№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


 Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет14/41
Дата06.03.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41

2. Конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар

13.  Конкурсқа  қатысуға  өтінімді  əлеуетті  өнім  беруші  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушыға 

тігілген түрде, беттерін нөмірлеп береді жəне соңғы бетін өзінің қолын қойып, мөрмен (жеке тұлға үшін, 

егер ол бар болса) куəландырады.

Конкурсқа қатысуға өтінімнің техникалық бөлігі (тігілген түрде, беттері нөмірленіп, соңғы беті əлеуетті 

өнім берушінің қолымен жəне мөрімен (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) куəландырылған түрде) жəне 

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасы жеке беріледі.

14. Конкурсқа қатысуға өтінім басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға жəне оған 

əлеуетті өнім беруші қол қоюға жəне мөрімен бекітуге (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) тиіс.

15. Əлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған 

жағдайларды қоспағанда, конкурстық өтінімде жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер не-

месе қосымша жазулар болмауға тиіс. 

16. Əлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында 

əлеуетті өнім берушінің толық атауы мен пошта мекенжайы (егер ол «кешіккен» болып жарияланатын бол-

са, конкурсқа қатысуға өтінімді ашпай қайтару мақсатында), мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының 

толық атауы мен пошта мекенжайы, конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың атауы, сондай-

ақ мынадай мазмұндағы мəтін көрсетілуге тиіс: «(конкурстың атауын көрсету керек) сатып алу жөніндегі 

конкурс» жəне «(конкурсқа қатысуға өтінім ашылатын күн мен уақытты көрсету керек) дейін ашпаңыз». 



3. Конкурсқа қатысуға өтінімді беру тəртібі

17. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді əлеуетті өнім берушілер не олардың уəкілетті өкілдері мемлекеттік 

сатып алуды ұйымдастырушыға қолма-қол немесе (мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының толық 

пошта мекенжайы, бөлме нөмірі, конкурсқа қатысуға өтінімді қабылдау мен тіркеуге жауапты адамның 

(адамдардың)  Т.А.Ə.  көрсету  керек)  мекенжайы  бойынша  тапсырысты  пошта  байланысын  пайдалана 

отырып, (конкурстық өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні мен уақытын көрсету керек) қоса алғандағы 

мерзімге дейін береді.

18. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен 

кейін алған конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылмайды жəне конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған кон-

верттерде көрсетілген деректемелер бойынша оларды ұсынған əлеуетті өнім берушіге не алғаны туралы 

қолхатпен əлеуетті өнім берушілердің тиісті уəкілетті өкілдеріне жеке өздеріне қайтарылады. 

19. Əлеуетті өнім берушілер немесе олардың уəкілетті өкілдері ұсынған конкурсқа қатысуға өтінімдерді 

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының жауапты адамы, ал тапсырыс беруші жəне мемлекеттік 

сатып алуды ұйымдастырушы бір тараптан əрекет еткен жағдайларда – конкурстық комиссияның хатшы-

сы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, тиісті журналға тіркейді. 

20. Осы конкурстық құжаттамада көзделген конкурсқа қатысуға өтінімдерді ресімдеуге қойылатын та-

лаптар бұзылған конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттер қабылдауға жəне тіркелуге жатпайды. 

4. Конкурстық өтінімдерді өзгерту жəне оларды қайтарып алу

21. Əлеуетті өнім беруші өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді қайтаруға құқықтарын 

жоғалтпай, конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурсқа қатысуға өзінің өтінімін 

өзгертуіне немесе қайтарып алуына болады. Өзгерістер енгізу конкурсқа қатысуға өтінімнің өзі сияқты 

дайындалуға, желімделуге жəне ұсынылуға тиіс. 

Конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу туралы хабарлама мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру-

шының атына еркін нысандағы өтініш түрінде ресімделеді, оған əлеуетті өнім берушінің қолы қойылады 

жəне мөрмен бекітіледі (жеке тұлға үшін егер осындай болса). 

Конкурсқа қатысуға өтінімге өзгеріс енгізу не конкурсқа қатысуға өтінімді қайтарып алу, егер оларды 

мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге 

дейін алса, жарамды болып табылады.

22. Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін өзгерістер жəне 

(немесе) толықтырулар енгізуге, сол сияқты оларды қайтарып алуға жол берілмейді. 

23. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада белгіленген конкурсқа қатысуға 

өтінімдердің қолданылу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей, қажет болған жағдайда, 

нақты уақыт кезеңіне өтінімнің қолданылу мерзімін ұзарту туралы əлеуетті өнім берушілерге сұрау салу 

жібереді. Əлеуетті өнім беруші мыналарға:

1) өзінің конкурсқа қатысуға өтінімінің мерзімі ішінде конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып 

алуға қатысуға; 

2) мұндай өтінімнің қолданылу мерзімі өткеннен кейін өзі енгізген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз 

етуді қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салуды қабылдамауға құқылы. 

24.  Өзінің  конкурс  тəсілімен  өткізілетін  мемлекеттік  сатып  алуға  қатысуымен  байланысты  барлық 

шығыстарды əлеуетті өнім беруші көтереді. Тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, 

конкурстық  комиссия,  сараптау  комиссиясы,  сарапшы  конкурс  тəсілімен  өткізілетін  мемлекеттік  сатып 

алудың нəтижелеріне қарамастан, осы шығыстарды өтеу жөніндегі міндеттемелерді көтермейді. 

5. Конкурстық тəсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдер салынған 

конверттерді конкурстық комиссияның ашуы

25. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия келген барлық 

əлеуетті өнім берушілердің немесе олардың уəкілетті өкілдерінің қатысуымен жүргізеді (конкурс өткізілетіні 

туралы  хабарландыруда  (хабарламада)  конкурстық  өтінімдер  ашылатын  жəне  көрсетілген  конкурстық 

комис сия ның  отырысы  өткізілетін  күнін,  уақытын  жəне  орнын  көрсету  керек).  Конкурстық  өтінімдерді 

берудің соңғы мерзімі мен конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу арасындағы кезең 

екі сағаттан аспауға тиіс.

Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушының  хабарландыруында  (хабарламасында)  жəне  осы 

конкурстық  құжаттамада  белгіленген  мерзімде  жəне  тəртіппен  ұсынылған  əлеуетті  өнім  берушілердің 

өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады. 

Егер конкурсқа (лотқа) конкурсқа қатысуға бiр ғана өтiнiм берілсе, онда конкурсқа қатысуға арналған 

бұл өтiнiм де ашылады жəне қаралады.

26. Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рəсіміне қатысып отырған əлеуетті өнім 

берушілердің  уəкілетті  өкілдері  өздерінің  қатысуын  растай  отырып,  олардың  өкілеттіктерін  растайтын 

құжаттарды көрсетуге жəне əлеуетті өнім берушілерді тіркеу журналына тіркелуге тиіс (тіркелетін орнын, 

күні жəне уақытын көрсету керек, бұл уақыт конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашатын 

уақыттан бұрын болуға тиіс, ал тіркеу орны конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу рəсімі 

өткізілетін орынмен бірдей болуға тиіс). 

Əлеуетті  өнім  берушілер  мен  олардың  уəкілетті  өкілдері  конкурсқа  қатысуға  өтінімдер  салынған 

конверттерді ашу рəсімін жазу үшін өздері пайдалануға ниеттенетін аудиожазбаның жəне бейнетүсірудің 

техникалық құралдары туралы конкурстық комиссияны хабардар етеді. 

27. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі оты-

рысына қатысып отырған əлеуетті өнім берушілердің жəне оның уəкілетті өкілдерінің мемлекеттік сатып 

алуды ұйымдастырушының уəкілетті өкілінің, конкурстық комиссияның, конкурстық комиссия хатшысының 

қызметіне араласуына жол берілмейді.

28. Конкурстық комиссияның көрсетілген отырысында:

1) осы конкурстық құжаттамада ол туралы мəліметтер көрсетілген мемлекеттік сатып алуды ұйымдас-

тыру шының  уəкілетті  өкілі,  мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  жəне  тапсырыс  беруші  бір  та-

раптан  əрекет  еткен  жағдайда – конкурстық  комиссияның  хатшысы  қатысушыларды  мыналар  туралы 

хабар дар етеді: 

конкурстық комиссияның құрамы, конкурстық комиссияның хатшысы; 

конкурстық құжаттаманың көшірмесін алған əлеуетті өнім берушілердің саны; 

əлеуетті өнім берушілердің сұрау салуының болуы не болмауы, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуды 

ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың ережелерін түсіндіру бойынша əлеуетті өнім берушілермен 

кездесу өткізуі;

конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу фактісінің болуы не болмауы, сондай-

ақ себептері; 

белгіленген мерзімде тиісті тіркеу журналында тіркелген конкурсқа қатысуға өтінім берген əлеуетті 

өтінім берушілер; 

2) конкурстық комиссияның төрағасы не конкурстық комиссия мүшелерінің қатарынан төраға айқындаған 

тұлға: 

конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашады жəне өтінімде қамтылған құжаттардың 



тізбесі мен олардың қысқаша мазмұнын жария етеді; 

3) конкурстық комиссияның хатшысы: 

конверттерді ашудың тиісті хаттамасын ресімдейді; 

əлеуетті  өнім  берушілердің  уəкілетті  өкілдерін  конкурстық  комиссия  отырысының  көрсетілген 

хаттамасының көшірмесін алуға болатын мерзім туралы хабардар етеді. 

Конкурстық  комиссияның  конкурсқа  қатысуға  өтiнiмдер  салынған  конверттердi  ашу  жөніндегі 

отырысының хаттамасына отырысқа қатысып отырған конкурстық комиссия мүшелерiнің бəрі, сондай-ақ 

конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды жəне əр парағын дəйектейді.

Көрсетілген  отырыс  хаттамасының  көшірмесі  конкурстық  комиссияның  отырысы  өткізілген  күннен 

кейінгі екі жұмыс күнінен кешіктірмей əлеуетті өнім берушілерге немесе конкурстық комиссияның конкурсқа 

қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу жөніндегі отырысына қатысқан олардың уəкілетті өкілдеріне, 

ал болмағандарға – олардың жазбаша сұрау салуы бойынша сұрау салу алынған күннен бастап екі жұмыс 

күнінен кешіктірмейтін мерзімде беріледі. 

6. Конкурстық тəсілмен өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімдерді олардың 

конкурстық құжаттама талаптарына сəйкестігі тұрғысынан конкурстық комиссияның қарауы 

жəне əлеуетті өнім берушілерді конкурсқа қатысуға жіберу

29. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды конкурсқа қатысуға үміткер əлеуетті өнім берушілердің 

арасы нан білік тілік талаптарына жəне конкурстық құжаттама талаптарына сəйкес келетін əлеуетті өнім 

беру шілер ді  анықтау  жəне  оларды  конкурсқа  қатысушы  деп  тану  мақсатында  конкурстық  комиссия 

жүзеге асырады. 

30. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде конкурстық комиссия: 

1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды жəне салыстыруды жеңілдету үшін конкурсқа 

қатысуға  үміткер  əлеуетті  өнім  берушілерден  олардың  өтінімдеріне  байланысты  материалдар  мен 

түсіндірулерді жазбаша нысанда сұратуға; 

2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мəліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік 

органдардан, жеке жəне заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы. 

Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімдерді конкурстық құжаттама талаптарына сəйкес 

келтіруге байланысты сұратулары мен өзге де əрекеттеріне жол берілмейді. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді 

конкурстық құжаттама талаптарына сəйкес келтіру деп конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға өтінімді 

жеткіліксіз құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған құжаттарды ауыстыруға, 

тиісінше ресімделмеген құжаттарды сəйкес келтіруге бағытталған əрекеттері түсініледі. 

Егер конкурсқа қатысуға өтінімде ұсынылған өтінімнің мəнін қозғамай түзетуге болатын грамматикалық 

немесе арифметикалық қателер болса, конкурстық комиссия оны конкурстық құжаттаманың талаптарына 

жауап беретін деп қарайды. 

31. Конкурстық комиссия əлеуетті өнім берушіні мынадай:

1)  əлеуетті  өнім  берушінің  жəне  ол  тартқан  жұмыстардың  не  көрсетілетін  қызметтердің  қосалқы 

мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) біліктілік талаптарына сəйкестігін растауға арналған құжатты 

(құжаттарды) əлеуетті өнім беруші ұсынбаған;

2) əлеуетті өнім беруші өзі тартқан қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушының) біліктілік талапта-

рына сəйкестігін, сондай-ақ сəйкессіздігін растау үшін ұсынған құжаттарда қамтылған ақпарат негізінде 

біліктілік талаптарына сəйкессіздік фактісі анықталған; 

3) біліктілік талаптары жөнінде дəйексіз ақпарат ұсынған жағдайларда біліктілік талаптарына сəйкес 

емес деп таниды. 

Əлеуеттi өнiм берушiнi Заңның 10-бабының 1-тармағында көзделмеген негiздер бойынша бiлiктiлiк 

талаптарына сəйкес емес деп тануға жол берiлмейдi.

Өтінімді қамтамасыз ету соманың бір пайызынан астам мөлшерде енгізілген жағдайда, конкурстық 

комиссия енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық құжаттама талаптарына 

сəйкес келеді деп таниды.

32. Конкурстық комиссия мынадай: 

1) банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң қолданылу мерзiмi 

жеткiлiксiз болған;

2) конкурстық комиссияға: 

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді берген тұлғаны;

қатысу  үшiн  банктік  кепілдік  түрінде  берілген  өтiнiмдi  қамтамасыз  ету  енгiзiлетiн  тауарларды, 

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi конкурс тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың атауын;

банктік кепілдік түрінде берілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің қолданылу мерзімін 

жəне (немесе) өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасын, сондай-ақ оны беру шарттарын;

конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету берілген тұлғаны; 

пайдасына  конкурсқа  қатысуға  өтінімді  қамтамасыз  ету  енгізілетін  тұлғаны  айқындауға  мүмкіндік 

бермейтін мəліметтердің болмауынан көрініс табатын конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету тиісті 

түрде ресімделмеген жағдайларда, енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді осы конкурстық 

құжаттама талаптарына сəйкес емес деп таниды.

Өзге  негіздер  бойынша  конкурсқа  қатысуға  өтінімге  енгізілген  қамтамасыз  етуді  конкурстық 

құжаттаманың талаптарына сəйкес емес деп тануға жол берілмейді. 

33. Конкурсқа қатысуға үміткер əлеуетті өнім беруші, егер: 

1) ол жəне (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушы біліктілік талаптарына сəйкес 

емес деп айқындалса;

2) Заңның 6-бабының талаптарын бұзса не ол тартқан қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) Заңның 

6-бабы 1-тармағының 7), 8), 9) жəне 10) тармақшаларының талаптарын бұзса;

3) конкурсқа қатысуға арналған оның өтінімі конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес емес деп 

айқындалса, конкурсқа қатысуға жіберілмейді (конкурсқа қатысушы болып танылмайды). 

Егер əлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негіздемелер бойынша конкурсқа 

қатысуға жіберілмесе, онда: 

конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада осындай əлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға 

өтінімін қабылдамау негіздемесі көрсетіледі; 

Заңның 6-бабының талаптарын бұзған əлеуетті өнім беруші туралы мəліметтер белгіленген тəртіппен 

мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушыларының тізіліміне енгізілуге жатады.

34. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау нəтижелері бойынша конкурстық комиссия: 

1) біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес келетін, конкурсқа қатысуға 

жіберілетін (конкурсқа қатысушылар) əлеуетті өнім берушілерді айқындайды;

2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді;

Əлеуетті өнім берушілер біліктілік талаптарына жəне конкурстық құжаттаманың талаптарына сəйкес 

болған жағдайда конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттама ресімделмейді;

3) конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы ресімдейді жəне конкурсқа қатысуға жіберілген 

əлеуетті өнім берушілердің (конкурсқа қатысушылардың) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға 

конкурстық баға ұсыныстарын беретін күнін, уақытын, орнын айқындайды.

35. Конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні конкурсқа қатысуға 

алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға конкурстық комиссияның отырысына қатысып отырған барлық 

мүшелері, сондай-ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды, əр парағын дəйектейді. 

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамаға отырысқа қатысып отырған мүшелердің бəрі, сондай-

ақ конкурстық комиссияның хатшысы қол қояды. 

Мемлекеттік  сатып  алуды  ұйымдастырушы  конкурсқа  қатысуға  рұқсат  беру  туралы  хаттамаға  қол 

қойылған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурсқа қатысуға өтінім берген барлық əлеуетті өнім 

берушілерге көрсетілген хаттаманың көшірмесін береді немесе жібереді. Конкурсқа қатысуға жіберу туралы 

конкурстық комиссияның шешіміне Заңның 47-бабында айқындалған тəртіппен шағымдануға болады. 



7. Конкурсқа қатысуға жіберілген əлеуетті өнім берушілердің 

конкурстық баға ұсыныстарын ресімдеуі

36.  Конкурсқа  қатысуға  жіберілген  əлеуетті  өнім  берушілер  (конкурсқа  қатысушылар)  ұсынатын 

конкурстық баға ұсыныстары мынадай түрде ресімделеді: 

1) конкурстық баға ұсынысының нысаны басып шығарылуға немесе өшірілмейтін сиямен жазылуға 

жəне оған əлеуетті өнім беруші қол қоюға жəне мөрімен бекітуге (жеке тұлға үшін, егер ол бар болса) тиіс;

2) əлеуетті өнім берушінің грамматикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, 

конкурстық баға ұсынысында жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, өшірулер немесе қосымша жа-

зулар болмауға тиіс;

3) отандық əлеуетті өнім берушілердің конкурстық баға ұсыныстары теңгемен көрсетілуге тиіс. 

37. Əлеуетті өнім беруші он жəне одан да көп лотқа қатысқан жағдайда, конкурстық баға ұсынысын 

үлгілік конкурстық құжаттамаға 14-қосымшаға сəйкес нысан бойынша ұсынуға жол беріледі.

Əлеуетті өнім беруші конкурстық баға ұсынысын конвертке салып желімдейді, оның беткі жағында 

əлеуетті өнім берушінің толық атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы мəтін көрсетілуге тиіс: «(конкурстың 

атауын көрсету керек) сатып алу жөніндегі конкурс» жəне «(конкурстық баға ұсыныстары ашылатын күн 

мен уақытты көрсету керек) дейін ашпаңыз». 

Конкурсқа қатысушының біреуден артық конкурстық баға ұсынысын беруіне, сол сияқты конкурстық 

баға ұсынысын кері қайтарып алуына жəне (немесе) ұсынылған конкурстық баға ұсынысына өзгерістер 

жəне (немесе) толықтырулар енгізуіне жол берілмейді.



8. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын конкурстық комиссияның 

бағалауы мен салыстыруы жəне конкурс жеңімпазын анықтау

38. Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген күні, уақытта жəне орында конкурстық 

комиссия конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру бойынша 

отырыс өткізеді. 

Конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттамада белгіленген мерзім өткенге дейін конкурстық баға 

ұсыныстары бар конверттерді ұсынған конкурсқа қатысушылар туралы мəліметтерді конкурстық комиссия 

конкурстық баға ұсыныстарын тіркеу журналына хронологиялық тəртіппен енгізеді. 

Конкурстық  комиссияның  отырысында  конкурстық  комиссияның  төрағасы  не  конкурстық  комиссия 

мүшелерінің арасынан төраға айқындаған тұлға: 

конкурсқа  қатысушылардың  конкурстық  баға  ұсыныстары  салынған  конверттерді  хронологиялық 

тіркелу тəртібімен ашады; 

конкурстық  баға  ұсыныстарын  ұсынған  конкурсқа  қатысушылардың  конкурстық  баға  ұсыныстарын 

хронологиялық тіркелу тəртібімен жариялайды; 

конкурстық баға ұсыныстары бар ашылған конверттерді конкурстық комиссияның хатшысына береді.

39.  Конкурсқа  қатысушылар  жəне  (немесе)  олардың  уəкілетті  өкілдері,  қажет  болған  жағдайда, 

конкурстық баға ұсыныстары бар конверттердің мазмұнымен танысады. 

40. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салыстыру жөніндегі конкурстық комиссия отырысы-

на конкурсқа қатысушылар жəне (немесе) олардың уəкілетті өкілдері аудиожазба жəне бейнетүсірілім 



(Жалғасы 13-бетте).

18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

13

жүргізу құқығымен қатысады. Бұл ретте конкурсқа қатысушылар жəне (немесе) олардың уəкілетті өкілдері 

конкурстық комиссияны көрсетілген техникалық құралдарды қолдану туралы хабардар етуге тиіс. 

41. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру рəсімін жеңілдету үшін конкурстық комис-

сия əртүрлі валютада берілген конкурстық баға ұсыныстарының (конкурсқа қатысушылардың) барлық 

бағаларын Қазақстан Республикасының валютасына – конкурстық баға ұсыныстарын бағалау жəне салы-

стыру жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы болатын күнге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі 

белгілеген ресми бағам бойынша теңгеге аударады. 

42. Конкурстық комиссия: 

1) конкурсқа қатысушылардың осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік 

сатып  алуды  конкурс  тəсілімен  жүзеге  асыру  үшін  бөлінген  сомадан  асып  түсетін  конкурстық  баға 

ұсыныстарын қабылдамайды;

2) егер оның бағасы демпингтік болып табылса, конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысын 

қабылдамайды; 

3) ең төмен шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын айқындайды. 

43. Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жəне конкурс 

жеңiмпазын анықтау нəтижелерi бойынша конкурстық комиссия тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін 

қызметтерді  конкурс  тəсiлiмен  мемлекеттiк  сатып  алу  қорытындылары  туралы  хаттаманы  ресiмдейдi, 

оның конкурстық комиссияның отырысына қатысқан мүшелерiнің бəрі, сондай-ақ конкурстық комиссияның 

хатшысы қол қояды, əр парағын дəйектейді.

44. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ол туралы мəліметтер конкурсқа қатысуға өтінімдерді 

тіркеу  журналына  енгізілген  əлеуетті  өнім  берушінің  жазбаша  сұрау  салуын  алған  күннен  бастап  бір 

жұмыс күнінен кешіктірмей оған конкурс тəсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алу нəтижелері туралы 

хаттаманың көшірмесін өтеусіз негізде ұсынуға міндетті. 



9. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтару

45. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы енгізілген конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді 

əлеуетті өнім берушіге мынадай:

1) осы əлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмiн конкурсқа қатысуға арналған 

өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткенге дейiн керi қайтарып алған;

2)  конкурсқа  қатысуға  рұқсат  беру  туралы  хаттамаға  қол  қойылған  (аталған  жағдай  конкурсқа 

қатысушылар деп танылған əлеуеттi өнiм берушiлерге қолданылмайды);

3) конкурс тəсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың нəтижелерi туралы хаттамаға қол қойылған (аталған 

жағдай конкурс жеңiмпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды); 

4) мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген жəне конкурс жеңiмпазы конкурстық құжаттамада 

көзделген мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзген;

5) əлеуеттi өнiм берушiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiнiң қолданылу мерзiмi өткен жағдайлардың бірі 

орын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарып береді.

46. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді мынадай: 

1) əлеуеттi өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi өткеннен кейiн конкурсқа 

қатысуға өтiнiмдi керi қайтарып алған не өзгерткен жəне (немесе) толықтырған;

2) конкурсқа қатысушы деп танылған əлеуеттi өнiм берушi өзiнiң конкурстық баға ұсынысын белгiленген 

мерзiмде табыс етпеген не керi қайтарып алған;

3)  конкурс  жеңiмпазы  деп  айқындалған  əлеуеттi  өнiм  берушi  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт 

жасасудан жалтарған;

4)  конкурс  жеңiмпазы  мемлекеттiк  сатып  алу  туралы  шарт  жасасып,  конкурстық  құжаттамада 

белгiленген, мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзу жəне (немесе) 

енгiзу мерзiмдерi туралы талаптарды орындамаған не уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет