3-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойыңыз. Д ниеде адамға ең қажетт құрал – тіл


ЛЕКСИКА: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл



бет2/15
Дата25.04.2022
өлшемі50.5 Kb.
#32254
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
ЛЕКСИКА: Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз.
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс.


1989 жылы 22 қыркүйекте: «ҚР Тілдер туралы» Заң қабылданып,қазақ тіліне «Қазақстан Республиқасының мемлекеттік тілі» мәртебесі (статус) берілді.Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы – қазақ халқының және шетелдерде өмір сүріп жатқан қазақтардың ұлттық тілі.



Сөздік

байлық - богатство ұлт - национальность мақтаныш - гордость мирас - наследие мұра - наследие қорғау - защищать шұбарлану - засоряться шетел – заграница мәртебе - статус парыз - долг аумақ - регион

қоғамдық қатынастар- общественные отношения

мемлекеттік басқару – государственное управление

заң шығару - издание закона

сот ісін жүргізу - судопроизводство

іс қағаздарын жүргізу - делопроизводство

меңгеру - овладение

тұрғылықты халық - коренной народ

көзінің қарашығындай - как зеницу ока

мемлекеттік тіл – государственный язык

аса маңызды - особо важный



баға жетпес – неоценимый

9

2-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл?

  2. Қазақстан Республикасының тұрғылықты халқы кімдер?

  3. Ана тілі мен мемлекеттік тіл арасында қандай айырмашылық бар?

  4. Мемлекеттіктіл мәртебесін алды дегенді қалай түсінесіз?

  5. «ҚР Тілдер туралы» Заңы қашан қабылданды?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет