4-дәріс. Дəстүрлі сарындар



бет1/3
Дата16.03.2022
өлшемі16,93 Kb.
#28156
  1   2   3

4-дәріс. Дəстүрлі сарындар. Егер ұлттық әдебиетіміздің тарихында ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталатын кезеңді ерекше бір өнімді кезеңге жатқызып жүргеніміз ақиқат болса, сол кезеңдегі әдеби процестің басым бөлшегін тарихи сипаттағы шығармалар құрайды екен.

Қазақ романшылары өз шығармалары арқылы тарих қойнауына, ғасырлар көшіне барлау жасады, ұзақ мерзім бойы салтанат құрған ұлттық болмысқа, ұлттық болмыс аясындағы салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа, әлемде теңдесі жоқ құбылыс – сал, серілер феноменіне зерделеу жүргізді. Белгілі бір тарихи оқиға, құбылысты бейнелегенде оны сол тұстағы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи, саяси жағдаяттардан, рухани өмір санасынан бөліп алып қарау мүмкін емес. Олай болуы заңды да, себебі әдебиет – адамтану ғылымы. Адамдар тобы қоғамды құрайды. Сол қоғамда өзіндік заңдылықтар қалыптасады. Ендеше, тарихи сипаттағы көркем шығармалардың танымдық, тағылымдық мәні ерекше.

Сыншы С.Қирабаев тарих пен әдебиеттің сабақтастығы жайлы «Көне замандардан бері әдебиет өзінің материалын тарихтан алып, оны көркем суретке айналдырып, өсіп, жетіліп келеді. Әдебиет өзінің зерттеу объектісі – адамды белгілі дәуірде, тарихи ортада алып суреттеу арқылы сол кезеңнің шындығын да, бейнесін де ашады. Адам тағдыры арқылы тарихи ой-сананың қалыптасуын көрсетіп, оқырманға өмір танытады, оны тәрбиелейді, адамгершілікке баулиды, тарихтың біз үшін эстетикалық сабағы да осында» - десе, ғалым Р.Нұрғали ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің қазақ қоғамындағы рухани құндылығы, шынайлығы тұрғысында «Саясаттан қашу, тоталитаризм құрығынан құтылу үшін қаламгерлер шыншыл сөз өткізудің сан алуан тәсілін тапты: бүгінгі тақырыптардан кетіп, тарих қойнауына сүңгіді: астарлы емеурін ой айту амалдарын меңгерді: сөз өнерінің табиғатына жат сарындардан безді. Көкейкесті сырларды бейнелі, суретті, ишара сырлы сөзбен айта білген үздік шығармалар халық махаббатына бөленді, ұлттың рухани игілігіне айналды: еліміздің тұрмыс-салтын, тарихын, мінез-құлқын өзге жұрттарға таныстырды», - деп пайымдау жасады.

Заман талабы халықтың да санасын оятты, бүгінгі уақыт еншісінде өткенді зерделеу арқылы тарихқа, ұлттық әдебиетімізге деген жаңа көзқарастар пайда болды.

Біз қарастырғалы отырған сал-серілер тұлғасы – ғасырлар бойы ұлт мақтанышы болатын, жаратылысында дарынды, қазақтың өзгеге ұқсамайтын дара болмысын жаһандану үрдісінде жарқырата көрсететін сегіз қырлы, бір сырлы, импровизаторлық, синкретті өнерді дәріптеуші, дарынды өнер иелері. Ұлт әдебиеті қазақтың халықтық музыка мәдениетінде өзіндік орны бар ХIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Естай, Қанапия т.б.

Ұлттық әдебиет пен халықтық музыка мәдениетінің көрнекті өкілдері – сал-серілер мұрасы мен дәстүрі ерте дәуірден осы заманға дейін сақталған. Сал-серілер дәстүрді ұстанған, адамзаттық құндылығы бар, танымдық, тағылымдық мұраларға бай жан-жақты өнер иелері – қазақ сахарасының рухани келбеті. Дәл нақты кезеңі белгісіз, сал-сері типі ескі дәуірден сақталған. Тарихи-археологиялық мәліметтерге сүйенген Е.Тұрсыновтың зерттеуінде андронов дәуірі кезеңінде, б.з.б. ХIҮ–XIII ғасырларда ру, тайпалардың өз ішінде отау құрып, даралау болған. Үлкен отаулар рудан бөлініп, аруақтарды қастерлеу, ас беру салтын ұстанған. Бұдан шығатын қорытынды сал және сері типінің пайда болуы мифологияның жаңғыруы нәтижесінде «даралану», яғни құпия одақтардың, тотем-ру атасының болуы төркінінде жатса керек.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет