«№32 І. Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицей» кмм 5 «А» сынып оқушысы Мұстафа Ұлан Абзалұлына



Дата10.03.2023
өлшемі18,36 Kb.
#72897
Байланысты:
мінездем


«№32 І.Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицей» КММ
5 «А» сынып оқушысы Мұстафа Ұлан Абзалұлына

МІНЕЗДЕМЕ

«№32 І.Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицей» КММ 5 «А» сынып оқушысы Мұстафа Ұлан Абзалұлы 2012 жылдың 30-шы маусымында дүниеге келген, көпбалалы отбасынан шыққан, отбасындағы 1-ші бала. Анасы: Жусипбекова Айтолкын Абдималиковна мектепте ағылшын пәні мұғалімі болып жұмыс істейді.


Ұланның мінезі ақкөңіл, жайдары. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Айтқанын екі еткізбейді. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Басқа оқушылардың көңілі қалмасын деп, үнемі айтқандарына келісіп отырады.
Бастауыш сыныптан жаңа келген Ұлан 5-сыныпқа тез бейімделіп кетті. Мектеп өміріне белсенді араласады.
Ұлан мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, компьютерлік ойындар ойнағанды жақсы көреді. Анасына үй шаруасына көмектеседі. Іні-қарындастарына қамқор болып жүреді. Ұланның мақсаты –тезірек мектеп бітіріп, жақсы маман болу.
Қорытындылай келе айтарым, Мұстафа Ұлан алға қойған мақсатына жетіп қана қоймай, Елінің дамуына жағдай туғызатынына сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, сыныптастары сенім артады. Ұланның білікті маман иесі атанып, Отанының мақтанышы болатынына сенімдімін.

Мектеп-лицей директоры Б. Абдреева

Сынып жетекшісі А. Жусипбекова

Тәжірибе жинақтаушы М.Жорабек

«№32 І.Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицей» КММ


5 «А» сынып оқушысы Қонысбай Биғаным Тыныбекқызына

МІНЕЗДЕМЕ
Қонысбай Биғаным Тыныбекқызына 24 қаңтар 2012 жылы туылған, «№32 І.Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицейінің» 5 «А» сынып оқушысы. Толық, көпбалалы отбасында тәрбиеленген. Әлеуметтік жағдайы жақсы. Білімі жақсы. Сабақтардан себепсіз қалмайды, қоғамдық бағыттағы пәндерге, әсіресе математика, әдебиет пәндеріне қызығушылығы жоғары. Өзіне тапсырылған істерді жоғары жауапкершілікпен атқарады.
Мектепте өткізілген мәдени және тәрбиелік іс-шараларға белсене қатысады. Көбіне іс-шаралардың жүргізушісі міндетін атқаратын. Сынып сағаттарында жасаған баяндамалары мазмұндылығымен ерекшеленетін. Сыныпта староста қызметін атқарады. Ата-анасымен, бауырларымен қарым-қатынасы өзара сыйластыққа негізделген, оларға ерекше құрметпен қарайды. Сыныптағы оқушылармен де, мұғалімдермен де жақсы қарым-қатынас орната біледі. Ұстаздарын сыйлайды. Мінезі ашық, ұстамды, сабырлы, толерантты, кішіпейіл. Өзге адамдармен тез тіл табысады. Қамқор, көмегі қажет болған адамдарға қол ұшын беруге даяр тұрады. Ақкөңіл, үнемі күліп, көңілді жүреді. Оның ашуланған сәттері сирек байқалады. Сыныптастарының арасында сыйлы, беделді. Мектептің ішкі ережесі талаптарын сақтайды. Өз ойын, пікірін ашық, анық жеткізеді. Өзіндік ұстанымын дәлелдей алады.
Біз, Биғанымның ұстаздары, оның болашақта жақсы маман болатынына сенім білдіреміз!
Мектеп-лицей директоры Б. Абдреева

Сынып жетекшісі А. Жусипбекова

Тәжірибе жинақтаушы М.Жорабек
«№32 І.Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицей» КММ
5 «А» сынып оқушысы Жалғасбай Айдәулет Ғалиұлына

МІНЕЗДЕМЕ
«№32 І.Ж.Қабылов атындағы мектеп-лицейінің» 5 «А» сынып оқушысы Жалғасбай Айдәулет Ғалиұлы 2011 жылдың 5-қыркүйекте дүниеге келген, отбасындағы 4-ші бала. Әкесі: Сағымбаев Ғали Жалғасбекұлы, жеке кәсіпкер. Анасы: Сырбаева Әсемкүл Жетпісбайқызы, мектепте мұғалім болып жұмыс істейді.
Мінезі салмақты, тұйық, жауапкершілікті сезіне біледі, сонымен қатар отбасындағы соңғы бала болғандықтан еркелік танытатын да кездері болады. Жасы үлкен адамдарды сыйлап тұрады. Сыныптағы оқушылардың барлығымен қарым-қатынасы жақсы. Білімге деген талабы бар, жаңа нәрсені үйренуге тырысып, қатысып отырады. Мектеп өміріне белсенді араласады.
Айдәулет мектептен тыс уақытында информатика, ағылшын тілі, музыка, дене шынықтыру пәндерінің үйірмелеріне қатысады. Бос уақытында достарымен бірге ойнағанды, бәйге жарыстарына қатысқанды жақсы көреді. Әкесіне үй тірлігіне көмектеседі. Ағаларына, анасына үнемі қамқор болып жүреді. Айдәулеттің мақсаты – Отанына адал қызмет етіп, халқының мақтанышы болу.
Қорытындылай келе айтарым, Жалғасбай Айдәулет алға қойған мақсатына жетіп, ел үмітін ақтайтын азамат болатынына сенемін.

Мектеп-лицей директоры Б. Абдреева

Сынып жетекшісі А. Жусипбекова

Тәжірибе жинақтаушы М.Жорабек

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет