№3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы



бет1/5
Дата13.10.2022
өлшемі159,75 Kb.
#42792
  1   2   3   4   5

№ 3-4 дәріс Педагогиканың пайда болуы мен дамуы


Кез келген ғылым дамудың ұзақ тарихи жолымен өтеді. Олай болса, педагогиканың ғылым ретіндегі дамуының негізгі кезеңдерін қарастырайық.
Бірінші кезең
Алғашқы арнайы білім беру құрылымдары Ежелгі дүниенің б.з.д. ІІІ мыңжылдығында пайда болды. Онда білімді оқытудың жеңілдетілген формалары мен тәсілдері болды, мысалы үлкендер үлгісіне еліктеу, көрсеткенді қайталау, бұйрықты орындау, талап еткенге бағыну және т.б. Оқытушы мен білім алушылар арасында осындай қатынас болды. Бұл тәжірибеге сол кезде теориялық талдау болмады. Хат пайда болған кезде сауаттылыққа, оқуға, жазуға үйрену кесте көмегімен жүзеге асырылды. Әліппеге әріптерді қосу әдісі арқылы үйретілді. Оқушылар мәтінді жаттап алып, содан соң сөзбе-сөз қайталап айтатын еді
Екінші кезең
тәрбие үдерісінің бағытын, заңдылығын, негізін көрсететін қағидалар мен ережелердің, нұсқаулықтардың жүйелілігімен сипатталады. Бұл кезеңде педагогикалық білім философиялық және саяси білімнің бөлігі болды. Осы тұста Гомердің «Илиада», «Одисей», Плутархтың «Изречения спартанцев», Гесиодтың «Труды и дни» атты эпикалық поэмалары жазылды.
Атақты Ежелгі Грек ойшылдары Пифагор (б.з.д V ғ.), Гераклит (б.з.д. 520-460), Демокрит (б.з.д. 460-370), ғалым-сопылар (б.з.д. V-IV ғ), Платон (б.з.д. 427-347), Аристотель (б.з.д. 384-322 жж.) әр түрлі сұрақтар бойынша философиялық ойларымен қатар білімнің мазмұны, оқытудың тәсілдері жайлы педагогикалық көзқарастарын айтты. Осылайша біздің күнімізге дейін Пифогор теоремасы, эвристикалық (сократтық) әңгіме, Платонның таным (білместік, өзін-өзі тану, толық білім) туралы ілімдері жетті
Ежелгі Шығыс (б.з.д. V-IV мыңжылдық - б.з.д. V ғ.), Қосөзен, Мысыр, Үндістан, Қытай өркениеті ұйымдастырылған оқытудың құнды тәжірибесін қалдырды. Осылайша Ежелгі Месопотамияда (б.з.д. ІІІ мыңжылдық) эдуббтарда (мектептерде) әңгіме, талқылау, диалог-талас, жаттау, көшіру, жаттығу, көшіріп жазу әдістерін қолданған. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықта Ежелгі Үндістанда мектептің білім беру ісінде оқытудың белсенді тәсілдерін қолданған, мысалы, оқытушы оқушының алдына әр түрлі мақсат қойып, оқушыны сұрақтарға жауапты өз бетінше табуға, шындықты танудың тәсілдерін меңгертуге үйретті. Ежелгі Қытайдағы Конфуций мектебінде (Кун-Цзы б.з.д. 551-479 жж.) оқытудың үлгіге еліктеу, диалог, салыстыру, заттарды және құбылыстарды топтастыру тәсілдері қолданылды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет