№3 /55/, 21 сәуір, дүйсенбі, 2014 жыл газет 2000 жылдың СӘуір айынан шығады



жүктеу 2.47 Mb.
Pdf просмотр
бет2/5
Дата03.03.2017
өлшемі2.47 Mb.
1   2   3   4   5

София САҒЫНДЫҚОВА,

«Биотехнология» ғылыми-

зерттеу орталығының директо-

ры, б.ғ.д., профессор, РЖА және 

ХЭжӨҚА-ның академигі

Экономика  саласына  білікті  ма-

мандар  даярлап  келе  жатқан,  біздің 

университеттің  Экономика  және  құқық 

факультеті  екені  белгілі.  Университет-

те  экономист  мамандарды  даярлау 

кезеңі 1990 жылдардан бастау алады.  

Факультетіміздің өзінің ресми дәрежесін 

алып,  аяғынан  тұрып,  нығая  түсуі  Гу-

рьев  педагогикалық  институтының 

Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

мемлекеттік университеті болып қайта 

құрылуымен  тікелей  байланысты. 

Биылғы жылы университет дәрежесіне 

ие болғанымызға 20 жыл толып отыр, 

ал  факультетімізге-17  жыл.  Жалпы 

аймақтағы іргелі жоғары оқу орыны жаңа 

құрылымда  классикалық  дәрежедегі 

университет мәртебесіне ие болғаннан 

кейінгі жылдары өсу өркендеу жолында 

болды.  Университеттің  материалдық-

техникалық  базасы  қуаттанды,  жаңа 

мамандықтар, кафедралар, факультет-

тер  ашылды.  Профессор-оқытушылар 

құрамы  артып,  студенттер  саны  арт-

ты. Алғашқы Экономика факультетінің 

негізін 

қалаушы 


Ғалымжан 

Жұмабайұлы  Нұрышев  бастапқы 

ұйымдастыру  жұмыстарына  із  салуда 

өлшеусіз еңбек етті. Ғалекең өзі эконо-

мика  саласының  маманы,  экономика 

ғылымдарының  докторы,  профессор 

ретінде  –  экономика,  құқық  және  биз-

нес,  менеджмент,  маркетинг  сияқты 

экономика  мамандықтарын  ашуға 

бірден-бір ұйтқы болып, жетекшілік етті. 

Экономика  факультетінің  құрамында 

экономикалық  теория,  менеджмент, 

есеп  және  аудит  кафедралары  іске 

кірісті. 

2013  жылдың  қыркүйек  айында 

университеттің  ғылыми  Кеңесінің 

қабылдаған  шешімімен  «Экономика 

және  басқару»  факультеті  мен  «Заң» 

факультеті біріктіріліп, қосылып «Эко-

номика  және  құқық»  факультеті  бо-

лып,  қайта  жасақталды.  Факультетте 

5  кафедра,  70-ке  тарта  профессор-

оқытушылар  еңбек  етеді.  Бұл  өзгеріс 

те  факультет  жұмысын  одан  әрі 

ілгерілете  түсу  мақсатымен  байланы-

сты болатын. Бүгінде Экономика және 

құқық  факультеті  жоғары  дәрежелі 

бакалавариат,  магистратура  маман-

дарын даярлаумен шұғылданады. Фа-

культет  жанында  агорэкономикалық 

зерттеу  орталығы  өз  жұмысын 

жүргізіп  келеді.  Орталық  магистрлік 

диссертацияларға, 

дипломдық 

жұмыстарға 

жетекшілік 

жасап, 

ізденушілерге ғылыми тұрғыдан ықпал 



жасайды. Сонымен  бірге  Орталық 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарының  жо-

баларына  да  қатысуда.    Орталық 

тарапынан  тиісті  көмек  қолдау 

тұрақты  көрсетіліп  келеді.  Орталық 

Қалмақ  мемлекеттік  университетімен, 

профессор-оқытушыларымен, 

ғалымдарымен  бірлесіп,  ғылыми-

зерттеу  жұмыстарын  жүргізуде.  Бұл 

жоба  «Аймаққа  кадрлар  дайындау» 

тақырыбы бойынша іске асырылуда.

Бақтыбек ТАУБАЕВ,

а/ш.ғ.д, агроэкономикалық 

зерттеулер Орталығының жетекшісі  

Атырау  өлкесі  де  тарихи-мәдени 

мұра  ескерткіштеріне  өте  бай.  2010 

жылдың  1  қаңтарындағы  есеп  бой-

ынша  облыста  320  археологиялық 

ескерткіш тіркелген, олардың ішінде 

147 археологиялық ескерткіш алдын-

ала есепке алу тізіміне ғана алынып, 

әлі  толық  зерттелмеген.  Тайсойған, 

Нарын  құмдары,  Каспий  теңізінің 

солтүстік-шығыс  бөлігі,  Құрманғазы 

ауданының батыс бөлігі әлі де терең 

зерттелуді қажет етеді. 

Облыс аумағында орналасқан нео-

лит кезеңінің 100-ге жуық тұрақтары, 

ерте  темір  дәуірінің  300-ден  астам 

қорғандары,  сармат  тайпаларының 

200-ге  жуық  ескерткіштері  тұтас 

күйінде қозғалусыз жатыр.

Университет  жанынан  құрылған 

«Археология  оқу-ғылыми  зертхана-

сы»   өзінің ғылыми-техникалық ба-

засына,  ғылыми  әлеуетіне  (6  тарих 

ғылымдарының  докторы,  17  тарих 

ғылымдарының  кандидаты),  ма-

ман кадрларына, орталықтағы және 

басқа аймақтардағы ғылыми-зерттеу 

институттары,  оқу  орындарымен 

байланыстарына  сүйене  отырып 

мынадай  мәселелерді  іске  асыруды 

мақсат етіп отырмыз: Атап айтқанда,

• Атырау  өлкесінің  үстінен  өткен 

«Ұлы  Жібек  жолының»  бойындағы 

қалаларды  зерттеу  және  оларды 

туристік объектілерге айналдыру; 

• Ұлттық  тарихи  мұраларымызды 

халықаралық  деңгейде  насихат-

тау  үшін  ортағасырлық  Сарайшық, 

Ақтөбе-Лаэти  қалалары  төңірегінде 

мұражай-қорықтар  дайындауға  ат-

салысу;

• Университеттің 



«Археология 

оқу-ғылыми  зертханасы»  Жылы-

ой,  Индер,  Қызылқоға,  Құрманғазы 

аудандарындағы  сармат  дәуірінің 

қорғандар  тобын  зерттеп,  көшпелі 

сармат 


тайпаларының 

бай 


мәдени  мұраларын  әлем  алдында 

насихаттауға үлесін қосар еді;

• Теңіз  кеніші  территориясындағы 

Сарықамыс  және  соған  жақын 

жердегі  неолит,  жаңа  қола  дәуіріне 

қатысты  ескерткіштер  мұнай-газ 

кеніштерінің  қарқынды  игерілуіне 

байланысты. Университеттің «Архе-

ология оқу-ғылыми зертханасы»  бұл 

жерде  тұрақты  және  жүйелі  түрде 

кешендi  археологиялық  зерттеулер 

жүргiзу;


• Болашақ 

ұрпақты 


тарихи 

құндылықтардың  негізінде  тәрбиелеу 

мақсатында  «Жазғы  археологиялық 

мектептер»  жұмысын  жүйелі  түрде 

ұйымдастыру.

Әния ЕРМАҒАМБЕТОВА,   

археология оқу-ғылыми 

зертханасының меңгерушісі, 

т.ғ.к.,                                                           

Каспийское море является крупней-

шим внутренним водоемом на земле, 

не  имеющим  естественного  выхода 

на мировой океан. Протяженность Ка-

пийского моря с севера на юг состав-

ляет 1100 км, и около 435 км с востока 

на запад. Каспийское море является 

крупнейшим  закрытым  водоемом  на 

планете,  значительно  больше,  чем 

Великие  Озера  в  Северной  Амери-

ке, и содержит 44% мирового запаса 

озерных  вод.  Северная  часть  моря 

очень  мелкая,  на  нее  приходится 

около 28% площади поверхности Ка-

спийского моря и всего 0.96% общего 

объема воды. 

Северный  Каспий  функционирует 

как эстуарий Каспийского моря и реки 

Волги. Уровень Каспийского моря за-

висит от гидрогеологического балан-

са между поступлениями и потерями 

воды. Основными поступлениями яв-

ляются речные стоки и особенно реки 

Волги, потерей, главным образом, яв-

ляется испарение воды. 

Восстановление  и  развитие  эконо-

мики  может  привести  к  увеличению 

количества загрязняющих веществ в 

Северном Каспии. Экологическое со-

стояние Северного Каспия вызывает 

опасения  из-за  нарастающего  темпа 

антропогенной  нагрузки,  загрязнение 

его  промышленными  отходами  и  не-

фтепродуктами.

В  Каспийском  море  было  сосредо-

точено в прошлом около 90% мировых 

запасов осетровых видов рыб, много 

эндемичных,  реликтовых  форм.  Зна-

чительный розлив нефти может иметь 

серьезные последствия. Попытки изо-

лировать  и  законсервировать  «про-

текающие» скважины с нарушенными 

колоннами должны уменьшить уровни 

загрязняющих веществ.

Стойкие  хлорорганические  пести-

циды  (СХП)  имеют  место  в  донных 

отложениях северного Каспия, но их 

уровни  ниже,  чем  отмечалось  35-40 

лет  назад.  Основное  беспокойство 

вызывают ДДТ, линдан и токсические 

продукты их метаболизма. 

В Каспийском море обитает более 

100 видов рыб, 33 из которых имеют 

промысловое  значение.  Основная 

часть  промысловых  рыб  питается  и 

размножается  в  дельтах  северного 

Каспия.  Северный  Каспий  является 

важным для добычи белуги, русского 

осетра и севрюги, которые в прошлом 

поставляли более чем 90% икры.

Каспийская  прибрежная  зона  важ-

на  для  сохранения  регионального  и 

глобального  биологического  разноо-

бразия.  

Каспийское море является важным 

пунктом  промежуточной  остановки 

для перелетных птиц. Заболоченные 

территории  Северного  Каспия  явля-

ются  обширной  и  высокопродуктив-

ной  средой  для  больших  популяций 

гнездящихся птиц и привлекают боль-

шое  количество  перелетных  птиц. 

Многие  исчезающие  виды  исполь-

зуют  этот  миграционный  туннель. 

Управление  средой  обитания  и  кон-

троль  за  использованием  ресурсов 

являются важными мерами в сохра-

нении природы. 

Тлепказы ЕРГАЛИЕВ, 

профессор Атырауского 

института нефти и газа

Ғұлама ғалымның ғылыми мұрасы  әр қырынан жан-жақты зерттеліне 

бастады.  Ғалым  мұрасын  зерделеу  1993  жылы  Алматыда  Қазақстан 

Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясында,  сол  жылы  Атырау 

мемлекеттік университетінде Х.Досмұхамедовтың туғанына 110 жыл то-

луына арналып өткізілген ғылыми-теориялық конференциялардан бастау 

алады.

Атырау  университетінде  өткен  ғылыми-теориялық  конференцияның 



материалдары негізінде «Ғұлама ғалым, ағартушы педагог» атты ғылыми 

жинақ жарық көрді.

Х.Досмұхамедов  мұрасының  зерттелуі  туралы  айтқанда  1996  жылы 

«Санат»  баспасынан  алматылық  ғалымдар  Қ.Нұрпейісов,  М.Құлкенов, 

Б.Қабижанов, А.Мектеповтердің авторлығымен «Халел Досмұхамедұлы 

және  оның  өмірі  мен  шығармашылығы»  атты  тұңғыш  жарық  көрген 

ғұмырнамалық еңбекті ерекше атауға болады. 1998 жылы белгілі ғалым 

Р.Сыздықованың  ғылыми  жетекшілігімен  «Халел  Досмұхамедовтың 

таңдамалы шығармалары» атты ғылыми жинақ жарық көрді.  

1994 жылдан бастап, университет көлемінде педагогика кафедрасының 

ұйымдастыруымен  Халел  оқуларын  өткізу  дәстүрге  айналды,  ал  2000 

жылдан  бастап,  Х.Досмұхамедов  оқулары  екі  жылда  бір  рет  дәстүрлі 

түрде республикалық деңгейде өткізіліп келеді. 

2000 жылы өткізілген І республикалық Х.Досмұхамедұлы оқуларының 

негізінде «Алты алаштың мақтанышы» атты ғылыми жинақ жарық көрді.

2000-2011 

жылдар 

аралығында 



университеттің 

Ғылыми 


Кеңесінің  шешімімен  «Халелтану»  курсын  университеттің  барлық 

мамандықтарының  оқу  жоспарына  міндетті  түрде  енгізіліп,  оқытылды. 

Профессор  Қ.Б.Сейталиевтің  пен  аға  оқытушы  Ғ.Базарғалиевтің 

құрастыруымен  2003  жылы  «Халелтану»  курсының  бағдарламасы  мен 

«Халелтану» оқулығы баспадан 15 б.т. көлемінде шықты.

Бірінші  республикалық  Х.Досмұхамедов  оқуларының    ұсыныстары 

негізінде  университетте    педагогика  кафедрасының  жанынан  «Халел-

тану»  ғылыми-педагогикалық  зертханасы  ашылды.  Зертхана  қазіргі 

кезде  Х.Досмұхамедов  атындағы  университет  жанындағы  ғылыми-

педагогикалық  зерттеулер  орталығына  айналды.  Болашақта  универ-

ситетте  екі  жылда  бір  рет  өткізілетін  Республикалық  Досмұхамедов 

оқуларына халықаралық мәртебе беру жоспарланып отыр.

Х.Досмұхамедов  мұрасы  жөнінде  7  кітап,  7  республикалық-тәжірибелік 

конференция материалдарының жинағы,  200 тарта әртүрлі республикалық, 

облыстық  басылымдарда  жарық  көрген  Халелтанушылардың  ғылыми 

мақалаларымен  қатар,  Өзбекстан  Республикалық  Орталық  мемлекеттік 

мұрағатынан  200  тарта  алынған  құжаттар  жинағы  мен  Қазақстан  Респу-

бликасы мемлекеттік мұрағатынан алынған 164 мұрағат құжаттары, Ұлттық 

ғылым академиясының сирек кездесетін  кітаптар қорынан 1922-26 жыл-

дары  шыққан  материалдар  педагогика-психология  зертханасы  арқылы 

зерттеуші қауымға, ізденуші студенттерге ұсынылып отырады.

 

 Ғабит БАЗАРҒАЛИЕВ, 



п.ғ.к., педагогика-психология зертханасының жетекшісі

ҒЫЛЫМ  МЕН  ӨРКЕНИЕТ

ӨСУ,  ӨРКЕНДЕУ  ЖОЛЫНДА

ӨЛКЕДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР

Экология Казахстанской части 

Каспийского моря

ХАЛЕЛ БАБА АТЫНДАҒЫ ЗЕРТХАНА

4

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ – МАҚТАНЫШЫМЫЗ 

Кезінде Гурьев педагогикалық институты 

болып та сан мыңдаған шәкірттің қанатын 

қатайтып,  үлкен  өмірге  нық  қадам  басуға 

жолдама  берді.  Мен  де  сол  мыңдаған 

шәкірттің  бірі  болып,  1975  жылы  осы  оқу 

орнының  тарих  факультетін  бітірдім. 

Педагогтық еңбек жолым да аталған білім 

ордасымен  біте  қайнасты.  Осы  оқу  орнын 

бітіргеннен  кейін  Гурьев  педагогикалық 

институтының педагогика және психология 

кафедрасында  қызмет  атқардым.  Ғылым 

жолына алғашқы қадам да осы кафедрадан 

басталды.  Ғылым  жолына  нық  сеніммен 

келіп, ғалым болып қалыптасуымда, ғылым 

жолындағы  атқарған  жұмыстарымда  педа-

гогика ғылымдарының докторы, профессор 

Қ.Б.Сейталиевтің еңбегін ерекше атар едім. 

1986-1991  жылдар  аралығында  инсти-

тутты  профессор  Жамбыл  Сәулебекұлы 

Ақылбаев  басқарды.  Осы  жылы  сол 

кездегі  институт  ректорының  ұсынысымен 

мен 

тарих-филология 



факультетіне, 

Ғ.Ж.Нұрышев  педагогика  факультетіне 

декан  болып  тағайындалдық.  Жұмысына 

асқан  жауаптылықпен  қарайтын  Жамбыл 

Сәулебекұлынан  басшылық  тізгінді  қолға 

ұстаған  әр  жанның  үлгі  алары  сөзсіз.  Осы 

кісімен  қызметтес  болып,  бірлесе  жұмыс 

атқардық. 

Мен  үшін  университеттегі  ең  жауапты 

кез-2000-2008  жылдар    аралығындағы 

Х.Досмұхамедов 

атындағы 

Атырау 

мемлекеттік    университетінің  ректоры 



қызметін  атқаруым.  Алдыңғы  толқын 

ағалардың  өнегелі  істерінен  үлгі  алуға 

тырыстық.  Осы  жылдары  алдымызда  оқу 

орнын сапалы өзгерістермен жаңа деңгейге 

көтеру міндеті тұрды. 

Бұл  жылдары  өңірде  жас  ғалымдардың 

ғылыми  ортаға  енуіне  бірден-бір  септігін 

тигізген  университет  жанындағы  педа-

гогика  ғылымдарының  кандидаты  және 

докторы  дәрежелерін  беру  жөніндегі 

диссертациялық кеңес жұмысының универ-

ситет үшін кадрлық потенциалды арттыруға 

елеулі  ықпалы  болды  деп  ойлаймын. 

Аталған  диссертациялық  кеңес  ғылыммен 

айналысам  деген  әр  жас  маманға  өзін 

көрсете  білуге  мүмкіндік  беріп,  педагогика 

саласын дамытуға үлес қосатын ғылым кан-

дидаттары мен докторларын  көбейтті. 

Университеттің материалдық-техникалық 

базасын  жаңарту  да  жаңа  үлгідегі  екі  оқу 

ғимаратының,  спорт  кешені  және  бірқатар 

әлеуметтік нысандардың бой көтеруі – оқу 

орны  үшін  сол  жылдарда  атқарылған  уни-

верситет  ұжымы  жұмысының  жемісі.  Осы 

жылдары  құрылысы  тоқтап  тұрған  оқу 

орнының  бас  ғимараты  да  бой  көтерді. 

Бұл  игілікті  іске  сол  кезде  облысқа 

басшылық  жасаған  И.Н.Тасмағамбетов 

қолдау  жасағанына  университет  ұжымы 

куә.  Иманғали  Нұрғалиұлы  оқу  орнының 

материалдық-техникалық 

базасының 

жаңаруына  қолдау  көрсетіп  қоймай,  уни-

верситетке  рухани  азық  болар  игілікті 

істердің  бастамашысы  болып,  академик 

З.Қабдоловтың  университетке  қызметке 

келуіне де бірден-бір ұйытқы болды. 

Білім  ордасына  әрдайым  мәртебесі  мен 

мерейі үстем болсын демекпін. 

Асхат ИМАНҒАЛИЕВ,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ ректоры, 

академик 

Атырау  елінің  ғылыми  қауымы  өз 

елімізде  ғана  емес,  шет  мемлекеттерге  де 

танымал  ғалым,  мұнай-газ  саласындағы 

жоғары мектеп ұйымдастырушысы, белгілі 

қоғам  қайраткері,  бірінші  сайланған  Пар-

ламент  Сенатының  депутаты  Төлеуіш 

Пәуеденұлы  Серіковті  ерекше  құрмет 

тұтады.

Бүгінде химия ғылымдарының докторы, про-

фессор, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының 

және  Халықаралық  инженерлік  академияның 

академигі,  Атырау  мұнай  және  газ 

институтының отын-энергетикалық  мәселелері 

ғылыми-зерттеу орталығының директоры сын-

ды абыройлы атақтар мен жауапты лауазым-

ды иеленіп отырған Төлеуіш Пәуеденұлы.  1969 

жылы ол Гурьев педагогикалық институтының 

химия-биология  факультетін  аяқтап,  кейін 

1975  жылы  Мәскеудің  мұнай-химиялық  син-

тез  институтының  «Мұнайлар  химиясы 

және  мұнай-химиялық  синтез»  мамандығы 

аспирантурасының  күндізгі  бөлімінде  білім 

алып шықты. Ол өзінің ғылыми-педагогикалық 

еңбек  жолы  мен  қызметін  1969  жылы  Гурьев 

қаласындағы ҚазССР  Ғылым Академиясының  

химия  мен  мұнай  және  табиғи  тұздар  ин-

ститутында  бастап,  сол  жерден  ғылыми 

баспалдақтың бәрінен өтіп шықты. 1980-1984 

жылдар  аралығында  университеттің  бастау-

ыш  мектеп  педагогикасы  мен  әдістемесі  ка-

федрасында  кадр  тапшылығына  байланысты 

қосымша  сабақ  беруге  шақырылып,  біршама 

жыл осы мамандықта дәріс берді.

1984 

жылы 


Қазақ 

политехникалық 

институтының  Гурьевтік  жалпы  техникалық 

факультетінің  деканы  болып  тағайындалды. 

Осы 

факультет 



базасында 

кейіннен 

Қазақстанда бірінші Мұнай және газ институты 

ашылды.   

Атырау мұнай және газ институтының негізін 

қалаушы  және  алғашқы  ректоры  Төлеуіш 

Серіков  30  жыл  бойы  осы  жоғары  оқу  орнын 

дамыту мен өркендету жолында аянбай еңбек 

етіп, оқу орнының  өз күшімен 15 оқу корпусын 

салдырды.  Сондай-ақ,  жас  буын  үшін  спорт 

кешені, студенттер сарайы бой көтерді. 

Құрметті ғалым, ел мақтанышы болып келе 

жатқан  тұлғаға  алдағы  уақытта  да  мықты 

денсаулық,  отбасы  бақытын,  туыстарының 

ортасында  ұзақ  та,  баянды  ғұмыр  кешуін 

тілейміз. Біз, кейінгі буын, алдымызда үлгі алар 

ағалардың  барына,  әрі  олар  осы  білім  қара 

шаңырағының түлектері екенін мақтан етеміз. 



Материал облыстық газет беттерінен алынды. 

Дайындаған: Сымбат МҰҚАНҒАЛИЕВА,

 «Университет» газетінің тілшісі

Қазақтың маңдайына біткен өрен жүйрік 

Әмин Тұяқов туралы бірнеше мәрте  айты-

лып  та,  баспасөз  беттерінде  жазылып  та 

жүр.  Тіпті, ол хақында кітап та бар. Оның 

талай    «менмін»  деген  саңлақтарды  шаң 

қаптырып кеткен жел аяқтығы кейінгі буын 

үшін өрісті өнеге, тәлімді тәрбие. 

Кеңестер  Одағының  еңбек  сіңірген 

спорт 

шебері, 


Қазақстанның 

Еңбек 


сіңірген 

жаттықтырушысы, 

Қазақстан 

Республикасының  Еңбек  сіңірген  қайраткері 

– Әмин Тұяқов 1937 жылы 12 ақпанда қазіргі 

Маңғыстау  облысындағы  Маңғыстау  ау-

данына  қарасты  Шайыр  аулында  дүниеге 

келген.  Атыраудағы  (Гурьевтегі)  екі  жылдық 

мұғалімдер  институтына  түсіп,  бір  жылдан 

кейін  ол  педагогикалық    институт  болып 

қайта  құрылғанда  соның  физика-матема-

тика  факультетіне  түсіп,  1960  жылы  үздік 

дипломмен  бітіріп  шығады.  Ол  сабақтарын 

өте  жақсы  оқумен  қатар  институттың 

және  факультеттің  қоғамдық  жұмыстарын 

жауапкершілікпен  орындап,  оның  ішінде, 

спорттың  жеңіл  атлетика  түрінен  елеулі 

табыстарға қол жеткізеді. Осы жетістіктерінің 

арқасында    1957  жылы  Қазақстан  құрама 

командасының  мүшесі  болып  қабылданады. 

1959 жылы Бүкілқазақстандық ІХ спартакиада 

100, 200, 400  метрге жүгіруден Қазақстанның 

үш  дүркін  чемпионы,  1960  жылы  Одесса-

да  өткен  Бүкілодақтық  «Буревестник»  ерікті 

спорт  қоғамының  жеңімпазы  атанады.  Әмин 

Елемесұлы  1960  жылдан  1968  жылдың 

аяғына  дейін    КСРО  құрама  командасының 

сапында тек Кеңес Одағының ғана емес, қазақ 

халқының да даңқын аспандата түскен еді. 

1965  жылы  оған  КСРО  спортына    еңбегі 

сіңген шебері жоғарғы атағы берілді. Және сол 

жылы  спорттың  жеңіл  атлетика  саласында 

қазақ  халқының  даңқын  әлемге  аспандатқан 

желаяқ  «Құрмет  белгісі»  орденімен  марапат-

талды. 

Әмин  Тұяқов  ұзақ  жылдар  спорт 



мектептерінде  жаттықтырушы,  одан  кейін 

Қазақстан  ұлттық  құрамасында  бас  бапкер 

болып қызмет атқарды. Еңбегі жеміссіз болған 

жоқ.    Шәкірттері  Олимпиада  ойындары  мен 

әлем, құрлық чемпионаттарында жүлде алды. 

Тұяқовтан тәлім алған мамандарды спорттың 

әр саласынан кездестіруге болады.

Абай АҚМҰРЗИЕВ,

журналистика мамандығының 

І курс студенті 

Өзіме  ұстаздық  қабілеттің  қыр-сырын 

тереңдей түсіндірген білікті мұғалімдер, белгілі 

ғалымдар  Х.Б.Табылдиев,  А.Ш.Шамғонов, 

И.Қ.Қамешев, К.Қ.Қайырбекова, А.Т.Садыкова, 

А.С.Сарсенов,  Б.Ж.Жанетов  сынды  ұстаз-

дарымды мақтан етіп, «Өзгенің уақытын аялап, 

өзінің  уақытын  аямаған»  адами  қасиеттерін 

ерекше тебіреніспен бағалаймын. 

Сонымен  бірге,  осы  ұлағатты  ұстаздардың 

ұстаханасында  білім  алып,  елге  танылған 

ғалымдардың,  ақын-жазушылардың,  қоғам 

және  саясат  қайраткерлерінің  өмір  жолдарын 

шәкірттерге үлгі етуге болады. 

1990  жылдары  Атырау  университетінің 

құрылымын  және  білім  берудің  мазмұнын 

түбірлі 

жетілдіруде 

ерекше 

басқару-


ұйымдастырушылық  қабілеттерін  танытқан 

жаңашыл-ректорлар 

– 

Ж.С.Ақылбаев, 



Х.Б.Табылдиев,  А.С.Иманғалиевтердің  та-

рихи  шежіресі  бар  оқу  орнында  ерекше 

қолтаңбалары бар.

Еңбек нарығындағы өзгерістер, кадрларға де-

ген сұраныс заман талабына сай инновациялық 

жаңалықтардың  білім  мен  тәрбие  процесіне 

енуінің  аса  қажеттілігін  дәлелдеп  отыр.  Бүгінгі 

күннің  басты  талабы,  теориялық  білімді 

толықтай  меңгеріп,  өндірістік  тәжірибені  ше-

бер  ұштастырған  бәсекелестікке  қабілетті  ма-

ман  дайындау  болып  табылады.  Қазіргі  күні, 

ректор,  белгілі  ғалым  Б.Б.Мамраев  бастаған 

университет  ұжымы  білім  берудің  жоғары 

деңгейіндегі  дамыған  халықаралық  универси-

теттерге сай болу бағытында еңбек етуде. Бұл 

қадам,  қазіргі  уақыт  талабына  сай  жергілікті 

аймақтың ерекшеліктерін ескере отырып, сапа-

лы мамандар даярлаудың басты сатысы болып 

есептеледі.

Бәріміз үшін де «Өмір мектебі» болған, универ-

ситет тарихында өзіндік ізі бар, білім саласын-

да еңбек етіп, отандық ғылымды дамытуға да 

үлестерін қосқан, ел өмірінде елеулі іс атқарған 

түлектер атынан, «Білім шаңырағының» барша 

ұстаздар қауымын, түлектерін, жалынды студент 

жастарын  тағылымды  тарихи  мерейтойымен 

құттықтаймын! 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет