№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет3/41
Дата06.03.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Əлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан». 

Бірінші мəселе бойынша құжат 

жобасымен  Орталық  сайлау  ко-

миссиясы  төрағасының  орынба-

сары Владимир Фоос таныстырды. 

Оның  атап  өтуінше,  «Қазақстан 

Республикасындағы сайлау тура-

лы» Қазақстан Республикасының 

1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конс-

титуциялық  заңының  12,  24  жə-

не 37-баптарына сəйкес ҚР ОСК 

2016  жылғы  1  қаңтардағы  жағ-

дай  бойынша  сайлау  комиссия-

ларына  ұсынылған  сайлаушы-

лар  туралы  мəліметтерге  сай 

дайын далуға жəне сайлау учаске-

леріне  жеткізілуге  тиіс  сайлау 

бюллетеньдерінің  саны  Қазақ-

стан Республикасындағы сайлау-

шылардың жалпы санының 1 пайы-

зы резервін қосса мынадай болаты-

нын белгіледі: бірінші – Қазақстан 

Республикасы Парламенті Мə жі-

лісі депутаттарының кезектен тыс 

сайлауы бойынша – 9889075 дана; 

екінші – Қазақстан Республикасы 

мəслихаттары депутаттарының ке-

зекті сайлауы бойынша – 18321969 

дана. 

Құжат  жобасы  Комиссия  мү-



ше лерінен  қолдау  тапқан  соң, 

«2016 жыл ғы 20 наурызға тағайын-

далған Парламент Мəжілісі депу-

тат тарының кезектен тыс сайлауы 

бойынша саяси партияларға жəне 

мəслихаттары  депутаттарының 

ке зек ті  сайлауы  бойынша  дауыс 

бе руге арналған сайлау бюллетень-

дері туралы» қаулы қабылданды.

Отырыста, сондай-ақ, Ортсай-

лауком саяси партияларға дауыс 

беруге  арналған  сайлау  бюл ле-

тенінің мəтінін бекітіп, сайлау бюл-

летеньдерінің қорғалу дəрежесін 

белгіледі. Облыстық, Астана жəне 

Алматы  қалалық  сайлау  комис-

сиялары  сайлау  бюллетеньдерін 

сайлау  учаскелеріне  уақтылы 

жеткізуді қамтамасыз етуі тиіс.

Отырыс барысында ОСК екінші 

мəселе – «2016 жылғы 20 наурызға 

тағайындалған  Парламент  Мə-

жі лісі  депутаттарының  кезектен 

тыс сайлауына жəне мəслихаттар 

депутаттарының кезекті сайлауы-

на халықаралық ұйымның бай қау-

шыларын  аккредиттеу  туралы» 

қаулыны да қабылдады. Аталған 

қаулыға  сəйкес  Ортсайлауком 

Қазақстан Сыртқы істер министр-

лігінің ұсынуы бойынша сайлау-

ды  байқау  жөніндегі  ЕҚЫҰ/

ДИАҚБ  миссиясының  тағы  28 

байқаушысын аккредиттеді. Орт-

сайлауком  шет  мемлекеттер  мен 

халықаралық  ұйымдардың  бай-

қаушыларын аккредиттеуді 2016 

жылғы 14 наурызға дейін жүзеге 

асырады.

Бюллетеньдер 

саны бекітілді

Орталық  сайлау  комиссиясының  кешегі  отырысында 

ОСК Парламент Мəжілісінің партиялық тізімдер бойынша 

сайланатын депутаттарын сайлауда саяси партияларға дау-

ыс беруге арналған сайлау бюллетенінің мəтінін бекітті жəне 

сайлауды байқау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының тағы 

28 байқаушысын аккредиттеді.

Орталық  сайлау  комис-

сиясының басшысы Қ.Тұрғанқұлов 

Б.Фрлекті Парламент Мəжілісінің 

жəне  жергілікті  мəслихаттардың 

депутаттарын сайлауға дайындық 

жөніндегі жұмысымен таныстыр-

ды.  Сондай-ақ,  ол  Орталық  сай-

лау комиссиясының жəне сайлау 

органдарының  жалпы  ағымдағы 

іс-шаралары туралы айтып берді.

«Қазіргі уақытта Ортсайлауком 

барлық  қажетті  кадрлық,  мате-

риалдық жəне қаржылық рес урс-

тармен  қамтылған  жəне  сайлау-

ды  өткізуге  дайын.  Барлық  дең-

гейдегі  сайлау  комиссиялары 

толықтырылған жəне ол жұмысқа 

əзір отыр. Сонымен қатар, біз сай-

лауды  ұйымдастырушылар  мен 

сайлау үдерісіне қатысушыларды 

оқыту,  сайлаушылар  тізімдерін 

жандандыру жəне түзету жөніндегі 

жұмысты  жалғастырудамыз. 

Ортсайлауком  төмен  тұрған 

сайлау  комиссияларын  тиісті 

құралдармен,  сондай-ақ,  баспа, 

дыбыс жəне бейнематериалдармен 

қамтамасыз  ете  отырып,  оларға 

қажетті  ұйымдастырушылық, 

əдістемелік  жəне  ақпараттық 

қолдау көрсетуде», – деп атап өтті 

Қ. Тұрғанқұлов.

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  миссиясының 

басшысы  өз  кезегінде  кездесуді 

ұйымдастырғаны  үшін,  ҚР  ОСК 

тарапынан  көрсетілген  көмек 

п е н   ы н т ы м а қ т а с т ы қ   ү ш і н 

ризашылығын  білдірді  жəне 

Миссия сарапшылары жұмысының 

ұйымдастырылуы  туралы  ай-

тып  берді.  Кездесу  барысында, 

сондай-ақ,  партиялық  тізімдерді 

ұсынуға  жəне  тіркеуге,  үгіт 

науқанын өткізу шарттарына, да-

уыс беру күнінің сайлау рəсімдері 

мен  сайлау  қорытындыларын 

шығаруға байланысты мəселелер 

талқыланды.

Ортсайлауком  басшысы 

ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  миссиясының 

сарап шыларына  сайлауды  бай-

қауда табыс тіледі. «Біз ынтымақ-

тастыққа дайынбыз жəне байқау 

миссияларының қатысуын ал дағы 

сайлауда  жариялылық,  транс-

паренттік,  ашықтық  ахуалын 

қамтамасыз етуге, сайлау үдері сінің 

барлық қатысушылары тарапынан 

сайлауға сенімін арттыруға ықпал 

етеді деп қарастырамыз», – деді ол.

Кездесуге ЕҚЫҰ/ДИАҚБ мис-

сиясы  басшысының  орынбасары 

Полин  Мария  Лемос,  ҚР  ОСК 

мүшелері,  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 

сайлау  жəне  құқық  мəселелері 

жөніндегі мамандары қатысты.

–––––––––



Суретті түсірген 

Ерлан ОМАРОВ.

Ќазаќстан халќы Ассамблеясы

сайлайтын депутаттарды сайлау їдерісі ќалай жїзеге асырылады?

Кеше Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна 

Охлопкова  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  сайлайтын 

Парламент Мəжілісінің депутаттарын сайлау тəртібі тура-

лы брифинг өткізді. 

Жолдыбай БАЗАР,

«Егемен Қазақстан».

Брифинг  барысында  ЕҚЫҰ 

ДИАҚБ  миссиясының  басшы-

сы, елші Б.Фрлек алдағы сайлау 

науқанында  миссияның  негізгі 

атқаратын  мақсат-міндеттеріне 

жəне  оның  құрамына  кеңінен 

тоқталды.  «Миссия  құрамында 

Астанадағы  11  сарапшыдан 

тұра тын  негізгі  топ,  сондай-ақ, 

23  ақпаннан  бастап  2  адамнан 

тұра тын  командамен  барлық 

өңірлерде  жұмыс  істейтін  28 

байқаушы жұмыс істейді. Бұдан 

бөлек,  ДИАҚБ  ЕҚЫҰ-ға  мүше 

елдерге  қысқа  мерзімге  400 

байқаушы жіберу туралы ұсыным 

жасайды. Бұл байқаушылар сай-

лау  басталуына  бірнеше  күн 

қалғанда келеді.

Жалпы,  миссия  сайлаудың 

халықаралық  міндеттемелерге, 

демо кратиялық сайлау стандарт-

тарына  жəне  ұлттық  заң намаға 

сəйкестігін  бағалауды  көз дейді. 

Халықаралық  байқаушылар 

депутаттықтан  үміткерлер  мен 

электоратты тіркеуді, сайлау ко-

миссиясы мен тиісті мемлекеттік 

органдардың  жұмысын,  сайлау 

туралы  заңнаманың  орындалу-

ын жəне сайлау өткізуге қатысты 

дау ларды  шешуді  зер  салып 

қадағалайды.  Сайлау  науқанын 

жариялау  жөніндегі  бұқаралық 

ақпарат құралдарының жұмысын 

байқау  да  миссияның  міндетіне 

кіреді», – деді Б.Фрлек.

Сондай-ақ, ол миссия мүше-

лері  байқау  барысы  бойынша 

мемлекеттік  органдармен  сая си 

пар тиялардың өкілдері мен, үміт-

керлермен, сондай-ақ, азаматтық 

қоғам,  БАҚ  жəне  халықаралық 

бірлестік өкілдерімен кездесулер 

өткізетінін жеткізді. 

Сонымен қатар, Б.Фрлек сай-

лау күні байқаушылар сайлау учас-

келерінің ашылуын, дауыс беру 

барысын,  бюллетеньдерді  есеп-

теу жəне сайлау қорытындысын 

шығаруды қадағалайтынын айта 

келіп, «Халық дауыс беретін күні 

ЕҚЫҰ-ның Демократиялық инс-

титуттар  жəне  адам  құқықтары 

бюросы  ЕҚЫҰ  Парламенттік 

Ассамблеясының делегациясы жəне 

Еуропа  Кеңесінің  Парламенттік 

Ассамблеясымен бірлесе жұмыс 

істейді. ДИАҚБ аралық жəне байқау 

миссиясы аяқталғаннан кейін шама-

мен сегіз апта ішінде қорытынды 

баяндамасын жариялайды», – деді. 

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ ДИАҚБ-

ның сайлауды байқау миссиясы 

мен  Астанадағы  ЕҚЫҰ  өкілдігі 

жеке жəне өз өкілеттіктеріне сəйкес 

əрекет етеді.

Сайлаудыѕ əділ ґтуі – ел абыройы

Кеше Астанада Еуропадағы қауіпсіздік жəне ынты мақ-

тастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Демократиялық институт тар 

жəне адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) Қазақ-

станда сайлау өткізу барысын байқау миссиясының бас-

шысы Борис Фрлек баспасөз мəслихатын өткізді. Жиында 

Қазақстан тарапының шақыртуымен келген миссияның 

жұмысы ресми түрде басталғаны жария етілді.

Ќабылдау кестесі ќўрылады



«Нұр  Отан»  партиясының  сайлауалды  штабтарының 

қоғамдық  қабылдау  бөлмелерінің  жұмысы  туралы 

аймақтармен  селекторлық  отырыс  өткізілді.  Іс-шараға 

Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі 

Абылайхан  Оспанов,  қабылдау  бөлмесі  меңгерушісінің 

орынбасары Жұмажан Жүкенов, партияның Орталық ап-

параты заң қызметінің консультанты Арнұр Шегибаев жəне 

аймақтық қоғамдық қабылдау бөлмелерінің меңгерушілері 

қатысты. 

Брифингте  «Ауыл»  партия-

сының республикалық қоғамдық 

штабы  тарапынан  сайлау  нау-

қанына  дайындық  бағытында 

бірқатар  шаралар  атқарылғаны 

белгілі  болды.  Республикалық 

қоғамдық штаб жетекшісі Рүстем 

Жоламан мəлім еткендей, барлық 

аймақтық  штабтардың  жұмысы 

ширай  түскен.  Штаб  мүшелері 

үгіт  жұмыстарын  жүргізудің 

ереже-талаптарын  біліп,  қыр-

сырына  қаныққан,  сондай-ақ, 

заңгерлер штаб қызметкерлеріне 

«Сайлау туралы» Заң талаптарын 

түсіндірген. 

«2016  жылдың  4  ақпанында 

«Ауыл»  партиясының  рес-

пуб ликалық  қоғамдық  штабы 

құрыл ды. Сол күннен бастап шта-

бы мыз күндіз-түні жүйелі түрде 

жұмыс істеп келеді. Дəл осындай 

қоғамдық штаб біздің өзге де об-

лыс,  аудандарымызда  белсенді 

жұмыс жүргізіп жатыр. 

Республикалық  қоғамдық 

штабқа партияның белгілі мүше-

лері мен қоғам қайраткерлері, үкі-

меттік емес ұйымдардың басшы-

лары, қоғам белсенділері енген. 

«Ауыл» партиясының рес пуб-

ликалық  қоғамдық  штабының 

бас ты мақсаты – сайлау науқанын 

тиімді  ұйымдастыру,  «Ауыл» 

п а р т и я с ы н ы ң   с а й л а у а л д ы 

бағдарламасын насихаттау жəне 

түсіндіру. Сонымен бірге, сайлау 

қорын  қалыптастыру,  қордағы 

қаражаттың  мақсатты  түрде 

жұмсалуын қадағалау жəне сенім 

білдірілген адамдар мен Мəжіліс 

депутаттығынан  үміткерлердің 

жұмыс жоспарын дайындау штаб-

тың  негізгі  міндеттеріне  жата-

ды.  Бұл  жұмыстардың  барлығы 

бүгінде штаб тарапынан жүйелі 

түрде жүргізіліп келеді. Мəселен, 

сайлау науқаны кезінде қандай да 

бір заң бұзушылықтар орын алма-

уы үшін штабымызда осы жылдың 

10 ақпанында барлық аймақтағы 

штаб жетекшілері мен мүшелеріне 

арналған  онлайн-тренинг  өтті. 

Тренингте  заңгерлер  «Сайлау 

туралы» Заңның негізгі талапта-

рын  түсіндіріп  берді.  Сонымен 

қатар, үгіт-насихат жұмыстарына 

қатысты  заңнамалық  шектеу-

лер  туралы  да  айтылды.  Бұған 

қоса, үгіт-насихат жұмыстарына 

қажетті  көрнекі  құралдарды  ар-

найы  белгіленген  орындарға 

жа быс тыру,  билбордтар  ілу, 

үнпа рақтар тарату талаптары жай-

лы да толық түсіндірілді», – деді 

рес публикалық штаб жетекшісі.

Сонымен  қатар,  Р.Жоламан 

бар лық аймақтық штабтарға үгіт-

наси хаттық  өнімдер,  плакаттар 

мен үнпарақтар, партияның сай-

лауал ды бағдарламалары қажетті 

мөл шерде  толық  жеткізілгенін 

атап өтті. 

«Барлық аймақтық штабтарға 

қажетті үгіт-насихат материалда-

ры  жеткілікті  деңгейде  берілді. 

Сол үшін біз 16 мың плакат, 16 мың 

үнпарақ, 3200 дана партиямыздың 

сайлауалды бағдарламасын басып 

шығардық.  Бұлардан  бөлек,  біз 

логотип  басылған  кеудеше лер, 

бас киімдер, жалауша, мойын ора-

ғыштар дайындадық», – деді ол. 

Сондай-ақ,  брифингте  үгіт-

наси хат науқаны басталған кез де 

партия  өкілдері  барлық  аймақ-

тарды аралап, еңбек ұжымдары-

мен  кездесулер  өткізіп,  флеш-

моб тар  жəне  түрлі  акциялар 

ұйым дас тыруды көздеп отырғаны 

сөз болды.

«Ауыл» жауапты науќанєа дайын

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан».

Асқар Жоламанұлы кезектен 

тыс  Парламент  Мəжілісі  жəне 

кезекті  облыстық,  аудандық, 

қалалық мəслихаттар сайлаула-

ры қарсаңындағы ұйымдастыру 

шараларының  талапқа  сай 

жүргізіліп  жатқанын,  барлығы 

929, оның ішінде, 15 аумақтық, 

217 округтік, 697 учаскелік сай-

лау комиссияларының құры лып, 

оларға  6503  адамның  тартыл-

ғанын,  материалдық-техника-

лық жағынан ойдағыдай қамтыл-

ғанын жеткізді.

Сайлау құрылымдары мүше-

лерінің  құқықтық  білімдерін 

жетілдіру мақсатымен 56 семи-

нар-кеңес  ұйымдастырылды. 

Алда  тағы  72  қысқа  мерзімді 

курстар өткізіліп, тыңдаушылар 

саяси жағынан шыңдалатын бо-

лады, дей келіп, А. Сақыпкереев 

облыстық  мəслихатқа  –  90,  ау-

дан дық  мəслихаттарға  –  537, 

қала лық мəслихатқа 60 адамның 

ұсынылып,  128-інің  тіркеуден 

өткенін  мəлімдеді.  Саяси  пар-

тиялар  атынан  ұсынылғандар 

саны 207 болса, 480 адам өзін өзі 

ұсыну арқылы бақтарын сынауға 

бел буыпты. Олардың құрамына 

келетін болсақ, үміткерлер тізімін 

20 ұлттың өкілі, ал орта жас 43-ті 

құрайды. Зейнеткер жасындағы 

үміткер біреу ғана. 66,8 пайызы 

– ерлер. 70,3 пайызының жоғары 

білімі бар. Коммерциялық сала 

қызметкерлерінің  үлесі  –  43,2 

пайыз.


Облыстық  сайлау  комис-

сиясының төрағасы депутаттыққа 

кандидаттарды тіркеу 23 ақпанға 

дейін созылатынын, сол себепті, 

тізімнің толыға түсетінін де ай-

тып өтті.



Солтүстік Қазақстан облысы.

Кеше  Астанада  «Ауыл»  халықтық-демократиялық 

патриоттық партиясының республикалық қоғамдық шта-

бы  бұқаралық  ақпарат  құралдарының  өкілдеріне  арнап 

брифинг өткізді. Жиында партияның сайлау науқанындағы 

үгіт-насихат жұмыстарына дайын екендігі айтылды.

Кеше  Қазақстан  Республикасы  Орталық  сайлау 

комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Парламент 

Мəжілісінің  депутаттарын  кезектен  тыс  сайлауды  байқау 

жөніндегі  ЕҚЫҰ/ДИАҚБ  миссиясының  басшысы  Борис 

Фрлекпен кездесті. 

ЕЌЫЎ миссиясыныѕ 

басшысымен кездесті

Їміткерлер саны – 687



Облыстық  сайлау  комиссиясының  төрағасы  Асқар 

Сақып кереев  республикалық  жəне  облыстық  БАҚ-тар 

өкілдері мен  брифинг  өткізіп,  сайлауға  əзірлік  жайлы 

жан-жақты мағ лұ мат берді. Кездесуге жергілікті сайлау 

комиссияларының жетек шілері қатысты.

www.egemen.kz

5

18 ақпан 2016 жыл

2016


Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Семинар-кеңес  барысында 

барлық қатысушылардың сайлау 

үдерісінде, соның ішінде, сайлау-

алды  үгіт-насихат  жұмыстарын 

жүргізуде  сайлау  заңдылығы 

нормаларын  мүлтіксіз  сақтауы, 

сайлау  науқанын  материалдық-

техникалық жəне қаржылық қам-

тамасыз  ету  мəселелері  талқы-

ланды.  Облыстық  сайлау  комис-

сия сының  төрайымы  Гүлнар 

Күн баеваның  айтуынша,  сай-

лау  науқанында  526  сайлау 

учаскесі жұмыс істейтін болады. 

Облыста  құрылған  744  сайлау 

комиссиясында  5208  мүше  бар. 

Облыстық,  қалалық,  аудандық 

мəслихаттар  депутаттарын  сай-

лау үшін қазір 14 аумақтық жəне 

204  округтік  сайлау  комиссиясы 

белсенді  түрде  жұмыс  істеуде. 

31  облыстық,  23  қалалық  жəне 

150 аудандық сайлау комиссиясы 

жұмыс істейді. Сайлауға тура бір 

ай қалғанда учаскелік сайлау ко-

миссиялары өз жұмысын бастайды. 

Бұқаралық  ақпарат  құрал дар-

ында сайлау округтері мен учас-

келерінің шекарасы, сайлау комис-

сияларының құрамы туралы дерек-

тер жарияланды.

Үстіміздегі  жылғы  15  ақпан-

дағы  мəліметке  сүйенсек,  облыс 

бойынша  642  үміткер  ұсыныл-

ған,  олардың  226-сы  саяси  пар-

тиялардың өкілдері. «Нұр Отан» 

партиясынан – 204, «Ақжолдан» 

– 12, Қазақстан Коммунистік ха-

лық партиясынан – 5, «Ауыл» пар-

тиясынан – 4, «Бірліктен» – 1, ар-

дагерлер  қоғамдық  бірлестігінен 

2 үміткер бар. Қалғандары өзін өзі 

ұсынғандар. Семинар-кеңесте сөз 

алған облыс əкімі аппаратының бас-

шысы Мəди Елеусіз саяси науқанға 

дайындықтың тиянақты жүргізіліп 

жатқанын тілге тиек ете келіп, сайлау 

үдерісін мате риалдық-техникалық 

жəне  қар жылай  қамтамасыз  ету 

бағытында ешқандай проблема жоқ 

екенін жеткізді. 

Облыстық  ішкі  саясат  бас-

қармасы басшысының орынбасары 

Ермек  Тауанов  сайлау  үдерісіне 

қатысушылардың сайлауалды үгіт-

насихат  жұмыстарын  жүргізудің 

заң  талаптарына  сай  болуына 

жағдай туғызылғанына тоқталды. 

Ал семинар-кеңесте «Сайлау ту-

ралы» заңнаманың қағидаттарын 

қатаң сақтауға байланысты басқа 

да  мəселелер  байыптылықпен 

талқыланды. 



Ақтөбе облысы.

Барлыєы заѕ аясында 

жїргізілуі тиіс

Облыстық  ішкі  саясат  басқармасында  Парламент  Мəжілісі 

мен  барлық  деңгейдегі  мəслихаттар  депутаттарының  сайлауал-

ды үгіт-насихат жұмыстары мəселелеріне арналған семинар-кеңес 

болды. Оған саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер өкілдері, 

облыстық  жəне  қалалық  мəслихаттарға  тіркелген  үміткерлер, 

қалалық  жəне  аудандық  аумақтық  сайлау  комиссияларының 

төрағалары мен хатшылары қатысты. 

Талғат СҮЙІНБАЙ, 

«Егемен Қазақстан».

С а й л а у   к о м и с с и я с ы н ы ң 

төрайымы  Гүлнар  Мұсақұлова 

№1  округ  бойынша  бұған  дейін 

құжат  тапсырған  екі  үміткердің 

заңды  түрде  тіркелгенін  айтты. 

Олар  –  Қазақстан  Республикасы 

Бильярд спорты федерациясының 

өкілі  Нұрсұлу  Ембердиева  мен 

Құрманғазы  атындағы  Қазақ 

ұлттық  консерваториясының 

кафед ра  меңгерушісі  Зере 

Шəкəрімова. Үшінші болып құжат 

өткізген «Тұран» университетінің 

ректоры  Рахман  Алшановтан 

сайлауалды  талаптарына  сəйкес, 

өтініші мен төлқұжатының жəне 

«Нұр Отан» партиясының мүшесі 

екендігін  растайтын  куəлігінің 

көшірмесі қабылданды.

– Енді үшінші үміткеріміздің 

осы  құжаттарына  сүйене  оты-

рып,  көші-қон  полициясы  мен 

бас прокуратураға сайлау талап-

тарына  сəйкес  сұрау  саламыз,  – 

деді Гүлнар Төлендіқызы. – Тағы 

бір ескеретін жайт, ол іс-əрекетті 

электронды байланыс жүйесімен 

орындауға болмайды, тек қана өз 

қолымызбен  алып  барып,  көзбе-

көз  расталған  құжаттар  аламыз.

Өз кезегінде сөз алған үміткер 

Рахман Алшанов:

– Біздің Алматы – өте үлкен 

мегаполис,  мұнда  бүгінгі  таңда 

атқарылатын  іс-шаруа  өте  көп. 

Қалада  тіркелген  миллионнан 

астам  сайлаушының  үштен  бірі 

–  жастар.  Жастардың  мүддесі  – 

болашақтың  мүддесі.  Қалалық 

мəслихаттың сайлауына осымен 

екінші рет қатынасып отырмын. 

Бұл  жолы  да  менің  кандидату-

рамды  «Нұр  Отан»  партиясы 

ұсынды. Қарсылық білдірмедім, 

– деді. 


Үміткердің құжаттарын өткізу 

рəсіміне  оның  сенім  білдірілген 

адамдары мен «Нұр Отан» пар тия-

сының өкілдері жəне БАҚ өкілдері 

қатысты.

Еске сала кетер бір жайт, Ал-

маты қаласы бойынша бүгінге дейін 

қалалық мəслихат депутаттығына 

37 кандидат тіркелді.

АЛМАТЫ.  

Їшінші їміткер ќўжат ґткізді



Думан АНАШ,

«Егемен Қазақстан».

«Ақ жол» партиясының атынан 

Өскемен қаласы мəслихатының де-

путаты кандидаттығына тіркелген 

Қуат Қажымұқанұлы ел келешегі 

жергілікті  өзін  өзі  басқару  ор-

гандарын  дамытуға  байланысты 

екендігін айтады.

– Мəслихат – жергілікті өзін өзі 

басқару органына жатады. Еліміз 

жергілікті өзін-өзі басқаруды да-

мыта  отырып,  өркендеуі  тиіс. 

«Қазақстан-2050» Стратегиясында 

өкілеттіктердің  басым  бөлігі 

жергілікті  өкілдік  органдарға 

берілетіндігі көрсетілген. Бүгінде 

жергілікті  мемлекеттік  басқару 

қызметін шектеу, жергілікті өзін 

өзі басқару органдарының меншігі 

мен  бюджетін  қалыптастыру, 

ауылдық  округтер  деңгейінде 

əкімшілік-аумақтық  бірліктерді 

жандандыру мəселелері жүргізіліп, 

жергілікті  өзін  өзі  басқаруды 

дамытудың екінші кезеңі жүзеге 

асырылуда. Бұл – біртіндеп дамы-

туды қажет ететін өзекті мəселе. 

Өскемен  қаласында  көп  жылдар 

бойы  жергілікті  өзін  өзі  басқару 

комитеті  жұмыс  істеп  келеді,  – 

деді Қ.Рахимбердин.

Оның  айтуынша,  жергілікті 

өзін-өзі басқарудың қазақстандық 

моделін  құруда  озық  елдердің 

тəжірибесін  ескерген  жөн. 

Былтыр  бір  топ  əріптестерімен 

Германияның Берлин мен Дрезден 

қалаларында  болып,  көптеген 

мəселелерді тиімді шешу жолда-

рымен  бірге  жергілікті  өзін-өзі 

басқаруды  ұйымдастыру  тəжі-

рибесімен қанығып қайтқанын жет-

кізді. Бүгінде неміс қалаларындағы 

оңтайлы шешімдер моделі облыс 

орталығына да енгізілуде. 

Қуат  Қажымұқанұлы  жастар 

арасында  отаншылдық  тəрбиені 

арттыру,  халықтың  құқықтық 

сауат тылығын  көтеру  сынды 

мəсе лелерге  де  тоқталды.  Бұл 

рет те,  облыс  орталығында  жас-

тар  арасында  орын  алатын  қыл-

мыс пен оның себептері, салдар-

лары  жəне  қылмыстан  сақтан-

дыру мəселелеріне нақты зерттеу 

жүргізгенін атап өтті. Соңғы ширек 

ғасырда 14-29 жас аралығындағы 

жастар  арасында  орын  алатын 

қылмыстың  негізгі  себептерін 

анықтаған сирек зерттеу жұмыс-

тарының бірі болғандықтан, оның 

қорытындылары өңірдегі ішкі істер 

мен  прокуратура  органдарының 

назарына алынды.



ӨСКЕМЕН.



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет