№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Қолданылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет11/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Заңы, Алматы 2010 

жыл. 

2.  “Салық  және  бюджетке  төленетін  басқа  да  міндетті  төлемдер”  туралы  Қазақстан 



Республикасының Салық Кодексі, Алматы 2009 ж.  

3.  Қаржы қаражат экономикалық журналы 5/2010,Налоговые проблемы №8. 

4.  Ермекбаева Б.Ж. Шет мемлекеттер салығы, Алматы, 2004 ж. 

5.  http:// 

www.finance.ua

 

 



 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ БІЛІМ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУ 

 

К.Б.Багитова, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты  

 

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен бүкіл өркениетті әлемдегі ақпараттық даму 



білім  берудің  дәстүрлі  қалыптасқан жүйесін,  әдістері  мен технологиясын  қайта  қарауды талап  етуде. 

Бұл  үдеріс  білімнің  жаңа  аймақтарына  енудің  қажеттілігі  мен  оны  жеке  тұлғаның  толық  көлемде 

меңгеруінің  қиыншылықтары  арасындағы  қарама-қайшылықтары  ретінде  белең  алып  отыр.  Осыған 

орай, бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми 

тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс әрекетінің 

субъектісі болуына мүмкіндік туғызу  - көкейкесті мәселе болып табылады. Өйткені, тек жоғары білімді 

маман ғана қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени өркендеуінің  көшбасшысы бола алады. 

Жоғары  кәсіби  білім  беру  жүйесі  мемлекеттің  экономика,  ғылым  және  әлеуметтік  орта 

салаларының құрылуы мен өсуіне зор ықпал ететін мамандарды дайындаудың негізі болып табылады. 

Сондықтан  да    жоғары  оқу  орындарында  студенттерді  дайындау  жүйесін  дамытуда  мемлекет 

тарапынан көп көңіл бөлінетіні кездейсоқ емес. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім 

беруді  дамыту  тұжырымдамасында  жоғары  кәсіби  білім  беруді  қалыптастырудың  қажетті 

нәтижелерінің  бірі  ретінде  «әлеуметтік  орта  мен  экономика  салаларының  барлық  түрлерімен 

салыстырғанда  білім  беруді  алға  дамыту,  қоғамды  дамытудың  барлық  облыстарында  әлеуметтік 

экономикалық  прогрестің  маңызды  шарты  ретінде  білім  беру  саласының  дамуына  әсерін  тигізетін 

қоғамдық  пікірді  қалыптастыру»  берілген.  Шындығында,  бұндай  нәтижелерге  республикада  жоғары 

білім  беру  жүйесінің  мазмұндық,  әдістемелік  және  ресурстық  базаларын  қалыптастырмай  тұрып  қол 

жеткізу  мүмкін  емес.  Бұл  үшін  жоғары  оқу  орындарында  студенттерді  дайындаудың  педагогикалық 

және әдістемелік салаларында маңызды зерттеулер жүргізу қажет. 

Қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  даму  кезеңінде  жоғары    білім  беретін  оқу 

орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ оқытушының кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол 

себепті  ақпараттық-компьютерлік  технологиялар  құралдарын  педагогикалық  іс-әрекетте  кеңінен 

қолдана  білу  іскерліктерінің  жоғары  деңгейде  қалыптасуы  оқытушылардың  кәсіби  дайындығына 

қойылатын  талаптар  қатарына  енеді.  Осы  орайда  жоғары  оқу  орындарында  болашақ  мұғалімдерді 

педагогикалық  үдерісте  ақпараттық  технологиялар  мен  бағдарламалық  құралдарды  қолдануға  ғана 

емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылады. 

Технология ұғымы (гректің- tеchne- өнер, шеберлік,  икемділік, logos — оқып үйрену) —қандай да 

бір  нәтижеге  жету  үшін  әдіс-тәсілдер  мен  құралдардың  жиынтығы;  өнімді  қажеттілігіне  қарай 

түрлендіру әдістері; өндіріс тәсілдері.  

Жалпы  «Ақпараттық технология» термині ғылымда ХХғ.-дың 40-50 жылдары пайда болған, оны 

Америкада  ХХғ.-дың  басында  дидактиктер  «оқуға  арналған  медиа»  (instructional  media),  «оқыту 


 

64

машиналары»  (teaching  machines),  «оқытуды  автоматты  түрде  басқару»  (programmed  instruction) 



сияқты ұғымдармен атаған. Сол кезде «оқуға арналған медиа» ұғымы «қандай да болмасын хабарды 

демонстрациялау  немесе  тасымалдау,  сақтауға  арналған  техникалық  құралдар,  технологиялар,  т.б. 

жиынтығы» ретінде анықталған [1].

 

В.М.Глушков  «ақпараттық  технологиялар»  терминіне  былайша  анықтама  берген  болатын: 

«Ақпараттық  технологиялар  –  ақпаратты  қайта  өңдеумен  байланысты  процестер»  [2].  Мұндай 

ұстанымды  қолданатын  болсақ,  оқу  үрдісінде  АКТ  барлық  кезде  пайдаланылып  келді,  өйткені  оқыту 

үрдісі  үйретуші  үйренушіге  ақпарат  беру  болып  табылады.  Кез  келген    әдістемелік  жүйені  әрбір 

пайдаланушы  автордан  тыс  қолданатындықтан,  технологияға  айналады,  өйткені  ол  ақпаратты 

үйренуші  табысты  түрде  меңгеруі  үшін  оны  қалайша  қайта  өңдеп,  басқаларға  жеткізу  қажеттігін 

сипаттайды. 

Біздің  пікірімізше,  «

Ақпараттық  технология»  дегеніміз  –  технологиялық  тізбекке  біріктірілген, 

ақпараттық  ресурстарды  қолдану  арқылы  ақпаратты  жинау,  сақтау,  өңдеу,  шығару  және  тарату 

әрекеттерін  қамтамасыз  ететін  өндірістік  және  программалық-техникалық  құрылғылар  мен  әдістер 

жиынтығы. 

Білім беру жүйесіне ақпараттық технологияны енгізудің негізін С.Л.Прессеи қалаған. С.Л.Прессеи 

оқыту машинасын жасап, оны «мұндай машина оқытудың таптырмайтын құралы, өйткені ол оқушының 

жеке  бас  ерекшеліктерін  ескеріп  жұмыс  жасау  режимін  таңдай  алады,  оқушымен  белсенді  өзара 

қарым-қатынасты  қамтамасыз  етеді»  деп  есептеген.  Оның  идеясы  1945  жылдары    жоғары  кәсіби 

мамандарды  даярлауда  іске  асып,  одан  әрі  дами  түскен,  ол  «оқуға  арналған  медиа»  терминін 

«ақпараттық  технологияға»  алмастырған.  Сол  кезде  ақпараттық  технология  «ақпаратты  электронды 

түрде  жинау,  өңдеу  және    ұсынумен»  байланыстырылды,  бірақ  сол  заманның    зерттеушілері  оның 

оқыту мүмкіндіктерін қарастырған жоқ [3]. 

Білім  беру  ісінде  компьютерлер  кеңінен  пайдаланыла  бастаған  кезде,  «білім  берудегі  АКТ» 

туралы айту мүмкіндігімен қатар «білім берудегі АКТ» термині де пайда болды. «Оқытуда компьютерді, 

аудиовизуальды  құралдарды  пайдалану,  -  деп  жазады  В.М.Монахов,  -  «жаңа  ақпараттық 

технологиялар»  терминімен  белгіленеді  [4].  Мұндай  оқыту  технологиясында  компьютер  ақпаратты 

мақсатқа  сай  басқаруды  жүзеге  асырады  да,  коммуникативтік  процестерді,  модельдеуді  және  т.б. 

ұйымдастыруға  арналған  құрал  ретінде  қолданылады.  Педагогикалық  әдебиеттерде  «оқытудың 

ақпараттық технологиясына» бірнеше анықтама беріледі. Мысалы: 

В.В.Попов  былай  деп  жазады:  «оқытудың  ақпараттық  технологиясы  дегеніміз  –  дидактикалық 

материалдардың,  ақпараттық  техника  құралдарының  кешені,  сондай-ақ  оқу-тәрбие  үрдісіндегі 

ақпараттың  алатын  ролі  мен  орны  туралы,  әкімшіліктің,  мұғалімдердің  және  оқушылардың  оны 

пайдалану нысандары мен әдістері туралы білімнің жиынтығы» [5]. 

В.Гузеевтің  пікірінше,  оқытудың  ақпараттық  технологиясы  компьютерлік  негізде  оқыту 

тәсілдерінің, әдістерінің және нысандарының жиынтығынан тұруы тиіс [6].  

А.В.Соловьевтің  пайымдауынша:  «Оқытудың  ақпараттық  технологиясы  –  үйрету  қызметін  іске 

асыруда  пайдаланылатын  электрондық  құралдар  мен  оларды  іске  қосу  тәсілдерінің  жиынтығы. 

Электрондық  құралдарға  аппараттық,  бағдарламалық  және  ақпараттық  құрам  кіреді,  оларды 

пайдалану тәсілдері АКТ әдістемелік қамтамасыз етуде көрініс табады» [7].  

Д.Ш.Матрос  «оқытудың  ақпараттық  технологиясын»  үйренушіге  берілетін  ақпаратты  дайындау 

және ақпаратты жеткізу процесі, ал оны жүзеге асыру құралы компьютер деп түсінеді [8].  

Ақпараттандырудың  даму  кезеңдеріне  тоқталар  болсақ,  бірінші  кезең  ХХ  ғасырдың  60-

жылдарының  басына  дейін  жалғасты.  Электронды  есептеуіш  машиналарының  (ЭЕМ)  бірінші  және 

екінші  буындары  да  қолданылды. Бұл  кезеңнің  негізгі  сипаттамалық  ерекшелігі  машиналық  кодтарда 

программалау,  блок-кескіндердің  пайда  болуы,  символдық  процестерде  программалау,  стандартты 

программаларда,  автокодтарда,  машиналық-бағдарлау  және  Ассемблер  тілдерінде  түрлі  есептердің 

шешімін  жасақтау.  Екінші  кезең  80-жылдардың  басына  дейін  созылды.  Бұл  кезеңде  миниЭЕМ  және 

үлкен интегральды схемалы ЭЕМ-дар шығарылды. 

Ақпараттық  технологиялардың  пайда  болу  белгісі  программалаушы  мамандығының  еңбегін 

үнемдеумен сипатталды. Мақсаты – программалау тілінің инструментальды құралдарын жасақтау. Үш 

режимде  жұмыс  жасайтын  операциялық  жүйелердің  екінші  буыны  пайда  болды:  нақтылы  уақытпен, 

уақыттардың  бөлінуі  және  пакеттік  режимде. Жоғарғы  деңгейдегі  программалау  тілдері,  қолданбалы 

программалар  пакеті,  деректер  қорын  басқару  жүйесі,  жобалауды  автоматтандыру  жүйесі,  ЭЕМ-мен 

қарым-қатынастық  сұхбаттық  құрылғылар,  программалаудың  жаңа  технологиялары  (құрылымдық, 

модульдік) және глобальды желілер пайда болды. Осы кезеңде «Информатика» ғылымы пайда болды. 

Үшінші  кезең  90-жылдардың  басына  дейін  созылды.  Бұл  кезең  екінші  ақпараттық  революцияның 

пайда болуымен сипатталды. Ұлттық ақпараттық ресурс – жаңа экономикалық категория пайда болды.  

 

Ақпараттық  революция  жергілікті  халықтың  белсенді  бөлігі  үшін  ашық  (қажетті)  ақпараттар 

ауқымының  артуына  әкеп  тірейтін  ақпаратты  жинау,  өңдеу,  сақтау  және  таратудың  тәсілдері  мен 


 

65 


аспап-құралдарының  бүтіндей  өзгеруінен  тұрады.  Мұндай  революциялар  алтау. 

Бірінші  ақпараттық 

революция тіл мен  адамның анық  сөйлеуінің  пайда  болуынан тұрса,      екінші ақпараттық  революция 

жазудың  ойлап  табылуына  байланысты.   



Үшінші  ақпараттық  революция  XV  ғасырда  ақпараттық 

технологиялардың  алғашқыларының  бірі  болып  саналатын  кітап  басып  шығаруды  ойлап  табудан 

туындаған. 

Төртінші ақпараттық  революция  ХIХ  ғасырда  ақпаратты  жіберу  мен таратудың  телеграф, 

телефон, радио және телевидение сияқты құралдары ойлап табылды.  



Бесінші ақпараттық революция 

адамзат есептеу техникасын белсенді пайдалана бастаған кезде



, XX ғасырдың ортасында өтті. Бүгінде 

біз  ауқымды  телеқатынастық  компьютерлік  желілердің  пайда  болуы  және  олардың  мультимедиа 

технологиялары  мен  виртуалды  шындықпен  интегралдануына  байланысты   

алтыншы  ақпараттық 

революцияның куәсі болып отырмыз [9].  

Төртінші  кезең  ХХ  ғасырдың  90-жылдары.  Білім  беруді  автоматтандырудың  ақпараттық 

технологиялары жасақталып шықты. Бұл кезеңде портативтік компьютерлер, графиктік операциялық 

жүйелер,  мультимедиа  жүйесі,  гипермәтін,  объектілі-бағдарлау  технологиялары  пайда  болды. 

Телекоммуникация  адамдар  арасындағы  өзара  қарым-қатынас  құралына  айналды.  Қашықтықтан 

оқыту,  автоматтандырылған  офистер,  өнімнің  бүкіләлемдік  каталогтары  енгізілді.    Бұл  кезең 

ақпараттық қоғам кезеңімен сипатталады. 

Ақпарттық  қоғам  –  бұл  саяси,  әлеуметтік-экономикалық,  қоғамның  әрбір  мүшесінің    кез  келген 

ақпарат  көзіне  еркін  ену  қабілетін  қамтамасыз  ететін  ғылыми  факторлардың  өзара  байланысқан 

жиынтығы. Ал, 

қоғамды ақпараттандыру дегеніміз – әр түрлі ақпараттық қорларды қалыптастыру мен 

пайдалану  негізінде  азаматтардың,  мемлекеттің  өкімет  органдары  мен  ұйымдардың,  қоғамдық 

бірлестіктердің  құқықтарын  жүзеге  асырып,  олардың  ақпараттық  талаптарын  қанағаттандыру  үшін 

тиімді жағдай жасау жолында ұйымдастырылған әлеуметтік–экономикалық және ғылыми–техникалық 

прогресс.  Бұл  кезде  қызмет  салаларының  барлығында  білімді  айқын,  түбегейлі  және  дер  кезінде 

барынша  толық  пайдалануды  қамтамасыз  етуге  бағытталған  кешенді  шаралар  өткізуге  басты  назар 

аударылды.  Көптеген  елдер  өз  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып,  ұлттық  ақпараттандыру 

бағдарламаларын қабылдады.     

Оқу-тәрбие  үрдісінде  есептеуіш  және  компьютерлік  техникалар  құрылғыларын  енгізу  мен  оны 

қолдануға талдаулар жүргізу  арқылы  білім беруді ақпараттандыруды шартты түрде 



3  кезеңге бөлуге 

болады: білім беру үрдісін электроникаландыру, компьютерлендіру және ақпараттандыру. 

1-кезең  білім  беру  үрдісін  электроникаландырумен  сипатталады.  Техникалық  мамандықтағы 

студенттерге арналған электрондық және есептеуіш техника құрылғыларын енгізу 50-жылдардың аяғы 

мен  60  жылдардың  басында  жүргізілсе,  ал  гуманитарлық  мамандықтағы  студенттер  үшін  60-

жылдардың  аяғы  мен  70-жылдардың  басында  жүргізілді.  Мұнда  алгоритмдеу  мен  программалау 

негіздерін, алгебра логикасының элементтері мен ЭЕМ-да математикалық модельдеу бөлімдерін оқыту 

қарастырылды. Аталған кезеңде алгоритмдік ойлау қабілетін дамыту, программалау тілдерін меңгерту 

және  есептегіш-логикалық  алгоритмдер  арқылы  ЭЕМ-да  жұмыс  жасау  дағдыларын  игерту  сияқты 

әрекеттер студенттердің білімі мен біліктілігін дамытып, дамытуға игі әсерін тигізді.  

  2-кезең білім беру үрдісін компьютерлендірумен сипатталады.  

  3-кезең білім беруді ақпараттандырумен сипатталады.  



Білім  беруді  ақпараттандыру  –  бұл  АКТ  құралдарын  білім  беру  саласына  қолданудың 

методологиялық  және  тәжірибелік  құндылықтарын  зерттеп,  оқыту  мен  тәрбиелеудің  психологиялық 

және педагогикалық мақсаттарына бағыттап қамтамасыз ету үрдісі. Бұл үрдіс мына 

бағыттар бойынша 

жетілдіріледі: 

-  білім  беру  жүйесінің  басқару  механизміндегі  ғылыми-педагогикалық  ақпараттар  мен 

ақпараттық-әдістемелік  материалдарды  автоматтандыру  арқылы  оның  қолданылу  аясын  жетілдіру 

және басқару ісіне коммуникациялық желілерді қолдану;   

-  ақпараттық  қоғам  жағдайында  жеке  тұлғаның  даму  бағыттарының  міндеттерін    негізге  ала 

отырып, оқытудың мазмұнын,  әдістері  мен  оны ұйымдастыру формаларын  таңдау, оның  әдіснамасын 

жетілдіру;  

-  оқушының  және  ең  алдымен  мұғалімнің  интеллектуальдық  қабілетін  дамытуға,  өздігінен  білім 

алуға,  түрлі  ақпараттарды  өздігінен  өңдеу  сияқты  әрекеттерге  бағытталған  оқытудың  әдістемелік 

жүйесін АКТ арқылы құру;  

-  оқушы  мен  мұғалімнің  білім  деңгейін  бағалау  мен  бақылау  әдістерін  талдау  бағытында 

компьютерлік тестілеуді құру мен оны қолдану.  

ҚР-ның  «Білім  туралы»  заңында,    «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  2005-2010  жылға 

дейінгі дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы» стратегиялық құжатында білім беруді ақпараттандыру 

мәселесі мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асырудың маңызды механизмі ретінде  бекітілген. 

Алғаш  рет  ақпараттандару  бағдарламасы  жалпы  орта  білім  беру  жүйесі  үшін  1997  жылы 

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтің  Жарлығымен  қабылданған  болатын. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылы бекітілген “Бастауыш және орта кәсіптік білім беру оқу 


 

66

мекемелерін  ақпараттандарудың  мемелекеттік  бағдарламасында”  бастауыш  және  орта  кәсіптік  білім 



беруді ақпараттандаруды дамытудың негізгі бағыттары анықталған. 

Білім беруді ақпараттандырудың мақсаты:  

Қазақстан  Республикасында  бiртұтас  бiлiмдiк  ақпараттық  ортаны  құру  болып  табылады.  Олай 

болса,  бiлiм  беру  саласында  АКТ-ны  пайдалануға  және  Қазақстан  Республикасындағы  ақпараттық 

кеңiстiктi әлемдiк бiлiм беру кеңiстiгiмен сабақтастыруға  мүмкiндiк бередi.  

Білім беруді ақпараттандырудың міндеттері: 



-  АКТ құралдарымен қамтамасыз ету;  

-  бiлiм берудi ақпараттандыру бойынша тәжірибелік шараларды анықтап, жүзеге асыру;  

-  оқу-тәрбие  үрдісiне  АКТ-ны  енгiзудi  қамтамасыз  ету  бойынша  ғылыми-iзденушiлiк  және  оқу-

әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;



  

-  жалпы  білім  беретін  орта мектеп  пәндерi  бойынша жасақталатын жалпыға  мiндеттi  бiлiм  беру 

стандарттарының  және  оқу-әдiстемелiк  кешендерінің  мазмұнын  АКТ-ны  пайдалану    мүмкiндiктерiмен 

жетiлдiру, бiлiм беруді басқаруда ақпараттық жүйені құру;  

-  білім  беру  сапасын  арттыру  мақсатында  программалық-техникалық  құралдармен  қамтамасыз 

-  ету және мультимедиялық программалар мен электрондық оқулықтарды жасақтау;  

-  мұғалімдерді  АКТ-ны  өз  қызметтерiне  еркiн  пайдалана  бiлуге  дайындау  және  жүйелi  түрде 

бiлiктiлiктерiн арттыру. 

Білім беруді ақпараттандырудың негізгі қағидалары: 

-  оқыту мен тәрбиелеудiң жылдамдығы (интенсификация) ;  

-  бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi;  

-  қоғамның әрбiр мүшесi үшiн алынатын бiлiмдер мен мәлiметтердiң түсiнiктiлiгi;  

-  жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту;  

-  жалпы ақпараттық сауаттылық. 

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында күтілетін нәтижелер: 

-  АКТ-ны қолдану арқылы бiлiмнiң сапасын арттыру;  

-  АКТ-ны енгізу арқылы білім беру мазмұнын жаңарту; 

-  АКТ-ны қолдану саласы бойынша оқушылардың мамандыққа баулу механизмін құру; 

-  біздің еліміздегі және шет елдердегі жинақталған ақпараттық ресурстарға жедел ену; 

-  мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды,  виртуальдық  лабораторияларды  және  бақылау 

программаларын жасақтап, қамтамасыз ету; 

-  отандық  білім  беру  жүйесін  біртұтас  әлемдік  ақпараттық  білімдік  кеңістікке  ену  арқылы 

сабақтастыру; 

-  білім берудің телекоммуникациялық желілерін құру; 

-  республиканың  білім  беру  мекемелерін  басқарудың  біртұтас  ақпараттық  желісін  құруға 

негіздеп, білім беруді басқарудың ақпараттық желісін құру. 

Қазақстан  Республикасында  орта  білім  беру  жүйесін  ақпараттандыру  бағдарламасын  5  кезеңге 

бөлу жоспарланған. 

Бірінші  кезеңде  (1997/98  оқу  жылдары)  қала  мен  аудан  орталықтарындағы  базалық  мектептер 

жабдықталды. Білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесін жасау жұмыстары басталды, компьютерлік 

оқу  бағдарламалары  жасалды,  білім  берудегі  жаңа  технологиялардың  аймақтық  орталықтарын 

кеңейту және нығайту көзделеді. 

Екінші  кезеңде  (1998/99  оқу  жылдары)  орта  мектептерді  компьютермен  жабдықтау  жұмыстары 

басталды. 

Үшінші  кезеңде  (1999/2000  оқу  жылдары)  барлық  орта  мектептерді  компьютермен  жабдықтау 

жұмыстары аяқталды. 

Төртінші  кезеңде  (2000/01  оқу  жылдары)  барлық  негізгі  мектептер  компьютермен 

жабдықталынды. 

Бесінші  кезеңде  (2001/02  оқу  жылдары)  мектептердің  басқа  түрлері,  негізінен  бастауыш 

мектептер  компьютермен  жабдықталынды.  Білім  беру  саласын  ақпараттық  басқару  жүйесімен 

қамтамасыз ету жұмыстары аяқталды. 

Білім  беру  жүйесіндегі  компьютерлерді  жаңартып,  толықтырып  отыру-  білім  беру  жүйесін 

ақпараттандырудағы негізгі мәселе болып табылады. 

Соңғы  жылдары  АКТ  саласында  ауқымды  ілгерілеу байқалып  отыр,  соның  нәтижесінде  ескірген 

компьютерлік жабдықтар дамытылған жаңасымен алмастырылуда.  

АКТ-ны нәтижеге бағытталған білім беру барысында бәсекеге қабiлеттi ұлттық бiлiм беру жүйесiн 

дамытуға  және  оның  мүмкiндiктерiн  әлемдiк  бiлiмдiк  ортаға  енудегi  сабақтастыққа  қолдану  негiзгi 

мәнге  ие  болып  отыр.  Осы  бағыттағы  жұмыстарды  жүзеге  асыру  үшін  АКТ-ны  пайдалана  отырып 

мұғалімдердің біліктілігін арттыру қажеттілігі туындауда. 

Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  жүйесі  еліміздегі  және  алыс  жақын  шет  елдердегі  білімдегі 


 

67 


құндылық  бағдарлардың  өзгеруіне  соңғы  уақыттарда  көптеген  зерттеу  жүмыстарының  пәніне 

айналуда.  Олардың  авторлары  зерттеудің  негізі  болып  табылатын  философиялық  құндылық   

негіздерге  талдау  жасай  отырып,  біліктілікті  арттырудың  практикасындағы  ғана  емес  теориясындағы 

да даму беталысын ашып көрсетеді. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер:  

1      Степанов  В.М.,  Мангазеева  Г.Г.  Информационные  технологии  как  средство  управления 

познавательной деятельностью учащихся. –www.bytic.ru/cue99M/bemus1b2r.html. 

2    Глушков В.М.Основы безбумажной информатика. –М.: Наука, 1982. 

3      Скрябина  О.Ю.  Информационные  технологии  обучения  в  современном  образовании  США 

(гуманистический аспект: автореф...к.п.н. – Волгоград, 2000. 

4 Монахов В.М. Концепция создания и внедрения новой информационной технологии обучения 

// Сб. н. трудов «Проектирование новых информационных технологий обучения»-М.,1991.-С.4-30. 

5      Новые  информационные  технологии  в  образовании.  Метод.  пособие.  Вып.2.  /отв.  Ред.  В.В. 

Попов –М., НИИ школ-отдел профтехобразования, 1990.-52 с. 

6  Гузеев В. О технологии обучения и предмете педагогической информатики. (Размышления над 

концепцией информатизации образования) // Информатика и образование.-1989. -№1.-С.8-15. 

7  Соловев  А.В.  Информационные  технологии  обучения  в  профессиональном  образовании  // 

Информатика и образование.- 1996. -№1.-С.13-19. 

8  Матрос Д.Ш. Информационная модель школы // Информатика и образование. -1995. -№3.-С.1-

3. 


9 Бидайбеков Е.Ы. Білімді ақпараттандыру жоғары оқу орындарында мамандар дайындау бағыты 

ретінде  //  «Үздіксіз  кәсіби  білім  беру  жүйесінде  ақпараттық  және  инновациялық  технологияларды 

пайдалану» халықаралық ғ.-тәжірибелік конф.– Қызылорда: Эверо, 2007. 

 

Түйіндеме  

Бұл  мақалада  қазіргі  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  даму  кезеңінде  жоғары    білім 

беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі болашақ оқытушының кәсіби дайындығына тікелей 

қатысты екендігі. Сол себепті ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-

әрекетте  кеңінен  қолдана  білу  іскерліктерінің  жоғары  деңгейде  қалыптасуы  оқытушылардың  кәсіби 

дайындығына қойылатын талаптар қатарына енетіндігі, осы орайда жоғары оқу орындарында болашақ 

мұғалімдерді  педагогикалық  үдерісте  ақпараттық  технологиялар  мен  бағдарламалық  құралдарды 

қолдануға ғана емес, осы құралдарды жасауға дайындау өзекті мәселе болып табылатындығы жөнінде 

айтылады. 



Summary  

The  article  discusses  nowadays  informative  technologies  higher  of  education  on  pore  of  what 

intensive develop efficiency of tendency reading the future professional to preparation teacher perspective. 

Widely  use  on  computer  informative  technologies  means  that  is  why  pedagogical  act  applies  knows  high 

level activities skill in the professional preparation teaches gave in row future enters, the higher occupation 

this  possibility  pedagogic  process  informative  technologies  and  programmable  means  apply  only  not,  this 

means do basic question prepare to find direction talk. 

 

 





Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет