4. Академиялық жазылым үдерісі



бет1/6
Дата28.09.2022
өлшемі29,62 Kb.
#40575
  1   2   3   4   5   6

4. Академиялық жазылым үдерісі
4.1. Тақырып таңдау
Көп жағдайда эссе немесе зерттеу тақырыбын тандау еркі студенттің өзіне беріледі. Бұл өз кезегінде студенттің өз еркімен жұмыс жасауына және қызықтырған тақырыбын тереңірек танып бідуіне жол ашады.
Тақырып таңдау жазба жұмысын жазу үдерісінің ең маңызды кезеңі болып саналады. Мәселен, эссе тақырыбын таңдау қарапайым болып көрінгенімен, біршама ойлануды талап етеді. Сондықтан оған үстірт қарауға болмайды. Себебі оқырман эссе мазмұнын толық оқымас бұрын эссе тақырыбын оқиды. Олар тақырыпқа қарап эссенің қандай бағытта жазылғанын түсінеді. Осы жайттарды ескере отырып, жазба жұмысы тақырыбының қаншалықты маңызды екенін және оны қанша адам оқитынын аңғаруға болады.
Академиялық жазылым барасында тақырыпты түсінуге Блум таксономиясының теориясы үлкен септігін тигізеді. Таксономия алты деңгейден тұрады. Білім алушы қарапайым «білім» (есте сақтау, жаттау, еске түсіру, ақпаратты танып білу)деңгейінен соңғы «бағалау» (шешімге келу) деңгейіне дейін түсіндіре алу, білгенін қолдану, оларды талдау мен жинақтау деңгейлерінен өтеді. Таксономияны толық түсіну жазылым бойынша берілген тапсырма немесе тақырып жөнінде жазуға бағыт-бағдар береді. Мысалы:

Деңгейі

Мағынасы

М ы с а л : «Фейсбук әлеуметтік желісі» туралы берілетін тақырыптар (тапсырмалар)

Берілген тақырып бойынша қарастырылуға тиіс ақпарат

  1. Білім

Еске түсіру, әңгімелеу

Фейсбук әлеуметтік желсінің қалыптасу тарихы

Қалыптасу кезеңі, пайда болуына ықпал еткен жағдайларды сипаттау талап етіледі.

  1. Түсіну

Түсінгенін өз сөзімен жеткізу

Фейсбук әлеуметтік желсінің адамдардың қарым-қатынасына тигізген әсері

Себебі мен салдарын қалай түсінетіндігі жөнінде жазу қажет.

  1. Қолдану

Білгенін қолдана алу

Фейсбук әлеуметтік желсінің жұмысы

Оның іс жүзінде қалай жүзеге асатындығы жөнінде білетіндін көрсетуі керек.

  1. Талдау

Ақпараттарды ажарата алу, саралау

Фейсбук әлеуметтік желісі пайда болғаннан кейінгі адамдардың қарым-қатынас жасауындағы өзгерістер

Салыстырулар жасалып, толығырақ зерттеу жүргізілу қажет.

  1. Жинақтау

Бөлшектерді белгілі бір мағына беру үшін біріктіру

Қарым-қатынас жасаудың жаңа әдісін қалыптастыру үшін Фейсбук әлеуметтік желісін қалай қолдануға болады?

Түрлі идеялар мен пікірлерді қарастыру арқылы жаңа идея ұсынуға тиіс.

  1. Бағалау

Шешімге келу, қажеттілігін анықтау

Фейсбук әлеуметтік желісінің қоғамдық қарым-қатынастағы орны

Қарама-қайшылықтар мен қарсы пікірлерге тоқталу, маңыздылығы бар не жоқ екендігі жөнінде шешімге келу

Сондай-ақ жазба жұмысы белгілі бір пәнге қатысты зерттеу тақырыбын қозғайды, ал зерттеу жұмысының тақырыбын анықтау оның мақсаты мен міндетін айқындап алумен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысы тақырыбының мақсаты мынадай қарапайым негіздерден тұрады:



Студенттер өз зерттеу жұмысына көп уақыт жұмсауы мүмкін. Зерттеу жұмысының сәтті әрі жылдам жазылуы таңдалған тақырыпқа тікелей байланысты. Сол себепті, алдымен тақырыпты мұқият таңдап алған дұрыс. Тақырып таңдау барысында ең басты ескеретін жайт таңдалатын тақырып оқылып жатқан пәнге қатысты болуы қажет. Өйткені эссені жазудағы негізгі мақсат – осы пәнге қатысты қандай да бір тақырыпты терең білу және осы тақырып туралы ізденісті білдіру.
Тақырыпты таңдау барысында ескеретін жайттар:

  • Тақырып адамныңжеке өміріне қатысты болмауы керек;

  • Тақырып тым шағын болмауы керек;

  • Тақырып тым кең, көлемді мәселені қамтитын болмауы керек;

  • Тақырып бойынша ақпараттар аз болмауы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет