№32 (28760) 18 АҚпан бейсенбі 2016 жыл бїгінгі нґмірде: 7-бет 8-бет 10-бет


Өткен аптаның аяғында Куба астанасында соңғы мың жылдықтағы тари-



жүктеу 4.84 Mb.
Pdf просмотр
бет7/41
Дата06.03.2017
өлшемі4.84 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41

Өткен аптаның аяғында Куба астанасында соңғы мың жылдықтағы тари-

хи оқиға болып өтті. Бүкіл христиан əлемі бұл оқиғаға зор мəн беріп, қатты 

дүрлікті. 266-шы Рим Папасы Франциск пен Орыс православие шіркеуінің бас-

шысы Патриарх Кириллдің кездесуі мүмкін еместі мүмкін еткендей орасан мəнді 

жай екені талас тудырмайды.

ПƏТУА


Қазақ «алтын пышақ қын түбінде жатпас» 

деп тегін айтпаса керек-ті. Оны ерте ме, кеш 

пе елі таниды, іздейді, жоқтайды, аруағын 

асқақтатады. Сондай жайсаңымыздың 

бірі –жазушы Мұқадес Есламғалиұлы. 

Артқы жасқа рухани азық қалдырып, 

адамгершіліктің ақ туын, көштің бет-

бағдарын көрсетіп кеткен алдыңғы 

жақсының бірегейі, бүгінде тірі болса 70 де-

ген асқаралы жасқа келетін Мұқадес еді. 

58 жыл ғұмыры өмірге келу, өсу, оқу, тоқу, 

жазу, жетілу, бай мұра қалдыру, т.б. өтті. 

Мыѕ жылдан кейінгі кездесудіѕ маѕызы неде?



Осындай  тарихи  оқиғадан  қандай  тағылым  алуға  болады? 

«Діндер жақсылыққа үн дер» – «Егемен Қазақстан» газеті ай дар -

ларының бірі осылай аталады. Иə, қай дін де адамдар ды жақ-

сылыққа  үндейді.  Христиан  дініндегі  екі  тармақ  басшы лары-

ның  бұл  кездесуі  мұсылман  бауырларымызды  да  ойландырса 

дейміз.  Сүннит  пен  шиит  болып  бөлініп,  қырқысып  жатқан 

мұсылмандар аз емес мына əлемде. Бəріміз де Алланың перзентіміз, 

Пайғамбардың үмбе тіміз деп мұсылман дінінің басшылары да 

осындай пəтуаға келсе ғой, шіркін!

18 ақпан 2016 жыл

www.egemen.kz

9

Егер сіз «Егемен Қазақстан» 

газетіне жарнама бергіңіз келсе

мына телефондарға 

хабарласыңыз:

Астана тел/факс 37-64-48, 37-60-49. 

Электронды пошта: 

egemen_adv@mail.ru.

Алматы 273-74-39, ф. 341-08-11. 

Электронды пошта: 

gulnurekkz@mail.ru.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ ситетінің ұжымы  жалпыуниверситеттік саясаттану 

жəне əлеуметтік-философиялық пəндер кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ғизаттула 

Хаймолдаұлы  Халидуллинге ағасы 



БАЙҒАЛИДЫҢ

қайтыс болуына байланысты   қайғысына ортақтасып көңіл айтады. 

Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық универ ситетінің ұжымы экономика ғылым дарының докторы, 

профессор Рахиля Өмір зақ қызы Рахметоваға анасы



Дариха АҒЫБАЙҚЫЗЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Қарағанды мемлекеттік медицина институтында 1992-1998 жылдары бірге оқыған курстастары жəне 

жолдастары Қазақ стан Республикасы Денсаулық сақтау жəне əлеуметтік даму министрлігі Медициналық 

көмекті ұйымдастыру депар таментінің басқарма басшысы Нұрлан Икрамұлы Қыдырбаевқа əкесі 

Икрам ҚЫДЫРБАЕВТЫҢ

өмірден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып көңіл айтады.



«Қазақстан Халық Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген 

тұлғасы мына мүлікке сауда-саттық жариялайды:

Лот №1 – Жер телімі, жалпы алаңы 1,303 га кадастрлық нөмірі 20-

315-015-3957,  орналасқан  мекенжайы:  Алматы  қаласы,  Медеу  ауда-

ны, Бекхожин көшесінен оң жақта, Қармысов көшесінен шығыс жақта, 

Көшкінов көшесінен сол жақта.

Бастапқы баға – 963 869 000 (тоғыз жүз алпыс үш миллион сегіз жүз 

алпыс тоғыз мың) теңге. 

Сауда-саттық əдісі – ағылшын. 

Кепілді жарна бастапқы бағаның 10%-ын құрайды.

Бастапқы бағаның 10% мөлшеріндегі кепілді жарна «Қазақстан Халық 

Банкі»  АҚ-тың  сенім  білдірілген  тұлғасының  шотына  енгізілуі  тиіс, 

төменде көрсетілген деректемелер бойынша. 

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 

1004-бөлмеде 2016 жылғы 29 ақпанда сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер үшін қажетті құжаттардың тізімін 

алуға сенім білдірілген тұлғаға хабарласу керек.



Сауда-саттық ағылшын əдісімен 2016 жылғы 1 наурызда сағат 

10.00-де мына мекенжайда болады: Алматы қ., Абай д-лы, 109 «В», 

1000-бөлме. 

Сауда-саттық аяқталғаннан кейін түпкілікті баға ұсынған сауда-саттық 

қатысушысы банктің чек түріндегі немесе Қазақстан Республикасының заң-

намасында белгіленген басқа қолма-қол ақшаның толық көлемінде сатып 

алу сомасын бес жұмыс күні ішінде есеп айырысу тəсілімен енгізуі қажет. 

Сенім  білдірілген  тұлғаның  деректемелері:  «Қазақстан  Халық 

Банкі» АҚ-тың сенім білдірілген тұлғасы Шаймерденов Бақытжан 

Сембекұлы, Алматы қ., Абай д-лы, 109В, шот KZ 406010011286000046, 

БИН HSBKKZKX, СТН 600200048129, Кбе 14.

Сауда-саттық өткізу мəселесі бойынша анықтама алу телефонда-

ры: 8 (727) 330 17 83, 330 17 57.

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы тұрғындарының назарына

Түркістан қаласы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу кезегінде 

24382 азаматтардың тізімдері тіркелген. Қала азаматтарына 2007 жылдан бері жеке тұрғын 

үй құрылысына жер учаскелері берілмеген, себебі қаланың бас жоспары бекітілмеген бола-

тын. ҚР Үкіметінің 30.06.2011 жылғы №735 санды қаулысына сəйкес Түркістан қаласының 

бас жоспары бекітілді.

Осыған  орай,  қала  əкімінің  тапсырмасына  сəйкес  қала  аумағында  жеке  тұрғын  үй 

құрылысына жер учаскесін алу үшін кезекте тұрған азаматтардың құжаттары қайта қаралып, 

талдау жұмыстары жүргізілуде. 

Осыған байланысты жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер кезегінде тіркелген азаматтардың 

тиісті  құжаттармен  (жеке  куəліктерінің  көшірмесі,  қалалық  жер  кадастр  бөлімшесінен 

мемлекеттік  акті  алған  немесе  алмағандығы  туралы  мəлімет,  халыққа  қызмет  көрсету 

орталығынан жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама) Түркістан 

қаласы қала əкімдігінің ауыл шаруашылығы жəне жер қатынастары бөліміне 2016 жылдың 

7 (жеті) наурызына дейін тапсыруларыңызды сұраймын.

Аталған мерзімде азаматтардың тиісті құжаттары тапсырылмаған жағдайда, жер кезегінен 

қолданыстағы заңдарға сəйкес шығарылатындығын хабарлаймын.

Мекенжайы: ОҚО, Түркістан қаласы, Қожанов көшесі, №42.

Анықтама телефондары: 8 (72533) 33533, 33520.

Ауыл шаруашылығы жəне жер қатынастары 

бөлімінің басшысы  Қ.Үсенбаев.

«№405  Авиажөндеу  зауыты»  акционерлік  қоғамы,  орналасқан  ме-

кенжайы: ҚР, Алматы қ., Ахметов к-сі, 17, қоғамның «Евро Центр Астана» 

АҚ-пен  «Евро-Азия  Эйр  Интернейшнл»  АҚ-тың  акцияларының  он  жəне 

одан көп пайыздарын иеліктен айыру туралы мəміле жасағандығы жөнінде: 

Директорлар кеңесі 2016 жылғы 10 ақпанда шешім қабылдағаны туралы өз 

кредиторларына жəне акционерлеріне хабарлайды. 



Кредиторлар мен акционерлер қызықтыратын ақпарат мына телефон 

арқылы беріледі: 8 (727) 246-60-43, қосымша 147.

Акционерное  общество  «Авиаремонтный  завод  №405», находя-

щееся по адресу: РК, г. Алматы, ул. Ахметова, 17, информирует своих 

кредиторов и акционеров о принятии 10 февраля 2016 года Советом 

директоров решения:  о заключение сделки об отчуждения обществом 

десяти и более процентов акций АО «Евро-Азия Эйр Интернейшнл», с 

АО «Евро Центр Астана». 



Интересующая кредиторов и акционеров информация предостав-

ляется по тел. 8 (727) 246-60-43, доб.147.

«Крафт» ЖШС 2016 жылғы 

4 наурызда сағат 10.00-де СҚО, 

Аққайың  ауд.,  Тоқушы  а., 

«Крафт» ЖШС кеңсесінің ғима-

ратында кезектен тыс жалпы жи-

налыс өткізу туралы хабарлайды.



Күн тəртібі:

1.  «Крафт»  ЖШС  атқарушы 

органы  –  директорын  сайлау 

туралы.


«Мадина» ЖШС 2016 жылғы 

4 наурызда сағат 10.00-де СҚО, 

Аққайың ауд., Тоқушы а., кеңсе 

ғимаратында кезектен тыс жал-

пы жиналыс өткізу туралы ха-

барлайды.



Күн тəртібі:

1. «Мадина» ЖШС атқарушы 

органы  –  директорын  сайлау 

туралы.


В связи с утерей считать недействи-

тельным кассовый аппарат Меркурий-

115Ф, заводской номер 1207237, год 

выпуска 2011, зарегистрированный на 

ЖК Бердеш Г. (ИИН 781004450028).

В связи с утерей считать недействи-

тельным кассовый аппарат Меркурий, 

заводской номер 00133750, год выпу-

ска 2006, зарегистрированный на ИП 

Кожахметову М.Т. (ИИН 630626450156).

Аягөз қаласының тумасы Əнуар-

бек  Бимұрзин  –  бүгінде  Қазақ-

станға танымал азамат. Ауыл шаруа-

шылығы саласының белді маманы, 

кəсіпкер.  Тек  кəсіпкер  ғана  емес, 

меценат. Ол орта мектепті бітірген 

соң Алматы малдəрігерлік институ-

тына түсіп, 1976 жылы ойдағыдай 

тəмамдады. Жақсы оқуымен көзге 

түскен жас жігітті оқытушылар атал-

мыш оқу орнына қалдырды. «Ауыл 

шаруашылығы  мал  анатомиясы» 

кафедрасында ассистент болып бес-

алты жыл қызмет еткен соң академик 

Зейнолла Қожабековтың тапсырма-

сымен сол кездегі Семей облысының 

Аягөз  ауданындағы  Мыңбұлақ 

кеңшарында қалдықсыз өнім əдісі 

бойынша  жаңа  технология мен 

жұмыс  жасайтын  шаруашылық 

құру мəселесімен туған жеріне ке-

ліп  жемісті  еңбек  етті.  Жас  жігіт 

өзі не  тапсырылған  істі  абырой-

мен атқарады. Асыл тұқымды мал 

өнімінің көрсеткішін көтерді. Осы-

ның  нəтижесінде  Əнуарбек  Би-

мұрзин 1987 жылы Алматыға қай  -

та шақырылып, мемлекеттік агро -

өндіріс  басқармасына  жұмысқа 

келді. 


1989 жылдан бастап ол халық-

аралық қатынас саласында елеулі 

жұмыстар атқарады. Бірнеше жыл 

Үрімші қаласында тұрып Қазақстан 

мен  Қытай  арасындағы  барыс-

келіс  енді-енді  басталған  шақта 

соның ілгері жүруіне атсалысты. Ел 

тəуелсіздігін алған тұста «Қорғас», 

«Достық», «Бақты», «Майқапшағай» 

кеден бекеттерінің ашылуына, мал 

шаруашылығына  қатысты  екі  ел 

арасындағы мəмілелер барысында 

байыпты жұмыстар атқарды. 

Кейіпкеріміз  осындай  жұмыс-

тарды  атқара  жүріп,  бертін  келе 

мəдени  мұраларды  қорғау,  тари-

хи  орындарға  тағзым  ету  акция-

ларына  қатысуды  өзінің  парызы 

санай  бастады.  Сөйтіп,  Əнуарбек 

Нұржауұлының  ұйытқы болуымен 

бірнеше жобалар қолға алынып, сəтті 

аяқталды. Бабалар рухына тағзым 

етуші азамат 1996 жылы атақты ақын 

Əріп Тəңірбергеновтің 140 жылдық 

тойын  өткізуді  мойнына  алып, 

ғылыми-практикалық конференция 

ұйымдастыруға мұрындық болды. 

Оған Қайым Мұхаметханов, Қабдеш 

Жұмаділов,  Тұрсынбек  Кəкішев, 

Рымғали  Нұрғалиев,  Несіпбек 

Айтұлы, Серік Негимов, Қажытай 

Ілиясов сынды белгілі тұлғалар келіп 

қатысқан еді. Ол тұста қазіргідей ат-

шаптырым  мейрамхананың  кем-

шін  кезі.  Сондықтан,  Аягөздегі 

гимназияның  500  адамдық  үлкен 

залы жөнделіп, сол жерге ас берілді. 

Соңынан  ат  шаптырылып,  бəйге 

ұйымдастырылды. Бұл өтпелі шақ-

тың өлара тұсындағы аласапыран 

ауыртпалықтан  күйзеліп  жүрген 

жұртшылық үшін үлкен қолдау, де-

меу болған еді. Елдің рухани жан- 

дүниесі  бір  серпіліп,  елдігіміздің 

еңсе көтеретінін айғақтайтын шара 

болғаны рас. 

«Əр қазақ – менің жалғызым» 

атты  ұстанымды  ту  еткен  осынау 

жігіт ағасының жасап жатқан абы-

ройлы да ауқымды істері атан өгізге 

жүк  болардай.  Атақты  Ақтайлақ 

пен Байғара билердің мазарларын 

көтеруге  атсалысқан  Əнуарбек 

Нұр жауұлының абыройы тағы бір 

аспандады. Бұл жолы он екі қанат 

ақ  орда  тігіліп,  үлкен  ас  берілді. 

Аламан бəйге сөресін ауыздығымен 

алысқан Диана атты тұлпар келіп 

қиды. Бір қызығы, жүзден жүйрік 

атанған сəйгүлікті баптаған өзінің 

немере бауыры Елдос Амангелдіұлы 

Бимырза еді.

Қазақтың «өлі разы болмай, тірі 

байымайды»  деген  мақалы  тегін 

емес. Айта кетерлігі, Əнекең 2006 

жылы да Əріп Тəңірбергеновтің 150 

жылдық мерейтойын өткізіп, оның 

кесенесін толық көтеріп, бітіруді өз 

мойнына алып,  абыроймен атқарып 

шықты.  Қазіргі  Еңірекей,  Ащысу 

бойында  биіктігі  24  метр  болып, 

бой  көтеріп  тұрған  зəулім  кесене 

сол жұмыстың жемісі. Ас беріліп, ат 

шаптырылды, балуан күресі болды. 

Жүлдесі де қомақты болғанын айта 

кеткен орынды. 

Ал Ер Жəнібектің кесенесі Жар-

ма ауданының Ортабұлақ елді меке-

нінің  маңайында  батыр  бабаның 

туғанына 300 жыл толу құрметіне 

бой  көтерген  болатын.  Онда  да 

Əнуарбек Бимұрзинның қолтаңбасы 

бар. Кесененің биіктігі 47 метр бол-

са,  іргесіндегі  Жəнібек  батырдың 

ескерткіші де асқақ, тұғырымен 11 

метрге жетті. Бұл архитектуралық 

ансамбльді толық басқарып бітірген 

меценат Əнуарбек Бимұрзин десек, 

одан басқа түрлі жұмыстардың иесі, 

кəсіпкер  Қанат  Сүлейменов  бол-

ды. Ал кесененің сызбасын белгілі 

сəулетші Шаймұрат Өтепбаев жа-

сады. Сол жолы Семей мемлекеттік 

педагогикалық институты даңқты 

қолбасшы Ер Жəнібектің ескерткіш-

кесенесінің ашылуына орайласты-

рып «Қазақ халқының жауынгерлік 

дəстүрі жəне ұлттық құндылықтарды 

қалыптастыру» атты халықаралық 

ғылыми-практикалық конференция 

өткізді. Оған алыс, жақын шетел-

дерден  тарихшы-ғалымдар  келіп, 

баяндамалар жасады. 

– Мүсінді Қытай Халық Респуб-

ликасында  жасаттырдық,  –  дейді 

Əнуарбек  Нұржауұлы.  –  Олар 

оны  Қытай  астанасы  Бейжіңнен 

əрі  300  шақырым  жердегі  қалада 

үш айдың ішінде жасап бітті. Қар-

жылай  қолдау  көрсеткен  Дəулет 

Тұр лыханов пен Қанат Сүлейменов 

бауырларым болды. Алайда, еңселі 

ескерткішті елімізге қарай, шекараға 

жеткізу  көптеген  қиыншылықтар 

туғызды. Осы кезде тəуелсіздіктің 

алғашқы  жылдарында  өзім  қол 

ұшын созған, маған рухани жақын 

бауырлар көмектескенін айта кет-

кенім  лəзім.  Сонда  қазақ  деген 

ұлт тың ұйымшылдығына, ата-баба 

дəстүрін сақтауда беріктігіне тəнті 

болған жайым бар. Баршасына риза 

көңілімді білдіргім келеді. Оларға 

Алла қуат берсін. Сондай-ақ, Шың-

жаңдағы мал шаруашылығын бас-

қарған Талаш деген ағамызға, Же-

ңіс  атты  бауырымызға,  тағы  да 

көп теген жанашыр жандарға алғыс 

айтамын. 

Əнуарбек Бимұрзин тек бабалар 

рухына тағзым етіп, олардың басын 

көтеріп қана жүрген жоқ. Ол қадари-

халінше əр жерде демеушілік жасап, 

жұртшылықтың ыстық ықыласына 

бөленіп  келеді.  Оған  бір  мысал, 

Алматыдағы Ақсай балалар үйіне 

көрсетілген көмекті айтсақ та бо-

лады.  Рамазан  айы  кезінде  кəріп-

кəсірлерге арнайы ауызашар беру де 

Əнекеңнің жазылмаған бір борышы 

іспеттес болып тұратыны рас. Ұлы 

Же ңістің 70 жылдық торқалы тойы 

қарсаңында өз қаржысына «Жедел 

жəрдем»  автокөлігін  сатып  алып, 

Аягөз орталық ауруханасына үлкен 

сый жасады. 

– «Жедел жəрдем» автокөлігінің 

сыртына «Нұржау əулетінен тарту» 

деп жаздырып, кілтін аурухананың 

басшысына салтанатты түрде табыс-

тадық. 

– Бұл сыйлықтың сыры мына-



да,  –  дейді  кейіпкеріміз.  –  Біздің 

əулеттегі  Ұлы  Отан  соғысының 

ардагері, арамыздан жастай кеткен 

үлкен ағамыз Жұмабек Нұржауұлы 

Бимұрзин  осы  саланың  адамы, 

медик  еді.  Алматы  медицина  ин-

ститутын  Ұлы  Отан  соғысының 

басталып  кетуі  кесірінен  қысқа 

мерзімде аяқтап, майданға аттанған 

ол рота командирі шенінде екі жыл 

жаумен жан аямай соғысып, 1944 

жылдың  21  маусымында  Ржев 

бағытындағы шайқаста қаза болған. 

Бұл  жалғаннан  көрер  қызығы  аз 

болған ағамыздың о дүниедегі рухы 

пейіште шалқысын деген абзал ой-

дан туындаған игі іс Аягөз ауруха-

насына жедел жəрдем көлігі ретінде 

жүзеге асты. 

Əнекеңнің алдағы жоспарында 

əйгілі жырау, қолбасшы Ақтамберді 

Сарыұлының, ту астында тулап өл-

ген Ер Қазымбеттің басын қарайту 

секілді зор мақсаттары бар. Тіпті, 

арнайы жасатқан жобалары да дай-

ын. Сондай-ақ,  Боранбай би баба-

мыздың  басына  соғылып  жатқан 

кешенге де ол демеушілік көрсетіп 

келе жатыр. 

Берікхан ТАЙЖІГІТ.

Шығыс Қазақстан облысы,

Аягөз ауданы.

––––––––––



Суретте: Ə.БИМҰРЗИН.



 Қайырымдылық қағидаты

МЕЦЕНАТ

Қазақстан  Республикасының 



Ұлттық музейінде қазақтан шыққан 

тұңғыш ғарышкер, Кеңес Одағының 

Батыры, Халық қаһарманы, техника 

ғылымдарының докторы, профес-

сор  Тоқтар  Əубəкіровпен  кездесу 

болып өтті. 

Ұлттық музей директоры Дархан 

Мыңбай уақыт тауып келгені үшін 

ғарышкерге алғыс айта отырып, бұл 

кезде судің маңызын таратыңқырап 

айтты. 

«Бүгінгі кездесудің басты мақ-



саты  қазақтан  шыққан  тұңғыш 

ғарышкермен  сырласып,  отандық 

ғарыш  саласының  өткені  мен 

болашағы жайлы əңгімелесу болып 

отыр.  Біз  патриотизм  дегенді  жиі 

айтамыз. Ал шын мəнінде сөзімен 

жəне ісімен, бүкіл жан-дүниесімен 

патриоттықтың  үлгісі  деп  осы 

Тоқтар Əубəкіровті атауға болады. 

Біз болашақта ғарыш əлеміне бай-

ланысты Ұлттық музейден арнайы 

зал ашсақ деп отырмыз. Сол залдың 

құрылымы жəне болашақ жұмысы 

жайында да ғарышкермен ақылдасып 

отырмақпыз», – деді Д.Мыңбай. 

Одан əрі Тоқтар Оңғарбайұлы 

өзіне тəн ақжарқындықпен риясыз 

əңгіме толғады. 

«Биыл  ғарышқа  көтерілгеніме 

25  жыл  толады.  Осынау  жауапты 

миссиядан сүрінбей өтуіме ең басты 

себеп – қазақ халқының маған де-

ген кіршіксіз құрметі мен селкеусіз 

сенімі.  Мен  халқым  үшін  ұштым 

жəне сол үшін де үлкен құрметке 

бөлендім.  Қай  жерге  барсам  да 

«Біздің батырымыз келді», «Тұңғыш 

ғарышкеріміз келді» деп қарсы ала-

ды. Сол жұрттың рия сыз көңіліне дəн 

ризамын. Мен қазақтың ұлан-ғайыр 

даласын  ғарыштан  көріп,  қадірін 

əбден  ұғынған  адамның  бірімін. 

Сондықтан, жастармен кездесе қалған 

жерде  Отанымызға  деген  құрмет, 

адалдық тақырыптарында көбірек 

айтқанды ұнатамын. Ал дымда екі бала 

отырса да сөйлей беруге дайынмын. 

Бастысы, ол екеуінің Қазақстанға де-

ген махаббатын, ата-бабаларымыздан 

қалған жерге деген құрметін арттыра 

білсем, уақытымның бос кетпегені. 

Жас кезімде мектептегі кітапханадан 

шықпайтынмын. Сондағы бар кітапты 

оқып тауыстым. Десе де, көп дүниеге 

қол жете бермейді. Ал қазір бəрі бар, 

кім қандай кітап оқимын десе, қайда 

оқимын  десе,  көп  мүмкіндіктерді 

пайдалануға болады. Жалпы, адам ба-

ласы білім алуға ешқашан шаршамау ы 

керек. Ол кішіге де керек, үлкенге де 

керек», – деді Т.Əубəкіров. 

Халқының сүйіктісіне айналған 

Халық қаһар манымен болған кез-

десу өте əсерлі өтті. Ғылыми қыз-

меткерлер  мен  университет  сту-

денттері ғарышкер ғибратына дəн 

риза болып тарқасты. 

Назар ҚАСЫМ.

Ўлттыќ музейде єарыш залы ашылмаќ

Бўл туралы ќазаќтыѕ тўѕєыш єарышкері 

Тоќтар Əубəкіровпен болєан кездесуде айтылды

Бүгінде

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан».

Түпқараған  ауданының  Ақ-

шұқыр  ауы лында  өткен  акция-

ның  мақсаты  –  осы,  яғни  ақ-

шұқырлықтармен  мамандар-

ды  тікелей  жүздестіру  арқылы, 

олардың өз сұрақтарын қоюына 

жағдай жасау, оларға ойға алған 

жұмыстарын  жүзе ге  асыруы-

на жол сілтеп, кеңес беру. «Нұр 

Отан» партиясы мен Түпқараған 

аудандық əкімдігі ұйымдастырған 

«Жұ мыс жəне микрокредиттеу» 

тақы рыбындағы  акцияға  100-ге 

тарта адам қатысты. 

– Шағын кредиттеу, жұмысқа 

қа тысты акцияның болатындығы 

туралы  адам  көп  жүретін  жер-

лерге,  орталықтарға  арнайы  ха-

барландырулар  ілінді.  Сондай-

ақ, бұған дейін де кəсібін ашуға, 

шағын  несиелендіруге  қатысты 

əртүрлі  сұрақтар  жетегінде  құ-

зырлы  орындарға  хабарласып, 

өз  мəселелерімен  келіп  жүрген 

адамдар  шақыртылды.  Акцияға 

келушілер арасында кəсіпкерлер, 

кəсібін енді бастағысы келетіндер 

мен жұмыссыздар бар. Ақшұқыр 

ауылында  қазіргі  таңда  400-ге 

жуық  жеке  кəсіпкер  тір келген, 

олар  əртүрлі  сала  бойынша  өз 

қызметтерін  жалғастыруда,  – 

дейді Ақшұқыр ауылының əкімі 

Мəлік Ізтұр. 

Бір  жағы  Ақтау  қаласымен, 

екінші  шеті  Сайын  ауылымен 

шектесіп,  бір  бүйірінде  Каспий 

теңізімен қанаттас қан ауыл тұр-

ғындары  жылдан-жылға  кө -

бейіп  келеді.  Қазіргі  таңда  Ақ-

шұқырда 8 мыңнан астам тұрғын 

бар,  əкімнің  айтуынша,  ауыл 

тұрғындарының  саны  жыл  сай-

ын  300-400  адамға  көбейеді 

екен.  Оларды  жұмыспен  қамту, 

баспана,  жер,  инфрақұрылым, 

балабақша, тағы да басқа қажет-

тіліктермен  қамтамасыз  етудің 

өзіндік қиындықтары болғанмен, 

бірте-бірте  өз  шешімін  тау-

ып  келеді.  Жұмысқа  орналасу 

мен  кəсібін  бас таймын  дегенге 

тікелей кеңес беретін мұндай ак-

ция алдағы уақытта да жалғасын 

табатынын айтты, ауыл əкімі. 

Ауыл тұрғындарын жұмыспен 

қамту, кəсіпкерлікпен айналысуға 

ынталы  азаматтарға  шағын  не-

сие  беру  мəселелерін  негізгі 

ұстаным  еткен  акцияда  ауыл 

тұрғындарына арнайы мамандар – 

Түпқараған аудандық кəсіпкерлік 

бөлімі  басшысының  мін детін 

атқарушы  Д.Шалабаева,  осы 

ауданның Кəсіпкерлер палатасы-

ның  директоры  Д.Өтебалиев, 

«Нұр Отан» партиясы аудандық 

филиалы  төрағасының  бірінші 

орынбасары Д.Садықов, өзге де 

құзырлы  орындардың  өкілдері 

жауап  берді.  Оларға  қосалқы 

шаруашылықтарының  аясында 

ұсақ тауар өндірісін ашу жөнінде 

кеңестер  беріліп,  өз  кəсіптерін 

ашу жолдары, қажетті құжаттар 

тізбесі түсіндірілді. 

Акция  аясында  өз  қолынан 

шық қан қолөнер бұйымдарынан 

көрме  жасап,  келушілердің 

қызығушылығын  тудырған  ше-

бер Гаухар Есетовамен тілдескен 

едік. Бала кезінен іс тігіп, қолөнер 

бұйымдарын  жасаумен  айналы-

сатын  қыздың  өз  жеке  кəсібін 

бастағанына  екі  жылдан  асып-

ты.  Қылды  жəне  қылсыз  жүнді 

Маңғыстау  облысынан  басқа 

Тараз  қаласынан,  Алматы  об-

лысынан алдыратын шебер енді 

жер  алып,  өзінің  арнайы  цехын 

ашқысы  келеді  екен.  Акцияда 

Г.Есетова осы мəселесін маман-

дар алдында көтерді. 

–  Еліміздің  Жер  кодексіне 

енген  өзгерістерге  байланыс-

ты,  кəсіпкерлік  мақсатта  жер 

алу  тоқтатылған  болатын.  Енді 

жерді  аукцион  арқылы  берудің 

шарттары  түсіндіріліп  жатыр. 

Осы  жылдың  алғашқы  жарты 

жылдығында  біздің  өңірімізде 

д е   а у к ц и о н м е н   ж е р   б е р у 

мəселесі жүзеге асырылады деп 

күтіп  отырмыз,  қолөнер  ше-

бері  Гаухар  Есетоваға  осы  аук-

ционға  қатысуға  кеңес  берілді, 

–  дейді  Түпқараған  ауданы 

Кəсіпкерлер  палатасының  ди-

ректоры  Д.Өтебалиев.  Айтуын-

ша, ауданда 1550 кəсіпкер тіркел-

ген  болса,  олардың  көпшілігі 

мал,  ауыл  шаруашылы ғы на  қа-

тысты  бағытты  таңдаған.  Ал 

осы  кəсіпкерлер  арасында  жар-

тысына  жуы ғы  жастар,  демек, 

жастармыздың  жеке  кəсібін 

ашуға  деген  құлшынысы  қуан-

тады. 

Ақшұқырдағы  акция  халық-



тың табалдырық тоздырып, кезек 

күтіп са  рылмай, жеке кəсіптерін 

ашу үшін өздері кездесіп жүрген 

қиындықтар  мен  шешімін 

таппаған  сауалдарына  жауап 

алудың қолжетімді үлгісі болды. 



Маңғыстау облысы.

Ауыл тўрєындарына 

арналєан акция




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   41


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет