№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет2/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

 

1.Блонский П.П. Развитие мышления школьника. -М.: Учпедгиз, 1935. -С.128. 



 

2. Волков И.П. Учим творчеству. / Педагогический пойск. -М.: Педагогика, 1989. -С.53. 

 

3. Жарықбаев К. Психология. -Алматы: Білім, 1993. 266-бет. 



 

4.  Кабанова-Меллер  Е.Н.  Формирование  приемов  умственной  деятельности  и  умственное 

развития учащихся. М.: Просвещение, 1968. 

 

5.  Зак  А.З.  Развитие  теоретического  мышления  у  младших  школьников.  М:  Педагогика.    1984. 



С.151. 

 

6. Зак А.З. Как определить уровень развития мышления школьника. М.: Знание, 1982. -С. 96. 



 

7.  Зак  А.З.  Развития  способности  действовать  “в  уме”  у  школьников  1-10  классов.  //  Вопросы 

психологии, 1983, N1.    -С. 43-50. 

 

8.  Крутецский В.А. Основы  педагогической  психологии.  М.:  Просвещение,  1972.  -  С.  42-65,  162-



167.  

 

9. Лейтес Н.С. Умственные способности и возраст. М.: Педагогика, 1971. -С. 9-11, 221-251. 



 

Резюме 

В  статье  рассматривается  психолого-педагогические  основы    развития  творческих 

способностей младших школьников.  

Summary  

This article discusses the psychological and pedagogical foundations for the development of creative 

abilities of younger students. 

 

 

АКАДЕМИК  Ә.Х. МАРҒҰЛАННЫҢ  САРАЙШЫҚТАҒЫ  ЗЕРТТЕУЛЕРІ 

                  

М.С.Касенов, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекетік университеті 

              

Сарайшық  қаласының  құландысы  Атырау  қаласынан  солтүстікте  48  шақырым  жерде,  Жайық 

өзенінің  оң  жағалауында,    Махамбет  ауданындағы  Сарайшық    ауылы  түбінде.  Қазіргі  кезде  қаланың 

жартысы ғана қалған. Қалған бөлігін өзен шайып кеткен. 

Қала  туралы  жазба  деректерді  бізге  саяхатшылар  мен  тарихшылар  қалдырған.  Қаланың 

орнында  бұрын қандай қала болған, ол қай ғасырда салынып қалай аталғаны туралы мәлімет жоқ.  

Археологиялық  зерттеулерден  қаланың  төменгі  мәдени  қабатынан,  ҮІІІ  ғасырлардың 

жәдігерлері кездеседі. Сондықтан қала орнында ежелгі мекен болғаны анықталып отыр [1]. 

Сарайшық  қаласының  орнында  бұрын  қала  болған,  бірақ  ол  туралы  қазіргі  кезеңде  жазбаша 

мәлімет табылмай отыр. Ал археологиялық мәліметтер тапшы. 

Сарайшық  орнында  X-XII  ғ.ғ.  Хазарлық  Сақсын  қаласы  болған  деген  мәліметтерді  кейбір 

зерттеушілер келтіреді. Бұл пікірді С.П.Толстов қолдайды [15,с.90.; 15,с.128 265].  

Ал,  Ә.Х.Марғұлан  «Сақсын-оғыз-печенек  қаласы  болған»-деп  жазады[5].  Соңғы  зерттеулер 

Сақсын қаласы Еділ жағасында деп дәлелдеп отыр. 

1950 жылдары қалада қазба жұмыстары Ә.Х.Марғұланның басшылығымен жүргізлді. Қазбадан 

алынған  мәліметтер  Ә.Х.Мрғұлан  атындағы  Археология  инситутында  сақтаулы,  жарияланбаған[9]. 

Ә.Х.Марғұланның өзі бұл жылдары қуғындауға ұшыраған еді. 1960 жылы шыққан «Археологичесская 

карта  Казахстана»  -  кітабына  қысқаша  мәлімет  пен  сырлы  қыш  ыдыстардың  үлгілері  жарияланды 

[3,1таб] . 

Атырау қаласының архивінен Ә.Х Марғұланның Сарайшық қаласында  1950 ж. түскен 4 фото-

суреті  табылды.  1,2-сурет.Осы  суреттерден  ғалымның    Сарайшық  қаласынадағы  қазбадағы    ерен 

еңбегін көруге болады.   

Батыс-Қазақстан  археологиялық  экспедициясы  құрамында  археолог  Г.А.Пацевич  болды.  1950 

жылы ол Сарайшықтың оңтүстік-батыс бөлігінен 2,1 м тереңдіктен, жоғарғы жағы күмбезделіп келген 

қыш күйдіру құмдан- ошағын тапты. Оның сырты-іші қалың сылақпен сыланған, ішкі қабырғасы қатты 

күйген.  Ішінде  ыстық  ауа  жүретін  құдықтың  6  аркасы  сақталған.  Кірпіштердің  көлемі:  36х37х7, 

37х37х8  см.,  болып,  қырымен  және  жалпағымен  қаланған.  Ошақ  XIII-XIV  ғасырларда  «қыш  кірпіш» 

күйдіру үшін жасалған [17,с.221 226.; 17, с.111 114 ]. 

1950-1953  жылдары  Сарайшық  қаласындағы  археологиялық  қазбаларға  Е.И.Агеева, 

Т.Н.Сенигова қатысты. Е.И.Агеева Сарайшық қыш ыдыстарын зерттеп, сипаттамасын жасады [2,с. 63]. 



 

9

Сарайшықтың  жылдам    өркендеп,  ірі  сауда  және  мәдени    орталыққа  айналуына,  оның  Азия 



мен  Европаны  байланыстырған  сауда  жолында  орналасуы  болды.  Өте  қолайлы,  тоғыз  жолдың 

торабына орналасуы, қаланың тез өркендеуіне, себеп болды. Сауданың дамуынан қала тез өркендеп, 

аты шартарапқа жетті.  

Саяхатшылар,  елшілер, жиһангездер,  ғалымдар,  миссионерлер,  саудагерлер,  әскерлер  қалаға 

соқпай  өтуі  мүмкін  емес  еді.  Жүздеген  керуендер  Сарайшық  арқылы  өтті.  Батыс  пен  Шығысқа  жол 

тартты. Керуен жолдардың сораптары әр тарапқа кетті. Қаладан шыққан керуендер бағыты туралы әр 

түрлі пікір бар.  

Сарайшық  ірі  сауда  орталығы  болғаны  туралы  Ә.Х.Марғұлан  былай  дейді:  «Феодализм  туып, 

көркею заманында және осыған байланысты халықаралық сауда мен айырбастық жандануына сәйкес, 

сауда жолдарының бойынан елді мекендер пайда болып отырған. Бұлар тіпті географиялық қолайлы 

орналасу  жағдайларына  байланысты  экономикалық  жағынан  іріленіп,  көрікті  қалаларға  да  айналып, 

тарихи  дамуымызда  елеулі  із  қалдырған.  Сондай  жолмен  Қазақстан  территориясында  пайда  болған 

ортағасырлық қалалардың бірі – Сарайшық » [10,с.85]. 

Ә.Х.Марғұлан  1951  жылы  Бүкіл  Одақтық  археологтардың  кеңесінде  жасаған  «Сарайшық 

қазбалар  атты  баяндамасында»:  «Сарайшық  қаласы    ХІІІ  ғасырдың  ІІ  -  жартысынан  бастап,  ХV 

ғасырдың  басына  дейін  Алтын  Орданың  ең  басты  қалаларының  бірі  болды  және  Шығыс  Европа  мен 

Орта Азияны, Қытайды өзара байланыстырған керуен жолының өте маңызды түйініне айналды»- деп 

баяндады [11,с.10].    

Шығыс  пен Батысты  жалғастырған  жолдар  Сарайшыққа  соқпай  өтпейтін.  Сауда  жолы  Шығыс 

пен Батысты жалғастырған жол болды.   

Ә.Х.Марғұлан    Г.Рубрук  саяхатының  жолдарын  зерттеп,  оның  Сарайшық  өткелінен  өткенін 

көрсетеді.  «Сарайшық  қаласы  төңірегіндегі  өткелден  өткен    Г.Рубрук  Ырғыз,  Торғай  өзендерінің 

төменгі  ағыстары  арқылы Құрдымға  жеткен,  онан  әрі  Ұлытаудың  оңтүстігіне  іліккенде  Бетпақдаланы 

бойлық  бойынша  кесіп  өткен,  ең  ежелгі  керуен  жолдарының  бірі  -  Жетіқоңыр  немесе  Кендірлік 

жолына  шыққан  болса  керек.  Отырардан  басталған  бұл  жол  Түркістан,  Созақ  қалалары  арқылы, 

Жетіқоңыр құмына Ұлытау арқылы Нұра өзенінің төменгі ағысына, оны жағалап барып Есіл өзеніндегі 

Қараөткелге жеткен »-дейді [12,с.72]. 

Сарайшық қаласы мәдениеті  мен қолөнері дамыған, білім мен ғылым ордасы  болды. Азия мен 

Европа  мәдениеті  мен  өнерін  қоса  қабылдаған  қалада  мәдениет  жылдам  өркендеді.  Мұнда  сәулетті 

құрылыстар салынды. Қала «қорымы» адамдар тәуіп ететін қасиетті әулиелі орынға айналды. Әсіресе 

қолөнер    бұйымдары  дамыды.  Қыштан  ыдыс  жасау  өркендеді.  Бұндағы  қыш  ыдыстар  жергілікті 

тұрғындарды  қамтамасыз  етумен    бірге,  сыртқа  да,  тауар  ретінде  сатылды.  Қыш  ыдыстар  өзінің   

сапасы мен сәнділігімен ерекшеленді. Орта Азия  мен Оңтүстік  Қазақстан жеріндегі қалалардағы қыш 

өндірісі монғол шапқыншылығынан соң тоқырауда болды. Ал, Сарайшық көзешілері  халық сұранысын 

қанағаттандырып отырды.   

Академик Ә.Х.Марғұлан  баяндамасында, Сарайшық шеберханаларының жұмысын ерекше атап 

өтті.  «Бұл  заттардың  барлығы  да  Сарайшықтың  өзінде  әзірленген,  себебі,  ірі  шеберханаларды 

айтпағанның  өзінде,  Сарайшықта  жоғарыдағы  керамикалық  ыдыстарды  жасау  кезінде  өндірістік 

қалдықтар өте жиі кездеседі. 

Көп  қызықтыратын  заттардың  бірі    ірі  құрылыстардың  қабырғаларын    әшекейлейтін  

плиталардың    табылуы.    Бұл  плиталар  басқа  керамикалық  жәдігерлер  сияқты  Сарайшықтың  өзінен 

әзірленген. Себебі, қазба жұмыстары кезінде бұл плиталарды жасау барысындағы өндіріс қалдықтары 

өте мол кездеседі»-деді  [6,с. 8  15]. 

Ғұлама  ғалым  бұл  заттарды  жасаған  жергілікті  шеберлер  екенін  атап  көрсеткен,  және  қыш 

ыдыстардың  атауының  қазақша  баламасын  жазған.  Қазіргі  кезде  бұл  атауларды  археологтар    сөздік 

ретінде қолдануда.  

«По данным источников, у кипчаков существовало хорошо развитое гончарное производство. 

На это указывает перечень названий глияных сосудов, проводимых в кипчакских словарях, и обилие 

керамики городов нижней Сырдарьи, Сарайчик и Волжского низовья. По словарю кипчакского  языка 

общее название гончарных изделий–козе,гончар– козечи, удолиненный глиняный сосуд с раструбом – 

чигыр козесы, кувшин изящной формы кутга (куты), кувшин с узким горлом – манкус, большой кувшин 

– бардак и т.д., большой резервуар типа хума-куб или куб.Такой куб с надписью найден в Сарайчике  

хранится в Гурьевском краеведческом музее» [13,с.33].  

1952  жылы  Ә.Х.Марғұлан  Сарайшықтағы  археологиялық  қазбадан  табылған  бас  сүйектерді 

мұқият жинап, антропологтарға табыстайды. 1955 жылы В.В.Гинзбург пен  Т.А.Трофимов зерттеп, оны 

монғолдық нәсілге жататынын анықтайды. Олар бас сүйекке арнайы қортынды жасайды:   «Черепа из 

Сарайчика  характеризуются  небольшим  продольным  и  средним  поперечным  диаметрами  мозговой 

коробки.  Они  брахикранные.  Высота  черепа  небольшая.  Лоб  несколько  наклонный  с  ниже  среднего 

развитым  надпереносьем.  Лицо  средней  ширины  и  высоты  у  мужчин,  менее  высокое  у  женщин, 


 

10

среднепрофилированное  в  горизонтальной  плоскости,  с  малоуглубленными  клыковыми  ямками,  с 



узким, выше среднего выступающим носом. Обращает на себя внимание хорошо выраженный половой 

диморфизм  и  гиперморфность  черепов  мужчин.  Череп  из  Сарайчика  занимают  промежуточное 

положение  между  монголойдной  и  европоидной  расами  и  относятся  к  южносибирскому  

антропологическому  типу  с  большим  европеоидным  компонентом.  Они  сходны  с  черепами  из 

Среднего и Нижнего Паволжья эпохи Золотой Орды...» - дейді. [7, с.257  259]. 

Ә.Х.Марғұланды  қаты  қызықтырған  қала  қорымындағы  Қасым  хан  кесенесі  болды.  Ол  кесене 

орнына қазба салып, зерттеу жұмыстарын жүргізді. Қалада жеті хан жерленді –мыс, деген аңыз бар. 

Бірақ  бұл  әңгіме    Еділ  бойындағы  Сарай  қаласындағы  оқиғалар  ұзақрақ  өмір  сүрген  Сарайшықа 

ауысудан болған.   

Қалада  қазақ  ханы  Қасым  ханның  (1445-1518жж.)  кесенесі  болғаны  шындық.    Ол  туралы 

көптеген  деректер  бар.  Қасым  ханның  Сарайшықта  жерленгенін    Қадырғали  Жалайыр  Шежірелер 

жинағында жазады: «Ең алдымен айтылатын Қасым хан, Жаған бегімнен (бәйбішеден) туған еді. Бірақ 

жылдар бойы атасы басқарған ұлысында патшалық құрды және өз тұсында әр тараптағы уәлаяттарды 

бағындырды.  Оның  хикаясы  әр  жерде  айтылады,  сондықтан  мәлім,  мәшһүр  болды.  Ақырында 

Сарайшықта дүние салды. Бұл күндері оның қабірі Сарайшықта жатыр» [18,с.121].  

Шежіреші  Ораз-Мұхаммед  осы  деректі  жазады:  «Әрқайсысы    (Жәнібек  ханның  ұлдары  мен 

немерелері) өз ордасын құрды, сонда билеуші болып, атақ-даңққа бөлене білді. Олардың есімдері әлі 

күнге  дейін  ел  есінде.  Солардың  бірі    Жаған-бегімнен  туған  Қасым  хан  еді.  Ол  біраз  уақытқа  дейін 

әкесінің ұлысында билік құрды және көптеген көрші елдерді бағындырды, оны бүгін де барлығы есте 

ұстайды. Ол Сарайшықта қайтыс болды және оның зираты қазірде сонда орналасқан» [4,с.145]. 

Хайдар  Дулати:  «Қасым  хан  хижраның  924  ж.  (1518  ж.)  дүние  салды»-  дейді.  Оның  мазары 

ХҮІІІ ғ. дін аман болғанын тарихшы А.П. Чулошников баяндайды:  «...он умер еще за несколько лет  

до  этого  (около  1518-  20г.г.),  в  г.Сарайчике  где  и  был  похоронен,уже  как  повелитель  и  Дешт  -

Кипчака» [19,с.  124].  

ХҮІ  ғ.  Сарайшық  қазақ  хандығының  ордасына  айналды.  Қасым  ханның  (1511-1551  жж.)  жер 

иелігіне  Каспий  жағалауы  мен  Жайық  өңірі  кірді.  М.Х.Дулати  “Тарихи-Рашиди”  кітабында  жазады: 

«Бурундук-хан находился в Сарайчуке: Касым –хан же (откочевывал и), отдалясь от него подошел к 

границам Могулистана и избрал своим зимовьем Кара-Тал» [8,с.223].  

Бұл  деректі  М.  Тынышбаевта  келтіреді.  «Бурундук  считавшийся  главным  ханом,  проживал 

обычно в Сарайчике» дейді [14,с.45].  

ХҮІІІ  ғасыр  ортасында  Қасым  хан мазары  бұзылып,  оның  қыш  кірпіштері    басқа  құрлыстарға 

пайдаланылған. Оның бейіті қазіргі Сарайшық қаласы үстіндегі қазақ қорымы астында деп есептеледі.   

Этнограф  Ахмет  Тоқтабаев  ол  туралы  мынадай  дерек  тапқан.  Қасым    ханның  қабірін 

ұрпақтары күні  бүгінге  дейін  ұмытқан жоқ. Бұл туралы  1913 жылы туған, кезінде  Атырау облысында 

басшылық  қызметте  болған  Шоқан  Қаржауов  былай  дейді:  «...Әкем  Мырзағали  1937  жылы  қайтыс 

боларда мені хан бейітіне, Қасым ханның жанына жерлеңдер. Бейіттің жанында мешіт болуға тиіс» – 

деп  өсиет  етті.  Әкемнің  өсиетін  орындайын  деп,  мәйітін  Гурьевтен  Сарайшыққа  әкелдім.  Сұрастыра 

жүріп  90-ға  келіп  қалған    бір  ноғай  шалына  кездестім.  Ол  Қасым  хан  бейіті  баспалдақпен  түсетін 

жартылай жер асты мешітінде екенін айтты. Мешіттің бір қабырғасы түгелдей шымылдықпен жабулы 

тұр, әрі қарай қазсаң хан бейітінің үстінен шығасың. Әкемді сол жерге жерлеп, зиратын соқтық. Інім 

Қаржауов Нығметте сол бейітке жерленген, маңайы темір шарбақтармен қоршалған ».  

1950 жылы Әлкей Марғұлан Сарайшықта қазба жұмысын жүргізгенде, Қасым ханның қабіріне 

іздеді.  Бірде  Әлекеңдер  жұмыс  істеп  жатқан  жерге  келсем,  ол:  «Мешіттің  жанын  қазып  едік, 

наубайхана  шықты,  бұл  қалай  ?  »-  деп,  бізден  сұрады.  Сонда  біз:  «Ертеде  мешіт  жанынан 

наубайхананы қоса салатын болған. Себебі, намаз жаназаға жиналғандарға таба наннан  дәм таттыру 

дәстүрі      болған  »  -  деп  жауап  беріп  едік,  «Ә  солай  екен  ғой»-  деп,  Әлекең  жауабымызға  қанағат 

бірдірді»-  дейді    [16].  Қазір  Қасым  хан  қабірін  іздеген  археологиялық  зерттеулер  әзірше  нәтиже 

бермей отыр.  

Академик  тек  Сарайшық  қаласын  ғана  емес,  сонымен  бірге  Атырау  түбіндегі  Ақтөбе-Лаэти 

қаласын,  Сағыз  өзеніндегі  Таскешу  керуенсарайы  мен  көпірін,  Жем  өңіріндегі  Алгелді  қаласын  т.  б. 

мекендердің жобаларын алып  зерттеген. Бұл ғылыми «есебі» сақталмаған.                                                                                                                                                                               

Батыс Қазақстан аймағы, археологтар, тарихшылар мен басқа да зерттеушілер үшін ақтаңдақ 

болып келген. Бұл өңірде қалалар мен елді-мекендер өмір сүруіне қолайлы жағдай жоқ деп саналған.  

Кейінгі  зерттеулер  көрсеткендей  бұл  өңірде  елді-мекендер  көп  болғаны  белгілі  болып  отыр.  Қазіргі 

кезеңде  60  қала  мен  мекен  белгілі.Олардың  көбісі  соңғы  ортағасыр  кезеңінде  салынған.  Олардың 

орналасу  аймағы  су  бойлары  мен  керуен  жол  тармақтарының  маңы.  Мекендердің  үлкен  қалаларға 

айналмау  себебі  олардың  табиғаты  қатал  аймақта  орналасуы  еді.  Қалалар  мен  елді-мекендердің 

көлемі мен орнын анықтауда негізгі қиыншылық, олардың қорғаныс қамалдарының жоқтығынан.    



 

11 


Сарайшық қаласы өз заманында ірі қалалардың  бірі ғана емес, сонымен бірге астана-орталық 

болды. Қаланың құлдырауының негізгі себебі жалпы Алтын Орданың саяси-экономикалық жағдайына 

байланысты  болды.  Келешекте  Батыс  Қазақстан  аймағындағы  қалалар  мен  елді-мекендерді  біртұтас 

жүйе ретінде  қарастырып, олардың өзара мәдени экономикалық, саяси қатынастарын анықтау ғана, 

отырықшы мәдениетінің дамуын анықтауға мүмкіндік береді.  

Археологиялық  қазбалардан  табылған  жәдігерлерді  пайдалану  арқылы  қаланың  мәдени-

экономикалық  дамуын  анықтауға  болады.  Келешекте  қала  туралы  жаңа  деректер  табылар.    Батыс 

Қазақстан  отрықшылық  мәденитін  зертеу  арқылы  біртұтас  қала  өркениетінің  дамуын  анықтауға 

болады.     

Академик  Ә.Х.Марғұлан  50  жылдары  ақ  Батыс  Қазақстан    аймағындағы  қалалар  мен 

мекендерді зерттеп жол салып кеткен. Соны жалғастыру қажет.    

Алтын  Орда  тарихын  Қазақстан  тарихымен  бірге  байланыстыра  зерттеу  арқылы  ғана  толық 

тарихты қалыптастыруға  болады. 

            



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Агеева Е.Н., Сенигова Т.Н., Пацевич Г.И. Археологические работы за 1950- 1953 // Архив ИА. МН –

АН РК. Опись 2, дело №24.   

2. Агеева Е.И.  Керамика Сарайчика. Рукопись. Архив. ИИАЭ. АН Каз ССР. 956. ф.2.д.91. С.63.  

3. Археологическая карта Казахстана. Алма-Ата, 1960. таб.1. 

4 .Вельминов-Зернов В.В.  Исследования о Касимовских царях и царевичах.   Ч. 2. СПб., 1864. С.145. 

5.  Выписка  из  протокола  заседания  секции  археологии  Средней  Азии  Пленум  Института  истории 

материальной 

культуры 

АН 


СССР. 

От 


24 


апреля 

1951г. 


по 

докладу 


А.Х.Маргулана.«РаскопкивСарайчике»  //Архив  Археологического  Института  им.  А.Х.Маргулана.МН-АН 

РК.Инв.№ 741. 1953г. 

6.  Выписка  из  протокола  заседания  секции  археологии  Средней  Азии  Пленум  Института  истории 

материальной  культуры.  АН  СССР.  от  24  апреля  1951  по  докладу  А.Х.Маргулана.«Раскопки  в 

Сарайчике»//Архив института археологии им. А.Х. Маргулана. МН.АН.РК. Инв. № 741. 1953. С.8-15. 

7. Гинзбург Т.А., Трофимов.Т.А.   

8. Дулати М.Х. Та,рих и Рашиди //МИКХ. А., 1969. С. 223. 

9. Маргулан А.Х.  Раскопки Сарайчика. Архив ИА.,  д.763.а. 

10.  Маргулан  А.Х.    Из  истории  городов  и  строительного  искусства  древнего  Казахстана.  Алма  Ата, 

1950 .с.85. 

11.  Маргулан А.Х. Из истории городов и  строительного искусства...С.10. 

12.  Маргулан  А.Х. Древние  караванные пути через  пустыню  Бетпак – Дала  //  Вестник.  АН  Каз  ССР  -

1949,  № 1 (46). С.72. 

13.  Маргулан  А.Х.  Джезказган-древний  металлургический  центр.(Городище  Милыкудук).  СПб.,  

Археологические исследования в Казахстане. А.,1973. С.33. 

14. Мухамеджан Тынышбаев. Материалы к истории  киргиз-казакского народа. Ташкент, 1925. С. 45. 

15. Толстов С.П.  Город гузов //Советская этнография. М.,1947.-№3. -С.90.; Сонікі -  По следам древне 

хорезмской цивилизации. М., 1948.С. 228-265. 

16 .Тоқтабаев А. Сарайшық аққу көлі // Егемен Қазақстан. – 1998.- 21 наурыз. 

17. Пацевич Г.И.  Гончарная печь на городище Сарайчик. –Труды института  ист.археолог. и этн. АН 

Каз ССР, 1956.Т.1.Археология.С.221-226.;  

18. Қадырғали Жалайыр.  Шежірелер жинағы. Алматы, 1997. 121 бет. 

19. Чулошников А.П. Очерки по истории Казак-Киргизского нрода.Оренбург, 1924.  С.124. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

    


 

12

 



    

1 сурет.   Ә.Х.Марғұлан Сарайшықта ( 1950 ж.) 

 

 



 

2 сурет. Ә.Х Марғұлан  Сарайшық  қазбасында   (1950 ж.) 

 

 



 

 

 



 

 

13 


 

 

3 сурет.Ә.Х. Марғұлан Сарайшықта Гуреьв қаласы пионерлерімен 



                                                  

 

 



 

4 сурет. Пионерлер археологиялық қазбада 

 

Резюме 

В  данной  статье  рассматривается  изучение  средневекового  города  Сарайчик    академиком 

Маргуланом А.Х. в 1950-х гг. 



Summary 

This article focuses on the study of the medieval city Saraichik academic Margulanom A.H. in 1950. 

 

 

 



 

 

14

ПРОБЛЕМА СОЦИАЛИЗАЦИИ И ПРАВОВОГО ВОСПИТАНИЯ НА СОВРЕМЕННОМ ЭТАПЕ 



 

Кульбатыров А.К.,  к.п.н., профессор Атырауский государственный университет им.Х.Досмухамедова 

 

Послание Главы государства Н.Назарбаева «Новый Казахстан в новым мире» выдвигает перед 



всей педагогической общественностью масштабные задачи, связанное с укреплением правопорядка и 

законности,  осуществлением  защиты  прав  и  свобод  граждан  Республики  Казахстан(18.02.2007  г.)  В 

этом  плане  в  условиях  становления  и  развития  независимого.;  правового  государства  становится 

стратегически  важным  утверждение  новых  принципов,  идеалов  и  ценностей  в  молодежной  среде.

 

Одной  из  особенностей  перехода  нашего  общества  из  одного  идеологического  состояния  в  другое 



является переориентация воспитания молодого поколения           от преимущественно коллективных 

форм  воспитательной  работы  к  индивидуальном.  В  новых  социально-экономических  условиях 

целесообразно  всестороннее  реформирование  педагогической  теории,  методики  обучения  и 

воспитания в соответствии с целями и задачами, выдвигаемыми новым демократическим обществом, 

подразумевающим  широкую  социализацию  учебно-воспитательного  процесса  и  уважение  прав 

школьника. 

На  современном  этапе  проблема  социализации,  правового  воспитания  молодежи  остается 

одной  из  самых  сложных  и  ключевых  проблем  педагогической  теории  и  практики.  Эта  проблема 

требует  особого  внимания  ученых-специалистов  всех  профилей,  которые  занимаются  воспитанием 

человека, способного достаточно быстро войти в окружающий социум и строить свою деятельность в 

соответствии с правовыми нормами нашего государства. 

Правовое воспитание в настоящее время, как отмечает Т.С.Садыков, «очень сильно отстает в 

общеобразовательной  школе,  остается  фактически  неорганизованным  в  вузовской  системе 

образования.  Поэтому  смыкание  негативных  социальных  условий,  проблем  трудоустройства

социальной  незащищенности  детей  и  молодежи  с  правовой  малограмотностью  фактически  создают 

среду для роста правонарушений и преступности среди подростков и юношества». 

Преступления,  совершенные  подростками,  имеют  свои  особенности.  Они  обусловливаются 

психологией  несовершеннолетних,  степенью  их  развития,  способностью  реально  оценивать 

происходящие 

события. 

Несовершеннолетние 

обладают 

повышенной 

эмоциональностью, 

неустойчивостью поведения, незрелостью мышления в связи с недостаточностью жизненного опыта и 

знаний,  склонностью  к  подражанию  и  фантазии,  самовнушению.  Поэтому  особую  значимость  для 

нашего  исследования  приобретает  осмысление  данной  проблемы  в  работах  таких  ученых  как 

В.В.Абраменкова, Л.И.Божович, Л.С.Выготского, Д.И.Фельдштейна, И.С.Кона, М.Кле, А.П. Краковского, 

А.М.Прихожина,  Х.Ремшмидта,  Л.А.Топоркова,  Е.В.Шороховой  и  др.  Надо  отметить,  что  до 

сегодняшнего дн остается острый и особенно актуальной проблема правовой защищенности, которая, 

прежде  всего,  ассоциируется  с  формированием  у  обучающихся  ответственности  за  свои  поступки. 

Нравственная  деформация  личности  несовершеннолетних  правонарушителей  (НП)  зачастую 

обуславливается их элементарной невоспитанностью чувств и отсутствием привычки контролировать 

свое повндение. Такая деформация в сочетании с половым инстинктом и влечением к алкоголю или 

наркотикам почти  всегда  вызывает  соответствующее  асоциальное  поведение,  а  затем  и  совершение 

преступления. 

Различные 

аспекты 


проблемы 

социализации, 

ресоциализации 

и 

адаптации 



несовершеннолетних  интересовали  и  интересуют  многих  ученых  (С.Л.Рубинштейн,  В.в.Грицанов, 

А.А.Горнов,  Г.А.Гусев,  М.Г.Рассоха,  К.Роджерс,  Э.Фромм,  В.Франкл,  Н.В.Квитковская,  М.О.Колесник, 

А.Менигетти, А.В.Минаев, Н.Б.Назарова, Л.Р.Сулейманов, К.Ясперс и др.) 

Известно,  что  число  несовершеннолетних  преступников  за  последние  годы  неуклонно 

возрастает  и  приобретает  групповой  характер.  Основная  часть  преступлений  приходится  на 

трудоспособную, но нигде не  работающую и не обучающуюся молодежь. Поэтому в настоящее время 

особую  актуальность  приобретают  вопросы  применения  принципов  законности  в  отношении  и 

несовершеннолетних  правонарушителей  при  расследовании  и  рассмотрении  судами  преступлений, 

совершаемых ими. Одновременно следует отметить, что в деятельности правоохранительных органов 

еще  не  искоренены  факты  незаконного  привлечения  несовершеннолетних  к  уголовной 

ответственности,  осуждение  невиновных.  Практика  показывает,  что  этот  аспект  особенно  пагубно 

отражается  на  несовершеннолетних,  когда  они  содержатся  под  стражей,  подвергаются 

криминальному  воздействию,  в  результате  чего  очень  быстро  приобретают  навыки  и  привычки 

преступного  мира.  Вместе  с  тем  неоправданный  арест  или  предание  подростка  суду  могут  пагубно 

повлиять  на  его  дальнейшее  воспитанию.  Исходя  из  вышесказанного  к  задержанию  , 

несовершеннолетнего,  привлечению  его  к  уголовной  ответственности  надо  подходить  осторожно, 

тщательно  выяснить  мотивы  совершенного  им  правонарушения,  отличать  озорство  и  шалость  от 

преднамеренного преступления. 



 

15 


Чтобы 

правильно 

организовать 

воспитательно-предупредительное 

воздействие 

на 


несовершеннолетнего  правонарушителя  в  процессе  предварительного  расследования,  необходимо 

скурпулезно изучить  личность  подростка,  добиться  осознания и  осуждения им  содеянного,  повлиять 

на  его  правосознание  в  целях  предупреждения  нового  преступления,  принять  необходимые 

профилактические  меры.  Данная  деятельность  должна  проводиться  на  основе  уголовно-

процессуального  законодательства,  но  для  того,  чтобы  она  имела  максимальный  воспитательный 

эффект,  следователь  должен  обладать  педагогическими  знаниями,  Его  внимание  должно  быть 

направлено  на  ликвидацию  или  нейтрализацию  у  профилактируемого  лицаантиобщественной 

направленности.  Для  этого  необходимо  не  только  знание  основ  педагогики  и  психологии,  но  и 

наличие  гуманистически  обоснованных  педагогических  навыков  и  опыта  с  такой  категорией 

молодежи. 

Вопросы, 

посвященные 

предупреждению 

подростково-молодежной 

преступности 

и 

совершенствованию  воспитательного  процесса  в  колониях  для  несовершеннолетних  осужденных 



раскрыты  в трудах В.В.Гербеева,  К.Е.Игошева,  Г.М.Миньковского,  А.П.Михайлова,  В.И.Белослюдцева, 

В.Н.Саврдунова, М.И.Фетюхина и др. 

Важное  значение  для  нашего  исследовании  имеют  работы,  отражающие  проблемы 

реформирования  системы  образования  в  современный  период,  ее  гуманизации,  развития  и 

самореализации личности, (К.А.Абульханова-Славская, Ш.А.Амонашвили, А.Г.Асмолов, А.Д. Глоточкин, 

И.В.Бестужев-Лада, А.А.Бодалев, А.А.Мелик-Пашаев, Е.Н.Шиянов и др.), а также труды, посвященные 

совершенствованию профессиональной подготовки педагога (П.П.Блонский, А.Я.Наин, В.А.Сластенин, 

С.Т.Шадский, О.А.Абдуллина, Ю.К.Бабанский, Э.А.Гришин, С.Б.Елканов, Н.Д.Хмель, Н.Н.Хан и др.). 

В  Казахстане  интерес  к  данной  теме  заметно  вырос  в  последние  годы.Различные  аспекты 

избранной  проблемы  рассматривались  многими  учеными.  Анализ  научных  исследований  позволяет 

выделить следущие направления: 

-    исследование      нравственно      -      правового      воспитания      и      проблем  социализации     

учащейся          молодежи          (Г.А.Алемасова,          Л.А.Байсеркеев,  А.А.Калюжный,      А.К.Кампеева,   

В.А.Ким.   А.Ф.Матвиенко,   Б.И.Муканова, Д.Г.Моисеева,         У.Д.Муналбаева,         Д.А.Нургалиева,         

А.Н.Тесленко, Р.К.Толеубекова и др.); 

-  изучение   вопросов   правового   воспитания   и   правовой   защиты несовершеннолетних 

(А.А.Бейсенбаева,  А.С.Бахраменов,  Б.А.Есентемирова,  С.Корыкбаев,  Д.Ш.Сартаев,  Е.А.Умурзаков, 

И.В.Щепалин и др.); 

работа  с  несовершеннолетними  и  трудными  подростками  (К.А.Айдарбеков,  Г.К.Айжанова, 

К.Б.Бегалиев, Р.А.Дабагян, А.Джумабаев, Л.Н.Еринбетова, К.А.Жукенова,  Ж.Ж.Искаков, Л.К.Керимов. 

Ш.Ж.Колумбаева,  В.П.Кривошеев,  Т.А.Литвинова,  Л.В.Лысенко,  А.В.Мажитова,  В.А.Парфенов, 

М.Б.Тленбаева, В.В.Трифонов, Г.А.Уманов, В.П.Шевченко); 

-  проблемы  девиатного  поведения  подростков  (Ш.Е.Джаманбалаева,  Д.К.Казымбетова, 

Т..М.Шалгимбаев и др.). 

Таким  оброзом,  как  показывает  изучение  социологической,  психолого-педагоги  чекой, 

юридической  литературы  различные  аспекты  асоциального  .  поведения  несовершеннолетних 

изучались  учеными  с  разных  сторон.  Однако  целому  комплексу  вопросов  проблемы  детской 

преступности,  асоциального  поведения  несовершеннолетних  и  применения  принципов  законности  в 

отношении несовершеннолетних правонарушителей не было посвящено специального исследования.  




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет