4 саяси жүйе ұҒымы қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси жүйе»



бет1/2
Дата31.12.2021
өлшемі26,46 Kb.
#22267
  1   2

4 САЯСИ ЖҮЙЕ ҰҒЫМЫ
Қазіргі таңдағы саясаттануда «Саяси жүйе» түсінігі маңызды орын алады, өйткені ол сан қырлы саяси байланыстарды зерттейді, қоғамда қалыптасқан қатынастарды,билік қағидаттары мен әр түрлі институттарды қарастырады. Саяси жүйе қоғамның саяси тыныс-тіршілігіндегі билік жүргізу негізін ұйымдастырудың қайнар көзі болып табылады.

Саяси жүйе- саясатпен айналысатын субъектілердің өзара әрекет етуінің нақты тарихи нысаны. Ол субъектілер арасында саяси қатынастарды белгілі дәрежеде жинақтап ұйымдастырады, саяси қызметті өз үстемдігі арқылы тәртіпке келтіреді, олардың ара-жігін анықтап, шекараларын белгілейді.

Саяси жүйе- саяси билік арқылы орталықтан басқарылатын қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін, біртұтас организм ретіндегі күрделі құрылым.

Отандық және шетелдік саяси әдебиеттерде саяси жүйе түсінігіне байланысты әр түрлі көзқарастар айтылып жүр.

Қоғамның саяси жүйесі жөнінде де бірқатар теориялар бар. Олардың қатарына американдық ғалым Д.Истонды, американдық саясаттанушы Г.Алмондты, Т.Парсонстың теориясын, К.Доичтың теориясын (кибернетикалық теория), Ресейлік саясаттанушылар М.Г.Анохинның, Ф.М.Бурлацкийдің, Р.А.Матвеевтің және басқалардың теорияларын жатқызуға болады. Американдық ғалым Д.Истон саяси жүйе теориясының негізін қалаушы болып есептеледі. Ол саяси жүйені ресурстар мен құндылықтарды бөліп беретін қоғамдық билікті қалыптастырушы және жұмыс істететін механизм деп қарастырады. Тағы бір американдық саясаттанушы Г.Алмонд саяси жүйені бір жағынан, тұрақтылықты қолдау кезінде қоғамдағы жаңғыртуды жүзеге асыруға көрсетілетін қабілеттілік, ал екінші жағынан, элементтердің өзара байланысының жиынтығы деп сипаттайды. Бұл ретте әрбір элемент бүкіл жүйеге қажетті маңызды қызметтерді атқарады(мемлекет, партия).

«Саяси жүйенің» тұжырымдамасы Ресей мен Қазақстан қоғамтанушыларының күшімен таяуда ғана жасалынды. «Саяси жүйе» термині үш ғылыми түсінікті білдіреді: олар – «жүйе», «саясат», «қоғам».

Біріншісі- жүйелік сипаты бар, белгілі бір тұтастықты көздеген қоғамдық көрініске көңіл аударуды мақсат тұтады. Оның құрамындағы элементтер өзара байланысты, бір-бірімен өзара әрекеттеседі. Жүйе түсінігінің өзі қоршаған ортамен үздіксіз бірлікте болудың қажеттілігін, олардың арасындағы өзара тәуелділікті білдіреді.

«Саяси» деген сөз зерттеліп отырған жүйенің сипатын көрсетеді. Сонымен саяси жүйе дегеніміз қоғамдық өмірдің саяси жүйесімен оның тығыз байланыста болатындығын білдіреді. «Қоғам» түсінігі саяси жүйенің деңгейін көрсетеді.

Саяси жүйе- бұл әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен мүдделерін анықтайтын институционалдық білімнің жиынтық кешені, ол тиісті аймақта жария билікті жүзеге асыру жөніндегі өзара іс-әрекетті қалыптастырады және ұйымдастырады.

Саяси жүйе- аса қажетті механизм. Тек соның тікелей әсер етуі арқылы ғана толық билік пен халықтың егемендігі жүзеге асырылып, қамтамасыз етіледі.

Саяси жүйе қоғам мен мемлекет арасындағы қатынасты ұйымдастырады, саяси үрдістерді, саяси қызметтің жағдайларын, саяси ілгерілеу мен ұмтылыстарды сипаттайды. Саяси қызметтің бір түрі болып саналатын саяси жүйе саясат субъектілерінің өзара іс-қимылы нәтижесінде пайда болатын жағдайлардың мән-мазмұнын ұйымдастырушы ролін аиқарады. Саяси жүйе саяси үрдістерді реттеудің қалай жүріп жатқанын, саяси биліктің құрылуы мен қызмет істеу жағдайын көрсетеді, өндіріс пен мемлекеттік билікті пайдалану негізінде әлеуметтік қатынастар арасында игіліктерді бөледі.

Қоғамның саяси жүйесі бірқатар құрылымдық элементтерден немесе негізгі жүйешелерден тұрады.

Қоғамның саяси жүйесінің негізгі элементтері мыналар: саяси қарым-қатынас; саяси принциптер мен құқықтық нормалар; саяси институттар; саяси сана; саяси мәдениет пен оған саяст тұрғыда қатысу.

Саяси қарым-қатынас – бұл саяси және мемлекеттік билікті қалыптастырып құру мен оның қызмет етуін реттеу жөніндегі саяси өмірдегі субъектілер арасындағы қарым-қатынастар. Саяси принциптер мен құқықтық нормалар- қолданылып отырған саяси жүйе шеңберінде саяси қарым-қатынастарды тәртіпке келтіре отырып, оларды реттейді. Саяси институттар- саяси мекемелер болып саналады, яғни бүкіл саяси жүйенің матариалдық негізін құрайды.

Саяси сана – бұл саяси қарым-қатынастар мен мүдделердің көрінісі, белгілі бір түсініктер, идеялар, көзқарастар, теориялар түрінде баға беру: ол әлеуметтік ақақактты сипаттайды; оқиғаларды сезіліп қабылдайды, қоғамдағы әлеуметтік және саяси өзгерістердің болашақтағы мүмкіндіктерін саралайды.

Саяси мәдениет- саяси танымның, нұсқаулар мен аса құнды бағыт- бағдарлардың, дәстүрлер мен саяси іс-әрекеттер рәміздерінің қоғамға арналған неғұрлым қарапайым үлгілерінің біртұтас жиынтығы. Ол сонымен қатар саяси жүйенің тұрақтылық факторы секілді рольді де атқарады.

Саяси тұрғыда қатысу- саяси жүйені қолдаудың белгілі бір дәрежесін

Саяси жүйе теориясының пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Оны ХХ ғасырдың 50 жылдарында Американың саясаттанушысы Давид Истон ойлап тапты. Ол саяси жүйенің қызмет ету тетіктерін былай сипаттайды. Саяси жүйе сыртқы ортамен «кіріс», «шығыс» принциптері арқылы байланысады.

«Кірістің» 2 түрі бар: талап және қолдау. Талапты халықтың билік органдарына қоғамдағы құндылықтардың, қазына мен қаржының, қоғамдық қордың әділетті, дұрыс немесе әділетсіз, бұрыс бөлінуі туралы пікірі, билік органдарына үндеуі деуге болады. Ол қоғамда белгілі бір қажеттіліктің, мұқтаждықтың бар екендігін білдіреді және әр түрлі болады. Мысалы, еңбекақыны көтеру, жұмыс күнін қысқарту, әлеуметтік салаға қаржыны көбейту, білім алу мүмкіндігін арттыру, азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау және т.б. Мұндай талаптар көбейіп, оларға билік органдары назар аудармаса, саяси жүйе әлсірейді.

Халықтың әр түрлі жіктерінен түскен талаптарға саяси жүйе қандай типке жатуына байланысты әр түрлі қарайды. Мысалы, антидемократиялық, тоталитарлық саяси жүйе адамдардың талап тілектеріне билікке көрсетілген наразылық ретінде қарайды.

Саяси жүйенің өзіндік мүмкіндіктері бар. Д.Истон мен Г.Алмонд олардың төрт түрін көрсетеді:


  • Топтар мен жеке адамдардың жүріс – тұрысын басқаруға байланысты реттеу мүмкіндігі;

  • Өзінің қызмет етуіне қажетті экономикалық және басқа қорларды табуға байланысты қысымдық мүмкіндігі;

  • Қорларды, игіліктерді, қызметті, үздік белгілерді және т.с.с. бөлу және қайта бөлу мүмкіндігі;

  • Әлеуметтік ортаның талаптарына әрқашан жауап берерлік, өзгерген жағдайларға бейімдеушілік мүмкіндігі.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет