4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты



бет1/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58

4-БӨЛІМ. ДӘРІСТІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ

1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні

Дәріс сабағының мақсаты: Дәріс сабағында жер құқығының ұғымына, пәніне, жүйесіне кең көлемде түсінік береледі. Қазақстан Республикасындағы жер мәселесі қарастырылады. Студенттерге жалпы жер құқығы пәні туралы түсінік беру, басқа пәндермен арақатынасын, байланысын түсіндіру, мысал келтіру.

1. Экологиялық құқығының ұғымы және пәні.


2. Экологиялық құқығының әдістері және жүйесі.

3. Экологиялық құқық қағидалары мен обьектілері.



Заң ғылымында экологиялық құқықтың мәніне мейлінше тәнті көзқарас ретінде ғалым-экологтардың негізгі айқындамасын келтірген жөн. Олардың елеулі талдау мен құрметке лайықты көзқарастары экологиялық ойдың дамуы тарихын көрсетеді және мейлінше сипатты болып табылады.

Н.Д. Казанцев (1967 жыл) айтқан бірінші айқындаманың мәні мынада болып табылады: құқықтың барлық салалары (жер, су, орман, тау және т.б.) дербес институттар ретінде табиғат ресурстары құқығының құрамына жатуға тиіс. Бұл орайда табиғат ресурстарын қорғау жөніндегі қатынастар жеке институт ретінде бөлінеді.

Н.Б. Мұхитдинов (1981 жыл) құқық жүйесінде аграрлық-құқықтық топтың болуын бөліп көрсетті, онда дербес салалар ретінде жер, су, орман, тау, фауналық құқық қызмет атқарды. Бүкіл табиғатгы қорғау мен пайдалануға бағытталған қатынастарды ол жеке саланың мәні деп есептейді, ол қалыптаса қойған жоқ, бірақ жеке сала ретіңде ресімдеу үшін барлық алғышарттар бар.

Д.Л. Байділдиновтың (1995 жыл) айқындамасының мәні мынада: табиғат қорғау құқығы және жер, су, орман, тау, фауналық, атмосфаралық ауа құқығы құқықтың дербес салалары болып табылады және кешенді, құқықтың етене кіріскен саласы құрамына жатады — экологиялық құқық.

Табиғат ресурстарын пайдалану жөніндегі қатынастар жеке саланың — жер, су, және т.б. ішінде, бірақ экологиялық құқықтың ортақ мақсаттары тұрғысынан реттелетін болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет