№3 (22) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 2.32 Mb.
Pdf просмотр
бет7/20
Дата22.12.2016
өлшемі2.32 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Мамыров Н.К., Нурпейсова Н.С., Нурпейсова Л.С. Формирование рынка труда в малых и средних 
городах Казахстана: Учебное пособие.- Алматы: Экономика, 2000.-223 с. 
2.
 
Джумамбаев С.К. Рынок труда в казахстанской экономике.-Алматы: Ғылым, 2000.-138 с. 
3.
 
Мамбетов  У.Е.  Қала  агломерациясының  өзектi  мәселелерi-  Қала  экономикасы:  қазiргi  кезеңдегi 
проблемалары  мен  даму  перспективасы,  ғылыми-практикалық  конференция  материалдары,  Ақтөбе, 
2000.  
Резюме 
В    статье  рассматриваются  актуальные  проблемы  малых  городов  Казахстана  -  агломерация 
города, безработица и экологические проблемы. 
Summary 
This article explores the topical problems of the small cities of Kazakhstan-agglomeration of the city, 
unemployment and environmental problems. 
 
 
АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ 
 
Р.Қ.Сабирова,  
э.ғ.к., доцент, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
  
Г.Табылдықызы
 магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
 
 
Агроөнеркәсіп  кешені  жүйесіндегі  инвестициялық  саясат  экономиканың  құрылымдық 
қайтақұрылу  мәселелеріне  бағынып,  агрокешеннің  барлық  салаларының  теңестірілген,  үйлесімді 
дамуын  қамтамасыз  етуге,  өндірістік  әлуетті  жаңартуды,  ғылыми-техникалық  прогресс  жетістігіндегі 
практикаға  енгізу  негізінде  қолдану  тиімділігін  арттыруды,  өндірісті  қайта  жаңғыртуды,  қор 
жинақтаушы  технологияларды  меңгеруді  қамтамасыз  етуге  бағытталуы  тиіс.  Ұдайы  өндірісті  жүзеге 
асыру  үшін  өнеркәсіптің  инвестициялық  әлуетін  қалыпқа  келтіру  керек.  Бұл  үшін  өнеркәсіптің 
амортизациясын  және  табыс  көздерінің  маңыздылығын  арттырып,  ауыл  шаруашылығы  өндірістерінің 
және тұтынылатын материалды-техникалық қордың баға тепе-теңдігін сақтауға тырысу керек.  

 
48 
Ауыл  шаруашылығы  инвестициялық  әрекетті  тұрақтандыру  мақсатында  жаңа  технологияларды 
сатып  алу  және  толық  құрылысқа  бағытталған  табысқа  салық  салынбайды.  Сонымен  бірге  кейбір 
құрылыс  материалдарын  өндірумен  байланысты  ауыл  шаруашылығына  жатпайтын  кәсіптен  түскен 
пайдаға  да  салық  салмаған  дұрыс.  Ауыл  шаруашылығы  несиесінің  арнайы  жүйесі  бағыттарының  бірі 
ретінде лизингті мемлекеттік мақсатта қолдану бюджеттің қорын дамыту, техника құралдарын сатып 
алуды  қаржыландыру,  мақсатты  несие  желісін  белсенді  қолдану,  жергілікті  қаржы  көздерін  жаңарту 
қажет. Қазіргі кезеңде техника құралдарын қайта жарақтандыру, мал шаруашылығы фермалары мен 
кешендерін  қайта  жаңарту,  машина  паркін  сапалы  соңғы  жетілген  машиналармен  жаңарту  аса 
маңызды.  
Ауыл шаруашылығы және кәсіпорын өнімдеріне қойылып отырған бағаны ескере отырып, алдағы 
жылдарда өз қаражаты есебінен ақша салымын салуға тек жеке кәсіпорындар қабілетті екендігін атап 
айтқан  дұрыс.  Ауыл  шаруашылығын  мемлекеттік  және  аймақтық  бюджеттен  қаржыландыру  ауыл 
шаруашылығы  әлуетін  және  агроөнеркәсіп  кешенінің  жай-күйін  түгел  жақсарта  алмайтындығы 
байқалады.  Жуық  арада  агроөнеркәсіп  кешеніне  бағытталған  банктік  инвестицияны  көбейту  үшін 
қолайлы  жағдай  жасау  мақсатында  мемлекеттік  деңгейдегі  шараларды  жүзеге  асыру  керек.  Қаржы-
несиелік жүйе дағдарысының алдын алу шараларының ішінде кәсіпорындар арасындағы өзара есепті 
реттеп,  сақтандыру  жүйесін  жасау  бірінші  кезекте  тұр.  Ауыл  шаруашылығы  экономикасын  қалыпқа 
келтіріп, экономикалық өсудің тұрақтылығын қамтамасыз ететін фактор – мемлекеттік несие саясаты, 
яғни шаруашылық субъектілерін қолдаудың саналы жалғасы.  
Экономикалық теорияда банктік мөлшерлемеге қатысты әртүрлі қөзқарастар бар. Өз уақытында 
Дж.  М  Кейнс  экономикалық  дағдарыстан  шығуға  тырысқан  елдерге  қолайлы  инвестициялық  климат 
жасауды,  яғни  инвестицияның  өсіп  отыруын  тұрақтандыруды  ұсынған.  Ол  үшін  «арзан  несиені» 
қолданып,  банктік  мөлшерлеменің  төмен  мөлшерін  қолдану  керектігін  айтқан.  Экономиканы 
тұрақтандырудың  басқа  шаралары  Дж.  М  Кейнс  пікірінше  инвестицияның  азаюына  әкеледі. 
Монитаризм негізін  салушы саналатын американдық  экономист  М.  Фридмен дағдарыстан шығу  үшін 
«қымбат  несие»  -  банк  пайызының  жоғары  мөлшерін  қолдануды  ұсынған.  Оның  ойынша  бұл 
инвестицияның  артып  өсуіне  жағдай  жасайды.  Бірақ  бұл  жұмыссыздық,  еңбек  ақының  төмендеуі 
сияқты кері әсерлерді туындатады.  
Қымбат  және  арзан  несие  арасындағы  айырмашылық  қайда?  Инвестицияны  өсіру  мен 
экономиканы тұрақтандырудың қолайлы жолын қалай таңдау керек?    
Ресейде  1993-1994  жж  кезеңінде  пайыздық  мөлшерлеме  айтарлықтай  өсті  (25%  жылдық 
мөлшерлемеде).  1997 жылы олар  едәуір  төмендеп, кейін қайта өсті.  Банктік пайызды арттыру ресей 
экономикасының инвестициялық әлуетін төмендетіп, бағаның артуына себеп болды. Жоғары пайыздық 
мөлшерлеме инвестицияның жарамсыздығын тудырады. Себебі өнеркәсәптің жыл сайын алып отырған 
пайдасы  тәртіп  бойынша  банктік  мөлшерлеме  сомасынан  төмен.  Біздің  есептеулеріміз  бойынша10% 
жылдық  ақшаның  құндыздануы  банк  мөлшерлемесі  15-20%  жылдық  мөлшерлеме  –  қол  жеткізуге 
болатын төлем. 
Кәсіпорын  табыстылығы  банк  пайызынан  20-25%  көлемде  жоғары  болуы  керек.  Кәсіпорында 
қалатын  табыс  есебінен  шаруашылықты  кеңейтіп,  негізгі  капиталды  жаңарту  керек.  Жаңа  түскен 
инвестицияны банктің төмен пайызы арқылы тұрақтандыруға болады. Қаржы-экономикалық дағдарыс 
жағдайы  өтпелі  кезеңде  және  анық  емес  экономикалық  жағдаятта  банктік  несие  үшін  пайыздық 
мөлшерлеменің көлемін нысанды түрде негіздеу мүмкін емес. Сондықтан елдегі несие-банк жүйесінің 
жалпы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және экономиканың бұл саласын несиелеуді кеңейту үкімет 
саясатының  ең  негізгі  мақсаттарыны  бірі  болуы  тиіс.  Сала  экономикасына  инвестициялық  қорларды 
тарту механизмін жетілдіруді қамтамасыз ететін бағыттардың бірі  – инвестициялық несиелеу жүйесін 
дамыту. Көріп отырғанымыздай, құрамына  

 
Коммерциялық банктер 

 
Жинақтаушы банктер  

 
Сақтандыру компаниялары 

 
Мақсатты және қайырымдылық қорлар 

 
Жеке инвесторлар  

 
Үкімет ұйымдары 

 
Шаруашылық ұйымдары 
енгізілген  инвестициялық  несиелеудің  инфрақұрылымын  жасау  қажеттілігі  пайда  болды. 
Инвестициялық несие бөлуде банктен алынған несие маңызды ролге ие болуы қажет, сонымен бірге 
сауда  несиеге  де  назар  аударылғаны  дұрыс.  Несие  алушы  ролінде  банктер  емес  тауар  мен  өнімді 
өткізе алатын заңды тұлғаларға тауар түріндегі сауда несиесі беріледі. 
Несиелеудің  бұл  түрін  дамытуда  коммерциялық  несиенің  әлемде  кеңтаралған  түрлерін 
қолдануымыз керек: 
-
 
сөндіру мерзімі белгіленген несие 

 
49 
-
 
қойылған тауардың өткізім мерзімін белгілегеннен кейін қайтарылатын несие 
-
 
ашық есеп бойынша несиелеу, яғни тауардың бірінші әкелімі жеткізілгеннен кейін сауда несие 
шартында көрсетілгендей бережақты тауардың екінші бөлігі әкелінгенге дейін сөндіру. 
Инвестициялық  үрдістің  белсенділігін  арттыру  және  Қазақстандағы  құрылымдық  дағдарысты 
жоюдың маңызды келесі мәселелерін шешу: 
-
 
инвестициялық қаржы көздерін көбейту 
-
 
банк депозиттерінің сақтандыру нарығын жасау 
-
 
елдегі банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету 
-
 
экономика салаларын несиелеуді кеңейту. 
Еңбекпен  қамтылған  ауыл  тұрғындарының  зейнетақы  жинақтары  ауыл  шаруашылығына 
құйылатын  келесі  инвестицияның  маңызды  сыртқы  көздері  болып  табылады.  Зейнетақылық  қызмет 
көрсету нарығы қазақстандық қаржы нарығының  белсенді бөлігі болып қалады.  
 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1.
 
Мамыров Н.К., Ихданов Ж. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана.- 
Алматы.- 1998. 
2.
 
Сардарова  А.Б.  Инвестиционный  климат  в  Казахстане:  пути  улучшения.-  //Казахстан  на  пути  к 
новой модели развития: тенденции, потенциал и императивы роста Ч.8.-Алматы.-2001.- с.262.  
3.
 
Бакитжанов  А.,  Кенжалы  Т.  Предпосылки  формирования  инвестиционной  политики  в  регионе.- 
//Поиск. Науч.журнал Мин.Образ.и науки.-2001.-№ 3-с.100.  
 
 
Резюме 
В  статье  рассматривается  инвестиционная  политика  в  агропромышленном  комплексе 
Казахстана. 
Summary 
This article focuses on the investment policy in the agro-industrial sector of Kazakhstan. 
 
 
МАҢҒЫСТАУ ӨҢІРІ ТОПОНИМИЯСЫНДАҒЫ АРАБ-ПАРСЫ ТІЛІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ 
 
Б.Ә.Көшімова, 
КМТжИУ-нің доценті. Ақтау қаласы
 
 
Тілдің сөздік құрамының толығып кемелденуі бір ғана өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы болып 
қоймайды.  Сонымен  қатар  өзінде  жоқ  сөзді  өзге  тілдерден  ауысып  алу  арқылы  да  тіл  өзінің  сөздік 
құрамын  байытып  жетілдіріп  отырады  [1,  135  б.].  Маңғыстау  топонимиясының  да  ана  тіліміздегі 
атаулармен  қатар  кірме  атаулар  арқылы  да  қалыптасқандығын  байқауға  болады.  Маңғыстау 
топонимиясында иран, араб, монғол, орыс тілдерінен енген топонимдер орын алған. Бұлардың ішіндегі 
көбісі – араб-парсы тілінен енген атаулар.  
 
Түркі  тілдеріне  араб,  парсы  тілдерінен  сөз  ауысу  процесі  қазақтың  біртұтас  халық  тілі 
қалыптасудан көп бұрын, орта ғасырлардың алғашқы кезеңдерінен басталады [1, 137 б.]. Араб, парсы 
сөздерінің қазақ тіліне ауысу жолдары туралы Л.З.Рүстемов: «Орта Азия мен Қазақстанды мекендеген 
түркі тайпаларының тіліне араб сөздерінен гөрі парсы сөздері әлдеқайда ертерек ене бастаған. VI-IV 
ғасырларда  Қазақстан  территориясын  мекен  еткен  сақ  тайпаларының  солтүстік  тобы  –  түркі 
тілдерінде, ал оңтүстік тобы  –  иран тілінде сөйлеген. Мәдениеті  мен өнері дамудың біршама жоғары 
сатысына  жеткен,  көші-қонымы  көп  сақ  тайпалары  біздің  заманымызға  дейінгі  VI-IV  ғасырларда 
Персиямен  тығыз  қарым-қатынаста  болғаны  мәлім.  Сауда  саласындағы,  өзара  әскери  одақ  құрып, 
ортақ  жауға  қарсы  күресу  жөніндегі  қатынастар  бұл  тайпалардың  тіліне  де  өз  ықпалын  тигізбей 
қоймады  [2,  44  б.]  –  дейді.  Сонымен  қатар  өлке  топонимиясында  парсы  тілінен  тән  атаулардың 
молдылығын «біздің дәуірімізге дейінгі I мың жылдықтың екінші жартысынан бергі Маңғыстау өлкесін  
(және  ол  кіретін  Арал-Каспий  ареалын)  дәстүрлі  тарих,  тілтану  ғылымдарында  «иран  тілді»  делініп 
жүрген массагеттер мен  дайлар» олардан  кейін [3,  9 б.] аландар  мен  каспилердің мекен етуімен де 
түсіндіруге болады. Бұл тайпалар   өлкеде өз іздерін қалдырған. Парсы тілінен енген атаулардың бір 
қатары өз қалпын сақтап қолданылса, көпшілігі біршама дыбыстық өзгерістерге ұшырағанын байқауға 
болады. Парсы тілінен енген атаулар – 7,5% құрайды. 
 
Парсы тілінен енген атауларды қолданылуына қарай, 
тек топонимдердің құрамында ғана 
сақталған сөздер, діни ұғымды білдіретін  атаулар, адам аттарынан жасалған атаулар 
деп  бөлуге 
болады.
 
1)
 
Топонимдердің құрамында ғана сақталған сөздер:
  
      
Алан 
–  Орталық  Үстірттегі  құдық.  Зерттеушілер  бұдан  басқа 
 
өлкедегі 
Аланқала,  Қоңыралан, 
Сүмбетеміралан
  аталатын  топонимдерді 
алан
  этнонимімен  байланыстырады.  «Аландар  –  біздің 

 
50 
заманымыздың  I  ғасырлардан  бастап  біздің  заманымыздың  IV  ғасырына  дейінгі  аралықта 
географиялық жағынан бүгінгі Қазақстанның батыс аймағын қамти батысқа қарай Днепр, Дон, Днестр, 
Дунай  аймақтарына  дейін  (уақытына  қарай)  мекендеген  –  сармат  –  савроматтар  делінетін  тайпалық 
бірлестіктің  құрамында  болған  тайпа  [4,  286  б.].  С.И.Әжіғали:  «Деректер  Аландардың  Арал-Каспий 
аймағында  біразға  дейін  өмір  сүргендігін  көрсетеді.  Оның  іздері  Үстірттегі  Аланқала  атауы  мен 
түрікмендердің  алан  (олам)  тайпасының  атауында  да  жатыр»  [5,  66  б.]  –  дейді.  Сондай-ақ  мұндай 
пікірді өлкетанушылардың да зерттеулерінен де кездестіреміз.  «Сарматтармен одақтас тайпалардың 
бірі  –  аландар  есімі  Маңғыстаудың  әр  жерінде  бар.  Маната  тауының  Өтес  станциясы  жанындағы 
Сүмбе-Темір-Алан,  Манатаның  Оғланды  бетіндегі  (60  км)  Қоңыр-Алан,  Хиуа  –  Маңғыстау  керуен 
жолындағы Алан қамалдары солардың жұрты» [6, 31 б.]. «Алан атауының қалыптасу уақыты ретінде 
б.з.1  ғасыры  алынған,  өйткені  Қытай  құжатында  осы  ғасыр  шамасында  алыстағы  «Яньцай»  деген 
елдің  «Аланья»  атала  бастағандығы  туралы  мәлімет  бар»  [3,  11  б.].  Аландардың  шығу  тегі  туралы 
ғалым С.Әжіғали: «Аландар Каспий өңірінің сарматтарынан  тараған тайпа екендігі дәлелденді. Каспий 
өңірі  аландарының  энтогенезі  көне  массагет-  сарматтармен  байланысты»  –  деп  көрсетеді  [7,  70  б.].  
С.Атаниязов «Словарь туркменских этнонимов» атты монографиясында  
алан
 этнонимін көнеирандық 
арияна сөзінен шығарады. Алан – «арийлер елі» [8, 19 б.]. 
      
 Каспий теңізі
 
 
– Еуразия құрлығының орталығында, мұхиттардан алыста, оқшау жатқан тұйық 
су  алабы.  «Каспий  орасан  зор  аймақты  алып  жатыр,  жағалық  сызығының  жалпы  ұзындығы  6380  км 
болса,  оның    2340  км-і  Қазақстан  жеріне  қарайды.  Каспий  осындай  орасан  зор  аймақты  алып 
жатқандықтан  оны  «теңіз»  деп  атайды,  әйтпесе  географиялық  табиғатына  қарай  ол  –  көл.  Өйткені 
Каспий  ешқандай  мұхитпен  бұғаз  арқылы  байланыспайды.  Каспий  жер  бетіндегі  ең  үлкен  көл, 
көлемінің осындай үлкендігіне орай «теңіз» деп аталынады [9, 61 б.]
       
Тарихта  теңіздің  бұл  атауынан  басқа  70-тен  астам  атауы  (Горган,  Хорасан,  Гилян,  Хазар, 
Булгар,  Хвалы,  Оғыз  т.б.)  болған.  Каспий
  теңізінің
  атауы  да  өлкеде  мекен  еткен 
каспи
  тайпасымен 
тікелей байланысты айтылады. «Каспи - Арал өңірінің тарихи тайпаларының бірі, аймақ тарихында көп 
ерекшелене  бермейтін  тайпалар  тобы  каспилер  деуге  болады,  оларды  тарихта  (Геродот) 
салтанаттылар  деп  те  атайды.  Осы  бір  шағын  тайпа  көшпенділердің  көне  тарихынан  бастау  алады. 
Сақтардың осы бөлігінің аты бірте-бірте Каспий теңізіне берілді» [7, 61 б.].  
      
Каспий гидронимінің этимологиясы туралы түрлі пікірлер қалыптасқан. 
Проф. Т.Жанұзақ: «Лингвистикалық тұрғыдан Каспий атауының 
кас
 сөзі (тайпа аты) және 
пий
 – «су, 
өзен,  көл,  бұлақ…  Демек,  Каспий  теңізі  «
кас
  тайпасына  тән
  көл
»  мағынасындағы  атау  деп  білеміз. 
Көптеген  еуропалық  және  отандық  зерттеушілер  осы  кас  (қас)  этнонимін  «қазақ»  сөзінің  төркіні 
ретінде қарастырады» – дейді [10, 90 б.]. М.Қожанұлы да Каспий топониміндегі кас тайпасын «қазіргі 
халық,  ұлт  аты  «қазақ»  сөзіне»  байланысты  қарайды  [11,  13  б.].  Ал  біз  Каспий  атауын,  жоғарыда 
көрсетілгендей, өлкені мекен еткен 
каспи
 тайпасымен тікелей байланысты деп ойлаймыз. 
           Апажар
 – Маңғыстау ауданындағы құдық. Бұл топонимде иран тілінен енген 
аб(а)
 «су» және 
қазақтың 
жар 
сөзімен бірігіп, «сулы жар» деген мағынадағы атау жасаған. 
           Аусар  
–  Маңғыстау ауанындағы ауыл. Бұл топонимнің этимологиясы туралы түрлі жорамалдар 
кездеседі. С.Қондыбай бұл топонимді ортағасырлық оғыз тайпасының (афшар) атымен байланыстыра 
қарастырады.  Ал  біздің  ойымызша, 
Аусар
  –  екі  компоненттен  құралған: 
аба-об-оп-ау
    тәрізді 
өзгерістерге  ұшыраған    «су»,  «өзен»  мәніндегі  иран  сөзі  де,  ал 
сар
  сөзін  Н.Оңдасынов  «Парсыша-
қазақша  түсіндірме  сөздігінде»  –  «бір  нәрсенің  көптігін,  молдығын  білдіретін  жұрнақ»  [12,  161  б.] 
деген.  Иран  топонимиясындағы  географиялық  терминдерді  зерттеуші  В.И.Савинаның  еңбегінде  бұл 
атау географиялық термин ретінде қарастырылады: «Абшар – сарқырама, көп су» [13, 4 б]. Сонымен 
Аусар
 атауы «
сулы жер
» деген мағынаны білдіреді. 
          
 Бостан 
– Қарақия ауданындағы ауыл. С.Омарбеков 
бостан
 сөзінің мағынасын – «бостандық» – 
деп  көрсетеді  [14,  102  б.].
 
Ал  Н.Оңдасыновтың  «Парсыша-қазақша  түсіндірме  сөздігінде»
  Бостан  – 
«бау, бау-бақша» және гүлденген өлке» деген мағына беретіні айтылады [12, 48 б.]. Сонда атаудың 
мағынасы: «көкөністі, бау-бақшалы ауыл». 
            
Долыапа
  –  Түпқараған  ауданындағы  жер,  қорым  атауы.  Халықтық  этимологияда 
Долыапа
 
атауы  қайсар,  тіке,  долы  мінезді  «апайға»  байланысты  қалыптасқан  делінеді.  Дегенмен,  біздің 
пікірімізше,  атау  дол  (дуль)  және 
ап(а)/аб(а)  сөздерінің  бірігуі  арқылы  жасалған.  Дуль
  иран  тілінде 
«
тар  шатқал,  аңғар
»  деген  мәндегі  термин  сөз  [13,  83  б.],  ал 
ап(а)/аб(а)  - 
  иранша 
«су».
  Сонда
 
Долыапа
 
– 
«сулы аңғар, сулы тар шатқал»
 деген мағынадағы атау.  
Керіз   
–  Маңғыстау  ауд-дағы  құдық.
  Керіз 
–  парсы  тілінен  енген  кірме  сөз.  Мағынасы  тайыз 
құдықтардың  суын  жер  үстінен  үңгіп,  бір-бірімен  жалғастырған,  бір    жерге  жиналған  су  көзі  дегенді 
білдіреді.   
       
Кент – 
Маңғыстау ауданындағы құдық атауы.
 Кент – 
қала аттарын жасауға негіз болатын, иран 
тілінен  енген  сөз. 
Кент
  –  географиялық  терминінің  «қала,  ауыл,»  деген  мағыналарынан  басқа    «су 
сақтауға арналған шұңқыр» ретінде де қолданылатын В.И.Савинаның еңбегінен кездестірдік [13, 115 

 
51 
б.].  Маңғыстаудағы «
Кент»
 

  құдығы «қала» мағынасынан гөрі, осы «су сақтауға арналған шұңқыр, 
құдық»
 
деген мән беретін тәрізді

   
Қандыбас 
–  Маңғыстау  ауд-дағы  қырқа,  қыстау.  Атау  қанды  (сын  есім)  және  бас  (зат  есім) 
сөздерінің бірігуі  арқылы жасалған. Қан сөзі «су», «өзен» мағынасында қолданылатын географиялық 
термин екендігі тілші-ғалымдардың еңбектерінде айтылады. Э.М.Мурзаев: «...көптеген иран тілдерінде 
етістік  негізді  кан  сөзі  «қазу»,  «төгу»  мағыналарынан  бұлақ,  қайнар,  бастау,  құдық,  көл  мәнін 
тудырады. Ягноб тілдерінде хан сөзі «бұлақ», ал түрікм. тілінде хана – «арна»  [15, 251 б.]. Бұл нақты 
деректерге сүйенсек, құрамында 
қан, қанды
 сөздері бар топонимдердің мағынасы сумен байланысты 
екенін байқауға болады. Сонымен атаудың мағынасы: «басты, негізгі сулы қыстау». 
        Қарлыбас
 – Түпқараған ауданындағы тау, қауым атауы. Атау екі компоненттен құралған: 
Қарлы 
+ бас

Қар
 сөзі
 
–  ир. тілінде «
тау», «төбе»
 деген мағыналы сөз. «Үндіиран. гар –«тау», ягнов. гар – 
«тау», «асу», сомали тіл. кар – «жартас», «құз», «тау», түрк. қыр. «тау», «жота», моңғ. хара – «жал» 
[15,  255  б.].    Ғ.Қоңқашпаевтың  пікірінше,    «бас»  термині  «жоғары,  биік  шың»  деген  мағынаны 
білдіреді  [16,  135  б.].  -лы  жұрнағы  бір  нәрсенің  бар,  мол  екендігін  білдіретін  қосымша.  Сонда  атау 
«жоталы, 
биік тау
» деген мән береді. 
           Сеңгір
 – Қарақия ауд-дағы қорым. А.Әбдірахманов 
 сеңгір
 сөзін иран тілінен енгендігін  айтады. 
«Қазақ тілінде 
сеңгір
  – «таулар тізбегі» деп түсініледі. Сөздің түбірі 
санг
  – тәжік тілінде «
тас
» деген 
сөз.  Ал  «
сангкори 
–  тасты,  тастан  жасалған»  деген  мағынаны  білдіреді.  Сөйтіп 
сангкори  -  сеңгір
 
өзгерісіне  түскен.  Фольклорда  «
сеңгір-сеңгір
  таулардан,  секіре  басып  жөнелді»  деп  кездеседі.  Бұл 
жерде «тасты таулардан» деген мағынаға ие болып тұр. 
Сангкори – сеңгір 
этимологиялық өзгерісінде 
субституция  (  басқа  тілдің  дыбыстарын  өз  тілінің  ұқсас  дыбыстарымен  ауыстыру)  және  гаплология 
(айтуға қиын дыбыс немесе дыбыс тіркестерінің түсіп қалуы) заңдылықтары қатар орын алған» [17, 18 
б.].  Ал  көне  түркі  тілінде  сеңгір  –  «таудың  сүйірленіп  тұрған  жері»  [18,  495  б.].  Сонымен  атаудың 
мағынасы:
 
  «
тасты немесе биік төбедегі қорым
».  Сонымен 
Сеңгіртөбе
  топонимін  –  «
тасты төбе
» деп 
түсінеміз. Өлкеде бұдан басқа сеңгір сөзімен жасалған бірнеше топоним кездеседі. Мысалы: 
Сеңгір
 – 
Қарақия ауд-дағы қорым  – «
тасты қорым
»; 
Сеңгірауыл
 – Қарақия ауд-дағы қорым – «
тасты қорым
»; 
Сеңгірқұм
  –  құм  –  «
тасты  құм
», 
Сеңгірлі
  –  Каспий  теңізінің  шығыс  жағалауындағы  мүйіс  –  «
тасты 
мүйіс
» деген мағыналарды береді. 
     
 Талшоқы  –
  Маңғыстау  ауд-дағы  құдық.  Атау  тал  (зат  есім)  және  шоқы  (зат  есім)  сөздерінің 
бірігуі  арқылы  жасалған.  Тал  –  иранша  «төбе,  дөң,  адыр»  [19,  93  б.].  Шоқы  дегеніміз  –  «формасы 
конус тәрізді қырат немесе басы сүйірлене біткен тау» [16, 41 б.]. Мағынасы: «төбелі жерден қазылған 
құдық». 
       
Торыш
 – Маңғыстау ауд-дағы қыстау, бұлақ.  Иран топонимиясында 
торш
 – «қышқыл» деген 
сөз  [13, 216 б.]. Сонда атаудың мағынасы: «қышқыл сулы бұлақ» тәрізді. 
        Шерқала
  –  Маңғыстау  ауд-дағы  тау  аты. 
Шерқала
  –  тегіс  жерде  200м  биіктікке  дейін  (абсолют 
биіктігі-307,7м)  алып киіз үй немесе төңкерілген тостаған секілді жатқан тау. Ертеде тарихи  маңызы 
зор қамал болған. 
Шер
 иран тілінде «арыстан» деген мағынада қолданылатын сөз [12, 184 б.]. Қала  
ноғай тілінде – «шың, құз». 
Шерқала – 
«арыстан тәрізді шың құз» мағынасын білдіретінін көреміз. 
       
 Шетпе
  –  Маңғыстау  ауд-дағы  ауыл,  аудан  және  өзімен  аттас  ауылдық  округтің  орталығы.
 
Шетпе 
атауы парсының 
чәшмә//чешме
 – «қайнар көз, бұлақ» [12, 105 б.] деген сөзінен пайда болған. 
Шетпе атауы жөнінде түрлі этимологиялар қалыптасқан. Жергілікті баспасөз беттерінде «Чешме» сөзі 
түрікмендікі немесе көне түркі сөзі делінеді: «Шетпені ең соңғы мекендеген түрікмендер еді. Әсіресе 
түрікменнің сегіз арыс Сейілхан дейтін руының тарамдары мекендеген. Ол кезде түрікмендер Шетпені 
«Чешме»  деп  атайды  екен.  Бұл  түрікменнің  бұлақ  көзі  деген  сөзі»  деген  мәліметтер  кездеседі. 
Шынымен  де 
Шетпе
  маңы  сыңсыған  бұлақ. 
Шетпе
  деп  бұлақ  та  аталады.  Ал  А.Костенко  мен 
Е.Өмірбаев «Ожевут степи» кітабында Шетпе атауы түрікменнің осы аттас тайпасының аты дейді: « ... 
с XIII века здесь поселились уцелевшие после монгольского нашествия туркмены рода 
шетпе
 [20, 121 
б.]. С.Қондыбай: «
Шетпе
 сөзіне дыбыстық өзгеру жағынан ең жақын келетін сөз  – «
жетімек
» атауы. 
Яғни  «
жетімек»  -  «джетмек»  -  «четпек»  -  «шетпе  (к)»
  өзгеруі  сөздің  заңдылығына  толық  сәйкес 
келеді»  деп  көрсетеді  [4].  Дегенмен  шежірелік  немесе  тарихи  кітаптардан 
шетпе
  аталатын  этноним 
кездеспегенін ескерсек, 
Шетпе
 топонимі парсының
 чешме
 – «қайнар көз, бұлақ» деген сөзінен пайда 
болды деп нақты айта аламыз. 
          
Шілқыз
 – Маңғыстау ауд-дағы мола атауы. «Чіл (шіл) – иранша «қырық» деген сан аты [12, 20 
б.]. 
Шілқыз – «
қырыққыздың моласы» деген мағынаны білдіреді. Өлкедегі 
Шілкөз-Мейрам
 атты қорым 
атауы да «қырық көз (дұрысы – кез) Мейрам. 
      
 Батыс  Үстірт  кемері.  Кәмер,  кемер  –
  «су  шайған,  су  орған  жаға,  су  қазындысы,  шұңқыр,  тік 
жар, құлама» [12, 221 б.] деген мағыналарда қолданылады.
 
2)
 
Діни ұғымды білдіретін  атаулар: 
        Баба
 – «ата, үлкен ата» деген мағынаны береді 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет