№3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет11/20
Дата22.12.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

Использованные источники 
Правоохранительные  органы  Российской  Федерации  //  Под  ред.  Божьева  В.П.;  Гуценко  К.Ф.  С.38; 
Ковалев М.А. Указ. соч. С. 55. 
 Гуценко К.Ф., Ковалев М.А. Ук. Соч. С. 57-82; Правоохранительные органы Российской  Федерации / 
Под ред. Божьева В.П.  
 Быков  В.  Принципы  уголовного  процесса  по  Конституции  Российской  Федерации  1993  года  // 
Российская юстиция, 1994.  
Чиркин В.Е. Основы сравнительного государствоведения. М., 1998.  
 Халиков  К.Х.  Проблемы  судебной  власти  в  Республике  Казахстан  (теоретические  и  уголовно-
процессуальные исследования). Алматы, 1998.  
Закон РК  «О судах и статусе судей Республики Казахстан» от 25 декабря 2000 года 
 

 
70 
Түйіндеме 
Мақалада  сот  билігінің  халық  алдындағы  беделін  күшейту,  халықтың  сотқа  деген  сенімін 
нығайтуға бағытталған жұмыстарды атқару және көрсетілген талаптарды қолдау жөнінде айтылған. 
 
Summary  
In article  it is  told about the constitutional and legal  principles of the judicial authority. 
 
 
ПРАВОВОЙ СТАТУС СУДЕЙ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН  
 
Мухамбетова Г.С., преподаватель, АГУ им. Х.Досмухамедова 
 
Начавшиеся  в  Казахстане  в  начале  девяностых  годов  прошлого  столетия  политические, 
социальные  и  экономические  преобразования,  явившиеся  следствием  приобретения  республикой  в 
1990 г. статуса суверенного, обусловили и формирование в этой связи своей национальной правовой 
системы, в том числе  и системы судоустройства и судопроизводства. За прошедшие с того времени 
годы  в  судебной  сфере  произошли  коренные  изменения,  свидетельствующие  о  становлении  в 
государстве самостоятельной ветви государственной власти – судебной. [1] 
Конституция  РК  1995  г.  провозгласила  отделение  судебной  власти  от  законодательной  и 
исполнительной  властей,  выделив  ее  в  самостоятельную  ветвь  государственной  власти. 
Предназначение  судебной  власти  заключается  в  осуществлении  защиты  прав,  свобод  и  законных 
интересов граждан, государственных органов, организаций, обеспечении исполнения Конституции РК, 
законов,  иных  нормативных  правовых  актов,  международных  договоров  Республики.  Тем  самым 
судебной власти отведена роль, во-первых, арбитра, разрешающего все конфликты и споры о праве, 
и, во-вторых, - органа, обеспечивающего исполнение и соблюдение режима законности в государстве. 
Судьей  является  лицо,  назначенное  или  избранное  в  установленном  законом  порядке  на  должность 
судьи,  работающее  в  соответствующем  суде  и  осуществляющее  свои  полномочия  на 
профессиональной основе. [2] 
Правовой  статус  судей  включает  в  себя  независимость  и  несменяемость  судьи,  а  также  его 
неприкосновенность.  Независимость  означает,  что  судья  независим  и  подчиняется  только 
Конституции.  Никто  не  вправе  вмешиваться  в  осуществление  правосудия  и  оказывать  какое-либо 
объяснение по существу рассмотренных или находящихся в производстве дел.  
Правовой  статус  судей  регулируется  законодательством  судебной  власти  в  РК,  которое 
представляет  собой  систему  нормативных  правовых  актов,  определяющих  порядок  образования 
судов, принципы их организации и деятельности, судебную систему, состав, структуру, компетенцию 
каждого судебного звена, а также правовой статус судей. 
Основными  документами,  регулирующими  деятельность  судов  и  статус  судей,  является 
Конституция РК и Конституционный закон о судебной системе. 
В  соответствии  с  п.  1  ст.  77  Конституции  РК  и  ст.  25  Конституционного  закона  о  судебной 
системе  судья  при  отправлении  правосудия  независим  и  подчиняется  только  Конституции  и  закону. 
Судьи  при  осуществлении  предоставленных  им  законом  полномочий  не  подчиняются  каким-либо 
органам и должностным лицам исполнительной и законодательной ветвей государственной власти и 
не подотчетны вышестоящим судебным инстанциям. 
«Судья  независим,  однако  его  независимость  четко  регламентирована  законом,  т.е. 
«ограничена», очерчена законодательными, нормативными правовыми актами, которыми судья строго 
подчинен». 
При  рассмотрении  судебных  дел  суд  не  связан  мнениями  участников  судебного 
разбирательства,  он  не  выступает  ни  на  стороне  обвинения,  ни  на  стороне  защиты.  Судья  при 
рассмотрении  дел  должен  быть  беспристрастным  и  принимать  решения  по  своему  внутреннему 
убеждению,  основанному  на  оценке  рассмотренных  доказательств,  и  руководствоваться  при  этом 
только Конституцией и законом. 
Независимость судьи защищается Конституцией и законами и обеспечивается:  
предусмотренной законом процедурой осуществления правосудия;  
запретом  под  угрозой  ответственности  какого  бы  то  ни  было  вмешательства  в  его 
деятельность по осуществлению правосудия; 
установлением ответственности за неуважение к суду; 
установленным порядком избрания, назначения, прекращения и приостановления полномочий 
судьи, его правом на отставку
предоставлением  судьям  за  счет  государства  материального  содержания  и  социального 
обеспечения, соответствующих их статусу. [3] 

 
71 
В  свете  изложенного,  а  также  в  соответствии  с  Концепцией  правовой  политики  Республики 
Казахстан  на  период  с  2010  до  2020  года,  утвержденной  Президентом  Республики  Казахстан  нам 
предстоит ещё непростой поэтапный процесс совершенствования судопроизводства на всех стадиях, 
укрепление статуса судей, обеспечение открытости и прозрачности судебной системы. Этот документ 
открывает широкий простор для реализации правозащитного потенциала казахстанских судов. 
Однако,  уже  сегодня,  как  признают  независимые  зарубежные  аналитики,  по  многим  аспектам 
Казахстан вышел на передовые позиции судебного реформирования на постсоветском пространстве. 
Таким  образом,  на  сегодня  создана  полноценная  судебная  система,  которая  во  многом  отвечает 
требованиям  правового  государства  и  способна  выполнять  возложенные  на  нее  задачи  по 
обеспечению исполнения Конституции и законов, защите прав, свобод и законных интересов граждан. 
 
Использованные источники 
1. Сулейменова Г. «Проблемы совершенствования судебной власти в Казахстане»  Астана,  2009  
2. Шайкенова С. «Суды и их роль в укреплении государственной независимости» Астана, 2001. 
3. Закон РК  «О судах и статусе судей Республики Казахстан» от 25 декабря 2000 года 
 
Түйіндеме 
Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде   тәуелсiз және тек Конституция  мен  заңға  ғана 
бағынады.  Судьялардың   мәртебесi  мен тәуелсiздiгiне нұқсан   келтiретiн заңдарды немесе  өзге  де 
нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.   
 
Summary  
The  mission  of    judicial  authority  consists  in  realization  of  protection  of  the    rights,  freedom    and 
legitimate  interests of citizens,  state  structures. 
 
 
ЖАУАП АЛУ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
А.А.Салихова,  
оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
 
 
Жауап  алудың  алдында  тергеушi  жауап  алынатын  адамның  жеке  басын  анықтауға  тиiс.  Егер 
жауап  алынатын  адамның  iс  бойынша  iс  жүргiзiлiп  отырған  тiлдi  бiлетiндiгiне  күмән  туса,  оның  қай 
тiлде жауап бергiсi келетiнi анықталады.[1] 
Жауап алу қылмыстық іс жүргізуде - аталмыш іс жағдайлары үшін маңызды болып табылатын ауызша 
мәліметтерді алу түрінде көрінетін тергеу және сот амалдары.  
Статистикалық  мәліметтер  көрсеткендей  бүгінгі  күні  қылмыстық  істер  бойынша 
дәлелдемелердің  80%  жуығы  куәлардың,  жәбірленушілердің  берген  жауаптарына  негізделе  отырып 
алынады. Сондықтан да жауап алу сияқты тергеу әрекеттерінің маңыздылығына мұқият назар аудару 
керек.  
Жауап алушы тұлға (тергеуші, анықтаушы, прокурор, сот) жауап алудағы өзінің ерекше орнын 
сезініп, жоғарғы деңгейдегі кәсіби және адамгершілік қасиеттерін таныта білуге тиіс. Жауап алу қазіргі 
күні дәлелдеме жинаудың ең көп тараған тәсілі болып табылады және оны жүргізу тергеушіден жалпы 
және  кәсіби  мәдениеттілікті,  адамдардың  психологиясын  терең  білуді,  жауап  алудың  тактикалық 
тәсілдерін жоғарғы деңгейде меңгеруін талап етеді.  
Жауап алу арқылы жасалынған қылмыстың мән-жайлары жөнінде қажетті деректі мәліметтер 
алынып, олар қылмысты ашуға пайдаланылады.  Әрбір істі жүргізу мақсатына қарай жауап алынатын 
адамнан жауап алудың сан алуан айла-тәсілдері бар, бірақ жауап алу қатаң түрде заңда көрсетілген 
тәртіп  бойынша  жүргізілуге  тиіс.  Жауап  алғанда  қылмыстық  іс  бойынша  мүмкіндігінше  неғұрлым 
барынша  көп,  әрі  маңызды  мәліметтерді  жинап,  осы  тергеу  әрекеттерінің  сапасын  арттыру  үшін 
барынша ыңғайлы тәсілдерді қолдана отырып жүргізу қажет.  
Жауап  алу  кезінде  тергеуші  жауап  алынушы  адаммен  белгілі  бір  психологиялық  қарым-
қатынасқа  түседі.  Жауап  алу  процесін  жүргізу  кезінде  бұл  қатынасты  екі  жақты  психологиялық 
қағидалар арқылы қарастыруға болады- психологиялық байланыс және психологиялық күрес.[2]  
Психологиялық  байланыс  адамдар  арасындағы  кез  келген  қарым-қатынастар  арқылы 
ақпараттар алудың негізгі шарты болып табылады. Психологиялық байланыс жауап алу кезінде жауап 
алынушымен  коммуникативтік  байланыс  орнатуға,  оның  тергеушіге  деген  эмоциялық  сенімділігін 
арттыруға  және  осы  іс  бойынша  көрсетулер  беруге  ықпал  етеді.  Тергеуші  мен  жауап  алынушының 
арасындағы  байланыс  деп  бұлардың  арасындағы  жауап  берушінің  тергеушіге  қажетті  ақпараттарды 
мәлімдеуге  итермелейтін  психологиялық  жағдайдың  орнауын  айтамыз.  Жауап  алынатын  адаммен 

 
72 
психологиялық байланыс орнату үшін тергеуші ол туралы мынандай мәліметтер жинауы қажет: оның 
психологиялық ақыл құрылымы, моральдық қасиеттері, қызығушылығы, байланыстары және т.б.[3]  
Жауап  алуды  тактикалық  тұрғыдан  қамтамасыз  ету  бастапқы  мәліметтер  жиналған  соң  ғана 
іске асырылады. Себебі тергеуші тактикалық айла тәсілдерді қолдану үшін өзі барлық мән-жайларды 
өте  жақсы  білуі  керек.  Жауап  алу  кезінде  орынды  сұрақ  қоя  білу  тиімді  жетістіктерге  қол  жеткізуге 
мүмкіндік  береді.  Бұл  сұрақтардың  қатарына  толықтырушы,нақтылаушы  еске  түсіруші,  бақылап 
тексеруші  және  әшкерелеуші  сұрақтарды  жатқызуға  болады.  Толықтырушы  және  нақтылаушы 
сұрақтар  әдетте  алынған  мәліметтерді  толықтыру,  нақтылау  үшін,  кемшіліктерді  болдырмау  үшін 
қойылады.  Еске  түсіруші  сұрақтар  жауап  берушінің  ойлау  қабілетін  арттырып,  оқиғаның  мән-жайын 
егжей-тегжейлі есіне түсіруге көмектеседі. Бақылап тексеруші сұрақтар алынған жауаптарды тексеру 
үшін қойылады. Әшкерелеуші сұрақтар жауап берушінің жалған жауаптар  беріп шындықты жасырып 
қалмақшы болған кезде кенеттен қойылады. Бұл сұрақтарды  қою  үшін тергеуші алдын-ала басқа  да 
жауапқа қатысы бар дәлелдемелерді жинап жүйелеп алса, ыңғайлырақ болады. Бірақ та, қойылатын 
сұрақтар жетекші болмауы керек, яғни сұрақтың өзінде сол сұрақтың жауабы болмауы тиіс. Әсіресе, 
бұны  жас  өспірімдерден  жауап  алған  кезде  ескерген  дұрыс,  өйткені  ол  тергеушінің  өзі  солай  айтып 
тұрса, онда ол оның шын айтуы тиіс деп тұжырымдап қостай салуы мүмкін.  
Жауап  алу  егжей-тегжейлі  мұқият  жүргізілуі  қажет,  ең  күтпеген  жағдайларға  дейін 
қарастырып, олардың әрқайсысына айла-амал ойластырып қойған жөн. Тәжірибеде жауап алу кезінде 
қылмыстық іс бойынша дәлелдемелік заттарды көрсету арқылы шынайы жауаптарға қол жеткізу жиі 
кездеседі.  Әрекеттесудің  екінші  жағына  –  психологиялық  күресті  жатқызуға  болады.  Психологиялық 
тұрғыдан  бұл  қарым-қатынас  олардың  көзқарастарында  қарама-қайшылықтардың  бар-жоғына 
байланысты орнығады. Егер жауап беріп отырған адам өз еркімен шындықты, істің мән жайын толық 
айтып  отырса,  мұндай  жағдай  пікір  қайшылығы  жоқ  жағдай  деп  саналды.  Ал,  егер  жауап  беріп 
отырған  адам  жалған  жауап  беріп,  істің  кейбір  мән-жайларын  жасырып,  айтқысы  келмей  жалтарса, 
мұндай  жағдай  келіспеушілік,  яғни  қайшылықты  жағдай  деп  саналады.  Жауап  алу  кезінде 
психологиялық  байланыс  міндетті  компонент  болып  табылады.  Ал  пікір  қайшылығы  жоқ  жағдайда 
процесске қатысушылар арасында психологиялық күрес болмайды. Бірақта іс бойынша толық мәлімет 
алу үшін осы екі жағдайда да белгілі бір тактикалық әрекеттер қолданылады. Бірінші жағдайда тергеу 
әрекеттері ұмытылып қалған оқиғаның кейбір мән-жайын жауап беріп отырған адамның есіне түсіруге 
бағытталса,  екінші  жағдайда  тактикалық  әдіс  жауап  беріп  отырған  адамның  өтірігін  шығарып 
әшкерелеп,  оны  шындықты  айтуға  мәжбүр  етуге  бағытталады.  Мұндай  жағдайда  айыпкердің  өтірігін 
әшкерелеу  үшін  қолданылатын  ең  бірінші  тәсіл-жауап  беруші  адамнан  неғұрлым  толық  жауап  алу, 
ұсақ оқиғалардың барлығын қамту болып табылады. Біріншіден, бұл мұнда ең елеусіз сәттерге дейін 
ескеріліп,  жауап  алынуы,  олар  тексерілген  кезде  дәлелденбесе  жауап  беруші  адамның  өтірігін 
шығаруға  көмектеседі.  Екіншіден,  жауап  беруші  жалпы  оқиға  бойынша  беретін  жауабын  алдын  ала 
дайындап  келгенімен  сұрақтың  бұлай  қойылатынын  білмегендіктен,  ол  жауап  бергенде  шатасып  өз 
өтірігін өзі шығарып алады. Жауапкер адамның өтірік айтып отырғанын әшкерелеу үшін істе осы факті 
бойынша жиналған басқа дәлелдемелерді, заттай дәлелдемелерді барынша толық пайдалану керек.  
Мысалы  Б.Г.  Розовский  [4]  жауап  алынып  отырған  айыпталушының  бірі  шындыққа  сәйкес 
келмейтін  мәліметтер  бере  отырып,  бірақ  та  ол  тек  қана  шындықты  айтып  отырмын  деп  сендіріп 
отырса  онда  оған  өзінің  сыбайласының  көзінше  осы  сөзді  айтуды  ұсыну  керек  дейді.  Осы  жауап 
алынып отырған адамның келісімімен жауап алу кезінде оның серігін кабинетке кіргізіп оған «Мен осы 
іс  бойынша  барлық  шындықты  айтым»  деп  айтқызып  осыдан  кейін  серігін  дереу  алып  шығып  кету 
керек  дейді.  Міне бұл жерде  қарап отырсақ тергеуші жауап алынып отырған адамды алдап отырған 
жоқ,  оған  өзінің  айтқан  сөзін  қайталату  арқылы  оның  серігіне  психологиялық  әдістерді  қолдана 
отырып шатастыру арқылы шындыққа сәйкес жауап алуға тырысады.  
Ал  керісінше  кейбір  ғалымдар  мысалы  И.Ф.Пантелеев,  М.С.  Строгонович  жауап  алудың 
психологиялық  әдістерін  қолдану  тергеушілер  үшін  заңға  қайшы  және  тыйым  салынатын  әрекет  деп 
көрсетеді.[5] Дегенмен жауап алудың психологиялық әдістері қаншалықты тиімді болғанымен ол заңда 
көрсетілген тәртіпке қайшы келмеуі керек.  
Тергеу процесінде құқық бұзушылармен және басқа адамдармен кездесе отырып, тергеуші заң 
талаптарын түсіндіру жолымен, өзінің қарым-қатынасымен, түйсігімен, мәдениетімен, табандылығымен 
және алға қойған мақсатымен тергеліп отырған адамға шындықты айтуына ықпал жасауы тиіс.  
Сонымен  қатар,  қылмыстық  істер  бойынша  алдын  ала  тергеу  жүргізудің  сапасын  арттыру  үшін 
тергеушілерді мамандандыру қажет деп білемін. 
 
Резюме 
В  статье  автор  дает  понятие  допроса  –  как  самый  распространенный  способ  получения 
доказательств  по  делу  и  в  то  же  время  одно  из  самых  сложных  следственных  действий:  его 

 
73 
проведение требует от следователя высокой общей, психологической и профессиональной культуры, 
глубокого знания людей, их психологии, мастерского владения тактическими приемами допроса.  
 
Summary 
The author gives a notion of questioning - as the most common method of obtaining evidence in the 
case and at the same time one of the most complex investigations: it requires the investigator conducting a 
high overall, psychological and professional culture, deep knowledge of people, their psychology, mastery  of 
the tactical methods of interrogation 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі:  
1.
 
Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi. 1997.13.12. (2011.18.01. берілген 
өзгерістер мен толықтырулармен) 
2.
 
Ратинов А.Р. Судебная психология для следователей. – М. 1987.  
3.
 
Соловьев А.Б., Центров Е.Е. Допрос на предварительном следствии. – М. 1986.С.9.  
4.
 
Розовский Б.Г. Допрос обвиняемого. – Ровно 1979.с.10.  
5.
 
Карнеева Л.М. Судебная этика и тактика допроса.- Советская милиция, 1976, № 4.  
 
 
СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫНАН ТУЫНДАЙТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР 
 
Г.Қ.Өтеген, 
оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
 
 
Бүгінгі таңда меншікке ие болудың бірнеше нысаны белгілі (сату, сатып алу, рента, сатып алу 
құқығымен жалға алу).  
Сыйға  тарту  шарты  Рим  құқығы  кезінен  бастау  алған,  сол  кезеңдегі  бір  қатар  проблемалар 
қазіргі  кезде  де  бар.  Қаралатын  мәселе  сыйға  тарту  шартының  анықтамасын  ашу  және  сыйға  тарту 
шартының  құқықтық  табиғатына  байланысты  негізгі  проблемаларын  қарастыру.  Сыйға  тарту  шарты 
азаматтық құқықтың институты болып табылады. Тар мағынада заттың, мүліктің бір субъектіден екінші 
субъектіге  өтуі.  Сыйға  тарту  шартының  негізгі  ережелері  ҚР  Азаматтық  кодексінің  506  -  516 
баптарында  қарастырылған.  Бұл  институттың  азаматтық  құқықтағы  орны  мен  жүйесі  туралы 
Д.И.Мейер  көзқарасы  бойынша:  «Сыйға  тарту  актысы  бойынша  мүліктің  бір  субъектіден  екінші 
субъектіге беруі мәміленің жүзеге асқандығын білдіреді» деген [ 1 ]. 
ҚР  Азаматтық  кодексінің  506  -  бабына  сәйкес,  сыйға  тарту  шарты  бойынша  бір  тарап  (сыйға 
тартушы)  басқа  тараптың  (сыйды  алушының)  меншігіне  затты  немесе  өзіне  немесе  үшінші  адамға 
мүліктік  құқықты  (талапты)  тегін  береді  немесе  міндеттенеді  не  оны  өзінің  немесе  үшінші  тұлғаның 
алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді [2] 
Азаматтық  құқықтағы  шарттардың  жүйесінде  сыйға  тарту  шартының  арнайы  шарттық 
міндеттемелер типі айқындалған. Біріншіден, негізгі ерекшелігі қайтарымсыздығы. Сыйға тарту шарты 
қайтарымсыз  шарттар  қатарына  жатады.  Яғни,  бір  жақ  екінші  жаққа  қайтарымсыз  нысанда  екінші 
жақтан ақы талап етусіз тегін затты, мүлікті сыйға тартуы. Екіншіден, сыйға тарту шартының келесідей 
қасиеті  сыйды  алушының  мүлкін  ұлғайту.  Үшіншіден,  сыйға  тарту  кезінде  сыйды  алушының  мүлкін 
ұлғайту  сыйға  тартушының  есебінен  жүзеге  асады.  Төртіншіден,  сыйға  тарту  әрекеті  сыйға 
тартушының  өз  есебінен  жүзеге  асады.  Олай  болмаған  жағдайда  шарт  қайтарымды  саналады. 
Бесіншіден,  сыйға  тарту  шартының  қасиеттерінің бірі  сыйды  алушының  келісімімен  жүзеге  асуы.  Бұл 
айтылған қасиет барлық сыйға тарту қатынастарында кездеспейтін жағдайлар да бар. Яғни, егер шарт 
реалды  шарт  моделінде  жасалған  болса.  Бұл  жағдайда  сыйға  тартылатын  зат  немесе  мүлік  бір 
субъектіден екінші субъектіге  фактылы түрде  берілген кезден бастап күшіне енген болып табылады. 
Сыйға  тарту  шартының  пәніне  келер  болсақ,  бұл  жерде  авторлар  түрлі  көзқарас  айтуда.  Мысалы, 
М.Г.Масевичтың көзқарасы бойынша: «Сыйға тарту шартының пәні болып: сыйға алу заттары, ақша, 
құнды қағаздар,  өзге же  мүліктік құқықтар». М.Г.Масевич сыйға тарту шартының пәнін кең ауқымда 
көрсетеді.  Бір  қатар  авторлар  сыйға  тарту  шартының  кең  ауқымда  көрсетуді  қолдамайды.  Мысалы, 
И.В.Елисеев қарама қайшы пікір ұстануда. И.В.Елисеев: «Әр түрлі объектілердің бір тектес сыйға тарту 
шартының  пәні  болуына  қарсы  пікірде,  яғни,  мүлік  (заттар  және  мүліктік  құқық)  және  әрекеттер 
(міндеттемелерден  босату)  [3].  Яғни,  бұл  автордың  пайымдауынша  сыйға  тарту  шартының  пәні 
объектісі белгілі бір шектелуі керек деп қарастырады. 
ҚР  Азаматтық  кодексінің  509-бабына  сәйкес  сыйға  тартуға  тыйым  салынатын  жағдайлар 
көзделген:  Егер  сый  құны  заң  актілерінде  белгіленген  он  айлық  есептік  көрсеткіш  мөлшерінен 
аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда: 
- Жас балалар мен іс - әрекерке қабілетсіз деп танылған азаматтардың атынан олардың заңды 
өкілдерінің; 

 
74 
-  Емдеу,тәрбиелеу  мекемелерінің,  әлеуметтік  қорғау  мекемелерінің  және  сол  секілді 
мекемелердің  қызметкерлеріне  олардың  емдеуіндегі,  асырауындағы  не  тәрбиесіндегі  азаматтардың 
және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарының; 
-  Мемлекеттік  қызметшілерге  олардың  лауазымдық  жағдайына  байланысты  немесе  олардың 
қызметтік міндеттемелерін атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейді. 
Сыйға тарту шарты негізі уәде беру және қайырмалдық нысанда болады. Сыйға тарту шарты 
бойынша  сыйға  тарту  уәде  берілген  сый  алушының  құқықтары,  егер  сыйға  тарту  шартында  өзгеше 
көзделмесе, оның мұрагерлеріне (құқық мирасқорлығына) ауыспайды. Сыйға тарту уәде берген сыйға 
тартушының міндеттері, егер сыйға тарту шартында өзгеше көзделмесе, оның мұрагерлеріне ауысады 
[4]. 
ҚР  Азаматтық  кодексінің  516-бабына  сәйкес  жалпы  пайдалану  мақсатында  затты  немесе 
құқықты  сыйға  беру  қайырмалдық  деп  танылады.  Қайырмалдық  азаматтарға,  емдеу,  тәрбие  беру 
мекемелеріне,  әлеуметтік  қорғау  мекемелеріне  т.б.  мекемелерге  қайырмалдық,  ғылыми,  діни 
бірлестіктерге,  қоғамдық  бірлестіктерге,  сондай  -  ақ  мемлекетке,  азаматтық  құқықтың  өзге  де 
субъектілеріне жасалуы мүмкін. Егер қайырмалдық мақсатында жасалған сый қайырмалдық берушінің 
көрсеткен  мақсатымен  пайдаланылмаған  жағдайда  немесе  сыйға  тарту  шартының  ережелерін  бұза 
отырып  мақсатын  өзгертуі  қайырмалдық  берушіге  немесе  оның  мұрагерлеріне  және  құқық 
мирасқорларына қайырмалдық күшін жоюды талап етуге құқық береді. 
Сыйға  тарту  шарты  ҚР  Азаматтық  кодексінің  506  —  бабына  сәйкес,  сыйға  тарту  шарты 
бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне 
немесе  үшінші  адамға  мүліктік  құқықты  (талапты)  тегін  береді  немесе  міндеттенеді  не  оны  өзінің 
немесе  үшінші  тұлғаның  алдындағы  мүліктік  міндеттен  босатады  немесе  босатуға  міндеттенеді.  Егер 
сый  алушы  сыйға  тартушының,  оның  отбасы  мүшелерінің  немесе  жақын  туыстарының  біреуіне 
қастандық  жасаса  не  сый  берушіге  қасақана  дене  жарақатын  салса,  сыйға  тартушы  сыйға  тартудың 
күшін жоюға құқылы. Сый алушы сыйға тартушыны қасақана өлтірген жағдайда сотта сыйға тартудың 
күшін  жоюды  талап  етуге  сыйға  тартушының  мұрагерлерінің  құқығы  бар.  Осы  пунктен  негізгі 
қорытынды, сыйға тартудың күшін жою үшін алдын ала соттың сыйды алушының әрекетін заңсыз деп 
танудың  қажетінсіз  сыйға  тартудың  күшін  жою  кінәсіздік  призумциясына  қайшы  келеді.  Сыйға  тарту 
пәнін қарастыру кезінде ескере кететін жағдайлар өзге де азаматтық құқық шарттары іспеттес мүлікті 
беру,  мүлікті  сыйға  беру  барысында  жүзеге  асады,  пәні  күрделі  болып  келеді  ол  сыйға  тартушының 
әрекеттерінен  тұрады  сыйды  беру,  міндеттемелерден  босату,  материалдық  объект  болып  саналатын 
мүліктен босату (заттар, құқық, міндеттемелер).  
Қорытындылай  келе,  сыйға  тарту  шарты,  оның  түрлері,  ерекшеліктері      рим  құқығы  кезінен 
бүгінгі таңда қарастырылып жүрген азаматтық құқықтың ерекше институты болып табылады. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет