№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


Жеңіл өнеркәсіп ұйымдары жеткізетін өнімдердің сапасын



Pdf көрінісі
бет23/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41

4. Жеңіл өнеркәсіп ұйымдары жеткізетін өнімдердің сапасын 

 бақылаудың және қабылдап алудың ерекшеліктері

19. Өнім (әскери және арнайы киім нысаны, айырым белгілері және жеке қорғаныс құралдары) осы мақсатта 

арнайы бөлінген жеке үй-жайда ашып көрсетілген дайындалған партиялармен бақылау мен сынауға ұсынылады.

20.  Әскери  өкілдіктің  өнімді  қабылдауына  және  оның  сапасын  бақылауға  арналған  үй-жайдың  жеткілікті 

алаңы, жарық, жылытылатын, желдетілетін болуы, жабдықпен, станоктармен, манекендермен, лекалолармен, 

қалыптармен, техникалық құжаттаманы, үлгілерді, арнайы киімдерді сақтауға арналған есігі жабылатын шкаф-

тармен жабдықталуы тиіс.

21.  Ұйымның  басшылары  өнімді  қабылдап  алуды  жүргізу  үшін  әскери  өкілдік  бақылауды  жүзеге  асыру 

қағидасының 3-тармағы 24-тармақшасына сәйкес қамтамасыз етеді.

22. Ұйым әскери өкілдікке бақылауға дайын өнімді шартта көрсетілген жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін 15 

күннен кешіктірмей ұсынады.

23. Бақылау мен сынауға дайындалған өнімнің әрбір партиясына ұйым әскери өкілдікке ұйым басшысы мен 

ТББ бастығы қолтаңбасын қойған хабарламаны осы Нұсқаулықтың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екі 

данада береді. 

Әскери өкілдіктің бастығы ұйым мен Қабылдап алушыға әр қабылдап алынған және жөнелтуге дайындалған 

партияға осы Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өнімнің бұдан әрі пайдалануға жарамдылығы 

туралы өз қорытындысын береді.

24. Өнім жеткізу кезеңі ағымында әскери өкілдікке біркелкі ұсынылуға тиіс. Әскери өкілдіктің бастығы шарт жасасу 

алдындағы жұмыс сатысында ұйым мен тапсырыс беруші арасындағы шартқа әскери өкілдікке сапасын бақылауға 

және қабылдап алуға жататын жекелеген бұйымды, өнімнің жинақ бірліктерін, сондай-ақ технологиялық операци-

яларды шартты қолдану кезеңі ағымында біркелкі ұсынуға ұйымды міндеттейтін тармақты енгізу қажеттігі туралы 

өтініш білдіруге міндетті. Өнімді біркелкі ұсынбау және оны үлкен көлемде ұйымда жинау жағдайында қабылдап 

алудың түбегейлі мерзімін ұйымның басшысымен бірлесіп әскери өкілдіктің бастығы айқындайды. Шартта белгіленген 

жеткізу мерзімін бұзу қаупі төнген жағдайда өнімді қабылдап алу мен сынауға, әскери өкілдіктің бастығы тапсырыс 

беруші мен ұйымға тапсырыс беруші мен ұйым келісілген шешім қабылдауға және (немесе) шартқа өзгерістер 

енгізуге қажетті уақыт кезеңін көрсете отырып, хабарлама жібереді.

25.Ұсынылған өнімді қабылдап алу мен сынаудың алдында әскери өкілдік: 

1) техникалық құжаттамаларға және жиынтықтау ведомосына сәйкес өнім партиясының техникалық парамет-

рлермен белгіленген саны бойынша дұрыс жасақталуын және жинақтаушы тетіктерінің болуын; 

2)  өнім  жасалған  материалдардың  нормативтік-техникалық  құжаттаманың  және  шартқа  техникалық 

ерекшеліктердің талаптарына сәйкес келуін; 

3) өнімнің дұрыс буып түйілуін және таңбалануын;

4) өнімнің паспорттарында (формулярларында) қажетті жазулардың, белгілердің, мөрлердің бар болуын; 

5) хабарламалардың және оған қоса берілген құжаттардың дұрыс толтырылуын тексереді.

26. Өнімді қабылдап алу алдында әскери өкіл қабылданатын партиядан кемінде 5 % көлемінде іріктеме (сына-

ма) жасайды. Тексеруден кейін осы партияның бұдан әрі қабылдап алуға жататыны немесе жөнделетін ақауларды 

жоюға қайтарылатыны айқындалады. Іріктеу (сынама) ұсынылған партияның әртүрлі жерінен жасалады.

27. Әскери өкілдікке өнімді қабылдау үшін қажет сынау жабдықтарын, бақылау-өлшеу құралдарын, НТҚ, 

зертханалық талдауларды (қорытындыларды) персоналдарды және т.б. уақтылы ұсынбау өнімді қабылдауды 

тоқтату үшін негіз болып табылады.

Өнімді оның көлемінің үлкендігіне байланысты бір уақытта қабылдау мүмкін болмаса, онда оны партиялар 

(бөліктері) бойынша қабылдайды.

28. Дайын бұйымның жұмыс үлгілерін дайындау, келісу және бекіту кезінде ұйым мен әскери өкілдік тапсырыс 

беруші бекіткен үлгі-эталондарды басшылыққа алады. Дайын бұйымның алғашқы жұмыс үлгілері өнімді өндіріске 

жіберген кезде, сонан соң бұйымға арналған нормативтік-техникалық құжаттамаға өзгерістер енгізу кезінде, сондай-

ақ үлгілердің тауарлық түрін жою шамасы бойынша жасалады. Бұйымның жұмыс үлгілеріне бас инженер және 

ұйымның ТББ бастығы қолтаңба қоюы, оны әскери өкілдіктің бастығы келісуі және тапсырыс беруші бекітуі тиіс. 

5. Өнімді кезеңдік сынау

29. Өнімді кезеңдік сынау бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. 



6. Өнімді қабылдауды тоқтату тәртібі

30. Әскери өкілдік бастығы өнімді қабылдап алуды: 

1) дайындалған өнімнің стандарттарға және техникалық шарттарға, үлгілерге сәйкес келмеуі анықталған; 

2) оларға шартта немесе басқа да екі жақты құжатта көзделген қағидатты өзгерістерді белгіленген мерзімде 

енгізбей өнім бұйымын шығару жалғастырылған; 

3) өнімнің сапасын жақсарту жөнінде бірлесіп қабылданған шешімдер мерзімінде орындалмаған кезде; 

4) сынақтардың (сараптамалардың) теріс нәтижелері; 

5) өнім өндірудің белгіленген технологиялық үдерісі бұзылған; 

6) өндірістегі бұйымның жаппай ақауы болған;

7) егер ол ақаулар өндіріліп жатқан өнімдерде болса, өнімді пайдалану үдерісінде уақытынан бұрын бұзылуға 

әкеп соқтыратын (істен шығаратын) жасырын ақаулар анықталған жағдайларда тоқтатады. 

31. Қабылдап алу мен тиеуді тоқтатудың себебін жаза отырып, әскери өкілдік бастығы өнімді қабылдап алуды 

тоқтату туралы ұйым басшысы мен тапсырыс берушіге жазбаша бір жұмыс (ағымдағы) күні ішінде хабарлайды. 

32. Толық жиынтықталған дайын өнімді түбегейлі қабылдау ұйымның бірінші басшысы мен ұйымның ТББ бастығы 

қолтаңбаларын қойған хабарлама, сондай-ақ өнімнің дайындығын және оның шарт талаптарына және ТС сәйкестігін 

куәландыратын паспорт (формуляр) немесе басқа құжат алынғаннан кейін жүргізіледі.

33. Қабылдау-тапсыру сынақтарынан өткен, толық жиынтықталған, ұйым және әскери өкілдік пломбалаған 

(егер техникалық құжаттарда немесе шартта өзгелер көрсетілмесе) және сапасы НТҚ көзделген кезеңдік және 

басқа да сынақтармен расталған өнім ғана түбегейлі қабылданған болып саналады. Осыған сәйкес жағдайларда 

ТС көзделген өнім оралуы (қапталуы) және тасымалдау ыдысына салынуы тиіс.

34.  Тапсырыс  берушімен  шарт  бойынша  дайындалып,  қабылданған  өнімге  әскери  өкілдік  бастығы  осы 

Нұсқаулықтың 6-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша расталған екі көшірмесі бар өнімнің шарт та-

лаптарына сәйкес келуі туралы куәлікті ұйымға береді.

35. Қабылдап алынған, ұйымның қоймасына тапсырылған және тиелген өнімді әскери өкілдік осы Нұсқаулықтың 

7-қосымшасына сәйкес шарттарды, дайын өнімді қабылдап алу мен жеткізуді есепке алу журналында есепке алады. 

36. Қабылдап алынған өнімді тиеу шарттардың талаптарына және ТС, осы Нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. 

Әскери өкілдікке өнімнің тиісті түрде тиелуін, сондай-ақ оның жолда сақталуын қамтамасыз ететін тасымалдау 

құралдарына орналастырылуын бақылау жүктеледі.

37. Тапсырыс берушінің талабы бойынша әскери өкілдік бастығы жолда жүргенде жүктің күзетілуін қамтамасыз 

ету үшін әскери қарауылға тапсырыс береді, мұндай жағдайда әскери өкілдіктің бастығы қарауылға тиелген жүктің 

ерекшелігін түсіндіреді және оның ілеспе құжаттарын береді.

38. Өнімді жөнелткеннен кейін әскери өкілдіктің бастығы тапсырыс беруші мен жүкті қабылдап алушыға хабар-

лайды және қолжетімді байланыс құралдарымен өнімді тиеу құжаттарын (бұйымды тиеу актісі осы Нұсқаулықтың 

8-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, тиеу туралы хабарлама осы Нұсқаулықтың 9-қосымшасына сәйкес нысан 

бойынша, жүкті сақтандыру жөніндегі құжат, сондай-ақ басқа құжаттар) жібереді.

39. Әскери өкілдік тапсырыс берушінің, жүкті алушының тиелген өнімді қабылдап алуын бақылайды, жүкті алу-

шы мен тапсырыс берушіден алынған растаулар есебін жүргізеді. 

Қабылдап алынған жүк туралы растау уақтылы алынбаған кезде әскери өкілдік растауды алу үшін шаралар 

қабылданады немесе тапсырыс берушіні рұқсат етілген байланыс құралдары арқылы хабардар ете отырып, өнімді 

іздестіруді ұйымдастырады.

40. Шетелдік тапсырыс берушілерге экспортқа жіберілетін өнімді тиеу нысаны тапсырыс беруші мен ұйым 

арасындағы шартта белгіленетін, көшірмесін әскери өкілдік бастығы жоғары тұрған басшылыққа жолдайтын ха-

барлама (тапсырыс беру, наряд) негізінде жүргізіледі.

41. Әскери өкілдік және ақауларға талдау жүргізеді, толқымалы тораптар мен элементтерді анықтау мақсатында 

олардың туындау себептерін жүйелейді және осы Нұсқаулықтың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша әскери 

өкілдікте рекламацияларды есепке алу журналын жүргізеді, ұйымнан бұйымның сапасын арттыру жөніндегі іс-

шараларды енгізуді талап етеді. 

Өнімнің, өнімді жиынтықтаушы элементтердің жөндеуге жатпайтын ақауы анықталған жағдайда әскери өкілдік 

тапсырыс берушіге шешім қабылдау үшін күнтізбелік үш күн ішінде хабарлама жолдайды.

7. Әзірленетін өнімнің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс

42. Әзірленетін өнімнің сапасын қамтамасыз етуді бақылауды әскери өкілдік оны жобалаудың, өндіріске қоюдың, 

сериялық өндіру мен пайдаланудың барлық кезеңдерінде қамтамасыз етеді.

43. Әскери өкілдіктің әзірленетін өнімді қамтамасыз етуі жөніндегі жұмысы: 

1) ұйымда Қазақстан Республикасының лицензиялау мәселелері жөніндегі НҚА талаптарына сәйкес тапсы-

рыс берілген өнімді жобалаумен, өндіріске қоюмен, өндірумен, жеткізумен айналысуға уәкілетті мемлекеттік орган 

рұқсат берген құжаттың бар болуын; 

2) оны әзірлеу кезінде өнімнің сапасын және тапсырыс беруші белгілеген сипаттамасын қамтамасыз етуді; 

3) сериялық өндіру барысында өнімнің сапасын қамтамасыз етуді; 

4) өндіру мен пайдалану барысында ұйымның өнімді одан әрі жаңғырту міндеттемелерін орындауын; 

5) пайдалану барысында ұйымның өнімге арналған кепілдік міндеттемелерін орындауын бақылаудан тұрады.

44. Өнімнің сапасын әзірлеу кезінде бақылау әзірленетін өнім сипаттамасының ТС, ТТ, қолданыстағы НТҚ та-

лаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуі тиіс. 

45. Әскери өкілдіктің өнімді әзірлеу кезіндегі сапаны бақылау жөніндегі негізгі міндеттері: 

1) әзірленетін өнімнің тактикалық-техникалық сипаттамасының ТТ мен ТС талаптарына сәйкес келу деңгейін 

бағалау; 

2) өнімнің сапасын (төзімділігін) қамтамасыз ету бағдарламасының уақтылы және толық орындалуын бақылау; 

3) әзірлеу кезінде туындайтын қателіктер мен ақауларды уақтылы анықтау; 

4) тапсырылған сапа көрсеткіштерінен барлық бақылау объектілерінің ауытқулары туралы толық және дұрыс 

ақпарат алу, сапаны басқару жүйесіндегі өзгерістер бойынша тиісті шаралар қабылдау болып табылады.

46. Әскери өкілдіктің сапаны бақылау объектілері: 

1) конструкторлық құжаттама; 

2) тәжірибелік үлгі, сериялық үлгі, көшбасшылық үлгі; 

3) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні жасаудың технологиялық үдерісі; 

4) қосарлы жұмыстар, қызметтер

5) көшбасшылық үлгіні пайдаланудың технологиялық үдерісі; 

6) әзірлеуді, өндіріске қоюды метрологиялық қамтамасыз ету болуы тиіс. 

47. Сапа көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін әскери өкілдік: 

1)  ұйым  жүргізетін  сапаны  бақылаудың  таңдап  алынған  түрлері  мен  әдістерінің,  бақылау  және  сынау 

құралдарының негізді болуын талдайды; 

2) сапа көрсеткіштері топтарының таңдап алынған номенклатурасын, оның әзірленіп жатқан үлгісінің ТТ мен 

ТС-ға сәйкестігін тексеру мүмкіндігін бағалайды; 

3) сапа көрсеткіштерін айқындау әдісінің ғылыми негіздемесін айқындайды. 

48. Әскери өкілдік сапаны бақылау жоспарын келіседі және оның орындалуын бақылау кезінде: 

1) әзірленіп жатқан бұйымның конструкторлық құжаттамасына тапсырыс берушінің тапсырылған талаптарына 

сәйкес келетін сипаттамалар мен көрсеткіштерді енгізуге; 

2) конструкторлық құжаттаманың көлемі мен мазмұны бойынша НҚА мен НТҚ-ның талаптарына сәйкес келуіне; 

3) әзірлеудің, өндіріске қоюдың барлық кезеңдерінде конструкторлық құжаттамаға міндетті сараптама жүргізуге; 

4) эскиздік және техникалық жобаларға сенімділік бөлімін енгізуге; 

5)  тәжірибелік  үлгіні  жасауға  арналған  технологиялық  үдерістер  мен  операциялардың  конструкторлық 

құжаттамаға сәйкес келуіне; 

6) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасау, жинау, ретке келтіру және сынау әдістерінің 

тиімді болуына; 

7) технологиялық құжаттамалардың стандарттардың талаптарына сәйкес келуіне; 

8)  тәжірибелік  үлгіні,  сериялық  үлгіні,  көшбасшылық  үлгіні  жасауға,  бақылауға  және  сынауға  арналған 

технологиялық жабдықтар мен құралдарды дұрыс таңдауға;

9) тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасауға арналған шикізаттың, материалдардың, 

жартылай дайын өнімдердің, жиынтықтаушы элементтердің жоғары сапасына;

10)  ЖББ  құрамдас  бөлімдері  ұйымдарында  дайындалатын  бұйымның  құрамдас  бөліктерінің  тәжірибелік 

үлгілерінің жоғары сапасына; 

11) ұйымның тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, көшбасшылық үлгіні жасау кезінде операциялық бақылау 

жүргізуіне және оған қатысуға, сондай-ақ оны жеке кесте бойынша дербес жүргізуге;

12) ұйымның тәжірибелік үлгіге, сериялық үлгіге, көшбасшылық үлгіге, тәжірибелік үлгіні, сериялық үлгіні, 

көшбасшылық үлгіні жасауға арналған технологиялық үдерістерге, жабдықтар мен құралдарға бақылау жүргізуіне, 

оған  қатысуға,  сондай-ақ  оны  жоспарда  бекітілген  және  белгіленген  тәртіп  бойынша  әскери  өкілдіктің  жеке 

құрамымен жүргізуге; 

13) барлық өлшеулердің тұтастығы мен дұрыстығын бақылауға қол жеткізеді. 

49. Әзірленетін өнімнің сапасын бақылау кезінде әскери өкілдік басты назарды: 

1) ұйымдардың (әзірлеушілердің) тәжірибелік үлгінің, сериялық үлгінің, көшбасшылық үлгінің жоғары төзімділігін 

қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізуіне; 

2) төзімділікті бағалау жөніндегі және жекелеген элементтердің, блоктардың, тораптар мен жүйелердің іс жүзіндегі 

төзімділік көрсеткіштерін айқындауға арналған сынақтың барысын бақылауға; 

3) бақылау және дабыл беру жүйелерінің дұрыс және тиімді резервтелуін бағалауға; 

4) оларға қызмет көрсету үшін қосалқы жабдықтар мен құралдардың номенклатурасын қысқартуға арналған 

біртипті міндеттерді шешуге арналған бұйымдардың тиімді біріздендірілуін бақылауға; 

5) конструкторлық құжаттаманың ТТ стандарттау мен біріздендіру деңгейі жөніндегі талаптарына сәйкес 

келуін бақылауға; 

6) материалдардың, электрлі-радиоэлементтердің және басқа да бұйымдардың шектеулі тізбелерін әзірлеуді 

бақылауға аударуы тиіс. 

8. Технологиялық үдерістерді бақылау 

50. Әскери өкілдіктердің технологиялық үдерістерді бақылауы өндірістің кез келген сатысында жүргізіледі. 

Тексеруге тапсырма алған әскери өкілдік персоналы технологиялық үдерісті, тиісті технологиялық құжаттаманы және 

алдыңғы тексерудің нәтижелерін зерделеуге міндетті. Тексеру ұйым қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілуі тиіс. 

51. Әскери өкілдік жүргізетін технологиялық үдерістерді бақылау: 

1) орындау сапасын және технологиялық құжаттаманың жай-күйін бақылаудан; 

2)  бекітілген  технологиялық  үдерістердің  сақталуын  және  сынау  және  бақылау-өлшеу  жабдықтарының, 

жарақтарының, жабдықтарының, тікелей жұмыс орындары мен учаскелеріндегі құрал-саймандардың жай-күйін, 

жұмыс орнының жай-күйін бақылаудан;

3) материалдарды (шикізатты) шығындау нормаларының сақталуын бақылаудан тұрады. 

52. Технологиялық құжаттамаларды бақылау кезінде әскери өкілдіктер: 

1) технологиялық үдерістің бекітілуін; 

2) технологиялық үдеріске салынған талаптардың конструкторлық құжаттамалардың талаптарына сәйкес келуін; 

3) салыстыру кезеңділігінің сақталуын және қажет болған жағдайда салыстыру жүргізілгені туралы мөрлерді қоя 

отырып, олардың конструкторлық құжаттамалардың талаптарына толық сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында 

барлық қолданыстағы технологиялық үдерістерді түзетулерді; 

4) технологиялық үдерісте алғашқы тетікті (операцияны) міндетті тексеру туралы талаптың бар болуын

5) әр жарақталған, шегерілген және түзетілген технологиялық үдеріске енгізу актілерінің бар болуын; 

6) өндірістің арнайы технологиялық жабдығымен, жарағымен, өлшеу құрал-саймандарымен жарақталу және 

жасалатын бұйымның параметрлеріне рұқсат етілген бақылау-өлшеу жабдықтары сипаттамасының дәлдігіне 

метрологиялық сәйкестік деңгейін; 

7) өнімді жасау және оларды қажетті өлшеу және сынау жабдықтарымен қамтамасыз ету үдерісінде бақылау 

операцияларының жеткілікті болуын; 

8) бақылау сапасын арттыратын және бақылау операцияларына арналған еңбек шығынын төмендететін озық 

технологиялық үдерістер мен бақылау әдістерінің қолданылуын; 

9) технологиялық құжаттамаға өзгерістердің уақтылы және толық енгізілуін; 

10) тексеру кезінде анықталған технологиялық құжаттамадағы кемшіліктердің уақтылы жойылуын тексереді. 

53. Жұмыс орындары мен учаскелерінде бекітілген технологиялық үдерістің сақталуын бақылау кезінде әскери 

өкілдіктер: 

1) қолданылатын жабдықтардың және бақылау-өлшеу құралдарының технологиялық үдерістің талаптарына 

сәйкес келуін; 

2) белгіленген технологиялық операциялар мен өткелдердің орындалуын, технологиялық үдерісте көзделген 

жұмыс режимінің және басқа да шарттардың сақталуын; 

3) жарақтардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың, материалдардың жай-күйін және олардың технологиялық 

құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін; 

4)  арнайы  қызметтердің  өндірістік  жарақтарды,  жабдықтарды,  бақылау-өлшеу  құралдары  мен  құрал-

саймандарын уақтылы тексеруін; 

5) соңғы тексеруді, пломбаның бүтіндігін растайтын құжаттардың бар болуын;

6) жұмыс орындарында технологиялық құжаттаманың бар болуын және оның жай-күйін; 

7) технологиялық құжаттаманың қолданыстағы НТҚ-мен жыл сайынғы салыстырылуы туралы мөрдің бар болуын; 

8) конструкторлық құжаттамадағы өзгерістерге сәйкес технологиялық үдерістерді өзгертудің уақтылы және 

сапалы жүргізілуін; 

9) жұмыс орнының тазалығын және ұйымның өнеркәсіп санитариясы ережелерін сақтауын; 

10) өндіріс орындарында конструкторлық құжаттамаларға сәйкес талап етілетін температураның, ауа ылғалдығы 

мен тазалығының қамтамасыз етілуін;

11) жаңа технологиялық үдерістердің белгіленген мерзімде енгізілуін; 

12) техника қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілуін; 

13) ионды сәулелендіру көздерімен жұмыс істеу кезінде радиация қауіпсіздігі талаптарының қамтамасыз етілуін; 

14) технологиялық үдерістерді алдыңғы тексерулер жөніндегі ескертулер мен шешімдердің іске асырылуын тексереді.

54. Бекітілген технологиялық үдерістің сақталуын бақылауды жүзеге асыруға арналған басшылық құжаттар: 

1) бекітілген технологиялық және конструкторлық құжаттама; 

2) қолданыстағы стандарттар, материалдарға арналған ТШ, 

3) тетіктер мен бұйымдарды сақтау жөніндегі нұсқаулықтар;

4) технологиялық үдеріске қатысты басқа да құжаттар болып табылады. 



9. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді бақылау

55. Әскери өкілдік НҚА мен қолданыстағы НТҚ талаптарына сәйкес қабылданатын өнімді метрологиялық 

қамтамасыз етуді бақылауды жүзеге асырады. Бұл ретте: 

1) НТҚ мен тексеру әдістемелеріне сәйкес өлшеу құралдарын дұрыс пайдалану; 

2) жеткізілетін өнімнің жиынтықталуына және өлшеу құралдарын метрологиялық аттестаттау жүргізу; 

3) ұйымның метрологиялық қызметі әзірлеген шығарылатын өнімді метрологиялық қамтамасыз етуді жақсарту 

жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы; 

4) ұйымның өлшеу құралдарына арналған техникалық құжаттама мен тексеру әдістемелерін уақтылы және 

сапалы әзірлеуі бақыланады.

56. Ұйымдардағы метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін тексеру кезінде әскери өкілдік: 

1) ұйымның өлшеу құралдарының жарамды жай-күйде болуын; 

2) өлшеу эталондары мен құралдарының уақтылы тексерілуін (калибрлеу);

3) тексерілгені туралы қолданыстағы сертификаттың және сенімділік таңбасы бедерінің бар болуын; 

4) цехтардың жұмыс орындарынан жарамсыз өлшеу құралдары мен эталондардың уақтылы алынуын; 

5) ұйымның метрологиялық қызметінің конструкторлық және технологиялық құжаттамаға метрологиялық са-

раптама жүргізуін; 

6) эталондар мен өлшеу құралдарын сақтау және пайдалану ережелерін бақылайды. 

57. Жұмыс орындарында әскери өкілдік: 

1)  көрсетілген  құжаттамада  көрсетілген  аспап,  құрал-сайман  және  с.с.  атаулары  мен  дәлдік  класының 

қабылданатын бұйымға (өнімге) сәйкестігін; 

2) өлшеу құралдарына және (немесе) пайдалану құжаттамасына қойылатын сенімділік таңбасының бедері және 

өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификатты; 

3) бегіленген үлгідегі өлшеу құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификатты; 

4) белгіленген үлгідегі метрологиялы аттастаттау туралы сертификатты; 

5) көрек көздері жүктемесінің (қайта жүктеу) сәйкестігі, жүктің мерзімін, ережесін алмастыру және тіркелген 

(пломбаланған) жай-күйін; 

6) ұйым таңдап алған аспаптардың талап етілетін өлшеу дәлдігіне сәйкестігін тексереді.

58. Өлшеу құралдарын тексеруді өлшеу құралдарын тексеру әдістемесіне сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың 

метрологиялық қызметтерінің тексерушілері жүзеге асырады. 

59. Тексерудің оң шешімі өлшеу құралдарына және пайдалану құжаттамасына қойылатын сенімділік таңбасының 

бедерімен және (немесе) өлшеу құралдарын тексеру туралы сертификатпен куәландырылады.

Өлшеу құралдарын және сынау жабдықтарын тексеру кестесі әскери өкілдіктің бастығымен келісіледі. 

60. Әскери өкілдік өнімді әзірлеуді, сынауды, өндіруді және кәдеге жаратуды метрологиялық қамтамасыз етуге 

бақылауды жүзеге асырады. 

61. Әскери өкілдік: 

1) ұйымның метрологиялық қамтамасыз ету жоспарларын орындауын; 

2) өлшеу құралдары мен әдістерін пайдаланудың белгіленген ержесінің сақталуын және бақылануын (өлшеуді 

орындау әдістемесін аттестаттау немесе стандарттау, стандартталмаған өлшеу құралдарын, сынау жабдықтарын 

және сынаудың техникалық жүйесін (кешенін) аттестаттау); 

3) тапсырыс берушіге жеткізілетін тексерілген (аттестатталған) және қолдануға рұқсат берілген өнімнің өлшеу 

және өнімді бақылау құралдарымен жасақталуын

4) олардың түрін бекіту және Мемлекеттік бірыңғай өлшеу жүйесін қамтамасыз ету тізбесіне енгізу мақсатында 

әзірленетін өлшеу құралдарын сынауды уақтылы жүргізуді бақылайды. 

Өлшеу құралдары мен эталондардың жарамсыздығы анықталған кезде әскери өкілдік ТББ бастығына хабар-

лайды және оларды одан әрі қолдануға жол бермейді. 

62. Әскери өкілдік ұйыммен бірлесіп қабылданатын өнімнің сапасын объективті бақылаудың құралдары мен 

әдістерін іздестіру және енгізу жөніндегі жұмысты жүйелі жүргізеді.

Бақылаудың объективтілігіне: 

өлшенетін параметрлердің автоматтандырылған жазбасын; 

сынақ жүргізу кезіндегі бақылау жазу аппаратурасын; 

электр тізбектерін, тораптарын, блоктарын және жалпы бұйымды тексеруге арналған автоматтар мен жартылай 

автоматтарды қолдана отырып, қол жеткізіледі. 



10. Цехтарды, бөлімдерді және зертханаларды кешенді тексеру

63. Цехтардың, бөлімдердің және зертханалардың жұмысын кешенді тексеруді әскери өкілдікті қатыстыра 

отырып, ұйымның комиссиясы жүргізеді. 

Кешенді тексеру ұйымның басшысы белгілеген және әскери өкілдікпен келісілген кезеңде жүргізіледі. 

Көрсетілген комиссиядағы жұмысы кезінде әскери өкілдік: 

1) стандарттардың сақталуын, метрологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін;

2) конструкторлық және технологиялық құжаттаманың жай-күйін (есепке алу және сақтау, құжаттаманын дұрыс 

және уақтылы өзгертілуі, оның жеткілікті болуы және жұмыс орындарында бар болуы); 

3) жұмыс орындарында технологиялық тәртіптің сақталуын (таңдалып тексеріледі); 

4) өнімді кері қайтару (жарамсыздық) статистикасын; 

5) жабдықтардың, аспаптардың, құрал-саймандардың, технологиялық жарақтардың және жұмыс орындарының 

жай-күйін; 

6) өндірістегі материалдардың, химикаттардың, жартылай дайын өнімдердің және жиынтықтаушы бұйымдардың 

сақталуын және берілуін ұйымдастыруды; 

7) жарамсыз өнімді есепке алуды, уақтылы оқшауландыруды және сақтауды; 

8)  сапа  бойынша  өткізілетін  іс-шаралардың  ұйымдастырылуын  және  сапа  жөніндегі  ұдайы  әрекеттегі 

комиссияның ісін; 

9) цехта сапа жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;

10) өндірістік-техникалық оқытуды ұйымдастыруды; 

11) қызметкерлердің, шеберлердің және ТББ бақылау аппаратының сызбаларды және технологияның талап-

тарын білулерін (таңдап тексеріледі); 

12) өндірістегі тазалық пен мәдениеттің жай-күйін, санитарлық гигиенаны тексереді. 

64. Кешенді тексерулер кестесінің орындалуын бақылауды ТББ жүзеге асырады. 

Кешенді тексерудің нәтижелері бойынша комиссия акт жасайды. Актіге комиссияның төрағасы мен мүшелері 

қолтаңбаларын қояды және оны анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі іс-шаралар жоспарымен бірге ұйым бас-

шысы бекітеді және әскери өкілдіктің бастығымен келіседі. 

Комиссия ұсынымының және іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылауды әскери өкілдіктің қатысуымен 

ұйымның ТББ жүзеге асырады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет