3-тапсырма Құндылықтық-бағдарлық, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлық, коммуникативтік және белсенді іс-әрекеттік тәсілдемелер



бет4/6
Дата29.04.2022
өлшемі32.28 Kb.
#32773
1   2   3   4   5   6
Коммуникативтік әдіс – оқушы мен мұғалімнің тікелей қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатын,белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларға тән басты белгілер мен қағидалардың басты жүйесінен тұратын,тіл үйретудің тиімді жолдарын тоғыстыра келіп,тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзінде асыратын әдістің түрі.

Коммуникативтік оқыту тілдік әрекетінің барлық түрінде қалыптасады-таңдауда да, сөйлеуде де,оқығанда да, жазғанда да,өйткені ол оның іске асуын қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар: сөйлеу,оқу, жазу,түсіну.

Коммуникативтік оқыту: оқу, сөйлеу,тыңдау, жазу – ауызша өзара қатынас, жазбаша өзара қатынас біркелкі, бір уақытта дамиды.

Коммуникативтік оқытудың сөйлеу әрекетінің барлық төрт түрінде де қажеттілікпен қатысып тұрғаны дұрыс.Өйткені ол ауызша да, жазбаша да қарым – қатынас жасаушылардың бір – бірін тілдік қабылдауы мен түсінігін қамтамасыз етеді.

Тілдерді үйрету әдісі үнемі заман талабы, уақыт ағымына қарай өзгеріп, дамып,жетіліп отырады,бір орында тұрмайды, қоғам өзгерген сайын жаңа мазмұнды оқу жүйесін қалыптастыруды өмір талап етеді. Қазақ тілі сабақтары тиімді өту мақсатында коммуникативтік оқытудың элементтерін қолданамын.Соның бірі Е.И.Пассовтың коммуникативтік технологиясы.Осы технологияның негізгі қағидалары- тілге бағыттау,тілдің қызметі,ұжымдық өзара қимыл және оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.Технологияның мазнұны – оқу үдерісін күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсастыру,ал әдістемелік маңыздылығы екі фактормен түсіндіріледі.Бірінші фактор - тасымалдау жағдайы.Ол оқыту жағдайының және оқытудың нәтижесін күнделікті өмірдегі жағдайларға ұқсастығын қамтамасыз ету.Екінші фактор – оқуға ынталандыру жағдайы.Ол тіл үйренуге деген ынта және оқушының заман талабына сай өзгетілді үйренуі.Оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасы мұғалімнің қарым-қатынасты ұйымдастыруына байланысты. Тілдік қарым-қатынас ол оқушының іскерлігі,еркі және мұғалімнің оқушыны сөзге тартудағы белсенділігі.Оқушымен мұғалім арасындағы тілдік қатынас болу үшін мақсат,тақырып және сөйлеген жағдайда күнделікті өмірдегі қарым-қатынасқа ұқсас болуы керек.Осы факторлар арқылы оқушылардың білімін, іскерлігін,дағдысын тексеру үшін әр түрлі белсенді тапсырмаларды енгізген жөн.Тапсырмаларды берген соң оқушылардың білімін,іскерлігін,дағдысын тексеру және бақылау жолдарын қарастыру. Пәннің мазмұны,дидактикалық элементтерінің жүйесі құрамында сөйлеу,оны тыңдау,сөйлем құрастыру,аудару,оқу,жазу болу керек. Сабақта техникалық оқыту құралдары,дидактикалық материалдар,слайдтар,флипчарттар,суреттер және сабақтың әр түрлері,оқыту тәсілдері,сонымен қатар,оқушылардың өзіндік өзгешеліктерін ескеріп отыру.Тілдің қызметі,сөйлесу қағидасы - оқушыларды жаңа сөздерді,сөз тіркестерін,грамматикалық ережелерді дұрыс қолдануға үйрету.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет