№4 (23) 2011 Халел Досмұхамедов атындағы


Список использованных источников



жүктеу 11.58 Mb.
Pdf просмотр
бет9/17
Дата29.12.2016
өлшемі11.58 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

 

Список использованных источников:  

 1  Материалы  международного  научно-практического  семинара  «Преступления  против  личной 

свободы человека». //Научные труды Национальной юридической академии Украины им. Я. Мудрого 

(г.Харьков). – 2000г. С. 38. 

2  Шамков  С.В.  Причины и  условия,  способствующие  незаконной миграции.  //Научные труды  Омской 

академии МВД РФ. – Омск. 2001г. С. 23. 

3 Сборник документов ООН против торговли людьми. – М., Издательство «БЕК». 2000г. С. 87. 

4  Назарбаев  Н.А.  «Демократические  ценности  и  непререкаемый  авторитет  закона».  //Каз.правда. 

2003г. 11 сентября.  

5  Председатель  Коллегии  Верховного  суда  РК  на  конференции  «Женщина,  закон  и  нелегальная 

миграция»,  проходившая  23-24  ноября  2000г.  в  гор.Алматы  отметил,  что  по  ст.128  УК  ни  одно 

уголовное дело в суд не поступало. //На страже. 2000г. 7 декабря. 

6  Аналогичная статья имеется в Уголовном кодексе РФ. М. 1996г. (ст.152). 

7  Рахимжанова  Г.К.  Уголовная  ответственность  за  торговлю  несовершеннолетними.  // 

Законотворчество и правоприминение в Республике Казахстан: вопросы теории и практики. Сборник 

научных трудов. – Караганда: КВШ ГСК РК. 1997г. С. 80. 

8 Рахимжанова Г.К. Указ. соч. С. 80. 

9  Борчашвили  И.Ш.,  Рахимжанова  Г.К.  Уголовное  право  Республики  Казахстан.  Особенная  часть 

(учебно-методическое пособие) – Караганда. 1998г. С. 35. 

10Старший  следователь  следственной  службы  ГУВД  г.Алматы  ст.лейтенант  полиции  И.А.  Яковенко 

выступил  с  докладом  «Обзор  международного  и  казахстанского  законодательства  по  проблеме 

торговли людьми и направления его изменения». //У нас нет статьи за торговлю людьми. На страже. 

2000г. 7 декабря. 

11    Доцент  кафедры  уголовного  права  и  криминологии    Кар.ЮИ  МВД  РК  им.  Б.  Бейсенова  к.ю.н., 

доцент, подполковник полиции Сейтхожин Б.У.  

 

Резюме  

 

Данная 


статья 

посвящена 

проблеме 

преступления 

связанных 

торговлей 

несовершеннолетными,  дана  уголовно-правовая  характеристики  торговли  несовершеннолетными, 

анализировано  уголовно-правовая  норма  уголовного  законодательства,  уточнены  проблемы 

разрешения данной ситуации.  

 

 



 

52

Summary  

This article  deals with the problem of crime-related trafficking in minors, given the characteristics of 

the criminal law of trafficking in minors, analyze criminal law criminal law, clarified the problem  to resolve 

this situation. 

 

 

 

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ІЗГІЛЕНДІРУ ҚҰРАЛЫ 

 

К.Б.Багитова,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистранты  

Ғ.И.Имашев, п.ғ.д., профессор,  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 

 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал 



жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» 

Н.Ә.Назарбаев 

 

Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік  бәсекелестікті  күшейте 



түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Сондықтан халықаралық 

ұйымдар әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігінің    рейтингін анықтауға кірісті. Елбасы Қазақстанның 

әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты  жолдауында  «Білім  беру 

реформасы  –  Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса 

маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті. 

Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде 

жасалынған,  әлі  де  солай  болып  келеді.  Шығармашылық  адам  санасының  жасампаздығын  және  іс-

әрекетінің  биік  белсенділігін  көрсетеді.  Адам  қабілетінің  дәрежесі,  оның  кәсіби  іскерлік  шеберлігі, 

бизнес  пен  кәсіпкерліктің  нәтижелілігі,  жаңалық  ашуы  тұлғаның  шығармашылық  ойлауына  қатысты 

анықталады. 

Оқытушы  жеке  көзқарасы  бар,  соны  қорғай  білетін  жігерлі  тұлға,  зерттеушілік,  ойшылдық 

қасиеті бар маман, білімді де білікті, көп оқитын, көп тоқитын, білімін күнделікті ісіне шебер қолдана 

білетін, өзінің студентін өз бетінше білім алуға үйрете алатын болу керек. Бұл өмір талабы. Студентте 

ұйымдастырушылық,  құрылымдық,  бейімділік,  сараптамалық  қабілеті  болуы  шарт.  Ол  сонымен  қоса 

ұлттық құндылықтарды яғни, этнопедагогика, этнопсихология негіздерін меңгеру қажет. Ғаламдасуға 

байланысты «интернет» жүйесін жетік меңгерген, әлемдік білімге сай, мәдениеті жоғары, жеке тұлға 

тәрбиелей  алатын  ұстаз  болуы  қажет.  Осыған  қарап  ХХІ  ғасырда  оқытушыға  студент  қойатын 

талаптар зор екенін көреміз.  

Қазіргі  кездегі    білім  беру  жүйесі,      ақпараттық  технологияларды  және  компьютерлік 

телекоммуникацияны    белсене  пайдалануда.  Әсіресе  қашықтықтан  оқыту    жүйесі  жылдам  дамып 

келеді,  осыған  байланысты  білім  беру  орталықтарының,  күшті  компьютерлік    техникамен  және  

Интернет желісімен жабдықтау факторларына  жағдай жасайды.   

Кез келген оқыту түрінің оның ішінде қашықтықтан оқыту ісінің тиімділігі мынадай факторларға 

тығыз  байланысты  болады,  олар:  оқуды  ұйымдастыру  технологиясы,  оның  техникалық  базасы, 

жасалған әдістемелік материалдардың тиімділігі. Осындайда атқарылып жатқан жұмыстар бұрында да 

болған  сияқты  болып  көрінеді.  Әрине,  автоматтандырылған  оқыту  түрі  де  осылай  басталған. 

Автоматтандырылған  оқыту  ісіндегі  теориялық  бастамаларды  қазіргі  кездегі  компьютерлік  оқыту 

тәсілдерінде де қолдану қажет, бірақ мұнда техника мен телекоммуникациялық байланыстардың жаңа 

дидактикалық мүмкіндіктерін есепке алып отыру керек. Компьютерлік оқыту программалары мен жаңа 

ақпараттық  білім  құралдарын  жасау  және  пайдалану  қазіргі  оқыту  технологияларымен  бірге 

қолданылып, біте қайнасуы шарт. 

Қазіргі  технологиялар  ақпараттың  кез  келген  көлемін  орналастырудың,  сақтаудың,  өңдеудің 

жаңа кез келген қашықтықтарға тасымалдаудың шексіз мүмкіндіктерін береді. 

Осындай  кезде  мамандар  даярлаудағы  алғашқы  сатыға  олардың  өздігінен  білім  алуына 

бағытталған шараларды ұйымдастыру ісі шығады. Қазіргі технологияларды білім жүйесіне енгізгенде, 

оқыту материалдарының педагогикалық мазмұндылығы мен әркімнің өздігінен оқып үйренуіне жағдай 

жасаудың  маңызы  зор.  Мұндағы  айтып  отырғанымыз  —  оқытуға  арналған  материалдың  мазмұнын 

таңдау  ғана  емес,  оқытылатын  материалдың  құрылымдық  жағынан  ұйымдастырылуы;  оқытуға 

автоматтандырылған  оқыту  программаларын  енгізу  ғана  емес,  интерактивті  ақпараттық  орта  жасау 

және барлық танымдық процестердің өзара байланысып, біртұтас қызмет істеуі және соларды басқара 

білу  болып  табылады.  Басқаша  айтқанда,  оқыту  ісінің  тиімділігі  мен  сапасы  көбінесе  өздігінен  оқып 

үйрену  процесін  тиімді  ұйымдастыру  мен  пайдаланылатын  материалдардың  дидактикалық  сапасына 

тәуелді болады. 


 

53 


Осындай  оңай  емес  мәселелерді  шешу  педагогтардың  күннен  күнге  тасқындап  бара  жатқан 

ақпараттар  ағынының  көбеюі  кезінде  мәліметтерді  бейнелеу,  іздеу  және  өңдеу  тәсілдерінің  қазіргі 

деңгейінде  жұмыс  істей  білуіне  байланысты  болып  отыр.  Педагогтардың  жаңа  ақпараттық  кеңістікте 

жұмысқа  дайын  болуы,  олардың  көзқарастарының  алдыңғы  сатыға  көтерілуі  -  білім  беру  ісінің  жаңа 

формалары мен технологияларын жасау мен оларды өмірге енгізуінің басты шарты болуы тиіс. 

 «Қашықтан білім беру» деген термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, 

істеп  жүрген  жұмысыңнан  немесе  оқудан  қол  үзбей,  біліміңді  жетілдіру  ісін  жүзеге  асыру  деген 

мағынаны  білдіреді.  Бұл  сөздің  мәнін  тереңірек  ашар  болсақ  -  қашықтан  білім  беру  ісі  оны  жүзеге 

асыру  бағытындағы  әдістер  мен  тәсілдерді  жете  меңгеруге  таппынғаннан  гөрі  осындай  мүмкіндіктер 

болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін тусінуден тұратынын байқауға болады. 

Қашықтан  оқытуда  біздің  елден  және  шетелдік  тәжірибелердің  өрісі  кеңейе  түсуіне 

қарамастан, ол туралы әлі күнге шейін көпшілік мақұлдаған анықтамалар жоқтың қасы. Бұл істің соны 

бағыт  екендігін  ескерсек,  білімдегі мұндай табиғи құбылыстың  анықтамаларының  да  сан  алуан  және 

көп  болуы,  оның  күн  талабының  биік  тұғырынан  көрінген,  зерттеулер  жүргізуге  болатын  жаңа  әрі 

өміршең бағыт екендігін дәлелдейді. 

Қашықтықтын білім алу тәсілін қуаттап басшылыққа алған оқушылар мен студенттерге өздері 

білім алып жүрген салалары бойынша негізгі білім алумен  қатар қосымша басқа салалардан да білім 

алуына  мүмкіндіктері  бар.  Сондықтан  осындай  тәсіл  бойынша  оқыту  жүйелерінң  ауқымын  кеңейту 

әрбір  адамның  білім алудағы  құқықтары  мен  талап-тілектерін ойдағыдай  дер  кезінде жүзеге  асыруға 

бағытталған. Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген өндірістен қол үзбей сыртан оқитын қызметкерлерге де 

қашықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. Бұл жүйе басқа оқу түрлерімен бірлесе 

отырып,  оларды  дамытып  жетілдіруге,  білім  беру  саласындағы  сан  түрлі  құрылымдардың  өзара 

бірлесуіне,  еліміздегі  үздіксіз  оқыту  ісінің  одан  әрі  дамуына  ықпал  етеді.  Ол  білім  берудің  дәстүрлі 

түрлеріне  қарағанда,  оқуға  жұмсалатын  шығын  мөлшері  2-3  есеге  қысқарту  есебінен  халықтың  осы 

жаңа  тәсілмен  оқуына  кеңінен  жол  аша  отырып,  оқыту  саласын  анағұрлым  жақсарта  түсуді  де 

қамтамасыз ете алады. 

Қазіргі  кездегі  білім  беру  жүйесінің  дамуына  көз  салсақ,  оның  бірнеше  үлгі  аларлық,  алдыңғы 

қатарлы  бағыттары  көзге  түседі.  Тиімді  де  ұтымды  деп  танылған  осы  бағыттардың  ішіндегі 

қашықтықтан білім беру жүйесін ерекше атауға болады. Жалпы қоғамға ашық түрде үздіксіз білім беру 

тәсілімен  көзге  түсетін  қашықтықтан  оқып-үйрену  осы  күнгі  ең  болашағы  бар  оқу  түрі  болып 

саналады. 

Қашықтықтан  оқыту  -  студент  пен  оқытушы  территориялары  алшақ  жағдайда  оқу  процесін 

информациялық,  телекоммуникациялық  және  басқа  техникалар  пайдалану  арқылы  іске  асыратын 

оқыту формасы. 

«Қашықтықтан білім беру» деген термин жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, 

істеп  жүрген  жұмысыңнан  немесе  оқудан  қол  үзбей,  біліміңді  жетілдіру  ісін  жүзеге  асыру  деген 

мағынаны  білдіреді.  Бұл  сөздің  мәнін  тереңірек  ашар  болсақ-қашықтықтан  білім  беру  ісі  оны  жүзеге 

асыру  бағытындағы  әдістер  мен  тәсілдерді  жете  меңгеруге  талпынғаннан  гөрі  осындай  мүмкіндіктер 

болашағын жете ұғынып, оның қажет екендігін түсінуден тұратынын байқауға болады. 

Қашықтықтан  оқыту  үздіксіз  білім  беру  тәсілінің  бірі  болып  саналады.  Ол  білім  жетілдіруге 

арналған  ақпараттармен  қамтамасыз  ету  тұрғысынан  алғанда,  әрбір  адамның  білім  алып,  керекті 

мәліметтерден хабардар болуы жөніндегі құқын орындайтын негізгі мүмкіндік рөлін атқарады.  

 Қашықтықтан  білім  алу  тәсілін  қуаттап  басшылыққа  алған  оқушылар  мен  студентерге  өздері 

білім алып жүрген салалары бойынша негізгі білім алумен  қатар қосымша басқа салалардан да білім 

алуына  мүмкіндіктері  бар.  Сондықтан  осындай  тәсіл  бойынша  оқыту  жүйелерінің  ауқымын  кеңейту 

әрбір  адамның  білім алудағы  құқықтары  мен  талап-тілектерін ойдағыдай  дер  кезінде жүзеге  асыруға 

бағытталған. 

Қазіргі  кезде  жұмыс  істеп  жүрген,  өнідісте  қол  үзбей  сырттан  оқитын  қызметкерлерге  де 

қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. 

Бұл  жүйе  басқа  оқу  түрлерімен  бірлесе  отырып,  оларды  дамытып  жетілдіруге,  білім  беру 

саласындағы  сан  түрлі  құрылымдардың  өзара  бірлесуіне,  еліміздегі  үздіксіз  оқыту  ісінің  одан  әрі 

дамуына  ықпал  етеді.  Ол  білім  берудің  дәстүрлі  түрлеріне  қарағанда,  оқуға  жұмсалатын  шығын 

мөлшерін 2-3 есеге қысқарту есебінен халықтың осы жаңа тәсілімен оқуына жол аша отырып, оқыту 

сапасын анағұрлым жақсарта түсуді де қамтамасыз ете алады. 

Жоғары  оқу  орындарында  өндірістен  қол  үзбей  оқытатын  орындарына  деген  қажеттіліктің 

артуымен  қатар  интернационалдық  сипаттағы  оқу  орындарында  қол  үзбей  оқытатын  орындарына 

деген  қажеттіліктің  артуымен  құру  ісінде  ерекше  серпін  байқалады.  Білім  беру  жүйелерін 

интернационалдандыру  процестерін  тек  мазмұн  жағынан  ғана  өркендетіп  қоймай,  бұл  салада 

ұйымдастырушылық  жұмыстарды  жолға  қойып,  оқыту  әдістемелерін  жетілдіре  түсу  мақсат  етілуде. 

Оқу  мен  білім  технологиясының,  қаржы  қорының  байыбына  жетіп,  түсінуді,  нарықты  өткендету 



 

54

жолында  күресудің,  геополитикалық  міндеттерді  іс-жүзеге  асыруды  тиімді  құралына  айналды.  Осы 



ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген дистанциалық түрде білім беру роль 

атқаратын болады. 

Қашықтан білім беру жүйесін енгізу процессінде төмендегідей оқыту құралдары пайдаланылады:  

1. Оқулықтар, оқу құралдары және басқа қағаз басылымдар; 

2. Электрондық басылымдар; 

3. Компьютерлік оқыту жүйелері; 

4. Аудио-видео оқу материалдары; 

5. Компьютерлік желілер. 

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде 

бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. 

Электронды  оқу-әдістемелік  құралқа  кіретін  барлық  ақпаратты,  көркемдік  технологиялар  мен  

әртүрлі  мәтіндік,  графикалық  редакторларды  пайдалану  арқылы  жасалынады,  электронды  оқу-

әдістемелік  құралдарды  игеру  оңайлылығы   осыған  байланысты  болады.  Электронды  оқу-әдістемелік 

құралды  жасау  ортасының  қолайлығы,  үлкен  проектің  барлығын  емес,    бірнеше  мамандардың 

проектінің өзара белгілі бір бөлігін алып, сол бөлігінде ғана жұмыс істеуі мүмкін. 

Қазіргі  кедзде  компьютерлік  өнімдер    нарығында  электронды  оқу-әдістемелік  құралтар  сияқты  

үйретуші программалар саны жылдан жылға өсіп келеді Бірақ та электронды оқу-әдістемелік құралтың 

өзі және оның ішіндегі қандай функциялардың  болуы туралы әлі де таластар көп.  Электронды оқу-

әдістемелік  құралтың  жасалу  салты  бойынша  оқулықтың:  оқу  материалынан,  өздік  жұмыстан  және 

бақылау  функцияларынан құрылуы қажет.    

Ал қазіргі кезде электронды оқу-әдістемелік құралқа келесі талаптар қойылады: 

 

Таңдалған оқу курсы бойынша, ақпарат  жақсы құрылуы керек.  



 

Мәтіндік  ақпарат  көптеген  сілтемелер  мен  қилысуы  керек.    Ол  пайдаланушының  белгілі 

ақпаратты іздеуге  тез тауып алуға жағдай жасайды.   

 

Электронды оқу-әдістемелік құрал ішінде дыбыстық ақпараттың болуы қажет.  



Электронды оқу-әдістемелік құрал  құрылымы: 

1.  Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде баяндалуы. Ол оның дәстүрлі 

оқулықтан ерекшелігін көрсетеді. 

2.  Материалддың  кескін  түрінде  баяндалуы-оқулық  мазмұнының  графиктік-мәтіндік  түрде 

бейнеленуі.  Онда  оқу  материалының  негізгі  идеясын  айқындайтын  үзінділерін  оқушының  меңгеруіне 

ыңғайлы етіп, графиктік түрде бейнелеу. 

3.  Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)  тестілік жүйесі. Онда оқу материалын қаншалықты 

деңгейде меңгергенін айқындайтын сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 

Электронды оқу-әдістемелік құралға қойылатын талаптар: 

1. Жан-жақтылығы 

2. Ізгіліктілік 

3. Бейімділігі 

4. Модульдік 

5. Экономикалық тиімділігі 

6. Тұтынушыға бағдарлау 

Электронды оқу-әдістемелік құралының жұмыс істеуіндегі 3 негізгі режимді  атап айтуға болады: 

 

Тексерусіз оқыту; 



 

Тексерілетін  оқыту,  әрбір  бөлімнің  (параграф)  соңында  студенттің  берілген  материалды 

қаншалықты ұйғарғанын тексеру үшін  бірнеше сұрақтарға жауап беруі керек; 

 

Қадағалау, қорытынды бағасын шығару . 



Сонымен электронды оқу құралын  оқытушыға  көмекші құрал  ретінде  де,  студенттің  өз  бетімен 

білім алуына да мүмкіндік беретін оқыту жүйесі ретінде маңызы өте зор.  

Оқытушы  үшін  электронды  оқулық  бұл  күнделікті  дамытылып  отыратын  ашық  түрдегі 

әдістемелік  жүйе.  Оны  әрбір  оқытушы  өз  педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра 

отырып, ары қарай жетілдіре алады.  

Электронды оқу құралы оқу процесінде қолдану, оқу материалын қабылдауды тездетуге ықпал 

етеді.  Тез  әрекет  жасау  –  білімді  ақпараттандыруға  сипат  болып  табылып,  компьютерлік  техникаға 

және  материалдық  өндіріске  ғана  әсер  етіп  қана  қоймай,  адамның  жеке  әрекетіне  де  ықпал  етеді, 

технологиялық  процестерді  өзгертіп  қоймай,  сонымен  бірге,  ғылым  мен  білімді  адамның  ойлау 

қызметін  ұйымдастыру  сипатымен  адамның  қызметін  басқаруды  өзгертеді.  Оқу  процесіне  білім  алу 

жұмыстарының  қарқынды  түрлері  мен  тәсілдері  енгізіліп  ғылыми  мазмұнның  және  оқытудың 

техникалық құралдарын жетік меңгеруге ықпал етеді. 

Электронды оқу-әдістемелік құрал ішіне қадағалау құралдары кіреді, білімді қадағалау оқытудың 

басты мәселелерінің бірі болып табылады. Бұрынғы кезден бері білім беру жүйесінде білімді қадағалау 



 

55 


ауызша формада өтіліп жүрді. Ал қазіргі кезде әртүрлі тесттік әдістер қолданылуда. Көп адамдар, бұл 

әдістің  қолайлығына  сенбейді,  олардың  ойынша  бұл  әдіс,  келесі    әдеттер  мен  дағдыларды  жояды 

мысалға  анализдеу,  салыстыру  және  т.б.  Сондықтанда  білім  беру  беруде  жаңа  технолгияларды 

пайдалану оқу ісі сапасын жоғарлатып, студенттің дайындалу процесіндегі ең керекті құралы болады 

деп ойлаймын. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында»  

2. А.Абубаева «Электронды оқулықтарды пайдалану».Информатика негіздері, №4 – 2006 

3.  Г.Бейсенова, «Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі» Қазақстан мектебі №6 - 2006 

4. «Дәстүрлі және электрондық оқытуды кіріктіру». Қазақстан мектебі, №7,8 – 2006 

5. Н.Мұратәлиева «Жаңа формациядағы ұстаз, оның кәсіби мәдениеті». Мектеп директоры №3 – 2006. 

6. «Электронды оқулықтың тиімділігі». Информатика негіздері №1-2010  

7. Электронды оқулықты пайдалану ерекшеліктері». Информатика негіздері, 2011. №1 

 

Түйіндеме  

 Бұл мақалада электрондық оқулықтың құрамында оқу курсының немесе оның бөлімінің жүйелі 

мазмұны  бар  және  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялардың  көмегімен  жүзеге  асырылатын 

басылым түріндегі дәрежеге ие оқыту құралы екендігі туралы айтылады. 

 

 

Summary  

The  article  discusses  electronic  tutorial  course  or  the  method  maintains  of  her  department  and 

means  to  the  degree  in  type  of  edition,  that  informative-communication  is  carried  out  by  the  help  of 

technologies, bending educating talked about it. 



 

 

 

«МӘДЕНИ МҰРА» АЯСЫНДАҒЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ- ӨЛКЕТАНУ

                                   

МУЗЕЙІНІҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

 

 

М.Ибрашева, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің мгистранты 

     


«Егемен  еліміздің  тарихында  музейлердің  орны  ерекше»  -  Қазақстан  Республикасының  

Президенті  Н.Ә  Назарбаев  атап  көрсеткендей,  музей  әлем  халықтарының  өткені  мен  бүгінінің, 

қолөнері  мен  этнографиясының,  салт  -  дәстүр  мен  әдет  -  ғұрпының    айнасы.  Елдің  даңқын  асырған 

батырлардың  ерлігін,  бабалардың  дәстүрін,  этнографиялық,  қолөнер  бұйымдарын  ұрпақтан-ұрпаққа 

мұра  етіп,  мәдениеті  мен  өнерін  дәріптеген  халықтың  бар  асылын  жинақтайтын  музейлердің  бүгінгі 

күнде салмағы артып, жүгі ауырлап келеді. «Тарихты жасайтын – адамдар, ал адамдарды өзгертетін 

құдырет - тарих» деген қағида бар. Ендеше мәдени мұралар да этнос әрекетімен ғасырлар барысында 

дүниеге келгеніне қоса, тап осы мұралар этностың даралануына, этнос қалпымен сақталуына қызмет 

етті.  Есте  жоқ  ескі  заманнан  жеткен  мұраны  бағалай  білу,  қастерлеу  тектіліктің,  кісіліктің,  ізгіліктің 

көрінісі  ғана  емес,  халықтың  басқалардан  айырмашылығын  ұққаны,  өзін  –  өзі  сыйлағаны  болып 

табылады.  

        Қазіргі кезде дәуір шындығын, заман ақиқатын қалпына келтіру кезеңінде ғасырлар қойнауынан 

жеткен  көненің  көзіндей  әрбір  мұраларды  бағалайтын  республика  көлемінде  жүргізіліп  жатқан 

мемлекеттік  бағдарлама  –  «Мәдени  мұра»  бағдарламасы  2004  жылы  жарық  көрді.  Елбасының 

тапсырмасына сәйкес «Мәдени мұраның» екінші кезеңі 2007 – 2009 жылдарға арналған іс - шараның 

негізінде оны дамытуға бағытталған жұмыстар бүгінде жалғасын табуда[1]. 

      «Мәдени  мұра»  мемлекеттік    бағдарламасы  көне  қазынаны  байыта  түскен  еліміздің  қоғамдық 

мәдени өміріндегі елеулі оқиғлардың бірі. Ұлттық тарих үшін ерекше мәні бар бағдарлама. Қай халық 

болсын өзінің рухани-мәдени құндылықтарын көздің қарашығындай сақтай алмаса, сыртқы күштердің 

рухани-мәдени жаулаушылығына қарсы тұра алмасы анық. Ондай халық өз мемлекеттілігін де сақтай 

алмайды. Бүгінгі күні жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінің қайта ту көтеріп тәуелсіз ел болуы қазақ халқы 

мен  мәдениетінің  әлі  де  болса  құрып  кетпегендігінің  айғағы.  Оны  баянды  ету  бүгінгі  және  болашақ 

ұрпақтың  қасиетті  борышы.    Мемлекеттік  «Мәдени  мұра  »  бағдарламасы  осы  үшін  керек  болды. 

«Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасында  негізгі  міндеттердің  бірі  «мәдени мұраны, оның ішінде 

қазіргі заманғы ұлттық мәдениетті...зерделеудің тұтастай жүйесін құру» делінген [2].  

        Тәуелсіздік  орнағаннан  бері  біраз  бай  құндылықтарымыз  бен  асылдарымыз  музей  қорын 

толықтырып  келеді.  Соған  сәйкес музейдің  ғылыми  зерттеу,  ғылыми жинақтау,  музей  экспозициясын 


 

56

қайта  жасақтау,  толықтыру,  оны  көрермендерге  насихаттау  бағыттарында  біраз  жұмыстар  атқарды 



Бұл мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыруға және оны насихаттауға қосқан музей 

қызметкерлерінің үлесі өте зор. 

  Осы  бағытта  жетпіс  жылдық  тарихы  бар  облыстық  тарихи  –  өлкетану  музейінің  қызметкерлері  әр 

жылдарда  Ресей  Федерациясының  Астрахань  облысына,  Атырау  облысының  Жылой,  Қызылқоға, 

Құрманғазы,  Индер,  Исатай,  Мақат,  Махамбет  аудандарына  ғылыми  экспедицияға  шықты. 

Экспедицияның  нәтижесінде  музей  қорына  қазақ  халқының  ұлттық  салт  –  дәстүрін,  әдет  –  ғұрпын, 

тұрмыс  –  тіршілігін,  насихаттайтын  құнды  жәдігерлер:  ұлттық  киімдер,  зергерлік,  діни,  тоқыма, 

сүйектелген,  ағаш,  тері,  тұрмыстық,  бұйымдар  және  ат  әбзелдер,  саздық  аспаптар  жинақталған. 

Музей  қорында  ерте  замандардан  қалған  мәдени мирастарымыз  қазақтың  көне музыкалық  аспабы  – 

Бұл  сүйекпен  күміспен  өрнектелген  домбыра.  Ағаштан  жасалынған  домбыраның  сыртына  күміс  пен 

сүйек  пластикалары  жапсырылып,  Батыс  Қазақстандық  үлгідегі  өрнекпен  әшекейленген.    Сонымен 

қатар  күміспен өрнектелген қозы  құйрық ер.  Ағаштан жасалынған  ердің  алдыңғы және  артқы  қасын 

жасауда  сүйекпен  күміс  астастырыла  қолданылған.  Сүйектен  үш,  төрт  бұрышты  және  гүл  бейнелі 

тілімшелер  жасалынып,  олардың  бетіне  өрнек  салынып,  күміс  тілімшелермен  алма-кезек 

жымдастырылып, кішкене жез шегемен ағаш ердің алдыңғы және артқы қасына өрнектеліп қағылған. 

Екі  қастың  арасы  яғни,  ердің  үсті  қара  қоңыр  былғарымен  қапталған.  Темір  үзеңгі  ерге  былғары 

арқылы  темір  тағамен  жалғанған.  Сүйекпен,  жезбен  өрнектелген  ақбас  ер,  сүйекпен,  жезбен 

өрнектелген шәй сандық, сүйекпен өрнектелген төсек ағаш, сүйектелген секер шаққыш сияқты құнды 

жәдігерлер  музей  қорында  нөмерленіп  жазылған. Мысалы:  Сүйекпен,  күміспен өрнектелген  домбыра 

(НҚ-1892), күміспен өрнектелген қозы құйрық ер (НҚ-15942)және т.б[3].  

          Сондай  –  ақ  музей  қорында  тұрмыстық  бұйымдардан  жез  ыдыстар  жиынтығы:  құмандар,  сүт 

құйғыш, секер салғыш, тостағандар, легендер жинақталған. Бүгінгі күні экспозицияны қайта жасақтау 

жұмыстарына  сәйкес  қорда  жинақталған  жәдігерлерді  коллекцияларға  бөлу,  фотоларға  түсіру 

жұмыстары жүргізілуде. Жалпы музейдің ғылыми қоры этнографиялық жәдігерлерге өте бай. Алайда 

залдың  тарлығынан  құнды  жәдігерлерге  келушілердің  назары  көп  аударылмайды  деп  есептеймін. 

Өйткені  музейге  келіп  жатқан  жәдігерлердің  саны  өте  көп.  Сондықтан  алдағы  уақытта  «Өлке 

этнографиясының»  экспозициясын  жаңа  жобамен  жасақтағанда  этнографиялық  жәдігерлердің  музей 

экспозициясында орналасу жүйесіне, олардың топтастырылып қойылуына үлкен мән берілуі қажет.                                  

       Халқымыздың зергерлік өнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Өнердің бұл түп 

төркіні  мыңдаған  жыл  әріде  жатыр.    Археология  және  топономика  ілімдерінің  деректері  Қазақстан 

территориясында  мыс,  қалайы,  күміс,  алтын,  секілді  түсті  металдар  мен  асыл  тастарға  бай  кен 

орындарын игеру ісінің ежелден дамығанын қуаттайды. «Сер-зар»(зергер)парсы тілінде «алтын» деген 

ұғымды  береді.  Қазақтың  зергерлік  өнері  ежелгі  дәстүрлердің  сабақтастығы  мен  іргелес  халықтар 

мәдениетінің  өзара  ықпалы  арқылы  қалыптасқан.  Үй  кәсібіне  негізделген  ұлттық  қолөнердің  басқа 

түрлеріне қарағанда зергерлік өнердің өзіндік ерекшелігін белгілейтіндей ерекше кәсіптік мінездемесі 

бар.  Әшекей  заттарға  пайдаланатын  бағалы  металдардың  ішіндегі  ең  қолайлысы  күміс.  Қазақ 

зергерлері  күмістің  жалтыраған  түсін,  әр  түрлі  формалар  жасауға  қолайлылығын  шебер  пайдалана 

білген.  Олар  әр  түрлі  техникалық  тәсілдерді  пайдалана  отырып,  нақыштау,  сіркелеу,  ойып  күмістеу, 

бедерлеу,  қалыпқа  салып  қысу,бір  затқа  бір  затты  оюластыру,  өру,  бұрау,  тоқымалау,  әбзелдеу  

сияқты шеберлікті меңгерген. Қазақ зергерлері көбіне жасырын жұмыс істеп, өз өнерлерінің сырларын 

өз ұрпағына ғана үйретіп отырған. Бойтұмар, тұмарша, бозбанд сияқты ең алғашқы әшекейлер сонау 

палеолит  дәуірінде  пайда  болған.  Зергерлер  негізінен  әйелдердің  сәндік  әшекей  заттары:  сәукеле 

әшекейінен бастап сырт киімге тағатын тана, түйме, шашбау, өңіржиек, үкі аяқ, шекелік, тұмаршалар, 

бозбанд  (амулет)  [НҚ  -  15232].    бастырма  сырға  [НҚ  -  6697],  білезік,  жүзік,  оймақты  сақина  [НҚ  - 

6043], шолпы, алқа, қапсырма, белбеу тағы басқа заттардың түрлерін дайындаған. Қазақтың әшекей 

бұйымдары  –  халықтың  қолданбалы  өнеріміздің  ғана  емес  бүкіл  ұлттық  мәдениетіміздің  асыл 

қазынасы.  

        Бүгінде  ұлттық  қол  өнерді  қадірлеу  әрі  құрмет  тұту  парасаты  елдің  биік  мәдениетін  көрсетеді. 

Өйткені  ұлттық  қолөнер  сан  ғасыр  бойы  ұрпақтан-ұрпаққа  алмасып  келе  жатқан  ғажайып  дәстүрін, 

көркем  талғамын,  нәзік  бинесін  бойына  сіңірген  ерекше  құбылыс  болып  келеді.  Олардың  қай  – 

қайсысы болмасын әр қазақтың мақтаныш сезімін тудыратын көркем дүниелер. Атадан балаға мирас 

болып  келе  жатқан  қазақтың  ұлттық  қолөнері  қазіргі  уақытта  да  жалғасын  тауып  келеді[4].  Олай 

болса    жер  бетінде  қазақ  деген  ұлт  бар  екендігін  дәлелдейтін,  оның  бай  мұрасы  мен  салт  дәстүрін 

насихаттайтын  жәдігерлерімізді  қазіргі  талапқа  сай  жинақтап,  насихаттау  бәріміздің  ұлттық 

мақтанышымыз.      

       Халқымыздың  тума  өмір  тіршілігімен  айналысатын  ғылым  саласы.  Этнография  халықтар  туралы 

ғылым  болғандықтан  Атырау  облыстық  тарихи-өлкетану  музейіндегі  этнографиялық  құндылықтар 

халқымыздың  әр  кезеңдегі  өмір-тұрмысы,  салт-санасы,  шығу  тегі,  тағы  басқа  көптеген  өмірлік 

мәселелерді көз алдымызға елестете алатын рухани құндылықтар.  

1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет