№3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы



Pdf көрінісі
бет4/20
Дата22.12.2016
өлшемі2,32 Mb.
#175
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Литература:  
1. Государственный архив Оренбургской области (далее ГАОО), Ф.6, Оп.10, Д.4630/1 

 
27 
2.  Материалы  по  историко–статистическому  описанию  Оренбургского  казачьего  войска.  Вып.  10. 
1910г.– 304 с. 
3. ГАОО, Ф.6, Оп.17, Д.63 
4. ГАОО, Ф.6, Оп.10, Д.6648 
5. Государственный архив Астраханской области, Ф.1, Оп.8, Д.303 
6. Бергштрессер К.О. О соляных источниках в России.//Астраханские губернские ведомости.  -  № 48, 
1855. 
7.  Гаркема  В.  Очерк  месторождений  соли  и  добычи  ея  в  Астраханской  губернии  //  Приложение  к 
Памятной книжке Астраханской губернии. – Астрахань, 1890. - 87 с. 
8. ГАОО, Ф.6, Оп.3, Д.7117 
9. Неизвестный В.И.Даль. Оренбург. 2002. – 480 с. 
10. ГАОО, Ф.6, Оп.10, Д.4649 
11. ГАОО, Ф.6, Оп.10, Д.4884 
12. ГАОО, Ф.6, Оп.17, Д.60 
 
Түйіндеме  
Бұл мақалада тұз шаруашылығында тұз ұрлау және осы қылмысқа қатысқан әлеуметтік топтар 
туралы айтылады.  
Summary  
In article is told about salt larceny and participation a crime of different categories of the population in 
19 century.  
 
 
ОТТЫ ЖЫЛДАРДАҒЫ – ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫНЫҢ БАСПАСӨЗІ МЕН РАДИОСЫ 
 
Қ.Сүндетұлы,
 т.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Ұлы  Отан  соғысы  қарсаңында  еліміздегі  қуатты  мұнай  арсеналына  айналған  Ембіде  жаңа 
кәсіпшіліктер  ашылып,  маман  кадрлар  өсіп  шықты.  Байшонас,  Ескене,  Қосшағыл  кәсіпшіліктерінің 
басын құраған «Ембанепті» тресінде мұнай өндіру еселеп артты. Бұрынғы жұмысшы Сары Жүсіпов  – 
облыстық  Кеңес  атқару  комитетінің  төрағасы,  Ұзаққали  Төралиев  –  еңбекшілер  депуттарының 
Шевченко атқару  комитетінің төрағасы, Қазақ ССР Ұлы Кеңесінің депутаты, Тымықбай  Шырдабаев  – 
Бақсай  (қазіргі    Махамбет  –  Қ.С.)  аудандық  атқару  комитетінің  төрағасына  дейін  көтерілді.  Каспий-
Орскі  мұнай  ағызу  трубасы,  Гурьев-Қосшағыл  су  трубасы  салынды.  Аудандағы  халықтың 
сауатсыздығын  жойып,  мәдениетін  көтеруде  және  олардың  қоғамдық  өмірге  белсенді  араласуына 
«Социалды  ауыл»  газетінің  қосқан  үлесі  зор  еді.  Газеттің  редакторы  Қ.  Жақсылықов  пен  хатшысы 
Даулетовтың  1940  жылы  6  қаңтарда  облыстық  партия  комитетінің  баспасөз  және  баспа  ісі  бөліміне 
берген  анықтамасында  мынадай  жолдар  бар:  «Газеттің  штаттан  тыс  тілшілері  –  406,  олардың 
арасында  тұрақты  жазатыны  –  80,  партия  мүшесі  –  14,  ЛКСМК  мүшесі  –  22,  партияда  жоқ  –  34. 
Олардың  ішінде  тұрақты  жазады:  Партия  ұйым  жетекшілері  –  5,  кеңестік  ұйым  жетекшілері  –  5, 
комсомол жетекшілері – 1, аудан мекеме басшылары – 2, стахановшылар – 0 [1]. Бұл тізімнен байқап 
отырғанымыздай газеттің тірегі – тілшілер. Алайда еңбек озаттары мен жұмысшылар арасынан мақала 
жазатын адамдардың жоқтығы, редакция құрамының өндіріспен тікелей байланысы төмен жатқандығы 
көрінеді.   
 Газет  компартияның  үні  болғандықтан  жергілікті  партия,  атқару  комитеттері  редакцияның 
бұқара  арасында  жүргізіп  отырған  қызметін  басты  назарда  ұстады.  Жылыой  аудандық  партия 
комитетінің  1940  жыл  18  қаңтар  күні  өткен  №  56  бюро  мәжілісінде  «Аудандық  «Социалды  ауыл» 
газетінің жұмысы туралы» атты мәселе қаралып, газет редакторы Қ. Жақсылықов баяндама жасайды. 
Бюро мәжілісінде сөйлеген ж.ж. Шалағаев, Сақпанов, Айтмұқановтардың сын-ескерпелері басшылыққа 
алынып,  күн  тәртібіндегі  мәселе  бойынша  бюро  мәжілісі  мына  мәселелерді  атап  көрсетті:  аудандық 
газет 1940 жылы мал шаруашылығы мен егіс жұмыстарын жан-жақты көрсетіп, еңбек озаттарының іс-
тәжірибелерін  таратты.  Дегенмен  аудандағы  мұнай  өндірудің  жайы  аз  көрсетіліп,  бұрғылау 
жұмыстарын, өндірістегі көбейіп кеткен оқыс оқиғалар  мен босқа тұру фактілері  туралы аз жазылып 
тұрған.  Жыл  ішінде  4  бас  мақала  мен  65  хабарлар  жарық  көрген.  Аудандағы  мекеме  басшылары, 
колхоз  төрағалары  газетке  мақала  жазбайды.  Стахановшылар  қозғалысын  өрістетуге  арналған 
социалистік  жарыс  қорытындылары  жарияланбайды.  Ауыл-жұмысшы  тілшілерімен  редакция 
құрамының байланысы өз мәнінде емес, мекеме, колхоздардағы  қабырға газеттері  редакторларының 
сырттан  оқуы  ұйымдастырылмаған.  Осындай  олқылықтарды  көрсете  келіп,  ҚК(б)П  аудандық 
комитетінің бюросы төмендегідей қаулы қабылдады: 

 
28 
«1.  Аудандық  газеттің  жұмысындағы  кемшіліктерді  жойып  ҚК(б)П  Орталық  Комитетінің 
аудандық  комитет  жұмыстарын    қайта  қарау  жөніндегі  қаулысын  іске  асыруды,  газет  ауданның 
өмірімен тығыз байланысты болуын қамтамасыз етуді газет редакторы Жақсылықовтан талап етілсін. 
2.  Газет  бетінде  партия  тұрмысы,  партия  пропоганды  жұмысы  жеке  ҚК(б)П  тарихын 
оқушылардың,  сондай-ақ  үгіт  коллектив  пен  агитаторлардың  арасындағы  жұмыстар  мен  олардың 
опыттарының тәжірибелі жақтарын жазып отырумен газетке басшы қызметкерлермен, әсіресе партия 
басшы қызметкерлерді қатыстырып отыруды Жақсылықовқа тапсырылсын. 
3.  Газет  өзінің  күнделікті  бетінде  ауданның  барлық  жұмыстары  жөнінде  әсіресе  мал 
шаруашылығы,  мұнай  өндірісі  жөніндегі  алдыңғы  қатарлы  стахановшылардың  екпінділердің  жұмыс 
әдістерімен  іс  үлгілерін  жазумен  жұмысты  жаман  салақ  жасайтын  өндіріс  пландарын  орындай 
алмайтындардың  істерін  бойлай  жазып  отыруды  міндеттейміз  және  газет  өзінің  бетінде  анық 
шындықты, фактыны көрсете білуін тапсырады. 
4.  Газет  өзінің  күнделікті  бетінде  өндірісте,  ауыл  шаруашылығында  мекемелерде  СССР  Ұлы 
Совет  Президумының  26  июньде,  10  июльдегі  Указдарының  іске  асырылуы  мен  ол  указдарды 
бұзушыларды  бойлай  әшкерелеп,  жұмыстағы  простойды  аварияны  жоюда,  жұмысты  сапасыз 
жасаушыларды  ашудағы  жұмыстарын  батыл  ұйымдастыруды  газет  редакторы  Жақсылықовқа 
жүктелсін. 
5.  Жұмысшы-ауыл  тілшілер  мен  қабырға  газет  редакторлеріне  басшылық  ету,  олардың 
арасындағы    көпшілік  тәрбие  жұмыстарын  жақсарту,  жиі-жиі  кеңестерін  өткізіп  отыру  жұмысы 
ұйымдастырылсын.  Әсіресе  жұмысшы  -ауыл  тілшілерімен  қабырға  газет  редколлегиясының  сырттай 
оқитын  курсын  үздіксіз  жүргізумен  олардың  кеңестерін  өткізіп  отыру,  жеке  әңгімелер  өткізу 
консультация  жасап  тұру  ҚК(б)П  аудандық  комитетінің  үгіт  пропаганды  бөлімі  Сақпанов  пен  газет 
редакторы Жақсылықовқа тапсырылсын. 
6. Аудандық газетке ауыл шаруашылығындағы, өндірістегі мамандарды басшы қызметкерлерді 
тартуда, әр шаруашылықтың тарауларына қарай мамандармен басшы қызметкерлердің кеңесі өткізіліп 
отырылсын. Газетке сөз жазатын актив авторлары саны көбейтілсін. 
7. Газет тарату жұмысын тағайындалған тиражына жеткізумен газетке жазушылардың қажетін 
жеткізіп  тұруды  тәртіптен  кеңседе  газеттің  көп  жатып  қалушылығын  жою  агенттер  мен  газет 
таратушылардың  жауапкершілігін  күшейту  аудандық  қатынас  бөлім  начальнигі  Рақымбердиев 
жолдасқа тапсырылсын.  
8. Газет заметкаларымен анығын ашу  үшін мекемелерге жолдаған тілші хаттарын уақытында 
тергеп  қорытындысын  редакторға  хабарлап  отыру,  тілші  хаттарына  газет  заметкасына  жауапсыз 
қараушылықты жою барлық мекеме басшыларымен бастауыш партия  ұйымдастырушыларының және 
заң орындарына тапсырылсын» [2].  
Осындай сын-ескертпелерді жүзеге асыру бағытында «Социалды ауыл» газеті редакциясының 
ұжымы  бірқатар  шараларды  ұйымдастырды.  Газеттің  алғашқы  беттерінде  жоғарғы  ұйымдардың 
шешімдері,  И.В.Сталинің  ВКП  тарихын  оқып-үйрену  туралы  еңбектері,  шиеленіскен  халықаралық 
жағдайлар  туралы  материалдар  берілді.  Батыстағы  гитлерлік  Германияның  көршілес  бейбіт  елдерді 
жаулап  алуына  байланысты  еліміздің  қорғаныс  қауіпсіздігін  қатаң  сақтауға  бағытталған  ақпарат 
құралдары  қызметкерлері  үшін  «өте  құпия»  құжаттар  да  қабылданды.  ҚК(б)П  Гурьев  облыстық 
комитеті  жанындағы  әскери  бөлімнің  1941  жыл  17  наурыз  күнгі  №  59/8  қатынас  хатында  аудандық 
газеттердің  жауапты  қызметкерлерінің  әскери  жұмылдыру  кезіндегі  іс-қимылдары  анықталды.  Бұл 
құжатта  редакция  журналистерінің  әскерге  шақыруға  арналған  аудандық  актив  жиналыстарына, 
митингілеріне  барған  жағдайларындағы  және  газеттің  осы  мәселеге  арнап  кезектен  тыс  бетшелерін 
шығарудағы  жеке міндеттері мен жауапкершіліктері атап көрсетілді [3].  
Ұлы Отан соғысы қарсаңында бейбіт өмірде жатқан еліміздің саяси-экономикалық күш қуатын 
арттыруға Ембі мұнайшылары мен ауылшаруашылығы еңбекшілерінің қосқан үлесі «Социалды ауыл» 
газеті  беттерінде  жарқырай  көрінді.  Аудан  экономикасының  негізгі  саласы  мұнай  өндірісі,  ауыл 
шаруашылығы  мен  балық  аулау  мәселелері  де  назардан  тыс  қалмады.  Ауыл  және  жұмысшы 
тілшілермен байланыс жақсартылды, мекемелердегі қабырға газет  редакторларымен семинар-оқулар 
өткізілді.  Газет  бетінде  ауыл-село  тілшілеріне  арналған  беттер  ұйымдастырылып,  бұл  бағытта 
атқарылып жатқан жұмыстардан есеп жарияланды.  
«Социалды ауыл» газетінің 1941 жыл 1 мамыр күнгі № 39 (692) санында тілші Н. Даулетовтың 
«Алған  міндеттемелерін  асыра  орындады»  атты  мақалада  Қосшағыл  мұнай  өндіру  бөлімінің 
механикалық  шеберханасының  (бастығы  Нагорнов  жолдас)  мұнай  өндірудегі  қол  жеткен  табыстар 
баяндалады.  1  мамыр  мерекесі  кұрметіне  социалистік  жарысқа  қосылған  ұжымның  мүшелері 
қабылдаған  көтеріңкі  міндеттемелерін  асыра  орындаған.  Атап  айтқанда:  «Қазірде  механикалық 
мастерскойдың  коллективі  бұл  алған  міндеттемесін  189,8  процент  етіп  асыра  орындады.  Сондай-ақ 
жеке стахановшыларда  айлық пландарын асыра орындады. Сварщик  Жармағамбетов жолдас апрель 
айының  планын  278,1  процент,    слесар  Шекушкин  261,2  процент,  кузнец  Қазыбаев,  балғашы 

 
29 
Саудабаев  жолдастар  226 проценттен  және  сварщик  Жолдыбаев  197,5  процент  етіп  алған 
міндеттемелерін  артығымен  орындап  шықты»  [4].  Дәл  осындай  табыстарға  бұрғылау  бөлімінің 
механикалық мастерскойының жұмысшылары да қол жеткізген.    
Газеттің  осы  санында  ауданның  егіс  алқабынан  жазылған  бірнеше  хаттар  легі  басылыпты. 
Тілші Қ. Кемаловтың «Егіс жұмысы жақсы аяқталды» атты мақаласында Ембі кеңесіне қарасты Микоян 
атындағы колхозда егін егу жұмыстары қысқа мерзімде аяқталғаны әңгіме болады. Одан әрі: « ...Қазір 
колхозшылар егіс жеріне тұқым шашу, атыз салу және басқа қызметтерін де бірқатар орындар шығыр 
құруға  да  жаппай  кірісіп  атыр.  Бұл  жұмыстыда  тез  аяқтап  су  құюды  бастамақ.  Өткен  жылы  колхоз 
дәнді  егістің  гектарынан  16  центнерден  өнім  алған  болса,  биыл  онанда  жоғары  өнім  алуды  көздеп 
отыр.  Колхоздағы  1940  жылы  6  гектар  жерге  егін  салып  онан  958  пұт  өнім  алған  звено  Мұстапиев, 
5 гектар жерден 600 пұт өнім алған Шатанов Кетебай өздерінің сөздерінде биыл өткен жылғыдан егіс 
өнімін анағұрлым жоғары аламыз» деп шешім алған. 
Аудандағы өндіріс, колхоз және мекемелер жанынан жарық көретін қабырға газеттерінің жайы 
да назардан тыс қалмай, олардың жұмысы қолға алынды.  Тілші Ш. Құлжановтың «Колхоздың қабырға 
газеттері  көрнекті  жұмыс  жасауға  тиіс»  атты  мақаласы  осының  айқын  дәлелі.  «Қара  арна  ауыл 
советіндегі  Қазақстан,  Жаңа  жол  колхоздары  колхозшыларының  жалпы  жиналысы  бойынша  колхоз 
жанынан март айынан бастап қабырға газеттері ұйымдастырлыған болатын,  - деп жазады тілші одан 
әрі:  -  Қазір  бұл  газеттердің айына 3 реттен нөмірлері  шығып колхоздың егіс және мал шаруашылық 
жұмыстарындағы жетістік, кемшіліктерді, алдыңғы қатарлы адамдардың іс үлгілерімен кейінгілерге үлгі 
боларлықтай  етіп  жазып  тұрады.  Қазақстан  атындағы  колхоз  жанындағы  қабырға  газеттің  соңғы 
шыққан  бір  нөмірінде  колхоздың  егіс  даласындағы  және  төл  алудағы  жұмыстарда  көрнекті  қызмет 
жасап  жүрген  алдыңғы  қатарлы  адамдардың  үлгілі  істері  жазылған...».  Мақала  қабырға  газеттері 
стахановшылар қозғалысына егіншілерді толық қатыстыруға, екпінділер қатарын көбейтуге өз көмегін 
тигізеді деп қорытындылаған. 
Баспасөз мерекесіне арналып жарық көрген «Социалистік ауыл» газетінің 1941 жыл 5 мамыр 
күнгі  №  40  (693)  санының  алғашқы  беті  «Партияның  ең  өткір,  ең  күшті  құралы  –  большевиктік 
баспасөз  жасасын!»  деген  айдармен  ашылыпты.  Бұл  беттегі  «Большевиктік  баспасөздің  салтанатты 
мерекесі»  атты  басмақалада  баспасөздің  ұйымдастырушылық,  насихатшылық  және  үгітшілік  рөліне 
тоқтала  келіп,  оның  жақын  кезде  капиталистік  елдерді  экономика  жағынан  басып  озуда,  еліміздің 
еңбекшілерін  коммунистік  рухта  тәрбиелеуде,  ұлы  отанымыздың  отан  қорғау  күш  қуатын  нығайтуда 
баспасөзге  аса  құрметті,  аса  жауапты  міндеттер  жүктеліп  отырғандығын  баса  көрсеткен.  Тілші  М. 
Смағұловтың  «Тілшілер  газет  жұмысына  белсене  қатынасулары  керек»  атты  мақалада  газет  тілшісі 
болу аса ардақты құрмет және жауапты іс екендігін айта келіп былай дейді: «Мен 1939 жылдан бастап 
аудандық «Социалистік ауыл» газетіне жазып келемін. Бұл менің өз жұмысымды жақсартумен газетке 
қатысудағы белсенділігімді арттырды. Осы жылдың өткен 4 айы ішінде аудандық газетке ? (әріп қатесі 
кеткен – Қ.С.) хат жазған болсам мұның барлығыда газет бетіне шықты. Тілші хаттарының газет бетіне 
түгел  шығып  отыруы  оның  анық  шындық  және  фактілі  болуына  байланысты.  Жазған  хатың  анық 
шындық дұрыс фактілі болса ол еш уақытта да аяқсыз қалмай газет бетіне шығып отырады. 
Мен  жұмыстың  жақсы  жағы  болсын  төмен  жағы  болсын  анық  шындықты,  фактіні  жазамын. 
Сондықтанда  ол  аяқсыз  қалмайды.  Менің  барлық  қалам  қайраткерлері  тілшілерге  беретін  кеңесім 
газет  жұмысына  белсене  қатынасумен  өткір  қаламдарын  да  суытпай  батыл  шындықты  жазып 
отыратын болыңыздар деймін».   
Ауданда  мал  шаруашылығын  өркендету  бағытында  атқарылып  жатқан  жұмыстар  нәтижесі 
газет  беттерінде  кеңінен  көрініс  тапқан.  Газет  беттерін  ақтарған  сайын  мал  фермалары  мен  озат 
бақташылар  туралы  мақалаларға  кездесесіз.  Жоғарыдағы  1941  жылғы  5  мамыр  күнгі  жарық  көрген 
«Социалды  ауыл»  газетінің  бірінші  бетінде  тілші  Қ.Шелденовтың  «Жұмысы  жақсарған  ферма»  атты 
мақаласында Прорво советіндегі «Жаңа күш» колхозының қой фермасының (бастығы Өмірбеков) қол 
жеткен табыстары баяндалса, ал мал бағудың қыры-сырын үйретуге шақырған тілші С. Құлжановтың 
«Малды  Қалжандай  бағу  керек»  деген  мақалада  төмендегідей  жолдар  бар:  «Калинин  атындағы 
колхоздың сиыр фермасында сиыршы болып Қалжан Қашақов 1936 жылдан жұмыс жасайды. Ол өзінің 
адал  жұмысын  іс  жүзінде  көрсетіп  келеді.  Қалжан  баққан  сиырда  өлім,  болмаса  күйсіздік  деген 
болмайды.  Өткен  қыста  бұл  фермадан  56  баспақ  қотыр  ауруына  шалдыққан  еді,  оның  бірде-бірін 
шығынға  шығармай  тез  уақыт  ішінде  Қалжан  жолдас  жазып  алды.  Бұл  ферманың  сиырынан  қыс 
кезінде де, жаз кезінде де арық болмаса жүдеушілікке ұшырып жүрген бірде сиырды көрмейсің. Оның 
себебі  Қашақов  жолдастың  сиырды  қысы-жазы  бірдей  мәпелеп  күтімін  арттырып  баға  білгендігінің 
нәтижесі» [5].  
 
Соғыс басталар шақта аудан еңбекшілерінің бейбіт еңбектің көрігін қыздырып, мұнай мен мал 
шаруашылығын  өркендетуде  қол  жеткен  жетістіктерін  жан-жақты  көрсетуде  «Социалистік  ауыл» 
газетінің ұжымы осындай игі жұмыстар атқарды. 

 
30 
1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия біртұтас Кеңестер Одағына тұтқиылдан шабуыл 
жасады. Гитлер көпұлтты елімізге сұрапыл күшті соққымен тиісті. Фашистік агрессияға тойтарыс беру 
туралы Қызыл Армия бұйрық алысымен майданда кескілескен ұрыстар басталды.  Республикадағы сан 
алуан  баспасөздің  сапында  қысқа  уақыт  ішінде  Жылой  аудандық  «Социалды  ауыл»  газеті  де  өз 
жұмысын соғыс уақытына бейімдеп құрды. Соғыс басталған шақта жарық көрген газеттің 1941 жыл 1 
қазан  күнгі  №  84  (731)  санында  майданға  жылы  киімдер  жинау,  оқушылардың  колхозға  көмегі, 
соғысқа өз еркімен баруға тілек білдірушілер туралы бірнеше мақалалар беріліпті. Тілші С.Мұқашевтың 
«Шақырушылардың пункті әзір» атты мақаласында Қызыл Армияға шақырылған жастарды  қабылдау 
мен қаралу орны тиянақты әзір екендігі баяндалса, 1922 жылы туған әскерге шақырылушы Б.Сартаев 
«Артиллерист болғым келеді» атты мақаласында былай дейді: «...Мен призывке толық әзірмін. ПВХО, 
ГСО,  ГТО  және  Ворошилов  атқыштарының  значоктеріне  норма  тапсырып  алдым,  саяси  білімімді 
көтеруде, партия тарихын өз бетіммен түгелдей оқып шықтым, 6 тарауына дейін жасаған конспектім 
бар.  Бүгін  шақыру  пунктінде  комиссияға  қаралғанда,  армия  қатарына  жарайтыным  сөссіз.  Комиссия 
армияның қай бөліміне барасың деп сұраса, оған мен қуанышты түрде және ойымдағы жақсы көретін 
артеллерист болам, сол путевкемде атап жазылсын деп сұрар едім». Тілші М.Тәменованың «Әйелдер 
армияға жылы киімдер  беруде» деген мақалада аудан орталығында бір  күннің ішінде 50 әйел  4 пар 
байпақ, 3 бөрік, 4 одеяло, 1 простыйна, 3 шарф, 2 күрте бешпет, 33 көйлек, 20 беторамал, 15 қолғап, 
7  жылы  шұлық  және  5  стан  берген.  Тілшілер  Мусин,  Халиев  дегендердің  «Оқушылар  колхоздарға 
көмек  көрсетті»  атты  заметкасында  жас  балғындардың  белсенділігін  былайша  баяндапты: 
«Сентябрьдің  21  күні  демалыста  Амангелді  атындағы  орталау  мектептің  80  деген  оқушылары 
«Амангелді» және «Чапаев» атындағы колхоздарға барып олардың жиналмай жатқан егістерін жинап 
беру  үшін  үлкен  көмек  көрсетті.  Сол  күні  оқушылар  колхоздың  5  гектар  тарысын  және  2  гектар 
бақшасын  жинап  берді.  Колхозға  көмек  көрсетуде  үлгілі  жұмыс  жасаған  IV  класс  оқушылары  – 
Нұртаев,  Тілепбергенов  тағы  басқалар  болды.  Сонымен  қатар  оқушыларды  ұйымдасқан  түрде 
басқарып  апарып,  колхозға  көмектесуде  комсомол  мүшелері  ж.  Есенғазиев,  Дүйсебаев,  Тілеубаев 
және Қосиқбаев сияқты ерекше жұмыс көрсетті»  [6].  
Жылой  ауданының  халқы  соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап-ақ  асқан  саяси  зор 
ұйымшылдықтың үлгілерін көрсетті. Мұнай кәсіпшіліктері мен колхоздарда еңбек тәртібі күшейіп, әрбір 
ұжым  жаңаша  жұмыс  істеудің  өз  борышы  деп  санады.  «Барлығы  майдан  үшін,  барлығы  жауды 
талқандау үшін!» деген патриоттық шақыруға үн қосып, көтеріңкі еңбек вахтасына тұрған бригадалар 
мен  жұмысшылардың  саны  артты.  Аудан  жастарының  кезекті  сенбілік  өткізгені  туралы  «Социалистік 
ауыл»  газетінің  1941  жыл  11  қыркүйек  күнгі  №  78  (731)  санында  тілші  Н.Дәулетовтің  «Жексембілік 
ұйымдасқан түрде өтті» және Б. Бажиковтың «Жексембілікке 527 адам қатынасты» атты мақалалары 
беріліпті.  Алғашқы  мақалада  7  қыркүйек  күні  ауданның  жүздеген  жұмыскер-қызметкерлері 
Халықаралық  жастар  күнінің  27  жылдық  мерекесіне  арналған  комсомол  жастардың  бүкілодақтық 
сенбілікке  тегістей  шыққандығы  былайша  хабарланыпты:  «...Таңертеңгі  сағат  7-де  мекеме, 
кәсіпорындарында  жасайтын  200  деген  қызметкерлер  Қосшағыл  промуправлениясының  алдына 
жиналып,  топтарын  түзеумен  нефтепровод-  тағы  май  құятын  қазандардың  айналасында  жер  қазу 
жұмысын  жасады.  Жексембілікке  В.В.О.  мен  В.П.К.(литоның  ережесі  бойынша  кәсіпшіліктер  аты 
газетте  аталмайды  –  Қ.С.)  коллективтері  ұйымдасқан  түрде  қатынасты,  олар  жер  қазу  жұмысында 
жақсы  жасады.  Екі  коллектив  3-4  сағаттың  ішінде  90  текше  метр  жерге  топырақ  төседі.  25  адамнан 
ұйымдасқан  комсомол  бригадасы  (бастығы  Ерғалиев)  70  текше  метр  жерге  топырақ  төкті.  Бұл 
бригадіде  Қосшағыл  орта  мектебінен  келген  Ғалиева  Насиха,  Қыстауғалиев  Қайырғали,  Ахметова 
Кенған жаңа автограждан қатысқан Белаусов жолдастар жер қазу жұмысын бар ынталарымен жасады
өздерінің жасаған жұмыстарын басқаларға үлгі болғандай етті. Сұлтанов Айтқали, Абуллина Мариям, 
Ғалиасқарова  Сания  және  Балиуллина  Дания  жолдастар  жер  қазу,  топырақ  төсеу  жұмыстарын  бар 
ынта жігерлерімен атқарды. Сонымен  қатар  Қосшағыл орта мектебінен 95  оқушы балалар  3 звеноға 
бөлініп, металлом жинауға шықты. Бұлар осы жұмыста түскі сағат 12-ге дейін болып 3140 килограмм 
металлом жинады. Металлом жинауда оқытушы Таубаевтың звеносы 33 баламен 2 тонна, Қасымовтың 
звеносы 42 баламен 1 тонна металлом жинап алда болды. Осы күні Қосшағыл промуправлениясында, 
промсыл  көлеміндегі  есепші  адамдардан  16 адам  жұмыс  жасап  251  сом  табысын  тапқан,  бұны 
түгелдей  осы  жексембіліктегі  табылған  табысқа  қосты.  Жексенбіліктің  қорытындысында  бұл  күні 
барлығы 420 адам жұмысқа шығып,  1798 сом 82  тиынның табысын тапты. Мектеп оқушылары 3140 
кило металл сынықтарын жинады. Табылған табыстың барлығыда отан қорғау қорына түсірілді» [7]. 
Бұл күнгі газет бетінде Отан қорғаудың сарқылмас қорын жасақтауда «Жаңа жол» колхозы ортадан 80 
центнер  астық,  колхозшылардан  1755  сом  ақша,  «Қазақстан»  колхозы  ортадан  50  центнер  астық, 
колхозшылары  1365  сом,  «Үшінші  бесжылдық»  колхозы  ортадан  30  центнер  астық,  колхозшылары 
3000  сом  ақша  жинап  бергені  жазылыпты.  Сөйтіп  барлығы  11  колхоз  орталық  қордан  1762,  5  пұт 
астық,  колхозшылар  ортасынан  ақшалай  6120  сом  және  14669  сомның  облигацияларын  берді. 
Сонымен қатар осы айтылған колхоздың колхозшылары 1065 еңбек күндеріне жазылған. 

 
31 
Ел  басына  күн  туған  шақта  жергілікті  жерлердегі  қабырға  газеттерінің  жұмысы  да  соғыс 
талабына қарай құрылды. Еңбек ұжымында қалған көзі ашық, сауатты адамдардың күшімен барынша 
қабырға  газеттері  шығарылып,  қос  басына  немесе  көпшілік  орындарға  ілініп  қойылды.  Адамдардың 
көзайымына айналған аудандық, облыстық газеттердегі жарияланған майдан хабарларын кешкісін бір 
үйге  жиналып  дауыстап  оқу  жолға  қойылды.  Қанша  қиыншылық  болса  да  газетке  жазылу  жұмысы 
кенже қалмады. Гурьев облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің 1941 жыл 12 қараша күнгі № 268 
(2470) санындағы «Сталиндік вахта газеті» атты заметкада мынадай жолдар бар: «Қосшағыл. Жылой 
аудандық байланыс бөлімі жанынан «Сталиндік вахта» атында қабырға газеті шығып тұрады. Газетте 
байланыс  бөлімі  қызметкерлерінің  үлгілі  жұмыстары,  отан  соғысы  күндерінде  еңбекшілердің  хат-
хабарларын  уақытымен  жеткізіп  отыру  жөніндегі  жеке  қызметкерлердің  жақсы  жұмыстары  жазылып 
отырады.  «Сталиндік  вахта»  газеті  Октябрь  мерекесіне  дейінгі  сандарында  ұлы  мереке  алдындағы 
жарыста алынған міндеттемелердің орындалуының барысын жазып отырды», - деп қабырға газетінің 
рөлін  жоғары  көтерсе,  келесі  18 қарашадағы  №  273  (2475)  нөмірінде  «Газетті  көптеп  таратуда» 
мақалада  тілші  Ә.Сатыбалдиев  былай  деп  хабарлайды:  «Эмба  ауылындағы  (Жылой  ауданы)  «Жаңа 
таң»,  Микоян  және  Ворошилов  атындағы  колхоздардың  колхозшылары  осы  жылдың  ІV  тоқсанына 
республикалық «Социалистік Қазақстан» газетіне 12  дана, облыстық «Социалистік Құрылыс» газетіне 
123  дана  және  аудандық  «Социалистік  ауыл»  газетіне  483  дана  газеттеріне  жазылды. 
Колхозшылардың арасында газет тарату жөнінде Шамшиев Ә. жолдас жақсы жұмыс істеді» [8].  
Соғыстың  алғашқы  айларында  Қызыл  Армияның  лажсыз  шегінуінің  ауыр  зардаптары  болды. 
Еліміздің ірі кәсіпорындары уақытша жау қолында қалып, бірсыпырасы орталықтан шығысқа көшірілді. 
Қазақстан еңбекшілері Отан соғысының мұқтаждары үшін республиканың орасан зор мол ресурстарын 
өте  тез  жұмылдырудың  қажеттігін  жақсы  түсінді.  Солардың  қатарында  нық  тұрған  Жылой  ауданы 
еңбекерлері де соғыстағыша еңбек етудің үлгісін көрсетті. Әсіресе майдан үшін бірінші кезекте танк, 
самолет, пароход, ауыр атқыш техникалары үшін Ембінің таза мұнайын көптеп өндіру міндеті тұрды. 
Бұл  жауапты  тапсырманы  соғыстың  алғашқы  айларында  мұнайшылар  жүзеге  асырғанын  1961  жылы 
жарық  көрген  Қазақ  ССР  тарихы  кітабының  ІІ  томында  былай  деп  көрсетіліпті:  «...Ембінің  мұнай 
кәсіпшіліктері  июль  айының  жоспарын  25  күннің  ішінде  орындап  шықты.  Ең  ірі  мұнай  кәсіпшіліктері 
Байшұнас пен Қосшағыл  июльдің 18 күнінің ішінде айлық тапсрымасын артығымен орындап шықты» 
[9].  
Сұрапыл  соғыс  жүріп  жатқанда  аудан  халқы    де  қол  үзген  жоқ.  Өндірістен  тыс  демалыс 
уақытында  немесе  кешкісін  бір  үйге  жиналып  алып  газет  оқыса,  егіс  басында  мұғалімдер  мен 
оқушылар концертін тыңдады.  Алматы мен облыс орталығынан өнер адамдары келіп, көңілді концерт 
ұйымдастырды.  Сөйтіп  халықтың  еңсесі  көтеріліп,  ұлы  жеңіске  жігерленді.  1941  жылдың  26 
желтоқсанында  Гурьев  облыстық  орыс  драма  театры  38  адаммен  Жылой  ауданының  орталығы 
Қосшағылда    болды.  Театр  ұжымы  Испанияның  драматургі  Лопеда-Веганың  күлкілі  «Басқалар  үшін 
ақылсыз, өзі үшін ақылды», Островскийдің «Кінәсізден кінәлі», еврей халқының тұрмысынан алынған 
Гординнің «За океаном» және Виктор Гюгоның «Мария тиюдер» деген постановкаларын, жаңа жылға 
арнап 1942 жыл 31 желтоқсан күні өте қызғылықты концерт қояды. Көремендердің театр әртистерін 
жылы қабылдағанын «Социалистік ауыл» газетінің 1942 жыл 1 қаңтар № 1 (764) санында: «Қойылған 
пьесалардың  барлығыда  өте  жақсы  болды.  Қойылған  постановкалардың  өте  жақсы  көрсетілгенінен 
қарағанда,  театрдағы  артистердің  актерлық  міндеттерін  және  жалпы  театр  коллективінің  өзінің 
алдына  қойылған  міндеттерді  ұлы  абыроймен  атқарып  отыратындықтарына  сенім  мол»,  -  деп 
ризашылдық пікір білдіріпті.  
Қызыл  Армия  үшін  жылы  киімдер  мен  іш  киім  жинау,  ел  қорғау  қорын  жасау  қозғалысына 
белсене  қатынасқан  аудан  тұрғындарының  бастамалары  «Социалистік  ауыл»  газетінің  басты 
тақырыбына  айналды.  Жылы  киімдерді  қабылдайтын  комиссия  жұмыстары,  жеке  адамдардың  үлесі 
туралы мол материалдар жарияланды. Аудан халқы сонымен бірге майданға неше түрлі сыйлықтар да 
жіберіп  отырды.  Жоғарыдағы  1  қаңтар  күні  шыққан  аудандық  газеттің  беташары  «Жауынгерлерге 
жаңа  жыл  подаркаларын  көп  жіберуді  ұйымдастырайық!»  деген  тақырыппен  басталады.  Бұл  бетте 
жарияланған  тілші  С.Ізжановтың  «20  колхозшыдан  500  сом»  және  Н.Дәулетовтың  «Бір  күнде  755 
сомның  подаркасы  жиналды»  атты  мақалалары  бар.  Онда  былай  деп  жазылған:  «Қызыл  Армия  мен 
айбынды  Қызыл  флотшыларға  Жаршық  ауыл  советінің  колхозшылары  подарка  жіберу  жұмысына 
үлкен  өрлеумен  кірісті.  Соның  нәтижесінде  Шаукеров  20  сом,  Есениязова  15  сом,  Халықов  40  сом, 
Кенғанов  50 сом  подарка  берді.  Сөйтіп  Жаршық  советінен  колхозшылар  500  сомның  подаркасын 
жіберу  үшін  ақшаларын  қолма-қол  тапсырды»,  -  делінсе,  келесі  мақалада:  «Құлсары  өндірісінде 
жұмысшы-шаруа  Қызыл  Армиясының  жауынгерлеріне  жаңа  жылға  қарсы  подаркаларын  жіберу 
жұмысы  қызу  қолға  алынды.  ...Өндіріс  көлемінде  бір  күннің  ішінде  жауынгерлерге  жіберуге  755 
сомның подаркасы жиналды. Өндірістегі активтер бұл жұмысты әлдеде қызу қолға алып жатыр» деп 
баяндаған [10].  

 
32 
Жаңадан  келген  1942  жылы  елімізде  орын  алған  соғыс-саяси  жағдайы  тылды  нығайту, 
майданның  мұқтаждарына  өнімді  көптеп  өндіру  жөнінде  халықтың  бұрынғыдан  да  үлкен  күш 
жұмсауын  керек  қылды.  Моторлар  соғысы  деп  аталған  кезеңде  еліміздің  зәру  мұқтаждары  мұнай 
шығаруда Кавказдың жау қолында өтуімен Ембі мұнайы ерекше маңызға ие болды. Жылой аудандық 
партия,  кеңес  және  кәсіподақ  ұйымдары  жұртшылықтың  майдан  мен  тылдың  бірлігін  нығайтудағы 
жанқиярлық  еңбегін  насихатауда  газеттің  рөліне  ерекше  мән  беріп,  кезекті  бюро  мәжілістерінде 
басшылық бағыт-бағдар беріп отырды. Аудандық партия комитетінің 1942 жыл 27 қаңтар күнгі № 103 
бюро мәжілісінде «Аудандық «Социалистік ауыл» газетінің 1941 жылғы жұмысының қорытындысы мен 
қазіргі  жұмысының  барысы  жайлы»    (баяндамашы  редактор  Ерғалиев)  туралы  мәселені  арнайы 
тыңдауы осының айғағы. Бюро мәжілісінің хаттамасының 11 тармағында былай делінді: «Социалистік 
ауыл»  газеті  басқармасының  1941-жылдың  ішінде  жасаған  жұмысы  жайлы  жауапты  редакторы 
Ерғалиевтың баяндамасын тыңдап ҚК(б)П-ның Жылой аудандық комитетінің бюро мәжілісі мыналарды 
есептеді.  Большевиктік  баспасөздің  рөлін  атқаруда,  көпшілікті  ұйымдастырып,  партия  мен  үкіметтің 
күшті  құралы  болу  жөніндегі  ұлы  көсеміміз  Ленин  жолдастың  «большевиктік  баспасөз  тек  қана 
коллективті  пропагандист,  коллективті  үгіттеуші  болып  қоймай,  сонымен  қатар  коллективті 
ұйымдастырушы  болу  керек»  деген  тарихи  сөзін  орындауда  аудандық  «Социалистік  ауыл»  газеті 
біркелкі  жұмыстар  жасаған.  Жылдық  план  бойынша  шығарылуға  тиісті  саны  105  болса,  жыл  ішінде 
 110  болып  шығарылған.  Жыл  ішінде  газет  бетіне  1527  материал  басылған.  Сонымен  қатар  бюро 
мәжілісі редакция тарапынан мынадай кемшіліктердің болғанынын атап көрсетеді. «Социалистік ауыл» 
газеті  ауданымыздың  негізгі  шаруашылығы  мұнай  өндіру  жөнінде  өте  қанағаттанарлықсыз  жазып 
келген. Жұмысшылардың социалистік жарыс және стахановтық қозғалыстары жөнінде өте аз жазған. 
Олардың  үлгілі  жұмыстарын  кейінгілерге  кеңінен  тарату  жөнінде  баспасөз  бетінде  басшылық  ете 
алмаған.  Сол  сияқты  партия,  совет  құрылыстары  мен  комсомол  және  денсаулық  сақтау  мәселелері 
жөніндегі материал тіпті жеткіліксіз, әсіресе агитация-пропаганда мәселесі туралы да өте аз жазылған. 
Тілшілермен  жиі  қатынас  жасап,  оларға  басшылық  ету  жағыда  тіпті  қанағаттанарлықсыз  болған. 
Тілшілердің қатарын көбейтуде жұмыс істелмеген. Қабырға газеттеріне басшылық ету, олр мен аяқтай 
жұмыс  жасап,  нақтылы  көмектесу  жөнінде  тиянақты  басшылық  жасалмайды.  Ауыл  шаруашылық 
мәселесі  жөнінде  әсіресе  колхозшылардың  қазіргі  Отан  соғысы  жөнінде  қандай  жұмыстар 
жасағандығын  және  олардың  алған  міндеттемелерінің  орындалуын  тексеру-бақылау  жұмысы  да  өте 
жеткіліксіз»  [11].  Күн  тәртібіндегі  осы  мәселе  бойынша  аудандық  газеттің  мүддесін  отан  соғысы 
жағдайына  сай  қайта  құрып,  бюро  мәжілісінде  атап  көрсетілген  кемшіліктерді  жоюға  арналған  тиісті 
қаулы қабылданды.   
1942  жылдың  алғашқы  айларында  аудан  еңбекшілері  өндірісті  кеңінен  өрістетіп,  отан  қорғау 
жұмысына  олардың  барлық  күш  жігерлерін  жұмылдыру  бағытында  бірқатар  шаралар  жүзеге 
асырылды.  Мұнайшылар  жетіспеген  материалдар  орнын  жаңа  әдістермен  ауыстырып  өнім  өндіру 
көлемін ұлғайтты. Тапшы цемент пен металды үнемдеуге мүмкіндік беретін кондукторсыз бұрғылауды 
игерді,  мұнай  қабаттарына  су  қаптату  жолымен  скважиналарды  пайдаланудың  екініші  әдісін  ойлап 
тапты.  Жаңадан  Комсомольск,  Жолдыбай,  Қошқар,  Тентексор  пайдалануға  беріліп,  Гурьевте  мұнай 
айыру  зауыты  іске  қосылды.  Іс  тетігі  мамандардың  шеберлігін  арттырудың,  оларды  дайындаудың 
сапасы жақсарды. Осындай оңды жұмыстар аудандық басылым беттерінде бірінен соң бірі жарық көріп 
жатты. Құлсары өндірісіндегі ФЗО мектебі түлектерінен жаңа ұжым құру туралы газеттің 1942 жыл 7 
ақпан  №  11  (774)  кезекті  санында  тілші  Айғалиевтың  «Жас  кадрлардан  буровой  бригадасы 
ұйымдастырылды» атты мақаласы осының айқын дәлелі. Сондай-ақ «Социалистік ауыл» газетінің осы 
жылғы 10 ақпан № 12 (775) санында жарияланған «Қосшағыл-Құлсары мұнайшылары соғыс заказын 
мүлтіксіз  орындайтын  болсын»  атты  басмақалада  тісіне  дейін  қаруланған  фашистік  герман 
армияларының  күлін  көкке  ұшыруда  біртұтас  кеңес  халқы  майданға  қажетті  заттардың  барлығын 
қанша керек болса, сонша жіберу керектігін ескерте келіп былай делінді: «...Қазіргі Ұлы Отан соғысы 
Эмба  мұнайшылары  алдында  майданға  сапалы  мұнайды  көп  беру  міндетін  қойып  отыр.  Осы  Эмба 
мұнайшылары алдына қойылған зор міндеттен біздің Қосшағыл-Құлсары мұнайшылары да үлкен үлес 
алып отыр. Биылғы жылы бұл екі өндірістің мұнайшылары отанымызға сапалы мұнайдан былтырғыдан 
анағұрлым  көп  беруге  тиісті.  Оның  үшін  бұл  екі  өндірістің  жұмысшылары,  инженер-техниктері  және 
олардың  жандарындағы  партия,  совет  және  профсоюз  ұйымдары  отан  соғысы  кезіндегі  өздерінің 
алдарына қойылып отырған ұлы міндеттерді шын абыроймен орындап шығу үшін соғыстағыша жұмыс 
жасап,  қызыл  жауынгерлеріміздің  танктерімен  самолеттеріне  керекті  бензинді  үсті-үстіне  еселеп  көп 
бере беру үшін жанаямай күресулері керек.  
Жасыратыны  жоқ  біздің  ауданымыздың  бұл  екі  мұнай  промсылы  әлі  күнге  дейін  бұрынғы 
қарқындарын өзгертіп, соғыстың талабы бойынша жұмыс жасай алмай келеді. Қазіргі жағдайда ескіше 
әдіспен  жұмыс  жасаудың  зиянды  екенін,  жұмысты  отан  соғысы  мүддесіне  сәйкесті  істеудің  керек 
екеніндігі туралы көсеміміз Сталин жолдастың тарихи нұсқауын орындауда бұл екі өндіріс артта алып 
келеді» [12].  

 
33 
Отан  қорғау  ісі  бүкілхалықтық  сипат  алғандықтан  майданға  өз  еркімен  сұранып  кеткендер 
арасында  аудандық  газеттің  қызметкерлері  де  болды.  1942  жыл  3  маусым  күні  аудандағы  облыстық 
литоның бұрынғы уәкілі Ж.Сақпановтың армия қатарына кетуіне байланысты оның орнына аудандық 
партия  комитетінің  ұйымдастыру  нұсқау  бөлімінің  бастығы  Ж.Тасқарин,  оның  орынбасарлығына 
штаттан  тыс  насихатшы  Ж.Оспашин  беркілді.  Бірақ  ауданда  баспасөздің  төменгі  буыны  деп  аталған 
қабырға  газеттерінің  жұмысын  жақсарту  ісі  кенже  қалып  қойды.  Газет  ісінен  хабары  бар  сауатты 
адамдардың  жетіспеуі,  уақыттың  тығыздығы  немесе  күндіз-түні  жұмыста  жүргендіктен  жауапты 
адамдар  қабырға  газеттерін  шығаруға  селқостық  танытты.  Гурьев  облыстық  «Социалистік  құрылыс» 
газетінде  Жылой  ауданындағы  қабырға  газеттерінің  жұмысын  жаңа  жолға  қою  мәселесіне  арналып 
бірнеше  мақалалар  жарияланды.  Тілші  С.Айғалиевтың  1942  жыл  27  маусым  күні  №  150  (2664) 
санында  жарияланған  «Қабырға  газеттерінің  жұмысы  жаңа  арнаға  қойылсын»  атты  заметкасында 
Құлсары  мұнай  кәсіпшілігінің  жанынан  жарық  көретін  бірнеше  қабырға  газеттерінің  жұмысына 
төмендегіше шолу берілген: «Бұрғылау бөлімінің жанынан шығатын «Жауынгерлік листок» (редакторы 
Қаржаубаев),  промуправление  жанынан  шығатын  «За  нефть»  (редакторы  Егоров),  мұнай  өндіру 
бөлімінің  жанынан  шығатын  «Жауынгерлік  листок»  (редакторы  Мұстафитденов)  газеттері  кезінде 
саплы  болып  шығарылады.  Бұл  газеттерде  өндірістік  кемістік,  жетістіктері,  өндірістегі  алдыңғы 
қатарлы жұмысшылардың іс үлгілері жиі-жиі жазылады.  
Бірақ,  промыселда  жұмысты  жаман  істеп  отырған  қабырға  газеттері  де  жоқ  емес.  Автогараж 
жанынан  шығатын  «Жауынгерлік  листок»  (редакторы  Көпкенов),  облторг  жанынан  шығатын 
(редакторы  Зыганщик)  газеттердің  бір  нөмірі  бес  айда  азар  шықты.  Вахта  охрананың  жанынан 
шығатын  «Настраже»  газеті  (редакторы  Сабитов)  сауатсыз,  қалай  болса  солай,  өте  мәдениетсіз 
шығарылады.  Ал  вахта  охрананың  саяси  жетекшісі  Арыстанов  пен  охрананың  бастығы  Боранбаев 
жолдастар  қабырға  газеттің  сапалы,  қазіргі  талапқа  сай  шығуымен  айналыспайды.  Міндет  қабырға 
газеттерін қазіргі талапқа сай – сапалы, мәдениетті етіп шығару үшін күресті күшейту керек. Қабырға 
газеттері өз өндірісінің өмірін, озаттар тәжірибесін, өндірістегі кемшіліктерді жиі жазып отыруға тиіс» 
[13]. Осылайша қабырға газеттері еңбекшілерді ерлік еңбекке, неміс жауыздарын тезірек талқандауда 
өз үлесін қосуы тиіс делінді. Баспасөзді, оның ішінде қабырға газеттерінің жұмысын соғыс тілегіне сай 
құру мәселесі тілші С.Ізжановтың 1942 жыл 17 шілде № 167 (2681) санындағы «Қабырға газеттерінің 
жұмысы  соғыс  талабына  сай  болсын»  деген  мақаласында  көрініс  тапқан.  Тілші  Жылой  ауданындағы 
«Қызыл ту», Каспий колхоздарының жанынан шығатын «Сталиндік вахта», Қосшағыл промыселының 
механикалық  мастерскойының  «Жауынгерлік  листок»    қабырға  газеттерінің  жұмысына  ұнамды  баға 
бере  келіп,  кейбір  газеттер  жұмысына  тоқталады:  «Бірақ  қабырға  газеттері  мезгілінде  шығып 
тұрмайтын жерлерде бар. Мысалы, «Қызыл қала» ауыл советінің жанынан шығатын «Сталиндік вахта» 
газеті,  Ракөш  советі  жанынан  шығатын  «Сталиндік  вахта»  газеті,  Құлсары  промыселы  жанынан 
шығатын «За нефть» газеттерінің редакторлары айына екі рет газет шығарудың орнына 2-3 айда бір 
рет  шығарған,  оның  өзіде  сапасыз  шығады.  Мысалға  Ракөш  ауыл  советінің  жанынан  шығатын 
«Сталиндік  вахта»  газетінің  бір  нөмері  тек  екі  мақаламен  шығарылған.  Сол  сияқты  Қосшағыл 
промыселы  жанынан  шығатын  «За  нефть»  газеті  апрель  айынан  бері  бір  ретте  газетте  шығармай 
келген.  
Алдағы  уақытта  қабырға  газет  редакторлары  қабырға  газеттің  жұмысын  соғыс  талабына  сай 
жақсартулары  керек»  деп  қорытындылаған  [14].  Жоғарыдағы  «Қызыл  ту»  колхозының  жанынан 
шығатын «Сталиндік вахта» газетінің ұнамды жұмыстарына «Социалистік ауыл» газеті де орын беріпті. 
Тілші Д.Әуелбаевтың осы газеттің 1942 жыл 12 шілде № 53 (816) санындағы «Сталиндік вахта» газеті 
мақаласында:  «Ұлы  Отан  соғысы  күндерінде  фашизмге  соққы  беріп  жатқан  қызыл  жауынгерлерге 
арнап  қосымша  егін  егу,  жалпыға  бірдей  әскери  оқу  жұмыстарын  жүргізу,  ұлы  Сталиндік  вахтаға 
тұруда  жұмыс  нәтижелерін  және  колхозшылардың  іс  опиттарын  газетке  үзбей  жазып  тұрады. 
Сондықтан да газетті колхозшылар сүйсініп оқиды».  
Еліміздің  ең  маңызды  шаруашылық  аудандары  Украина,  Дон,  Кубаньнан  айырылып 
қалуымызға байланысты Қазақстан соғыстың алғашқы жылдарынан соңына дейін майдан үшін нағыз 
тылдың  қорына  айналды.  Майдан  үшін  ет,  май,  жүн,  темекі  және  т.б.  ауылшаруашылық  өнімдері 
республикамызда  көптеп  өндірілді.  Солардың  қатарындағы  Жылой  еңбекшілері  еңбек  тәртібін  қатаң 
сақтай отырып, қол жеткен табыстары газет беттерінде жан-жақты көрініс тапты. «Социалистік ауыл» 
газетінің  жоғарыда  көрсеткен  1942  жыл  12  шілде  күнгі  санында  тілші  М.Кенғановтың  «Оңалбаевтың 
звеносы»  атты  мақаласының  тақырыбы  «Қызыл  ту»  колхозының  звено  жетекшісі  Оңалбаевқа 
арналған.  Мақалада:  «Биылғы  жылы  бірінші  рет  жұмысқа  қатысқан  егісті  жыртуда  өзіне  беркілген  5 
гектар  егіс  жерін  Оңалбаев  жолдас  колхозда  бірінші  болып  бітірді,  егісті  жырту  мен  атыз  салу,  жаб 
(зявь)  соғу  және  егіске  с  құю  істерінде  агротехникалық  шараларды  толық  іске  асыра  білді,  қазірде 
Оңалбаев  егіске  су  құю  ісінде  үлгілі  ұйымдастырды»  [15].  Мұнайшылардың  ерен  еңбегіне  арнап 
газеттің осы санында тілші К. Лұқпановтың «8 күнде 299 процент» атты заметкасы бар. Оқып көрелік: 
«Қосшағыл  промыселінің  бұрғылау  бөлімінің  мастері  Гувановтың  бригадасы  22  июньнен  бастап  68 

 
34 
санды  буровойдың  95  күнде  қазып  пайдалануға  беруге  алған  еді,  соңғы  бүкілсоюздық  социалистік 
жарыстың  шарттарын  талқылай  отырып  бригада  бұл  буровойды  сүрегінен  27  күн  бұрын  бітіруді 
міндетіне алды. Жарысқа қосылған Гувановтың бригадасы июнь айының 8 күні ішінде жұмыс нормасын 
299 процент орындап шықты». 
Аудандағы  шөп  шабу  науқаны  мен  егістен  мол  өнім  алу  тақырыбында  газеттің  алғашқы 
беттеріне материалдар  көптеп  басылып тұрған. Қоғамдық малды қыста өлім-жетімге ұшыратпау, төл 
санын  арттыру  үшін  жаз  айларында  сапалы  егін  алуға  еңкейген  кәріден  жүгірген  балаға  дейін 
араласты. Аталмыш тақырыпқа «Социалистік ауыл» газетінің 1942 жыл 13 тамыз № 62 (825) санында 
«Ауданымызда  шөп  шабу  жұмысының  барысы»,  «Егістен  мол  өнім  алудың  қамы»  атты  және  т.б. 
бірнеше  хабарлар  арналыпты.  Солардың  арасында  тілші  Ж.Нұрмахановтың  «Гектарынан  17 
центнерден  өнім  алады»  деген  мақалада:  «Андреев  атындағы  егіс  звеносы  өз  жұмысына  қарқын 
туғызып, егіс жерінің әрбір гектарынан мол өнім алу жолында күресте. Сондықтан Ізтелеуова жолдас 
қарауындағы  бір  шығырды  дұрыс  пайдаланып,  оны  бір  минутта  тоқталысқа  ұшыратпай  егіс  жеріне 
шапшаңдылық  пен  су  құюда.  Соның  нәтижесінде  бұл  звено  егіс  жеріне  4  рет  су  құйып,  5  рет  құя 
бастады.  3  рет  арам  шөбін  отады.  Звеноның  егісі  тегіс  басын  жарып  тұр,  жақын  арада  егіс  ору  ісі 
басталмақ», - деп, егіншілер әр гектарынан 17 центнерден өнім алуға қол жеткізетіне сенім білдірген. 
Ұлы Отан соғысы жылдарында мектеп оқушыларыда майдан үшін  үлкендермен қатар сабақтан 
тыс  уақытта  жұмысқа  барып  еңбекке  араласты.  Мектепті  тастап  кеткен  оқушыларға  кешкі 
мектептердің  жұмысы  жолға  қойылды.  Газеттің  осы  санындағы  тілші  Д.Әуелбаевтың  «Оқушылар 
колхоз  жұмысында»  атты  хабарда  мектеп  оқушыларының  жазғы  еңбек  демалыстарында  ауылдағы 
мекемелерде  үлкендердің  орнын  басып  жұмыс  жасап  жүргендерін  былайша  көрсетеді:  «Қараша» 
орталау  мектебінің  оқушылары  жазғы  демалыс  кезінде  колхоз  жұмыстарының  тарауларына  бөлініп 
жұмысқа  кіріскен  еді,  кейбір  оқушылар  даңқты  Қызыл  армия  қатарына  алынған  әке,  ағаларының 
орнын  басып  үлкен  кісілердің  жұмысын  атқаруда.  Оқушы  Елесинов  колхоздың  көмекші  есепшісі, 
Халықов  оқу  үйінің  бастығы,  Кенжеғалиев  ауылда  өрт  сөндіру  бөлімінің  бастығы  болып  жасайды. 
Оқушылар  егіс  жұмысынада  көмектесуде.  Соның  нәтижесінде  егістен  мол  өнім  алу  үшін  жан  аямай 
жұмыс жасаған Сүгіров 90, Үсенов 60,  Тайшабаев 60 еңбек күн тапты» [16].  
Отты  жылдарда  баспасөзде  жарияланған  материалдарға  қатаң  талап  қойылды,  әсіресе 
осындай мазмұндағы  нұсқаулармен  қаруланған әскери цензорлар  облыста  жарық көрген газеттердің 
әр  бетінде  жарияланған  мақалаларды  тексеріп,  өндірістік  обьектілердің  тұрған  жері,  өнім  өндіру 
көрсеткіштері, адам күштері және т.б. мәліметтерді құпия ұстауға қажет болды. Бұл тақырыпқа қалам 
сілтеген журналистер от пен судың ортасында қалғандай еді. 
Баспасөздегі  құпияны  қатаң  сақтаудың  ережелері  жоғарғы  партия  ұйымдарының  қатаң 
бақылауында  болды.  Жасалған  тексеру  нәтижесі  көрсеткендей,  әскери  және  мемлекеттік  құпия  деп 
танылған  теріс  мәселелер  газет  беттерінде  үнемі  жарияланып  отырған.  Бұл  жұмысқа  жауапты  лито 
қызметкерлері әркез салқынқандық танытпағаны бетке басылды. ҚК(б)П Гурьев обкомы насихат және 
үгіт  бөлімінің  меңгерушісі  Бабиннің  аудандарға  жіберген  қатынас  хатында  осы  мәселелерге  кеңінен 
тоқталады:  «Жылқосы  аудандық  «Социалистік  ауыл»  газетінің  1942  жыл  2  қараша  күнгі  санында 
Қосшағыл  кәсіпшілігіндегі  Ұлы  Қазан  мерекесіне  арналған  мұнай  өндіру  көрсеткіштері  процент 
есебімен көрсетілген», - делінді, одан әрі аудандық цензор жұмысына басшылықты арттыру қажеттігі 
атап көрсетілді [17].  
Еліміздегі майдан мен тылдың бірлігі арқасында 1943 жылы Қызыл Армия үлкен жеңістерге қол 
жеткізді. Жау қолында қалған ірі қалалар тазартылды.   Кеңестік Информациялық радиохабары берген 
қуанышты  хабармен  жігерленген  Жылой  ауданы  еңбекшілері  майданға  мол  сыйлықтар  жіберу  ісін 
жалғастыра берді. Осындай тақырыпқа  «Социалистік ауыл» газетінің 1943 жыл 29 қаңтар күнгі № 8 
(873)  санында  «Колхозшылар  Қызыл  Армияға  сыйлықтар  беруде»  атты  бірнеше  хабарлар 
ұйымдастырылып,  «Қазақстан  колхозшысы»  атты  танк  коллоннасын  жасақтауға  қосқан  сүбелі 
үлестерін  былайша  көрсеткен:  «Қара  арна  ауыл  советіндегі  «Қазақстан»  және  «Жаңа  жол» 
колхоздарының  колхозшылары  майдандағы  Қызыл  армияға  тікелей  көмектесуде  үлкен 
ұйымшылдықпен  «Қазақстан  колхозшысы»  атты  танк  коллонасына  291.907  сом  қаржы  жинап 
тапсырған  еді.  Бұдан  кейін  колхозшылар  Қызыл  Армияның  ХХV  жылдық  мереке  күнінен  арнап 
сыйлыққа  250  килограмм  ет,  90  пұт  астық  жинап  тапсырды»  [18].  Аз  ғана  уақыттың  ішінде  аудан 
еңбекшілері  майданға  сыйлыққа  4  тонна  ет,  2 тонна  тары,  124  килограмм  сарымай,  64  кило  түйген 
тары,  30 кило  ірімшік,  100 пар  қолғап  пен  100  пар  шұлық  жіберген.  Жылой  ауданының  майданға 
жіберген сыйлықтарын аудан жастары 1943 жыл 5-9 мамыр аралығында Ленинградқа апарды. 
Аудан  баспасөзі  бетінде  тілшілер  қатарына  мекеме,  ұжым  басшыларын  сөйлетуде  қолға  алынғаны 
редакция  ұжымының жаңаша жұмыс істеуінің бір  көрінісі. «Социалистік ауыл» газетінің 1943 жыл 19 
мамыр  күнгі  №  27  (892)  санында  Аманкелді  атындағы  колхоздың  қой  фермасының  бастығы 
Д.Сегізбаев,  Ракөш  ауыл  совет  төрағасы  А.Қайыров,  Чапаев  атындағы  колхоздың  қой  фермасының 
бастығы С.Есетовтың мақалалары берілгені осының дәлелі.  

 
35 
Сұрапыл кезеңде Гурьев қаласында бір орталықтан аудандарға радио хабарын беруге қажетті қысқа 
толқынды  КВ-1,5  НК  байланыс  қабылдағышы  болды.  Гурьев  облыстық  байланыс  басқармасының 
бастығы  Бердіғұловтың  бұйрығымен  Қосшағыл  поселкесінде  радио  орталықтың  жұмысын  ашу  үшін 
техник А.Ф.Васильев 1943 жылдың 4-10 қаңтарында іс-сапарға жіберілді. Ал басқарма бастығының өзі 
де  осы  аралықта  мұнайлы  аймақтағы  барлық  байланыс  жүйелерін  тексеріп,  олардың  жұмысын 
жақсарту үшін іс-сапарға аттанды [19].  
 
Жылқосы  ауданында  «қағазсыз  газет»  деп  аталған  радиохабарын  ұйымдастыру  жұмыстары 
осылайша  жолға  қойылды.  Осы  тұста  біртұтас  тәртіпке  сай  барлық  тұрғындар  қолындағы 
радиоқабылдағыштар  бір  орталыққа  жинап  алынғандығын  ескерткім  келеді,  себебі  дұшпандардың 
идеологиямызға  жат  хабарын  тыңдатпау  туралы  үкіметтің  уақытша  қажеттігінен  туындаған  шара 
болатын.  Радиоқабылдағыш  аудандық  партия  комитетінде,  редакция  мен  ірі  мұнай  кәсіпшіліктердің 
қызыл бұрыштарына қойылған және оны тыңдаудың қатаң ережесі беркітіліп қойылды. 1943 жылы 18 
тамызда өткен Жылой аудандық партия комитетінің № 181 бюро мәжілісі қаулысымен Қосшағыл және 
Құлсары  селоларында  жергілікті  радиохабарын  ұйымдастыруға  шешім  алынып,  аудандық  газет 
редакторы  Қ.  Жақсылықовқа  бағдарламасын  жасақтау  тапсырылды.  Радиохабардың  қазақ  тіліндегі 
бөліміне Ермек Өтебаев пен орыс тіліндегісiне Ф.И.Чапурин тағайындалады. Орыс тіліндегі хабардың 
текстісін  әзірлеу  Цикирге  тапсырылады.  Аудандық  байланыс  бөлімінің  бастығы  Рахимберлинге 
аптасына  3  рет  жергілікті  радиоторабы  хабарын  беруді  жүзеге  асыруға  қолайлы  жағдай  туғызу 
міндеттелді [20].  
Осыдан  кейін  ауданда  радионүктелерін  іске  қосу  күн  санап  өсе  түсті.  1944  жылы  25  ақпан  күні 
Қарақұмдағы  жайылымдағы  малшылар  үшін  «Азнакөл»  ауылында  радионүктесі  хабар  бере  бастады. 
Бұл  радиожүйесіне  Куйбышев  орталау  мектебінің  директоры  ж.Жанаев  басшылық  жасайтын  болды, 
аудандық байланыс торабының бастығы Рахимберлин осы жерден 1 радиоұйымдастырушыны үйретуге 
кірісті [21].  
Жылқосы ауданында үгітшілердің Қызыл армияның неміс-фашистеріне күйрете соққы беріп, алға 
жылжуын  баяндау  үшін  саяси  картаны  пайдалану  қолға  алды.  1944  жыл  25  наурыз  күні  Қосшағыл 
мұнай  кәсіпшілігінде    дәріс  оқылатын  жерге  осындай  карта  ілініп,  жұмысшылар  айбынды  Қызыл 
армияның күндегі жеңіске толы жолдарымен танысып отырды. Осы мақсатта аудан басшылары Гурьев 
обком  хатшысы  С.Төлебаевтан  көрнекі  құралдармен  бірге  (саяси  карталар),  бір  дауыс  күшейткіш 
(громкоговоритель),  Құлсары  мұнай  кәсіпшілігіне,  аупарткомның  саяси-ағарту  кабинетіне,  үгітшілер 
отыратын  үйге  де  қосымша  дауыс  күшейткішпен  қамтамасыз  етуді  сұраған.  Егін  себу  науқанының 
басталуымен колхозшылар арасында қабырға газеті мен жауынгерлік үнпарақтар шығару үшін қажетті 
қағазбен қамтамасыз етуге көмектесуді өтініп, қатынас хат жіберді [22].   
Жылой  аудандық  «Социалистік  ауыл»  газетінің  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  орасан  зор 
еңбегі  болғанын  жоғарыдағы  деректерден  көруге  болады.  Дегенмен  сын  болмай,  мін  болмайды 
дегендей жоғары тұрған баспасөз беттерінде аудандық газеттерге шолуы уақтылы жарық көріп тұрды. 
Соның бірі облыстық «Социалистік құрылыс» газетінің 1944 жыл 25 тамыз күнгі № 170 (3255) санында 
«Өрісі  қысқа,  жасық  газет»  деген  газет  сыны.  Мақалада  Жылқосы  аудандық  «Социалистік  ауыл» 
газетінің  мұнай  мен  ауыл  шаруашылығын  өркендетудегі  жұмысына  сыни  баға  берілген.  Ауданда 
Қосшағыл,  Құлсары  кәсіпшіліктері  бар.  Егін  шаруашылығы  да  облыста  көлемі  арта  түскен.  «Аудан 
шаруашылығының  осындай  шешуші  салаларын  көпшілікке  көрсетуде  ҚК(б)П  Жылой  аудандық 
комитетінің  тілі  –  «Социалистік  ауыл»  газеті  (редакторы  Ерғалиев  жолдас)    тиісті  дәрежеде  жұмыс 
істей алмай келеді. Газет шаруашалықтың қай саласын да терең қамтып отырған жоқ.  ... газет май, 
июнь, июль айларында мұнай туралы бірғана мақала жазған, бірақ онда да бірде-бір мәселені батыл 
қоя  алмаған.  Бұдан  кейін  «Социалистік  ауыл»  газетінде  мұнай  өнеркәсібінің  мәселелері  жекелей 
жазылмайды.  Мәселен,  газеттің  осы  үш  айдағы  сандарында  Қосшағыл,  Құлсары  промсылдарында 
бұрғылау жұмысының, сол сияқты жерасты жөндеуінің жайы туралы бірде-бір мақала жазылған жоқ. 
Газет  Өтеулиев,  Беркәлиев,  Щапошева  сияқты  алдыңғы  қатарлы  мұнайшылардың  озат  тәжірибесін 
көпке түсінікті тілмен кең, айқын әйгілеу орнына, хабар ғана берген. Қорытып айтқанда, «Социалистік 
ауыл»  газеті  ауданның  мұнай  өнеркәсібін  олқылықтан  шығару  үшін  мұнайшылар  алдына  қойылған 
тұжырымды міндеттерді жұртшылыққа насихаттай алмай отыр» [23].   
Ұзақ  күткен  ұлы  Жеңістің  хабары  елге  де  келіп  жетті.  Енді  газеттер  бейбіт  өмірдің  тыныс-
тіршілігін  баяндауға  кірсті.  Бұл  міндеттен  аудандық  «Социалды  ауыл»  газетінің  ұжымы  да  биіктен 
көрінді.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  мұрағатында  сақталған  1945  жыл  9  маусым  күнгі 
«Баспасөз  жұмысы»  туралы  құжатта  төмендегідей  жолдар  бар:  «Жылқосы  ауданының  «Социалистік 
ауыл»  газеті  редакциясының  ұнамды  жұмыстарын  атап  өткен  жөн.  Газет  редакторы  болып  соғыс 
ардагері  Ерғалиев  қызмет  атқарады.  Ол  соғысқа  дейін  мұғалім  болған,  1939  жылдан  партия  мүшесі. 
Мұнымен қатар редакцияда жауапты хатшы, 3 әріп теруші, 1 баспашы және 1 дөңгелек айналдырушы 
(газет басатын тигель машинасы қол дөңгелегімен айналатын еді  – Қ.С.) Облыс баспаханасы арқылы 
газет  қағазы  үздіксіз  келіп  тұрады.  Газет  таралымы  –  1500  дана.  Газет  редакторының  айтуынша 

 
36 
таралым  сақталуда.  Ол  өзінің  1945  жылғы  жарты  жылдық  жұмысы  туралы  аудандық  партия 
комитетінің  бюросында  есеп  берген.  Газет  бетіндегі  материалдардың  барлығын  аудандық  цензор 
Байтанов тексереді, облыстық газет тарапынан ешқандай көмектер келмейді. Бірақ аудандық партия 
комитетінің  хатшылары  сирек  сөйлейді.  Жарты  жылдықта  аупартком  хатшысы  ж.Өтебаев,  кадр 
жөніндгі  хатшысы  Тасқарин,  хатшы  Көптілеуовтер  сөйлеген  жоқ.  Редакцияның  2  айлық  жұмыс 
жоспары  жасақталып, аупартком бюро мәжілісінде беркітіледі» [24].  
Қорыта келгенде, Ұлы Отан соғысы жылдарында Жылой аудандық «Социалды ауыл» газетінің 
редакциясы  қолда  бар  мүмкіншілікті  пайдалана  отырып,  уақыт  талабы  қойған  халықты  ұлы  жеңіске 
жұмылдыруда асқан зор еңбек атқарды. 
  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет