3 (25) • 2012 1 Караганды 2012



жүктеу 5.11 Mb.
Pdf просмотр
бет50/64
Дата24.03.2017
өлшемі5.11 Mb.
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64
часть  управленческих  функций  -  организацию,
координацию и контроль - руководители банка
выполняют в режиме перегрузки, и у них прак-
тически не остается времени на выполнение дру-
гих,  не  менее  важных  функций  управления  -
анализа,  прогнозирования,  планирования  и
стимулирования.  Словом,  текущие  задачи  по-
глощают все время  руководителей,  не оставляя
им  возможности  всерьез  заниматься  стратеги-
ческими вопросами. Налицо сложная управлен-
ческая  проблема.
Сложившуюся  ситуацию  можно  в  значи-
тельной  мере  облегчить,  используя  инструмен-
тарий  современного  менеджмента,  вобравший
в себя мировой опыт управления в сфере бизне-
са. Предлагаемые ниже меры представляют со-
бой  комплекс  взаимосвязанных  действий,  эф-
фективность которого  достаточна лишь  при  ус-
ловии использования всей системы мер, а не от-
дельных  ее  фрагментов  [2].
Исходя  из выявленных проблем, задачи по
совершенствованию  системы  управления  бан-
ком можно  сформулировать так:
- усиление  мотивации эффективного труда
персонала  банка;
-  повышение  уровня  профессиональной
подготовки  сотрудников;
-  обеспечение  эффективного  взаимодей-
ствия  между  подразделениями;
-  усиление  стратегических  компонентов  в
деятельности  руководства  банка;
-  повышение  роли  подразделений  банка  в
решении  текущих,  оперативных  задач.
Существуют  три  альтернативных  подхода
к достижению этих целей. Первый заключается
в усилении требовательности к персоналу, уже-
сточении  контроля,  замене  плохо  подготовлен-
ных и недостаточно ответственных кадров. Прак-
тика  показывает,  что  такой  подход  дает  свои
плоды, но, как правило, положительные резуль-
таты  невелики,  а  отрицательные  последствия
могут быть очень серьезными. При этом подхо-
де  ведущим  мотивом,  кроме  зарплаты,  стано-
вится  страх:  боязнь  допустить  ошибку,  вызвать
недовольство  начальства,  потерять  работу.  Эти
мотивы  могут  помочь  в  наведении  некоторого
порядка и укреплении дисциплины, однако они
парализуют  инициативу  и  творчество  работни-
ков, формируют  психологический  барьер меж-
ду  персоналом  и  руководителями.
Другой  подход  предполагает  демократиза-
цию системы управления: вовлечение всего пер-
сонала  в  процессы  анализа,  прогнозирования,
принятия  решений.  Привлекательность  этого
несомненна: можно "включить" новые стимулы,
дать  каждому  работнику  почувствовать  себя
органической  частью  банка  в  целом,  обрести
стремление  работать  "командой"  и  расти  про-
фессионально. Вместе с тем этот подход прием-
лем далеко не всегда. Его можно внедрять в пол-
ной мере лишь в зрелом коллективе, в котором
высок уровень общей культуры, в частности куль-
туры сотрудничества, компромисса, согласия, и
в  котором  различия  во  взглядах  и  поведении
воспринимаются как благо, а  не как зло.
И,  наконец,  третий  подход  представляет
собой  разумное  сочетание  первого  и  второго,
которые лишь на первый взгляд являются анта-
гонистами,  а  на  самом  деле  могут  хорошо  до-
полнять  друг  друга.  Такой  синтетический  под-
ход  представляется  в  настоящий  момент  для
большинства  банков  наиболее  желательным  и
осуществимым.
Что касается конкретных средств и методов,
то мировой опыт показывает: для решения мно-
гоаспектных  проблем  не  существует  какого-то
одного  универсального средства.  Эффективным
оказывается  лишь  комплекс  средств,  направ-
ленных  на  одновременную  реализацию  всех
перечисленных  задач.
Предлагается:
1. Создание принципиально новой системы
контроля  за  работой  персонала.

ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
264
2.  Введение гибкой системы стимулирова-
ния деятельности                             сотрудников.
3.  Развитие  горизонтальных,  в  частности
формализованных связей между подразделени-
ями  банка.
4.   Рационализация  процедур  взаимодей-
ствия руководителей и                 персонала банка.
5.  "Двойная  лестница"  карьеры  сотрудни-
ков.
6. Введение системы взаимо и самообучения
персонала.
7.  Изменение  содержания  работы  с  кадра-
ми.
8.  Рационализация  функций  приемной
Председателя  правления  банка.
На  последующих  этапах  деятельности бан-
ка,  когда  будет  максимально  реализована  ин-
тенсивная модель его развития,  то есть  исполь-
зованы  имеющиеся  внутренние  резервы  персо-
нала,  целесообразно  вводить  новые  элементы,
например аналитическую службу, менять прин-
ципы  организационного построения  банка,  ме-
нять его стратегию и т.д. А пока во всех отноше-
ниях  полезно  реализовать  идею  активизации
внутренних  резервов.  Важно  подчеркнуть,  что
предлагаемая  выше  система направлена  на  вы-
явление внутренних неиспользованных возмож-
ностей  персонала,  то  есть  является  реализаци-
ей идеи интенсивного подхода к развитию. Она
не требует никаких финансовых затрат, посколь-
ку не включает в себя никаких изменений орга-
низационной  структуры  банка,  не  предполага-
ет приема на работу новых сотрудников, не ме-
няет объема денежных выплат  персоналу и т.д.
Список литературы:
1.  Банковское дело: Учебник для вузов / Под
ред.: Лаврушин  О.И. -  М.: Финансы  и статисти-
ка, 2008. - 648 с.
2. Мировой финансовый кризис: причины и
последствия.  Ковалев  М.,  декан  Экономическо-
го факультета БГУ, Пасеко С., проектный менед-
жер Евразийского банка развития.- №12. - 2008.
Банки  Казахстана.
Г.Т. Чынарова
"Есеп және аудит" мамандығы
бойынша 2-курс магистранты
Қазтұтынуодағы, Қарағанды
Экономикалық университеті
КӘСІПОРЫНДАРДЫ БІРІКТІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
СЕБЕПТЕРІ
Кәсіпорынның  өміршендігі  дәрежесі
көбінесе,  жаңа  нарыққа  шығу  жылдамдығы,
яғни  жаңа  бәсекеге  қабілетті  өнімді  өндіруді
игере  алу  жылдамдығы  және  жаулап  алған
нарық бөлігін ұстап қалу қабілеті сияқты сипат-
тамалармен  анықталады.  Алайда,  жеке  кәсіпо-
рынның, әсіресе шағын және орта кәсіпорындар-
дың  мүмкіндіктері  әрдайым  шектелген.  Ішкі
өсу резервтері, соның ішінде қолда бар иннова-
циялық  ресурстар,  жаңа  тауарлар  түрі  үнемі
өсіп  отыратын  нарықтың  шапшаң  өзгеріске
ұшырайтын  талаптарына  ілесуге  мүмкіндік
бермейді.
Егер  кәсіпорынның  ішкі  даму  екпіні  инно-
вациялардың даму екпінінен  төмен болса және
нарықтық  ортаның  өзгерістеріне  ілесе  алмаса,
сыртқы  инвестициялар  ішкі  капитал  салымда-
рының  орнына  қолданатын  жақсы  алтернатива
болуы мүмкін.  Сонымен қатар,  ұтымды жүзеге
асырылса - жаңа құнды құрудың тиімді құралы
да  бола  алады.  Бұл  жағдайда  екі  немесе  бірне-
ше  кәсіпорындардың  бірігуі  экономикалық
пайдалы  болуы  мүмкін.
Коммерциялық  ұйымдардың  қызмет  атқа-
руының  көпжылдық  тәжірибесі  дәлелдегендей,
компаниялардың  бастапқыда  құрылғандағы
нысанда қызмет етуі, оның не ішкі нарықта және
де,  әрине,  әлемдік  нарықта  көп  жұмыс  атқару-
ына  мүмкіндік  бермейді.  Қалай  болғанда  да
компаниялардың  алдына  болашақта  табысты
қызмет  атқаруы  үшін  оны  кеңейту  мәселесі  ту-
ындайды.  Осы  жағдайда  компания  қызметін
кеңейтутің  екі  негізгі  көздері  бар:
-
ішкі  -  ішкі  жобаларды  дамытып,  ком-
панияның  ішкі  резервтерін  анықтауға  бағытта-
лған;
-
сыртқы  -  перспективалық  жобаларға
инвестицияларға  бағытталған  [1,  34б.].
Компаниялардың  сыртқы  өсуі  әдістерінің
ішіндегі  қазіргі  таңдағы  ең  жиі  кездесетіні
біріктіру  және  жұту  бойынша  мәмілелер.
Біріктіру және жұту ұғымдары біздің тәжірибе-
мізге  ағылшынның  "mergers  and  acquisitions"
немесе  "M&A"  сөзінен  шыққан,  мұндағы  М
"merger  (біріктіру)"  және А  "acquisition  (жұту)".
"Біріктіру"  және  "жұту"  терминдері  өзара
алмасып та кездеседі, бұл жерде "біріктіру" тер-
мині  кез-келген  бірігу  түріне  байланысты.  Бұл
барлық  жағдайларда  дұрыс  емес,  тек  бухгал-
терлік  және  заң  талаптары  орындалған  кезде
қолданылуы  керек.  Себебі,  бухгалтерлік  және
заң  жағынан  "біріктіру"      бұл  екі  фирма
өздерінің  баланстарын  біріктіріп,  "жұтылып"
отырған  фирма  өзінің  қызметін  тоқтатуы,  ал
жұту немесе иелікке алу, керісінше, инвестиция
болуы  мүмкін,  ол  өзге  фирманың  барлық  ак-
тивтерін  не  бір  бөлігін  иеленумен  байланысты
[2,  42б.].
Әлемде  күнделікті  біріктіру  және  жұту

3 (25) • 2012
265
бойынша  ондаған  мәмілелер  жүзеге  асырылып
жатады. Қазақстан Республикасында M&A компа-
ния капиталын дамытудың жаңа құралы болып та-
былады. Осыған байланысты, Қазақстанда біріктіру
мен жұтудың құқықтық жағдайын реттейтін норма-
тивтік құқықтық актілер жоқ. Алайда, Қазақстан, жас
және бір бағытта дамып келе жатқан ел ретінде, өзінің
тәуелсіздігі  жылдарында  ел экономикасын дамы-
туда айтарлықтай нәтижелерге жетті. Сол себепті
елімізде  M&A  бойынша  жүргізілетін  мәмілелер
саны жылдан жылға артып келеді.
Қазіргі  уақытта  жиі  қолданылып  жүрген
"Mergers & Acquisitions" (M&A) немесе "біріктіру және
жұту" ұғымдары Қазақстан үшін жаңа болып табы-
лады, және де нақты  бекітілген  анықтамасы  жоқ.
Дегенмен, 
бұл 
ұғымдардың 
мағыналары
көпшілікке таныс және түсінікті. Бұл ұғымдар иел-
ікке алу, қосылу немесе бірігу нысанындағы акция-
ларды (қатысу үлесін) беру бойынша мәмілелерді
білдіреді деген түсінік қалыптасқан. Егер ұғымдар-
ды жеке қарастыратын болсақ, онда "біріктіру" де-
геніміз нәтижесінде жаңа субъект пайда болатын,
екі немесе бірнеше заңды тұлғалардың біріктірілуі
нысанында қайта құру. Ал "жұту" кезінде бір ком-
пания екінші компанияны сатып алады, нәтижесін-
де  екіншісі  жұтылады  да  жеке субъект  ретіндегі
өзінің қызметін тоқтатады.
Осы  ұғымдардың  анықтамаларын  шетелдік
және қазақстандық заңнама бойынша салыстырып
қарастыруға болады. Заңды тұлғалардың ұйымдық-
құқықтық нысандарының негізгі түрлерін реттейтін
Қазақстан  Республикасының  заңнамасында
"біріктіру" ұғымы белгіленген  анықтамаларға сай
мағынада  көрсетілген.  Екі немесе  бірнеше  заңды
тұлғалардың біріктірілуі осы заңды  тұлғалардың
мүлкінің толық бірігуін білдіреді. Біріктіру нәтиже-
сінде жаңа заңды тұлға пайда болады, ал жаңа ком-
пания құрамына енгендері өз қызметтерін тоқтата-
ды. Бұл жерде компаниялардың  бірігуіне қатысқ-
андардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттері
пайда болған жаңа  заңды тұлғаға қабылдау-беру
актісіне сәйкес ауысады. Ұйымдардың бірігуі арқы-
лы жаңадан  құрылған заңды тұлғаның жарғылық
капиталы қайта құрылып отырған компаниялардың
меншікті капиталдарының сомасына тең.
Алайда, қазақстандық заңнама "жұту" сияқты
"M&A"  мәмілелерінің  түрін  реттемейді,  бұл
ұғымның қазақстандық нышаны  "қосу" деп  атала-
ды.  Қазақстан  Республикасының  Азаматтық  Ко-
дексінің 46-бабы 1-тармағына сәйкес "Заңды тұлға-
ларды  қосқан  кезде  олардың  әрқайсысының
құқықтары мен мiндеттерi өткiзу құжатына сәйкес
жаңадан пайда болған заңды тұлғаға ауысады" [3].
Бұл ұғымдар шетел тәжірибесінен алынғанды-
ғын ескере отырып, шетелде қалыптасқан "Merger"
термині мен біздің түсінігіміз бойынша "біріктіру"
немесе "қосу" терминдерін салыстырмалы талдау-
дан өткізу қажет.
"Merger" немесе "біріктіру", Investopedia (Инве-
стопедия:  www.investopedia.com)  web-сайтында
берілген анықтамаға сәйкес, бір мөлшерегі және бір
қызмет  саласындағы  екі  заңды  тұлғалардың  бір
жаңа заңды тұлға болып бірігуі [4]. Екі компания-
ның акциялары қосылады және жаңа заңды тұлға-
ның акциялары шығарылады. Дегенмен, тәжірибе-
де "біріктіру" дегенде көбінесе, егер ол бұл мәмілені
"біріктіру" деп жариялауға келісетін болса, бір ком-
панияның мөлшері бірдей екінші компанияны иел-
ікке алуы деп түсінеді. Бұл жағдай шетелде корпо-
рациялар үшін біріктіру ол компанияны толық са-
тып алды деген ақпараттың тарауынан көрі қалау-
лы болуымен байланысты. Себебі "acquisition" неме-
се "иелікке алу", компания иеленуіне қарсы болып,
корпорацияның еріксіз иеленгені кезінде туындай-
ды.
Сонымен  қатар,  шетелдік  тәжірибеде
біріктірудің  тағы бір түрі кездеседі.  Ол қазақстан-
дық заңнамада "қосылу" деп аталатын заңды тұлға-
ларды қайта құру түрімен сәйкес келеді. Біріктірудің
бұл  түрінде  бір  немесе  бірнеше  шаруашылық
субъектілер басқасының құрамына енеді, және де бір
субъект  қана  қызмет  ететін  болады,  қалғандары
өздерінің  қызметтерін  тоқтатады.  Бұл  жағдайда
қызмет атқаратын компания жойылған компания-
лардың құқықтары мен міндеттеріне ие болады.
Осылайша,  шетелде  "merger"  ұғымы  және
Қазақстандағы  "біріктіру"  ұғымы  мағыналары
бірдей: екі немесе одан да көп субъектілердің жаңа
шаруашылық субъекті құру үшін бірігуі. Мұндай
бірігу  кезінде  субъектілердің  акциялары  (қатысу
үлестері)  қосылады, және  олардың орнына жаңа
акциялар шығарылады (жаңа жарғылық капитал).
Бірігіп жатқан субъектілердің акционерлері сақта-
лады.
Енді  "acquisition"  терминін  қарастырайық.
"Merger  and acquisition"  терминдері қазақ  тіліне
"біріктіру  және  жұту"  деп  аударылғанымен,
"acquisition" ұғымының қазақстандық заңнамаға сай
келетін баламасы және аудармасы  "иелікке  алу".
"Acquisition"  терминін  екі  түрлі  әдіс  арқылы
түсіндіруге болады, біріншісі, бір компанияның ба-
сқа компанияны акциясы немесе активтерін иелену
арқылы сатып алу. Екіншісі, бір компанияның басқа
компанияны  иеленуі, мұнда бір компания  заңды
түрде жойылады,  ал компанияның активтері  мен
бизнес иеленушіге толықтай ауысады, бұл сонымен
қатар "жұту" деп те қарастырылуы мүмкін.
Сонымен,  "acquisition"  ұғымын  сипаттайтын
екінші  әдіс  "жұтудың"  анықтамасына логикалық
толық үйлеседі және қазақстандық заңнама бойын-
ша "қосу" анықтамасымен сәйкес келеді.
Қазақстандық тәжірибеде бүгінгі күні "біріктіру
мен жұтудың" кең тараған түрі "иелікке алу" болып
табылады,  мұнда мақсатты-компания өзінің  қыз-
метін жалғастырады, мәміле нәтижесінде тек акци-
онерлер (қатысушылар) ауысады. Біріктіру немесе
қосу нысанында жүргізілетін мәмілелер олардың
түпкі мағынасында өте сирек жүзеге асады, әдеттег-
ідей, мәміле объектілері немесе олардың акционер-
лері (қатысушылары)  аффилирленген компания-
лар. Бұл нарықтық қатынастарды жүргізудің, соның
ішінде біріктіру және жұту бойынша мәмілелерді
жүзеге  асырудың  қазақстандық  тәжірибесі  1991
жылы тәуелсіздік алғаннан кейін басталуымен бай-
ланысты болды. Бүгінгі таңда Қазақстанда коропо-
ративтік мәмілелерді жүргізгенде Ресей немесе ше-
телдің  тәжірибесіне сүйенеді.  Көптеген ұғымдар,
жергілікті заңнамалық базаға, жалпы корпоративтік

ВЕСТНИК КЭУ: ЭКОНОМИКА, ФИЛОСОФИЯ, ПЕДАГОГИКА, ЮРИСПРУДЕНЦИЯ
266
құқықтың даму деңгейі мен елдегі саяси және әлеу-
меттік жағдайдың кейбір тұстарына бейімделмей,
Қазақстанда бизнес жүргізудің қандай да бір жағ-
дайларында қолданылады. Мысалы, біріктіру және
жұту бойынша мәмілелер шетелде, негізінен, "ак-
ционерлердің келісімімен" қатар жүреді, онда ак-
ционерлер  иелікке  алатын  компанияға  қатысты
өздерінің  құқықтары  мен  міндеттерін, акционер-
лердің өздері мен иелікке алынатын компанияның
бизнесті жүргізуінің негізгі шарттарын бекітеді. Ал
біздің жүйе бойынша құрылтай келісімшартында
және иелікке алынатын компанияның жарғысында
негізгі шарттарды бекіту қажет, бұл дамушы эконо-
мика қажеттіліктеріне жауап бермейді.
Кәсіпорындарды біріктірудің негізгі себептерін
шартты түрде дербес, іскерлік және техникалық деп
үш түрге бөліп қарастыруға болады.
Дербес себептер әртүрлі болуы мүмкін, соның
ішінде  кәсіпорындар  басшылығының  жеке
қауіпсіздігі, жауапкершіліктен қашу немесе, керісі-
нше, ірі біріктірілген кәсіпорынның құрамына қосы-
лып, жоғары еңбекақыға ие болу ниеті. Сатып алу-
шының кәсіпорынды құмарлықтан немесе ұсыныс-
тан  бас тарта алмауы  себебінен  де  сатып  алатын
жағдайлар да кездеседі. Акциялардың бақылау па-
кеттеріне  ие  акционерлер,  кейбір  жағдайларда,
өздерінің кәсіпорындарының  қалыптасқан акция-
лар нарығы бар басқа ірі компаниямен жұтылуына
ниетті болуы мүмкін. Акционерлердің әл ауқаты көп
жағдайларда, кәсіпорын қаншалықты тиімді жұмыс
атқаратынына байланысты, алайда басқа кәсіпорын-
мен  бірігу  акциялардың  құнын  өсіруі  мүмкін.
Соның салдарынан акцияларды иеленушілер олар-
ды сатып немесе басқа бағалы қағаздарға айырбас-
тап алуына мүмкіндік туады.
Іскерлік себептер, ең алдымен, ішкі ресурстар-
дың жетіспеуінен кәсіпорын одан әрі өсуін тоқтатуы
мүмкіндігі және өсудің сыртқы көздерін іздеу қажет
болатындығында. Басқа кәсіпорынмен бірігу шикі-
зат, материалдар,  электр қуатының орнын толты-
руға және өнім өндірудің үздіксіздігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік береді.  Көп  жағдайда кәсіпорын-
дарды  біріктіру  нәтижесінде,  басқару  жүйесінің
тиімділігі артады, соның салдарынан жалпы кәсіпо-
рынның қызметі тиімділігі де артады.
Кәсіпорындарды біріктіру барысында құн ақпа-
рат алмасу арқылы да құрылуы мүмкін. Жиі акци-
ялар  нарықпен  сәйкес  бағаланбаған  болады,  ал
кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолы ре-
тінде оның қайта құрылатындығы туралы хабарла-
ма  тарату бағамның  қозғалысына оң әсер тигізуі
мүмкін.
Бірігу аз пайда табатын кәсіпорындарға салық-
тарды төлеу бойынша мәселелерді шешуге көмек-
теседі. Бірігу нәтижесінде жұтылатын кәсіпорынның
активтерінің нақты құны  өседі, соның салдарынан
ол амортизациялық аударымдарды да арттырады,
сәйкесінше, салықтық төлемдер азаяды.
Кәсіпорындарды біріктіру кезінде қарыз құрал-
дарының артуы есебінен қаржыландыру құрылы-
мы елеулі өзгеріске ұшырауы мүмкін, нәтижесінде,
меншікті  капиталдың рентабельділігі өседі. Бірігу
кәсіпорындардың  күтіліп  отырған  ақша  ағынын
біркелкі етуі мүмкін. Операциялық ақша ағынының
тұрақтылығы несиелер мен қарыздар алу шартта-
рын қарастырғанда елеулі жағдай болып табыла-
ды. Кәсіпорынның едәуір тұрақты қаржылық жағ-
дайы болса, несие берушілер тәуекелдің орнын жо-
ғары пайыздық ставкамен толықтырмайды, ал бұл
кәсіпорын  үшін  қаржыландыру  шығындарының
азаятындығын білдіреді.
Техникалық себептер өсіп отыратын бизнесті
жүргізудің  күрделілігімен  байланысты:
1) ғылыми зерттеу және сынап құрастыру мен
технологиялық жұмыстар шығындарының артуы;
2) сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі бар ма-
мандардың болмауы;
3) нарықта сұранысқа ие тауарлар мен  қыз-
меттерді өндіру қабілетінің болмауы.
Бірігу себептерінің көп болғанымен, кәсіпорын-
дардың  бірігуінің  басты  мақсаты  және  мақсатқа
сәйкес негізгі  критериі  оның  иеленушілерінің әл
ауқатының артуы болуы керек, егер  акционерлік
қоғам  болса -  акционерлердің.  Екі кәсіпорынның
бірігуі туралы оң шешім тек егер бағалау бойынша,
оған қажет шығындарды ескергенде, біріктірілген
кәсіпорынның нарықтық құны біріктіріліп отырған
кәсіпорындардың нарықтық құндарының арифме-
тикалық қосындысынан жоғары болса қабылдануы
тиіс.
Күштерді біріктіруден болған жағымды әсердің
артуы синергизм (synergy) деп аталады. Синергизм
әсерін келесі теңдікпен көрсетуге болады:
2 + 2 = 5.
Көп жағдайдарда синергизм біріктіруді жүзе-
ге асыруда негізгі себеп болады, өйткені бизнестің
сыртқы  ортасының  өзгеруінің теріс  әсерін жоюға
мүмкіндік береді, кәсіпорын құнын өсіреді және бо-
лашақта өсуіне септігін тигізеді.
Синергизм  құбылыс  ретінде түсіндірілуді та-
лап етеді. Нарықтың тиімділігі жағдайында акция-
ның  нарықтық бағасы  нақты болады, себебі  эми-
тенттің нақты жағдайын көрсетеді. Сонымен қатар,
біріктірілген  кәсіпорынның  жиынтық  құны
біріктіріліп отырған кәсіпорындардың нақты құнда-
рының арифметикалық сомасынан жоғары болып
шығады. Қосымша құнның құрылуының көзі болып
синергизмнің  нақты  сипаттамалары  табылады,
соның ішінде:
1)  кәсіпорын қызметі ауқымының үлкеюі нәти-
жесінде табыстардың көбеюі (сәйкесінше пайданың);
2)   біріктірілген  кәсіпорынның  ұйымдық
құрылымында  қайталанатын бөлімшелерді  жою
есебінен шығындардың азаюы;
3)  біріктірілген кәсіпорындардың күшті жақ-
тарының бірігуінен пайданың артуы;
4)  біріктірілген кәсіпорынның қызметін бақы-
лау және үйлестірудің жеңілдеуі есебінен шығын-
дардың азаюы және басқалары [5, 243б.].
Ауқымның өзгеруінен болатын жағымды әсер
бірігудің әдісіне байланысты болады. Кәсіпорындар-
ды біріктірудің көптеген  әртүрлі әдістері бар. Бұл
бірігу типтері екі негізгі топқа бөлінеді: компания-
лар арасындағы қарым-қатынас бойынша және қар-
жыландыру типі бойынша.
Бірігіп  отырған  компаниялар  арасындағы
қарым қатынас типі бойынша бірігулер түрлері
келесідей:

3 (25) • 2012
267
-
көлденең бірігу: бір саладағы және қызметі
бір екі бәсекелес компанияның бірігуі.
-
тігінен бірігу: жабдықтаушы мен  тұтыну-
шының бірігуі;
-
сату нарығын арттыру мақсатымен бірігу:
бір салада орналасқан, бірақ тауарды әртүрлі на-
рықтарда өткізетін компаниялардың бірігуі;
-
өткізу жолы бойынша байланысты компа-
ниялардың  бірігуі:  бір  нарықта  ілеспе  тауарлар
өндіретін компаниялардың бірігуі.
Қаржыландыру  типі  бойынша  бірігулер  екі
түрге бөлінеді:
-
сатып  алу  арқылы бірігу  (ағыл. purchase
merger): бір компания екіншісін ақшаға немесе қан-
дайда бір бағалы қағазға сатып алуы; мұндай бірігу
түрі жиі кездеседі.
  біртұтас ету (ағыл. consolidation merger): бұл
жағдайда екі компания да сатылып алынады және
тіптен жаңа құрылым қалыптасады [6, 134б.].
Әрине,  компаниялардың  бірігу  нысандары
әртүрлі және оны жүзеге асырудың себептері жетер-
ліктей, алайда басқарушы мұндай мәмілеге отыр-
мас бұрын, ұйым үшін нәтижесінде пайда болатын
болашақ кірістері мен шығыстарын анықтап, оңтай-
лы  шешім  қабылдауы  тиіс.  Себебі  оның  астары
құқықтық, салықтық, есептік, қаржылық аспектілер-
мен ұласып жатады.
Қорыта келе, Қазақстанның дамып келе жатқ-
ан экономикасы M&A нарығына, шетелдік инвести-
циялардың қатысуымен де, олардың қатысуынсыз
да елеулі ықпал тигізіп жатқандығын атап өтуге бо-
лады. Енді еліміздегі заңнамалық база мен сот жүйесі
елдің даму қарқынымен пара-пар келіп, шетелдік
және қазақстандық  инвесторларға  біріктіру  және
жұту  бойынша  мәмілелерді  жүзеге  асыруға
мүмкіндік беретін жағдайлар жасалады. Сонымен
қатар,  жаһандану  жағдайында,  халықаралық
бірігулер  арқылы  капиталды  шоғырландыру
әлемдік экономиканың дамуының қозғаушы күші
болып отыр.
Каталог: attachments -> article
article -> Н. К. Кибатаева педагогика ғылымының
article -> Мал шаруашылығЫ Өнімдерін өндіру және өҢдеу
article -> Деся ru №24 апрель 2015
article -> Алматы облысы Қаратал аудандық әдістемелік кабинеті Интыбекова Нургуль Агдарбековна әдіскер Деңгейлік оқу бағдарламасының іс
article -> Білім беру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің
article -> Род имён существительных
article -> Истинная вежливость. Цель. Воспитывать чувство уважения и вежливости. Оформление


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   64


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет