№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Список использованной литературы



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет13/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Список использованной литературы: 

1. Зимняя И.А. Психологический анализ перевода как вида речевой деятельности /И.А.Зимняя // 

Вопросы теории перевода. Вып. 127. – 1978.  

2.  Карпов  А.В.  Понятие  профессионально  важных  качеств  деятельности  //Психология  труда: 

Учебник для студ.высш.учеб.завед. /Под ред. А.В.Карпова. - М.: ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003, 352 с. 

3.  Марищук  В.Л.  Психологические  основы  формирования  профессионально  важных  качеств: 

Автореф. дис. … д-ра психол. наук. - Л., 1982, 36 с. 

4. Маркова А.К. Психология профессионализма. - М.: Знание, 1996, 308 с. 

5.  Поршнева  Е.Р.  Базовая  лингвистическая  подготовка  переводчика:  Монография.  -Нижний 

Новгород: ННГУ, 2001, 148 с. 

6.  Пшёнкина  Т.Г.  Психолингвистические  основания  вербальной  посреднической  деятельности 

переводчика: Монография. - Барнаул: Изд-во БГПУ, 2005, 240 с. 

7. Фельдштейн Д.И. Психология развивающейся личности //Избр. психологические труды. - М.: 

Ин-т практ. психологии; Воронеж: МОДЭК, 1996, 512 с. 

8.  Шадриков  В.Д.  Психология  деятельности  и  способности  человека:  Учебное  пособие.  -  М.: 

Логос, 1998, 320 с. 

 

Түйіндеме 

Мақалада  аудармашының  психологиялық,  коммуникативтік  және  жеке  мінезінің  даму  дәрежесі 

туралы сауал-сұрақ жүргізу әдісімен алынған статистикалық мәліметтер айтылған.

 

 

Summary  

In  article  the  statictical  data  about  degree  of  development  of  psychological  communicative  and 

personal  gualities at the translator the guestioning received by a method is stated. 

 

 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Ш.И.Исмуратова,

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің

 

магистранты 



 

Қазіргі  кезеңде  әлемдік  қоғамдастық  Қазақстанды  нарықтық  экономикасы  қалыптасқан 

мемлекет ретінде танып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып, қысқа тарихи кезеңде 

Қазақстан  экономикада  алдыңғы  қатарға  шықты,  елдің  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  анықталды. 

Қоғамдағы  өзгерістер  білім  жүйесіне  де  ықпал  етті.  Білім  беру  жүйесінің  рөлі  мен  мәні  артып,  оған 

үлкен міндеттер жүктеліп, оның қоғам сұранысына сай болуы талап етіліп отыр. 

Қазақстанның  жоғары  білім  берудің  стратегиялық  міндеті  ұлттық  білім  беру  жүйесінің 

жетістіктерін  сақтай  отырып,  оны  әлемдік  білім  беру  үдерісінің  қазіргі  заманғы  болашағы  бар 

бағыттарына  сәйкес  келтіру болып табылады.  Бұл  ұлттық  білім  беру  жүйесін жетілдіру  мен  әлемдік 

білім беру кеңістігіне ықпалдасуды жүзеге асыру үдерістерінен тұрады. Білім беру жүйесін дамытудың 

стратегиялық  мақсаттарын  анықтау  үшін,  жоғары  мектепте  оқу  үдерісін  ұйымдастыруды  түбегейлі 

өзгертуге  байланысты  қазақстандық  көпдеңгейлі  үздіксіз  білім  беру үлгісін  қалыптастыруға мүмкіндік 

беретін  Қазақстан  Республикасының  білім  берудің  2015  жылға  дейінгі  даму  тұжырымдамасы, 

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  Мемлекеттік 

Бағдарламасы жасалынды. Онда білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде мамандарға берілетін 

білім  сапасын  арттыру,  оларды  кәсіби  даярлаудың  жаңа  бағыттары  мен  инновациялық 

дамуын  қамтамасыз  ету,  ғылыми  зерттеулерді  қоғам  сұранысымен  тығыз  байланыстыру,  ғылыми-


 

75 


зерттеу  жұмыстарының  маңызы,  білім  беруді  және  ақпараттық  технологияларды  жетілдіру 

мәселелері көрсетіледі. 

Қазақстанның  әлемдік  білім  беру  жүйесіне  кіру  үдерісі  2003  жылдан  бастап  еліміздің  жоғары 

оқу  орындарында  және  магистратурасында  кредиттік  оқыту  технологиясын  ендіруден  басталды.  Осы 

үдерістің алдындағы Қазақстанның «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктіліктерді тану 

туралы»  Лиссабон  Конвенциясына  және  «Жоғары  білімнің  еуропалық  аймағы  туралы»  Болон 

декларациясына қосылуы, ҚР «Еуропа аймағындағы жоғары білімге қатысты біліктілікті тану туралы» 

Конвенцияны ратификациялау туралы Заңы елімізде кредиттік оқыту жүйесінің ендірілуіне жол ашты.  

Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  Бағдарламаны  жүзеге  асырудың  негізгі  бағыттарында  «Оқу  үдерісін  ұйымдастырудың 

дәстүрлі  жүйесінің  орнына  оқытудың  кредиттік  жүйесі  енгізіледі,  ол  білім  алушылардың  өз  бетінше 

белсенді  жұмыс  істеуін  ынталандырады,  жеке  білім  бағытын  таңдаудың  болуын,  ұтқырлығын, 

бакалаврлардың және магистранттардың академиялық еркіндігінін үлкен дәрежесін қамтамасыз етеді, 

білім туралы құжаттардың әлемдік білім беру кеңістігінде танылуына әсер етеді» деп көрсетілген. 

Кредит  (  сredit,  credit-hour)  –  латын  тілінен  аударғанда  «сену»,  «сенім»  дегенді  білдіреді. 

Кредиттік технологияда оқыту жүйесіндегі кредит –тындаушының, оқытушының оқу жұмысы көлемінің 

өлшем  бірлігі.  Бұл  кредит  академиялық  кезең  ағымындағы  тыңдаушының  апталық  аудиториялық 

жұмысының  бір  академиялық  сағатына  тең.  Әрбір  лекциялық,  практикалық  (семинарлық)  және 

студиялық  сабақтың  академиялық  сағаты  міндетті  түрде  студенттің  өзіндік  жұмысының  (СӨЖ)  2 

байланыс сағатымен (100 минут) толықтырылады. 

Кредиттік оқыту жүйесі дегеніміз – жеке оқу жоспарын студенттің тікелей араласуымен, жұмыс 

оқу жоспарына сәйкес әр студенттің жеке оқу жоспарын жасауда студенттің пәндерді еркін таңдауына, 

әр  студенттің  және  оқытушының  кредит  бойынша  еңбек  шығынын  есептеуге  негізделген  білім  беру 

жүйесі. 


Қазақстан Республикасының мемлекеттік жоғары базалық білім стандартында кредиттік оқыту 

жүйесі  бойынша  студенттердің  оқытушының  басшылығымен  жүргізетін  өз  бетінше  жұмысы  – 

аудиторияда және аудиториядан тыс жүргізетін оқытудың түрі деп атап көрсетілген. 

Ғалым  Ә.М.Мұханбетжанова  кредиттік  жүйенің  көптеген  тиімді  жақтарын  бөліп  көрсетеді: 

студенттердің  оқу  әрекетінің  өзіндік  сипаты  мен  оқытушының  оқыту  қызметінің  дамытушы  стилі 

(консультация,  диалогтар,т.б.);  академиялық  еркіндіктің  жоғары  дәрежесі;  студенттердің  жеке 

ізденістік  әрекеті;  оқытудың  инновациялық  және  интерактивті  технологияларының  ара  салмағының 

өсуі, т.б. 

Кредиттік оқыту жүйесі бірізді емес оқыту жүйесіне жатады. Бірізді емес оқыту жүйесіне – оқу 

процесін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі кіреді. Ал, бірізді оқыту жүйесі 

деп  (линейная  система  обучения)  –  оқытудың  логикасына  сәйкес  білім  алушы  кәсіптік  білім 

бағдарламасындағы пәндерді жүйелі түрде берілген сағаттық көлем негізінде белгілі уақытта оқытуды 

айтады. 

Кредиттік оқыту жүйесінің дәстүрлі «сызықты» оқыту жүйесіне қарағанда ерекшеліктері: 

-дәстүрлі жүйеде оқытудың мақсаты ақпарат пен нақты білім беру болса, жаңа жүйеде нақты 

білімнің  негізінде  білім  алушының  шешім  қабылдай  білу  дағдыларын  дамыту,  яғни  шығармашылық 

әрекет пен өздігінен танып-білуді және кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру; 

-студенттердің оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі; 

-білім    алушылардың    оқу    жоспарындағы    пәндерді    таңдаудағы    көп  еркіндігі,  әр 

студенттің өз жеке оқу жоспарын жасауға тікелей өзі қатысуы, оқыту бағдарламасының икемділігі және 

таңдау курстарының көптігі; 

-пән  таңдауда,  оқу  траекториясын  таңдауда  студенттерге  көмектесетін    академиялық 

консультанттардың енуі; 

-«студент-оқытушы»    қарым-қатынасының    «субъект-субъект»    болып  өзгеріп,  оқытушының 

ұйымдастырушылық қана рөл атқаруы; 

-оқу 


үдерісін 

ұйымдастыруда 

факультеттердің 

еркіндігі, 

оқу 

үдерісін 



қажетті әдістемелік (баспа жэне электронды) материалдармен қамтамасыз ету қажеттігі; 

-әр студенттің эдвайзер көмегімен оқу пәндерін меңгеру үшін білім беру траекториясын таңдау 

арқылы оқытудың жекелендіруі; 

-студенттің 

өзіндік 

жұмысының 

(СӨЖ) 

үлесінің 



артуы, 

оның 


оқытушы 

қатысуынсыз    жүретін    СӨЖ    және    оқытушы    жетекшілігімен    жүргізілетін  студенттің  өзіндік 

жұмысы (ОБСӨЖ) болып бөлінуі; 

-игерген білім сапасының емтиханда бағаланып, сынақтың болмауы; 

-оқу  мотивациясының  артуы,  шетелде  оқу  мүмкіндігі,  алған  білімді  басқа  елдегі  оқу  орнының 

академиялық мойындау кепілдігі; 

-оқытуда интерактивті әдістердің кеңінен қолдану мүмкіндігі; 


 

76

-білім  деңгейінің  нақтылығы,  баға  жүйесінде  дәстүрлі  бағалаудан  өзгеше  жинақталатын 



сынақтық  жүйенің  енгізілуі  және  дәстүрлі  бағалау  жүйесіне  аудару  механизмінің  болуы, 

бағалаудағы ерекшеліктер. 

Оның  негізгі  ерекшелігі  –  жеке  пәндер  бойынша  студенттер  мен  оқытушылардың  еңбегін 

бағалау  үшін  сынақ  бірлігінің  (немесе  кредиттер  жүйесінің)  енгізілуі.  Ал  оқу  пәндерін  студенттердің 

меңгеруін бағалау үшін міндетті түрде балдық-рейтингтік жүйе қолданылады 

Кредиттік оқыту жүйесі – ерекшелену, білім беру траекториясының таңдамалылығы және білім 

ауқымын кредиттер түрінде есепке алу негізінде өз бетінше білім алу және білімді шығармашылықпен 

игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру жүйесі. 

Кредиттік  оқыту  технологиясы  пән  сабақтарын  жекелей  жоспарлау  негізінде  өздігінен 

білім  алудың  және  ерекшелену  арқылы  білімді  шығармашылықпен  игеру  арқылы  оқу  үдерісін 

ұйымдастырудың ерекше тәсілі болып табылады. Ол әлемдік стандартқа сай білім беруді қамтамасыз 

етуге,  сапалы  білім  беру  арқылы  біліктілігі  жоғары  және  еңбек  нарығында  бәсекелестікке  кез-

келген жағдайда дайын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді. 

Бәсекеге  қабілетті мамандарды  дайындау өлшемінің  көрсеткіштері  жоғары  оқу  орны түлегінің 

динамикалық  өзгеретін  ортаға  тез  бейімделе  алуы,  түлектің  жаңа  мамандықтарды  меңгеруге  уақыт 

пен күш шығармай еңбек ете алатын сабақтас салалардың саны, дұрыс басқару шешімдерін қабылдау 

қабілеті және жүйелі түрде басқару дағдысының болуымен анықталады. 

Қазақстанның  жоғары  оқу  орындарында  кредиттік  жүйенің  ендірілуі  әлемдік  білім  беру 

саласындағы  беталыстарды  ескеруді,  шет  елдердегі  бұл  жүйенің  тәжірибесін  зерттеуді  және 

жинақтауды қажет етеді. 

Жаһандану  үдерісі  жағдайында  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  қосылу  және  халықаралық  білім 

беру  стандарттарына  жақындау  міндетін  жүзеге  асыру  үшін  еліміздің  білім  беру  жүйесі  кредиттік 

технологияны  енгізумен  қатар,  отандық  алдыңғы  қатардағы  тәжірибелер  мен  дәстүрлерді,  жеке 

тұлғаның  мүддесі  мен  қабілетін  ескере  отырып,  бағдарламалардың  алуан  түрлері  мен  формаларын 

қолдануда.  

Кредиттік  оқыту  жүйесі  жағдайында  болашақ  мамандардың  белсенділігі  мен  дербестілігі 

өзіндік  жұмысты  ұйымдастыру  түрлерімен,  өзіндік  жұмыстар  арқылы    қалыптасатын    танымдық    іс-

әрекет  мазмұнымен  байланысты.  Біз студенттердің аудиториялық сабақтар барысында және одан 

тыс  жүргізілетін  өзіндік      жұмыстарын      танымдық      іс-әрекетті      белсендіру      құралы      ретінде 

қарастырамыз.  Болашақ  мамандардың        оқу  материалдарын  белсенділікпен,  мақсатты  түрде  оқу 

барысында өзін-өзі  басқару  мен өзіндік бақылаудың  әдіс-тәсілдерін игеруін олардың оқу ісіндегі негізгі 

және  жетекші    форма  деп  білеміз.  Біздің  пікірімізше,  кредиттік  оқыту  жүйесінде  ғылыми-зерттеу 

әрекетін  қалыптастыру  -     оқу  үдерісінде      оқытудың  дәстүрлі таңдамалы  әдістері мен инновациялық 

оқыту  технологияларын  тиімді  ұштастыра  отырып,  -  болашақ  мамандардың  білім  деңгейін 

шығармашылық деңгейге жоғарылату. 

Қорыта  айтқанда,  жоғары  оқу  орнында  кредиттік  оқыту  жүйесі  бойынша  оқу  үрдісін 

ұйымдастыру,  студенттің  оқу  жылына  арналған  білім  кеңістігін  қалыптастырып,  кәсіби  маман  болып 

шығуында маңызды роль атқарады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  Ғылым  министірінің  2005  жылғы  №753  бұйрығымен 

бекітілген эксперимент режимінде іске асырылатын оқыту жүйесі туралы ереже. - Алматы, 

2005. -  28 б 

2.  Омирбаев С.М. Кредитная система обучения.- Алматы, КазГосЖенПИ. 2005. - 50 с. 

 

Резюме 

 

В 



этой 

статье 


рассматривается 

научно-исследовательская 

деятельность 

студентов 

обучающихся по кредитной системе обучения. 

 

Summary  

This article discusses the research activities of students enrolled in the credit system of education.  

 

 



 

77 


 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЙІНДІК ҚАБІЛЕТІН АНЫҚТАУДА  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ 

ҚОЛДАНУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Г.Ө.Букарбаева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты

 

 

 



Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2004  жылғы  11  қазандағы  №1459  Жарлығы  бойынша 

бекітілген  «Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

Мемлекеттік  бағдарламасына»  сәйкес  еліміздегі  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерінің  ІІІ  сатысы 

бейімді – бағдарлы  оқыту жағдайына көшуді көздеп отыр 

Кез-келген  жаңа  нәрсені  толық  түсіну,  оны  жүзеге  асыру   барысында  бұған  дейінгі 

тәжірибелерден  байқағанымыздай  мәселені  басқаша  түсіну  немесе  дағдылы  жағдайдан  шыққысы 

келмеу  сияқты  жағдайлардың  болатыны  сөзсіз.  Оның  үстіне  аталған  маңызды  мәселе  жайлы  қазақ 

тілінде  ақпараттың  тым  мардымсыз  болуы  (ресми  құжаттардан  басқа,  бейінді  оқытуды 

методологиялық, 

педагогика-психологиялық, 

әлеуметтік-социологиялық 

тұрғыдан 

талқылаған 

мақалалар  немесе  іргелі  еңбектер  бұл  күнге  дейін  көпшілік  талқысына  ұсынылған  жоқ)  да  бұл 

жағдайға өз көлеңкесін түсіруде.  

Бейімді-бағдарлы  оқыту  дегеніміз  -  оқушылардың  қызығушылық  бағытының,  қабілетінің 

дамуына  жағдай  жасайтын   және  олардың   келешекте  ие  болуға  тиісті  кәсібіне  бейімделуді 

қамтамасыз ететін оқытудың бір түрі. Ол тек қана мектептің жоғарғы сатысында жүзеге асырылады. 

Жалпы  орта  білім  берудің  жоғарғы  соңғы  сатысында  оқушылардың  қоғамдық  және 

азаматтық өзін-өзі анықтауына қолдау көрсететін негізгі құзыреттіліктер түріндегі функционалдық 

сауаттылық  мен  әлеуметтік  бейімделудің  қалыптастырылуы  қамтамасыз  етілуі  қажет.  Білім  беру 

жүйесінің  аталған  қызметтерін  тиімді  іске  асыру  жалпы  орта  білім  берудің  мазмұны  мен 

құрылымын жаңғыртқанда да ғана мүмкін болмақ. Білім беру мазмұнын жаңғырту - оқушылардың 

қазіргі  заманғы  жылдам  өзгеретін  қоғамда  өмір  сүруге  дайындығын  қамтамасыз  ететін 

компоненттердің  енгізілуін  және  оқушылардың  мектепті  аяқтағаннан  кейінгі  өмірінде  қажетсіз 

болып шығатын компоненттердің алынып тасталуын мегзейді. Жалпы орта білім беру  құрылымын 

жаңғырту 2 жыл бойында  (11-12 сыныптар) бейіндік оқытуды енгізуден тұрады. 

 

Бейіналды даярлық 9-10 сыныптарда: 



1.  Оқушының таңдау курстары; 

2.  Ақпараттық жұмыс; 

3.  Психолого-педагогикалық қолдау. 

Оқу жылы аяғында оқушылардың жеке жетістіктер портфолиосы жинақталады. 10 сыныптан 

соң бірыңғай ұлттық тестілеуден өтіп, 

1.  Бейіндік мектеп (11-12 сыныптар) 

2.  Техникалық және кәсіби білім беруді ұйымдастыру 

3.  Жоғары техникалық мектептерде өз білімдерін жалғастыра алады. 

Бейіндік  оқыту  жалпы  орта  білім  беретін  мектептің  жоғарғы  сатысындағы  бағыттар  мен 

бейіндер  бойынша  оқушылардың  мамандандырылған  дайындық  жүйесі  ретінде  қарастырылады. 

Бейіндік  оқыту  -  оқытуды  саралау  мен  даралау  құралы  ретінде  қабылданады.  Бейіндік  оқытуды 

енгізу  еңбек  нарығының  қажеттіліктеріне  ескере  отырып,  білім  алушылардың  әлеуметтенуін  іске 

асыруға,  мектептің  кәсіптік  білім  беру  ұйымдарымен  икемді  өзара  байланысын  игеруге 

бағдарланады.  

Жалпы  орта  білім  берудің  жоғары  сатысындағы  оқытуды  қайта  ұйымдастыру  процесіне  орай, 

бейіндік  оқыту  қағидаттарын  іс  жүзінде  іске  асыруға  қабілетті  мұғалімдерді  дайындау  мен  қайта 

қаярлау  проблемасы  туындайды. Осылайша,  бейіндік  оқытуды  дайындау мен  енгізу кезеңі  деп  атауға 

болатын ҚР мектептік білім беруді реформалауды жүзеге асырудың қазіргі заманғы кезеңінде бағыттар 

мен бейіндер бойынша оқытуды ұйымдастыру бойынша жеткілікті практикалық тәжірибе жинақталған. 

Сонымен  қатар,  оқытуды  бейіндендіруді  жүзеге  асырушы  жалпы  білім  беретін  мекемелер  желісі 

(гимназиялар,  лицейлер,  мамандандырылған  мектептер  және  т.б.)  әзірге  жеткілікті  түрде  дами 

қоймаған.  Оқушылардың  көпшілігі,  әсіресе,  ауылдық  жер  мектебіндегі  оқушылар  оған  қол  жеткізе 

бермейді. Бұл жаппай репетиторлық қызметтердің таралуына, ақылы дайындық курстарының және т.б. 

пайда болуына алып келеді. Мектептің жоғарғы сатысында оқытудың бейіндендірілуін шынайы жүзеге 

асыру осындай проблемалардың шешілуіне қолғабыс жасауы тиіс. 

Бейіндік  оқыту  -  білім  беру  үдерісінің  құрылымы,  мазмұны  және  ұйымдастырылауына 

өзгерістер  енгізу арқылы оқышылардың  қызығушылығы,  бейімі  мен  қабілеттерін толық  есепке  алуға, 

оқушыларға  олардың  кәсіптік  сұраныстары  мен  білім  алуды  одан  әрі  жалғастыру  мүмкіндіктеріне 



 

78

сәйкес  оқытуға  жағдай  жасауға  мүмкіндік  беретін  оқытуды  саралау  мен  даралау  құралы  болып 



табылады. 

Бейіндік  оқытудың  негізгі,  жүйе  құраушы  мақсаты  болып  оқушының  әлеуметтік,  оның  ішінде 

кәсіби өзіндік анықталуы болып табылады. Бұл мақсат бейіндік оқыту мәнін анықтауға көмектеседі, ол 

төмендегілерден тұрады: 

-  бейіндік  мектептің  негізгі  жұмыс  қорытындысы  -  жоғары  сынып  оқушысының  тұлғалық 

дамудың нұсқаларын өз бетімен құрастыру дағдыларына ие болуы; 

- таңдаудың негізінде оқушының өзінің қабілеттері мен қажеттіліктерін 

сәйкестендіре алуы жатады; 

-  бұл  нұсқалардың  саны  оқушы  даралығының  жан-  жақтылығын  ашу  үшін  жеткілікті  болуы 

шарт; 


- оқушы таңдаған тұлғалық дамудың нұсқасы тек оның өзі үшін ғана емес, сонымен бірге қоғам 

үшін де маңызды болуы керек; 

-  таңдаған  іс-әрекет  сферасындағы  іскерліктер  мен  дағдылар,  жетістіктер  оқушының  жетістік 

бумасын құрайды. 

Жоғарғы сынып оқушыларының бейіндік қабілетін анықтауда және кәсіби өзін табу бағдарына 

көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары: 

- мамандық және оның қажеттілігі туралы білу; 

- бейімділіктері (қызығушылығы, еңбек түрткісі, ынтасы); 

- қабілеттері, денсаулығы (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер); 

- ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалауы; 

- ата-ананың, отбасының көзқарасы; 

- мұғалімдар мен мамандардың көзқарасы; 

-  жеке  кәсіби  жоспар-адамның  кәсіби  салада  неге  және  қалай  жету  керектігі  жөніндегі 

пайымдар жүйесі. 

Бүгінгі бейіндік оқыту бәсекеге қабілетті жастарды мынадай мақсаттарды шешуге көздейді: 

1. оқушыларға бейіндік оқытудың бір бағыты бойынша білім меңгерту; 

2. өзгермелі қоршаған ортаға бейімделуге ықпал ететін әлеуметтік, кәсіптік өзін- өзі анықтау, 

білімін жетілдіруге арналған құзіреттерін қалыптастыру; 

3. жүйелі ойлау, қорыту қабілеті жоғарылай түсуі; 

4. өзіндік бағалау негізінде дұрыс таңдау жасай алуы; 

5. білім алуға байланысты құндылықты бағдарларының айқындығы; 

6. ақпараттық дайындығы; 

7. жеке мақсаттарының таңдалған бағытымен байланыстылығы; 

8. мамандықты саналы таңдауға жағдай тудыру; 

9. оқушылардың қызығушылығы мен мүмкіндіктеріне сәйкес білім мазмұнын саралау, жеке оқу 

бағдарламаларын құру т.с.с. 

Қазіргі  жағдайда  білім  мазмұнындағы  бейіндік  саралауды  ұйымдастыру  тәсілдері,  оның 

мүмкіндіктері мен міндеттері туралы түсініктерінің біртұтастық сипаты жоқ. 

Бейіндік оқытуды енгізу жағдайында мұғалімге қойылатын жаңа талаптар туындайды. Ол білім 

беру  процесінің  вариативтілігін,  тұлғалық  және  практкалық  бағдарын  қамтамасыз  етуге  қабілетті; 

интербелсенді, жобалау-зерттеу және коммуникациялық технологияларды меңгерген жоғары деңгейлі 

маман  болуы  тиіс.  Бейіндік  мектептің  мұғалімі  оқу  процесін  пән  бойынша  дайындықтың  жоғарғы 

сапасын  қамтамасыз  етіп  қана  қоймай,  соынмен  қатар  жоғарғы  сынып  оқушыларының  негізгі 

құзыреттіліктерін  қалыптастыруға,  олардың  білім  алуды  жалғастыруы  мен  сәйкес  салада  мамандық 

алуы  үшін  қажетті  қабілеттерін  дамытуды  қамтамасыз  ететіндей  ұйымдастыруға    мүмкіндік  беретін 

кәсіби дайындығы болуы тиіс.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 

жолдауы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» -Астана, 2006.-43б. 

2.  Қазақстан  Республикасының  2002  жылғы  жалпы  орта  білім  берудің  мемлекеттік  жалпыға 

міндетті стандарты. -Астана, 2002. -41 б. 

3.  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

мемлкеттік бағдарламасы //Егемен Қазақстан. -2004. -16 қазан. –б.3-4 

4.  Рахимжанов  А.М.  Профильное  обучение:  проблемы  перехода  и  создание  эффективной 

образовательной среды //Білімдегі жаңалықтар. -№1, 2006. 

5.  Мұқатаев А.А. Бейіндік оқытуды ұйымдастыру. -Қарағанды: ҚарМУ , 2007. -103 б. 

 

 


 

79 


 

Резюме 

В  этой  статье  рассматривается  педагогические  особенности  использования  педагогических 

методов при профильном обучении

Summary  

This article considers pedagogical peculiarities of using  pedagogical methods in profile teaching. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет