№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


Əу баста ұялы телефон, адамдардың байланыс құралы ретінде



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет6/41
Дата06.03.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41

Əу баста ұялы телефон, адамдардың байланыс құралы ретінде, 

бір-бірімен тілдесу мақсатында пайдаланылып келгені мəлім. 

Алайда, уақыт өте келе, ол жаңарып, жаңғырып, тұрмысымыздың 

бөлінбес бөлшегіне айналып кетті... Қазір ұялы телефонның 

қызметіне жүгінбейтін кісі некен-саяқ. Өйткені, əрі тиімді, əрі 

ыңғайлы. Күнтізбесін, сағатын, есептегішін пайдаланасың, су-

ретке түсіріп, бейнетаспаға басасың, таңдаған əніңді тыңдайсың, 

қалаған фильміңді тамашалайсың... əйтеуір, аядай дүниенің 

көмегімен атқарылмайтын шаруа жоқ. Мысалы, керек 

адамыңызды қай қиырда жүрсе де тез тауып ала қоятыныңыздың 

өзі не тұрады. Бірақ соған қарамастан, соңғы уақытта оған 

адамдардың тым тəуелді бола түсуі бұл мəселенің екінші жағы да 

барлығын ұмытпау қажеттігін еске салады. 

Телефон


Қарашаш ТОҚСАНБАЙ,

«Егемен Қазақстан».

Коллажды жасаған Амангелді ҚИЯС.



 Тəуелсіздік – 25

Тәуелсіздікті 

ту еткен 

«Тұлғалар 

тағылымы»



Қазақстан Республикасы өз 

Тəуелсіздігінің 25 жылдық 

мерейтойына қадам басты. 

Мемлекет орнату, оны əлемдік 

қауымдастыққа танытып, мой-

ындату кез келген ұрпақтың 

пешенесіне жазыла бермейтін 

бақыт, жауапты да күрделі 

міндет екені аян. Елбасы 

Н.Назарбаевтың сарабдал 

саясатының арқасында бүгінде 

тəуелсіз Қазақстанды бү кіл əлем 

мойындады. 

Осы  орайда  əлемге  дара  таланттары-

мен əйгілі өнер шаңырағы – Қазақ ұлттық 

өнер университеті тұңғыш рет «Тұлғалар 

тағылымы» тақырыбында мемлекет, қоғам 

ісіне  белсене  араласып,  өз  үнін  қосып 

жүрген қайраткер тұл ғалармен жыл бойы 

кездесу өт кізуді жоспарлап отыр. 

Тəуелсіз  ел  болған  ширек  ға сырдың 

бедерінде  мəдени-руханият  саласын-

да да қыруар жұ мыстар атқарылды. Бұл 

бағы тты  кешегі  М.Əуезов,  Ғ.Мүсірепов, 

Ғ.Мұстафин секілді ұлылардың ізі қалған 

қарашаңырақ  –  Қазақстан  Жазушылар 

одағының  да  қосқан  үлесі  айрықша. 

Сондықтан да тəу елсіздікті тұғырландыра 

түсу дегі зиялы қауымның еңбегі қашанда 

ерекше бағаға лайықты. Соның бір айғағы 

ретінде Парламент Сенатының депутаты, 

Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы 

Нұрлан  Оразалинмен  өткен  кезде суді 

айтқан болар едік. 

Шара  шымылдығын  аталмыш  білім 

ордасының  ректоры  А.Мұсақожаева 

ашып  берді.  Содан  соң  дəстүрлі  жыр-

айтыс мамандығының 2-курс студенті Бек 

Шымат жырдан шашу шашып, кеш көркін 

келтірді. 

Нұрлан  Мырқасымұлы  –  елі міз дің 

саяси, мəдени, өміріне қоян-қолтық ара-

ласып,  рухани  кеңістігіміз  бен  ұлттық 

ойлау  жүйеміздің  тұтастығын  сақтауда 

қайраткерлік пен қаламгерлікті қатар алып 

жүрген тұлға. Ол тарих беттерін парақтай 

отырып,  «Тəуелсіздік»  деген  киелі  де 

қастерлі ұғымға қалай қол жет кізгенімізді, 

өзі басы-қасында жүріп куə болған сол бір 

қиын-қыстау  жылдарды  ерекше  толқы-

ныспен баяндады. 

Тақырып  төңірегінде  тəуел сіздіктің 

тұғырын бекіте түсетін біршама мəселелер 

де қозғалды. Ақындық та, жазушылық та ең 

ал дымен өнер. Осы бағытта атал мыш өнер 

ошағы жанынан жүрегіне қаламын сүйеген 

ерекше өнер иелеріне бағыт-бағдар беретін 

«Жазушылар зертханасын» ашу туралы да 

естір құлаққа жағымды, тұщымды ұсыныс 

ой айтылып, оған ректор тарапынан келісім 

де берілгендей болды. 

Кеш  барысында  Н.Оразалиннің 

«Сілкініс»  атты  өлеңін  драма  ак тері 

мамандығының  3-курс  сту денті  Қо-

быланды  Болат  нə ші не  келтіре  көркем 

оқыды.  Бір жан  салдың  «Он  саусақ», 

Қапез  Байғабылұлының  «Үш  Меркі», 

Қазанғаптың  күйі  –  «Көкейге  түскен 

Көкілжан»  атты  əн-күйлері  басқа  да 

өнерпаздардың орындау ында тыңдарман 

қауымның ыс тық ықыласына бөленді. 

Осылайша  жыл  басындағы  жылы 

жүздесу  студент  жастардың  жүрегін 

жырмен  жылытып,  көңіл деріне  қуат, 

сезімдеріне  шуақ  төк кендей  ерекше 

əсерге бөледі. Нұрланып, қанаттанып, жі-

герлене түсті олар. Бұл бақыттың иесі – 

ТƏУЕЛСІЗДІК  деген  киелі  ұғым!  Соны 

ұмытпасақ екен.

Раушан ТƏУІРХАНҚЫЗЫ, 

журналист.


18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

8

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан». 

Т

ЕКЕТІРЕС ТАРИХЫ



Діни  уағызының  не гізгі 

стратегиясы бір бол ғанымен хрис-

тиан діні де шиит пен сүннитке 

бөлінген  біздің  Ислам  сияқты 

форма мен мазмұндағы көптеген 

келіспеушіліктерге  байланысты 

католицизм  жəне  православие 

болып  негізгі  екі  бағытқа  1054 

жылы  бөлініп  кеткен.  Ал  ХVІ 

ғасырда католик шіркеуінен тағы 

бір үлкен тармақ – протестантизм 

бөлініп шықты.

Бұл  кезде,  яғни  1054  жы-

лы  тұтас  Рим  империясы  жоқ, 

оны  410  жылы  гот  патшасы 

Ала рих  талқандаған.  Орнында 

қалған  Батыс  Рим  империясы 

мен  Шығыстағы  Рим  империя-

сы  (Византия)  бір-біріне  тəу-

елсіз  елдер.  Батыс  Рим  импе-

рия сы  христиандықтың  ла тын-

католиктік  тармағын  ұс тан  ды 

да,  шығыстағылар  грек-пра вос-

лавиелік  шіркеуге  сенім  артты. 

Оның орталығы қазіргі Ыстамбұл, 

бұрынғы  Константинополь  қа-

ласы.  Барған  сайын  екі  шір-

кеудің  арасындағы  кикілжің 

тереңдеп, екіге бөлінген христи-

андар  бір-біріне  өшпенділікпен 

қарайтын болды. Құдай бір, оның 

жаратқан пендесі бір, оның тілегі 

мен  жүрегі  бір  болса  да  діни 

насихаттың  айырмашылығымен 

тереңдей  түскен  діншілдердің 

құлықтары  соңынан  ергендерді 

барған сайын бірінен-бірін ажы-

рата түсті.

Екі шіркеудің 1054 жылы бі-

тіспестей  болып  айырылып  ке-

туіне  ілік  түрінде  себеп  болған 

төмендегі жағдай еді. Рим папа-

сы  ІХ  Лев  Константинопольге 

кардинал  Гумберт  бастаған 

өзі нің  делегациясын  жібереді. 

Осы ның  алдында,  1053  жылы 

Константинопольде православие 

патриархы  Михаил  Керуларий 

қаладағы католиктік шіркеулерді 

жапқызып,  олардың  ішіндегі 

латындық қасиетті заттарды аяққа 

таптатқан.  Рим  Папасының  де-

легациясы  Константинопольдің 

осы істерін айыптап жəне шіркеу 

істерінде өздерін жоғары санау-

ды  талап  еткен.  Керуларий  бұл 

талапты орындамайтынын жəне 

Римді бас шіркеу деп мойында-

майтынын жеткізеді.

Міне, осы оқиғадан кейін хрис-

тиан шіркеуі жоғарыда айтылған 

екі  бағытқа  бөлінді.  Олардың 

бір-біріне  деген  көптеген  нара-

зылықтарын теріп жазуды біз ке-

рек деп таппадық, өйткені, олар-

дың, арнайы зерттейтін мамандар 

болмаса, қалың жұртқа керегі де 

жоқ.


Христиандық  орыс  жеріне 

Х  ғасырдың  аяғында  келген. 

Оның  негізгі  орталығы  Киевте 

орна ласып,  дін ұстаздары  конс-

тантинопольдік  грек  иерархтері 

болған. Сондықтан да орыс жері 

негізінен  христиандықтың  пра-

вославие  тармағын  тұтынып 

кетті.  Алайда,  көп  уақыт  бойы 

католицизмнің  дəстүрлері  орыс 

православиесінде  қалып  қой-

ды.  Соның  ішінде  Алтын  Ор-

даға  бағынғанша  шіркеулерде 

органның көп ойналатыны айты-

лады. Үлкенді-кішілі қоңыраулар 

қою дəстүрін де орыс шіркеулері 

католицизмнен  алған.  Мұндай 

салт  грек-константинопольдік 

шір кеулерде болмаған.

Киевте  латындық  монас-

тырьлар де ежелден көп болып, 

украиндықтардың  басым  бөлігі 

католицизмді  тұтынған.  Униат 

деп аталған бұл шіркеулер кезінде 

өкімет қолдаған православие та-

рапынан қатты қуда лауға түсіп, 

католицизм мен пра вославиенің 

аражігін терең дете түсуге өзінің 

келеңсіз үлесін қосты.

Қай  уақытта  болсын  билік 

басына  бір  кемелдер  келгенде 

мыңжылдық  жауласу  да,  түсі-

ніспеушіліктер  де  түп  орнымен 

жойылмаса  да  қатынастар  жы-

лылық  пен  жақындасуға  бет 

алады  емес  пе?  1963  жылдан 

1978  жылға  дейін  Рим  Папасы 

бол ған VI Павел де сондай жан 

екен.  Ол  «православиелік  бау-

ыр ларына»  жақындасу  қада-

мын  жасап,  1964  жылы  Иеру-

салимде  Ыстамбұлдағы  конс-

тантинопольдік  правосла вие 

шір кеуінің  патриархы  Афи-

нагор мен  алғаш  рет  кездеседі. 

Бұл  оқиға  христиан  діні  екі 

тар  маққа  бөлінгеннен  кейінгі 

910  жылдан  кейін  болған.  Осы 

кездесудің нəтижесінде бірлескен 

декларацияға  қол  қойылып,  екі 

шіркеу бір-біріне қоятын талап-

тарынан (анафема) 1965 жылдан 

бастап бас тартады.

Ал  «əулие»  деген  атаққа  ие 

болған ІІ Иоанн Павел Папаның 

(1978-2005  жж.)  кезінде  като-

лик шіркеуінің əлемдегі бейбіт-

шіліктің  сақталуына,  халықтар 

мен  діндер  арасындағы  өзара 

түсінушіліктің өрістеуіне жасаған 

қадамдары  тіпті  орасан  болды. 

Оның  осы  тараптағы  беделінің 

шарықтап  бара  жатқанын  көре 

алмаған  КГБ  Болгарияның  ар-

наулы  қызметтері  арқылы  оған 

қастандық  та  жасады.  Алайда, 

өзіне қастандық жасаған адамның 

өзін  кешіріп,  Құдайдан  оның 

күнəсін кешіруді сұраған Папаның 

əулиелігі  тіпті  арта  берді.  Ол 

Папа қызметінде жүріп əлемнің 

130 еліне сапар шегіп, 1167 мың 

шақы рым жол жүріп, халықтарды 

бейбіт шілікке,  татулыққа,  дос-

тыққа  үндейтін  насихаттар  та-

ратты. 2001 жылы ол Қазақстанға 

да  келіп,  өзінің  адамгершілікке 

үндейтін уағыздарын айтып кет-

кен.  «Любите  друг  друга!»  де-

ген үндеуі жазылған ескерткіші 

де  католик  шіркеуінің  алдын да 

тұр.  Оның  бұл  сөздері  «Адам-

заттың бəрін сүй бауырым деп» 

дейтін  данышпан  Абай дың 

ұстанымымен  үндеседі.  Сон-

дықтан да Папа өз сапарларын-

да  тек  католицизмнің  таралуын 

уағыздады  дегендер  қателеседі. 

Ол жалпы адами құндылықтардың 

уағыздаушысы  еді.  Папа  ислам 

мешіттеріне  де,  иудаизм  сина-

гогаларына  да,  протестанттар 

мен  православиеліктердің  шір-

кеулеріне  де  кіріп,  Құдайдан 

адамзатқа жеңілдік тілеп, кешірім 

етуді сұраудан талған емес.

Міне, осы Папаның өзі қанша 

талпынса да Ресей аумағына аяқ 

баса  алмай  кетті.  Горбачевтің, 

Ельциннің  тұсында  да  ол  «пра-

во славиелік  бауырлармен»  кез-

десуді  қалаған  еді,  алайда,  пра-

вославие  шіркеуінің  басшы-

лары  оның  келуіне  қарсы  бол-

ды.  Соның  ішінде  Патриарх  ІІ 

Алексий  Ватиканның  «право-

славие  жерінде»  католик  шір-

кеулерінің салынуы мен Украи-

нада  католиктердің  Униат  шір-

кеулерін  қайтарып  алуларын 

қолдайтындығын айыптап, оның 

келуіне  үзілді-кесілді  қарсы 

шықты.  Енді  міне,  мыңжылдық 

текетірестің  жалғасы  болған 

осын дай кикілжіңдердің бəрі ең-

серіліп, бүгінде екі дінбасы алғаш 

рет кездесіп отыр.

Ж

АЌЫНДАСУ ЖОЛЫ



Зайырлы қоғамда шір-

кеулер ешқашан саясатқа аралас-

пайды,  тек  құдай  үйлерінде  өз 

уағыздарын  айтып,  адамдардың 

Жаратушыға  деген  сенімін  арт -

тыру  жолында  еңбек  етеді  дей-

міз.  Бірақ  дін  иелерінің  сая-

сатқа  ықпалы  көп  екеніне  көз-

жұмбайлықпен  қарауға  да  бол-

майды.  Кубаның  оқшаулануын 

алдыруға  аяқ  басқан  алғашқы 

қадамды  Рим  папасы  Франциск 

жасап, АҚШ пен Куба басшыла-

рын  келісімге  шақырғаны  был-

тыр ғана еді. Содан бері оның оң 

нəтижесі көрініп те қалды, қазір 

Кубаға жасалған жарты ғасырлық 

эмбаргоны алу жолында жұмыс 

қызу жүріп жатыр. Мұндай мы-

салдарды  көптеп  келтіруге  бо-

лады. 

Католицизм  мен  правос ла-



виенің  ықпалы  өте  зор,  өйткені 

олардың əрқайсысының сыртын-

да  миллиондаған  адамдар  бар. 

Əсіресе, соңынан 1,3 млрд. адам 

ерген  католик  шіркеуінің  ық-

палы  зор.  Еуропаның  21  елінде 

тұрғындардың басым көп шілігі, 

Германия,  Нидерланд,  Швей-

цария сияқты елдерде жартысы-

на  жуығы  оны  тұтынады.  Сон-

дай-ақ,  Батыс  жарты  шардағы 

көптеген елдерде, Шығыс Азия, 

Таяу  Шығыс  (Ливан)  елдерінде 

ол  кеңінен  тараған.  Дүниенің 

қай  түкпірінде  болса  да  като-

лик  шіркеуі  Рим  Папасын  ең 

жоғарғы  діни  билеуші  деп  са-

найды.  Папаның  кеңесші  орга-

ны қатарына көптеген елдерден 

сайланған  кардиналдар  алқасы 

жəне епископтар синоды кіреді.

Православие  шіркеуі  он-

дай  бір  орталыққа  бағынбаған. 

Олар  бір-біріне  бағынбайтын 

15  автокефалды  (жергілікті) 

православиелік  шіркеулерден 

тұрады.  Бұл  шіркеулердің  діни 

ұстанымдары  бір,  Құдайға  та-

быну формалары мен дəстүрлері 

ұқсас  болғанымен  бір-біріне 

бағынбайды. Санап өтер болсақ 

олар: Константинополь (2 млн.), 

Александрия (6,5 млн.), Антиохия 

(1,4 млн.), Иерусалим (130 мың 

адам), Орыс (50-80 млн.), Грузин 

(4 млн.), Серб (10 млн.), Румын 

(16 млн.), Болгар (8 млн.), Кипр 

(420 мың), Эллад (8 млн.), Албан 

(700  мың),  Поляк  (500  мың), 

Чехтар мен словактар (150 мың), 

Америка  (1  млн.).  (Жақшаның 

ішіндегі  табынушылар  саны). 

Барлығы 120-130 млн.-дай.

Көріп  отырғанымыздай,  ұс-

танушылардың  саны  жағынан 

ең үлкен православиелік шіркеу 

орыстардікі.  «Орыс  правосла-

вие  шіркеуі»  (ОПШ)  деген  рес-

ми атауды ол 1943 жылы алған. 

Соның өзінде Кеңес өкіметі оған 

заңды  тұлға  болу  құқын  берме-

ген. Тек РСФСР-дің 1990 жылғы 

1  қазандағы  заңымен  ғана  1991 

жылдан бастап заңды тұлға болу 

құқына ие болды.

ОПШ  билікке  қызмет  ету-

де  ежелден  жақсы  құрал  болып 

келеді.  Орыс  империясының 

гим ні  болған  «Патшаны  құдай 

сақтасынды!»  да  оның  хорлары 

өзінің  литургияларында  1918 

жылға дейін үзбей айтып отырды. 

Мемлекет те өз тарапынан оның 

жайылуына барынша ықпал етті. 

Мəселен, 1686 жылы Украинаны 

ба ғындырған  соң  орыс  пат-

шасы  Киев  митрополитетін 

Константинопольдің  қарауынан 

күшпен шығарып, Мəскеу патри-

архатына бағындырды. Украина 

тəуелсіздігін алған соң ғана Ыс-

там бұлдағы  православиенің 

Əлемдік патриархы Варфоломей 

бұл  істі  айыптап,  мəлімдеме 

жасаған.  1700  жылы  ОПШ  па-

триархы Адриан өлген соң І Петр 

патша  жаңа  патриарх  сайлауға 

тыйым салып, дінге «Басқарушы 

синод» жетекшілік ететін қылды. 

Шын  мəнінде,  ол  мемлекеттің 

басқару  органдарының  біріне 

айналып, «ең жоғарғы судьясы» 

императордың  өзі  болып,  1918 

жылға  дейін  өзгермей  келді. 

Мемлекет  шіркеуді  мемлекет 

тара пынан  қаржыландырып  та 

отыр ған. Мəселен, тек 1917 жы-

лы  оның  қажеттіліктері  үшін 

қазынадан  65,3  млн.  рубль  бө-

лінген.  Миссионерлік  қадам-

дарын да жан-жақты қолдаған.

Кеңестік кезеңде патриарх сай-

лау қайтадан қолға алынғанымен 

оның  өмірі  ұзаққа  барған  жоқ. 

1925  жылы  Патриарх  Тихон 

өлген соң оның орнына басқасын 

сайлауға  билік  рұқсат  бермеді. 

Керісінше,  дін  қайраткерлері 

қудаланып, Лениннің «дін – апи-

ын» деген ұранымен ол белсенді 

өмірден  жаппай  шеттетіле  бас-

тады.  Епископтар  мен  свя щен-

никтердің  негізгі  бөлігі  атылды 

немесе  концлагерьлерге  айдал-

ды.  Тек  соғыс  жылдары  ғана 

ОПШ-ға деген көзқарас біршама 

өзгеріп,  Мəскеу  патриархаты 

құрылған. Барлық дін басшылары 

арнаулы қызметпен істес болуға 

келіссе ғана қызмет ете алатын. ІІ 

Алексийдің өзі артынан КГБ-мен 

байланыста болғанын өкінішпен 

еске  алып,  діндарлардан  осы 

ісі үшін кешірім сұраған. ОПШ 

қазір  2000  жылы  қабылданған 

жарғысының  негізінде  жұмыс 

істейді.

Ұстанушыларының саны көп 

жəне  Ресей  билігімен  тығыз 

бай  ланыста  болғандықтан  ғана 

ОПШ-ның  ықпалы  мен  беделі 

артық  саналады.  Əйтпесе,  ол 

пра вославиенің орталық өкілдігі 

емес,  тек  жоғарыда  біз  айтқан 

15 жергілікті яғни «поместный» 

шіркеулердің біріне жатады.

Қазір  Ресей  əлемдік  оқшау-

лану  жағдайында  өмір  сүріп 

жатыр.  Осындай  жағдайда  қа-

сарысу  тоңын  сəл  жібіту  үшін 

билік  Ватиканның  ықпалын 

пай даланғысы  келетін  сияқты. 

Сондықтан  да  Ресей  Патриарх 

Кириллді  Папамен  кездесуге 

жіберген.  Кездесудің  негізгі 

мақсаты  осы  екенін  көптеген 

сарапшылар  мен  дінтанушылар 

айтуда.  Ресей  билеушілерінің 

ойында  Кубаны  оқшауланудан 

шығаруға  ықпал  еткен  Ватикан 

Ресейге  қатысты  қалыптасқан 

томаға-тұйықтықты  таратуға  да 

əсер етер деген үміт бар сияқты. 

Оның қаншалықты нəтижелі бо-

ларын алдағы күндер көрсетер.

Екі дінбасы қол қойған декла-

рацияда Украинадағы, Сириядағы 

жəне  Ирактағы  қантөгісті  тоқ-

татуға үндеу жарияланған. «Жақ-

сы  соғыстан  жаман  бейбіт  өмір 

артық» дегендей, Құдайдың хақ 

жолын уағыздаймыз дейтін дін-

басылар бейбітшілік үшін əрекет 

ететін болса, өз елдерінің билігін 

осыған үндейтін болса жəне басқа 

конфессиялармен осы іс жолын-

да ынтымақтасатын болса – одан 

артық  ештеңе  болуы  мүмкін 

емес.  Қазақстан  Президенті 

Н.Ə.Назарбаев  та  осы  идеяны 

үнемі  айтып,  дін  иелерін  дəл 

осы мақ саттар үшін бір үстелдің 

басына  жинап  жүр  емес  пе? 

Бəлки,  Астанада  өтіп  жүрген 

Əлем дік  жəне  дəстүрлі  діндер 

съездерінің тасқа тамған тамшы-

дай əсерінің арқасында осындай 

тарихи кездесулер болып жатқан 

шығар. Халық «тамшы тас жарар» 

дегенді  бекер  айтқан  жоқ  қой. 

Хақ жолы барлық көршілеріңмен, 

алыс əріптестеріңмен бейбіт өмір 

сүріп, тату, төзімді болу екендігі 

болса жəне соған жету жолындағы 

идеялар бізден тарап жатса, оған 

қуанышпен қарауымыз лəзім.



Мұрат САБЫР, 

филология ғылымдарының 

докторы, профессор.

Қазақ  əдебиетін  байытқан 

«Аққу  сазы»,  «Қайырлы  түн», 

«Екі басқа дүние», «Толқын мен 

ағын», «Өз жүрегіңе үңіл», «Тұман 

ішін дегі көш» сияқты əңгіме, хи-

каят артына қалдырған шұрайлы 

қазына  болды.  «Ғұмырнамалар 

мен  ғибратнамалар»  танымдық 

кітабының  ғылыми  маңызы  зор. 

«Жазықсыз тамған жас» атты пье-

сасы  республика  театрларының 

сахнасында  қойылды.  Орыс 

тілінде  «Пробный  камень»  атты 

кітабы  басылды.  2001  жылы 

«Тұ  ман  ішіндегі  көш»  романы 

үшін  халықаралық  «Алаш»  əде-

би  сыйлығын  алды.  2003  жылы 

жа рық  көрген  «Əйтеке  би»  та-

рихи-философиялық  дилогия сы 

жазушы  шығармашылығының 

шыңы.  Егер  қазақ  əдебиетінің 

ел дік жыл дардан бергі кезеңін – 

тəу елсіздік  тұсындағы  табысы-

мыз  деп  даралайтын  болсақ,  сөз 

жоқ  М.Есламғалиұлының  шы-

ғар машылығынсыз  елестету 

мүмкін емес секілді. Осы бір етек-

жеңімізді жинап, бар-жоғымызды 

түгендеген кезде шұрайлы дүние-

лерімен қазақ əдебиетіне Мұқадес 

те олжа салды. 

«Тұман  ішіндегі  көш»  рома-

нын тағы бір қайталай оқығанда 

байқағанымыз  тəуелсіздіктің 

ал ғашқы  жылдарындағы  өлара 

кезең, қоғамдағы сан қилы өзгеріс 

жазушының жүрек сүзгісінен өтіп, 

санасын сілкіп, тəнін тітіркендіріп 

жазбауға  мүмкіндік  болмағасын 

жазғанын  байқаймыз.  Қаламгер 

«адам жанының инженері екен-ау» 

деп қол қоямыз. 

Тұман  ішіндегі  көштің  қата-

рында кім жоқ дейсің? Өзі туралы 

кітап  жаздырғысы  келетін  Төре-

мұрат,  сөз  жоқ,  бүгінгі  Қазақ-

станның адамы. Ол үшін дүниеде 

сатылмайтын  ештеңе  жоқ.  «... 

Мына кейуана тірлікте «сат» деген 

сөздің жалғыз сыңары – сатып ал! 

Оның қитұрқысына бұл сияқтылар 

кеще.  Оған  сұңғылалар  –  əлгі 

Төремұрат сықылдылар. Заманның 

құрсағында  жаралып,  кіндігін 

уақыттың өзі кескендер, əне, солар. 

Бүгінгі күннің мыр залары да солар. 

Олардың ұғы мында, Алланың нұр 

пейілінен жаралған пендесінің ең 

асылы – жаны мен арының бағасы 

да солардың қалтасында, солардың 

құзырында...».  Бұл  да  нарықтық 

қатынастармен  кірген  «арыңды 

сатсаң да ақша тап» дейтін сасық 

пиғыл, қорқау күнкөріс.

Бір редакцияда жұмыс істейтін 

адамдар əртүрлі. Ісі мен ойы қа-

быспайтын  Далбай,  баласы  шет-

елге  қашқан  Қуангерей,  тілінің 

тікені  бар  Есімхан  –  бір-біріне 

қарама-қайшы  кейіпкерлер.  Ше-

неуніктер  Төрежанов  пен  Кү-

дербаев өмір бойы бақталас, тақ-

талас,  мақсатқа  жету  үшін  еш 

нəрседен  тайынбай тын  жандар. 

Тəуелсіз газет шығарып, əртүрлі 

кедергілерге  тап  болып  жүр ген 

Игісін ішкі қырындысын ақта рады: 

«Əуелден де ауқатты мен бай дың 

көлеңкесін  сағалайтын  қазақты 

үш ғасырлық отарлаудың қоқан-

лоқысы еңсесін езіп жіберген бе 

деп қорқам. Рухы езілген халық – 

жалтақ. Жалтақ адам өзіне берілген 

еркіндікке  де  еркін  қожалық  ете 

алмайды. Ол əлі де күштіні тори-

ды.  Соның  көлеңкесінен  кеткісі 

келмейді....».  Бұл  да  көкейкесті 

тұжырым.  Саяси  тəуелсіздікке 

жеттік, енді рухани тəуелсіздікке 

жетер ме екенбіз деген аңсар. 

Аурухана төсегінде таңылған 

Берекенің  санасы  сергек.  «Пы-

шаққа»  тусуге  дайындалып  жа-

тыр.  Фəни  мен  бақидың  арасы 

жақын  сияқты.  Қатын-баласына 

ақыл айтуға қашқақтайды. Өзінің 

ойы: «Кешкен ғұмыры өсиет пен 

өнегеге жарамаса, жантəсілім ал-

дында  бір-ер  ауыз  сөзің  –кімге 

азық,  кімге  мұра?...».  Бұл  да  ай-

дай ақиқат. 

Саналы ғұмыр кешкен Береке 

тірлік деген жарық сəулені ұмы-

тып  қалмайын  деп  талпынады. 

Ұйықтататын дəрі қалың ұйқыға 

əкетіп барады. Түсі ме, өңі ме шұ-

балған көштің ішінде жүр. Көштің 

арманы, мақсаты Жер жəннатын 

көру. Көшті тұман басты, көштің 

іші айқай-шу, даң-дама, алас-күлес.

«Тұман  ішіндегі  көш»  –  пси -

хологиялық  иірімдері  мол  шы-

ғарма. Қоғамдағы өзгерістер адам 

санасына да салмақ түсіріп, өмір 

сүру  шарттары  өзгергендігін 

дəйекті  көрсете  білген.  Көш  – 

адамзат  көші,  қазақтың  көші. 

Тұман  басқанмен,  сейіледі.  Көш 

бағдары  Жерұйық  көкжиектің 

астында тұрған сияқты.

Жазушының əлі толық бағасын 

алмаған шығармасы «Əйтеке би» 

тарихи-философиялық дилогиясы 

деп білеміз. Профессор Се рікқали 

Шарабасов: «Əйтеке би» романы 

–  жазушының  емес,  ғасырларға 

салмақ, қазіргілерге қиын жұмбақ 

–  ұлан-ғайыр  феномен»  деп 

тұжырым білдірген еді. Шынында 

да қазақ əдебиетінде бұрын-соңды 

би-шешен  тұлғасы  толық  дəл 

осы  туындыдағыдай  суреттеле 

қоймаған  еді.  Бидің  қоғамдағы 

орны тек сөз саптау ғана емес, ел 

үшін тер төккен саясаткер, қоғам 

қайрат кері болғандығы. Билік пен 

халық  арасындағы  елші,  қалың 

бұқа раның  мұң-мүддесін  ханға 

тікелей,  қорғаламай  өз  аузынан 

айта алады. Хан да Алаш биінің 

көрегендігін,  əділдігін  бағалап, 

онымен санасып отырады. Бидің 

басты  артықшылығы  артына  ер-

ген халқы, алдындағы сөз түсінер 

сұңғыла ханы. Əйтеке би – ел ада-

мы,  көрген-білгені  мол,  зерделі 

жан.  Ұрысқа  түссе  –  жаужүрек 

батыр, дауға түссе – тілі алдаспан. 

Бұрынғы кеңестік дəуірде «хан 

дегеніміз  –  халықтың  қанын  со-

рушы,  би  дегеніміз  –  хан  мен 

байлардың сойылын соғушы» де-

ген  тұжырымға  мойын  ұсынып 

келдік. Ал шығармадан білгеніміз: 

би  –  аузынан  батасы  түспейтін, 

ауыл  күзетіп,  ас  бағып  отырған 

шал емес, үнемі ат үстінде жүре-

тін,  дау  келсе  шешетін,  сонау 

шы ғыс ғұламаларының білімінен 

сусындаған, қазақтың арғы-бергі 

тарихын, салт-дəстүр, дала заңын 

терең игерген, алыс-жақын көрші 

елдердің мақсат-мүддесін, пиғылын 

жетік білетін білікті жан, жау кел-

се атқа мініп шабуылға шығатын 

батыр, қазақ қауымын жан-жақтан 

торлаған естек, түркіменге, Хиуа, 

Бұқара əмірлеріне, ежелгі жау қал-

маққа елші болып бара алатын, хан 

атынан сөйлейтін саяси өкіл. Қазақ 

«қол бастау қиын емес, көк найзалы 

ерің болса, көш бастау қиын емес, 

артыңа  ерер  елің  болса,  бəрінен 

шаршы топта сөз бастау қиын, та-

уып айтсаң мереке қылады, тап-

пай айтсаң келеке қылады» дейді. 

Сөз – құдірет. Сөз – құйын үйіреді. 

Ерді ұшпаққа жеткізетін де сөз, ба-

сын жерге түсіретін де – сөз. Сөз 

саптап  атқа  мінген  бидің  аузы-

на хан да қа райды, халық та үміт 

күтеді, жау да сескенеді, даугер де 

тоқтайды. Əйтеке бидің мақсаты 

біреуді  сөзбен  тоқтатып,  мұқату 

емес, ел бірлігі, ел қамын ойлаған 

ханның амандығы, қарашаның мұң-

мұқтажы, қазақ жеріне жау атының 

тұяғын тигізбеу. Сондықтан да ол 

еркін сөйлейді:

«Биік тұрсын десек Туымыз, 

Өрт шалмасын десек нуымыз,

Біз үш жүз керіспейік, келісейік,

Керістің арты қызыл шоқ.

Керісе қалсақ үшеуміз,

Бірлік те жоқ, елдік те жоқ.

Өзгеменен теңдік те жоқ,

Əркім бір сарып басыңа,

Аяқ асты қалармыз.

Қатыннан əрмен дауыс қып,

Қаралы жоқтау салармыз...».

Шығармадағы ХVІІ-ХVІІІ ға-

сыр ларда есімдері аңызға айналған 

Тəуке хан, Төле би, Қаз дауысты 

Қазыбек  би,  Əнет  баба,  Мəті, 

Бол пыш,  бас  кейіпкер  Əйтеке 

бидің  көрегендігі,  даналығы, 

шешен дігі,  сұңғылалығы  көр-

кем  сөзбен  əдемі  өрілген.  Ал 

шын дығында  бұл  сөз  көркемдігі 

жазу шының  қолтаңбасы  екені 

анық.  Мұқадес  те  сол  билердің, 

даналардың  деңгейінен,  солар 

шыққан  биіктен  тұрып,  сөз  сап-

тайды,  таңдайыңа  бал  салғандай 

ділмарлықпен оқырманды кəусар 

тұныққа  жетелейді,  шалқар  ай-

дынға шығарады. Хан мен бидің 

сұхбатында  ханның  өткір  сауал-

дарына  тұшымды  жауап  берген 

би  сөзі  –  жазушының  жүрегінен 

шыққан сөз. Кейіпкер мен автор 

бір тұлғаға айналған. Мəселен,

«Хан:  – Би, ел неге азады, ер 

неге азады?

– Ер азса, сенімді серігін тап-

паған шығар, Ел азса, білікті бас-

шысын таппаған шығар.

–  ...бірлік  жөнінде  не  айтар 

едің?


– Бүкіл түркі жұртын екі туып, 

бір қалғандай етер ем. Сосын арыс-

тан Ресей мен аю шүршіттің орта-

сында жонымыз күдірейіп, жолба-

рыс боп біз жатпас па ек...

– Елді қалай басқару керек деп 

ойлайсың?

–  Раймен.  Ыммен.  Алысты 

көре білумен. Сосын бұрынғылар 

елді қорқытып басқарма, оқытып 

басқар деген тəлім қалдырыпты...».

 «Атасы басқаның арасынан дау 

шықпасын  деп,  ауылы  басқаның 

арасынан  жау  шықпасын  деп, 

ағайын арасынан əділет қашпасын 

деп,  айналасын  əбілет  баспасын 

деп, жетімім ешқашан жыламасын 

деп, жерімді жау жағаламасын» деп 

өмір сүрген тарихи тұлғалардың 

ғибратын бү гінге жеткізген «Əй-

теке  би»  дилогиясы  тарихи  та-

нымдық, эт номəдени құндылығы 

аса зор дүние. Азат оймен, сергек 

санамен,  ұлан-ғайыр  ізденіспен, 

ұлт тық өремен, елдік ұстаныммен, 

ащы шындықпен, тарихи деректер-

мен сəйкестіріліп жазылған, тəуел-

сіздік жылдарындағы қазақ əде бие-

тінің ең бір тамаша тұмар кі табы.

Ғұмыр  бойы  қазақтың  сөз 

жауһарын  теріп,  қос  қанатын 

(жур налистік  жəне  жазушылық) 

құлаш тай керіп, ардың ісі əдебиет-

тің жоғын жоқтаған, даналар, би-

лер, хандар, шешендер ғұмырын 

ғылыми тұрғыдан зерттеген Мұ-

қадес бір кезек өзі де биге айнал-

ғандай болады. Билер өтті, би сөзін 

тірілткен  Мұқадес  десек  артық 

болмас. 


Əне  бір  жылдары  Əбілқайыр 

хан  туралы  айтып  шулаған  бір 

топқа «елді адастырмаңдар, тарих-

ты  бұрмаламаңдар»  деп  төрелік 

айтқан  да  Мұқадес  екені  есте. 

«Əбілқайыр хан» еңбегінде оның 

өз  заманының  қайраткері,  елдің 

ері екендігін, аса ірі саяси тұлға 

болғанын бұлтартпас уəждермен 

дəлелдеп, пəтуалы тұжырым жаз-

ды. Тарихи тұлғалар жайында жа-

зуда  рулық,  аймақтық  тұрғыдан 

емес,  елдік,  ұлттық  көзқараспен 

келіп,  ыждағатты  зерттеу  керек 

екендігін көрсете білді. 

Сонымен  қатар,  «Əйтеке  би» 

романы  қазақ  əдеби  тілін  байы-

татын  тың  тұрақты  тіркестерге, 

шешендік, қанатты сөздерге толы. 

Ел ұмытқан көне сөздер де көптеп 

ұшырасады.  Мəселен,  «анжы-

қосымша  айып  ақы»;  «саһары 

– аққудың еркегі»; «алапай-жау-

гер шіліктегі  олжа»,  «лектір-Қы-

тайдың  «дивархан»  атты  тас  ат-

қыш  құралының  жеңіл  түрі», 

«азына  күні-жексенбі»;  «төрт 

тірек-əр рудың биі, мырзасы, пірі, 

батыры», т.б. Болашақта жазушы 

шығармаларының тілін зерттеудің 

өзі сұранып-ақ тұр.

Міне, Ақ Жайықтан ұшқан ақ 

сұңқар қаламгер, Оралдан Алма-

тыға арман қуып, мақсат бекітіп 

сапарға  шыққан  ақ  көйлек  аза-

мат, өз міндетін адал атқара білді. 

Қазақ  əдебиетінің  көшінде  Қыз 

Жібектің  көшіндей  сыры  терең, 

сырлы көш Мұқадес көші де кетіп 

барады.  Көштің  маңдайы  ашық, 

жүзі жарқын, бағыты –Жерұйық. 

«Өз ұлын, өз ерлерін ескерме-

се,  Ел  тегі  алсын  қайдан  ке мең -

герді»,  –  деп  Ілияс  Жансү гіров 

ақын айтқандай, өз жақ сы мызды 

құрметтейік.  Орал  өңірі,  Сырым 

ауданы Мұқадес Ес ламғалиұлының 

туған жері, ұшқан ұясы. Жазушының 

атын мəңгі есте қалдыру үшін мек-

тепке  не  кітапханаға  атын  беру 

күн тəртібінде тұрған мəселе. Осы 

ұсыныс орындалса, ұрпақ алдын-

да, аруақ алдында жүзіміз жарқын 

болары хақ.



Орал қаласы.



 Есімі елдің есінде



 Діндер жақсылыққа үндер

Аќиќаттыѕ 

аѕсары




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет