«№42 Жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі «Менің тілім – менің мақтанышым»



Дата31.10.2022
өлшемі15,83 Kb.
#46461

«№42 Жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі
«Менің тілім – менің мақтанышым» тақырыбындағы тілдер онкүндігіне орай мектеп оқушыларына эссе жазғызу
2022-2023 оқу жылы


АНЫҚТАМА

Мектепшілік «Менің тілім – менің мақтанышым» тақырыбындағы тілдер онкүндігіне орай «Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлыгың туғанына 150 жыл!» атты мектеп оқушыларына эссе жазуға тапсырма берілді. Бұл іс-шараның мақсаты:



  • Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы мағлұмат беру;

  • Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу ;

  • Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту.

Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914-1915 жылдан 1927-1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсынұлының “Әліпбиімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсынұлының - еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі соңынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахмет Мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ах өзінің басшысы деп санайды. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны.
«Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайратын біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды.
Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек. Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт, арманы - ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.
Ахмет өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.
Аталмыш іс-шараға 5-11 сыныптың оқушылары жұмылдырылды. Оқушылар «Тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлыгың туғанына 150 жыл!» тақырыбында тұжырым жасап, эссе жазды. Оқушылар өз жұмыстарын жазу барысында ақын өмірі жайлы мәліметтер ала алды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет