3 Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері



Дата07.01.2022
өлшемі29,08 Kb.
#18529

1.Белсенділік қозғалыс режимі және жұмысқабілеттілік. 2.Студенттерге дене шынықтыру бойынша оқу бағдараламасы, оның бөлімдері.

Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.

Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.
Адамның ерікті қимылдарын жануарлардың шартты рефлекстерімен теңеуге болмайды. Жануарлардың шартты қимыл рефлекстері, әдетте, шартсыз рефлекстерді немесе олардың өзгертілген формаларын қайталайды. Ал адам іс — әрекеттерінің мақсатқа сәйкестілігі туа біткен рефлекстерді қайталауға жатпайды. Керісінше, ол жеке даму процесіндегі күрделі шартсыз рефлекстердің және қимыл – қозғалыстардың бойға сіңірілген жаңа формаларының бірлестігі болып келеді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері ең жоғары психикалық функцияларымен, сана сезімімен және ойлауымен байланысты.

Адам мен жануар үшін бірдей шартты тітіркендіргіштердің биологиялық маңызы мен күштерінің арасындағы ерекшеліктері өте маңызды. Сыртқы ортаның қандай болсын агенті адам мен жануарлар үшін шартты рефлекстердің жасалуына сигнал бола алады. Бірақ адам үшін сөз — өте жоғары маңызды сигнал.

 

3 Жасөспірімдердің тірек-қимыл жүйесінің физиологиялық негіздері



Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады.
Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.

Іс-тәжірибе, зерттеулер көрсеткендей, қимыл-қозғалыс белсенділігі жасқа орай болатын инволюциялық өзгерістерді тежейді, белсенді жасампаздық өмір кезеңінің ұзаруына септігін тигізеді. Қоғам байлығы, ғылыми-техникалық прогресс, әлеуметтік-экономикалық даму, жеке адам денсаулығына байланысты. Басқаша айтқанда, өсіп келе жатқан жастардың денсаулығы-маңызды әлеуметтік категория.

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады. Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады.

Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді.Қимыл – қозғалыстарға үйретудің нәтижесі жатталатын дене жаттығуларының маңызын түсінуіне, оқушылардың қызығушылығына,оқыту әдістерінің балалардың жастық ерекшеліктеріне сәйкес келуіне тәуелді.  


   Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Сондықтан қимыл амалдарына үйрету процесінде оларды іс жүзінде орындап көрсетумен қатар, сөзбен бейнелер жасалғаны жөн. Алайда, ерікті қимылдарды бойға сіңіру процесінде қимыл тәжірибесінің шешуші рөл атқаратынын естен шығармаған жөн.  

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.  


   Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі организмнің қызметтік және құрылымдық өзгерістеріне әкеліп, өмірін қысқартады. 
   Қимыл-қозғалыстар-жануарлар дүниесінің тіршілік етуінің және эволюциядағы оның прогресінің шарты. Энергия ресурстарын қорға жинау, тыныштық күйде оларды үнемді жұмсау және соның нәтижесі ретінде өмірдің ұзаруы қаңқа бұлшық еттерінің белсенділігіне байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, қаңқа бұлшық еттерінің шамалы қарқыны бар әрекеттері тиімді болып келеді.  

Денсаулықты сақтау факторларының қатарына дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене тәрбиесімен шұғылданушылардың, онымен шұғылданбайтын адамдарға қарағанда, қара жұмыс және ақыл-ой еңбегін атқара алатын мүмкіндіктері жоғары дәрежеде ұзақ сақталады. Қимыл-қозғалыс белсенділігінің төмендігі денсаулыққа зиянды әсер етеді. Бірінші кезекте ол жүрек-қан тамырлары ауруына, зат алмасудың бұзылуына себеп болады.   Дене жаттығулары қан тамырларындағы атеросклероздық өзгерістердің алдын алады, жүректің ишемиялық ауруының қаупін азайтады. 

Дене тәрбиесі жүйесі-өзара қарым-қатынастағы жеке дене тәрбиесі жүйесі және әртүрлі қоғамдық топ өкілдерінің ерекшеліктеріне қарай сипатталады (балалар дене тәрбиесі жүйесі, мектеп оқушылары дене тәрбиесі жүйесі т.б.) Балалар дене тәрбиесі жүйесі-әртүрлі жастағы топтардың денсаулығына жан-жақты бағытта қызмет жасайтын қоғамдық ұйым. Дене тәрбиесінің әр жуйесі дене тәрбиесіне тиянақты-тарихи түрін бейнелейтіндіктен қойылған мақсаттқа жету үшін осы немесе басқа ұйымдардан құралады. Жүйе айқын салалар құрылымымен олардың қызметі басқа да жүйелерінің қарым-қатынас ерекшеліктерімен айқындалады. Жүйенің ең басты қызметі — адамдардың дене мәдениетін жоғары сатыға көтеру үшін барлық осыған тікелей қатысты құрылады. Дене тәрбиесі жүйесінің басты талаптары: 1.дене тәрбиесі негізі мен әдісі сауықтыру жағдайында тек заңды негізге сүйену керек. 2.дене жүктемелері оқушылардың мүмкіншіліктеріне байланысты берілуі керек. З.дәрігерлік педагогикалық бақылау мұғалімнің кез-келген оқу-тәрбие жұмысында болуы міндетті. 4.Санитарлық-гигиеналық қалыпты, күнді, ауа мен суды пайдалану-барлығы әрбір дене жаттығулары кезінде қолданылуы кажет.

Дене тәрбиесі,спорт ілімі мен әдістемесі жеке пән бола отырып жекелей ұғымдары бар. Олар бір-бірімен өте тығыз байланыста, мақсаттары оқу жүйесін жүйелеу, ағзаны шынықтыру, қоғамға дене сапалары жан-жақты тұлға дайындау.



Қазақстан қоғамының қазіргі жағыдайындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының барысында студент жастардың тәрбие мәселелері күрт қиындады. Бұрынғы қалыптасқан жүйе құлап және жаңа тәрбие салты маңызды құндылықтармен жылдам өз орынына орнамауы салдарынан, өсіп келе жатқан жеткіншектердің көптеген бөлігін рухсыздыққа, салауатсыздыққа қарай әкеліп, керісінше уақытша болсада оңай табысқа ұмтылдырып қатыгездік пен қылмысқа бағыттады. Қоғам өміріндегі түбегейлі өзгерістер жоғарғы оқу орындарындағы тәрбие жұмыстарының да жағыдайына өз кері әсерлерін тигізді. Жоғарғы кәсіби білімді жаңа үлгіде қайта құрудың себептері, жүйелі түрде қалыптасып қалған студент жастардың салтына айналған тәрбие жүйесінің де күйреуін мойындау керек; студенттердің тәрбиесіне ықпал ететін амал-шаралар қолдан шықты; тәрбиелік жұмыстың ұстаздық-ұйымдастырушылық негізі қалыптан шыққан; студенттердің тәрбиесіне қолдау жасайтын әр түрлі қоғамдық жастар қозғалыстары, клубтар мен басқада ұйымдастыру түрлері жойылған. Зерттеудің мақсаты: дене шынықтыру және спорттың шаралары мен әдістерін екпінді қолдану артқылы, студент жастардың тәрбиесін басқарудағы жекеше-әлеуметтік жүйенің тұжырымдық жарғысының айқындалуын ілімдік негіздеу. Жұмыс барысында келесі міндеттер шешілді: 1. Студент жастардың тәрбиесін басқару барысында дене шынықтыру және спорттың шаралары мен әдістерін екпінді қолданудың жекеше-әлеуметтік негізгі мазмұны мен мәнін айқындау. 2. Дене шынықтырудың гумандық құндылықтарына студент жастардың жекеше көз қарастарын зерттеу. 3. Студенттердің жекелік және топтық мінездемелеріне дене шынықтыру және спортпен айналысудың әсерінің психологиялық-педагогикалық заңдылығын айқындау. Міндеттерді шешу үшін келесі әдістер қолданылды: әдебиеттер көзіне тұжырымдық талдау, мұрағаттық және қызметтік құжаттарға талдау, педагогикалық бақылау, сауалдамалар (анкеталау, әңгімелесу), сараптаушылық баға, студенттердің дене дайындығын анықтау үшін бақылаулық сынамалар, педагогикалық анықтау және қалыптастыру эксперименті, зерттеудің нәтижелерін сұрыптаудың математикалық әдістері. В.А. Шабунинаның (2001) ойы бойынша қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі болып: -білім саласында нақты ойластырылған жастар саясатының жоқтығы; -бұқаралық ақпарат хабарларына қоғамдағы орныққан тәрбие жүйесінің ірге тасын қопаратын қазақстандық менталитетке жатпайтын, зорлықты және көлгейсуді насихаттайтын жастарға алшақ мәдениеті орнықтыруды көзделді; -жоғарғы оқу орындарының басшылығы тарапынан студенттердің тәрбие жұмыстарының мәселелеріне көңіл қоюдың төмендегендігінен; — студенттердің жауапкершіліктерді сезінулерін дамытуға арнайы бағыталғандығының күрделілігін бағаламау, олардың жеке тұлғалық және кәсіби жетілдірілуінің негізін айқындайтын жағыдайлар: өзі дамыуына, өзі білімденуіне, өзін тәрбиеленуіне қажеттіктердің болуы; -студенттер мен оқытушылардың ұжымданудан гөрі, өз беттерімен алшақтанулары, факультеттердің жекешеленулері; -жоғарғы оқу орындарының мәдени, шығармашылық және спорттық дәстүрлерін жоғалтулары; Осы себептерді толықтыру үшін, сондай-ақ қазіргі күннің әлеуметтік-экономикалық және саяси шындықтарының талабына сәйкес келе алатын, яғни жоғары оқу орындарындағы студент жастардың тәрбие жүйесін сапалы көтеруге бағытталған, ғылыми негізделген әдістері мен түрлері тәрбие үрдісін басқаруда өзекті қажеттілік. Студент жастардың тәрбие жүйесін жетілдіруді шешудің жолдарын іздестіру көптеген отандық және шет елдердің ғалымдарына ылғи да үлкен қызығушылық танытқан. Аса бір нәтижелі, ерекше ғылыми мағаналы кешендік ғылыми зерттеулерді Б.Г.Ананьев, Қ.И. Адамбеков, Г.А. Бордовский, Т.Ә. Ботагариев, А.С. Горшков, Н.В. Кузьмина, Б.К. Каражановтар жүргізген. Бірақ та қазіргі күннің жағыдайында жоғары оқу орындарында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдіспен тәрбие үрдісін басқарудан жеке-әлеуметтік басқаруға ауысу қажеттілігі, елде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістеге сай жауап жасау мәселесі студент жастардың тәрбиесінде өткір сезіледі. Соған байланысты, жоғары оқу орындарындағы студент жастардың тәрбиесін жетілдіру үрдісін басқаруда, дене шынықтыру мен спорттың ұясындағы бай шараларын мақсатқа сай қолдану болып табылады. Мәселелерді осылай көру, студенттердің дене шынықтырулық-спорттық әрекеттерін әлеуметтік тәртіп бойынша тиімді шаралардың мақсатқа сай ұйымдастырылғандығын байқатады, ал оны жетілдірудің әдістемелік негізі болып жоғарғы оқу орындрындағы тәрбие үрдісінің басты себептері табылады. Сонымен қоса, студенттердің дене дайындығы жүйесінің қызмет етуін талдау, оның ұстаздық тәжірибенің ғылыми айқындалуының негізгі күші ретінде, осы уақытқа дейін студент жастардың жеке дене дайындығының деңгейі мен спорттық дайындығын дамытудың әдістері мен шараларын құрастыруға жұмылдыра келіп, олардың әлеуметтік-психологиялық заңдылықтарының тұлға тәрбиесінің басқа жақтарына әсер етуімен есептеспеуін көрсетеді. Бұндай көз қарастар жоғарғы оқу орындрындағы тәрбие үрдісін басқаруда дене шынықтырудың мәнін бағаламауға байланысты қалыптасқан және соның салдарынан оның психологиялық-педагогикалық негіздерінің тәрбиелік міндеттері құрастырылмағандығын көрсетті. Осы жағдай, дене шынықтырудың көптеген өзекті мәселелерінің көрнекті қозғалуын ғылыми негіздеуге ықпал етті, бәрін алдымен, әсіресе студенттердің жоғарғы оқу орындарында оқуға әлеуметтік-психологиялық қалыптасуларын жеделдетуге ықпал етеуді шешетіндеріне: өз ара қарым-қатынастарын үйлестіруде, негізгі кәсіби сапаларын тәрбиелеуде, әлеуметтік тәртіптерін тузетуде және өзін ұйымдастырудағы сияқтыларына. Сондықтан осы зерттеудің ауқымында дене шынықтырудың іс шаралары мен әдістерін екпінді қолдану артқылы, студенттердің тәрбиесін басқаруда әлеуметтік-жеке бастық жарғысының тұжырымдық негізінде ізденістер, құрастырулар мен эксперименттік тексерулер жасау мүмін болды. Осындай қолданыстардың мақсатқа сәйкестігі студенттердің бірлескен дене шынықтырулық-спорттық әрекеттерінің үрдісі барысында қалыптасқан әлеуметтік тәртіптегі механизмдер мен топтық қажеттіліктің өзара байланыстығын және мазмұнын ашуға жағыдай жасайды, яғни сонымен қоса, олардың нәтижелерін қолданудың өзі, студент жастардың тәрбиесін басқарудағы заңдылықтармен санасу барысына біраз әдістемелік іс міндеттер жасатады. Жалпы алғанда, студенттердің тәрбиесін басқару жүйесін тиімді арттыру мақсатымен дене шынықтыру және спортты одан ары жетілдірудің мәселелерін шешуді қоғамдық қажеттілік. Студент жастардың тәрбиесін басқаруды қалыптастырудың тиімді механизмі ретінде басты міндет болып, жоғарғы оқу орындарының оқу үрдісіне инновациялық тәрбиелік технологияларды енгізу қажеттігі, әкімдік-бұйрықтықтан әдістен жеке бастық-әлеуметтікке басқару мәдениетінің түріне ауысуға мүмкіншілік туғызады

 Студентке арнайы мақсатпен бағытталған дене шынықтырулық-спорттық шаралар оған, әлеуметтік қатынастардың нысаны мен субьектісі ретінде әсер етеді де, онда басты рөлді өзін икемдеу мен өзін ұйымдастыруға міндеттейді. Осы тұжырымның негізінде студент жастардың тәрбиесін басқарудың басты жекелік-әлеуметтік жүйеcінің құрылымдары қалыптасады: басқарушылық тәжірибесінде таратудың жолдары мен оны ұйымдастыру түрлері, қақидалары, әдістері.Студент жастардың әлеуметтік-жекетұлғалық тәрбиесін басқарудағы негізгі жүйесінің сипаттамасы болып: — жоғарғы оқу орындарындағы тәрбие үрдісін басқарудағы міндеттілік мәдени, тарихи, саяси-әлеуметтік және экономикалық ықпалымен қазіргі кездің білімін дамыту; — тәрбиелік міндеттердің шешімінің сипатына байланысты студенттердің әлеуметтік-жеке тұлғалық тәрбиесін басқарудағы қолайлы қалыпта орталықтандыру және орталықсыздандыру; — дене шынықтырудың гуманитарлық және материалдық құндылықтарын ескере келіп, студент жастардың екпінді жағымды қатынастарын қалыптастырудағы тәрбиелік мәніне әлеуметтік бағдарлау; — жоғарғы оқу орындарындағы барлық профессорлар мен оқытушылар қауымының студенттердің тәрбиесін басқару барысында әріптестік қақидаларының негізінде, жариялықта және шешімдердің қабылдануын талқылаудағы дербестік және олардың орындалуын жеке бастық жауапкершілікпен сезінуге қатынасулары.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет