3 дәріс Тақырыбы: Диффамация. Дәрістің жоспары



бет1/8
Дата15.03.2022
өлшемі24,35 Kb.
#28030
  1   2   3   4   5   6   7   8

3 дәріс

Тақырыбы: Диффамация.

Дәрістің жоспары:

  1. Ар-намыс қадыр-қасиет, іскерлік беделді қорғау;

  2. Жауап беру құқығы;

  3. Ар-намыс қадыр-қасиетті қорғау жөнінде талап-арыз;

  4. Жала жабу

  5. Қорлау

1. Ар-намыс – адамға қоғамның берген бағасы, оның рухани және әлеуметтік қасиеттерінің өлшемі. «Малым – жанымның садағасы, арым – жанымның садағасы» деген сөз бар халқымызда. Ар-намыс бәрінен биік.

Қадір-қасиет – адамның өзінің қасиеттері, қабілеттері, көзқарасы, өзінің қоғам үшін маңыздылығына берген ішкі бағасы.

Іскерлік бедел – қоғамдық пікірдің адамның іскерлік беделіне қа- тысты тұрақты жағымды бағасы.

(Теріске шығару не жауап беру құқығы (БАҚ туралы Заңның 19-бабы)

Азамат немесе заңды тұлға бұқаралық ақпарат құралдарынан осы бұқаралық ақпарат құралында таратылған, шындыққа сәйкес келмейтін және ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығаруды талап етуге құқылы.
Азамат немесе заңды тұлға теріске шығаруға өтініш жасаған жағдайда, бұқаралық ақпарат құралында таратылған мәліметтердің шындыққа сәйкес келетіні жөнінде дәлелдемелері болмаған болса (қателессе) осы бұқаралық ақпарат құралының редакциясы оларды сол бұқаралық ақпарат құралында теріске шығаруға міндетті.

Азамат немесе заңды тұлға өзінің ар-намысына, қадір-қасиеті не болмаса іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді, егер мұндай мәліметтер таратушы олардың шындыққа сәйкестігін дәлелдемесе, сот арқылы теріске шығаруды талап етуге құқылы. Егер азаматтық немесе заңды тұлғаның ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер БАҚ-та таратылса, олар сол БАҚ-та тегін теріске шығарылуға тиіс. Егер аталған мәліметтер ұйымнан шыққан құжатта болған жағдайда, мұндай құжат алмастырылып немесе қайтарылып алынып, бұл құжаттағы мәліметтердің шындыққа сәйкес келмейтіндігі туралы адресатқа міндетті түрде хабарлануға тиіс.

Азаматқа немесе заңды тұлғаға қатысты олардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтер таратылған болса, олар мұндай мәліметтерді теріске шығарумен қоса олардың таратылуынан өздеріне келтірген залалдың немесе моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Теріске шығару туралы талап шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер, осы бұқаралық ақпарат құралында олардың таратылған уақыты мен тәсілі көрсетіле отырып, жазбаша ресімделуге тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет