№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет1/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

   № 4 (23)  2011 

 

 



 

 

 

 

 

Халел Досмұхамедов атындағы 

Атырау мемлекеттік 

университетінің 

ХАБАРШЫСЫ 

 

 



 

ВЕСТНИК 


Атырауского государственного университета 

имени Халела Досмухамедова



 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

2

1996 жылы 23 мамыр айында ҚР Білім министрлігінің 



Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ғылыми журналы “Университет 

хабаршысын” шығару жөнінде № 143 шешімімен 

баспадан шығарыла бастаған. 

 

Қазақстан Республикасының мәдениет, 



ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі шешімімен 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 

ғылыми журналы бұқаралық ақпараттық құралдары ретінде есепке алынып 

14 ақпан 2003 жылы 

  

№3631-Ж КУӘЛІГІ берілген 



 

 

 



БАС РЕДАКТОРЫ:  

Сайлыбаев Б.Ә.  - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, университеттің бірінші проректоры 

 

БАС РЕДАКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЛАРЫ

Табылдиев Х.Б. - тарих ғылымдарының докторы, профессор 



 

РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚА

Таңатарова  Ж.Т.  –  Х.  Досмұхамедов  атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыстар  және 

халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Бекмаханова Н.Е. - тарих ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, РҒА)  

Глинин  Г.Г.  –  Астрахан  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыстар  жөніндегі  проректоры,  филология 

ғылымдарының докторы, профессор 

Барсай Б.Т. - педагогика ғылымдарының докторы 

Жангереева Г.Ж.  - химия ғылымдарының кандидаты, профессор 

Жүсіп Қ.Ө.  - филология ғылымдарының докторы, профессор 

Имеев  В.О.  –  Қалмақ  мемлекеттік  университетінің  ғылыми  жұмыстар  жөніндегі  проректоры,  филология 

ғылымдарының кандидаты, профессор 

Имашев Ғ.И. - педагогика ғылымдарының докторы 

Қыдыралин Ү.С.  - тарих ғылымдарының докторы, профессор 

Мукаева О.Д. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор (Ресей, Қалмақ мемлекеттік университеті) 

Насиров Р.Н.  – химия ғылымдарының докторы, профессор 

Сарсенов А.С. - тарих ғылымдарының докторы, доцент 

Сардарова Ж.Ы. -  педагогика ғылымдарының докторы 

Мұханбетжанова А.Ө. -  педагогика ғылымдарының докторы  

Сағындықова З.С. – биология ғылымдарының докторы, профессор 

Таубаев Б.Ж. - ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 

Хасанова Ж.С. - педагогика ғылымдарының докторы 

Ермағамбетова  Ә.Ү.– жауапты хатшы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 

Идрисов С.Н. – техникалық редактор 

 

 

Материалдар мен жарнамалардың дұрыстығына авторлар мен жарнама берушілер жауапты. 



Авторлар мен редакция пікірлері үнемі сәйкес келмеуі мүмкін. 

Редакция материалдарды тексеріп, баспаға жібермеуге құқығы бар. 

Жазбалар  кері қайтарылмайды. 

“”Университет Хабаршысында” жарияланған материалдарды пайдаланғанда 

сілтеме жасау міндетті. 

За достоверность материалов и рекламы ответственность несут авторы и рекламодатели. 

Мнение авторов публикаций не всегда совпадает с мнением редакции. 

Редакция оставляет за собой право на отклонение материалов. 

Рукописи не возвращаются. 

При использовании материалов журнала ссылка на “Вестник университета” обязательна. 

© Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің 

Баспа  орталығы, 2011 

 

 

 



 

3

                     

 

ТАРИХ, ПЕДАГОГИКА  ЖӘНЕ  

ҚОҒАМДЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК  ҒЫЛЫМДАР 

 

 



 

 

ӨЛКЕ ТАРИХЫНА ТАҒЫ БІР ҮҢІЛГЕНДЕ 

 

Ж.Ж.Мұстафин, т.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің доценті 

Қ.И. Құдабай, Атырау облыстық мұражайдың археология бөлімінің меңгерушісі 

 

 



Ұлт  тарихының  көмескі  немесе  мүлдем  айтылмай,  жазылмай  қалған  тұстары  жеткілікті  екені 

баршаға  аян.  Бұл  бағытта  әсіресе,  Шыңғыс  хан  бастаған  қазақ  халқының  тарихында  «төре»  атты 

арнайы әлеуметтік жоғары деңгейдегі жікті құрап, «ақсүйек» аталған саяси-экономикалық билік иелері 

көпшілігінің қайда жерленгені туралы нақты мәліметтердің жоқтығы рас. 

 

Орта  ғасырлық  авторлар:  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали  Жалайри  және  Әбілғазы 



Бахадур  Ханның  еңбектерінде  кейбір  ақсүйектердің  мәселен:  Өзбек  хан,  Әз-Жәнібек  және  Қасым 

хандардың  жерленген  жерлерін,  мысалы,  Қасым  ханның  Сарайшық  шаhарында  пәниден  өтіп,  сонда 

жерленгені туралы деректер сақталған [1.264]. 

 

Ал  Жошы  ұлысы  алғаш  құрылғанда,  оған  әкесі  Шыңғыс  хан  төрт  мың  моңғолдық  жасақ 



бергендігі  белгілі.  Жасақ  жинау  әр  үйден  кемі  бір  адамнан-деп  есептегенде,  Жошы  хан  жасағымен 

Дешті-Қыпшаққа үш-төрт мың моңғол үйлері келген болар-деп жобалауға болады. 

 

Бұл  кезең  Дешті-Қыпшақ  далаларына  зор  дүрбелең,  шапқыншылықтар  әкелгені  анық. 



Сарыарқадағы  бұл  дүрбелеңдерге  тек  Жошы  хан  жасақтары  ғана  емес,  Шыңғыс  хан  бастаған  бүкіл 

моңғол  халықтарының  жан  беріп,  жан  алғаны  мәлім.  Осыншама,  мыңдаған  моңғолдар  бастаған 

жасақтардың Дешті-Қыпшақ далаларын, қалалары мен «Ұлы Жібек жолы» бойындағы ірілі-ұсақты елді 

мекендерін жаулау барысында қиян-кескі ұрыстар мен шайқастар болғаныда тарихи шындық. 

 

Міне, осыншама аяусыз қырғындар барысында жан кешіп, опат болған жергілікті тайпалар мен 



мыңдаған  моңғол  жасақтары,  олардың  он,  жүз  және  мың  басылары  қайда,  қалай  жерленді  деген 

мәселелер  тарихшыларды толғандырып келеді.  Біздің  зерттеу  мақсатымыз  осы  бағытқа  сәл  болса  да 

сәуле түсіруге арналған. 

 

Ортағасырлық Сарайшық қаласы Дешті-Қыпшақ аумағындағы аса маңызды стратегиялық мәні 



болғандықтан да моңғол билеушілері шаhардың гүлденуіне зор ықпал етіп, әсіресе Өзбек, Әз-Жәнібек 

хандар  тұсында  мәдени-көпшілік  және  стратегиялық  ғимараттар,  яғни  медресе-мешіттер,  керуен 

сарайлар  және  Жайық  (Ұлы  су)  бойына  қалқымалы  көпір  орнатып,  «Ұлы  Жібек  жолының»  кідіріссіз 

жұмыс  жасауына  қолайлы  жағдай  жасаған.  Бұл  жөнінде  сол  дәуірде  қыпшақ  даласына  келген 

саяхатшылар  мен  елшілердің  деректері  куә  болады  [2.192].  Мысалы,  қалқымалы  көпір  арқылы 

Жайықтан өткен керуен жолы «Қызыл жарға» шығып, «Өлі шығанақ» арқылы жүргендігі байқалады. 

Өйткені  бұл  жерлерде  ертедегі  және  орта  ғасырлық  керамикалардың  қалдықтары  яғни,  күнделікті 

қолданылатын  ыдыс-аяқтар  сынықтары  жиі  кездеседі.  «Қызыл  жар»  Жайықтан  шыққанда  алдыңда 

андыздап  тұратын  ерекше  биік  жер.  Төбе  басынан  мұқият  зер  салған  адамға  жол  сүрлеулері  де 

байқалады. Күні бүгінге дейін «Қарасудың» ыңғайлы «суаты» есебінде пайдаланылады.  

 

«Қызыл жар» қазіргі кезде бұрынғы № 15 ауылға жақын «Қарасудың» жағасы, Сарайшықтан 



3-4  шақырым  жердегі  биік  қызыл  топырақты  жер.  Оның  үстіне  шыққанда  айнала  алақандағыдай 

айқын  көрінеді.  Сондықтанда  болар  күні  бүгінге  дейін  мал  қарағандар  әуелі  «Қызыл  жарға»  шығып 

қарайды. «Өлі шығанақ» және «Қызыл Жар» суаты орналасқан «Қарасу» ертедегі Жайық өзенінің ескі 

арналары. Себебі, күні бүгінге дейін көктемдерде, су қатты тасыған жылдарда өзен өз арнасын үнемі 

өзгертумен келеді. Соның әсері болар, Индер (аудан орталығы) мен Атырау аралығында 180 шақырым 

екі  жағалаулар  бойында  30  (отызға)  жуық  әртүрлі  атаулармен  аталатын  «Мамай»,  «Ақтөбе»,  «Қара 

шығанақ»,  «Қарасу»,  «Қарт  Жайық»,  «Өлі  шығанақ»  т.б.  ендері-Жайықтан  кем  түспейтін  сулар  бар. 

Ол  сулар  балыққа  да  бай  және  егін-мал  суаруға  пайдаланылып,  халықтың  берекелі  де  құтты 

қоныстарына  айналған.  Жайықтың  арнасы  үнемі  өзеннің  оң  жағалауына  қарай  өзгеруде.  Сондықтан 

да,  жоғарыда  аттары  аталған  сулардың  көпшіліктері  Жайықтың  сол  жағында  пайда  болған.  Мұның 

барлығын тізбелеп айтып отырғанымыз орта ғасырдың асыл мұраларының бірегейі-Сарайшық тарихын 

зерттеуші тарихшылар мен археологтар назарын Жайықтың сол жағалауына аудару, өйткені Жайық өз 

арнасын  жыл  сайын  көктемдерде  4-6  метр шамасында  оңға қарай  үнемі   өзгертуіне  орай,  шаhардың 

тарихи ескі орны жойылумен қатар, баға жетпес материалдық мұралар суға кетіп, жойылуда. 



 

4

Демек,  сол  жағалаудың  «тарихи»  мойындалмаған  мән-мағынасы  бүгінгі  күнде  арта  түсуде. 



Мүмкін, Сарайшықтың бізге белгісіз «мәдени, тарихи мұралары»  сол жағалауда жатқан шығар... 

Шаhарды қиратып, тонаған орыс-казак атамандары: Митя Бритоус, Иван Кольцолар қатыгездігі 

жүзеге  асырылған  1580  жылдан  бермен  қарайғы  430  жылдай  уақыт  аралығында  Жайық  өзені  оң 

жағалауға  қарай  «жылына  орта  есеппен  3  метрдей  жылжыды»-  деп  есептесек,  Жайық  арнасы 

шамаменен 125-150 метрдей орнын өзгерткен болып шығады. 

Әрине, 


су 

өте 


қатты 

тасыған 


жылдармен 

кезеңдерге 

жоғарыдағы 

болжамдар 

сәйкестенбейтіндігін ескеруіміз қажет. 

Соған  қарамастан  «Сол  жағалаудың»  тарихи  орны  жергілікті  көне  көз  қарттармен  Базарбай 

Әміров,  Есенжан  мен  өлке  тарихына  жанашыр  тұрғындар  әңгімелері  мен  әркезде  «табылған»  сан 

алуан заттық  деректер: керамика, қару жарақ сынықтары, ақшалар және т.басқалар кездеседі. 

Жалпы Жайық бойының әсіресе, сол жағалауындағы ескі қорымдар «Бесбатыр-Жарқын», «Егіз-

Сары»,  «Өскенбай»,  «Қара  Жұмат»,  «Алтын»,  «Жаналы»,  «Жазыбай»  және  «Құдықсай»  қорымдары 

Жайықтан 6-15 шақырымдай қашықтықта, бір сызық бойында орналасқандай әсер қалдырады. 

Енді  жоғарыда  айтылған  «Қызыл  жардан»  шамамен  6-8  шақырымдай  шығысқа  қарай 

«Жаналы»,  «Жазыбай»  және  «Құдықсай»  қорымдары  жатыр.  Әсіресе,  алғашқысы  бізге  ерекше 

маңызды,  өйткені  ол-ортағасырдың  бірегей  ескерткіш,  шаhары-Сарайшықтың  «қалқымалы  көпірі» 

арқылы  жайықтан өткеннен кейінгі   шығысында орналасқандығымен  ерекше.  Бұл  қорымдағы  көрініп 

тұрған,  сынған  ескерткіштерінде  тек  қана  «төрелердің»  таңбалары  бейнеленген.  «Жаналы»  қорымы 

Алға ауылынан солтүстік-батысқа 21 км, жерде төбе басында орналасқан. Қорымның уақыты ХҮІІІ-ХІХ 

ғасыр. 


GPS координатасы: N 47˚33.951 

                                  E 051˚49.026 

Құлпытастардағы араб алфавитімен жазылған жазулар оқылды. Құлпытастардағы жазулардың 

басым көпшілігі ХҮІІІ ғасырдың аяғымен ХІХ ғасырдың басында жазылғандығы анықталып отыр. 

Мұндағы  құлпытастардың  бетін  өңдеу  тәсілі-жазық  бедерлі  қашау  болған.  Кейбір 

ескерткіштердегі бейнеленген қару жарақ, тұрмыстық заттар кескіндері нүктелеу әдісі (пикеттік әдіс) 

арқылы жасалған. 

Құлпытастар  әртүрлі  формада  жасалып,  ою-өрнектермен  сәнделіп,  араб  алфавитімен 

жерленгендердің есімі, жылдары, ру таңбасы, құран аяттары қашалып жазылған. 

Қорымдағы  құлпытастар  аймақтық  тау  жыныстарын,  әктас-құмтаспен  ұлутасты  өңдеудің 

бұрыннан  қалыптасқан  тәсілдері  мен  техникасын  қамтыды.  Қаптама  тақталарды  тегістеу  тек  қана 

эстетикалық әсер үшін жасалған жоқ, сол арқылы атмосфералық агенттерден жеңіл ажырату мәселесі 

шешілген [3].  

 Қорымда  жалпы  саны  23  құлпытас    саналды.  Аталған  қорымнан  орта  ғасырлық  құмыра 

сынықтары  және неолит  дәуіріндегі  тас жаңқаларының  жиі кездесуіне  қарап,  бұл  жерде  ежелден  ел 

мекендеген  тұрақ  немесе  шағын  елді  мекен  болғандығын  дәлелдейді.  Ескерткіштердің  сақталуы 

орташа,  сынған  бөліктері  жиі  кездеседі.  Биіктіктері  1,30-1,80  м  шамаларында.  Қолданылған 

материалдары  құмтас.  Құлпытастағы  жазулардың  көпшілігі  тікелей  Нұралы  ханның  ұрпақтарына 

байланысты  екендігін  осындағы  жазулар  айқындай  түседі.  Ондағы  жазулардың  көпшілі  эрозияға 

ұшырап немесе граматикалық белгілі жүйе болмағандықтан барлығын таза оқып шығу мүмкін болмай 

тұр. Аталған жерден оқылған құлпытастардың бірнешеуіне жеке-жеке тоқталып өтсек: 

1. Мин Куллу ғалайха..... Ал мархум 

    Нұралы ханның ұғлы Салар сұлтанның туысы 

    Нығлы сұлтан ұғлы, ұғлы опат 

    1848 (1828 болуы да мүмкін) иашинде. 

    Қылдырды бұ ташты... . 

2. Нұралы ханның ұғлы 

    Ибылға ханның баласы 

    Отанай сұлтанның қызы .... 

     Ханым опат 61 иашинде 

     ..... ....... 

3. Ал мархум Ал мансур рухы 

    Руғымен сұлтаны Бабағали 

    Ибн жауға опат болды 27 иашинде 

    1234 (хижра жыл санауы) инши иылда 

     ................ ............. ............. ................... 

     ...............  ............  ............  ................... 

4.  .............................  ................................  

     ............ Ал мархум 


 

5

     Нұралы хан ұғлы 



     Сұлтанның ұғлы 

     Шархан (басқа да болуы мүмкін) 

5. ...........................   ................................ 

    .... лға Сұлтан ұғлы 

    (Бирхан немесе Инирхан) ұғлы 

     Опат 45 иашинде 

     (Салар иылда хабар иыллар хабарды 18-де)   

6. ....................  ......................  ............ 

     ...................   .....................  ............ 

     Нәпілда (Қабылда) сұлтан ұғлы 

     Сұлтан ұғлы опат 

     32 иашинде 1835 иылда 

     Рабғы ........  2-де      

     Ескерту.  Көп нүкте  қойған жерлер  оқылмады.  Сонымен  қатар  граматикалық  қателіктердің 

көп болуына байланысты адам аттары бұрмаланып оқылуы мүмкін. 

Сонымен, жоғарыдағы құлпытас-ескерткіштер соңғы ортағасыр кезеңдеріне 

 сәйкес келгенмен, өлке тарихында «өзіндік» орны бар Нұралы хан әулетінің қорымы ретінде маңызы 

зор...    Оның  үстіне  бұл  қорым  аймақтағы  бірден-бір  тек  «төрелер»  ғана  жерленген  тарихи  орын 

ретінде ерекшеленеді. 

 

 



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Аль-Бирзали. СмИ 30,т1СПб., 1884. 264-бет. 

2.  Ибн-Баттута. СМИ30,т.1СПб., 1884.192-бет. 

3.  Р.А.Бекназаров. Қазақтың тас қашау өнері. Алматы, 2005. 

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 


 

6

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ  ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ 



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ 

 

 

Ж.И.Сардарова,  п.ғ.д., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 



Р.Қ.Даулетова,  Х.Досмұхамедов атындағы  Атырау мемлекеттік университетінің магистранты 

 

 



Бүгінгі  өмірдің  өзі  ақпараттардың,  технологиялардың  және  іс-әрекет  түрлері  көлемінің  тез 

өсуімен  байланысты.  Ол  өз  кезегінде  адамдардан  қалыптасқан  дағдылары  бойынша  кез-келген 

жағдайларға  тез  икемделуді,  жаңа  мәселелердің  шешімін  таба  білуді,  ұшқыр  ойлылықты,   

шығармашылық  ізденісті   талап етеді. 

Шығармашылық  қабілеттің  дамуы  әрбір  балаға қажет  екендігін,  әр тұлғаның  қоғам  дамуында 

өз  орны  бар  екендігін  біле  отырып,  шығармашылық  жұмысқа  бейім  балалардың  тек  өткенге  емес, 

болашаққа  да  қызығушылығымен,  іс-әрекеттердің  жаңа  тәсілдерін  көбейтуге  қабілеттерімен 

ерекшелетіндігін атап өту қажет. Сонымен бірге бұл жеке тұлғалық дамудың мақсаттарына да жауап 

береді. Бұл жөнінде К.Урбан былай деп тұжырымдаған: «Қазіргі заман талабына сай шығармашылық 

қабілеттің дамуына бағытталған білім дегеніміз – аз уақыт ішінде мол идея қорын алу емес, керісінше, 

жеке тұлғаның толық дамуын қамтамасыз ететін іс».  

Шығармашылық    психологиясы  ғылым  ретінде  XIX-XX  ғасырлар  тоғысуында  пайда  бола 

бастады.  «Шығармашылық»  -тура  мағынасында  жаңалық  ашу  дегенді  білдіреді».  Бұл  мағынаны  бізді 

қоршаған  органикалық  немесе  органикалық  емес  өмірдің  барлығына  қолдануға  болады.  Өйткені 

өмірдегі  барлық  өзгерістер,  жануарлар  шығармашылық  күштердің  өнімі.  Дегенмен,  шығармашылық 

әрекет  болғандықтан,  тек  адамға  қатысты  айтылады.  Сол  себепті  де  психологиялық  ғылыми-

теориялық әдебиеттерде оның төмендегідей негізгі белгілерімен сипатталатындығы айтылады: 

1)  жаңа  өнім  кездейсоқ  немесе  әр  түрлі  варианттарды  сынап  көру  нәтижесінде 

алынатындықтан, өнімнің жаңалығына оны жасауда көмек еткен  үрдістің жаңашылдығын қосу керек 

(жаңа әдіс, тәсіл, қимыл-әрекет); 

2)  ойлаудың  нәтижесі  немесе  үрдіс  шығармашыл  болады,  егер  оны  қарапайым  логикалық 

алгоритм негізінде алу мүмкін болмаса; нағыз шығармашылық акт жағдайында мәселенің шарты мен 

оны шешу аралығындағы логикалық «қамал» алынады, ал оған интуиция мен иррационалдық бастау 

қатысады: 

3)  шығармашылық  үрдіс  ретінде  үнемі  жаңа  құралдар,  жаңа  тәсілдер,  әрекеттің  жаңа 

бағдарламалары    қолданылады;  шығармашылықта    әр  түрлі  жүйелердің  элементтерінен    жаңа 

пайдалы өнім алу жүзеге асады; 

4)  шығармашылық  тану  мен  ақиқаттың  сәулеленуі,  оның  дамуы  мен  қызмет  ету  заңдарымен 

тікелей    байланысты;  олай  дейтініміз    сәулелену  шығармашылықтың  базасы  мен  негізі; 

шығармашылық  кезінде  адам  өзінің  білімін  кеңейтеді,  тереңдетеді,  сондықтан  ақиқат    дүниені  тану 

формасы ретінде танылады; 

5)  шығармашылық  мәселені,  қалыптан  тыс  жағдайларды  көру  шешу  үрдісі,  ал  кез-келген 

мәселе  негізінде  қарама-қайшылықтың    шешімін  табу  жатыр;  сондықтан  шығармашылықтың  мәні 

ретінде осы ерекшелігіне көңіл бөліну керек: 

6)  шығармашылық    -  адам  әрекетінің    ең  жоғарғы  түрі,  оның  тұрмысының  тәсілі,  өзіндік 

әрекетінің, өзін-өзі дамытуының, өзін-өзі танытуының  формасы; 

7)  шығармашылық – рухани және материалдық құндылықтардың бірлігі.  

8)  шығармашылық – ойлаудың маңызды психологиялық өлшемі; шығармашылықтың шешімі –

эмоционалдық күйзелістің айқын байқалуы.    

С.И.Ожоговтың сөздігінде «Шығармашылық – материалдық және мәдени құндылықтар жасау», 

ал  педагогикалық  энциклопедияда  шығармашылық  –адамның  әрекеттегі  жоғарғы  деңгейдегі 

белсенділігі  мен  дербестігі.  Бұл  жаңа нәрсе  ойлап  табуға,  жетілдіруге,  бар  нәрсеге  өзгеріс  жүргізуге 

деген қажеттілік», «шығармашылық деп нәтижесінде әлеуметтік  мәні бар жаңалық ашатын әрекет», 

«Шығармашылық  адамға  тән,  оның  субъектілігін  көрсетеді.  Табиғатта  даму  үрдісі  болады,  ал  адам 

шығармашылықпен ерекшеленеді»- деген түсініктемелер беріледі. 

Осылай бола тұрғанымен, шығармашылық мәселесіне деген түрлі көзқарастардың әр кезеңде 

әр  түрлі  болғаны,  ұзақ  та  даулы  тарихы  бар  екені  белгілі.  Тіпті  бүгінгі  күні  де  шығармашылық 

табиғатына бір жақты көзқарас қалыптасты деп айта алмаймыз.  

Адамның  шығармашылық  әлеуеті  мәселесі  барлық  уақытта  гуманитарлық  ғылымдардың, 

әсіресе, психология мен педагогиканың мәселісі болып келді.  

XX ғасыр бойында психология ғылымында шығармашылық  мәселесін зерттеуде әркелкіліктің болғаны 

анықталды. Бұл мәселеге  қызығушылықтың өрлеуі өткен ғасырдың 20-30 жылдары мен 60-шы, 80-90- 



 

7

шы жылдары байқалды.  Бұл, әрине, қоғамның әлеуметтік-саяси және  мәдени даму ерекшеліктерімен 



түсіндіріледі.                               

Бастауыш  мектеп  кезеңі  -  7-10  жас  аралығындағы  оқушыларды  қамтиды  және  ол  мектепке 

дейінгі негізгі іс - әрекеті ойын болған балалардың оқу процесіне ену кезеңі.  

Психологтардың,  педагогтардың  зерттеулерінше,    оқушының  мектептегі  кезеңдерінің  ішінде, 

әсіресе,  бастауыш  мектеп  кезеңі  оқушының  танымдық,  шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  ең 

тиімді  және  қолайлы  кезеңге  жатады.  Себебі  осы  кезде  оқушылардың  танымдық  іс  -  әрекеттерінің 

психологиялық  негізі  қалыптасады  және  елестету,  армандау,  шығармашылық  ойлау  және  ойлау 

операциялары : талдау, жинақтау, жалпылау, салыстыру және т.б. жете дамиды. Сонымен қатар іс - 

әрекетті бағалау, қорытынды шығару және өз пікірін айту сияқты керекті негізгі қабілеттер де көріне 

бастайды. 

 

Н.С.Лейтестің  айтуынша,  бастауыш  мектеп  кезеңінде  оқушыларда  ғажайып  өзгерістер  болып 



жатады:  ойдың  күрделі  қасиеттері  қалыптасады  және  даму  деңгейлері  басқа  кезеңге  жетуге 

болмайтын жылдамдықпен дамиды. 

Психологтардың  зерттеулерінше,  бастауыш  сынып  оқушылары  логикалық  ойлауға,  “ойша” 

әрекеттенуге қабілетті және ойлауғатән кедергілерді жеңуге, өзбетімен шешімін тауып әрекет-тенуге 

қабілетті,  сондай  -  ақ  белсенділікке,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істеуге  бейім.  Педагогтардың 

бақылауынша, бастауыш сынып оқушыларына өзін көрсете білу қасиеттер тән. Ал оның өзі  олардың 

даралық ерекшеліктерінің көрініп, қабілеттерінің іске асуларына көмектесіп, қуаныш сезімін тудырады. 

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту жөнінде И.П.Волковтың 

айтқан пікірі өте құнды. Сондықтан да біз өз зерттеуімізде автордың пікіріне қосыла отырып, бастауыш 

сынып  оқушыларының  шығармашылық  қабілетін  олардың  өз  бетімен  меңгерген  білімдерін, 

іскерліктерін,  дағды-ларын  пайдалана  отырып  өздеріне  бұрыннан  белгісіз  жаңадан  бір  нәтиже  алуы 

деп түсінеміз. Автор оқушылардың жаңадан бір нәтиже алуы жалпы білімдерімен қатар олардың осы 

нәтиже  алу  жолында  пайдаланылатын  әдіс  -  тәсілдердің  тиімдісін  таңдай  алуына,  тапқырлықтарына 

және т.б. себептерге байланысты болатындығын айтады. 

Оқушылардың  жалпы  шығармашылық  қабілеттерінің  құрамдас  компоненттері  мәселесі 

психология  және  педагогика  ғылымдарында  тереңірек  зерттелген  мәселелердің  бірі.  Бұнда  біз  атап 

айтсақ, Кабанова-Меллер, Н.С.Лейтестің, В.А.Крутецкий, Н.Д.Левитов, Я.А.Пономаревтың, А.З.Зактың, 

К.Жарықбаев    еңбектеріне  сүйене  аламыз.  Сондай-ақ  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің 

құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, 

А.Н.Луктың,  В.И.Андреевтің,А.Л.Яковлев-тің,  Д.Б.Богоявленскаяның  еңбектері.  Біздің  ойымызша,  осы 

аталған еңбектердің ішінде И.Л.Лернер мен А.Н.Луктың  еңбектері ерекше назар аударарлық. 

Н.Д.Левитов  шығармашылық  қабілеттердің  компоненттерінің  құрамына  басқа  көзқарас 

тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 - негізгі топқа бөліп қарастырады : 

1)  ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);  

2)  темпераментпен байланысты қабілеттер ( көңіл-күй) ; 

3)  ақыл - ой қабілеттері.  

 Біздің  ойымызша,  Н.Д.Левитов  оқушылардың  шығармашылық  қабілеттерінің  компоненттері 

құрамына қатысты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіре аламыз: 

1)  Оқушы  кез  келген  іс-әрекет  нәтижесінде  жақсы  нәтиже  алу  немесе  белгілі  қабілет  түрін 

дамыту үшін алдымен, осы іс - әрекетке, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның 

нәтижесінің де төмен болатыны сөзсіз.  

2)  Көңіл  -  күй    -  бұл  кез  келген  істі  орындауда  негізгі,  қажетті  көрсеткіш  деуімізге  болады. 

Сондықтан  да  бастауыш  сынып  оқушыларының  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуда  олардың  осы 

бағыттағы  іс-әрекетке  деген  көңіл-күй  деңгейі  маңызды,  сондай-ақ  ол  олардың  жұмыстарының 

нәтижелілігіне әсер ететіні белгілі. 

3)  Кез-келген іс-әрекетті біз ақыл-ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да 

оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін алдымен осы 

ақыл-ой қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді.        

Я.А.Пономарев  кез-келген  шығармашылық  бағыттағы  іс-әрекеттің  негізгі,  бастысы  - 

шығармашылық ойлау дей отырып, оның даму критериясы ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе 

“ойша” әрекеттену қабілетін алады.  

Біз  өз  зерттеуімізде  толықтай  автордың    пікірін  қолдаймыз,  себебі  ешбір  іс-  әрекеттің,  соның 

ішінде шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің “ойша” әрекеттенусіз іске  аспайтыны анық. Адамның 

“ойша” әрекеттенуі, яғни  ойша санауы, талқылауы, жоспарлауы және т.б. - бұл адам интеллектісінің 

айрықша  көрсеткіші  болып  табылады.  Біріншіден,      адам  “ойша”  әрекеттене  отырып  нәтижесінде  не 

алатындығын,  яғни  болашақта  алатын  нәтижесінің  бейнесін  көз  алдына  елестете  алады.  Екіншіден, 

қойылған  мақсатқа  жету  жолын  жоспарлап,  алынбақшы  нәтижеге  жету  тәсілін  ойша  құрастыра 

алатындығын  көреміз.  Сонымен  қатар  психологиялық  зерттеулерге  сүйенсек,  оқушылардың  ”ойша”   



 

8

әрекеттену  қабілеттері,  әсіресе,  бастауыш  мектеп  жасында,  яғни  негізгі  оқу  іс-әрекеті  дағдылары 



қалыптасқанда үздіксіз  дамиды. 

      




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет