4 дәріс. Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу



бет1/9
Дата17.03.2023
өлшемі33,23 Kb.
#75183
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

4 дәріс.
Тақырыбы: Көмірсулар алмасуы, аралық алмасу. Бауырдың глюкостатикалық қызметі. Глюкозаның тотығу түрлері туралы түсінік .
Мақсаты: Студенттерді зат алмасуының негізгі сатыларымен, соның ішінде көмірсулар алмасуымен таныстыру. Көмірсулардың қорытылуы, сіңірілуі, тағам көмірсулары, сондай-ақ тіндердегі глюкозаның өзгерістері туралы сұрақтармен таныстыру. Глюкозаның тотығу түрлері туралы түсінік беру.
.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:
1.Зат алмасуына кіріспе.
2. Тағам көмірсулары және олардың ролі.
3. Көмірсулардың қорытылуы және сіңірілуі.
4. Тіндердегі глюкозаның өзгерістері.
5. Глюкозаның тотығу түрлері.


ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ:
Заттар алмасуына кіріспе
Зат алмасуы – бір-бірімен тығыз байланысты қарама-қарсы үрдістердің – ассимиляция (анаболизм) және диссимиляция (катаболизм) жиынтығы. Заттар алмасуы 4 сатыдан тұрады: 1 сатысы: қорытылу - ас қорыту жолдарында күрделі заттардың механикалық және ферменттік жолмен сәйкес гидролазалардың әсерінен ыдырауы;
2 сатысы: сіңірілу – ыдырау өнімдерінің ішек қуысынан ағзаның ішкі ортасына өтуі ; 3 сатысы: аралық алмасу – сіңірілген заттардың жасушаларда немесе тіндерде өзгерістерге ұшырауы; 4 сатысы – зат алмасыуның соңғы өнімдерінің бөлінуі .
Тағам көмірсулары және олардың ролі
Көмірсулар тағаммен белоктар және липидтермен бірге түседі. Олардың тағамдағы қатынасы - (Б:Л:У) – 1:1:4. Тағам көмірсуларының 80%-ын өсімдіктердегі полисахаридтердің қоры – крахмал құрайды. Жануар тектес тағамдарда «жануар крахмалы» -гликоген кездеседі. Тағам көмірсуларының ролі: 1) энергиялық – 99% пайдаланылған көмірсулар бос энергияны түзуге жұмсалады; 2) пластикалық, құрылымдық – ГАГ , ГП және басқада белоктар (ағзада барлық белоктардың құрамында дерлік көмірсулар кездеседі), НҚ, липидтер, Ко, глюкуронаттар, мембрана ГЛ-рі; 3) қор ретінде – глюкоза қоры гликоген; 4) сигнальдық – көмірсулар рецепторлардың (олардың тану бөлімінде) және бірқатар гормондардың құрамында кездеседі, мысалы, ТТГ, ФСГ құрамында . Көмірсулар кейбір тіндердің антигендік қасиетін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет