

жаныңа  жақсы  әсер  қалдырады  екен.  Сол 

себеп  болды  ма,  одан  әрі  жазуға  деген 

құлшынысым арта түсті. Сөйтіп, білек сыба-

на  кірісіп  кеттім.  Ал,  оған  дейін  математика 

пәнін жақсы көретінмін. 

Сол кезеңдерде теміржолшылар тағдырын 

жазатын  тілшілер  жоққа  тән  болатын. 

Аудандық  газетте  осы  тақырыпта    біршама 

мақалаларым  жарық  көрді.  Тілшілікке 

бейімділігім  артқан    сайын  шыңдалып, 

төселе түстім. Көп өтпей жазған дүниелерім 

облыстық «Октябрь туы» газетінде жарияла-

на бастады. Кеңестік дәуірдің жас тілшілерді 

шыңдауда  жақсы  бастамасы  болатын.  Га-

зет  редакцияларының  жанында  «тілшілер 

мектебі»  жұмыс  істейтін.  Қалам  тербетіп 

жүрген  жастар  аптасына  бір  рет    сол  мек-

тептерде дәріс алып, жазудың қыры-сырын 

үйреніп  тәжірибе  жинайтын.  Тоғызыншы 

сыныпта    мен  сол  тәжірибе  мектептерінен 

өтіп,  екі  газетте  де  «қоғамдық  тілші»  бол-

дым.  Мектеп  бітіргеннен  кейін,  оқуға  түсе 

алмай  қалып,  аудандық  газетке  бардым, 

мені  қабылдады.  Басында  аудармашы  бо-

лып  қызмет  атқардым,  кейіннен  «әдеби 

қызметкер»  деп  атайтын  болды.  Сонда 

жүріп журналистиканың қандай бағытқа ие, 

қыры мен сыры қандай екендігін үйрендім. 

–  Редакцияға  келіп  түскен  жас 

тілшілердің 

дүниелеріне 

(мақала, 

өлеңдеріне) көңіліңіз толады ма?

–  Менің қарным ашады... Өзіме етене та-

ныс  өлеңді  біздің  кезіміздегідей  ізденіспен 

жазбайды жастар. Үлгі болсын деп, түзетіп, 

жолын - жөнін, тарам-тармағын, бунағын рет-

теп, электронды почта арқылы өзіне хатпен 

жазып жіберемін. Көпшілігі жылы орындары-

нан  көп  қозғалғысы  келмейді.  Ал,  мақалаға 

келер  болсақ,  интернетке  көп  жүгінетіндігін 

байқайсың. Дайын текст, дайын дүние, дай-

ын ойларды көшіріп алғанды жақсы көреді. 

–  Қоғам  жаңалықтарына  көшсек,  жаға 

ұстатар жайлар белең алу үстінде. Соның 

бірі  тастанды  бала  жағдайы.  Оған  деген 

көзқарасыңыз  қандай?  Әсері  неден  деп 

ойлайсыз?

–  Ең  басты  себеп,  әрине,  ар  –  ұяттың 

жоғалғандығы  мен  иманның  әлсіреуінде 

сияқты.  Біз  өскен  кезеңде  перзенттер  ата-

анасынан  қаймығатын. Мәселе үрейде емес, 

сол кісілерді ұятқа қалдырмауда. Ертеңгі күні 

ел бар, жұрт бар, өсек әңгіме өрбиді деген-

дей.  Досыңнан  дұшпаның  көптігі  тағы  бар. 

Ал,  қазір    өздеріңізге  белгілі,  құдайдан  да, 

адамнан  да  қорықпайтын  өскелең  ұрпақ 

пайда болды. Бұл соның кесірі ме деп ойлай-

мын.  «Қызға  қырық  үйден  тыю»,-  деген  ата 

сөзінің  күші  жойылып  барады.  Біздер  боз-

бала  кезімізде  қыз  баланың  саусағынан  да 

ұстауға именетінбіз. Сезімдерімізді үнсіз ғана 

көзқарастарымыз арқылы сездіретінбіз. Не-

месе ұзақтан хат жазып, оны өзіміз таңдаған 

«почташы»  арқылы  жолдайтынбыз.  Тіпті, 

сол  хатымыздың  өзін  үлкендердің  ішінен 

біреу-жарым  сезіп-біліп  қоймады  ма  деп 

қауіптенетінбіз.  Қазір  ше?  Бәрі  керісінше. 

Жастардан  ұят  қашты,  олардың  келеңсіз  

қылықтарына  үлкендер  «жаға  ұстайтын» 

халге жеттік. Тәрбиесі түзу жастарымыз бол-

са, осындай жағдай орын алмас еді.Өз шара-

насын  көше  бойында,  қоқыста,  әжетханада  

тастап  кету  деген  не  деген  сұмдық.  Қазақ 

жесірін  қаңғытпаған,  жетімін  жылатпаған 

халық.  Жастарымыздың  қанында  мұндай 

қатігездік  қайдан  пайда  болды  деп 

толғанамын.  Тегіне  тартпаған  тексіздер 

кімнен  туып  жатыр.  Кінәлі  заман  ба,  қоғам 

ба, адам ба?...

Заман  дейін  десең,  заман  қалпында, 

қоғам  дейін  десең  тек  жаңашылдыққа, 

ұлтжандылыққа, 

отансүйгіштікке, 

озық 


дәрежедегі  жоғары  білімділікке,  кәсіби 

біліктілікке,  жаһандық  үрдіске  шақырып, 

сол  бағытта  тәлім  тәрбиеге  баулып  келеді. 

Адамның сана сезімі, парасаты да бұрынғыға 

қарағанда анағұрлым күшті дамуда. 

–  Бәлкім,  ғылымға  озық  технология-

ларды енгіземіз деп, интернет желілеріне 

артық мүмкіндіктер беріп жіберілген жоқ 

па? 

–  Ойымды  дөп  бастың.  Меніңше,  бар 

мәселе сонда ғой деп ойлаймын. 

Адамзат озық ғылымды өркениеттің игілігі 

үшін тұрмысқа енгізеді. Интернеттің  білімді 

игеруде  тиімділігі орасан үлкен. Бірақ жастар 

бұл мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланудың ор-

нына  «жағымсыз»  жағына  көп  құмартады. 

Әртүрлі 

ойындарға, 

қыздармен 

смс 


арқырылы  хабарласуға,  селфиге  түсіп, 

инстаграммен  жолдауға  алтын  уақытын, 

жастық  жігерін,  ой-қабілітін  босқа  сарп  етіп 

жүргендеріне,  шынымды  айтсам  ішім  удай  

ашиды. 

Кітап, газет-журнал оқымайды, сондықтан 



зейін-зердесі 

тұмшаланып 

қалған. 

Парасатсыздықтың, 

мәдениетсіздіктің, 

арсыздықтың,  қатігездіктің  тамыры  сон-

да  жатқан  сияқты.  Екіншіден,  жастар    кешкі 

клубқа  барып  демалуды  жөн  көреді.  Ал 

ондағы  келеңсіз  көріністі  айтпай-ақ  қояйын. 

Үшіншіден,  отбасындағы  тәлім-тәрбие  де 

босаңсып  барады.  Ата-аналар  баланың 

белі  бесіктен  шықпай  жатып  қолына  ойнап 

отырсын  деп  «Ipad»  телефонын  ұстатып 

қояды.  Ол  бала  мектепте  де,  жолда  да, 

көлікте  де  қолынан  тастамайды.  Кәмелетке 

толғанда  қатарынан  қалмасын  деп,  тағы 

да  айтқандарының  бәрін  істейді.  «Қарыны 

тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам бала-

сын» деп  хакім Абай босқа айтқан жоқ қой, 

қарағым.


– Өзіңіз қандай сайттарға кіресіз?

–  Жалпы,  жарияланған  дүниені  оқуға 

ғана 

бармын. 


Тікелей 

ғаламторда 

отыратындардың 

қатарынан 

емеспін. 

Жоғарыда  айтып  өткендей,  тек  электрон-

ды  почта  арқылы  ғана  жөнсіз,  яғни  бұрыс 

дүниелерді  ретке  келтіріп,  жастарды  дұрыс 

бағытқа салып отыруға тырысамын.

–  Парламент  Мәжілісі  депутаттарын 

кезектен  тыс    сайлау  жөнінде  пікіріңіз 

қандай?  

–Дүниежүзін  жаһандық  дағдарыс  жай-

лап  тұрған  ауыр  бір  кезеңде  Елбасы 

Н.Назарбаев    Қазақстан  халқын  осы 

экономикалық  қатерден  аман  алып  шығу 

жолдарын  қарастыруда.  Бұл  бағытта 

«Қазақстан  –  2050»  cтратегиясы,  «Нұрлы 

жол»  бағдарламасы,  5  институтционалдық 

реформаға    байланысты  «100  қадам  - 

ұлттық жоспарға» сәйкес елімізде ауқымды 

жұмыстар  жүзеге  асырылуда.  Мемлекет 

басшысының    көрсеткеніндей  бізді  әлемдік  

экономикалық    дағдарыстан  тек    қана 

даму  өркениетіміздегі  жаңа  реформалар 

ғана  құтқарып қалады. Қазіргі таңда әрбір  

уақыт  қымбат.  Депутаттардың  Парламент 

Мәжілісін  таратып,  сайлауды  мерзімінен 

бұрын өткізу туралы бастамасын құптаймын. 

Оны  Президентіміз  де  дұрыс  қабылдады.  

Мені,  тағы  бір  қуантатын  жайт,  Парла-

мент  Мәжілісі  депутаттығына  жастардың 

көбірек қамтылуы.  Ойы  сергек, көкірегі ояу, 

білікті  жастар    қабылданған  жаңа  заңдар 

мен  реформалардың    мұқият  орындалуы-

на  барынша  белсене  қатысуы  тиіс.  Алдағы 

сайлау  өзінің  жоспарлы  деңгейімен  өтеді. 

Өйткені,  біздің  қоғам  сайлау  өткізуге  әбден 

қалыптасып  алған.    Екіншіден,    Мәжіліс  пен 

мәслихаттардың    сайлауын  бірге  өткізу 

қаржылық жағынан да тиімді екені рас.



–    «Депутат»  деген  атқа  лайық    болу 

үшін не істеу керек? 

– Ең бастысы, әрине, халықтан байланыс 

үзбеу  керек.  Халық  пен  билік  арасындағы 

нағыз  елшілер  депутаттар  ғой.  Сол  үшін 

халықтың  мүддесін  көтеруі,  жағдайларын 

білулері керек. Артық уәде бермей, қолынан 

келетін дүниені ғана, заң шеңберінде жүзеге 

асырса сол да жеткілікті сияқты.



–    Ұзақ  жылдар  бойында  қалам  тер-

беген  жүйрік  журналист,  дарынды  ақын 

ретінде  еңбегіңіз  лайықты    бағасын  

алды ма? Сондай-ақ, соңғы кезде жарық 

көрген кітаптарыңызды атап өтсеңіз.

–Халықтың  игілігі  мен  журналистика  са-

ласында  төккен  тер  тегін  кетпегендігіне 

қуанамын.  Тәуелсіздік  күні  қарсаңында 

жүзеге  асқан  шығармашылық  кешімде 

«Сарқан  ауданының  құрметті  азаматы» 

деген  атақты  иелендім.  Бұл  -  маған  үлкен 

жетістік, үміт пен сенім. Халқың саған сенсе, 

ынталандырып  мақтап  жатса,  жазуға  деген 

құлшынысың  арта  түседі  екен.  Шабытта-

нып,  көк  жүзінде  қалықтап  жүргендей  күй 

кештім. Кітаптарға келер болсақ, дәл қазіргі 

тұста  «Жүздесу»,  «Шарайна»,  «Көкжиек», 

«Ғұмыршырақ»,  «Жайқоңыр»,  «Егіз  өрім», 

«Ақжелең»  сынды  жыр  жинақтарым  мен 

М.Тынышбаев  туралы  «Қыран  қия»,  

М.Төлебаев  жайлы  «Қанатталды»  және  

«Саялы төрім - Сарқаным», «Кие» деп ата-

латын бірнеше тарихи-танымдық туындыла-

рым жарық көрді.



–Әрине, 

бұл 

шығармаларыңыздың 

оқырман 

 

тарапынан 

үлкен 

қызығушылықпен 

қабылданарына  

сеніміміз  мол.  Сізге  шығармашылық  та-

быс,  отбасыңызға    құт-береке  тілейміз. 

Сұхбатыңыз үшін рахмет!

   


Сұхбаттасқан Жансая ҚАБДЕН,   

                         3 курс білімгері.

Жомарт  ИГІМАН, 

Каталог: uploads -> files -> 2016-02
2016-02 -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №1 / 2011
2016-02 -> М. Уалихонов М., Собрание сочинении в 5 томах изд. Ан каз. Алматы, 1961. 2т. Б. 235. 14. Абай Құнанбаев [14]. Шығармалары 2 том. 1968. Алматы, Б. 193
2016-02 -> Әож 9(571) 333. 16 ТҰрар рысқҰловтың хаттары қазақстан тарихының дерек көЗІ
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 / 2014
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 / 2014
2016-02 -> Вестник жгу им. И. Жансугурова №4 / 2011
2016-02 -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №1 /2013


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет