4305 паразитология және инвазиялық аурулар пәннің мазмұны «Паразитология және инвазиялық аурулар»



бет1/3
Дата28.05.2022
өлшемі20,4 Kb.
#35840
  1   2   3

4305 - ПАРАЗИТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ИНВАЗИЯЛЫҚ АУРУЛАР


Пәннің мазмұны

«Паразитология және инвазиялық аурулар» пәні паразитологияның жалпы сұрақтарын зерттейді және болашақ ветеринариялық малдәрігерлерін көптеген зоопаразиттермен жан-жақты таныстырады. Адам мен жануарларға ортақ ауруларға ерекше көңіл бөлінеді.


Пәннің мақсаты ғылым мен практиканың жаңа жетістіктері негізінде паразиттер және инвазиялық аурулар жөнінде теориялық білім алу болып табылады.
Осыған байланысты пәннің алға қойған міндеттері: паразиттердің морфо-биологиялық ерекшеліктерін зерттеп, игеру; студенттердің инвазиялық ауруларға малдың тірі кезінде және сойылғаннан кейін диагноз қою әдістерін меңгеруі; мал мен құстарды паразитологиялық әдістермен тексере білу; паразиттердің биологиясына және инвазияның эпизоотологиясына байланысты паразитоздарға қарсы арнайы және емдік - сақтандыру шараларды ұйымдастыра білу.
«Паразитология және инвазиялық аурулар» пәнін игеру университетте жалпы білім алу жүйесіне және жануарлар морфологиясы, жануарлар физиологиясы мен биохимиясы, ветеринариялық микробиология және вирусология, жануарлар патологиясы, ветеринариялық гигиена және санитария сияқты пәндерге негізделген. Бұл пәндер осы пәннен бұрын игерілуі тиіс.
«Паразитология және инвазиялық аурулар» пәні профильдік пәндермен тығыс байланысты, олар: жұқпалы емес ішкі аурулар, ветеринариялық хирургия, ветеринариялық акушерлігі және гинекология, ветеринриядағы менеджмент, індеттану және жұқпалы аурулар, ветеринарлық санитарлық сараптау және ветеринарлық практикамен тығыз байланысты.
Пәнді игеру үшін алдымен жалпы биологиялық негіздерін тірі организмнің табиғатта қарым-қатынасы, паразиттің иесімен аралық қарым-қатынасы, паразитизмнің пайда болуы, паразиттердің жіктелуі және түрлері, зияндылығы, инвазиялық аурулардың эпизоотологиялық дамуының заңдылығы, оның ерекшеліктері, олардан сақтандыру үшін арнайы және жалпы емдік-сақтандыру шаралардың жүргізілуі, жекелеген инвазиялық аурулардың емдік-сақтандыру шаралары туралы деректерді студенттер білуі қажет.
Паразитологияға кіріспе. Паразитизм туралы түсінік. Паразитология ғылымының қысқаша даму тарихы. Паразитологияның биологиялық негіздері, паразитизмнің қалыптасуы. Паразиттерді жіктеу негіздері. Организмдердің табиғаттағы қарым – қатынастық типтері. Паразитоценоздар және ассоциативтік инвазиялар. Инвазиялық аурулар туралы ілім.
Сыртқы ортаның гельминтоздар мен қарапайымдылардың қоздырушыларына тигізетін әсері. . Ветеринариялық гельминтологияның мазмұны мен анықтамасы. Жануарлар гельминттерінің жіктелуінің негізі. Трематодтар, цестодтар, нематодтар және акантоцефалдардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Гельминтоздарға диагностикалық зерттеу жүргізу үшін қолданылатын әдістемелердің ерекшеліктері. Гельминтоздарды малдың тірі кезінде және өлгеннен кейін диагностикалау әдістері. Жайылымдардың гельминтологиялық жағдайын зерттеу. Антигельминттер және оларға қойылатын талаптар. Дегельминтизация және олардың түрлері.
Энтомология. Жәндіктердің морфологиясы, биологиясы және жіктелу негіздері. Жәндіктер - энтомоздардың қоздырушылары және әртүрлі инвазиялық, індетті аурулардың тасымалдаушылары. Бөгелектер қоздыратын аурулардың қысқаша мінездемесі және жіктелуі. Бөгелек балаңқұрттары тудыратын ауруларға қарсы емдік-профилактикалық шаралар.
Арахноздардың жіктелуі. Паразитиформды кенелер және олармен күресудің пәрменді шаралары. Паразитиформды кенелер – уақытша эктопаразиттер және инвазиялық, індетті аурулардың тасымалдаушылары. Иксодид және аргазид кенелердің морфологиясы, биологиясы, жіктелу негіздері және таралуы, оларға қарсы күресу шаралары. Акариформды кенелер және олар қоздыратын аурулар. Саркоптоидоздар.
Протозоологияға кіріспе. Протозоологияның даму сатылары. Паразит қарапайымдылардың морфологиялық және биологиялық негіздері. Паразит қарапайымдылардың жіктелуі. Паразит қарапайымдылардың өз иелерімен қарым – қатынасы. Протозоидтық аурулардың эпизоотологиясы, патогенезі және иммунитеті. Мастигофороздар, пироплазмидоздары. Пироплазмидоздар. Тейлериидоздар. Жануарлар кокцидиидоздары. Цилиофороздар. Прокариоттар және олар қоздыратын аурулар. Ірі қара және қой анаплазмозы. Протозооздарға қарсы емдік-сақтандыру шаралар. Протозооздарды малдың тірі кезінде және өлгеннен соң диагностикалаудың негізгі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет