4. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметі, рефлекс, рефлекторлық доға



Дата22.09.2022
өлшемі20,11 Kb.
#39796

4. Орталық жүйке жүйесінің рефлекторлық қызметі, рефлекс, рефлекторлық доға .
Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі - рефлекс (reflecsus - латын сөзі - тойтарыс беру) тітіркендіруге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664ж), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска.
Рефлекс - орталық жүйке жүйесінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы.
Рефлекстің морфологиялық негізі - рефлекстік доға, яғни қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол. Бұл терминді 1850 жылы ағылшын ғалымы Маршалл Холл ұсынған. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функциялық негізі болып табылады; қарапайым (екі нейронды, жалғыз синапсты) және күрделі (көп нейронды, бірнеше синапсты) болып бөлінеді. Рефлекс доғасының күрделілігі оның құрамына енетін аралық нейрондар санына байланысты.
Ол 5 бөлімнен тұрады:
1) қабылдаушы құрылым - рецептордан;
2) қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;
3) аралық нейрондардан тұратын орталықтан;
4) қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйеден;
5) жауап беруші құрылым - эффектордан.
5. ОЖЖ, жүйке орталықтарының тежелуі
Жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі ми мен жұлыннан тұрады, ал перифериялық жүйке ағзаны қамтамасыз ететін барлық жүйкелерден тұрады.
Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалар мен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады; әрекеттер мен үрдістерді сыртқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамасыз етеді. Ол «орталық» деп аталады, өйткені ол бүкіл дененің ақпаратын біріктіреді және бүкіл денеде қызметті үйлестіреді. Орталық жүйке жүйесі - адам мен жануарлардың жүйке жасушалары (нейрондар) мен оның өсінділерінен тұратын жүйке жүйесінің ең негізгі бөлігі. Орталық жүйке жүйесінде сомалық және вегетативтік жүйке жүйелерінің орталықтары орналасқан.
Тежелу — физиологияда қозуды басатын немесе әлсірететін белсенді жүйкелік процесс; белгілі бір әрекеттің бәсеңдеуі немесе тоқтауымен сипатталатын құрылымдардың ерекше биологиялық күйі. Тежелу шеткі органдарға да, орталығы жүйке жүйесіне де тән.
1862 жылы М.И.Сеченов "Орталықтағы тежелу" атты тақырыпта тәжірибе жасап, орталық жүйке жүйесінде қозумен қатар тежелу де болатынын дәлелдеген. Тәжірибе: көлбақаның миын көру төмпешігінен жоғарырақ жерінен кесіп алып тастайды да, тілік үстіне натрий хлоридінің кристалын қояды. Сол сәтте көру төмпешігі тітіркенеді де жұлынның қимылдатқыш рефлекстері біртіндеп ұзарып барып ақыры рефлекс тоқтайды. Жұлын рефлекстерінің тоқтауы мұнда тежелудің дамығанын көрсетеді.
Орталығы жүйке жүйесінде тежелудің 2 түрі байқалады.
Бастапқы тежелу орталығы жүйке жүйесіндегі арнаулы тежелу нейрондардың әрекетінің нәтижесінде туындайды. Бастапқы тежелудің бірнеше түрі бар: постсинапстық тежелу, пресинапстық тежелу.
Салдарлық тежелу арнаулы тежелу құрылымдардың қатысуынсыз, қозу процесін тудыратын нейрондарда пайда болады. Салдарлық тежелудің 3 түрі бар: пессималды тежелу, парабиоздық тежелу, қозудан кейінгі тежелу.
6. Вегетативті жүйке жүйесі. ВЖЖ ерекшеліктері. Ганглия.
Адам денесі мен олардың мүшелерінің қызметтерін жүйке жүйесі деп аталатын өте маңызды жүйе басқарады. Адамдарда жүйке жүйесі екіге бөлінеді: орталық жүйке жүйесі және перифериялық жүйке жүйесі. Орталық жүйке жүйесі 2-ге бөлінеді: вегетативтік және денелік.
Вегетативтік жүйке жүйесі (латынша vegetativus - өсу, өсімдік) - ішкі ағзалардың қызметін, заттар алмасуын, өрбу үрдістерін реттейді. Ол еріксіз әрекеттерді, мысалы, біздің жүрегімізді, өкпемізді, ас қорыту мүшелерімізді және бездерімізді басқарады.
Вегетативті жүйке жүйесінің 3 бөлімшесі бар:

  • Симпатикалық жүйке жүйесі

  • Парасимпатикалық жүйке жүйесі

  • Ішек жүйке жүйесі

Вегетативті жүйке жүйесінің морфологиялық ерекшеліктері:
1. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталық нейрондары ортаңғы және сопақша мида, жұлынның сегізкөз бөлімінде, ал симпатикалық жүйке жүйесі жұлынның кеуде-бел бөліміндегі сегменттердің бүйір ашасында орналасқан.
2. ВЖЖ қос нейронды. Біреуі ми мен жұлын бөлімінде, екіншісі шеткі ганглийлерде орналасқан.
3. ВЖЖ денелік жүйкеден жіңішке.
4. Жүйкелеры тарамданған.
ВЖЖ физиологиялық ерекшеліктері:
1. Вегетативтік жүйкелер негізінен эфференттік жүйкелер. Қозуды орталықтан шеткі орналасқан ағзаларға жеткізеді.
2. ВЖЖ қозу қабілеті ДЖЖ-нен әлдеқайда төмен, ал хронаксиясы, қозу табалдырығы керісінше жоғары.
3. ВЖЖ-нің талшықтары арқылы қозу өте баяу өтеді.
4. ВЖЖ-де постсинапстық қоздыру потенциалы ұзаққа созылады (50-80 мс). ДЖЖ-де бұл потенциал (15-20 мс).
5. Қозу өте баяу өтеді.
6. Вегетативтік жүйке талшықтарының ұшынан медиаторлар - ацетилхолин не адреналин бөледі.
Ганглий (көне грекше: γανγλιον - түйiн, буын) - жүйке жасушаларының, жүйке талшықтарының және олардың глия деп аталатын серіктерінің түйіні. Ганглий көптеген омыртқасыздардан бастап адамға дейінгі организмдердің барлығында болады. Ганглийдің соматикалық және вегетациялық деп аталатын екі бөлімі бар, соматикалық ганглийге сезімталдық рецептордың жасушалары, вегетациялық ганглийге қимыл жасушалары жатады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет