31. Қазақ хандығының XVI ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы


Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы



бет8/13
Дата19.02.2023
өлшемі70,07 Kb.
#69253
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
38. Ордабасындағы басқосу - өзара келісім және аумақтық біртұтастықты сақтап қалу жолы. Ордабасы жиыны, Ордабасы құрылтайы – 1726 жылы Қазақтың үш жүзі өкілдерінің Бадам өзені бойы Ордабасы тауындағы тарихи бас қосуы. 18 ғасырдың басында қазақ жеріне баса-көктей кіріп, бейбіт елді қырып-жойып, қасіретті “Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама” апатына душар еткен жоңғар басқыншылығына қарсы күрес ұйымдастыруға арналған халық құрылтайына Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Жолбарыс хандар мен Төле би, Қазыбек би бастаған әр рудың билері, даңқы шыққан қолбасшылары мен батырлары қатысты. Онда жоңғар басқыншылығына қарсы бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру және қазақ жасағының қолбасшысын сайлау туралы мәселе қаралды. Ордабасы жиынында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып тағайындалды. Жиынға қатысушылар өз қимылдарын үйлестіріп отыруға, жауға біріккен майдан құрып аттануға ант берді және алдағы елді азат ету үшін жүргізілетін шайқастардың жоспарын жасады. Осы жолғы қазақтың үш жүзінің тізе біріктіріп, бас қосқан іс-қимылдарының нәтижесінде қазақ халқы 1727 жылы жоңғарлармен болған Бұланты-Білеуті шайқасы мен 1729 – 1730 жылдардағы Аңырақай шайқастарында жеңіске жетті. Қазіргі кезде осы тарихи жиынның белгісі ретінде Ордабасы төбесінде қазақ халқының тәуелсіздігі мен бостандығы үшін көп еңбек сіңірген атақты үш биге ескерткіш орнатылған. [1]
39. Қазақтар мен жоңғарлардың әскери өнері: салыстырмалы талдау.
Орбұлақ шайқасында Жәңгір хан қолданған тактикалық әдіс. Салқам Жәңгір жау бетін қайтару үшін қандай тактикалық әдістерді қолданды? Шайқас алаңының қия беткейіндегі 600 қойтасты Жәңгір бастаған қазақ жасақтары паналап, ор қазып алып, жау әскерін улы жебемен қарсы алмақ болып жоспарлайды. Улы жебе жанап кетсе, кез-келгенін сұлатып түсіреді екен. Әрі «Сасықтекенің» түтінін пайдаланбақ болады. Таутекелер күйлеген кезде иіскейтін гүлді суға қайнатып, артынша мата малып кептіреді де, жағып жіберсе, түтіні адамды да, жануарды да уландырып жіберетін көрінеді. Жәңгір хан әскерінің бас қолбасшысы Қостоқты батыр 600 сарбазын жасырып, жаудың алдынан өзі шығады. Қулықпен оларды алдаусыратып, «Сасықтеке» түтініне ұрындыруды мақсат етеді. Және бұл жоспары жүзеге асып, жау әскері алданып, түтінге, онан соң улы жебеге ұрынады. Осындай амал-тәсілдің арқасында дұшпан әскері жеңіле бастайды.
Аузы-басын мата-шүберекпен тұмшалап, ешкінің майымен майлап алған қазақ жауынгерлеріне түтін әсер ете қоймайды. Бірен-сарандары меңдуананы қымызбен араластырып ішіп, уланудан тазарып аман қалады. Жаудың оң мыңдай жасағын осындай әдіс арқылы қырып тастап, қалғандарын шегіндіріп, біраз уақытты ұтады. Артынша Жалаңтөс Баһадүрдің жиырма мың қолы көмекке келіп, тықсыра бастайды. Жау әскерлері тағдырмен ойнамай, кейін шегінуге тура келеді. 
Ресейдің әйгілі этнографы, тарихшы А.И.Левшин өз еңбектерінде осы шайқас туралы былай деп жазады: «Ол ашық шайқастан қашып, аздаған адамдарының бір бөлігін екі таудың арасымен сайға орналастырды. Олар жерді терең етіп қазып, биік қорған дуалын жасады, ал жауынгерлердің екінші бөлігі таудың арғы жағында тығылып отырды. Жоңғарлар қорғанға таяп келіп, оған шабуыл жасады. Көп адамынан айырылған соң, оларды қоршап алуға алаңның тарлығы мүмкіндік бермеді. Сол кезде Жәңгір олардың ту сыртынан шабуылдады. Ойламаған жерден болған соққының, әрі жауынгерлердің батылдығының арқасында, мылтықтарының өте сапалы болуынан Батыр қонтайшыға қатты соққы берді», – деп сипаттайды. 
600 қазақ сарбазы  жоңғардың 50 мың жау әскерінің 10 мыңын, оның өзінде білтелі мылтықпен Сасықтекенің» түтінімен, улы жебемен және тұтқиылдан шабуылдар жасаумен жер жастандырды. Әрі жергілікті жердің қыр-тасы, ойпаты, алаңның тарлығы қазақ әскерлерінің пайдасына шешілді. Артынша Жалаңтөс Баһадүрдің жиырма мың әскері жәрдемге келіп, қалған жауды тықсыра бастайды. Екпіні қайтқан, мысы басылған, әрі көп әскерінен айырылған жоңғарлар шегінуден басқа амалы қалмайды. Бұл нұсқа ақылға келетін секілді. «Сасықтекенің» түтініне келсек, әрине, түтінмен уландыруға болар, бірақ аталмыш әдістің негізгі мақсаты – үрей (паника) туғызу, адастыру. Түйіндей айтқанда, әлемдік соғыс өнерінің жылнамасына енуге лайық бұл шайқаста қазақ әскерлері айла мен әдіс-тәсілдерді тиімді пайдаланып, тактикалық ұрыс жүргізудің үздік үлгісін көрсете алды деп толық айта аламыз. 
Кенесарының «Тосыннан жиналу» тактикасы.Жорыққа шыққанда қазақ жауынгерлері бірнеше топқа бөлініп, алдын-ала белгіленген жерде «Тосыннан жиналу» әдісін де пайдаланатын болған. Бұл көп әскердің қалай, қайдан келгенін білдіртпей, жау жағын қапыда қалдыру тактикасы. Кенесары 1838 жылы Ақмола бекінісін аларда осы әдісті қолданған. Ұрыс барысында жау жағы басым бола бастаса – қазақ әскерлері жан-жаққа шашыла шегініп, белгіленген жерде қайта жиналып, кенеттен шабуылды бастаған. Сонымен қатар әскер санын көп етіп көрсету үшін «Киіндірілген қуыршақтар» әдісін іске қосқан. Яғни, аттарға киіндірілген қуыршақтарды отырғызып қою. Бұл әдісті жау әскеріне басымдықтарын көрсетіп, рухын түсіру мақсатында қолданған.
ды. Рас, 30-жылдарға қарай казак билеушілерінің Орта Азия хандыктарымен кайшылыктары біршама бәсеңдеуі мүмкін болды.
Қазақ хандыктарынын еділ калмактарымен және башкүрттармен езара катынастары күрделі болып кала берді. Әбілқайырдың башкұрт ақсақалдарымен шапкыншылыкты токтату туралы келіссөздері табыска жетпеді. Кіші жүздің батыстағы шекарасында бейбітшілікке кол жеткізу Әбілқайыр ханның ең басты сырткы саяси міндеттерінің біріне айналды. Басты дұшпан - Жонғар хандығымен күресуге қолды босату үшін бұл өте қажет болатын.
Қазақ хандыктары билеушілерінің алдында маңызды да күрделі міндет –қазақ жүздерін сыртқы жаудан қауіпсіз ету және елде күшейе түскен феодалдық бытыранқылық үрдісін жою міндеті тұрды.
Қазақ қоғамының ішкі күрделі даму жағдайларында, жоңғарлар мен Еділ калмактарының, башкұрттардың, Жайык және Сібір казактарының коршауында, шын мәнінде экономикалық оқшаулау, ұлы империяның тұрақты қысым көрсетуі жағдайында бола отырып, казак жүздерінің билеушілері Ресей империясы сияқты одактас іздеуге мәжбүр болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет