3. Мәтін мазмұнынан алшақ ой



Дата09.08.2022
өлшемі15,7 Kb.
#38100

ойнайды. Шоқпар, шөген, шоған сөздерінің түп атауы бір мағынаны білдіретіндіктен, ат үстінде допты ұрып ойнайтын шөгенді бабаларымыздың шөген деп атауы заңдылық. Алайда оның поло деп аталуына XIX ғасырда Тибетте «Пулу» деп аталуының себеп болуы мүмкін деген болжам бар.

3.Мәтін мазмұнынан алшақ ой


A) Шөген ойыны Үндістанға Орта Азиядан барған.
B) Асқар Егеубаевтың еңбектерінде шөген ойыны туралы айтылады.
C) Шөгенді спорттық деңгейге көтергендер - көшпелі халықтар.
D) Парсылар 2500 жыл бұрын шөгенді ойнаған.
E) Көшпенділер атпен ойнаған спорттық ойындар болмаған.

4.Шөген ойынының Орта Азиядан шыққанының дәлелі


A) Көшпелі халықтар ойнағаны
B) Тибеттік қолжазбалар
C) Көне парсылардың ойнағаны
D) Еуропадағы поло ойынының түп тарихы
E) Түркі әлемінің тарихи жазбалары

5.Шөген ойынын Үндістанға жеткізгендер


A) Жетісулық моңғолдар
B) Әзірбайжандар
C) Еуропалықтар
D)Көшпелі қазақтар
E) Қытайлықтар

6.Шөген ойынын спорттық деңгейге көтергендер


A) Әзірбайжандар
B) Үндістан халықтары
C) Қытай халықтары
D) Көшпелі халықтар
E) Еуропалык халықтар


3-мәтін
Мен туғанда, әкем елуді еңсеріп қалған кісі екен. Әжем жарықтық әкемді: «Балаларымның ішіндегі еті тірісі осы болды», - деп отырар еді. Әкем өз бетінше талпынып жүріп, ескіше сауатын ашып алыпты. Өмір бойы өз бетінше оқыптоқыған адам. Ол есеп-қисапты тәуір білетін. Тіпті орыс әліпбиін де ежіктеп оқи беруші еді. Жас күнінде ағаш ұстасы болыпты, етікші де атаныпты, тәуіпшілдігі де бар екен. Әсіресе, зергерлікті жақсы көрген. Біздің елде одан өткен зергерұста болмаған. Әкем өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа да түсіп жүріпті. Ескі ақын-жыраулардың термелерін, қиссаларын жақсы көріп тындайтын, бірақ жатқа айта алмаушы еді.
Момыш әкем ат жалын тартып мініп, бозбала халге жеткенде, Имаш бабам шаруа билігін соның қолына беріпті. Ауылдағы келін-кепшікті бір шыбықпен айдайтын адуынды Қызтумас әжемнің өзі де «Момыштан сұраңдар, Момыш біледі» деп отырады екен. Ағайын-туған арасындағы алыс-беріс, көші- қон мәселесі, ас-той, дау-дамай - бәрі-бәрі Момыштың араласуынсыз шешілмеген. Әлдеқалай ол жол жүріп кетсе, сапардан қайтып келгенше тірлікті соған қаратып, жолын күтіп отыратын болған.
Имаш бабамның көзінің тірісінің өзінде біздің шағын ауылды - «Момыш ауылы» дейді екен. Әкемді жиырма сегіз жасында ауылдың старшыны сайлапты. Он жеті жыл старшын боп тұрып, он сегізінші жыл дегенде, бұл дәрежесін өз ықтиярымен құрдасы Ереш деген кісіге берген екен.
Әкем жарықтық өмірінің ақырына дейін ел арасында «Тура Момыш» атанып кетті. Қанша жыл аз ауылдың кішігірім әкімі болса да, бүйірі томпайып, мал біткен емес. Бар байлығы жалғыз аттан артпапты. Әйтсе де кедейдің қолы жомарт. Әкемнің қызғаншақтық, бақталастық дейтін қу мінезі жоқ, қолы ашық кісі болған. Бары болса, кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмар боп тұрар еді. Дүние, мал жиюды жек көретін. Әкем базардан қайтқан күні біздің үйде кішігірім той сияқты жиын болатын. Қоржынның екі басы базарлыққа толып келеді. Сонда өрік-мейізге бір тойып қаламыз. Бала біткен сондықтан әкемді жақсы көретін. Асылы, істеген жақсылығынды бала жақсы біледі. Кейбір үлкенге істеген жақсылығың зая кетеді. Қолдан келсе, баланы қуанту керек. Ол қуанса - шын қуанады. Момыш әкемнің осы қасиеттері - маған өмірлік өнеге.


Б.Момышұлы

7. Әжесінің мінезіне сәйкес келетін нұсқа


A) Біртоға
B) Адуынды
C) Тұйық
D) Момын
E) Алаңғасар

8. Әжесінің үміт күткен баласы


A) Әкім
B) Ереш
C) Бауыржан
D) Момыш
E) Имаш

9. Момыштың старшындық дәрежесін кұрдасына берген кездегі жасы


A) 46
B) 40
C) 17
D) 18
E) 28

10. Әкесінің ел ішіндегі беделінің дәлелі


A) Кісі шақырып, той-томалақ өткізуге құмарлығы
B) Өз жанынан өлең шығарып, жиын-тойда айтысқа түсуі
C) Әкемнің ауылды бір шыбықпен айдайтын тентектігі
D) Елде сақина-білезік соғатын одан өткен зергердің болмауы
E) Мәселені онсыз шешпей, сапардан қайтуын күту

11.Мәтін мазмұнына сәйкес мақал-мәтел


A) Ата - балаға сыншы.
B) Әкесі құрдастың - баласы құрдас.
C) Атадан бала, Мойыннан жаға озбайды.
D) Жеті атасын білген ұл Жеті елдің қамын жер.
Е) Тегінде бар тегі озар.

12.Әкесінің ел арасындағы аты


A) «Қолы ашық Момыш»
B) «Старшын Момыш»
C) «Зергер Момыш»
D) «Ақын Момыш»
E) «Тура Момыш»

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет