№3 /55/, 21 сәуір, дүйсенбі, 2014 жыл газет 2000 жылдың СӘуір айынан шығады


Сұхбат жүргізген: Ұлан ИМАНҒАЛИЕВ



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата03.03.2017
өлшемі2,47 Mb.
#5460
1   2   3   4   5

Сұхбат жүргізген: Ұлан ИМАНҒАЛИЕВ

«Университет» газетінің тілшісі

2011  жылы  мектеп  табалдырығын  тәмәмдағаннан 

кейін  құжаттарымды  еліміздің  экономикалық-саяси 

жағдайында  айрықша  орын  алатын  құт  мекен  Атырау 

облысындағы  Халел  Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

мемлекеттік  университетіне  тапсырып,  яғни,    студент  бо-

лып  қабылдандым.  Қазіргі  таңда  осы  оқу  орнының  Эконо-

мика және құқық факультетінің Мемлекеттік және жергілікті 

басқару мамандығында 3 курс студентімін. Мен оқуға түскен 

жылы филология ғылымдарының докторы, профессор Бейбіт 

Баймағамбетұлы  Мамраев  ректор  болып  тағайындалды. 

Содан бері жоғары дәрежелі біліктілігімен өнегелі қызметін 

жүзеге асыруда. 60 жылдан астам тарихы бар білім орда-

мызда  дүниежүзілік  инновациялық  білім  беру  нәтижесінде 

білікті мамандар дайындалуда. Әрине, осы орайда ұстаздар 

қауымының  алатын  орны  ерекше.  Халық  даналығында 

«Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы» деген мақалдың өзінде  

шіркін қандай мағына жатыр десеңші! Ұстаздың әр шәкіртке 

оқыған дәрісі, салмақты ойы, бағыт-бағдар беріп оң жолға 

сілтеуі  өнегелі  жағдай  болып  табылады.  Сондықтан  сту-

денттер өз мамандығының майталманы болу үшін ұстаздың 

берген білімін аса қабілетпен бойына дарытса, әр студенттің 

еліне арқау болатын білікті кадр болып шығары сөзсіз. 

Әйгерім ИБАТОЛЛАЕВА, 

мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 

ІІІ курс студенті

ӨМІР УНИВЕРСИТЕТІ

ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ ЖӘНЕ МЕН

Мамандық таңдау – болашақ бастауы



СТУДЕНТ ТОЛҒАУЫ

Сыр-сұхбат

Университет өмірлік мектеп

ЗАҢГЕР БОЛУ АРМАНЫМ ЕДІ



8

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ЖЫР ӘЛЕМІ 

«Университет» газеті редакциясының алқа мүшелері 

Б.Б.Мамраев – алқа төрағасы, университет ректоры

А.Қ.Ахмет - әлеуметтік сұрақтар және тәрбие ісі жөніндегі проректор

А.Т.Садықова - редактор  

А.Р.Сабыров - редактор орынбасары  

С.Сисеналиева - компьютерде теруші

Ә.Жоламанұлы – фототілші 

«Университет» газетінің меншікті тілшілері

Самал Альдешова – Экономика және құқық факультетінің меншікті тілшісі 

Ұлан Иманғалиев - Физика - математика факультетінің меншікті тілшісі  

Бибі-Фатима Айдынова – Жаратылыстану факультетінің меншікті тілшісі  

Ұлмекен Шаукенова - Тарих - филология факультетінің меншікті тілшісі  

Әйгерім Түсіпқалиева – Педагогика және өнер факультетінің меншікті тілшісі  

Жұмабике Шаңқанова – Әлем тілдері факультетінің меншікті тілшісі  

Бибінұр Бақтығұлова - Қашықтықтан оқыту факультетінің меншікті тілшісі  

Сымбат Мұқанғалиева - Жастар саясаты орталығы және ғылыми кітапхананың меншікті тілшісі  

Абай Ақмұрзиев - Студенттік шығармашылық орталығының меншікті тілшісі 

УНИВЕРСИТЕТ

МЕНШІК ИЕСІ:

Х.ДОСМҰХАМЕДОВ

АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ

МЕМЛЕКЕТТІК

УНИВЕРСИТЕТІ

Газет ҚР Мәдениет және ақпарат 

министрлігінде тіркеліп, №2659 куәлік 

берілген 04.02.2002 ж.

Газет «Атырау-Ақпарат» ЖШС 

баспаханасында басылды.

Тапсырыс №547

Баспаның мекен-жайы:  Атырау 

қаласы, Ж.Молдағалиев көшесі, 29А үй

Авторлар жарияланымындағы пікірлер редакция көзқарасы еместігін ескертеміз.



Кезекші тілшілер: Сымбат Мұқанғалиева, Ұлан Иманғалиев

Үш өмір


   

  Өлімменен тоғысады өмір жолы торабы,

  Әр адамда мақсат, арман, жігер, намыс болады.

  Әр кеуделер жылылыққа толады,

  Бастарына бақыт құсы қонады.

  Бақыт қонса шырақ болар, алда тұрып жанады.

  Үмітпенен, қуанышпен нұр шашады жанары.

  Жүректерден мөлдір сезім, нұрлы шуақ төгіліп,

  Толқытып бір тебірентер көңілін.

  Адам – адам болғаннан соң өмір – оның тірегі,

  Сондықтан мен адамдардың өмірін

  Үшке бөлем үнемі.

 

БІРІНШІ ӨМІР – қызылды-жасыл,

  Алыс-жұлыс тіршілік.

  Кеткендейсің кейде одан түршігіп

  «Өмір – жалған» деп адамдар кінә артып өмірге 

  Өзі таптап өтеді екен жаңа жарған бүршігін. 

  Күнделікті күйбеңдеуден әрі аспай,

  Жүрмей және кескілеспей, таласпай.

  Үлкендікке асыққандар жас болып,

  Талпынғандар, айрылардай барынан.

  Бәз біреуі байлығына мас болып,

  Бәз біреуі жоқшылыққа налыған.

  Бұл өмірдің адамдары көңілдерге түйгені

  Бірінші өмір – тіршіліктің күйбеңі.

 

ЕКІНШІ ӨМІР – бәрімізге.

  Жас немесе кәрімізге,

  Жасамай бір кешірім

  Ашады түбі есігін.

  Ол өмір ажал, яки өлу 

  Кеудеңе кеп ажал төну,

  Жүрек тоқтап, шырақ сөну,

  Шын өмірмен қоштасып,

  Мәңгі өлмес өмір сүру.

  Бұған қарсы тұрар күш жоқ ғаламда,

  Бұл күшке басын иеді қылышынан қан тамған патша,

  Данаң да!

  Тамшы – мұңдар құйылатын жанарға 

  Бұл да енші боп жаралыпты адамға.

  Жә, қош делік,

  Бұларға адам үйреніп болған төселіп,

  Ең бақытты, ең қызықты болатын

  Үшінші өмір – тәтті өмірге көшелік.

  Анау, екі өмір 

  Екі арнада бөлек те –

 

ҮШІНШІ ӨМІР – елден ерек, бір төбе 

  Ол бір төбе мұзарт (яки биік шың)

  Ол биікке шығу – үлкен мәртебе!

  Үшінші өмір – қымбат анау жайқала өскен ақ гүлден,

  Қымбат анау нұрын төккен ақ күннен, 

  Ғашықтықпен өткен күндер - бұл өмір

  Сондықтан да 

  Үшіншісін ғашықтық деп таптым мен.

  Өміріңнің ұқтыратын шаттығын,

  Махаббат деген тәтті ұғым.

  Ғашық күндер тұрар мәңгі әнімен,

  Есте қалар мәнімен,

  Ғашықтықпен өткен күндер

  Артық екен бәрінен.

  Бұл үш арна,

  Үш шапағат.

  Бір арнасы – ақ махаббат

  Бір арнасы – жәй бір өмір, тіршілік.

  Бір арнасы – тылсым бір күш, 

  Түпсіз терең тұңғиық.

  Сезімдерге көкіректер тұншығып,

  Үш арнаға үнсіз басты шұлғиық!

  ...Иә, адамдар – бұл өмірдің елшісі,

  бұл үш арна бүкіл адам еншісі!

Артур ЯХУДА, 

университет түлегі

Туған жерім

   

Туған жерім белдігімді буған бесігім,



   

Жүрегімнен өшпейді сенің есімің.

   

Туған жерім алтынға да теңдессіз,



   

Әуелетіп ән тербеткен әсем үн.

   

   


Туған жерім, сағынышым, қорғаным,

   


Жасыл желек қалың тоғай, орманым,

   


Туған жерім ән мен жырдың қамалы,

   


Әрқашан да жақсы өзіңмен болғаным.

   


Туған жерім бір Алланың бесігі,

   


Өсиетті даналықтың есігі.

   


Туған жерім адалдықтың бастауы, 

 

   



Туған жерім нұр бесіктің есімі.

Салтанат АҚТАЖИЕВА, 

универсиет түлегі

Алтын ордам

   

Университет – білім ордасы сауат ашқан,



   

Талапкердің талай рет бағын ашқан.

   

Ілім-білім іздеумен арман асып,   



 

   


Студенттік кештермен таң ұласқан.

   


Алтын ордам – пырағым самғап ұшқан,

   


Білім қуып түндермен арпалысқан.

   


Аманатын ағай мен апайлардың,

   


Сақтап өттім сүрінбей сан жарыстан.

   


Дәрісхана, зертхана, кітапхана –

   


Білем деген болмады кімге пана?

   


Мұражайлар, спорт пенен акт залында –

   


Көрем деген қонбады кімге сана?

   


Керегіңді келтірер кураторың,

   


Жауап берер бәріне сұрағыңның.

   


Біреу үшін өзінің жаны күйген,

   


Өзі неге тұрады деканыңның?..

   


Арман қуып келерсің бала болып,

   


Сол арманға жетерсің дана болып.

   


Дипломыңды қойныңа қысқан күйі,

   


Бұл жерден де кетерсің адам болып.

   


Мұхит асып азаймас тауқыметің,  

   


Алдыңда тұр қалаған факультетің. 

   


Қырға қарап қайтесің қолың бұлғап,

   


Кім келсе де бұл жерде ақыл тегін. 

Амандық АБДОЛОВ, 

университеттің 2012 жылғы түлегі

Арманым


   

   


Талайлардың көңілін жадыратқан,

   


Адалдықпен, арымен қадірі артқан,

   


Жамандардың тізесін қалтыратқан

   


Нақ осындай адам болғым келеді!

   


   

Жақсыларға жәрдем беріп жүретін,

   

Доспен емес, баршаменен күлетін,



   

Түпкілікті қыран болып бүретін

   

Нақ осындай адам болғым келеді!



   

Аузын ашса, жүрегі көрінетін,

   

Санасынан сан ойлар өрілетін,



   

Қарсақ емес, түлкі емес, бөрі ілетін

   

Нақ осындай адам болғым келеді!



Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ,

университет түлегі

Қарттарым ел ағасы бетке ұстар

   

   


Қарттарым ел ағасы бетке ұстар,

   


Жігітке ер салғызып, ат ұстатар.

   


Аман-сау жүрсіңдер ме, аталарым,

   


Біздерге ақыл беріп ой тастатар.

   


Қартайып қалыпсыздар қылаң  тартып,

   


Бастарыңда барады ақ шаш артып.

   


Елімнің қазынасы қарты деген,

   


Аман-сау жүрсеңдерші ақыл айтып.

   


Мен-дағы өздеріңнен үлгі аламын,

   


Өздеріңдей қарттармен мақтанамын.

   


Сіздерден асыл сөзді үйреніп ап,

   


Болашаққа мен бүгін апарамын.

   


Айналдым елім деген қарттарымнан,

   


Елімнің елдігінен шарықтаған.

   


Сіздерге мың жасаңыз деп тілеймін,

   


Мына отырған көпшілік алқасынан.

Біржан ҚАДІРЖАНҰЛЫ,

университет түлегі 

Туған жердің қол жетпес биік шыңы



(Халел Досмұхамедовке)

   


“Алашым” деп, ах ұрып, алмай тыным,

   


Ұлт жанды еді арманын жалғайтын мың.

   


Алаштың армандаған жолын салды,

   


Сол жолға арнап бойда бар білімін.

   


“Қазақстан  дербес ел” болсын деді,

   


Арыстармен бірігіп жол салып еді.

   


Халел аты мәңгіге биік тұрар,

   


Алаштың ардағындай ғұлама еді.

   


Ұстаздың ізі қалды болып үлгі,

   


Туған жердің қол жетпес биік шыңы.

   


Ұлыларға ерлікпен бой түзеген,

   


Боламын білім қуар жалғар ізі.

   


Жоқтаған батырларын, ақындарын,

   


Дәстүрін, асыл жырын, ата салтын.

   


Сан ғасыр өтсе-дағы барша алаш,

   


Ұмытпайды ешқашан Халел атын.

Ерлан ТІЛЕКҚАБЫЛОВ,

журналистика мамандығының IV курс студенті

ХАБАРЛАНДЫРУ

  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті  2014 жылдың 1-наурызы мен 30-сәуір 



аралығында Атырау облысының жалпы орта білім беретін мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына 

«Менің Отаным - Қазақстан», «Мен мұғалім мамандығын таңдаймын» атты үш тілде /мемлекеттік, 

орыс  немесе  ағылшын/  жазба  жұмыстарының  2  турдан  тұратын  облыстық  сайысын  өткізеді. 

Жеңімпаздар үшін  университеттің 10 білім гранты тағайындалады. 



Мақсаты: Жас ұрпақтың бойын-

да ұлтжандылық пен азаматтықты қалыптастыру, Отанға, туған елге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу,  

ұстаз мамандығының беделі мен мәртебесін көтеру, қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау. 

Сайысты өткізудің тәртібі университеттің ресми www.atgu.kz сайтында жарияланады. Сайыстың жаз-

ба жұмыстарын ұйымдастыру алқасының мекен-жайына немесе электрондық поштасына konkurs_

otan@atgu.kz  және  uchitel_konkurs@atgu.kz  жіберуіңіз    сұралады. 



Мекен-жайы:  Атырау  қаласы, 

Студенттер даңғылы 212, оқу корпус № 1, №111, 120, оқу корпус № 2, № 304 кабинеттер, бай-

ланыс телефондары:  8(7122)27-23-01, 27-63-20 , 27-65-44.                                                                                

Ұйымдастыру комитеті

ОБЬЯВЛЕНИЕ

Атырауским государственным университетом им. Х.Досмухамедова проводится областной конкурс 

письменных работ школьников  10-11-х классов  средних  общеобразовательных школ города и обла-

сти   «Моя Родина - Казахстан»  и  «Я выбираю профессию педагога» на трех языках (государственный, 

русский или английский) с 1 марта по 30 апреля  2014 года в 2 тура. По итогам 2-х туров победителям 

Конкурса присуждаются 10 Образовательных грантов университета. 



Целью Конкурса является вос-

питание любви к Родине, формирование активной гражданской позиции молодого поколения, повыше-

ние престижа профессии учителя  и выявление способных и одаренных учащихся.

Порядок и условия проведения Конкурса  на официальном сайте университета www.atgu.kz.



Местонахождение  Оргкомитета:  060011, Атырауская область,  г.Атырау, пр.Студенческий 

212, учебный корпус № 2, каб.304 – факультет довузовской подготовки, учебный корпус № 

1, каб.111- Центр молодежной политики, каб.120- Приемная комиссия, тел: 8(7122) 27-23-01, 27-63-

20, 27-65-44 Конкурсные письменные работы отправлять на адрес организационного комитета или 

адресы электронной почты konkurs_otan@atgu.kz и uchitel_konkurs@atgu.kz                                                  

                                                                        



Организационный комитет


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет