№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014 issn 2307-0188


АҚЫН СӘРІНЖІП АТАМЫЗДЫҢ МӘДІҚАНМЕН АЙТЫСЫ



Pdf көрінісі
бет18/18
Дата22.01.2017
өлшемі5,17 Mb.
#2423
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

АҚЫН СӘРІНЖІП АТАМЫЗДЫҢ МӘДІҚАНМЕН АЙТЫСЫ 
Ақын  Сәрінжіп  Әзбергенұлы  ӛз  уақытында  салт-сана,  ел  тұрмыс-тіршілігін, 
табиғат  сұлулығын  ӛте  әдемі  суреттеп,  ӛлеңдерін  артына  мұра  қылып  қалдырған. 
Сонымен  қатар  Сәрінжіп  атамыздың  суырып  салма  ақындық  қасиеті  болған.  1917 
жылғы  қазан  тӛңкерісі  кезінде  ақ  пен  қызылдың  ұқсастығына  шыдай  алмай, 
Арқадағы ел оңтүстікке қарай ойысады. 1923 жылы Сәрінжіп ақын, Боранқұл батыр 
елдің  сыйлы  ақсақалдары  Мұқаш,  Жұмақас,  Үсен  т.б.  бастаған  топ оңтүстікке,  Шу 
бойына  барады,  мақсаттары  –  елді  ата-мекенге  қайта  кӛшіріп  әкелу.  Келген  күні 
үйсіннің  атақты  ақыны  Мәдіқан  үйіне  қонақ  болады,  кӛп  әңгіме,  әзіл-сықақпен 
айтысып  отырады.  Бір  кезде  Мәдіқан  ақын  отырған  қонақтарға  ӛлеңмен  қағытып 
тиісе бастайды: 
Арқадан Арғын ауып, шӛлге келген, 
Жас қызын жұмыртқадай ұстап берген. 
Союлы ет, мол қымызын ішіп жатпай, 
Бұл Шуға Арғын қаңғып неге келген? 
Сонда Сәрінжіп ақын: 
Біз-дағы сӛз айтайық Мәдіқанға, 
Сӛзіңе сӛз қайтарсақ, кӛңілге алма. 
Атаңыз мойынға ӛгіз алған, 
Енші алып Арғын, Үйсін айрылғанда. 
Бар екен үшеуіңізде үш-ақ қара, 
Үшеуі үшеуіне тиген дара. 
Таңдауын екі інісі бермеген соң, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
163 
Ӛкпелеп Шуда қалған ол бейшара. 
Кіші жүз тӛмен кетті түйені алып, 
Орта жүз келді Арқаға биені алып. 
Атаңыз мойынағаш ӛгіз алып, 
Ӛкпелеп Шуда қалды егін салып. 
Мезгілсіз кӛлеңкемен күні батқан, 
Адамың арық қазып, ағаш кесіп, 
Дүлейдей кеңкелес боп миың қатқан. 
Кебеже құр қаңқиған сиырға артқан, 
Бір кӛже, бір кӛжеге қатық қатқан. 
Мінгесіп қыз-бозбалаң тайыншаға, 
Тап сендей қу ел бар ма тәңір атқан? 
Арғынның Шуға кӛшіп келгені кӛп, 
Сен сатпай босқа астық бергенің жоқ. 
Қарны ашса, қымыз ішіп, етін жейді, 
Үйсіндей тасбақа жеп ӛлгені жоқ, - деген екен. 
1931 жылы Найзакескен деген жерде «белсенділер» топтап, «бай тұқымы» деп 
кісі  атқанда,  іздеп  барған  Сәрінжіптің  айтқан  мына  бір  жоқтауынан  үзіндісінде, 
ақынның нағыз елім деп еңіреген ер екенін анық кӛреміз: 
...Кӛрмеймін де деп едім, 
Шыққыр кӛзім не кӛрдің? 
Қайран қазақ баласы, 
Ажалыңнан ӛлмедің. 
Біреуге себеп болар ма едім, 
Ерте неге келмедім? 
Осынша қазақ баласын, 
Бір оқпен атады деп, 
Айтқандарға сенбедім. 
Атамыздан  туған  ұрпақтары  жайында  айта  кетсек,  ұлы  Хасен  Сәрінжіпұлы 
әкесінен  дарыған  ақындық  ӛнері  бар,  сӛзге  шебер,  терең  ойлы  азамат  болған  екен. 
Сол кісінің ӛлеңдерінің бір-екеуін назарларыңызға ұсынайын. 
ЖЕРІ БАЙДЫҢ – ЕЛІ БАЙ 
Елім бай, жерім Балқаш маужыраған, 
Бәрі мал – сай мен сала маңыраған. 
Асқар тау, ӛлкелі ӛзен, құрақты кӛл, 
Тӛл еріп, тӛрт түліктен жамыраған. 
Ақшатау, Байназардай алыбым бар, 
Кешегі бетпақ дала аңыраған. 
Екі ӛзен ағып жатқан – Сарысу, Нұра, 
Ежелден ел қонысы ата мұра. 
Арқаның аялаған анасындай, 
Аймағы сүтін еміп ӛскен бұла. 
Бесшоқы, Ақтас, Шалтас, Тоғанбайым, 
Қызылтау – іші-тысы тал мен қайың. 
Совхоздың колхозбенен ордасындай, 
Дәулетті ел мекен еткен әрбір сайын. 
Атақты жер шұрайы – Қарабұлақ, 
Аяғы Тораңға кеп жатыр құлап. 
Жайқалған ӛлкесінде егін, шӛбім, 
Қия алмай Асанқайғы, кеткен жылап. 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
164 
Бұғылы, Тағылы мен Егіз биік, 
Ен байлық бір бойында тұрған сыйып. 
Тілдесіп кӛк күмбезбен бұлтты құшып, 
Тұрады қара бұйра бӛрік киіп. 
Атақты Найзакескен, Сарбұлағы, 
Арқаның бұған жетпес бар бұлағы. 
Еркіндік ен дәулеттің енесіндей, 
Қылтиып кӛрініп тұр мал құлағы. 
Байлығы ауданымның жеріме сай, 
Жатады лақ қашып, құлындап тай. 
Сар қымыз бал шараптай саба толған, 
Қапта – құрт, кебежеде – жент, қарында – май. 
Елі бай жері байдың ӛскен егіз, 
Дәулетке шұрайлы жер салар негіз. 
Бұл қасиет біздің Шеттің шеңгелінде, 
Сондықтан байлығымыз – ұшан-теңіз. 
«Қарқаралы» ӛлеңін Хасен атамыз 1962 жылы 60 жасқа толғанда ӛзінің жақын 
туысы Дәлмағанбетов Тұңғышбекпен бірге серуендеп, Қарқаралы қаласына барғанда 
жазыпты. 
ҚАРҚАРАЛЫ 
Атыңнан айналайын, Қарқаралы, 
«Сенен бұлт, менен қайғы тарқамады», - 
Деп Мәди ерте күнде күңіренсе, 
Бүгінгі ақын шалқып жар салады. 
Құтты жер, тауың орман, далаң шалғын, 
Жайылған ен жайлауда малың балғын. 
Қалаңа аз күн қонақ бола жатып, 
Кӛркіңнен естен кетпес баһар алдым. 
Жер бар ма кӛркемдігі сенен ӛткен, 
Табиғат сұлулығын мол қып тӛккен? 
Сағынып исі аңқыған жұпарыңды, 
Ынтығып жүруші едім мен де кӛптен. 
Бір кезде мектебіңнен алдым білім, 
Онда мен сайрандаған жастық күнім. 
Кӛргенде берекелі байлығыңды, 
Шаттанып шалқи түсті қарттық үнім. 
Шекердей суың мӛлдір бал татыған, 
Гүлдеріңнен жұпардың исі аңқыған. 
Байлық пен әсемдіктің бәрі сенде, 
Айналаң қалың совхоз құт шалқыған. 
Мың-мыңнан ӛрген малы берекелі, 
Бұл күнде атаныпсың совхоз елі. 
Кӛсілген кӛк жиекке егін шалқып, 
Мені де қызықтыра жетеледі. 
Мектебің дайындайды мамандарды, 
Қажымас қайратты жас адамдарды. 
Ӛлеңнен  атамыз  табиғат  сұлулығы  мен  байлығын  суреттеуде  соңына  елеулі 
мұра  қалдырғаны  кӛрініп  тұр.  Сонымен  бірге  салт-сана,  тұрмыс-тіршілікті,  1917 
жылғы қазан тӛңкерісінен кейінгі ӛмірді суреттеген. 
Сол ӛлеңдерден үзінді: 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
165 
ТІЛЕККЕ САЙ ІС 
Колхозым Розадай үнемі алда, 
Орындап мал жоспарын жылдан-жылға. 
Ынтамен жұмыс істеп кәрі-жасы, 
Болмайды ешбір жалқау сірә мұнда. 
Орнықты мекен етіп Ақбауырды, 
Қойнауы Кәрі-түлкі алқабында. 
Мектеп сап бала оқытып алға басты, 
Түзетті әдемілеп сарайын да. 
Тамаша бір жақсы жер – Байбаласы, 
Қоршаған калың тоғай айналасы. 
Береке елге қоныс, малға ӛріс, 
Кӛбейіп ұлғаюда малдың басы. 
Салынған шеберлікпен биік баздар, 
Тұруға малға лайық орын дайын. 
Колхозы Розаның берекелі, 
Мәйекті қалың орман – оның жері. 
Малда да, егінде де үзбей істеп, 
Бірнеше одан шықты Еңбек Ері. 
«Ынтымақ түбі – береке» деген мақал, 
Бұрыңғы үлкендердің айтқан кері. 
Еңбекте үздік шыққан Ақмедия, 
Тұрады бұлтқа тиіп үйген мая. 
Тоқыған кереге кӛз шарбақтары, 
Тұруға қысты күні малға сая. 
Малдардың жатын орны бӛлектеліп, 
Ретті ӛте, жылы, малға ұя. 
Жұмысы Розаның болсын үлгі, 
Тілекке сай істері малға игі. 
(Роза – Роза Люксембург атындағы колхоз). 
ҦЛЫ ОКТЯБРЬ 
Октябрь – ұлы мейрам бүгінгі күн, 
Бұрынғы жарық болды қараңғы түн. 
Жеткізді жетімді де, жесірді де, 
Адам ғып, ел билетіп бірнешеуін. 
Орнатып социалды колхоз, совхоз, 
Келтірді дәл қалпына ел мешеуін. 
Октябрь оқу берді, білім берді. 
Ӛмірдің ӛшпейтіндей күнін берді. 
Айбатты арыстандай ел билеген, 
Ақылды білім ие ұлын берді. 
Бұрынғы сұм патшаның заманыңда, 
Ӛмірді мұндай қанық қашан кӛрді? 
Октябрь алыс жолды жақын қылды, 
Дұшпанды табанға сап отын қылды. 
Жоғалтып Ресейден хан-патшаны, 
Қызықты шаттық ӛмір салтын құрды. 
Қайнаған мәдениет, ӛнер, білім, 
Орнықты қала қылды кӛшпелі елді. 
Күндер бар күн ішінде күннен ӛзге, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
166 
Ерекше қасиетті түсер кӛзге. 
Сол күнің ұлы атасы – бұл Октябрь, 
Тудырды мүмкіндіктің бәрін елге. 
Октябрь құлаш ұрып шарықтады, 
Белгілі оның даңқы бар әлемге. 
Иесі бұл табыстың – ұлы Сталин, 
Халқымның нұры, сәуле күні – Сталин. 
Мың жаса, миллион жаса, жаса кӛсем, 
Жеткізген бізді ұшпаққа, Сіз – Сталин. 
Ауыр күн – қан майданда ел қорғаны, 
Халқымның қолындағы туы – Сталин! (1944 жыл). 
 
Суретте Гүлбағира апай екеуміз 
МАРКУС ХАСЕНҦЛЫНЫҢ ДАСТАРХАН БАСЫНДАҒЫ СҦХБАТЫ 
Ӛлеңнің бір қасиеті  – талай ұзақ оқиғаны бір-екі  ауыз шумақпен де жеткізеді 
ғой. Ата-бабамның қанымен дарыған қасиет болар, ӛзім де ептеп ӛлең жазамын. Сол 
ӛлеңдерімді тыңдап кӛріңдер: 
ӚЛЕҢІМ – ӚЗЕГІМ 
Даламның қызуын ап әр күнінің, 
Алаштың мол сімірген бал қымзын. 
Ежелгі ер Түріктен енші бӛлген, 
Арқаның «Ақжол!» ұранды Арғынымын. 
Бастау ап ұлы анамнан – Қарқабаттан, 
Жаралған мейірім мен мархабаттан. 
Рухы Қаракесек қуат беріп, 
Бойыма бабам қаны тарқап, аққан. 
Ақтаған Қаракесек ел сенімін, 
Тоқтарым ерттеп мінген Жер серігін. 
Болаттай Болатқожа белбаласы – 
Қазақтың құдіретті Кәрсӛнімін! 
Аралбай – асыл сүйек, бергі бабам, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
167 
Мыңбасы Әз Тәукенің ел құраған. 
Серігі Қаз дауысты Қазыбектің, 
Қалмақты қойдай қуып, арқыраған. 
Жаныма сол батырдан тарайды айбын, 
Тӛбемнен шуақ шашып қарайды Ай-Күн. 
Ӛз бабам – ӛзегінен ӛзім ӛскен, 
Қонақбай – сүт кенжесі Аралбайдың. 
Жұлқылап дау мен жаудың ауыр жүнін, 
Кӛтерді ол ел-жұртының ауыр жүгін. 
Атадан ұрпаққа ӛтер дәстүрменен, 
Әкелді кең дүниеге Сәрінжібін. 
Сәрінжіп – ӛлең, жырдың майталманы, 
Ел сыры, ел тілегі айта алғаны. 
Шешен тіл, тӛрт аяғы бірдей жорға, 
Білінбес сүрінгені, шайқалғаны. 
Тӛрт ұлға ақындықтың дарып үні, 
Хұсайын, Хасен, Бәден, Кәріғұлы. 
Жасынан әке жырын жаттап ӛссе, 
Шӛкей қыз – әрі нәрі, әрі гүлі. 
Сезінсем жон-жотама жүгім барын, 
Бас иіп, ӛз әкеме жүгінді арым. 
Атанған Хасен ұстаз, асқар тауым
Сіңірген шәкірттерге білім нәрін. 
Ӛсірген ақын атам қыран дала, 
Сенген ол бір ӛзіне, бір аллаға. 
Ежелгі ата-баба жолыменен, 
Үйленген асыл анам – Күләндаға. 
Дуылдап ыстық қаны әр тамырда, 
Мұртының күлкі ойнап әр талында. 
Ұл күтіп Хасен әкем жүрген кезде 
Туыппын қырық бірдің қаңтарында... 
Сүйінші сұрап жер-кӛктен, 
Арқаның күні желдеткен. 
Аспаннан нұр боп тӛгіліп, 
Жапалақ қары жерді ӛпкен. 
Шайыры менен жусаны, 
Жұпарын шашқан жӛргектен. 
Тал бесік мені тербеткен, 
Дастархан тұрған жаюлы. 
Мейірлі тасқан Ақсудай, 
Серейе қарап аюлы. 
Еміренген тәңір-тақсырдай, 
Шұбыртып ой мен қырыны. 
Қуалай айдап тағыны, 
Арқада туған ұлына, 
Тебіренген тарғыл тағылы. 
«Ӛмірге енген бұл тілек 
Алсын деп Айдан айбатты!» 
Найзасын кӛкке сүңгілеп, 
Бұлттарды жыртқан Қайрақты. 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
168 
Ӛзеннен, кӛлден, таулардан, 
Далаға сонда енді екпін. 
Ықыласты түгел аударған, 
Дүниеге солай мен кеппін! – деп жырлаған Маркус Хасенұлы. 
 
Суретте солдан оңға қарай: 
Сәрінжіп Маркус Хасенұлы, жұбайы Күләнда Құрмашқызы, жетекшім 
Бақытжамал Хамзеқызы, Сәрінжіп Бәкен Хасенұлы және өзім. 
Ӛзіміздің  ақынға  деген  құрметімізді  ӛлең  шумақтарымен  кӛрсетуді  жӛн  деп 
шештік. 
АҚЫН БАБАҒА 
Сәрінжіп ұлы атамыз ақын болған
Жүрегіне данышпандық ақыл қонған. 
Алтындай жарқыраған ӛлең-жыры, 
Бұл күндері ұрпаққа мұра болған. 
Қалай ғана құбылса да дүние түлкің, 
Асыл ӛнер беріпті тіл мен ұртың. 
Жаратқан қалауымен маңдайыңа, 
Он жасында қоныпты ӛлең шіркін. 
Ӛнерге тек айтпаған бата тойдың, 
Шықса да құз-шыңына асқар ойдың. 
Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған, 
Атамыз кӛркі болған жиын-тойдың. 
Жарқыратқан ӛлеңімен кӛк жасынды, 
Тербеткен бӛбегіндей сӛз асылды. 
Тебірентіп кӛкірегіңді ӛлеңімен, 
Айтыста мертіктірген сан ақынды. 
Мықты болар қаранның кӛк тапшысы, 
Орақ болар диқанның шӛп шапқышы. 
Елім десе ішкен асын жерге қояр, 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
169 
Ӛз халқының болыпты кӛшбасшысы. 
Қонақжай ғой бес күндік мына жалған, 
Ӛшпейтін жүрегіне ӛнер қонған. 
Жер бетінде ақындай адам жоқ қой, 
Бабамыз асыл текті адам болған. 
Адам түгіл бас иген жауызың да, 
Қасиет болады гүл қауызында. 
Ұлдары Хасен, Бәкен есімдері, 
Әлі күнге шіркін-ай ел аузында. 
Жақсының тұяғы да туар ірі, 
Ӛзі ӛлсе де жақсы аты болар тірі. 
Немерелер Маркус, Бәкен – білім қуған, 
Ғалымдар парасатты кілең ірі. 
Шӛбересі Аслан Бәкенұлы, 
Бұл күні Білім және ғылым министрі. 
Кӛштің сәні болса егер ақ боз жорға, 
Кӛш бастаған жарасар қара нарға. 
Мақтанышпен ұрпаққа үлгі болған, 
Басымды ием, асыл текті аталарға. 
Кӛкте ұшар қыраны шың мен құздың
Таусылмаса талайы дәм мен тұздың. 
Жарқыраған мәңгілік күн кӛзіндей, 
Аты ӛшпейді Сәрінжіп бабамыздың... 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
170 
МАЗМҦНЫ / СОДЕРЖАНИЕ 
1.  «Ғылым  және  білім  ғасыры  –  Век  науки  и  образования  –  Science  and 
education  century»  ғылыми  журналының  «Білім»,  «Журналистика», 
«Қоғамдық  байланыс»  және  «Саясаттану»  сериялары  бойынша 
редакциялық алқасы............................................................................................4 
2. Редакционная коллегия научного журнала «Ғылым және білім ғасыры – 
Век  науки  и  образования  –  Science  and  education  century»  по  сериям 
«Образование»,  «Журналистика»,  «Связь  с  общественностью»  и 
«Политология».....................................................................................................5 
3. The editorial board of the scientific journal «Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry  – Vek 
nauki i obrazovaniâ – Science and education century» on the series «Education», 
«Journalism», «Public Relations» and «Political Science»...................................6 
Халықаралық медиа білім беру – Международное медиаобразование 
4.  Fedorov  A.  Analysis  of  Media  Stereotypes  of  the  Russian  Image  in  Media 
Studies in the Student Audience (example: the  screen versions of Jules Verne's 
Novel «Michael Strogoff»)....................................................................................7 
Гуманитарлық ғылымдар – Гуманитарные науки 
5.  Жақып  М.Қ.  «Түркістан  жинағындағы»  патшалық  Ресей  мерзімді 
баспасӛзі  –  қазақ  даласын  жаулап  алу  саясатының  насихатшысы 
ретінде.................................................................................................................15 
6. Сабитов Ж.М. К вопросу о спорных эпизодах в биографии Субэдэя......25 
7.  Сабитов  Ж.М.  Существуют  научные  монографии,  которые  устаревают 
уже к моменту своего выхода… (Рецензия на монографию: Ускенбай К.З. 
Восточный  Дашт-и  Кыпчак  в  XIII  –  начале  XV  века.  Проблемы 
этнополитической истории улуса Джучи).......................................................28 
Оқытудың теориясы мен тәжірибесі – Теория и практика обучения 
8.  Байболат  Л.Б.  Цифровые  образовательные  ресурсы  по  дисциплине: 
«Қазақ  тілі  –  І,  Қазақ  тілі  –  ІІ»  для  специальностей  высшего 
профессионального образования с русским языком обучения.....................38 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Үздік педагог – зерттеуші» атты ғылыми, ғылыми-
әдістемелік және әдістемелік жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар 
9.  Абдулова  Г.М.  Студент  пен  мұғалімнің  қарым-қатынасындағы 
педагогикалық этиканың рӛлі...........................................................................44 
10. Ажигалиева С.У. Реализация программы «Триединства языков»..........53 
11. Даханова К.А. Сындарлы оқыту арқылы функционалдық сауаттылықты 
және  оқушылардың  ӛзекті  құзыреттіліктерін  қамтамасыз  ету  –  заман 
талабы..................................................................................................................59 
12.  Қылышбаева  Г.С.  Орта  ғасырдағы  Сығанақ  қаласының  зерттелу 
тарихы.................................................................................................................62 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Балалар бақшасы қызметкерінің үздік әдістемелік 
жұмысы» атты ғылыми, ғылыми-әдістемелік және әдістемелік 
жұмыстар конкурсына түскен жұмыстар 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
171 
13.  Анаева  М.К.,  Иманкулова  Б.К.  Балабақша  тәрбиеленушілерімен  «Қол 
еңбегі» сабағында моншақтармен жұмыс істеу..............................................68 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Үздік жас зерттеуші» атты ғылыми жобалар 
конкурсына түскен жұмыстар 
Жаратылыстану ғылымдары 
14.  Кеңес  А.Ғ.,  Қожамұратова  Қ.Қ.  Интернет  желісін  дұрыс  пайдалану  – 
заман талабы.......................................................................................................79 
15. Манабаева А., Құрмашева Б.С. Тұздар әлемі сан қилы...........................84 
16. 
Манашев 
Т., 
Байғазы 
А. 
Cinema 
4D 
бағдарламасының 
ерекшеліктері......................................................................................................91 
17. Сәрсенбаева  А.Н.,  Жандоңғарова А.С.  Фосфор –  тіршілік  пен  ақыл-ой 
элементі...............................................................................................................96 
18. Шакенова М., Кайлаханова А.Т. Қымыз – қазақтың ұлттық сусыны...101 
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар 
19. Газизов Б.Е., Алтаева К.М. Біз спортты сүйеміз.....................................108 
20.  Ерболат  С.,  Тұрлығұлова  Ж.Р.  Оспан  Сіләмұлы  –  қазақтың  алтын 
аңызы.................................................................................................................113 
21.  Құсайн  Б.А.,  Джазкбаева  Ш.Т.  Бауыржан  Момышұлы  толғауларының 
жыраулар поэзиясымен үндестігі...................................................................119 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Мектеп оқушыларының үздік ғылыми жұмысы» атты 
ғылыми жобалар конкурсына түскен жұмыстар 
22.  Бердібаева  Е.,  Айтмагамбетова  Ә.Ә.  «Tupperware»  ыдыстарының 
сыртқы құрылымының қасиеттері..................................................................125 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Қазақ тілі – Мәңгілік тіл» атты ғылыми жұмыстар 
конкурсына түскен жұмыстар 
23. Мухамеджанова А., 
Мусайф Г. 
Қазіргі қазақ тіліндегі неологизмдер мен 
жаңа сӛз қолданыстар......................................................................................131 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «География – менің таңдауым» атты ғылыми жобалар 
конкурсына түскен жұмыстар 
24.  Бакуова  Н.С.,  Абилмаев  М.Р.  Ӛскемен  қаласындағы  ауыр  ӛнеркәсіп 
кешендерінің аймақ экономикасына тигізетін әсері....................................140 
25. Мұратқызы І., Жандыкеева Ж.М. Алматы қаласының басты ӛзендерінің 
экологиялық мониторингі...............................................................................146 
26. Халықова А.Б., Абилмаев М.Р. Шығыс Қазақстан облысындағы туризм 
саласын дамыту мүмкіндіктері.......................................................................151 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы 
ұйымдастырған «Үздік жас қаламгер» атты шығармалар конкурсына 
түскен жұмыстар 
27.  Мусахметова  К.Д.,  Тамабаева  Б.Х.  Аты  ӛшпейді  Сәрінжіп 
бабамыздың......................................................................................................160 

№№4-6(60-62), сәуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2014           ISSN 2307-0188 
Ġylym ža̋ne bìlìm ġasyry – Vek nauki i obrazovaniâ – Science and education century 
___________________________________________________________________ 
 
 
172 
Ғылым және білім ғасыры • ғылыми журнал
 
Век науки и образования • научный журнал
 
Science and education century 
• scientific journal
 
 
 
Жазылу индексі: 74642 
 
 
Қолжазбалар әдеби ӛңделеді және қайтарылмайды. 
Авторлардың кӛзқарасы, ұстанымы сақталады. 
Жарияланымдағы деректердің нақтылығына авторлар жауапты. 
Олардың байлам-тұжырымдары редакция кӛзқарасымен 
сәйкеспеуі де мүмкін. Басылымда жарияланған материалдар 
кӛшіріліп басылған немесе пайдаланылған жағдайда 
«Ғылым және білім ғасыры – Век науки и образования 
– Science and education century» 
ғылыми журналына сілтеме жасалуы тиіс. 
 
 
Біздің банктегі есепшоттарымыз: 
 
KZT: «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, 
БИН 081240014093, ағымдағы банктік шот KZ47 9261 5011 5395 6000, 
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, «Казкоммерцбанк» АҚ, 
«Журналда ғылыми мақала жариялау». 
 
Наши банковские реквизиты: 
 
KZT: Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші», 
БИН 081240014093, текущий счет KZ47 9261 5011 5395 6000, 
БИК KZKOKZKX, КОд 18, КБе 18, КНП 851, АО «Казкоммерцбанк», 
«Опубликование в научном журнале статьи». 
 
 
 
 
Директор Жақып М.Қ. 
Журнал «Зерттеуші» РҒБО қарасты 
баспа орталығында беттеліп, басылды. 
Басуға 27.06.2014ж. қол қойылды. 
Пішімі 60х84/16. Қаріп түрі Times New Roman. 
Ризографиялық басылыс. Кӛлемі 10,75 шартты баспа табақ. 
Таралымы 300 дана. Тапсырыс №2706. 
010000, ҚР, Астана қаласы, А. Янушкевич кӛшесі, №4 үй, №213 бӛлме.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет