№3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


-кесте. Қағаз және электронды құжаттардың салыстырмалы сипаттамасы



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет15/20
Дата22.12.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

 
1-кесте. Қағаз және электронды құжаттардың салыстырмалы сипаттамасы 
Салыстыру өлшемдері 
Қағаз құжат 
Электронды құжат 
1. Құжатты тасымалдау 
уақыты 
Қолданылатын жеткізу әдісіне 
тәуелді: пошта, телекс, 
ұшақпен жеткізу және т.б. 
Байланыстың электронды канал 
бойынша жеткізу уақыты минутпен, 
секундпен өлшенеді 
2. Анықтамалық -
ақпараттық жұмыс 
(ақпараттық қорда 
құжаттың атрибуты және 
мазмұны бойынша 
мәлімет іздеу) 
Еңбекті қажет ететін күрделі 
жұмыс, ұйымдағы құжаттар мен 
ақпараттарды жіктеудің тиімді 
жүйесіне тәуелді 
Аз уақыт алады, ал сілтемені 
пайдалану бір құжатты ғана емес, 
онымен тақырыптық немесе 
формальды белгілері бойынша 
байланысты құжаттарды табуға 
мүмкіндік береді 
3. Құжаттарды ресімдеуге 
қойылатын талаптар 
Бірыңғай формамен және 
стандартпен анықталған 
Талаптар стандартталмаған, әзірге 
ЭЦҚ қолданудың кейбір мәселелері 
ғана реттеледі. Бірақ 
деректемелерді ресімдеуге талап 
қатты болуы тиіс, себебі ақпарат 
алмасу және байланыс каналы 
бойынша ақпарат жеткізу үшін 
әртүрлі жүйелер арасында 
бағдарламалық-техникалық 
құралдардың сәйкес келуін 
қамтамасыз ету керек, әйтпесе 
ақпаратты жеткізу жүзеге аспайды 
немесе ол қабылдау үшін 
қолжетімсіз болады 
4. Құжатқа заңды күш 
беру 
Заңды күш берудің барлық 
сұрақтары шешілген 
Қазақстан Республикасының 2003 
жылғы 7 қаңтардағы «Электрондық 
құжат және электрондық цифрлық 
қолтаңба туралы» №370-II Заңы 
тiркеу куәлiгi бар ашық кiлттiң 
көмегiмен электрондық цифрлық 
қолтаңбаның түпнұсқалығы 
куәландырылу, электрондық 
құжатқа қол қойған тұлға 
электрондық цифрлық қолтаңбаның 

 
91 
жабық кiлтiне заңды түрде иелiк 
ету, электрондық цифрлық 
қолтаңбаны тiркеу куәлiгiнде 
аталған мәлiметтерге сәйкес 
пайдалану, электрондық цифрлық 
қолтаңбаның (ЭЦҚ) жабық (құпия) 
кiлттерiн жасау жөнiндегi 
жұмыстарды әзiрлеу, тiркеу, беру, 
сақтау, жою тәртiбi) және ЭЦҚ-ның 
сәйкестiк сертификатын басып 
шығаруды айқындайды.  
Электрондық цифрлық қолтаңба 
қол қоюшы тұлғаның өзi қойған 
қолымен тең. 
5. Ақпаратты 
қабылдаудың 
ыңғайлылығы 
Ақпарат қабылдау үшін тиімді 
Америкалық зерттеушілердің 
мәліметтері бойынша, компьютер 
экранындағы мәтін қағаз парақтан 
оқығанға қарағанда, 25

 баяу 
қабылданады



 
6. Бірнеше құжатпен бір 
мезгілде жұмыс жасау 
мүмкіндігі 
Мүмкін және құжатқа жан-
жақты назар салуға мүмкіндік 
береді 
Файлдармен «көптерезелі» жұмыс 
жасауға мүмкіндік бар, бірақ 
мониторда әр сәтте ақпараттың бір 
бөлігі көрінеді 
7. Құжаттармен танысу 
барысында керек 
фрагментті бөліп көрсету 
мүмкіндігі 
Қағазда бояумен, қарындашпен, 
пастамен жасалған іздер 
қалады 
Керек фрагментті ерекшелеп алып 
(мысалы, түсті шрифтпен), содан 
кейін бұл ерекшелеуді алып 
тастауға болады. 
8. Құжаттың көшірмесін 
жасау мүмкіндігі 
Еңбек көп жұмсалатын процесс 
қолданылатын техникалық 
құралдарға тәуелді: 
репрография және баспа 
құралдары, микрофильм жасау, 
сканерден өткізу 
Көшірме жасауға кеткен уақыт 
шығыны мен еңбексыйымдылығы 
азаяды: файлдың көшірмелерін 
жасау, ақпаратты микрофото 
жеткізгіштерге шығару, құжатты 
басып шығару. Құжат файлы 
электронды хабарлама түрінде 
электронды пошта арқылы жіберілуі 
немесе басқа қызметкерлер қарап, 
танысу үшін ақпараттық жүйеге 
орналастырылуы мүмкін 
9. Құжаттармен жұмыс 
жасауда шаршау 
(ақпарат мазмұнының 
сипатына қарамастан) 
Бірнеше сағат үзіліссіз жұмыс 
жасау мүмкін 
Көзге көп күш түсуіне байланысты 
компьютермен жұмыс жасау 
барысында шаршайды 
10. Ақпаратты қабылдау 
үшін арнайы 
жабдықталған жұмыс 
орны 
Арнайы шарттар талап 
етілмейді, тек қана жарықтың 
жақсы түсуі 
Компьютер, адресатқа құжаттарды 
жеткізу қажет жағдайда – 
телекоммуникациялық каналдар 
11. Ақпараттық 
қауіпсіздік және 
ақпаратты қорғау 
Ақпаратты қорғау құжаттың 
физикалық қолжетімсіздігімен
 
(сейфте сақтау), құжатты беру 
фактісін арнайы тіркеу 
нысандарында көрсетумен және 
басқа да ұйымдастырушылық 
шаралармен қамтамасыз етіледі 
Пайдаланушылардың компьютерлер 
мен деректер базасына қол жетуін 
регламенттеу құралдары, 
криптоқорғау әдістері, 
пайдаланушылардың іс-әрекетін 
хаттамалау пайдаланылады. 
Сондай-ақ ақпараттарды 
компьютерлік вирустар мен 
хакерлерден техникалық қорғауды 
қамтамасыз ету керек 

3


12. Мәліметтерді сақтау 
және оның адам 
қабылдауы үшін 
Қағаз сапасына, мәліметті 
қағазға түсіру құралының 
сапасына (бояу, паста, 
Бағдарламалық құралдар мен 
жазба тасымалдағыштардың өмірлік 
циклы талап етілетін сақтау 

 
92 
қолжетімділігі 
матрицалық, құйылмалы немесе 
лазерлік принтерлерде 
қолданылатын құралдарға) 
байланысты 

4

. Ақпаратты 
қабылдау барысында оны 
өзгерту үшін арнайы 
құрылғылар талап етілмейді. 
мерзіміне қарағанда аз болуы 
мүмкін. Ақпаратты басқа 
тасымалдағышқа қайта жазу 
құралын және оның түпнұсқаға 
сәйкестігін қамтамасыз ету керек 
(әйтпесе құжат заңды күшін 
жоғалтады). Құжаттарды қағазда 
басып шығару және жасалған 
көшірмелерді куәландыру 
мүмкіндігі. Басқа мәселе – ЭЦҚ 
сақтауды қамтамасыз ету және 
қолтаңба сертификатының 
қолданылу мерзiмi. Мәліметтер 
базасын сақтауды және 
компьютерлік жүйенің 
тұрақтылығын арттыруды 
қамтамасыз ету үшін ақпаратты 
резервті көшірмелеу орындалады. 
13. Құжатты қолдану 
саласы 
Барлық жерде 
қолданылады 
Сәйкес компьютерлік техникасы бар 
коммуникация қатысушылары 
(мекемелер мен жеке тұлғалар) 
қолданады. Электронды 
құжаттарды қолдану саласы 
техникалық жабдықтауды дамыту, 
тәжірибе жинау және нормативтік 
база құру бойынша кеңейеді 

5


 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
 
1. Гайдукова, Л.М. Проблемы традиционных технологий документационного обеспечения / Л.М. 
Гайдукова// – Секретарское дело. – 2006. – №10 – С. 17–22.    
 
2. Джулер, А. Креативные стратегии в рекламе / А. Джулер, Б. Дрюниани – СПб: «Питер», 2002. 
–  289 с. 
 
3. Домарев, В.В. Защита информации и безопасность компьютерных систем/ В.В. Домарев. – К.: 
«Диа-Софт», 1999. – 38 с. 
 
4. Привалов, В.Ф. Вопросы сохранности принтерных текстов// Документация в информационном 
обществе:  электронный  документооборот  и  электронный  архив.  /  В.Ф.  Привалов//  Доклады  и 
сообщения на шестой Международной научно-практической конференции 24-25 ноября 1999г. – М., –  
2000. – С.120–124. 
 
5.  Бобылева,  М.П.  Эффективный  документооборот:  от  традиционного  к  электронному  /  М.П. 
Бобылева. – М.: Издательство МЭИ, 2004—49 с.    
 
Резюме 
Для  разрешения  проблем  в  области  делопроизводства    является  автоматизация 
делопроизводства  и  документооборота  компании  путем  внедрения  полноценной  информационной 
системы документационного обеспечение управления. 
 
Summary 
To resolve the problems in the field of office automation is the matter of production and workflow of 
the company by implementing a full-fledged information system documentation management software. 
 
 
ҚАЗАҚСТАНДА ТЕСТІЛЕУ ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ 
 
А.Е.Жұмағалиева, 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
 
 
Әрбір әлеуметтік тұлғаның лайықты және сапалы білім алуға құқығын іске асыру үшін одан әрі 
жағдайлар  жасауға  талпыну  республикадағы  білім  беру  жүйесін  дамытуға  көмектесті.  Білім  беру 
жүйесінің  дамуы  мен  қамтылуын  қамтамасыз  ететін  бірқатар  ведомстволық  нормативтік  құқықтық 
және  нұсқаулық-әдістемелік  құжаттар  әзірленді.  «Білім  беру  туралы»  Заңда  білім  беру  қызметін 
лицензиялауға қойылатын талаптарды арттыру көзделді. Мектеп оқушыларын мемлекеттік қорытынды 

 
93 
аттестациялауды колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарымен бірлестірген ұлттық 
бірыңғай тестілеу (ҰБТ),  нәтижелері  білім берудің, мұғалімдерді  даярлаудың, біліктілігін арттыру мен 
қайта  даярлаудың  сапасын  жетілдіру  бағыттарын  мониторингілеу,  анықтау  және  тереңдету  негізі 
болатын,  жалпы  орта  және  жоғары  кәсіптік  білім  беретін  ұйымдарда  мемлекеттік  аралық  бақылау 
(МАБ), оқушыларды аралық аттестациялау нормалары енгізілді.  
ҰБТ  ойдағыдай  өткізу  үшін  ҰТО  Қазақстан  аймақтарында  тестілеуді  өткізетін  пункттер  ашты. 
ҰБТӨП қызметінің негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі білім 
сапасын  техникалық-ұйымдастырушылықпен  қамтамасыз  ету  және  Қазақстан  Республикасы 
студенттер контингентін қалыптастырудың жаңа үлгісін енгізу.  
 Қазіргі уақытта 154 филиал (тестілеуді өткізу пункттері): соның ішінде 105 мектеп базасында, 
49 жоғары оқу орындарында қызмет көрсетеді.  
Білім  беру  саласындағы  Америка  тестілеу  қызметімен  әзірленіп  өткізілетін  ағылшын  тіліндегі 
халықаралық емтихан ( Educational Testing Services – ETS.) 
TOEFL сертификаты АҚШ пен Канаданың 2400-ден астам университеттері мен колледждеріне  
түсу үшін тиімді. TOEFL сонымен қатар, жоғарғы оқу орындары мен бизнес құрылымдарында, басқа да 
ағылшын тілдес елдердің ғылыми орталықтары мен әлемнің 150-ге жуық елдерінде танылған. 
Сонымен  қатар,  TOEFL  үкіметтік  құрылымдарда,  білім  алу  гранттарымен  қамтамасыз  ететін 
халықаралық мекемелер мен әлемдегі түрлі сертификаттық  және лицензиялық мекемелерде тіл білу 
деңгейін бағалау үшін қолданылады.  
TOEFL қорытындысы 2 жылға дейін жарамды. 
 
TOEFL  түрлері : 
«Қағаз үлгісіндегі TOEFL» немесе «Қалыпты TOEFL» 
Paper-Based-Toefl 
Емтихан үш кезеңнен тұрады : тыңдау (тыңдау арқылы түсіну), грамматикалық тестілеу және оқылған 
мәтінді түсінуді тексеру. Дұрыс жауаптар қағаз бетінде қарындашпен белгіленеді. 
Емтиханның ең  жоғарғы баллы 677-ке дейін баруы мүмкін. 
TOEFL  –  тренинг   бағдарламаларын  өткізу  мен  мекемелер  үшін  қызметкерлер  таңдаудың,  ағылшын 
тілін білу деңгейін бағалаудың ең оңай және тиімді жолы. 
  
«Компьютерлік  TOEFL» немесе «Қалыпты емес TOEFL» 
Computer-Based-Toefl 
TOEFL емтиханының өту ұзақтылығы – үш сағат. Ол төмендегідей 4 кезеңнен тұрады : 
Сөз түсіну, грамматика, оқу,жазу (эссе). Ең жоғарғы балл – 300, эссе үшін берілетін ең жоғарғы балл – 
6. 
TOEFL қалай бағаланады  ? 
TOEFL бағалары 3 топқа бөлінеді : 
Listening – 0- ден 30 баллға- дейін 
Structure/Writing – 0-ден 30 баллға дейін 
Reading – 0-ден 30 баллға дейін. 
Жалпы  балл  (0-ден   300  –  ге  дейін)  сұрақтардың  қиындығына  байланысты  арнайы  формула  арқылы 
есептеледі. Алдыңғы қатарлы Америка университетіне түсу үшін, кем дегенде 250 балл жинау қажет 
(ескі көрсеткіш бойынша PBT - 600 ) 
Қазіргі уақытта TOEFL-ң  жаңа түрі  IBT  шыққандығына байланысты  CBT түрі еш жерде жүргізілмейді 
және  бұдан  алынған  қорытынды  сертификаттар  тек  2009  жылдың  соңына  дейін  жарамды   болып 
табылады. 
TOEFL- IBT –Internet Based Test,  тестілеудің  интернет  үлгісі : 
  
Тестілеудің  ең  соңғы  үлгісі.  Қазіргі  кезде  тестілеу   жүйесінің  осы  әдістеме  түрі  тек  АҚШ, 
Канада, Батыс Европа елдерінде және кейбір дамыған мемлекеттерде (Қазақстанды қоса) өткізіледі. 
Тестілеудің құрылымы 4 секциядан тұрады : Listening, Writing, Reading, Speaking. Әр секция  0 
баллдан  30  –  баллға  дейінгі  аралықта   бағаланады.  Ең  жоғары   балл  –  120.  Мұнымен  қоса,  емтихан 
тапсырушы  тіл  білу  деңгейінің  көрсеткіштері  мен  тіл  білімін  жетілдіру  ұсыныстарының  ашық  түрдегі 
сипаттамасын алады. 
   
 ҰБТ  -  өзінің  тиімділігін  дәлелдеген  жүйе.  Қазіргі  кезең  -  прогрестік,  жаңарған  технология 
кезеңі.  Ал  жаңарған  технологияны  математикасыз  игеру  мүмкін  емес.  Сондықтан  гуманитарлық 
мамандықтардан  математиканы  алып  тастауға  болмас.  Дегенмен  ҰБТ-да  таңдаған  мамандығына 
байланысты,  гуманитарлық  пәндерден  үздік  баға  алып,  математикадан  қанағаттанарлықсыз  баға 
алған  жағдайда,  талапкерге  қосымша  мүмкіндік  беріп,  ауызба-ауыз  әңгіме  өткізіп,  бала  өзінің 
білімділігін  дәлелдеп  жатса,  ондай  дарынды  балаларды  ЖОО-ларға  қабылдаудың  жаңа  тетігін 
ойластыру  керек  сияқты.  Өйткені  жүзбе-жүз  сөйлесіп,  баланың  алғырлығын  анықтауға  болады. 

 
94 
Мысалы, гуманитарлық мамандықтарға математика пәнінен жеңілдетілген сұрақтар таңдалып алынса 
дұрыс  болар  ма  еді?!  Екінші  бір  айтайын  дегенім,  ҰБТ-да  математика  пәнінің  бір  сұрағына  бір  балл 
емес,  күрделілігіне  қарай,  үш  балға  дейін  беру  керек.  Сонда  математикадан  мықты  бала  өзінің 
білімділігін  дәлелдеп,  көп  балл  жинау  мүмкіндігіне  ие  болады.  Қазіргі  уақытта  бізде  ҰБТ-ның  жабық 
тәсілі  қолданыста.  Мұның  бір  кемшін  тұсы  -  талапкер  «тисе  терекке,  тимесе  бұтаққа»  дей  отырып, 
кездейсоқ  дұрыс  жауапты  белгілеуі  мүмкін.  Сондықтан  біз  ашық  тәсілді  қолданысқа  енгізуіміз  керек 
шығар.  Бұл  тәсілде  дұрыс  жауаптың  бірін  таңдау  деген  жоқ.  Мұнда  есепті  шығарып,  жауабын 
табуыңыз керек. Осы жолғы ҰБТ-ның форматына өзгеріс енгізілгенде осы жайлар ескерілетін болар.  
Білім  және  ғылым  министрлігінде  Ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  форматын  өзгерту  мәселесі 
қаралуда. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Серік Ырсалиев арнайы мәлімдеме 
де жасады. Оның айтуынша, ҰБТ оқушының орта білімі жөніндегі аттестация және жоғары оқу орнына 
түсер алдындағы тәуелсіз тестілеу бөліктерінен тұруы тиіс. «ҰБТ балалардың білім деңгейін анықтау, 
мұғалімдердің,  мектеп  директорларының,  жергілікті  басшылардың  жұмысына  баға  беру,  жоғары  оқу 
орнына  түсуіне  мүмкіндік  алу  сияқты  бірнеше  әлеуметтік  қызметтердің  барлығын  қамтамасыз  ете 
алмайды. Сондықтан түрлі кемшіліктер табылып жатыр. Министрлік соған орай ҰБТ-ның қызметін екіге 
бөлу мәселесін қарастыруда», - деді С.Ырсалиев. Министрлікте арнайы құралған комиссия осы бағытта 
тиісті  шаралар  жасайтын болса,  оқушылардың  білім  сапасын  арттыруға  қол  жеткізіледі  деп  күтілуде. 
Шынында  да,  нақты  пәндерден  үздік  оқитын  оқушылардың  гуманитарлық  пәндерге  келгенде  ақсап, 
кейде  керісінше,  шығармашылыққа  бейім  балалардың  нақты  пәндерден  үлгерімі  төмен  болып 
жататыны  рас.  Осы  орайда,  талапкердің  таңдаған  мамандығына  тікелей  қатысты  пәннен  үздік  баға 
алып,  өзге  пәндерден  төмен  балл  жинап,  ЖОО-ға  түсе  алмауы  немесе  түскен  күнде  мемлекеттік 
грантты  иелене  алмауы  -  ойландыратын  мәселе.  ҰБТ-ның  форматына  өзгеріс  енгізгенде,  министрлік 
мамандары осы жайды да ескерсе екен. Өйткені есеп шығартпай математикаға бейім екеніне немесе 
шығарма  жаздырмай  филологияға  бейім  екеніне  көз  жеткізу  мүмкін  емес.  Тағы  бір  айта  кетерлік 
мәселе, мемлекеттік тілден емтихан тапсыру - міндет, ал қазақ мектептерін бітірген оқушыларға орыс 
тілінен тест тапсыруды міндеттеу қаншалықты қажет екендігіне көзіміз жетеді. 
 
ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу және дамыту жөніндегі тұжырымдама 
   
Ұлттық  тестілеу  орталығының  қызметінің  бірі  Қазақстан  Республикасындағы  азаматтардың 
қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  бағалау  болып  табылады.  Бағалау  Ұлттық  тестілеу  орталығының 
Мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасының  ҚАЗТЕСТ  жүйесі  арқылы  жүзеге  асырылады.  Тестілеудің 
мақсаты үміткерлердің қабылеттілігіне әділ баға беру  болып табылады. Тестілеудің қашықтық жүйесі 
Агенттіктің орталық серверіне қосылған компьютерлерде  өтеді, бұл тестілеу рәсімдері  талаптарының 
бір ізділігіне және барынша шынайылығына кепілдік береді, конкурстық іріктеудің сапасын бақылауға 
жағдай туғызады 
      ҚАЗТЕСТ  жүйесі  –  бұл  Қазақстан  Республикасының  азаматтары  мен  республика  аумағында  түрлі 
қызметін  жүзеге  асырып  жүрген  шетел  азаматтарының  қазақ  тілін  меңгеру  деңгейін  бағалаудың 
отандық жүйесі.  
      ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2005 жылғы 3 қазандағы №24-
5/007-321 хаттамалық тапсырмасына сәйкес құрылған.  
Жүйе халықаралық тілдік білімді бағалаудың TOEFL, IELTS, DALF/DELF, DSH, CELI, TÖMER, ТРКИ және 
т.б жүйелерінің қағидаттарына негізделген.  
 
Нормативтік қамтамасыздығы 
1.  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2008  жылғы  11  қыркүйектегі  №  835  қаулысымен 
“ҚАЗТЕСТ жүйесін енгізу мен дамыту тұжырымдамасы” әзірленіп бекітілген.  
2.  Қазақстан  Республикасы  Индустрия  және  сауда  министрлігі  Техникалық  реттеу  және 
метрология комитетінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 647-од бұйрығымен қазақ тілін меңгерудің 
коммуникативтік құзыреттіліктерін анықтайтын Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары 
бекітілді.  
3.  Қазақ  тілін  меңгерудің  деңгейлері  бойынша  тест  тапсырмаларын  әзірлеуге  қойылатын 
талаптарды анықтайтын Тест тапсырмаларының спецификациясы бекітіліді.  
Қазақ  тілін  меңгеру  деңгейлері  ҚАЗТЕСТ  жүйесінде  тіл  білімін  бағалаудың  деңгейлік  жүйесі  негізге 
алынған. Барлығы алты деңгей, олар: қарапайым, базалық, орта, ортадан жоғары, жоғары және жетік 
деңгейлер.  
Жүйені енгізу 
2008 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 
«Болашақ» халықаралық стипендиясының үміткерлері үшін қазақ тілінен тестілеу енгізілген.  
Қазіргі  уақытта  тестілеу  сөйлеу  әрекетінің  өнімсіз  түрлері  бойынша  өткізіледі:  тыңдалым, 
лексика-грамматика  және  оқылым.  Жазылым  және  айтылым  сияқты  өнімді  сөйлеу  әрекеттерінің 

 
95 
түрлері бойынша бағалауды енгізу болашақтағы уақытқа жоспарланған. Тестілеудің жалпы орындалу 
уақыты  150  минут  (2,5  сағат).  «Тыңдалым»  бөлігі  бойынша  –  25  минут,  «Лексика-грамматикалық 
бөлік» бойынша – 50 минут, «Оқылым» бөлігі бойынша – 65 минут.  
 

 
96 
Нәтижелерді бағалау 
Білімді  бағалаудың  әлемдік  тәжірибесіндегідей  ҚАЗТЕСТ  жүйесі  бойынша  да  тест 
тапсырмаларының  жалпы  санының  60%-ның  дұрыстығы  жеткілікті  болып  саналады.  150  тест 
тапсырмасынан 90 балл көрсеткіші тесттен өтуге жеткілікті болып саналады.  
 
Жүйені жетілдіру мәселелері 
1) ҚАЗТЕСТ жүйесін халықаралық сертификаттау;  
2) сапалы тест тапсырмаларының қорын кеңейту;  
3) компьютерлік тестілеу үшін бағдарламалық қамтамасыздандыруды жасау;  
4) тестілеудің дистанциондық бағдарламасын әзірлеу;  
5)  Салалық  мемлекеттік  бағдарламаларға  сәйкес  ҚАЗТЕСТ  жүйесін  енгізу  және  жетілдіру  іс 
шараларын орында 
    Қоғамымыздың  әр  саласында  әлеуметтік  жеке  тұлға  болып  қалыптасуда,  білімінді  толыққан 
меңгеруге, оқытудың жаңа формаларын дамытуға, жаңа технологиялар желісін пайдалануға мүмкіндік 
беретін негізгі бақылау жүйесі – тестілеу.  Тестілеу түрлері дамыған сайын біліммен қатар адамдарды 
зерттеу  әдісі  де  кеңінен  танымал  болды.  Білім  және  ғылым  министрілігінің  жалпы  білім  беретін 
орындарда  білімнің даму көрсеткішін бақылау үшін бекіткен ҰБТ, МАБ және ЖОО орындарында орта 
курс  студенттерге  арналған  білімін  бағалайтын  ПГК  білімді  жетілдіру  емес,  керісінше  жиған  білімін 
қорытындылауға  бағытталған  тексеру  үлгісі.  Бұл  үлгі  -  әрбір  адамның  негізгі  тірегі,  тек  тірегі  нақты 
дамыған жағдайда  –  жаңа ақпараттық мәлімет алмасуға, ғылым жолында  кемелденуге, жаһандануға 
жол  ашып,  білімділігін,  біліктілігін  арттыра  түседі.  Ал  қашықтықтан  тестілеу,  кадрлар  әлеуетін 
нығайтатын  тестілеу,  өзге  елден  оралған  оралмандар  үшін  немесе  келімсек  халықтар  және  туристік 
саяхаттайтын  туристер  үшін  сол  елдің  тілін  меңгеру  дәрежесін  бағалау  мақсатында  тілдік  тестілеу 
адамдардың денсаулығы, қызметі, тілдік дағдысы жағынан жан-жақты қамтиды. Әсіресе техника мен 
технология  заманында  жаңашыл  тестілеудің  қиындық  сатысына  қарай  дамыған  шетелдік  үлгілері  
уақытылы  және  қысқа  мерзім  ішінде  әрбір  адамның  өзін-өз  тексеруге  мүмкіндік  береді.  Қазақстанда 
оның таралып даму кеңістігі әзірге тек ірі облыстарында ғана тіркеліп отыр. 
 
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 
1. Жалпыұлттық республикалық «Егемен Қазақстан» газеті № 17, 24 қазан 2010ж 
2. Интернет материалдары 
3. Баспасөз материалдары 
4. ҚР 2015 – ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 
 
Резюме 
В  этой  статье  рассматриваются  развитие  системы  тестирования,  его  внедрение  в  общество  и 
методы тестирования новыми технологиями. 
Summary 
      In this article development of system of testing. His introduction in a society and methods a society is 
considered by new technologies.  
 
 
ӨЛКЕТАНУ МАТЕРИАЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫН 
ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ 
 
Ғ.Б.Базарғалиев, 
ғылыми жетекші, п.ғ.к., доцент, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау 
мемлекеттік университеті 
Кабиев Е.С., 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты
 
 
Мемлекетіміздегі  білім  беру  жүйелері  мен  білім  беру  мазмұны  жаңаша  реформалаумен 
байланысты бүгінде мектептің алдында мына төмендегі міндеттерді шешу жүктелуде: 

 
Жаһандану  заманында  әлемдегі  жаңаруларға  лайық  жаңаша  және  икемді  ойлауды 
қалыптастыру. 

 
Ұлттық мәдениетті меңгерте отырып әлемдік мәдениетті игеру. 

 
Ана  тілін  жетік  меңгере  отырып,  өзге  тілдерді  меңгеру  және  тіл  арқылы  өз  мәдениетінің 
жетістігін өзгеге таныту. 

 
Мемлекеттік тілге, рәміздерге құрметпен қарау және елжандылыққа тәрбиелеу. 

 
Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  арқылы  демографиялық  жағдайға  ықпал  ету  және 
т.б. 

 
97 
Көріп  отырғанымыздай  бұл  міндеттердің  бәрінің  түп-тамыры  ұлттық  сезімнен,  елжандылық 
тәрбиесінен  басталатындығы  айқын.  Ұлттық  өлкетану  құндылықтырымыз  арқылы  оқушыларды 
елжандылыққа тәрбиелеу осының бір көрінісі.  
Өлкетану  материалдарының  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  айқындап,  оны  орта 
мектептердің  оқу-тәрбие  үрдісінде  тиімді  пайдалану  арқылы  оқушыларды  елжандылыққа  тәрбиелеу 
қажет.  Егерде  өлкетану  материалдарын  мектептің  оқу-тәрбие  үрдісіне  пайдаланудың  ғылыми-
әдістемелік  кешені  жасалып,  оны  оқу-тәрбие  жүйесіне  тиімді  пайдаланса,  онда  оқушы  –  жастардың 
өзін-өзі  тәрбиелеуге  деген  ынтасы  артып  елжандылық  сезімі  оянатын  болады.  Өйткені  өлкетану 
материалдары оқушылардың туған өлкені жан-жақты терең танып білуіне, елжандылық сезімінің арта 
түсуіне мүмкіндік туғызатын білімдік те, тәлімдік те дерек көзі болып табылады. 
Оқушылар бойындағы елжандылық қасиеттердің төмен болуының басты себептерінің бірі – соңғы 
жылдардағы  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  оқытудың  тәрбиеден  алшақтауы  болса,  екіншіден  оқулықтарды 
құрастырушы  авторлардың  сұрау-тапсырмаларды  құрастырудағы  біржақтылығы,  яғни  көркем  текстің 
мазмұнын талдауға ғана көңіл бөліп, оның тәрбиелік жағына жете мән бермеулері деуге болады.  
Осыны  ескере  отырып  біз  Қазақстан  Республикасының  Президентінің  Қазақстан 
Республикасына патриоттық тәрбие берудің 2006–2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
туралы Жарлығы және білім беру мекемелерінде тәрбие берудің кешенді бағдарламасын басшылыққа 
ала  отырып,  жергілікті  мұражайлардағы  өлкетану  материалдарын  орта  мектепте  әдебиет,  тарих, 
география,  биология  пәндеріндегі  теориялық  материалдармен  кіріктіре  пайдалануға  және  оны 
меңгертуге болатындығына көз жеткізіп отырмыз. 
   Оны іске-асыруда мына мақсаттар басшылыққа алынады: 

 
 тәрбие процесі үздіксіз және дамытушы процесс деген біртұтастық көзқарасты басшылыққа 
ала отырып, мұражай материалдары негізінде оқушылардың бойында туған өлкеге деген сүйіспеншілік 
сезімді ұялату; 

 
 мұражай  материалдары  арқылы,  оқушылардың  дүниетану  көзқарасын  қалыптастырумен 
бірге  эстетикалық  сезімдерін  жетілдіріп,  еңбекке,  өнерге  деген  құштарлық  сүйіспеншілік  сезімдерін 
ояту; 

 
 оқу-тәрбие процесінің біртұтас үрдіс екеніне аса жоғары мән беріп, сабақ процесінде оқушы 
бойына  сіңірілген  білім,  білік,  дағдыларды  сыныптан  тыс  тәрбие  жұмыстарында  жалғасын  тауып 
өрістей түсуіне мүмкіндік туғызу; 

 
 азаматтық  тәрбиенің  нәтижелік  көрінісі  ретінде  оқушылардың  шығармашылық  еңбектерін 
талдай  отырып,  сөз  өнеріне  деген  талғамы  мен  талантын  ұштай  түсу,  сөйтіп  олардың  келешекте 
өмірден өз орнын таба білуіне бағыт-бағдар беру. 
Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушылардың  пән  сабақтарында  игерген  білім,  білік,  дағдыларын 
ары  қарай  дамытуға,  оларды  іскерлік  қабілетіне  қарай  топтастырып  қоғамдық  істерге  белсене 
қатыстыруға  мүмкіндік  туғызылады,  достықты,  жолдастықты  нығайтуға,  жеке  бастық  және  қоғамдық 
мүдделерді біріктіруге оң әсер етеді. 
Педагогикалық талаптарды ескере отырып, педагог-ғалым А.С. Белкин ұсынған төмендегі бағыттар 
мен  технологиялары  негізінде,  педагогикалық  ұйымдастыру  жұмыстарын  былайша  іске  асыруға  болады. 
Олар мыналар: Бірінші бағыт-танымдық бағыт. Ол оқу әрекетінде табысты жағдаят туғызу. Мәселен, оқуда 
айтарлықтай жетістіктерге жете алмай жүрген оқушылар, мектепке келгенде сабақ басталды деген сөзден 
қуаныш  сезіміне  бөленбейтіні  белгілі.  Ал  оларды  оқудан  тыс  танымдық  әрекеттерге  тартып,  оның 
нәтижесін  көруге  жағдай  туғызу  арқылы,  олардың  танымдық  әрекет  қуанышына  бөленуіне  мүмкіндіктер 
туғызуға болады.  
Екінші  бағыт  Қабілетті  арттыру.  Мысалы,  орташа  оқушыларға  оқу  әрекеттерін  орындауға 
бағытталған  тың  тапсырмалар  берсек,  олар  жинаған  материалдарды  оқып,  зерттей  отырып,  жаңа 
болжамдар жасауға талпыныс жасайды. Мұғалім оқушының алдына күн өткен сайын күрделі міндеттер қою 
арқылы  оның  ықтимал  мүмкіндігін  іске  қосу  көзделеді,  сөйтіп  әр  оқушының  дамуына  қол  жеткізіледі. 
Мәселен, география сабағында оқушыларға адыраспан туралы тапсырма берілгенде, олар оның бірнеше 
тілдегі  аталуларын,  емдік  қасиетін,  ел  аузындағы  аңызды  айта  келіп,  тіпті  бас  ауруының  қай  түрлеріне 
пайдаланылатыны туралы өз болжамдарын айтуы мүмін.  
Үшінші  бағыт-аңғарымпаздық  бағытына  баулу:  Тарих,  география,  әдебиет  сабақтарында  жергілікті 
жер мәліметтерін хабарлауда әдейі қателіктер жіберіледі. Осындай қатені кім бірінші боп байқауы және оның 
қате екендігін дәлелдей білуі талап етіледі. Бұл әдіс оқушылардың сабақты мұқият тыңдауына игі ықпал етеді 
және өзіндік пікір дәйектеріне сүйеніп, ойды дұрыс дәлелдеу мәдениеті қалыптасады.  
Төртінші  бағыт  –  танып-білуге  деген  қызығушылық  тудыру.  Бұл  бағыт  бойынша  әр  сынып 
оқушылары бес топқа бөлініп жарысып отырады. 

 
Көп біледі, бірақ ол туралы өзі білмейтіндер. 

 
98 

 
Көп біледі, әрі ол туралы өздері де білетіндер. 

 
Аз біледі, әрі ол туралы өздері де біледі. 

 
Аз біледі, әрі ол туралы өздері әлі білмейтіндер. 
Сыныптағы ең қабілеті төмен деген оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру қажет. 
Мұндай  оқушыларға  қосымша  материал  жазып  келу,  суретін  және  мақала  авторын  тауып  келу, 
әдебиеттер  тізімін  жасап  келу,  мақалаға  аннотация  жазу  т.с.с  жеңіл  тапсырмалардан  бастап  беріп, 
олардың жауапкершіліктерін, ұқыптылықтарын, жақсы тұжырымдарын міндетті түрде атап өту арқылы 
көзқарастарды жағымды жаққа бұру қажет.  
Бесінші  бағыт-педагогикалық-психологиялық  ықпал  ету.  Аталмыш  бағыттың  мақсаты 
оқушылардың елжандылық сезімдерінің дамуына педагогикалық – психологиялық жағымды әсер етуді 
көздеу.  Мұнда  «Бейтарап  ақпарат»,  «Бітімгершілік»,  «Аяқталмаған  тезис»,  «Қарсы  дәйек»  және  т.б. 
амалдар мен әдістерді қолдануға болады.  
Алтыншы  бағыт-шығармашылық  қабілеттерін  дамыту.  Бұл  бағытта  оқушыларды  зерттеушілік 
жұмыстарға  баулу,  танымы  мен  шығармашылығын  дамыту  арқылы  азаматтық  ұстанымын 
қалыптастыру қажет. Шығармашылық жұмыс эвристикалық қиялдау бағытымен тығыз байланысты іске 
асырылды.  Мәселен,  «егер  Ұлы  Отан  соғысы  болмағанда,  еліміздің  дамуы  қандай  деңгейде  болар 
еді?»,  «Осыдан  жүз  жыл  бұрынғы  Алматы  облысы  мен  бүгінгі  Алматы  облысы»,  т.б.  басты  мақсат 
өлкетану  материалдарын  пайдалана  отырып  оқушылар  бойында  елжандылық  қасиеттерді 
қалыптастыру.  Мұражайға  бармас  бұрын  оқушылар  олар  туралы  әдеби  кітаптар  оқу,  жергілікті 
ақындардың  өлеңдерін  жаттату,  викторина  сұрақтарына  жауап  бергізу  арқылы  «Кім  көп  біледі?»  деген 
жарыс  өткізу,  реферат  жаздыру,  пікірталасын  ұйымдастыру  іс-шаралары  жүргізілуі  қажет.  Сөйтіп, 
оқушылардың бойында өз өлкесінің тарихын терең білуге деген құмарлығын арттырып, мақтаныш сезімін 
ұялатуға болады.  
Жетінші  бағыт-сауықтыру,  шынықтыру  бағыты  халықтық  спорттық  ойындарды  үйреніп,  оның 
шығу тарихын зерттеуге баулу, өз өлкесінен шыққан спорт шеберлерінің өмірі мен шығармашылығын 
таныту арқылы өлкесін, спортты сүюге тәрбиелеу. 
Сегізінші  бағыт-экологиялық  бағыты.  Ол  өз  өлкесінің  табиғатына  деген  сүйіспеншілік 
қалыптастыру, оны ластаудан және жойылып кетуден сақтау, өлкенің экологиялық жағдайын зерттеу, 
оны жақсарту жолдарын іздету арқылы өлкесіне деген сүйіспеншілігін арттыруға болады. 
Тоғызыншы бағыт-еңбек бағыты. Ол әр баланың бойына еңбек ету дағдыларын қалыптастыру, 
еңбек  адамдарына  құрметпен  қарау,  кәсіп  түрлерін  таңдауға  бағдар  беру,  өлкедегі  еңбек 
ардагерлерінің  өмірі  мен  еңбектегі  жетістіктерін  үлгі-өнеге  ете  отырып,  өз  өлкесінің  азаматтарына 
мақтаныш сезім туғызуға тәрбиелеу.  
Оныншы  бағыт-пәндік-білімдік  бағыты.  Ол  география,  тарих,  биология,  әдебиет,  химия 
пәндерінен  алған  білімдеріне  сүйене  отырып,  өз  өлкесінің  флорасын,  фаунасын,  жер  байлықтарын, 
өндіріс орындарының табыстарын зерттеу арқылы елжандылыққа тәрбиелеу. 
Он бірінші бағыт-отбасы бағыты. Ол өз ата-анасының, әулетінің өмірі мен шежіресін зерделей 
отырып, отбасын сүю, отбасы ересектерінің жетістіктерін мақтан тұту сезіміне тәрбиелеу көзделеді.  
Жоғарыда аталып өткен бағыттардың әрқайсысының атқаратын қызметін қорыта келіп, олардың 
бірінің  оқушы  бойына  аңғарымпаздық,  қиялдай  білушілік,  өмірге  қызығушылық,  психологиялық-
педагогикалық қабілет-қасиеттерді дарытушылық, шығармашылыққа баулу әрекеттері көзделсе, сонымен 
бірге еңбекке баулу, салауатты өмір салтын сақтауға үйрету, табиғатты қорғауға баулуда әрі білімдік, әрі 
тәрбиелік, әрі дамытушылық қызметтер атқаратынын ескеруге тура келеді.  
Мектеп  бітірген  түлектердің  барлығы  дерлік  болашақта  елінің  шынайы  елжанды  азаматы  болып 
шығуы үшін төмендегідей нақты ұсыныстар білдіреміз: 

 
оқушылар бойында патриоттық қасиеттерді қалыптастыру үшін ең алдымен мектеп өмірін 
бірыңғай педагогикалық  жүйеге айналдыру, оқу ісін тәрбие мәселесімен тығыз байланыстыру қажет. 
Осы мақсатта тақырыптық саяхаттар мен жорықтарды жиі  ұйымдастырып отыру; 

 
аудан-ауыл  тарихы  туралы  кітаптар,  соның  ішінде  әдістемелік  құралдар  мен  нұсқаулар 
шығару; 

 
елжандылық  тақырыптағы  қазақфильм  шығарған  кинолар,  деректі  фильмдер  мен 
ойындарды,  мультфильмдерді  көбейту,  сондай-ақ  электрондық  оқулықтар  мен  тәрбие 
хрестоматиялары  жасалуы  тиіс.  Мәселен,  өз  облысымыздың  көркем  көріністі  жерлері  мен  киелі 
мекендерін  жол  жүрмей-ақ  сабақта  және  сабақтан  тыс  уақытта  көруге  мүмкіндік  беретін 
бейнематериалдар ауылдық мектептер үшін аса қажет. Ал ол үшін республика көлемінде аудиокарта 
және видеотекалар жасау қажет; 

 
жасөспірімдердің  компьютерде  ойнайтын  түрлі  ойындарын  да  патриоттық  тақырыптарға 
арнау, әсіресе батырлар жырынан бастап, қазіргі патриотизмді насихаттайтындай ойындарға ауыстыру 
қажет деп санаймыз; 

 
99 

 
Қазақстан Республикасының әр аймағы бойынша өлкетану курсының бағдарламалары мен 
әдістемелік  құралдар  кешенін  жазып,  жинақ  ретінде  шығарса,  ол  оқушылар  бойында  қазақстандық 
патриотизмді қалыптастыруда атқарылған жүйелі жұмыс болып саналар еді; 

 
республика мектептерінің 12 жылдық оқу жүйесіне көшуімен байланысты  келешекте орта 
мектептердің 10–12 сыныптары бойынша өлкетану материалдарын ғылыми-әдістемелік түрде зерттеу 
ісін жалғастыру қажет. 
 


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет