№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет



Pdf көрінісі
бет5/41
Дата06.03.2017
өлшемі4,84 Mb.
#8317
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

– Осы оқытуға қатысты бір 

сұрақ  қойсам  деп  отырмын. 

Елі міз  тəуелсіздік  алғалы  ши-

рек ғасырға жуықтады, ұлттық 

бизнестің  де  бұғанасы  бекитін 

уақыт болған секілді, ендеше, əлі 

күнге дейін жұртқа кəсіпкерлік 

əліппесін ежіктеп үйретіп жат-

қанымыз  қаншалықты  дұрыс 

деген сауалға не дейсіз?

–  Мен  аталған  мəселемен 

осыған  дейін  айналысқан  инс-

титуттардың  жұмысына  баға 

бе руден  аулақпын.  Дегенмен, 

Ұлттық кəсіпкерлер палатасы құ-

рылғалы  бұл  бағыттағы  жұмыс 

жүйелене  түсті  деуге  болады. 

Біріншіден, біз Елбасы Нұрсұлтан 

Назарбаевтың еліміздің ішкі жал-

пы  өнімдегі  шағын  жəне  орта 

бизнестің үлесін арттыру туралы 

тапсырмасын  орындап  отырмыз. 

Қазір бұл көрсеткіш 25 пайыздан 

асты.  Екіншіден,  біз  үнемі  сұ-

ранысқа қарай əрекет етеміз. Ал 

бүгінде Қазақстанда жұмыс істеп 

тұрған  жəне  өз  кəсібін  жаңадан 

бастап  жатқан  кəсіпкерлердің 

ақпараттық-кеңестік қызметтерге, 

оқуға деген сұранысы жоғары еке-

ні  байқалады.  Дағдарыс  кезінде 

түрлі  қиындықтарға  қарамастан, 

жеке бизнесін ашуға ниеттілердің 

саны арта түсуде. Бірақ еліміздің 

нарық  заңдарымен  өмір  сүріп 

отырғанына  25  жыл  болса  да, 

бизнесті неден бастау керек екенін 

əлі күнге дейін білмейтіндер көп 

деуге болады. Бизнесін енді ғана 

мемлекеттік  тіркеуден  өткізген 

кəсіпкер бухгалтерлік есеп жасау, 

бизнес жоспар құру, конкурстық 

құжаттамалар  əзірлеу,  алғашқы 

айналымдық  қаражаттың  жетіс-

пеушілігі немесе құқықтық сауат-

тылық бойынша көптеген мəселеге 

тап болады. Қысқасы, аяғынан тік 

тұрып кеткенше көптеген мəселеде 

кеңесші қызметі қажет болатыны 

рас. Міне, Ұлттық палата жүзеге 

асырып  отырған  «Бизнестің  жол 

картасы-2020»  бағдарламасы 

осындай  түйткілдердің  түйінін 

ағытуға сеп болады.

– Жалпы, бұл жұмыс қалай 

жүргізіледі?  Оқыту  курстары-

нан өткен кəсіпкерге мемлекет 

тарапынан  көмек  алуға  оның 

септігі тие ме?

–  Əрине,  əрбір  азамат  жеке 

кəсібін  ашып,  мемлекеттік  қол-

дауға жүгіне алады. Ол үшін  бірақ, 

кəсіпкердің  іс  жүргізу  қабілеті, 

бастап жатқан кəсібі жайлы жан-

жақты  хабары,  жеке  бизнес-

жос  пары  болуы  тиіс.  Жалпы, 

бизнес ке  оқыту  жүйесі  бізде  үш 

кезең  нен тұрады. Бірінші кезең – 

«Бизнес-кеңесші»  бағдарламасы. 

Бұл  кезеңде  біз  маркетингтің  не 

екенін, бухгалтерлік есепті қалай 

жүргізу  керектігін,  кəсіпкерлік 

туралы  заңнамамызда  не  айтыл-

ғаны  жайында  ең  қарапайым 

түсініктермен таныстыратын бо-

ламыз. Мұнда бизнес жүргізудің 

схемасы  ұсынылады.    «Бизнес-

кеңесші»  курсын  тəмамдаушы 

арнайы  сертификат  алып,  сол 

арқылы  мемлекеттік  органдарға 

тиісті көмек алуға жүгінуіне бо-

лады.  Екінші  кезең  –  «Бизнес-

даму», бұл бағдарлама кəсіпкерлік 

негіздерінен  біраз  хабары  бар, 

тəжірибелі  тұтынушыларға  ар-

налған. Мұнда бизнес жүргізудің 

тың  тəсілдері    тереңдетіп  оқы-

тылады. Ал үшінші кезең – жоба-

лық  оқыту  жүйесі  барысында 

жұмыс  істеп  тұрған  кəсіпкерлік 

нысандарына  жіберіп,  тəжірибе 

жинауға  мүмкіндік  жасаймыз. 

«Жүз рет естігенше, бір рет көрген 

артық» демекші, теориялық білімді 

тəжірибемен ұштастыру кез кел ген 

салада оң нəтиже беретіні ақиқат. 

Нақты бір өндірісте көпті көрген, 

тəжірибесі  мол  кəсіпкерлер  өз 

кə сібінің  қыр-сырымен  бөлісіп, 

ақыл-кеңестерін айтады. Сонымен 

қатар,  бұл  курстың  салалық 

ерек шелігі бар. Мəселен, болашақ 

фермерді біз көп жылдан бері та-

бысты  жұмыс  істеп  келе  жатқан 

сүт фермасына жіберіп, оның иесі 

өз тəжірибесімен бөлісіп, шебер-

лік сыныбын өткізеді. Жалпы, осы 

уақытқа дейін 15 мың адамға биз-

нес негіздерін оқыттық. 

– Ұлттық кəсіпкерлер пала та-

сының көмегімен нақты қан дай 

бизнес-жобалар жүзеге ас ты?

–  Нақты  деректер  келтірер 

болсам, біздің орталықтардың кө-

мегіне  жүгінгеннен    кейін  2880 

кəсіпкер  қаржылық  қолдауға  ие 

болды.  Олар  негізінен  жылы-

жай  шаруашылығы,  мал  шаруа-

шылығы,  қызмет  көрсету  секто-

рынан  –  монша,  шаштараз,  тігін 

шеберханасы,  химиялық  тазалау 

секілді  шағын  жəне  орта  бизнес 

субъектілері.  Біз  кəсіпкерге  биз-

нес-жоспар жасауға көмектесе міз, 

ол банкке барып, өзінің жоспа рын 

жүзеге асыру үшін қаржы алады. 

Яғни,  палатаның  қолдауының 

ар қасында  жаңа  кəсіпкерлік 

мекемелері пайда болуда. Бұл де-

геніңіз,  жаңа  жұмыс  орындары 

ашылып,  салық  төлеушілердің 

саны артуда деген сөз. 

– Бұл бағыттағы жұмыстарды 

алдағы уақытта кеңейту, жетіл-

діру ойда бар ма?

–  Əрине,  қазіргі  таңда  біз дің 

мақсатымыз  көрсетілетін  қыз-

меттің  сапасын  барынша  арт-

тыру  болып  отыр.  Жұмыстың 

тиім ділігі мен сапасын үнемі қа-

да ғалап,  саралап  отыратын  бай-

ланыс орталықтарының деректері 

бойынша  кəсіпкерлерді  қолдау 

жəне  кəсіпкерлерге  қызмет  көр-

сету орталықтарына көмекке жү-

гінген бизнес өкілдерінің 95  пай-

ызы көрсетілген қызмет түріне кө-

ңілдері толатынын айтқан. Десек 

те, алдағы уақытта бұл бағыттағы 

жұмысты əлі де жетілдіре түссек 

дейміз.  Нақты  айтсақ,  барлық 

үдерістерді жүйелеу, есеп жүйесін 

енгізу, адами факторларды азай-

туды жоспарлап отырмыз. Яғни, 

біздің тұтынушымыз өзінің проб-

лемаларын жүйелеп жатқанда, біз 

оған  шешу  жолдарын  ұсынатын 

дайын  кейсті  ұсына  қоюымыз 

керек.  Əрине,  кемшіліктер  бол-

май тұрмайды, алайда, негізгі  ір-

гелі шаралар біріздендірілуі тиіс. 

Қазір  арнайы  автоматтандырыл-

ған бағдарлама дайындалуда, онда 

тұрақты  түрде,  онлайн  тəртіпте, 

біздің  палатаның  орталық  ап-

паратында  жəне  өңірлік  пала-

тада  кəсіпкердің  өтініш  бер-

ген  уақыты,  жұмыстың  қалай 

жыл жып  жатқаны,  жүзеге  асы-

ру  мерзімінің  созылып  кетпеуі 

бақыланып  отыратын  болады. 

Яғни,  орталықтардың  барлық 

қызметі  өз  кəсібін  жаңадан  бас-

тап жатқан кəсіпкерлер санының 

артуымен  жəне  жұмыс  істеп 

тұрған  бизнестің  нығаюымен 

əрі  дамуымен  анықталатын  нə-

тижеге  бағытталатын  болады. 

Бұл  енді  келешектегі  жоспары-

мыз,  ал  əзірге  СМС  хабарлама 

жі беру  арқылы  жұмыстың  са-

палылығын  анықтаймыз.  Яғни, 

тұтынушыларымыз  жұмыс  сапа-

сына  көңілі  толған-толмағанын, 

ұсыныс-тілектерін,  сын-ескерт-

пелерін  СМС  арқылы  жолдай 

алатын  болады.  Бұдан  бөлек, 

біз  арнайы  зерттеу  жұмыстарын 

жүргізіп,  кəсіпкерлер  бізден  не 

күтетінін анықтадық. Зерттеу ба-

рысында мемлекеттік жəне жеке 

қатынастарға қатысты жобалар ды 

сүйемелдеу  мен  ақпараттандыру 

жөніндегі қызметтер үлкен сұра-

нысқа  ие  екені  белгілі  болды. 

Бұл мəселені біздің негізгі тапсы-

рыс  берушіміз  –  Ұлттық  эконо-

мика  министрлігімен  талқылап, 

алдағы уақытта қызмет түрлерін 

толықтыруға  келістік.  Жалпы 

айтқанда,  палата  өкілдері  үнемі 

ізденіс үстінде жүреді. Келешекте 

қай  бағытта  дамуымыз  керек, 

кəсіпкерге сервистік қолдау көр-

сету  жұмыстарын  заман  талабы-

на  сай  қалай  жетілдіре  аламыз, 

деген секілді сауалдар бізді ыл ғи 

толғандырады. Кəсіпкерлер ді қол-

дау жəне кəсіпкерлерге қызмет көр-

сету орталықтарының «бір терезе» 

жүйесімен  қызмет  көрсетуі  аса 

маңызды. Яғни, кəсіпкер өзіне ке-

регінің барлығын бір жерден таба 

алуы тиіс. Бұл үшін Ұлттық пала-

тада бизнесті дамытудың өңірлік 

картасы əзірленді. Аталған карта 

еліміздің  кез  келген  өңіріндегі 

кəсіп керліктің  даму  деңгейімен 

қатар инвестиция салуға болатын 

саланы  да  анықтауға  мүмкіндік 

береді.

– Əңгімеңізге рахмет.             

 

Əңгімелескен 

Эльмира МƏТІБАЕВА,

«Егемен Қазақстан».

Мақсат – кәсіпкерлерге 

сапалы қызмет көрсету

Елімізде кəсіпкерлікті қолдау бойынша көптеген 

іс-шаралар жүзеге асуда. Бұл ретте Мемлекет 

басшысының ұдайы назарында болып отырған осы 

саланы дамыту ел экономикасын тұрақтандыруға 

сеп болмақ. Осы орайда мемлекетіміздегі  көпшілік 

көңілінен шығып жүрген, кəсіпкерге көмек пен кеңес 

беретін, идеяға қолдау жасайтын «Атамекен» ұлттық 

кəсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының 

орынбасары Төлеміс ШОТАНОВТАН кəсіпкерлікті 

қолдаудың жай-жапсарын сұраған едік. 

А.Смолинның  төрағалық 

етуімен Жоғары Сот Кеңесінің 

отырысы өтті. 

Жоғары Сот Кеңесі Қазақстан 

Рес публикасының  Президен-

ті  тағайындайтын  Төрағадан 

жəне  басқа  да  адамдардан  тұ-

ра ды  жəне  Елбасының  соттар-

ды  қа лыптастыру  жөніндегі 

конституциялық  өкілеттіктерін, 

судьялардың  тəуелсіздігі  мен 

оларға  ешкімнің  тиіспеу  кепіл-

діктерін  қамтамасыз  ету  оның 

негізгі міндеті болып табылады.

Судья  лауазымына  кан-

дидат тардан  емтиханды  қа-

был дау  жөніндегі  Біліктілік 

комиссиясының  жаңа  құрамы 

отырыста бе кітілді, оның  құрамына 

ғы лыми  қоғамдастықтың,  про-

куратураның,  əділет  орган да-

рының, адвокатураның өкілдері 

тағайындалды, сондай-ақ, Жоғарғы 

Соттың  жанындағы  аудандық 

сот төрағасының, облыстық сот 

төрағасының жəне сот ал қа лары 

төрағаларының,  Жоғарғы  Сот 

судьясының жəне сот алқалары 

төр аға ларының лауазымына Кадр 

резерві жөніндегі республикалық 

комиссияның құрамы бекітілді.

Судьяларды  іріктеу  жүйе-

сін  жетілдіру  жөніндегі  заң-

намалық  жаңалықтарды  жүзеге 

асыру  мақсатында  Кадр  резер-

він  қалыптастыру  жəне  оған 

қа  тыс ты жұмысты ұйымдастыру 

қағидалары мен соттармен өзара 

іс-қимыл  жөніндегі  кеңес  тура-

лы ережеде отырыста бекітілді. 

Аталған құжаттарда сот жүйесінде 

меритократия қағидатының жүзе-

ге асырылуы көзделген, сондай-ақ, 

судьяларды іріктеуге жұртшылық 

өкіл дерінің  қатысуы  жөнінде 

мəселелер  реттелген.  Сонымен 

қатар,  сот  жүйесі  мен  Жо ғары 

Сот Кеңесінің ұйымдық-кадрлық 

мəселелері  отырыста  қаралды. 

Отырыстың  қорытындысы  бо-

йынша Кеңес тиісті шешімдер мен 

ұсы нымдарды қабылдады.



«Егемен-ақпарат».

Жоғары Сот Кеңесінің отырысы



(Соңы. Басы 1-бетте). 

Зауыттың  салтанатты  ашы-

лу  рəсімінде  сөйлеген  сөзінде 

облыс  əкімі  Ерік  Сұлтанов  елі-

мізде  шетелдерден  инвести-

ция  тартуға  оңтайлы  ахуал  қа-

лыптасқанын,  кəсіпорынның 

Қазақстан үшін маңыздылығын, 

өнімдері үлкен сұранысты қана-

ғат тандыратынын атап өтті. Құ-

йыл ған инвестициялардың үштен 

бірі агроөнеркəсіп кеше ніне са-

лынып  келсе,  бұдан  былай  ма-

шина  жасау  саласының  əлеует-

тері де жете ескерілетін болады. 

Алыс, жақын шетелдермен бай-

ланысты  нығайту  мақсатымен 

30-дан астам делегациялар келіп, 

бірқатар  маңызды  жобаларды 

іске асыру белгіленген. Осындай 

мақсатты шаралардың арқасында 

шетелдік  инвестиция  мөлшері 

60  пайызға  көбейген.  Алда  ірі 

қаржыгерлердің  қатысуымен 

көліктік-логистикалық орталық, 

астық  пен  майлы  дақылдар  өң-

дейтін  зауыттар  салу  арқылы  2 

мың ға жуық жаңа жұмыс орын-

дарын ашу көзделген. 

«BARTEC»  компаниясының 

атқарушы  директоры  Хайк 

Лаубхаймер БАҚ өкілдеріне бер-

ген сұхбатында электрмен жылы-

ту кабельдерін жасайтын кəсіп-

орын Франциядан, Германиядан, 

Швей  цариядан əкелінген құрал-

жабдықтармен, қондырғылармен 

жабдықталғанын,  айына  250 

мың метрге дейін өнім шығару-

ға  қауқарлы  екенін  жеткізді. 

Жы   лыту  кабельдерін  тұрғын 

үй-коммуналдық, химия, фарма-

цевтика, мұнай, газ салаларында, 

қыста сумен жабдықтау құбыр-

ларында кеңінен қолдануға, осы-

лайша оқыс жағдайлардың алдын 

алуға  болады.  Жасалу  техноло-

гиясы  халықаралық  талаптарға 

сай  келетіндіктен,  қауіпсіз  əрі 

экологиялық жағынан таза. Пай-

далану  мерзімі  он  жылдан  кем 

емес. Бағасы да қолжетімді. 

Əзірге 15 адам жұмысқа тар-

тылып  отыр.  Алдағы  уақытта 

өндіріс  ауқымы  кеңейгеннен 

кейін қосымша 30 жұмыс орны 

құрылып,  кабельдің  бірнеше 

түрі  шығарылады.  Оған  толық 

мүмкіндік  бар.  Өйткені,  осын-

дағы  мамандар  Германияда  үш 

айлық  өндірістік  тəжірибеден 

өтіп, кəсіби жағынан шыңдалып 

қайтқан. 

Солтүстік Қазақстан облысы.

Әлемдегі үшінші зауыт



(Соңы. Басы 1-бетте). 

Өз  кезегінде  сөз  алған  Ин-

вестициялар  жəне  даму  ми-

нистрі  Əсет  Исекешев  сандық 

технологияның  экономикадағы 

бəсекелестік пен тұрғындардың 

тұрмысын  жақсарудағы  ат-

қаратын  жетекші  рөліне  тоқ-

талды.  «Елімізде  Елбасының 

тапсырмасы  бойынша  эконо-

мика  мен  əлеуметтік  салалар-

да  сандық  жүйені  жетілдірудің 

жаңа жобасы жасалыну үстінде. 

Оның  ішіне  кең  жолақты  ин-

тернетке  барлық  аумақта  қол 

жеткізу, заңдық құжаттарды қай-

та қарау, мамандарды қайта да-

ярлау секілді басқа да бағыттар 

кіреді.  Елбасы  атап  өткендей, 

бұл  бүгінгі  күннің  шындығы  – 

са палық өсімге мүмкіндік берер 

даңғыл жол».

Əлемдік  маңызы  бар  жи-

ында  жаңа  бағдар ла маның 

Қазақстанның  əлеу меттік-эко  -

номикалық  да муының  не гізгі 

драйверлерінің  біріне  ай нала-

тындығы  да  атап  өтілді.  Ол  – 

тұр ғындардың  кең жо лақты  ға-

ламторға  қол  жетімділігін  қам-

тамасыз  ету,  қоғамның  сандық 

сауат тылығын арттыру жəне элек-

тронды үкіметті одан əрі дамыту 

екені баршаға аян жайт.

Алматыда  бас  қосқан  Дү-

ние  жүзілік  банк  сарапшылары 

Орталық жəне Оңтүстік Азия елдері 

ашық  теңізге  шы ға  алмағанмен 

мобильді теле ком муникациялық 

инфра құрылымдарды  жақсарту 

саласында  едəуір  ілгері  қадам 

жасап үлгергенін де мысалға кел  -

тіруді  ұмытпады.  Сандық  тех    -

нологияның  əлеуетті  мүм кін-

діктерін мейлінше кең пайдалану 

жолында Қазақстанға табыс тіледі. 



АЛМАТЫ.

САНДЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 

әлемдік дамудың айнасы

 Сатыбалды СƏУІРБАЙ,

 «Егемен Қазақстан».

Жақында өткен өңір жастары-

ның  алқалы  жиынында  об-

лыс  əкімі  Бердібек  Сапарбаев 

жастардың  қоғамда  алатын  ор-

нына айрықша тоқталды. 

Ол  еліміздің  əрбір  азама-

ты,  соның  ішінде  əрбір  жасы 

да  өзі  өмір  сүретін  қоғамына, 

мемлекетіне қызмет етуі, Елбасы 

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан 

жаңа  жаһандық  нақты  ахуалда: 

өсу,  реформалар,  даму»  атты 

Жолдауында  айтқандай,  жаста-

рымыз білімді, еңбекқор, бастама-

шыл һəм белсенді болуға қазірден 

бастап дағдылануы тиіс екендігін 

атап  өтті.  Жастарды  əрдайым 

«маған барлық жағдайды жасап 

отырған  мемлекетіме,  Отаныма 

не  бере  аламын?»  деген  сауал 

толғантуы керек деген ой маза-

лауы керек екендігіне назар ау-

дарды. Аймақ басшысы жиналған 

жастар ұйымдарының өкілдерін 

ауызбіршілік  пен  белсенділікке 

шақырды. 

Басқосуда  колледж  басшы-

лары мен жастар сөз алып, ерік-

тілер  ұйымдары  тарапынан  ат-

қарылып  жатқан  шараларды 

баяндады.  Қоғамда  саламатты 

өмір салтын, қайырымдылықты, 

отансүйгіштікті,  аға  буын  өкіл-

деріне сыйластықпен қарау ды на-

сихаттайтын шаралар өткізіп тұру 

туралы креативті ұсыныстарымен 

бөлісті. 

  Жиында  «Ақтөбе  жаста-

ры»  қауымдастығын  құру  ту-

ралы  шешім  қабылданды.  Ал 

жаңадан  құрылған  қауым-

дастықтың  жетекшісі  болып 

Ислам  Исенғазиев  бекітілді. 

Ислам  –  еліміздің  ұлттық  та-

рихы  мен  мəдениеті  негізінде 

жас  ұрпақтың  рухани  əлеуетін 

қалыптастыру  мақсатында  құ-

рылған  «Эффект  Ақтөбе»  жо-

басын  ұйымдастырушылардың 

бірі.  Облыстағы барлық жас тар 

ұйымдарының  басын  қосатын 

«Ақтөбе  жастары»  қауым дас-

тығына  алғашқы  көпшілікке 

арналған  шарасын  наурыз  ай-

ынан  бастау  ойластырылуда. 

Биыл  алғаш  рет  Мемлекет  бас-

шысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Жарлығымен 1 наурызда Алғыс 

айту  күні  атап  өтіледі.  Қауым-

дастықтың  алғашқы  шарасы 

осы атаулы күнге арналады деп 

күтілуде.

Ақтөбе облысы.

Жастар қауымдастығы құрылды 



 Жастар қашанда қоғамның қуатты күші болып табы-

лады. Олардың бастамашылдығы мен жаңашылдығы қай 

істің де ілгерілеуіне серпін берері сөзсіз. Қазір облысымызда 

7 еріктілер тобы тұрақты жұмыс істейді. Олардың қатарына 

4000-ға тарта жас қамтылған. 

«Ақ  жол»  ҚДП  Орталық 

кеңесінің  хатшысы  Əбдіразақ 

Сұлтанов жаңа жобаның тұсау-

кесерінде  аталған  байқаудың 

мəн-маңызына тоқталды.

– «Ақ жол» партиясы бүгін-

нен  бастап  ел  Тəуелсіздігіне 

25  жыл  толуына  орай  «Мен 

Қа зақстанды  сүйемін»  атты 

сурет  байқауын  жариялайды. 

Бай қауға  қатысушыларға  жас 

жағынан  шектеу  қойылмайды: 

мектеп  оқушысынан  бас тап 

егде  жастағыларға  дейін  қа-

тысуларына мүмкіндігі бар. Оған 

қоса,  байқауда  фотосурет  са-

ласында  ғана  емес,  сондай-ақ, 

қылқаламға  əуес  жандардың 

да  бақтарын  сынауларына  бо-

лады.  Яғни,  сурет  өнерінің  əр-

қилы  жанрдағы  шығармалары 

қабылданады, – деді ол. 

Əбдіразақ Кенжекбекұлының 

айтуынша,  байқау  ел  Тəуел-

сіздігінің  мерейтойына  арна-

лып  отырғанымен,  та қы рып-

тық  тұрғыдан  еркін  шығар ма-

шылықты  көздейді.  Байқауға 

қатысушы əрбір талапкер өз ту-

ындысында Отанын, мемлекетін, 

елін  ардақтауды  қай  тұрғыда 

бейнелейді, қандай ұғымдармен 

байланыстырады, қалай жеткізуге 

тырысады – мұның бəрі олардың 

шығармашылық  ой-қиялына 

барып  тіреледі.  Яғни,  шы-

ғармашылық  шабыт  еркін  елді 

қалай  ардақтайтындығымен 

астарласады деген сөз. Қысқасы, 

əрбір  талапкердің  туындысы 

Отан ды  сүю  шығармашылық 

тұрғыдан қаншалықты сəтті, та-

бысты  бейнелегендігімен  баға-

ланады. Оны білікті мамандардан 

құрылған арнайы комиссия қарап, 

үздік суреттерді іріктейді.

Байқау  бір  айға  созылып, 

оның қорытындысы 18 наурызда 

шы ғарылады.

Байқау  барысында  іріктеліп 

алынған  үздік  суреттер  сайлау 

кезіндегі  партияның  имидждік 

өнімдерінде  пайдаланылатын 

болады.

«Егемен-ақпарат».

Отанды сүю сурет 

арқылы бейнеленеді

«Мен Қазақстанды сүйемін». Осыдай тақырып аясында 

«Ақ жол» демократиялық партиясы ел Тəуелсіздігінің 25 жыл-

дығына орай суреттер байқауын жариялады

.


18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

7



 Көзқарас

Интернетке 

иілмеген жан

Қазір  өзіңізді  қызықтырған  қан-

дай  да  бір  мағлұматты  табу  үшін  та-

рихтың  түбін  қопарып,  кітапханаға 

таңертең  кіргеннен,  қас  қарайғанда 

бір-ақ  шығатын  баяғыдай  кез  жоқ... 

Интернетте  бəрі  тұр.  Деп  ойлаймыз 

ғой  баяғы.  Оқып  тауысқанша  уақыт-

тың қалай өтіп кеткенін білмей қалатын 

сүйікті  кітабыңызбен  салыстырғанда, 

бұл құрғырыңыздың барлық кезде ойы-

ңыздағыдай  болып  шыға  бермейтіні 

əзірге ешкімнің миына кірмей жүрген 

сияқты. Марқұм Əшірбек Сығай ағамыз 

бір көргенімізде күйініп отыр екен. 

Студенттің білім деңгейін тексермек 

оймен: «Шекспир қай жылы туған?» деп 

сынай сұрақ қойыпты.

Ол: «1654 жылы 23 сəуірде туған» 

деп жауап береді. 

–  Бұл  деректі  қайдан  алдыңыз?  – 

дейді профессор.

Жігіт: «Интернетте солай жазылған. 

Сенбесеңіз, мінеки, қараңыз, «Goldlit» 

парақшасында тұр», – деп жалма-жан 

айфонын ұстазының алдына тоса қояды.

– Келтірген дəйегіңіз қате. Кітаптан 

іздеп, дұрыс жауабын тауып келіңіз, – 

деп ұстаз баға қоймай баланы қайта рып 

жібереді...

Себебін  сұрағанымызда,  ағамыз 

қой ған  сұрағына  жастардың  жауапты 

телефондағы интернеттен іздейтін жа-

ман əдетке бой ұрып бара жатқанына 

жабырқаған. 

– Мен шəкірттеріме ондағы жазыл-

ған  дүниелердің  бəріне  бірдей  сене 

бермеңіздер.  Одан  гөрі  кітапты  кө-

бірек  оқыңыздар.  Өйткені,  кітаптан 

оқығандарыңыз мұнан əлдеқайда əсерлі, 

əлдеқайда дəл əрі сенімдірек деп кеңес 

беремін, – деген профессор күмəнінің 

бекер еместігіне ғаламтордағы кейбір 

кереғар деректер шүбəсіз сендіреді.

«Уикипедияда»:  «Шекспир  1564 

жылы, немесе 1564 жылдың сəуірінде 

туған», «3 мамыр (23 сəуірде) дүниеден 

өткен»  деп  екіұшты  дерек  жазылса, 

ал  «Шекспир.рф»-да  «1616  жылы,  25 

сəуірде Шекспир өсиеті заңды жолмен 

бекітілді»,  «дəл  өзінің  дүниеге  кел-

ген күні, яғни 23 сəуір күні дүниеден 

озды» делінген. Интернеттегі тағы бір 

дерек бойынша, оның өлген жылы «3 

мамыр (23 сəуір), 1616 жыл» деп көріп 

отырғаныңыздай, əр сайт əр түрлі сан-

ды алға тартады. Сонда нақты қай күні 

екені белгісіз. Тіпті, базбір шежірелер 

тура  қай  күні  туғаны  туралы  ресми 

дерек  жоқ  деп  жұмбақтайды.  Туған 

жерінің өзін «Стратфорд-он-Эйвон», бір 

жерде «Стратфорд-апон-Эйвон», тағы 

бір жазбада «Стратфорд-на-Эйвон» деп 

əрқалай көрсетілген мұндай деректердің 

сөзсіз кез келген адамды қателікке бой 

ұрғызатыны, жаңсақтыққа жетелейтіні 

белгілі. 

–  Ал,  сіз  өзіңіз  қалай  ойлайсыз, 

Шекс  пир қашан туған? – дедік біз де 

əбден дəлдікке дəндеп алған адамша.

– Мен «Үлкен Кеңес энциклопедия-

сына» сенемін,– деп еді театр тарланы 

сонда. 


«Бұл əңгімені ол кісі не үшін айт-

ты?»  деп  əлі  күнге  дейін  ой  түбін 

түртпектеймін. Кітап оқып өскен ұрпақ 

пен телефон-интернеттен білім терген 

ұрпақтың  арасындағы  айырмашылық 

бəрібір  жер  мен  көктей  білініп  тұра-

ды. Ішкі түйсігіміз кітап оқитын заман 

қайта  айналып  соғады  дейді.  Теле-

фонды-айфонды  жасаушы  мемле-

кеттерде  неге  онда  том-том  кітаптар 

ба  сып  шығарылуда,  неге  газет-жур-

налдардан  түбегейлі  бас  тартпайды... 

Телефонды тек сөйлесу құралы ретінде 

ғана  пайдаланған  ұрпақтың  ойының 

дəлелді,  сөзінің  шымыр  өрілетіні 

не   гізі  білімнің  тəтті  сөлін  олардың 

кітаптан татқандығынан болар-ау деген 

тұжырымға тірелдік. 

«Алло, мен театрда 

отырмын»


Қаллеки театрының іші өте тар. Негізі, 

əу баста басқа мақсатқа жоспарланған 

ғимарат. Бірақ, естуімізше, осыған қол 

жеткізудің  өзі  оңайға  соқпаған.  Сон-

дықтан  залдың  ана  басында  отырған 

адам мен мына шетіндегі көрерменнің 

əңгімесі түнгі дауыстай саңқылдап ес-

тіледі. Осыдан хабары бар əлеумет тар 

жайда  дабырласпай,  дауыстарын  сəл 

бəсеңсітіп, мейлінше театр мəдениетін 

сақтап  отыруға  мүдделілік  таныта-

ды.  Бі рақ  кейде  театрға  адамдардың 

не  үшін  келетінін  түсінбейсің.  Өйт-

кені,  спектакль  басталғаннан-ақ 

зал  дан  телефонның  түрлі  əуендері 

сыңғырлап  жарыса  естіліп  жа тады. 

«Ұялы  телефондарыңызды  өшіріп 

қоюларыңызды  өтінеміз»  деп  қиыла 

хабарланған ескертпеге елең ете қой-

майтын  неткен  сабаздар  өзі  деген 

таңданыс та сол шақта туады. «Құдай-

ау, ары кеткенде спектакль 1,5-2 сағатқа 

созылады. Осы аз ғана уақытта телефон-

мен  сөйлеспей  шыдай  тұрса,  іштері 

жарылып  кетпейтін  шығар»  деп,  əлгі 

жағ дайларға  өзіңнің  қалай  қосыла 

күйзелгеніңді білмей қалатын сəттерің 

болады. 


Спектакльдің ең қызық жеріне кел-

генде құлағыңыздың дəл түбінен біреу: 

«Алло!  Мен  театрда  отырмын»  деп, 

сам пылдай  жөнелсе,  түк  сезбегендей, 

мəн бермей отыра беру үшін жүйкесі 

темірдей  қатты  адам  болуың  керек 

шы ғар. Қандай əдепсіздік орын алған 

жағдайда да өзіңізді сабырлы, салиқалы 

ұстай білгеніңізбен, əлгі кісіге жалт бұ-

рылмауға əддіңіз жоқ.

Əуелі,  ол  адамға  бұрылып  қара-

ға   ныңыздың  өзінде  соншалық  бір 

құдай  ұрған  біреу  болмаса,  ол  қы-

лығына  ұялып,  қызарар  деген  оймен 

шектелесіз.  Қалталы  телефонымен 

бірге  басы  үстелдің  астына  тығылып 

бара жатқан пендеңіз мұны сізге деген 

құрметтен деп ойласаңыз қателесесіз, 

ар жақтағы танысының сөзін анық ести 

алмағандықтан солай бүгілуге мəжбүр. 

...Өмірдегі  жай  қарапайым  əдеп-

иба  нормаларының  бұзылуынан  қо-

ғамға  жат,  əдепсіз  қылықтардың,  əді-

летсіздіктердің  тамыр  жая  түсетіні 

заң ды  құбылыс.  Автобуста,  пойызда, 

көшеде,  басқа  да  қоғамдық  көліктер 

мен жерлерде, базарларда қылаң беріп 

қалатын  кейбір  түйткілдер  өмірдің 

қалыпты  бояу лары  тəрізді  қабылдана 

беруі мүмкін, ал бірақ мəдениет ошағы 

–  театрда  ондай  бейəдеп,  бейбастақ 

көріністер  көзге  де,  көңілге  де  оғаш 

түйілері хақ. Мəдениет ошағы ішіндегі 

мəйін  мəдениетке  қылау  түсіретін 

теріс  дағды  көбіне  ұялы  телефонның 

сөндірілмеуі  салдарынан  туындап 

жатады.  Театрды  іздеп  кіріп  тұрған 

жанның  ендеше  осыған  миы  жетпеуі 

қалай?.. Салонда бейне-бір жалғыз өзі 

келе жатқандай телефонмен бүкіл ав-

тобусты  басына  көтеріп  сөйлесетін 

кейбір жүргіншілерге қарадай қанымыз 

қайнайтын еді. Бəтір-ау, мынау киелі, 

қасиетті  өнердің  ордасы  емес  пе? 

Əдеп əліппесін үйренбеген кісі мұның 

табалдырығын  аттап  баспаушы  еді 

ғой.  Ал,  енді  қарап  тұрсақ,  əдепті 

əлімізге  қарай  əлпештеген  бəріміз 

қазақтың  баласымыз.  Біз  қашан  теле-

фонды мəдениетті тұтынатын өнегелі, 

өркенді өскен жұртқа айналамыз? Оны 

пайдаланғанда айналамыздағы екінші 

біреулердің  сезіміне,  көңіліне  қаяу 

түсіріп алмауды қашан үйренеміз? 

...Басын  жай  шырпып  өткенмен, 

астындағы  жуан  тамырынан  қайта 

қаулап өсе беретін арамшөп сияқты бұл 

да бір түбіне тереңірек үңіліп, назар ау-

дармай болмайтын мəселе. 

Балаңыздың 

қолындағы қауіп

Қолына ең қымбат телефон ұстаған 

адамды  керемет  мəртебе  тұтып,  үл-

гіге  айналдырып,  ал  арзан  телефон 

тұ тынғандарды  сонысына  қарай  тө-

мен  бағалайтын,  ондайларды  өмірде 

бəрінен  артта  қалып  қойған  адам  са-

найтын  жат  əдет  пайда  бола  бастады 

жастардың арасында. Нақтырақ айтсақ, 

жасөспірімдер  мен  жастардың  орта-

сында дендеген сондай дерттің күннен 

күнге  бəсеңсімей,  қайта,  керісінше, 

өрши түсуі қынжылтады. Бұл да ештеңе 

емес, жоғары оқу орындары мен мектеп-

терде осыларды бұғаулайтын, тəртіпке 

салатын  заң  болмай  тұр.  Етек  жайып 

бара  жатқан  келеңсіздіктің  бірі,  мы-

салы мұғалім мен оқушы арасындағы 

түрлі  қақтығысты  жағдайларды  сыр-

тынан  телефондарына  түсіріп,  интер-

нетке салушылар – сол оқушылардың 

өз дері.  Сыныпқа  оқушының  əуелім 

ұялы  телефон  ұстап  кіруі  дұрыс  па? 

Бұл  қазіргі  түйткілді  мəселенің  ал-

дың    ғы орнына шыққан жайт. Мұндай 

жағдайда мұғалімдер сабақ өтпес бұрын 

театрдағыдай:  «Құрметті  оқушылар, 

қалталы  телефондарыңызды  өшіріп 

қоюларыңызды өтінемін!» деп олардан 

рұқсат  сұрап  тұра  ма?  Бұл  не  өнеге! 

Сабақ үстінде ұялы телефоны интернет-

ке қосулы баланың бар зейіні мұғалімнің 

айтқандарына ауа қояды дегенге де өз 

басымыз аса сеніңкіремейміз. 

 «Оқушыларыма өз пəнімді қайтсем 

сүйдіртем, қайтсем алға сүйреп шыға-

мын»  деп  шыр-пыры  шыққан  қарт 

ұстазды  шəкіртінің  қалай  əжуаға  ай-

налдырып,  ақыр  соңында  соққыға 

жыққанын  да  интернет  иірімдерінен 

көріп  жағамызды  ұстағанбыз.  Осы 

арсыздықты  телефонына  басып,  көп-

шілікке ұсынған бөтен біреу емес, сол 

мұғаліміне  қол  көтерген  оқушымен 

бірге  оқитын  сыныптас  құрбы-дос-

тары.  Мұндай  өзге  елде  орын  алып 

жатқан  келеңсіз  оқиғаны  санасы  жас 

шыбықтай  солқылдақ  біздің  жас-

өспірім  балаларымыздың  тəрбиелік 

мəні  жағынан  дұрыс  қабылдай  қоюы 

тағы  екіталай.  Өйткені,  сыныптағы 

оқиғаларды  оқушылардың  «фейсбук-

ке» салу əрекеттерінің бізде де үдемесе, 

азаймай тұрғаны соған нақты дəлел.

Жақында  тағы  бір  сойқан,  əдепсіз 

бейнебаянға куə болдық. Жас мұғали-

маның  жүйкесі  жүндей  түтіліп,  əлде-

нелерді түсіндіріп əлек. Ал оқушы пар-

тасынан тұрмай отыр. Мұғалима байғұс 

қолын қайта-қайта сермеп, күйіп-піседі. 

Оқушының  реакциясы  қызық.  Күле 

ме-ау,  ыржалақтай  ма-ау,  жанындағы 

мұғалімді  адам  екен  деп  тұрған  жоқ. 

Бұл  да  оқушы  телефоны  арқылы 

түсі рілген  «туынды».  Кейде  осын-

дай  сəттерді  мектеп  оқушыларының 

қалталы  телефонға  түсіруі  олардың 

алдын  ала  ұйымдастырған  жоспарла-

ры бойынша жүзеге асырылып жатқан 

жоқ  па  деген  күдікті  ой  келеді.  Олай 

деуге  себеп,  көбіне  мұғалімді  кінəлі 

етіп  көрсету  басымырақ.  Өздеріне 

ұнамаған,  тым  талапшыл,  басқаша 

айтқанда, «қатал» мұғалімдермен есеп 

айырысу,  кек  алысу  жолы  ма  деп  те 

ойлайсың.  Баяғыда  сыртта  бұзық  бо-

лып көрінген балалардың өздері мектеп 

табалдырығынан аттай бере мұғалімнің 

алдында жібектей есіліп тұра қалатын. 

Мұғалім не айтса, сол заң еді. Ал мек-

тепте арсыздық пен əдепсіздікке орын 

жоқ еді. Оқушы үшін мектеп, мұғалім 

деген  ұғымдар  асыл  қасиеттер  сана-

латын.  Ұстаздың  бетіне  қарап  қарсы 

сөйлеу үлкен күнə болып есептелетін... 

Желідегі əлгіндей сорақылықтарға көп-

шілік қоғадай жапырылып, пікір жазып 

жатады.  Біреу  мұғалімді  қорғайды, 

енді  біреулер  балаға  араша  түседі. 

Қан ша  адам  –  соншама  пікір.  Біз  ой-

лаймыз  ғой  баяғы,  мұндай  шектен 

шығушылықты енді қалай тыюға бола-

ды, одан құтылудың тиімді жолы бар 

ма деп. Жолы – сыныпқа оқушылардың 

ұялы телефонмен кіруіне тыйым салу 

керек...  Ал,  оқушылардың  қалталы 

телефонын  қалай  жинап  алып,  қай 

уақытта  қолдарына  тапсыру  керек, 

мұны мектептің өзінің ішкі тəртібі мен 

ережесіне сай реттер болса, одан оқушы 

да, мұғалім де пайда көрмесе, зиян шек-

пес  еді.  Шынтуайтына  келсек,  қайда 

барсаң да телефонға шұқшиған жастар-

ды  кездестіресің.  Өмірі  тек  сонымен 

өтіп  жатқандар  қаншама.  Мектептегі 

қазіргі  жағдай  дабыл  қағарлықтай. 

Аяқтарын тартпайтын мұғалімдерінің 

сабағында  музыка  тыңдап,  бір-біріне 

хат  жолдап  отыратындар  бар.  Олар 

салған интернеттегі түсірілімдер соны 

айғақтайды. «Мұғалім 45 минут бойы 

жаңа тақырыпты түсіндіріп əлек болып 

жатса, оқушы бала партаның астынан 

ұялы  телефон  арқылы  агентте  отыра-

ды. Бірақ оны мұғалімдер көрмейді əрі 

сезбейді»  деп  жазады  бір  оқырман... 

Құлаққаппен  телефонынан  музыка 

тыңдап  отырған  баланың  сыртқы 

пошымының  өзі  қорқынышты.  Мына 

əлемнен тыс қиялдың жетегінде, мең-

зең күйде кетіп бара жатады. Соның сал-

дарынан көше ережесін бұзған кейбірін 

мəшине  қағып  кетті  деген  хабарды 

құлағың жиі шалады. Өмірдің шынайы 

бейнесін қабылдаудан қалу, яғни теле-

фонмен оқшаулану – келешекке қауіп.

Сыйластыққа 

сызат түспесін

  Естияр  адамдардың  ішінде  де 

отырған жерінде айналасынан кірпідей 

жиырылып,  телефонын  шұқылап, 

түймесін  басып  отырмаса,  басы  ауы-

рып, балтыры сыздайтындар баршылық. 

Олармен  салыстырғанда,  əлгі  санасы 

қатпаған балаларға өкпе-ренішің жолда 

қалып қояды. 

Бірде көптен бері жолықпай кеткен 

бір танысым бас сұқты. Сырымыз, жы-

рымыз ортақ болып кетпегенмен, бала 

кезімізден  сыйластығымыз  үзілмеген 

жандармыз. Хал-жағдай сұрасу, аман-

дық  білісу  мұсылман  баласының  па-

рызы  емес  пе?  Ата  дəстүр  жолымен 

қолымыздан  келгенше  сыйластықтың 

барлық  ишаратын  жасауға  тырысып 

бағатынымыз содан.

– «Ананы көріп тұрасың ба, мынамен 

хабарласып тұрасың ба?», – деп біраз 

өзіміз білетін ортақ достарды түгендеп, 

таныстарымыздың  жағдайын  білісіп, 

əжептəуір  əңгімелесіп  тұрғанымызда 

кенет қалта телефоны шыр ете қалды. 

Əңгімеміз шорт үзілді. Қазір мына 

кісімен  сөйлесіп  болған  соң,  ары 

қарай тағы шүйіркелесіп əңгіме-дүкен 

құрармыз  деп  тұрған  маған  əлгі  та-

нысым «хош, сау бол» деп айтпастан 

есіктен шығып кете барды. Түк түсінбей 

соңынан қарап қалған мен кейін мұның 

мəн-жайын білмек болғаныммен, «бар-

лық  пəле  телефонның  шырылынан 

шықты»  дегеннен  басқа  себеп  таппа-

дым.  Жаныңызда  жайбарақат  əңгіме 

соғып тұрған адам жарты жолда өзіңізді 

осылай елеусіз тастап кете барса, қандай 

ойда қаласыз? «Мүмкін телефонның ар 

жағындағы кісімен маңызды бір шаруа-

сын шешіп алмақтың əуресімен кетті ме 

екен?» деген түйсікпен көңілдегі сызат-

ты қанша жуып-шаймақ болғаным мен, 

əлгі сəт бəрібір санамның саңылауынан 

сығырая береді. 

Мұндайда өзің куə болған жайтты 

ғана  алға  тосасың...  Тойда  отырмыз. 

Бір үстелдің басында бар-жоғы 7-8-ақ 

адам быз. Сыйласып, талай қуанышты 

сəттерді  бірге  бөлісіп  жүрген  жан-

дармыз.  Кейде  бір  замандастарымыз 

қа зақтың  тойын  сынап-мінеп  шыға 

келеді. Банктен қарыз алып той жасай-

тын қазақтан асқан өз есебіне шорқақ 

халық жоқ, дейді. Босқа шашып-төккен 

дарақылықты  тыю  керек,  деп  ақыл-

кеңес айтқанда, алдымызға жан салмай-

тын айбарымыз тағы бар дегендей. Кім 

білген, орынды сын да шығар. Бірақ өз 

басым  тойды  қазына  деп  қадірлейтін 

топтанмын.  Көптен  көрмеген  туыс-

жақыныңмен қауқылдасып, амандығын 

білісіп, мейірімге суарылғаннан асқан 

не бар?! Той – қазақтың салт-дəстүрінің 

барлық қасиеті көрініс табатын думан 

ғой. Жаңа айтып өткенімдей, əсем əуен 

əуелеп,  көңіл-көлінен  мейірім  қан-

дырған қандай тəтті. Бірақ... осы жерге 

де  телефонның  «ауруы»  жайыла  ба-

стапты. Дастарқан басындағы өзіңмен 

табақтас  адамдардың  телефонымен 

əуреленіп,  əлдекімдермен  хат  жазы-

сып отырғанына куə болудан ыңғайсыз 

нəрсе  жоқ  екен.  «Телефондарыңды 

ен ді  көрдіңдер  ме,  шұқылай  бермей, 

қойыңдар» деп ескертіп тастайын десең, 

өзің  сияқты  бəрі  ересек  адамдар  əрі 

əлденеге  себеп  іздеп  отырған  жандай 

көрінесің. Ал, енді бірақ олай етпесең, 

өзіңді сыйламай отырған, бұл қылығы 

үшін  жанындағылардан  қысылып, 

ұялуды білмеген олардан сен неге сон-

шама тартқыншақтауың керек? 

Мұнымен айтпағымыз не? Бізде сол 

ұялы  телефонды  ұстаудың  мəдениеті 

толық қалыптаспаған. Бала-шаға бол-

са  бір  сəрі,  той-жиында  үлкен  ересек 

адамдардың  телефонды  қайта-қайта 

шұқылай  бергенін  сырттай  бақылап 

отырсаң,  бір  түрлі  оғаш  қылық  бо-

лып  көрінеді  екен.  Тере  берсеңіз, 

мұндай  келеңсіз  жайттар  жетіп  арты-

лады. Бір үстелдің басындағы қос құр-

бының  бір-біріне  «смс»  жазысқанын 

байқағанымызда,  қарадай  шошыдық. 

Не  өнер  бұл?  Сол  жерде  жазылмаса 

күйіп бара жатқан ол не тірлік? «Біздің 

осы  түрімізді  сыртымыздан  қарап 

отыр ған  жұрт  не  дейді-ау,  сынайды-

ау»  деп,  көпшіліктен  ығу,  бұғу  ойла-

рына  кіріп-шықпаған  оларға  не  деп 

өкпелейсің.  Ортадан  бөлініп,  қиялы 

қыр асып кеткен телефон иесінің сондай 

сəттегі пошымын толық суреттеудің өзі 

қиын. Үш-төрт адамның басы қосыла 

қалған ортадан, əйтеуір, біреуі осылай 

дағдыланған. Ауа жайылып бара жатқан 

мұндай өрескелдік өкшесінің жерде ізі 

қалмауы үшін біздің бір əңгімемізден 

түк те шықпауы мүмкін. Ол үшін бұл 

балабақшалардан  бастап,  мектептер-

де,  жоғары  оқу  орындарында,  жастар 

арасында тəрбие сағаттарының басты 

тақырыбына айналуға тиіс. Өйткені, ба-

ланы кішкентай күнінде бетімен жіберіп 

алғаны үшін ата-анасының кейінірек, ол 

ер жеткенде опық жейтіні сияқты, теле-

фон тудырған келеңсіздіктің кеудемізді 

басып, жағамыздан ала түсуіне де өзі-

міз кінəліміз... Ешкімнен кем етпеуге 

тырысқан  түрмен  қарызға  алсақ  та, 

баламыздың  қолына  ең  қымбат  ұялы 

телефон ұстатамыз. 

Бір танысым: «Менің бір туыс інім 

бар. Сол үйге түскен келініміз қолынан 

соткасын тастамайды. Үй-ішіндегі бо-

лып жатқан барлық оқиғаларды, тіпті, 

ең  арғысы,  ішкен  асына  дейін  сурет-

ке  түсіріп,  əлеуметтік  желіге  салу ды 

əдетке  айналдырған.  Олардың  жағ-

дайын білу үшін үйлеріне арнайы ба-

рудың қажеті жоқ, өйткені, мұны көп-

шілікке күнде жария етіп отырған адам 

бар.  Міне,  келініміздің  селфиі»  деп 

əлеуметтік желідегі түп-тұқиянына де-

йін  салынған  суреттерді  көрсете  бас-

тап еді, оған соншалық қызығушылық 

таны та қоймадым... Телефонның бетіне 

қарағым келмей, теріс бұрылдым. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет