3 бакылау сурактары Ас қорыту. Энергия алмасу. Тамақтану. Сыртқа шығару. Жылу реттелуі. Талдағыштар. Жоғары жүйке іс-әрекеті


Ауыз қуысындағы қорытылуы. Сілекейдің құрамы мен физиологиялық маңызы. Сілекей шығару, оның реттелуі



бет2/11
Дата05.05.2023
өлшемі44,98 Kb.
#90401
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Ауыз қуысындағы қорытылуы. Сілекейдің құрамы мен физиологиялық маңызы. Сілекей шығару, оның реттелуі.

Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-30 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.
Сілекей – сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл бөлінеді.
Сілекей – қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы – 1,001-1,002.
рН = 5,8-7,4.
Су – 99,4-99,5%.
Құрғақ зат – 0,5-0,6%
Сілекей маңызы:

  • Ас кесегінің сілекеймен шылануы

  • Астың дәмі, физикалық қасиеттері туралы мағлұмат алуға қатысады

  • Көмірсулы заттар ыдырай бастайды

  • Ас түйінінің қалыптасуына қатысады (муцин)

  • Қорғаныс қызметі (лизоцим, экзотоксиндермен байланысуы)

  • Минерал заттардың алмасуына қатысу


  1. Астың қарында қорытылуы. Қарын сөлінің құрамы мен қасиеттері. Қарын сөліндегі тұз қышқылының мәні.

Қарында сілекеймен шыланған ас 3-10 сағат кідіріп, механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
Қарынның функциялары:

  1. Сөл бөлу.

  2. Қарын еттерінің жиырылуынан-моторика

  3. Асты сіңіру.

  4. Сыртқа шығару.

  5. Эндокриндік – гастроинтестиналдық гормондардың бөлінуі (ГИГ).

  6. Қорғаныштық.(тұз қышқылы)

Адамда тәулігіне 2,0-2,5 л қарын сөлі бөлінеді.Ол түссіз сұйықтық.
рН – 0,9 – 1,5; тұз қышқылы көп – 0,3-0,5%
Қарын сөлінің құрамы: Н2О – 99,0-99,5%
Құрғақ қалдық – 1,0-0,5%






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет