4-сынып «Қазақ тілі Т2» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары



Дата06.11.2022
өлшемі9,12 Kb.
#47839
түріПрезентация

4-сынып «Қазақ тілі Т2» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмалары
4.3.4.1* Мұғалімнің қолдауымен мәтін мазмұнын және кейіпкерлердің ісәрекетін бағалауға бағытталған сұрақтар (неліктен? не үшін?) құрастыру және оған жауап беру Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды.
4.4.1.1* Шағын сюжетті комикс/ буклет/ коллаж/ жарнама/ презентацияны сөйлемдермен толықтыру
Ұзақтығы-40 мин
Жалпы бал саны -20
Оқылым
— Сәлем, достар! Менің атым – Аружан. Мен Қазақстаннан келдім. Менің елім — үлкен, тәуелсіз мемлекет. Біздің елімізде ормандар, көлдер, биік таулар мен кең далалар бар. Қазақ халқы – бейбітшілікті сүйеді. Біздің туымызда күн мен қыран бейнеленген. Олар – бейбітшіліктің белгісі.
— Сәлем! Менің атым – Энди. Мен Американың Огайо штатынан келдім. Огайо «үлкен өзен» дегенді білдіреді. Өйткені біздің жерімізде үлкен өзен бар. Бізде қазір ауа райы өте ыстық болып тұр
— Менің атым – Акира. Мен Жапония елінен келдім. Біздің салт-дәстүрлеріміз көп. Аружан, мен өткен жылы Қазақстанда болдым. Қазақстан халқы маған өте ұнады.
— Иә, Акира. Біздің халық өте мейірімді әрі қонақжай. Қонақтарды қуана қарсы алады. Достар, сендермен танысқаныма өте қуаныштымын!
— Біз де қуаныштымыз!

  1. 1. Мәтін бойынша сөйлемдерді сәйкестендір

  2. Аружан А) өз елінің атауын түсіндірді

  3. Энди В) өз елінің салт-дәстүрлері туралы айтты

  4. Акира С) өз елінің табиғаты, халқы, рәмізі туралы айтты 3балл

2.Жазылым.Тірек сөздерді пайдаланып,сөйлем құрастыр.
Тірек сөздер: тәуелсіз, ұлт, мемлекет, шаңырақ, кең дала, биік таулар, рәміздер,өмір сүреді,бір,тату-тәтті,бар,астында
_____________________________________________________
______________________________________________________
______________________________________________________ 5 балл

3.Көп нүктенің орнына қосымшаны дұрыс жаз.(қалау рай)
Анама гүл сыйла… келеді.
Оның доп ойна… келеді.
Сендердің ән айт….. келеді.
Сіздердің басқа қалаға бар….. келеді. 2 балл
4.Жіктік есімдіктерді дұрыс орналастыр.
……. үлкенді сыйлаймын …… үлкенді сыйлаймыз
……. үлкенді сыйлайсың …….үлкенді сыйлаңдар
……..үлкенді сыйлайсыз …….үлкенді сыйлаңыздар
……. үлкенді сыйлайды ……..үлкенді сыйлайды
Сен,біз,ол,мен,сендер,олар,сіз,сіздер. 5 балл
5.Суретке қарап, сұраққа жауап жаз. Өз мысалыңды кестеге жаз.

Не жақсы?

Не жаман?



5 балл

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет