3-Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



бет1/2
Дата11.03.2023
өлшемі299,03 Kb.
#73399
  1   2













3-Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы



Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларының деңгейі

Тапсырма саны*

тапсырма*

Тапсырма түрі*

Орындау уақыты, мин*

Балл*

Бөлім бойынша балл

10.3А Органикалық химияға кіріспе

10.4.3.2 органикалық қосылыстарды үшөлшемді бейнеде көрсете алу;

Білу және түсіну

1

1

КТБ

2

1

11

10.4.3.4 гомологтық қатардың түзілуін түсіну;

Білу және түсіну

2

2,3

КТБ
КТБ

4

2

10.4.3.5 изомерлердің түзілу мүмкіндігін түсіну;

Білу және түсіну

1

16
(a)

ТЖ

2

2

10.4.3.6 қарапайым қосылыстар изомерлерінің құрылысын ажырата білу және оларды бейнелеу;

Қолдану

1

16
(b)

ТЖ

4

2

10.4.3.7 заттардың белгілі бір класқа жататындығын анықтауда функционалдық топтардың маңызын түсіну;

Қолдану

1

4
15

КТБ
КТБ

2
2

1
1

10.4.3.8 IUPAC номенклатурасын түсіну және пайдалана білу

Қолдану

1

5,6

КТБ
КТБ

4

2

10.3В Көмірсутек-тер

10.4.3.11 алкандардың жану өнімдерін білу;

Қолдану

1

7
18

КТБ
ТЖ

2
4

1
6

19

10.4.3.12 еріткіштерді алу үшін алкандарды хлорлаудың мәні мен бұл еріткіштердің қауіптілік дәрежесін түсіну;

Білу және түсіну

1

11

КТБ

2

1

10.4.3.13 алкендердегі байланыстың қанықпағандығын және алкендерге тән изомерия түрлерін түсіну;

Білу және түсіну

1

10

КТБ

2

1

10.4.3.14 алкендерге тән сапалық реакцияны (қанықпағандық) білу;

Білу және түсіну

1

8

КТБ

2

1

10.4.3.15 крекингке негізделген өндірістің маңыздылығын түсіну;

Қолдану

1

17

ТЖ

10

8

10.4.3.16 қосып алу реакциясының маңыздылығын түсіну және білу;

Білу және түсіну

1

9

КТБ

2

1

10.3С Отын

10.4.3.18 Қазақстанда табиғи газ және мұнай, көмірдің көздерін білу;

Білу және түсіну

1

12

КТБ

2

1

20

10.4.3.19 мұнай өндіру процесін білу және шикі мұнайды айдау процесін түсіну;

Білу және түсіну

1

13

КТБ

2

1

10.4.3.20 шикі мұнайды айдау өнімдерінің қолдану аймақтарын білу;

Білу және түсіну

1

14

КТБ

2

1

10.4.3.21 әртүрлі отынның тиімділігін салыстыру үшін зерттеуді жоспарлау;

Жоғары деңгей дағдылары

1

19

ТЖ

22

11

10.4.3.23 көмірсутекті отындарды жағу нәтижесінде қоршаған ортаның ластанануына әкелетінін және оның климатқа әсерін білу

Жоғары деңгей дағдылары

1

20

ҚЖ

5

4

10.4.3.24 альтернативті отын түрлерін білу және олардың артықшылықтары мен кемшіліктерін түсіну

Жоғары деңгей дағдылары

1

21

ҚЖ

3

2

Барлығы
















80

50

50

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер



Мысал үлгілері және балл қою кестеcі
«Химия» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары


1. Этанның үшөлшемді құрылысын көрсетіңіз.

А.




В.



С.



D.




[1]
2. Ацетиленнің гомологын атаңыз.

  1. пропин

  2. этилен

  3. гексан

  4. циклобутан

[1]
3. Гомологтық айырмашылықты көрсететін формуланы анықтаңыз.

  1. –СН2-

  2. –С=С-

  3. -ОН

  4. –СН3

[1]
4. Берілген заттардың ішінен альдегидті анықтаңыз.

А.



В.





С.





D.





[1]
5. 2,2,3-триметилпентанның формуласын көрсетіңіз.

А.



В.



С.



D.



[1]
6. Қосылысты атаңыз.


А.

3-хлоро-1,3-дибромобутан

В.

1,3-дибромо-3-хлоробутан

С.

2,4-дибромо-2-хлоробутан

D.

2-хлоро-2,4-дибромобутан

[1]


7. Бензин толық емес жанғанда қоршаған ортаға бөлінетін газды атаңыз.

  1. СО2

  2. СО

  3. СO2

  4. C

[1]


8. Белгісіз газды күлгін түсті KMnO4 ерітіндісі арқылы өткізгенде, ерітінді түссізденді. Белгісіз зат органикалық қосылыстардың қай класына жататынын атаңыз.

  1. алкан

  2. алкен

  3. альдегид

  4. спирт

[1]


9. Алкендердің электрофильді қосылу реакциясына түсу себебін анықтаңыз.

  1. С=C байланыстағы электрондардың тығыздығы жоғары болғандықтан, электрофильдерге электрон жұбының доноры бола алады.

  2. С=C байланыстағы электрондардың тығыздығы төмен болғандықтан, электрофильдерден электрон жұбын қабылдайды.

  3. С=C байланыс берік болғандықтан, С-Н байланысы әлсізденіп, электрофильдерден электрондарды қабылдайды

  4. С=C байланысы инертті болғандықтан, электрофильдерді оңай қосып алады.

[1]
10. Пентен-2нің геометриялық изомерін анықтаңыз.

А.



В.





С.



D.



[1]
11. Алкандардан еріткіш алу реакциясын атаңыз.

  1. тотығу

  2. изомерлену

  3. галогендеу

  4. гидратациялау

[1]
12. Қазақстанның ірі көмір кен орнын атаңыз.

  1. Кентау

  2. Қарағанды

  3. Риддер

  4. Тараз

[1]


13. Фракциялық дистельдеу арқылы алынған, қайнау температурасы ең жоғары фракцияны атаңыз.

  1. газойль

  2. лигроин

  3. бензин

  4. мазут

[1]
14. Дизель фракциясының қолдану саласын атаңыз.

  1. ұшақ отыны

  2. кеме отыны

  3. асфальт төсеу

  4. көлік бөлшектерін майлау

[1]
15. Карбон қышқылдарының функционалдық тобын атаңыз.

  1. карбонил

  2. карбоксил

  3. гидроксил

  4. алкил

[1]


16. Молекулалық формуласы С4Н9ОН затының изомерлері бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.
а) Құрылымдық изомерленудің анықтамасын жазыңыз.
[1]


С4Н9ОН затының функционалдық топтың орналасуы бойынша изомерлерінің құрылымдық формуласын жазыңыз.
[1]


b) С4Н9ОН затының көміртек қаңқасы бойынша екі изомерлерінің құрылымдық формулаларын жазыңыз.
[2]
Барлығы [4]
17. Мұнай өндеу кезеңдердің біреуі – крекинг болып табылады.
а) Крекингтің анықтамасын жазыңыз.
[1]


b) Термиялық және катализдік крекингтің айырмашылықтарын сипаттаңыз.



Параметрлар

Термиялық крекинг

Каталитикалық крекинг

Температура 







Өршіткі/Катализатор 







Бензиннің детонациялық тұрақтылығы 







[4]


с) C18H38 қосылысын термиялық крекингілеу арқылы үш әртүрлі көмірсутектерді алуға болады.
Крекинг реакцияларының теңдеулерін жазыңыз.
[3]
Барлығы [8]


18. Изооктан және гептан қоспасы бензиннің детонацияға төзімділігін арттырады.
а) Изооктанның толық жану реакция теңдеуін жазыңыз.
[2]
b) Гептанның оттегі жеткіліксіз болғанда жану реакциясының теңдеуін жазыңыз.
[2]
с) Бензин жанғанда ауаға бөлінетін ластаушы газдарды атаңыз. Олардың пайда болу себебін түсіндіріңіз.
[2]
Барлығы [6]
19. Суретте көрсетілген құрылғы арқылы әртүрлі спирттердің жанғанда бөлінетін энергияларын салыстыруға болады.

а) Көрсетілген құрылғыны үш түрлі спирттердің (этанол, пропанол, бутанол) бөлетін энергия мөлшерін салыстыру үшін қалай пайдалануға болатынын сипаттаңыз. Жауаптарыңызда қай отын көп энергия беретінін анықтау үшін нәтижелерді қалай пайдалануға болатынын көрсету керек.
[6]


b) Этанол, пропанол және бутанолдың отын ретінде тиімділігін анықтау үшін тәжірибе жүргізілді. Тәжірибе нәтижесі кестеде берілген.






m(спирт), г

m(су), г

t(бастапқы),0С

t(соңғы) ,0С

∆t,0С

этанол

1.00

100

20.0

74.5




пропанол

0.70

100

20.0

76.5




бутанол

0.50

100

20.0

63.0






(і) Кестеге температура айырмашылығын ∆t,0С есептеп, жазыңыз.
[1]
(іі) 100 грамм суды қыздыруға жұмсалған әр спирттің қанша кДж энергия бөлетінін есептеңіз.
[3]
(ііі) 100 грамм суды қыздыруға тиімді спиртті атаңыз.
[1]


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет