40 жж пенициллиннің өнеркәсіпте өндіріле бастауы және оның терапияда қолданыла бастауымен клиникалық биотехнология дүниеге келді деп санасақ болады



Дата23.07.2022
өлшемі145,44 Kb.
#37876

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті





СӨЖ

Тақырыбы: Антибиотиктер


Орындаған: Қаспай М.Ж
Тобы: Бт-25
Орындаған: Салхожаева Г.М

Астана, 2017ж


40 жж пенициллиннің өнеркәсіпте өндіріле бастауы және оның терапияда қолданыла бастауымен клиникалық биотехнология дүниеге келді деп санасақ болады. Көргеніміздей, алғашқы табиғи пенициллиннің қолданылуы ауру мен өлімнің бәсеңдеуіне өзге преппараттармен салыстырғанда өз әсерін тигізді, дегенменде , басқа жағынан тағы да биотехнология көмегімен шешілген жаңа проблемалар қатары толықты. Біріншіден, пеницилиннің сәтті қолданысы осы преппаратқа үлкен қажеттілікті тудырды және осы қажеттілікті қанағаттандыру үшін пеницилиннің өндіріске шығу мөлшерін шұғыл түрде көтеру керек болды. Екіншіден, алғашқы пенициллин – G (бензилпенициллин) – басты түрде грамм-оң бактерияларға әсерін берді (мысалы, Streptococci, Staphyloccoci), бірақ, E. coli, Pseudomans секілді грамм-теріс бактерияларғада әсерін беретін әсер ету аясы мен белсенділігі кең антибиотик алу керек болды. Үшіншіден, мейлінше антибиотиктер аллергиялық әсер бергендіктен (көбінесе байқалмайтын, денедегі бөртпелер, бірақ кейде ауыр, өмірге қауіпті), науқаста аллергия тудырмайтын равноэффекті препараттардан таңдау мүмкіндігі бар антибактериальды заттардың жиынтығы қажет болды. Төртіншіден, пенициллин асқазанның қышқылдық ортасында тұрақсыз болғандықтан оны ішке қабылдауға бекітпеген. Көптеген бактериялардың антибиотиктерге тұрақты бола бастауының классикалық мысалы – фармакологиялық белсенді емес пенициллин қышқылының түзілісімен пенициллиннің δ-лактамды сақинасындағы амидті байланысты гидролиздейтін пенициллиназа ферментінің стафилококкалар арқылы түзілісі болды. Пенициллин өндірісінде оның шығымын ұлғайту Penicillium chrysogenum штаммының кезекті қолданысының арқасында, сонымен қатар өсіру шарттарын енгізу жолы арқылы мүмкін болды.
Ампициллин қосымша аминотопты тізбектің болуымен ерекшеленетін бензилпенициллиннің жартылайсинтетикалық туындысы болып табылады. Соның өзінде ол белсенді және бактериялардың кең түріне әсер етеді, соның ішінде асқорыту, тыныс алу органдарында аура туғызатын кейбір граммтеріс бактерияларға. Қышқыл мен клоксацилинге төзімді, және де ол δ-лактазалармен бұзылмайды. Оны көбінесе пенициллиназаны синтездейтін стафиококкустар табылған науқастарға ампициллинмен бірге немесе госпитальді инфекциялар кезінде тағайындайды.




Бензилпенициллин - пенициллин тобының табиғи антибиотигі.


Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар жасушасынан алынатын органикалық зат.


Ампициллин - (ағылш. ampicillin) кең ауқымда қолданылатын, басқа пенициллин түрлеріне қарағанда бактерияларды көбірек өлтіретін пенициллин болып табылады.


Клоксациллин - жартылайсинтетикалық пенициллин тобының антибиотигі. Бактерицидті әсер етеді(бактерияларды жояды).

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет