№3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет2/20
Дата22.12.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

 
 
    ШЕТЕЛДІК МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАСЫ    
(РФ Қалмақ Республикасы Орталық мемлекеттік 
 мұрағаты деректері негізінде) 
 
Ә.О.Тұрдалиев
,  т.ғ.к., доцент, Х.Досмұхамедов атындағы АтырМУ   
 
         Бүгінгі таңда елімізде 2004 жылы мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы қолға алынғаннан 
бергі  уақытта,  отандық  тарих  саласы  жан-жақты  жаңа  деректермен    толығып,  қазақ  тарихы  түрлі 
аспектілерден  қарастырылып,  сан  қилы  зерттеулерге  негіз  болатын,      мұрағат  құжаттарымен 
толықтырылуда.  Осы  мемлекеттік  құжат  шеңберінде  көптеген  құнды  жәдігерлеріміз  тарихи  және 
ғылыми  тұрғыдан  бағаланып,  жарық  көріп  халық  игілігіне  айналуда.  Әйтсе  де  біткен  істен,  бітпегені 
әлі  де  көп  екендігі  анық.  Қазақстан  тарихына  қатысты  мол  тарихи  мұрағат  құжаттарының  көпшілігі 
шетел  мұрағаттарында  жатқандығы    айтылып  жүрген  мәселе,  осыған  орай,  аталмыш  мақалада  РФ 
Қалмақ Республикасы мемлекеттік мұрағатындағы қазақ тарихына қатысты сақталған тарихи құжаттар 
жөнінде баяндасақ.     
        Қазақстаннның  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  өмір  сүру  жағдайында  тарихымызды  жан-жақты 
зерделеу, қазақ елінің Еуразия кеңестігінде ғана емес, сонымен қатар әлемдік кеңестікте халақаралық 
қатынастар  жүйесіндегі  өз  орны  мен  рөлін  анықтауға  көмектесетіні  анық.  Қазақ  халқының  Жоңғар, 
Еділ  қалмақтарымен  ХV-ХХ  бас  кезі  бойындағы  қатынасы  қазақ  елінің  сыртқы  саясат  мүдделерін 
айқындап  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге,    бұл  қатынастар  ішкі  саяси  өмірге  ықпал  етіп,  қоғамның 
рухани өмірінде өшпес із қалдырды. Қазақ тарихында кең түрде қамтылған және көптеген тақырыптық 
бастауларға арқау болған  қалмақтармен қатынас тақырыбы болып табылады. Қалмақтармен қатынас 
тарих  ғылымынан  басқа,  әдебиет  саласында  проза,  поэзия,  айтыс    саласын  қамтып  сурет  өнерінде 
көптеген  туындылардың  туындауына  себепші  болып,  Қазақстан  патриотизмін  қалыптастыруға 
себепкер  болған  бірден-бір  тақырып.  Қазақ  мемлекеттілігі  қалыптасқан  кезден  бастап,  тарих 
қойнауына үңілсек, сонау бағзы заманда Көшпелі Өзбек хандығында ел билеген Әбілқайыр кезеңінен 
Жоңғар қалмақтарымен байланыс бір сәт толастамаған. Бұл қарым – қатынастар легі бір сәт қанқұйлы 
соғыстармен,  енді  бірде  өзіндік  ерекшелігі  бар  әлеуметтік  қатынастармен  ерекшеленеді.  Қазақ 
жұртының  Көшпелі  өзбек  хандығынан  бөлектеніп,  Моғолстанға  көшіп  келген  тұста,  ел  билеуші 
Есенбұға хан қазақ қосындарын жоңғар қалмақтарына қарсы пайдаланғаны, Керей мен Жәнібек алғаш 
қазақ  әскерінің  басын  біріктіріп  ортақ  жауға  қарсы  аттанған  кезі  осы  кез  болғаны  тарихтан  белгілі 
жайт.  Хақназар  хан  біруақытта  екі  елдің  басын  біріктіріп  басқарғаны  бір  кездердегі  бейбіт  өмірдің 
куәсі. Кейінгі жақсы атымен ел жадында сақталған  Тәуекел, Есім, Жәңгір, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай 
хандар жоңғар қалмақтарымен қанқұйлы соғыстар жүргізіп, оның біртіндеп ыдыруына себепші болды. 

 
14 
         ХVІІ  ғасырдың  бас  кезінен  бастап  қазақ  елі  батысында  Еділ  қалмақтарымен  қатынастар 
қалыптасып  ұзақ  уақыт  жалғасын  тапты.  Бұл  қатынастар  мазмұны  сан  түрлі  шайқастар  мен 
әлеуметтік, мәдени қатынастарға толы. ХХ ғасырда қазақ даласы кеңес өкімет билігінің қоныс аудару 
орнына  айналған  тұста,  Сыр  бойына  қалмақ  халқының  бір  тобы  күштеп  жер  аударылды.  Жергілікті 
халық пен қалмақтардың арақатынасы туралы қалмақ елінде бірнеше тарихи, әдеби туындылар жарық 
көрді.  Осы  орайда,  аталған  тақырып  әлі  де  ұзақ  уақыт  бойы  тарихшылар  мен  әдебиетшілер, 
ақындардың  шабытына  өріс  беретіндігі  анық.  Қалмақтармен  арадағы  қатынастар  туралы  қазақ 
тарихында  көптеген  еңбектер  жазылды.  Олардың  түп  негізі  Қазақстан  Орталық  мұрағаты  деректері 
ғана емес, сонымен бірге, Қытайда, Ресейде сақталған мұрағат құжаттары болып табылады. Ресейде 
сақталған  мұрағат  деректері  ішінде  Астрахань,  Орынбор,  Омбы,  облыстарымен  қатар  Қалмақ 
Республикасы  мұрағаты  деректері  тарихи  -  танымдық  мәні  зор.  Қалмақ    елінің  Ресей  империясына 
қосылғандығының 400 жылдық тойы қарсаңында бұл елдің мұрағат қоры  күн санап толыға түсуде. 
          Еділ  қалмақтары  ХVІІ  ғасырдың  бас    кезінен  бастап  1609  жылы  Ресей  бодандығына 
қабылданған  кезден  қалмақтардың  жай-күйі,  шаруашылығы,  мәдениеті,  әскери  өнері  отаршылдар 
назарына  ертерек  ілігіп,  зерттеліп  хаттала  бастады.  Осы  тұстан  бастап  орыс  шенеуніктері  мен 
ғалымдары еңбектерінде қалмақтар жөнінде мәліметтер жазыла бастаған. Жоңғар хандығы жойылып, 
Еділ  өңірінен    жер  беріліп,  Еділ  қалмақтары  өз  алдына  ел  бола  бастағаннан  бастап,  ХVІІІ  -  ХІХ 
ғасырдың  бас  кезінде  қалмақ    мұрағаты  Астрахань  губерниялық    мұрағаты  құрамында  болып,  ХІХ 
ғасырдың  екінші  ширегінде  қалмақ  мұрағаты  істері  жинақталып,  Қалмақия  жергілікті  басқару 
ұйымдарының құрылымдық бірлігі ретінде қалыптасқан. 
         ХІХ  ғасырдың  бас  кезінде  қалыптасқан    ел  мұрағаты  Қалмақ  істері  комиссиясы,  1836  жыл  21 
мамырда Қалмақ істері комиссиясы, Қалмақ басқару кеңесі болып қайта құрылды. 1836 жылдан 1848 
жылдың  8  қазанына  дейінгі  мезгілде,  Қалмақ  мұрағаттары    Қалмақ  басқару  кеңесі    құрамына 
енгізілген.  1847 жылы “Қалмақ халқын басқару туралы ереже” қабылданып, Қалмақия  елін басқару  
Мемлекеттік мүлік министрлігі билігінде қала берді. Жергілікті атқарушы орган ретінде  тарихта, Орда 
бөлімшесі,  Астрахань  Мемлекеттік  палатасы  жанындағы  Орда  халықтары  бөлімшесі  деп  аталған 
Ерекше бөлімше құрылды[1].   
         1848  жылдан  бастап  Астрахань  мемлекеттік  мүлік  палатасының  Орда  халықтары  бөлімшесі 
құрамында  болған  Қалмақ  мұрағаты,  1867  жылдан  ХХ  ғасырдың  бас  кезіне  дейін  Қалмақ  халықтары 
басқармасы    құрамына  алынған.  Елде  қызмет  жасаған  ұлыс  басқармалары,  Бас  және  ұлыстық 
жарғылар  (Зарго),  Ламаистік    діни  басқармалар  мұрағаттары  болмағандықтан,  барлық  материалдар 
Қалмақ  халықтары  басқармасы    құрамындағы  мұрағаттарға  шоғырландырылып,  елдегі  бірден-бір 
мұрағат  қоймасы  қалыптасты.    Қалмақ  халықтары  басқармасы    сол  кездегі  Қалмақ  даласының 
әкімшілік  орталығы  Астрахань  қаласында  орналасты.  1902  жылы  қалмақ  елі  аумағын  басқару  билігі 
Ішкі  істер  министрлігіне  көшкеннен  кейін,    Қалмақ  халықтары  басқармасы    Астрахань  губерниялық 
басқармасы құрамына енді. 
 
Алғаш  күннен  бастап  мұрағат  істері  жолға  қойылып,  келіп  түскен  және  жарамсыз  құжаттар 
жылдық  есебі  жасалып  отырды.  Осы  мақсатта  жыл  сайын  арнайы  комиссия  жасақталған.  Әсіресе, 
1867-1868  жылдардағы  жұмыс  жасаған  комиссия  өз  ісімен  ерекшеленді.  Жұмыс  қорытындысында 
мұрағат құжаттары    негізінде екі бөлім құрылған. Біріншісі, 1708 - 1836 жылдар   құжаттары бойынша 
жинақталған  тарихи  бөлім.  Құжаттар  хронологиялық  ретте  орналастырылып,  әрбір  мұрағаттық  іске 
мұрағаттық бірыңғай жиынтық номер берілген.  Екіншісі, Қазіргі заман бөлімі деп аталып, 1836 жылдан 
бастап жинақталған құжаттар енгізіліп, разрядтарға бөлінген. Мәселен, белгілі бір разрядқа жойылып 
кеткен  мекемелер  (Қалмақ  басқару  Кеңесі,  Бас  жарғы,  Бас  пристав  канцеляриясы)  құжаттары  енсе, 
енді  біріне  жойылып  кеткен  немесе  қайта  құрылған  мекемелердің  (Ламаистік  діни  басқарма,  Лама 
кеңесі)  аяқталған  және  күнделікті  жүргізіліп  отырған  құжаттар,  үшінші  біреуіне,  1847  жылғы  Ереже 
бойынша  құрылған    (Астрахань  Мемлекеттік  палатасы  жанындағы  Орда  халықтары  бөлімшесі) 
мекемелері  іс  қағаздары  сақталған;  төртіншісінде  1847  жылғы  Ережеге  дейін  жұмыс  жасап,  кейінгі 
уақытта өз жұмысын одан әрі жалғастырған мекемелер (ұлттық басқармалар және осы басқармаларға 
теңгерілген мекемелер  Калмақ базары, Мочаға)  іс-қағаздары енгізілді. Жалпы алғанда, Қазіргі заман 
бөлімінде 20 разряд жасақталып, әрбір мұрағаттық іске екі номер: жиынтық және разрядтық номерлер 
берілген. 
 
Комиссия арнайы тізім жасап, әр бөлім құжаттарына алфавиттік көрсеткіш дайындаған [2].     
 
Сақтау  мерзімдік  көрсеткіші  бойынша  Қалмақ  мұрағаты  құжаттары  үш  категорияға  бөлінді. 
Бірінші,  мәңгі,  яғни  тұрақты  сақталатын  құжаттар.  Оның  қатарына,  Қалмақ  халқының  Басқармасы 
және оған дейінгі уақытта осы басқармаға теңгерілген мекемелер құжаттары, жылдық есептер, жалпы 
істер  қатыстырылған  журналдар,  кіру  және  шығу  реестрлері  енді.  Екінші,  уақытша  (10-20  жыл) 
сақталатын құжаттар. Үшінші, жойылуға тиісті құжаттар енгізілді. Олардың арнайы тізімі жасақталды. 
Үшінші категориядағы істерге мұрағат тізімдерінде арнайы белгі соғылды.  

 
15 
 
Комиссия жұмысы нәтижесінде іс-қағаздарын жүргізу, құжаттарды сақтау ісі ретке келтірілген. 
Бірақ  1867-1892  жылдар  арасында  мұарағат  істерін  қайта  жасақтау  барысында  көптеген  құжаттар 
негізсіз жойылып кеткен [3].  Қалмақ мұрағатында ежелгі   моңғол ойрат заңдарының (Моңғол және 
қалмақ халқы құқықтары, Ұлы ережелер (Великое уложение), Дала ережелері, 1640 жылғы ережелер 
т.б.)  түп  нұсқалары  түгелдей  жойылған  екен.  Сонымен  бірге,  1917  жылға  дейінгі  кезеңде  кейбір 
мұрағат құжаттары губерниялық мұрағаттарға беріліп, мұрағат қорлары   ойсырай түскен [4].   
 
Қалмақ  мұрағаттары  құжаттары  аталған  кезеңге    дейінгі  уақытта,  Ресей  империясының 
қалмақтарды  отарлау  барысында  іс-қағаздарын  дайындауға  және  ғылыми  бағытта  пайдаланылып, 
Мемлекеттік мүлік және Ішкі істер министрлігі басылымдарында жарық көріп отырды.  
 
Кеңес  өкіметі  билігі  орнағаннан  кейін  мұрағат  істері  бойынша  қайта  құрулар  жүргізіліп,  1921 
жылы  тарихи  –  этнографиялық  музей  құрылды.  Қалмақ  халқы  Басқармасы  мұрағаты  түгелдей  осы 
мекемеге берілген. Бұл жылдары Қалмақ мұрағаты  істерін жасақтауда атақты ғалым, профессор Н.Н. 
Пальмов еңбегін атап өтуге болады [5].   
         20-шы  жылдары  соңында  арнайы  Мұрағат  бюросы  құрылып,  1935  жылы  Қалмақ  АКСР-ы 
Орталық мұрағат басқармасы ретінде қайта жарақталды. 1939 жылы Мұрағат бөлімі мен Қалмақ АКСР-
ы мемлекеттік мұрағаты жасақталып, 1942 жылға дейінгі мезгілде Астрахань қаласында орналасты.  
 
1942 жылы тамыз-қыркүйек айларында Қалмақ мұрағаты Қазақстанға эвакуацияланып Шалқар 
қаласында  орналасты.  Реэвакуациядан  кейін,  қалмақ  халқының  күштеп  көшіріліп,  Қалмақ  АКСР-ы 
жойылған  жылдары    қалмақ  мұрағаты  Астрахань  облысы  Мемлекеттік  мұрағаты  құрамында  болды. 
1958  жылы  Қалмақ  АКСР-ы  қайта  жасақталғаннан  кейін,  1959  жылы  Қалмақ  АКСР-ы  Орталық 
мемлекеттік мұрағаты болып қайта құрылып, қазіргі кезде Ресей Федерециясы Қалмақ Республикасы 
Орталық мемлекеттік мұрағаты болып табылады.  
 
Кеңес дәуірінде 1917 жылдан бастап мұрағат  құжаттары бес бөлімге бөлінген. Олар: тарихи, 
ұлыстық, жаңа (1836-1890 жж.), қазіргі заман (1890-1916 жж.) және 1917 жылдан бастап жүргізілетін 
бөлімдер болатын [6].     1927 жылы революцияға дейінгі және кеңестік дәуір қорлары болып бөлінді. 
30-жылдардан бастап, мұрағат құжаттарын разрядтарға бөлу, қорларға бөлшектеумен алмастырылып, 
мұрағат  қорларын жасақтау ісі қолға алынған. Сөйтіп, бірнеше разрядтар  бір  ғана мұрағаттық қорға 
жинақталатын болды.  
 
Алғашқы мұрағаттық қор (7 қор) Бас Қалмақ қамқоршысы (попечитель) және Қалмақ жолдары 
бойын  қоныстандырушы  комиссия  істерін  біріктірді.  Мұрағат  қорлары  тізімдері  1939-1950  жылдары 
аралығында  жаңартылып  қайта  жасақталған.  1940  жылы  Қалмақ  мұрағаты  Ставрополь  өлкесі 
мұрағаты есебінен 49 мұрағаттық іспен толықтырылғанымен, Ұлы Отан соғысы және соғыстан кеәйінгі 
қалмақ  халқы  басында  болған  ауыр  жылдарда  көптеген  мұрағаттық  құжаттар    із-түзсіз  жоғалып 
кеткен. Бұл жағдайларға қарамастан мұрағат істерін жүргізу ісі одан әрі жалғастырылып, қазіргі кезде 
Ресейдің  облыстары, Монғол, Қытай мұрағаттары есебінен толықтырылуда.   
 
Қалмақ  Республикасы  мұрағаты  Қазақстан  тарихына  қатысты  мұрағат  құжаттарымен 
ерекшеленеді. Бұл тарихи құжаттарды қолдану Отан тарихы мәселелері сан-түрлі қырларын одан әрі 
ашуға көп мүмкіндік туғызатындығы сөзсіз.  
 
Қалмақ    мұрағатында  сақталған  Ежелгі  қолжазбалар  ХҮІІІ  ғасырдың  “Ақтабан  шұбырынды” 
жылдары  қазақтар  мен  Еділ  қалмақтары  арасындағы  қатынастар  туралы  баяндап,  көптеген  
мәліметтер  береді.  Мұрағат  қорларында  орыс  патшаларына  қалмақ  тайшыларының    жазған  хаттары 
көптеп  сақталған.  Аталған  хаттар,  белгілі  бір  оқиғаларды  тарихи  зерделеуге  маңызы  зор  деген 
ойдамыз. Мәселен, 1726 жылы қалмақ тайшысы Чередодок орыс патшасы атына хат жазып, Жем және 
Еділ  өзендері  бойындағы  жерлерде  көшіп-қонып  жүргенін  баяндай  келе,  “Ембі  және  Жем  өзендері 
бойында  50  мың  қазақ  жұрты  көшіп  жүр.  Өткен  жылы  екі  арада  бейбіт  келісім  жасалғанымен  біз 
оларға сенбейміз”  - деп сенімсіздік білдіріп, әскери күш-көмек сұрайды[7].   
 
Қазақ  тарихында  өзінің  қулық  әрекеттерімен  танылған  Орынбор  губернаторларымен  қалмақ 
тайшыларының  қазақтар  туралы    өзара  жазған  хаттарыда  көптеген  қызықты  мәліметтер  береді. 
Олардың  сипаты  мен  мазмұны  әртүрлі  болып  келеді.  1743  жылы  Еділ  қалмақтары  Кіші  Жүз  аумағын 
шапқан қалмақ  қоңтайшысы Лекбейдің  қанқұйлы істері  [8]        жөнінде,  оған қарсы Кіші жүздің Есет 
батыр  және  старшындары  бастаған  10  мың  сарбазы  әрекетері,  қазақтардың  Астрахан  губернаторы 
В.Татищевпен жүргізген келіссөздері, Орынбор губернаторы И.И.Неплюевтің қазақ-қалмақ арасындағы 
бейбіт келісім жасауға  ұмтылған жұмыстары жөнінде мұрағат деректері көптеп баяндайды [9].        
 
Мұрағатың 36-шы қоры құжаттары  Жоңғар хандығындағы аласапыран кездей мәліметтермен 
қатар,  Амурсана  жөнінде  көптеген  деректер  береді  [10].  Тарихта  Амурсананың  қазақтың  ханы 
Абылаймен  қарым-қатынаста  болғанын  есепке  алсақ,  бұл  өзіндік  құнды  бір  дерек  болып  табылады. 
Сонымен  бірге,  Орынбор  губернаторы  И.И.Неплюевтің  тыңшылық  әрекеттері,  қазақ  –  қалмақ 
байланысына жол бермеу жөнінде жасаған істері  жөнінде арнайы мұрағат  деректерінде баяндалады. 
Мәселен, Қалмақ мұрағаты 145  қоры деректері   қалмақ қоңтайшысы Замбек тайшының Намсу атты 

 
16 
қызын  құпия  түрде  Айшуақ  сұлтанға  бермекші  болғаны,  олардың  құдалық  рәсімі  және  оған  қарсы 
жасалған Орынбор губернаторының іс-қимылдары туралы мәліметтер берілген[11].  
 
ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап-ақ, екі халықты бір-біріне  айдап салу арқылы  бағындырып 
ұстау саясаты негізінде, қалмақтарды казак әскері құрамына көптеп тарту істері жүргізіліп, екі арадағы 
шекара  бойында  шоғырландырылып  қазақтарға  қарсы  қою  жөнінде  Қалмақ  халқы  басқармасының  1 
қорының мұрағаты  істері деректері баяндайды[12].   
 
Ресей  империя  көлемінде  ХІХ  ғасырдың  екнші  жартысының  60-жылдарында  капиталистік 
қатынастардың  қалыптасуы  қазақ-қалмақ  қатынастарының  мәнін  өзгертті.  Сонымен  бірге  бұл 
қатынастардың  өзгеруіне  себепші  болған  жағдай  қазақ  даласының  толықтай  Ресей  империясы 
құрамына өтуі болатын.  
 
Мұрағаттық  құжаттардың  ерекше  бір  топтамасын  экономикалық  даму  деректері  құрайды. 
Қалмақ  басқармасы  Кеңесі,  Астрахань  Мемлекеттік  Мүлік  комитеті  жанындағы  Орда  халықтары 
бөлімшесі,  Қалмақ  халқы  басқармасы  және  Ұлыстық  басқармалардың  жылдық  есептерінде  қалмақ 
даласындағы  қалмақ,  орыс,  қазақ  мал  шаруашылықтары  жөнінде  көптеген  мағлұматтар  берілген. 
Сонымен  бірге,  мал  тұқымын  асылдандыру,  әсіресе  жылқы  өсіру  зауыттары,  мал  көрмелері, 
ұйымдастырылған  бәйгелер  жөнінде  деректер  көп  кездеседі.  Бұл  есептерде  Бөкей  Ордасы,  Торғай 
даласында  орналасқан  жылқы  зауыттары  мен  Қалмақ  даласында  орналасқан  мал  асылдандыру 
орындары  байланысын  көруге  болады.  Мұндай  деректер  жергілікті  әкімшілік  құжаттары,  жергілікті 
жерлерді  шаруашылық  жағынан  зерттеу  жазбалалары  мен  қалмақ  қамқоршылары  (попечитель) 
жазбаларында кездеседі.    Бас қамқоршы кеңсесі мен Қалмақ  даласы арқылы өтетін жолдар бойын 
қоныстандыру  комиссиясы      құжаттарында  балық  шаруашылығының  дамуына  байланысты,    қалмақ-
қазақ балықшылары туралы деректер   (7 қорда) жинақталған. 
 
Жер  мәселесі  –  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  бас  кезінде  қалмақ 
тарихындағы  зерттелуі  жағынан  қиында,  қызықты  тақырып  болып  табылады.      Қалмақ  халқы 
басқармасы  қорында  қалмақтарға  1806,  1846  жылғы  заңдардан  кейін,  жалпы  негізде  пайдалануға 
берілген жерлерді межелеу туралы деректер, қалмақ – қазақ жер дауы жөнінде мәліметтер кездеседі. 
Бұл деректер сонымен қатар, журналдар мен малшылар съездері материалдарында жинақталған.  
 
Жылдық есептермен қатар, қазақтардың қалмақтардан жерді жалға алу мерзімі мен талаптары 
туралы келісімдер, “оброчный статья” жерлерін пайдалану және оның жойылу туралы деректер  құнды 
тарихи  мәліметтер  болып  табылады.  Олар  1875-1888  және  1891-1898  жылдары  “Оброчная  статья” 
жерлері  есебінен    Бөкей  Ордасы  қазақтарына      берілген  жерлер  туралы  құжаттар    топтамасын 
құрайды[13].      Мәселен,  9  қор  құжаттарында    1889  жылы  қалмақтардың  Хошеут  ұлысының  14 
бөлімшесі 1884 жылға жалға берілгені және Бөкей қазақтары атынан есаул Мұхамеджан Бекмұхамедов 
А-11  бөлімшесі  үшін  305  сом,  А-12  бөлімшесі  үшін  408  сом,  А-13  бөлімшесі  үшін  945  сом,  А-19 
бөлімшесі  үшін  205  сом  төлегені  туралы  деректер  келтіріледі  [14].      Сонымен  бірге,  Қалмақ 
мұрағаттарында Бөкей Ордасы билеушілері туралы деректер кездестіруге болады. Қазақ тарихындағы 
белгілі  тұлға  Мұхамеджан  Шолтырұлы  Бекмұхамедов  өмір  деректері  мұрағат  деректерінде  толықтай 
келтірілген. Құжаттардағы деректер бойынша ол Бөкей Ордасының 1-2 округтары билеушісі. Орынбор 
Неплюев  кадет  корпусында  білім  алған.  1852  жылдан  бастап  заурядь  сотник  шенінде  Бөкей  Ордасы 
басқармасында жұмысқа  тұрып, 1854 жылы Ноғай руы  билеушісі болып тағайындалған. Үш баланың 
әкесі. Қызметі үшін ІІ дәрежедегі қасиетті Станислав ІІІ дәрежелі қасиетті Анна ордендерімен, 1853-
1856  жылдары  Қырым  соғысына  қатысқандығы  үшін  1853-1856  жылдары  қола  медалімен 
марапатталған екен [15].   
 
Қалмақ халқы басқармасы мен Мемлекеттік мүлік министрлігі есебі қорларында Қалмақ сауда 
ісімен  айналысқан  қазақ  саудагерлері  туралы  деректерде  кездеседі  [16].      Аталған  деректер 
Қазақстанның  экономикалық  тарихын  зерттеуде  өзіндік  орны  бар.      Сонымен  бірге,  мал  барымтасы, 
қалмақ  жерлерінде  жергілікті  басқару  ұйымдары  келісімінсіз,  қазақтардың  мал  жайғаны  тәрізді 
қылмыстар  жөнінде  көптеген  материалдар  бар.    Мұндай  деректер  ұлыс  жарғысы,  уезд  соттары, 
Қалмақ халқы бас қамқоршысы (попечитель), Қалмақ халқы басқармасы 1-2 үстел құжаттарында көп 
кездеседі [17]. 
 
  Көршілес орналасып, етене араласқан елдер тарихында еліміздің тарихы туралы деректердің 
кездесуі  заңды  құбылыс.  Шетел  мұрағатындағы  деректерді  жинақтау,  тарихымызды  түгендеп 
объективті түрде баяндауға өз септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы орайда, Қалмақ мемлекеттік мұрағаты 
қорларына  жасалған  жалпы  шолу,  сараланған  материалдардың    Қазақстан  тарихын  зерттеуде 
деректік, танымдық маңызы зор екендігіне күмән келтірмейді. 
 
 
1.
 
Старое востоковедение и его новые задачи// Запад  и Восток. М.1972. с.17. 
2.
 
Польное собрание законов Российской империи, ІІ, ХХІІ, отд. 1. № 21144. 
3.
 
РФ Қалмақ Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты (РФ ҚРОММ).  
7 қ. 4 т. 127 іс.  

 
17 
4.
 
Житецкий  И.А.  Предметный  указатель  к  Историческому  отделу  архива  Главного  Калмыцкого 
управления в г. Астрахани с 1708 по 1836 гг.// РФ ҚРОММ 41 қ. 1т. 102 іс. 177 п.   
5.
 
Бурчинова  Л.С.  Источники  и  литература  об  экономическом  развитиии  Калмыкии  периода 
утверждения капитализма в России- вторая половина ХІХ в. Элиста 1971 с. 70-76. 
6.
 
Пальмов Н.Н. Этюды по истории приволжских  калмыков, ч. V, дела земельные.Астрахань, 1932. 
Материалы  конференции  посвященный  100-летию  со  дня  рождения  Н.Н.  Пальмова.  Вестник 
Калмыцкого НИИЯЛИ, №11, серия историческая, Элиста, 1974. с. 3-95. 
7.
 
 РФ ҚРОММ 71 қ. 1т. 19 іс. 18 п. 
8.
 
РФ ҚРОММ   145 қ. 1т. 346 іс. 10 п. 
9.
 
РФ ҚРОММ 145 қ. 1т. 343 іс. 6 п.  
10.
 
 Пальмов Н.Н. Этюды по истории приволжских  калмыков, ч. ІІ. Астрахань 1927.  с. 42, 152-153.  
11.
 
 РФ ҚРОММ   36 қ. 1т.  173, 197, 309, 312 істер. 
12.
 
 РФ ҚРОММ   145 қ. 1т.   263 іс. 84-85 пп. 
13.
 
 РФ ҚРОММ  1 қ. 1т. 20 іс. 39, 103 пп.  
14.
 
РФ ҚРОММ   9 қ. 4 т. 295, 352, 358, 359, 427, 716, 745, 751 істер. 
15.
 
РФ ҚРОММ 9 қ. 4 т. 427 іс.  591, 608 пп. 
16.
 
 РФ ҚРОММ 9 қ. 7т. 1835 іс. 28 п. 
17.
 
 Мацкина  Р.Ю.  Министерская  отчеты  и  их  особенности  как  исторического  источника.//  В  кн. 
Проблемы архивоведения и источниковедения. 1964 с. 216-217. 
18.
 
 РФ ҚРОММ  9қ. 7т.  25, 751, 1901 істер. 
 
Резюме 
         В статье автор даёт краткий обзор по архивным фондам  Калмыцкого государственного архива 
Республики  Калмыкия  РФ.    Автор  анализирует  и  расматривает  исторические  архивные    документы 
данного архива в качестве источника по истории Казахстана.      
 
 
ӘОК 94 (574)     
  
 ЖОЛАМАН  ТАРХАН  ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС БАСШЫСЫ (ХІХ Ғ. 20-30 ЖЖ.) 
 
                  Ө.И.Исенов,  т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті 
 
Казақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Жоламан тархан Тіленшіұлының 
ұлт азаттығы жолындағы күресінің тарихын мақаламызға арқау етпекпіз. «Өткенсіз ертең жоқ» дейді 
дана  халқымыз.  Қай  заманда  да  ұлы  тарих  көшінде  халқын  басқарған,  артына  дүйім  жұрт  ерткен 
тұлғалар  қазақ  қоғамында  шешуші  рөл  атқарды.  Сондай  тарихи  тұлғалардың  бірі  азаттық  туын 
көтерген халық батыры Жоламан тархан Тіленшіұлы.  
Шежірені  сөйлетсек:  Жоламан  батыр  Кіші  жүздің  табын  руынан  оның  ішінде  тарақты  бөлімінің 
Жиенбет  атасынан  тараған  оның  арғы  атасы  Бөкенбай  Қарабатырұлы  [1].  Жазбаша  деректерде 
Бөкенбай Қараұлы деп те беріледі [2, с. 515;516 ]. 
Кіші жүз руларының рулық шежіресін 1748 жылы М.Тевкелев орыс тілінде қағазға түсірген [3, 
с. 406]. Табын руы М.Тынышбаевтың шежіресі бойынша: жаман – керей, бозым, бегім, қайыр – қожа 
болып  өз  ішінен  төрт  руға  бөлінеді  [4,  с.  28-29].  Табындардың  таңбалық  белгілері  әртүрлі  болған. 
Жалпы  рулық  таңбасы  О  –  тостаған,  сонымен  бірге  шөмішті  руының  таңбасы  да  –  Q,  тостаған,  ал 
тарақты  табын  руының  таңбасы  –  m,  тарақ.  Ал  Н.И.Гродековтың  жинаған  мәліметі  бойынша, 
Сырдариялық  табындардың  ұраны  –  Серке,  Тостаған,  ал  табылған  дала  материалдарына  қарағанда 
батыс табындарының ұраны – Алаш болған [5, с. 97 ]. Олай болса Жоламан батыр Тіленшіұлы – Алаш 
ұранды,  тарақты  табын  оның  ішінде  Жиенбет  аталығынан  тарайды.  Жиенбет  аталығынан 
тарайтындығы туралы шежірені мұрағат деректері де растайды[6, 13 п. ].  
Атасы  Бөкенбай  батырдан  тараған  ұрпақтары  батырлық  дәстүрді  атадан  балаға  жалғаған 
батырлық  даңқымен  қатар,  тархандық  атақты  ұрпақтан-ұрпаққа  мұраға  иеленген  атақты  батыр 
Тіленші  тархан  балалары  –  Жоламан  Тіленшіұлы  мен  Бостыбай  Тіленші  ұлдарының  есімдері  тархан 
лауазымымен мұрағат құжаттарына да түскен [6 ]. 
Батырлар ұрпақтарының ұлт азаттығы үшін күрестерінің сабақтастығы тарихымыздағы Бөкенбай 
батырдың  ұлы  Тіленші  тарханға  оның  ұлы  Жоламан  тарханның  ұлт-азаттығы  үшін  күрес  тарихымен 
жалғасты  
ХІХ ғасырдың 20 жылдары Елек өзені бойына Жаңа Елек ауданы салынды. Ол алты форпостан 
тұрды:  Изобимильный,  Боран,  Жаңаелек,  Линев,  Угольный  және  Ветлян  редуты,  Хан  және  Берден 
бекінісі  [7,  с.  95].  Жайық,  Елек,  Берден  және  Құрат  өзендері  аралығындағы  ең  шұрайлы  600  мың 

 
18 
десятина жер бөлігі  Кіші жүздің табын руларынан тартып алынды. Бұл жерлерге патша үкіметі орыс 
шаруалары  мен  Орынбор  әскери  казактарын  қоныстандыра  бастады.  Патша  үкіметінің  мұндай 
басқыншылық  әрекеті  табын  руының  ру  басы  Жоламан  тархан  Тіленшіұлы  бастаған  Кіші  жүз 
қазақтарының  патша  үкіметіне  қарсы  соғыс  жариялауына  себеп  болды  [8,  201  б.].  Жоламан  тархан 
ресеймен  соғысып  жүр,  оның  соғысқа  дайын  кем  дегенде  3 000  адам  әскері  бары,  –  деп  кезінде 
Шекара комиссиясының төрағасы Генс мәлімдеген болатын [8, 204-205 б.]. 
Белгілі  тарихшы  Е.  Бехмаханов  ХІХ  ғасырдың  20-30  жылдары  болған  Жоламан  Тіленшіұлы 
қозғалысы  «Кенесары  Қасымұлы  көтерілісінің  алғашқы  хабаршысы»  [8,  200  б.],  –  деп  бағалаған 
болатын.  Профессорлар  А.Күзембайұлы  мен  Е.  Әбіл  пікірлерінше:«Жоламан  Тіленшіұлының  Ресейге 
жариялаған  соғысы,  қазақтардың  1824-1864  жж.  отаршылдыққа  қарсы  күресінің  хабаршысы  болды» 
[9, с.183]. Бұл авторлар Жоламан Тіленшіұлы ның Ресейге жариялаған соғысы деген баға береді. 
Өз  жерлерінің  тартып  алынуына  қарсы  шығып,  табын  руының  игі  жақсылары  бірнеше  рет 
Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге өздерінің бұрынғы жайылымдарын қайтару жөнінде өтініш 
жасағанымен, Эссен: «Патша ағзам император  олардың шағымдарын негізсіз деп, ал тіпті қандай да 
бір қанағаттандыруға тұрарлық емес деп мойындады»
 
[10, с.155] деген жауап қайтарады. 
Ресей  патша  үкіметінің  қазақтардан  тартып  алған  жерлерді  қайтаруда  табын  руының  ру 
басшысы  Жоламан  тархан  Тіленшіұлы  ерекше  белсенділік  көрсетті.  Алғашында  20  жылдардың 
басында Жоламан тархан қазақтардың өз жерлеріне құқығын бейбіт жолмен қорғауға тырысты. 1822 
жылы Орынбор әскери губернаторы Эссенге жолдаған хатында Жоламан батыр: «Әбілқайыр  ханның 
тұсында  қазақтарға  Жайықтың  арғы  жағындағы  шабындық,  тоғайларды  пайдалану  және  өзеннің 
жартысынан  балық  аулау  еркіндігі  беріліп  еді;  1810  жылға  дейін  қазақтар  бұл  еркіндікті  кедергісіз 
пайдалынды, ал кейін Ресей патша үкіметі Елек өзеніне алып, ірі бекіністер тұрғызып, бұрын берілген 
жерлерді  пайдалануымызға  тыйым  салды.  Ал,  біз  болсақ,  орманы,  суы  жоқ  иен  далада  қалып, 
көптеген  ауылдарымызбен  сумен  мал  жайылымына  мұқтаждық  көріп  отырмыз.  Өзен  мен  Самара 
өзендері  маңындағы  Нарын  құмдарында  орыстардың  үлкен  қарауылдары  қазақтардың  мал  жаюына 
қысым жасауда, сондықтан біз ірі бекіністер мен қарауылдарды әкетуді өтінген едік, бірақ  өтінішіміз 
ескерілмей  отыр.  Біз  сізден  1810  жылға  дейінгі  құқығымызды  иемденуге,  Жайық  пен  Елек  өзендері 
аралығындағы даланы ешбір кедергісіз пайдалануға рұқсат етуіңізді екінші рет өтіндік, бірақ тағы да 
жауап ала алмай отырмыз ...» [11, с. 444], – деп жазған. 
Дегенмен  Жоламан  бидің  әділдікті  бейбіт  жолмен  орнатуға  тырысқан  әрекеттерінің  сәтсіздікке 
ұшырауы оның ендігі жерде қарулы күрес жолын таңдауына итермеледі.  
Жоламан  тархан  бастаған  қарулы  күрес  1822  жылдың  көктемінде  қазақтардың  Жаңа  Елек 
шебіне  шабуылы,  шекаралық  барымта,  малды  айдап  әкету,  патшылықты  қолдаған  билеуші-
сұлтандардың ауылына шабуылдармен басталды.   
Патша  шенеуніктері:  «Кіші  жүз  қазақтары  «жабайы,  елірген,  айқын  көрінетін  мінезбен» 
ерекшеленген,  далада  қазақ  жеңілмейді,  ал  қол  айқастарында  дене  күші  мен  суық  қаруды  қолдану 
және астына мінген тұлпардың құлағында ойнайтын ептіліктері патша әскерлерімен соғысқанда үлкен 
басымдылық  береді  [12,  с.  300-301],  –  деп  қазақтардың  жауынгерлік  қабілеттерінің  артықшылығын 
мойындап  жазған  болатын.  1822  жылдың  5  наурызында  Орынбор  корпусы  штабының  бастығы 
геннерал-майор  Веселитский  басқарған  барлаушылар  мәліметі  негізінде,  жазда  қазақтар:  «Електің 
тартып алынуы және шепке 15 шақырымға дейін жақындап көшуге тыйым салынғанына байланысты» 
шепке шабуыл жасамақшы деп мәлімдеген. Әскери губернатор Обручев қазақтарға Електегі Шеп онда 
қоныстанған  тұз  тасушыларды  қорғау  үшін  құрылғандығын,  оларға  шекараға  15  шақырым 
қашықтықта,  аманат  беріп,  ормандағы  тұрғындарға  «зардап»  келтірмей  көшуге  болатындығын 
түсіндіруді бұйырған[13, с.165].  
1822  жылғы  3  маусымда  губернатор  Эссен  Орал  Әскери  кеңсесіне  «Шепте  қатаң  сақтықты 
ұстануды және бұйрықтарға сәйкес егер шекараға шабуыл жасауға батылданса «жыртқыштарды қолға 
түсіріңдер» (Бұл жерде Жоламан тархан бастаған көтерілісшілер туралы сөз болып отыр, – Ө.И.) [14, 
5-6 пп.], – деп тапсырады. Өз кезегінде, Орал Әскери кеңсесі барлық қашықтықтағы командирлар мен 
резервтік 
топтың 
бастығына 
«шоғырланған 
«ұрлықшы» 
қырғыздар 
тобынан, 
шепке 
шабуылдаушылардың    алдан  алу,  сонымен  қатар  оларды  қолға  түсіру  мен  сотқа  жеткізетін  түнгі 
разъездер  мен  жасырынған  пикеттерді  жасақтауда  сақтық  шараларын  жасау»  [14,  13  п.]  қажеттігі 
туралы тапсырма береді. Бұл шараларға жауап ретінде Жоламан Орал казак әскерінің атаманына хат 
жіберді,  онда  ол  бұрынырақ  далада  екі  тұтқын  казактарды  сатып  алып  және  оларды  қайтарғанын 
ескертті,  «егер  мен  Ресейге  қарсылардың  жағында  болсам,  бұлай  жасамас  едім»  [15,103-105  пп.],  – 
деген.  Сонымен  өздерінің  шарттарын  ұсынған.  Онда:  Әбілқайыр  хан  тұсында  біздің  халқымыз 
пайдаланғандай,  Нарын  құмдары  толық  және  үш  өзенді  беріңдер,  ал  егер  ол  мүмкін  болмаса:  ең 
болмағанда  Елек  өзені  бойындағы  Жаңа  Шепті  әкетіңдер.  Онда  бізді  дос  санайсыздар.  Мен  сұраған 
жерлерді  берсеңіз  онда  біз  дос  боламыз,  егер  бермесеңіздер,  онда  жау  боламыз  деген.  Жоламан 
тарханның  заңды  талаптарына  отаршылдықтың  көзілдірігімен  қараған  патша  үкіметі:  Жоламан 

 
19 
тарханның  хатында  «әр  түрлі  жат  талаптар»  қойылған  деген  қорытынды  жасаған  [15,  140-143,  159, 
161пп.]. 
1822  жылы  тамыздан  қарашаға  дейінгі  кезеңде  Орал  Әскери  кеңсесінің  губернаторы  Эссенге 
адай  және  табын  руы  қазақтарының  Жайықтың  сыртқы  жағында  шоғарланғандығы,  олардың 
пикеттерге шабуылы мен жылқыларды айдап әкетулері жөнінде хабарлайды. Мысалы, 1822 жылы 14 
тамыздағы  баянатта  адай  мен  табын  рулары  адамдарының  Шептің  ішіне  кіріп  және  пикетке  шабуыл 
жасау ниеттері жөніндегі хабарламада: «Қырғыздардың адай және табын руларынан 100 шақты адам 
Оралдың  сыртқы  жағына  жиналып  және  түнгі  сағат  12-де  10  адамдай  қырғыздар  урядник 
Чеботаревтің пикетіне шабуыл жасады, қарулы қарсылыққа тап болған олар кері кетті» [14, 30-32, 41-
42, 51пп.] делінген. 
 
1822 жылы 27 маусымда Жаңа Елек шебінің командирі есауыл Аржанухин: «Қазақтар Жаңа Елек 
шебіне шабуыл жасауда шекара барымтасын жасап малдарды әкетуде және бұхар керуенінен 330 сом 
күміс  ақша  тұратын  тауарларын  тартып  алды»,  –  деп  баяндаған  [15,175-185  пп.].  1822  жылы  4 
тамызда  есауыл  Аржанухин  Орынборға  көтерілісшілер  шабуыл  жасау  үшін  үлкен  топтармен  Електен 
өтіп жатыр деген хабар берген. Оларға қарсы полковник Струнов басшылығымен 2-ші тептер әскери 
казак полкі жіберіледі. Красногор бекінісінен Оралға дейінгі барлық елді мекендерге шабуыл жасалды.  
Бұл  туралы  патша  үкіметінің  офицері  әскери  статистик  И.Ф.Бларанберг  Жоламан  тарханның 
туының  астына  3  мыңдай  адам  жиналып,  өлкені  үрейде  ұстағандығын  мәлімдей  отырып,  одан  әрі:« 
Ценой  крови  купили  казаки  обладание  плодоносными  берегами  Илека;  старинные  владетели  его  не 
раз под предводительством своих батыров собрались огромными толпами и дрались на смерть, желая 
лучше расстаться с жизнью, нежели с кочевьем предков» [16, с. 96], –  деп көтерілісшілердің азаттық 
үшін жандарын құрбан етуге дайын екендіктерін жазды. 
1822 жылы Жоламан тархан өзінің әділдікке жетуге ұмтылысы сәтсіз аяқталғанына қарамастан, 
бір жыл өткен соң Жоламан Эссенге тағы да хат жолдайды. 1823 жылы 6 тамызда урядник Плешков 
арқылы Эссенге жолдаған хатында, Жоламан қазақтардың наразылығының басты себептерін айқын да 
анық  ашып  көрсетіп,  талаптарын  баяндайды.  Жоламан  тархан  хатында:  «Жоғары  мәртебелі  патша 
ағзамның  мақсаты  бізге  дәл  осындай  арсыздықпен  қарау  емес  шығар  деп  үміттенеміз.  Егер  олай 
болмаса,  мен  тархан  ретінде  сізден  Нарын  құмдарын,  жаз  жайлап,  қыс  қыстаған  Өзен  бойын, 
Жайықтың  далалық  жағын,  Елек  қорғанысынан  тыс  жатқан  Елек  өзенінің  екі  жағын  да  бізге  беруді, 
сол  жерлерге  салынған  ірі  бекіністер  мен  отрядтарды  әкетуді  сұраймын.  Егер  сіздің  қолыңыздан 
келмесе,  онда  патша  ағзамға  осы  туралы  хабарлауыңызды  өтінемін.  Онсыз  да  Санкт-Петербургке 
жіберген  елшілеріміз  Арынғазы  сұлтан  мен  Жүсіп  тархан  Сырымұлының  қайтып  оралмауына 
байланысты  және  олардың  елге  қайтуына  император  патша  ағзамның  неге  рұхсат  етпей  отырғанын 
білмегендіктен  ордалықтар  мазасыздануда,  егер  біздің  өтінішімізге  патша  ағзам  құлақ  асып,  көңіл 
бөлсе, онда біз оған риза болар едік, егер олай болмаса, біздің ордалықтардың көңілі қалып, мазасы 
кетері хақ ...» [8, 201-202 бб.],  –  деп жазды. Солай болар-ау деп ойлағандай, бұл хат та жауапсыз 
қалды.  Осыдан  соң  Жоламан  тархан  1823  жылы  3  қыркүйекте  тағы  да  Эссенге  алдыңғыларынан  да 
ұзақ  етіп  тағы  да  хат  жазады.  Бұл  хатқа  да  Эссен  жауап  бермеді,  оның  орнына  «тұтқындарды 
босатудағы  үлкен  табыстары»  үшін  Жоламан  батырға  327  сомдық  сыйлық  жібереді.  Сонымен  бір 
мезгілде Орынбор Шекара Комиссиясы Жоламан тарханға бұдан былайғы келіссөздердің Шерғазы хан 
арқылы жүргізілуі керек екендігін хабарлайды. Ал Жоламан тархан оны халқын сатқан опасыз ретінде 
өте  жек  көретін.  Патша  өкіметі  тонаған  қазақтардың  өмір  сүруге  қажет  талаптарын  бейбіт  жолмен 
қанағаттандыруға тырысқан Жоламанның әрекеттері осылайша нәтижесіз аяқталады [8,202 бб.]. 
Жоламан  1823  жылы  күзде  тұтқындағы  есауыл  Падуровты  босату  жайлы  келіссөз  жүргізуге 
келген  хорунжий  Биккининге  Ресейге  қарсы  соғысты  Елек  өзені  бойына  бекініс  Шебін  салғаны  үшін 
жүргізіп  отырғандығын,  себебі  «ол  жерлерде  бұрын  қазақтармен  бірге  мұның  өзінің  де  мал  азығына 
ыңғайлы  жерлері  болғаны,  ал  қазір  тақыр  далада  көшіп  қонуға  мәжбүр  болғанын,  олар  үшін  қазір 
аштан өлу немесе өз істері үшін күресіп өлудің бәрібір екендігін, Жаңа Елек Шебі бойындағы жерлер 
ордалықтарға  берілмесе,  Өзен,  Қамыс-Самар  жанындағы  қарауылдар  әкетілмесе,  онда  ордалықтар 
бекініс Шебіне шабуыл жасауды тоқтатпайтындығын» ашып айтқан [8, 203 б.]. 
Жоламан тархан Тіленшіұлы бастаған көтерілісшілердің шабуылы 1824 жылы қайта жанданды. 
Сәуірде  Жоламан  тархан  Шерғазы  ханның  ауылына  шабуыл  жасады  және  120  бас  жылқыны  айдап 
әкетті. Хан Красногор бекінісіне қарай көшіп кетті. Айшуақ сияқтылардың ауылдары тоналып, 300 бас 
жылқы  айдап  әкетілді,  Тоқходжа  және  Баймұхамед  Айшуақов  тұтқынға  түсіріліп,  Ілеге  әкетілді. 
Мамырда  Орск бекінісінің коменданты Ордың бас жағында, ішкі жаққа шабуыл жасау үшін «адамдар 
мен малдарды айдап әкету үшін» 400 «ұрылар» жиналғандығы туралы хабарласа, 30 мамырда есауыл 
Прихвостов  Шекаралық  комисияға  көтерілісшілер  Әлімұлы  руынан  Бүркітбай  және  Жетіру  руынан 
Тоқтыбай 150 адамымен Орынборға дейін Губерлин, Ильин, Жоғарыкөл, Гирьян және т.б. бекіністерге 
шабуыл жасау үшін, Елек арқылы Жайыққа өтті деп хабар жеткізеді. Ақырында, Орал әскери кеңсесі 
Шекаралық комиссияға Ембі мен Іле өзендерінде Оралдан 100 шақырымда Горск бекінісіне қарсы Есет 

 
20 
Көтібарұлы және Табылды басшылығымен шепке шабуыл жасау және жылқыларды айдап әкету үшін 
«тым көп мөлшерде» көтерілісшілер жиналуда [15, 344, 349, 351-354 пп.], деп хабарлайды. 
Жоламан  тархан  бастаған  көтерілісшілерге  қарсы  500  Орынборлық  казактардан  құралған 
жазалаушы  отряд  жорыққа  жіберілді.  1825  жылы  наурызда  мықты  қаруланған  жазалаушы  отрядтар 
Бұлдырты,  Шиелі  және  Талды  өзені  бойындағы  жүздеген  қазақ  ауылдарын  талқандады.  Қазақтар 
қайтпас  қайсарлықпен  қорғанды.  Қанды  қақтығыстан  қазақтардан  195  адам  өлді,  125  тұтқынға 
алынды  оның  ішінде  әйелдер  мен  балалар  да  бар.  Олар  Орал  түрмесіне  әкетілді,  онда  өте  ауыр 
жағдайда  ұсталған  тұтқындардың  көбісі  түрмеде  аурудан  қайтыс  болды.  Ал,  Жоламан  тарханның 
сағын сындырмақшы болған патша үкіметі оның көтеріліске қатысқан алты бірдей туыс бауырын Орал 
түрмесіне  қалдырмай  ит  жеккенге  айдатып  жіберді.  Осы  қантөгіс  шабуылдың  нәтижесінде  Жоламан 
Тіленшіұлы қарсылықты уақытша тоқтатуға мәжбүр болды [10, с.158-159].  
Жоламан  тархан  көтерілісінің  кең  қанат  жайған  кезі  1835  жыл  болды.  Осы  тұста  Орск  мен 
Троицк  арасында  Жаңа  Шеп  салынуы  нәтижесінде  10  мың  шаршы  шақырымнан  астам  жерінен 
айырылған, жағалбайлы, жаппас, алшын, арғын, қыпшақ рулары өз беттерінше күреске шыға бастады. 
Осы  қазақ  руларының  жағдайы  адам  төзгісіз  ауыр  болатын.  Олар  Ырғыз  бен  Торғайға  қарай 
ығыстырылып,  шекараға  жақын  жерлерде  көшіп-қонуға  және  сол  үшін  өте  үлкен  сомада  ақы  төлуге 
тиіс  болды.  Осында  қолайлы  жайылым  таппаған  көптеген  ауылдар  шоғырланды,  халық  арасында 
шекаралық  басшыларға  қарсылық  өсті.  Қазақтар  өз  тараптарынан  қарсылықтарын  Шеп  маңы 
бекіністеріне,  сауда  керуендеріне  шабуыл  жасау  арқылы  көрсетті  [8,  203  б.].    Кейінірек  Жоламан 
Тіленшіұлына Іле, Қобда, Елек, Ембі өзендері бойында көшіп-қонып жүрген қазақтар қосылды, сонан 
соң  Жоламан  батыр  сарбаздарымен  Исатай  Тайманұлы  бастаған  көтеріліске  қатысты  [8,  204  б.]. 
Сонымен,  ХІХ  ғасырдың  20-30  жылдарындағы  Жоламан  Тіленшіұлы  басшылығымен  болған 
қозғалыстың  тарихи  маңызы  зор:  бұл  бұқара  халық  тың  патша  үкіметінің  отаршылдық  саясатына 
қарсы  маңызды  қарсылықтарының  бірі  болды;  Жоламан  Тіленшіұлының  патша  үкіметіне  қарсы 
жүргізген соғысы Кенесары Қасымұлы көтерілісіне ұласып, одан әрі жалғасын тапты [8, 203;188 бб.]. 
          Жоламан  тарханның  өліміне  қатысты  деректе:  Жоламан  тархан  Тіленшіұлы  царизмге  қарсы 
барлық  батырлар  мен  Қоқан,  Хиуа  халықтарының  басын  қосу  қамында  жүрген  кезінде  Ташкент 
құшбегі  өлтірген  [17,131  б.].  Ташкент  құшбегінің  Жоламан  батыр  Тіленшіұлын  өлтіруінің  себебіне 
келсек:  Бұхарлықтар  мен  Жоламан  тархан  одақтасып  Қоқандықтарға  қарсы  күш  болады,  деп 
қорқуларынан  туындаған  болуы  мүмкін.  Бұл  –  бір.  Екіншіден,  Жоламан  Тіленшіұлының  жұмбақ 
жағдайдағы қазасына патша үкіметінің де қатысы бар сияқты. Өйткені 1848 жылғы 23 қазанда әскери 
старшын  Арыстан  Жантөрин  шекаралық  комиссияға  Жоламан  тарханның  қайтыс  болғандығы  туралы 
мәлімет береді [18,5б.]. Патша үкіметі Жоламан батырдың өз қатарына бұхар, хиуа, қоқан халықтарын 
қосып алып үлкен күшке айналуынан қорыққан болатын. Осыған қарғанда, ұлт азаттығы көтеріліснің 
ұйымдастырушысы, әрі басшысы Жоламан тарханның ізіне көп жылдар бойы шам алып түскен патша 
үкіметінің  батырдың  қазасына  қатысы  болмаса,  үкімет  басшыларына  берген  арнайы  рапорттары 
міндетті  түрде  жазбаға  түсіп  тіркелген  болар  еді.  Ал,  1848  жылғы  23  қазандағы  Жоламан 
Тіленшіұлының  қайтыс  болуының  себебі  баяндалмай  жай  ғана  хабарлама  түрінде  берілуінің  өзі 
батырдың  қазасына  патша  үкіметінің  пұлға  жалдаған  жансыздарының  тапсырмаларын  нақты 
орындағандығы туралы ресми хабарлауы болып көрінетін ойға жетелейді. 
Энциклопедист  –  ғалым  Телжан  Шонанұлы:  «1836-1838  жылдары  Исатай  Тайманұлы  мен 
Жоламан тархан Тіленшіұлдары бастаған үлкен  көтеріліс болды. Бұл  көтерілістер  –  жер  үшін болған 
көтеріліс, «жер тағдыры – ел тағдыры» [20, 263 б.], – деген болатын. Олай болса, жер үшін, ел үшін 
болған бұл  көтеріліс  қазақ мемлекеттігін сақтап қалу  үшін  қан төгілген ұлт  азатық көтеріліс  дегенге 
келіп саяды. 
ХІХ  ғ.  20-40  жылдардағы  ұлт-азаттық  көтерілісін  арнайы  зерттеген  ғалым  Е.Бекмаханов 
Кенесарының  туының  астында  топтасқан  серіктерінің  арасында  азаттық  соғыстың  мүддесіне  аяғына 
дейін берілген, қанды шайқастарда ерлігімен көзге түскен қара халықтан шыққан батырлармен бірге 
феодал бекзаттардан шыққан сұлтан Наурызбай, табын руының биі Жоламан Тіленшіұлының да есімін 
атайды [21, 61 б.]. Бұл дерек, кезінде М.Вяткин айтқан Жоламан тархан қозғалысы кең аймақты қамти 
алмады, тек Жеті руды ғана қамтыды деген пікірдің [19 с. 229] жаңсақтығын дәлелдейді. 
Жоламан  тархан  бастаған  ұлт-азаттық  көтерілісі  сәтсіздікпен  аяқталғанымен,  Ресей  патша 
өкіметінің  отаршылдық  саясатына  қарсы  ХVІІІ  ғасырдың  50  -  жылдарындағы  Тама  Есет  тарханның 
башқұрт бауырлармен бірге бастаған отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттығы күресінің және Сырым тархан 
Датұлы мен әкесі Тіленші тархан Бөкенбайұлы бастаған (1783-1797 жж) ұлт азаттық қозғалыстарының 
сабақтасқан жалғасы болды [21]. 
Тәуелсіздікке  қол  жеткізу  жолындағы  елім  деген  ерлердің  қандары  текке  төгілмеді. 
Халқымыздың  ғасырлар  бойы  жалғасқан  ұлт-азаттық  үшін  күрес  тарихының  тағылымы  –  Қазақстан 
Республикасының тәуелсіз, егеменді ел болуына жеткізді.   


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет