46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



жүктеу 8.28 Mb.
Pdf просмотр
бет22/44
Дата22.12.2016
өлшемі8.28 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44

Төлебаев Т.Ә. 
 
ТАРИХИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН МОДЕРНИЗАИЯЛАУ –  
САПАЛЫ МАМАН ДАЯРЛАУ КЕПІЛІ 
 
Қазіргі  кезеңдегі  халықаралық  экономикалық  интеграция  жағдайында  экономиканың 
бәсекеге  қабылеттілігін  қамтамасыз  етуде  ғылым  мен  білімнің  маңызы  үлкен.  Жаңа 
экономикалық жағдайдағы дүниежүзілік қауымдастықта кез келген мемлекеттің орнымен рөлі 
оның  жаңа  білім  мен  технологияны  жасау,  қолдану  және  пайдалану  қабылетіне  байланысты. 
Бұл үрдіс басты төрт бөліктен тұрады. Олар: ғылым, білім, өндіріс және бизнес.  
Білімге  негізделген  бүгінгі  қоғамның  негізгі  компоненттері – ғылым  дүниеге  келтіріп 
отырған  жаңа  білім,  сол  сапалы  білім  арқылы  жоғары  сапалы  адамдық  капитал  даярлауы, 
өндірістік сектор мен бизнестің қосымша байлықты жасауы. Жаңа генерациялы мамандардың 
алдында  тез  арада  көпвариантты  міндеттерді  талдап,  тиімді  шешім  қабылдауға  мүмкіндік 
беретін  алғырлықты,  құзыреттілікті,  кәсіби  біліктілікті  талап  ететін  күрделі  ғылыми-
техникалық,  экономикалық  және  әлеуметтік  мәселелерді  шеше  білу  міндеті  тұр.  Кәсіби 
мамандарды  даярлауға  қойылатын  талаптардың  жаңа,  жоғары  деңгейі  әрбір  қызметкердің 
тиімді еңбегінің «құнының» артуына да байланысты болып отыр. 
Ғылыми  техникалық  прогрестің  ХХ-ғ.  соңынан  бастап  қарқынды  дамуы  ғылым  мен 
өндірістік  кәсіпорындардың  байланыс  жасауға  деген  ұмтылысын  күшейтті.  Компаниялардың 
бәсекеге  қабылеттілігін  сақтау  мен  күшейтудің  шарты  қолданбалы  ғана  емес  фундаменталды 

164 
 
зерттеулердің  де  нәтижелерін  қолдану  болып  отыр.  Сондықтан  қазіргі  компаниялар  екінші 
реттік  ғылыми  ақпараттармен  қанағаттанып  қала  алмайды  және  оныңғ  яғни  ғылыми 
ақпараттың  алғашқы  көзі – фундаменталды  ғылым  орталықтарымен  тікелей  байланысты 
нығайтуға  ұмтылады.  Ғылымның,  білімнің  және  өндірістің  интеграциясы  отандық 
кәсіпорындардың  шетелдік  бәсекелестерінен  технологиялық  артта  қалуын  жою  жолымен, 
инновацияға инвестицияны арттыру және өндірістік инновацияны күшейту, сондай-ақ еліміздің 
инновациялық  әлеуеті  ретінде  ғылым  мен  білімді  дамыту  арқылы  Қазақстан  Республикасы 
экономикасының    инновациялық  дамуының  негізгі  механизмі  болатынын  айқын  түсінуіміз 
қажет.  Сол  себепті  де  Қазақстан  Республикасында      ғылымның,  білімнің  және  өндірістің 
интеграциясының  шетелдік  тиімді  үлгілері  мен  тәжірибелерін  оқып - үйреніп,  жергілікті 
жағдайларға бейімдей отырып енгізу өзекті мәселе болып табылады.   
«ҚР  Білім  туралы  заңында»  білім  беру  жүйесінің  міндеттері  былайша  атап  көрсетілген: 
«11) білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясы;   
12) білім алушылардың кәсіптік бағдарлануын қамтамасыз ету; 
13) жұмыс  берушілермен  және  басқа  да  әлеуметтік  әріптестермен  белсенді  өзара  іс-
қимыл  арқылы  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  озық  қарқынмен  дамытылуын 
қамтамасыз ету болып табылады». 
ЮНЕСКО  дайындаған  «Білімнің  халықаралық  стандарттық  классификациясының» 
мазмұны  мен  талаптарына,  әсіресе  ондағы  мамандықтар  тізіміндегі «22. Гуманитарлық 
ғылымдар»  және «31. Әлеуметтік  және  бихевиористік  ғылымдар»  мамандықтарына  (МСКО-
1997)  сай  келеді.  Солардың  негізінде  тарихшы  маман  даярлау  жүйесінің  вариативтілігі, 
мобилділігі,  білім  берудің  мазмұндылығы  мен  процессуалдылығын  интеграциялау,  білім 
мазмұнын  басқару  саласындағы  болашақ  маман  тұлғасын  дамыту  мен  тәрбиелеуге  бағыттау 
қамтамасыз етіледі. Бұл бүгінгі таңдағы тарихшы мамандығын жаңа арнаға бұруға, оған деген 
сұраныстың  артуына  және  тарихшыларды  сұранысқа  бейім,  бизнестік  құрылымдарда,  үкімет 
пен  мемлекеттік  мекемелерде  қызмет  ете  алатындай  етіп  дайындап,  оқытып  шығаруға 
мүмкіндік береді.  
Шетелдердегі ғылымның, білімнің және өндірістің интеграциясының құрылымы зерттеу 
университеттері, технопарктер және технополистер болып есептеледі.  
Зерттеу  университеттері  өнеркәсіппен  мықты  байланыс  орнату,  білім,  ғылым  және 
бизнес  салаларын  қамту  арқылы  мамандарды  ротациялау  негізінде  профессор-оқытушыларды 
кұрамын 
қалыптастыру, 
пәнаралық 
байланыс 
ұстанымына 
негізделген 
әртүрлі 
бағдарламаларды  жүзеге  асыру,  қаржыландырудың  көпсалалы  көздерін  құру  арқылы  әрекет 
етеді.  
Технопарктер  университеттер  кампусында  пайда  болады  және  техникалық  базаға  қол 
жеткізуге,  ең  жаңа  ғылыми  жұмыстарға  ұмтылуға  мүмкіндік  береді,  университет  тарапынан 
жалға  алу  құнына  жеңілдік,  үкімет  тарапынан  салықтық  жеңілдіктер  жасалып,  университет 
түлектері мен студенттерін маман ретінде тарту даярлауды іске асырады. 
Технополистер  инновацияларды  алға  жылжыту  мен  ендіру  үшін  ғылыми  күштер  мен 
өндірістік  мүмкіндіктерді  біріктіру  мақсатында  университеттердің,  зерттеу  лабораториялары 
мен институттардың арнайы құрылған бірлескен алаңы болып есептеледі. 
Іздің университетте технопарк бар. Енді зерттеу университетіне өтуге ұмтылыс жасалуда. 
Осындай  жағдайда      білімнің,  ғылымның  және  өндірістің  интеграциясына  баса  көңіл  бөлу 
маңызды  болып  табылады.  Зерттеушілер  шетелдерде  білімнің,  ғылымның  және  өндірістің 
интеграциясының үш моделі өмір сүретінін айқындады. Олар:  
1. Ғылым мен білімге қатысты өндірістің басымдығына негізделген интеграция моделі;  
2. Білім мен өндіріске қатысты ғылымның басымдығына негізделген интеграция моделі;  
3. Өндіріс пен білімге қатысты ғылымның басымдығына негізделген интеграция моделі. 
Мен еліміздегі тарих ғылымы мен білімінің даму дәрежесі  өндірістің даму дәрежесі мен 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  осылардың  әрқайсысын,  тіпті  кейде  вариативті  түрде  қолдану 
жолдарын қарастыру керек деп есептеймін. 
Сұранысқа қабылетті, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциясын жүзеге асыра 
алатын сапалы тарихшы маман даярлау үшін бүгінгі жоғары оқу орындарындағы тарихи білім 
беру  жүйесін  модернизациялау  қажет.  Бұл  туралы  біздің  жазып,  айтып  жүргенімізге 10 жыл 
болды/1-7/. Көрнекті тарихшы Т.О. Омарбеков тарихшы мамандарды даярлаудың әлі де болса 
кеңестік  жүйесінің  сақталып  отырғанын,  ал  оның  қазіргі  нарықтық  қатынас  заманына  мүлде 
сай  келмейтіндігін  айта  келе: «оқыту  жүйесінде  бакалавриатта  және  магистратура  мен 

165 
 
докторантурада  күрделі  өзгерістер  жасауды  талап  етеді», - деп  атап  көрсетті/8/.  Ал  белгілі 
этнолог  Б.К.  Қалшабаева  да  бәсекелестікке  қабылетті    этнологтар  мен  археологтарды 
даярлаудың жолдары туралы айтуда/9/.  
Шетелдерде  тарихшылар  еңбегі  жекеменшік  және  мемлекеттік  ұйымдарда  кең  түрде 
пайдаланылады. Бұған олар жоғары оқу орындарында бейімделе отырып білім алу арқылы қол 
жеткізеді.  Ал  біздегі  бүгінгі  таңдағы  жоғары  білім  беру  жүйесі  әзірге  бұған  мүмкіндік  бере 
алмайды. Сол себепті де тарихшыларға деген сұраныс шектеулі болып отыр. Енді біз: оған қол 
жеткізудің қандай жолдары бар?- деген сұраққа жауап беріп көрелік.  
Бүгінгі  таңдағы  жоғары  оқу  орындарындағы  реформа  ең  алдымен  кредиттік  технология 
жүйесін енгізді. Біздіңше дәл осы жүйені тиімді пайдалана отырып, тарихи білім беруге түбірлі 
өзгерістер  жасау  қажет.  Бүгінгі  таңға  дейінгі  тарихи  білім  беру  жүйесінде  кешегі  кеңестік 
кезеңде  қалыптасқан  жоба  басымдыққа  ие  болып  келеді  Енді  одан  бас  тартатын  уақыт  келді. 
Тарихи  білімнің  практикалық  маңызына  баса  көңіл  бөлу  арқылы  оның  сұранысқа  ие 
болу  жағын  ойластырған  дұрыс.  Ол  үшін  білім  стандарттарындағы  Қазақстан  және 
дүниежүзі тарихтарының пәндерін экономика  тарихы,  әлеуметтік  тарих,  мәдениет  тарихы 
және саяси тарих жүйелеріне топтау тиімді болар еді.  
Бұның  артықшылығы  неде? - дейтін  болсақ.  Біріншіден,  қазақ  тарихын  басты  даму 
бағыттары  бойынша  нақтылы,  тереңдете  оқытуға,  соның  негізінде  тарихи  даму  туралы 
бірыңғай және айқын түсінік беруге мүмкіндік туады. Екіншіден, студенттің мамандану бағыты 
айқындалып,  мемлекеттік  немесе  мемлекеттік  емес  мекеме  мен  кәсіпорынның  белгілі  бір 
саласына ертерек бейімделуіне жол ашылады. Үшіншіден, ол кредиттік білім алу жағдайында 
студенттің  өз  бетімен  білім  алуына  ұмтылысын  арттырады.  Төртіншіден,  жекелеген  тарихи 
пәндер  мен  мәселелерді  тереңірек  оқыта  отырып,  оқытушылардың  да  мамандығын 
тереңдетуіне,  жетілдіруіне,  дайындығы  мен  сабақ  өткізу  тәсілдерінің  дәрежесін  көтеруіне 
ықпал  етеді.  Бесіншіден,  студенттердің  мамандықты  ғана  емес,  жақсы  білім  беретін 
профессорлар  мен  оқытушыларды  да  таңдауына  әкеледі.  Алтыншыдан,  бұл  жағдай  олардың, 
яғни  профессорлар  мен  оқытушылардың  өздерінің  арасындағы  бәсекелестікті  күшейтеді. 
Жетіншіден, оқытушылар, сондай-ақ студенттер, магистранттар мен докторанттар арасындағы 
бәсекелестік тарих ғылымы мен білімінің дами түсуіне әсер етеді. 
Бәсекелестікке  қабылетті,  сұранысқа  ие  болатын  тарихшыларды  даярлау  үшін 
шетелдердегідей  бизнестік  құрылымдарда  және  үкімет  органдары  мен  мемлекеттік 
мекемелерде қызмет ете алатындай тарихшылар дайындау, оқытып шығару қажет.  
Оның  өзін  екі  бағытта  жүргізген  тиімді.  Біріншісі,  мемлекеттік  тапсырыс  бойынша 
оқыту,  екіншісі  ірі  компаниялар  мен  жекеменшіктік  мекемелердің,  белгілі  бір  жеңілдіктер 
негізінде, тапсырыс бойынша оқытуына мүмкіндік беру.  
Еліміздің экономикалық дамуына байланысты оның кәсіпорындары мен мекемелері сан-
салалы. Мәселен, кәсіпорындардың өзі өнеркәсіптер, тау-кен өндірістері, түсті металдар, мыс, 
темір,  тас  көмір,  мұнай,  газ  т.б.  салаларына  бөлінеді.  Ауыл  шаруашылығы  болса  елімізде 
негізінен жер шаруашылығы, егіншілік және мал шаруашылығы бойынша жіктелетіні белгілі. 
ЖОО-дағы тарихшы мамандар дайындалатын факультеттердің оқу бағдарламалары студенттер 
мен  магистранттар  осы  аталғандардың  әрбір  салаласының  өткені,  бүгінгі  жағдайы  және 
болашағы  туралы  білім  алып  шығатындай  және  осы  бағытта  жұмыс  істей  алатындай  бағытта 
жасалуы  қажет.  Жас  тарихшылардың  салалық  министрліктер,  ірі  компаниялар  мен 
кәсіпорындардың тарихын зерттей отырып, олардың өндіретін өнімдерінің сұранысқа ие болу 
дәрежесі, өткізілу аймағын айқындап, болашағы жөнінде болжаулар жасауда белсенді қызмет 
атқаратындай, олардың архивін, музейлерін жасап-жабықтап, әрбір кәсіпорын мен мекеме үшін 
жарнамалық  кітаптар  мен  кітапшалар  жазып,  карталар,  диаграммалар,  кестелер  жасай 
алатындай  болғаны  дұрыс.  Бұл  олардың  өмір  мен  тәжірибеге  бейім,  сұранысқа  жауап  бере 
алатын, бәсекелестікке қабылетті экономика-тарихшысы болып шығуын қамтамасыз етеді. 
Кез  келген  мемлекеттің  ішкі  саясатында  ұлт  пен  ұлт  өкілдері,  әлеуметтік  топтар  мен 
олардың  арасындағы  жағдайды  реттеу  аса  маңызды  мәселе  болып  есептеледі.  Сондықтан  да 
болар,  шетелдерде  «әлеуметтік  тарихшылар»  мен  мәдениет  тарихынын  мамандарының  саны 
басқа  салалардағы  тарихшылардан  басым  болып  отыр.  Бұл  аталған  мәселенің  әсіресе  бүгінгі 
таңда өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан біздің еліміз үшін ерекше орын алып отырғаны да 
белгілі.  Жаңа  экономикалық-әлеуметтік  қатынастардың  орнауы,  қалалар  мен  әртүрлі 
дәрежедегі  елді  мекендердің  жаңаша  сипат  ала  отырып,  қарқынды  түрде  көркеюі  олардағы 
әлеуметтік  және  мәдени  қатынастарды  жедел  жаңа  арнаға  түсіру  қажеттігін  күн  тәртібіне 

166 
 
қоюда.  Бұл  мәселелерді  шешу  мен  реттеуде  арнайы  білімі  бар  маман-тарихшылардың 
атқаратын  шаруасы  өте  көп.  Мәселен,  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың,  инфрақұрылымдардың, 
еңбек  қатынастарының  қалыптасуын,  ерекшеліктерін,  даму  барысы  мен  болашағын,  ал 
интелектуалдық  тарих,  гендерлік  тарих,  психотарих,  архитектура,  құрылыс,  кино,  спорт,  би, 
білім,  қоршаған  орта,  дін  мен  діни  орындар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары,  қоғамдық  ой, 
эммиграция  мен  иммиграция  тарихтары,  тарихи  лингивистика,  тарихи  география  мен 
демография  және  тағы  басқа  да  бағыттар  бойынша  арнайы  мамандар  даярлау  бұл  салаларды 
жаңа бағытта зерттеу мен дамытуға үлкен үлес қосады деп есептейміз.  
Тарихшы-саясаткерлер  негізінен  конституциялар,  заңдар,  мемлекеттік  органдар,  әртүрлі 
дәрежедегі  әкімшілік  орындары,  партиялар,  мемлекеттік  емес  ұйымдар,  дипломатия  мен 
халықаралық қатынастар, мемлекеттік шекара, әкімшілік аймақтар, саяси қайраткерлер тарихы 
бойынша  маманданатын  болады.  Біздіңше  осындай  нақты  бағыттар  бойынша  тарихшыларды 
даярлау  олардың  сұранысқа  ие  болу  мүмкіндігін  арттырады  және  олар  өз  саласы  бойынша 
әрбір мекемеге де, өзіне де пайдалы қызмет атқара алады.  
Ал  жекелеген  салалар  бойынша  тарихшыларды  оқыту  барысында  Қазақстандағы 
мемлекеттік  және  жекеменшіктік  мекемелер  мен  корпорациялардың,  акционерлік  компания-
лардың,  жауапкершілігі  шектеулі  кәсіпорындардың  басшылары  мен  жетекші  мамандарын 
лекциялар оқып, тренингтер өткізуге, семинарлар ұйымдастыруға шақыруға болады.  
Бұл  біріншіден,  кәсіпорынмен,  өндіріспен  жоғары  оқу  орындарының  байланысын 
күшейте түседі. Екіншіден, жастардың бүгінгі өмір талабына бейімделу мүмкіндігін арттырады. 
Үшіншіден, ғылым мен тәжрибені ұштастыра беруге жол ашады.  
Сонымен,  тарихшы-мамандарды  даярлау  үшін  жоғарыда  айтылған  ұсыныстар  негізінде 
оқу  бағдарламаларын  жасап,  студенттер  мен  магистранттарды  мемлекеттік  және  мемлекеттік 
емес мекемелер мен кәсіпорындардың сұранысын бейімдеп, бәсекелестікке қабылетті дәрежеде 
дайындау  бүгінгі таңдағы білімді капитализациялау талабына сай болып шығады. 
___________________ 
1.  Төлебаев  Т.Ә.  Маман  заманға  сай  болса  немесе  тарихи  білім  беру  жүйесіне  реформа  керек.// 
Жас қазақ. 9 (61). 10 наурыз 2006ж., 7-б. 
2.  Төлебаев  Т.Ә.  Жоғары  оқу  орындарында  тарихи  білім  берудің  жаңа  жүйесі// 
Совершенствование  содержания  высшего  профессионального  образования  в  целях  подготовки 
конкурентоспособного специалиста. А., 2008., 45-54 бб. 
3.  Төлебаев Т.Ә. Жоғары оқу орындарындағы тарихи білім жүйесін өзгерту мәселелері// Зерттеу 
университетінің  білім  беру  қызметі.  Әл-Фараби  атындағы  Қаз  ҰУ-дың  оқытушылар-профессорлар 
құрамының ХLI ғылыми –әдістемелік конференция материалдары. –Алматы, 2011., 278-283 бб. 
4.  Төлебаев  Т.Ә.  Тағы  да  Қазақстанда  тарихшы  мамандарды  даярлау  туралы//«Қазақстан  тарих 
ғылымының  теориялық-методологиялық  мәселелері»  атты  «Бекмаханов  оқулары-2011»  халықаралық 
ғылыми-практикалық конференциясының материалдары. – А., 2012., 128-129 бб. 
5.  Төлебаев  Т.Ә.  Бәсекелестікке  қабылетті  тарихшылар  даярлау  мәселелері//  Білім  беру 
қызметіндегі  инновациялар  және  оқыту  сапасын  арттыру  мәселелері. 42-ші  Халықаралық  ғылыми-
әдістемелік конференциясының материалдары. - А., 2012., 314-319-бб. 
6.  Төлебаев  Т.Ә.  Қазақстан  тарихын  қалай  оқытқан  дұрыс// «Айқын»  апта.  №181 (2092). 27 
қыркүйек, бейсенбі. 2012 жыл, 5-б. 
7.  Төлебаев  Т.Ә.  Америка  Құрама  Штаттарындағы    ЖОО-да  тарихты  оқытуды  жетілдіру 
тәжірибесінен//«Заманауи үздіксіз кәсіби білім беру жүйесіндегі түлектің құзыреттік үлгісі» атты ХДШ 
ғылыми-әдістемелік конференция материалдары. 17-18 қаңтар 2013 ж. 2-кітап. Алматы, 2013, 87-91 бб. 
8.  Омарбеков  Т.О.  Зерттеу  университеті  жағдайында  қазақ  тарихынан  мамандар  дайындаудың 
өзекті  мәселелері//Білім  беру  қызметіндегі  инновациялар  және  оқытудың  сапасын  арттыру 
мәселелері.42-Халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференциясының  материалдары.2-кітап. - А., 2012., 
194-198 бб. 
9.  Қалшабаева  Б.К.  Бәсекеге  қабылетті  «археолог»  және  «этнолог»  мамандарын  дайындаудағы 
модульдік  жүйенің  маңызы//  Білім  беру  қызметіндегі  инновациялар  және  оқытудың  сапасын  арттыру 
мәселелері.42-Халықаралық  ғылыми-әдістемелік  конференциясының  материалдары.2-кітап. - А., 2012., 
137-139 бб.  
 
 
 
 
 
 

167 
 
Тукеев У.А., Бельгибаев Б.А., Омаров Б.C. 
 
РЕАЛИЗАЦИЯ ПОДГОТОВКИ   МАГИСТРАНТОВ СО СПЕЦИАЛИЗАЦИЕЙ 
"АВТОМАТИЗАЦИЯ И УПРАВЛЕНИЕ ТЕХНОЛОГИЧЕСКИМИ ПРОЦЕССАМИ"  
ПО ГПИИР-2 
 
Реализация  государственной  программы  по  инновационно - индустриальному  развитию 
страны  требует  новых,  новаторских  и  актуальных  подходов  в  подготовке  магистрантов  со 
специализацией «Автоматизация и управление технологическими процессами». 
Анализ  существующих  и  вновь  возводимых  промышленных    предприятий  пятого  –
шестого технологического уклада базовых отраслей промышленности Казахстана,  для которых 
наш  университет  готовит    магистрантов  по  целевой  учебной  программе,  показывает,  что 
характерным  признаком  устанавливаемого  на  этих  предприятиях  передового  промышленного 
оборудования является использование адаптивных микропроцессорных компьютерных систем  
автоматизации  с  «искусственным  интеллектом»,работающих    по  принципу  «Умный  дом- 
умный город - умная страна».  
Наиболее  продвинутым  и  доступным  по  сервису  на  нашем  компьютерном    рынке 
подобным  оборудованием  является  серия    микроконтроллеров  немецкой  транснациональной 
корпорации SIEMENS, которая  входит  в  тройку  наиболее  передовых  электротехнических 
компаний мира. Налаживание связей по закупке немецкого оборудования  фирмы  SIEMENS в 
целом  отвечает  нашим  межвузовским  и  международным  научно-методическим  требованиям  
как по линии программы Темпус-Тасис ,так при подготовке магистрантов и  докторов PhD  по 
специальности «Автоматизация и управление».  
Надо  отметить,  что  лаборатории  со  старым  и  новым    оборудованием  фирмы SIEMENS 
«заточенных»  для  конкретных  отраслей  промышленности    имеются  во  многих    ведущих 
технических  вузах  Казахстана,  которые  успешно  готовят  специалистов  на  остродефицитные 
вакантные  рабочие    места    «программистов  АСУ  ТП»  и  «программистов - системотехников» 
для энергетики, горно-металлургической промышленности и нефтегазового сектора экономики 
страны .  Классические университеты Казахстана в основном создавали подобные лаборатории, 
позволяющие  вести  общетеоретическую  и  научную  подготовку  специалистов  в    области 
современной автоматизации.  
Казахским  национальным  университетом,  кафедрой  «Информационные  системы»,  
исходя  из  особой  научно-образовательной  роли  для  всей  страны,  денежные  средства 
направленные  на  покупку  современного  оборудования  по  ГПИИР-2  были  использованы  на 
создание  универсальной  лаборатории  «Автоматизации  технологических  процессов  и 
встроенных  систем»,  ориентированной  на  современные  тенденции  проникновения  систем 
автоматизации во все слои общества в целом. На первом этапе были закуплены фирменные  11 
учебных  стендов  SIEMENS, оснащенные  микроконтроллерами LOGO!, SIMATIC S7-1200 , 
SIMATIC S7-1500 имеющие человеко-машинные интерфейсы HMI , которые представлены на 
рисунке 1.  
Кроме  того,  для  изучения  современных  подходов  в  создании  и  проектировании 
занимательных систем АСУ закуплены 12 микропроцессорных наборы   фирмы «ARDUINO» ( 
рисунок 2). Микроконтроллерные  комплекты«ARDUINO»  к  тому  же  стали  из-за  своей 
доступности  и  дешевизне  наиболее  массовым  и  очень  популярным  в  социальных  сетях  
предметом  научно-технического  творчества  среди  студенческой  молодежи  передовых  
индустриальных стран. 
Таким  образом,  на  данный  момент  линейка  микропроцессорного  оборудования , 
имеющегося  на  кафедре,  позволяет  организовать  учебно-лабораторный    практикум  на    трех 
уровнях:  
 общеобразовательная автоматизация от датчиков до сетевых приложений;  
 промышленные  системы  автоматизации  для  малых  и  средних  предприятий  с 
возможностями удаленного управления технологическими процессами через интернет; 
 промышленная  комплексная  автоматизация  многоуровневыми  технологическим 
процессами со сбором данных через Ethernet на ОРС-сервере  с подключением  по локальным 
сетям  всех  технологических  параметров  на  графические  интерфейсы   SCADA-системы    с 

168 
 
возможностью  отображения  социально  значимой  информации  на  сайтах  интернета    в  режиме 
он-лайн. 
 
 
 
Рисунок 1-Лабораторные  стенды  фирмы SIEMENS на  базе SIMATIC S7-1200 с HMI ,  
SIMATIC S7-1500  c HMI и SCADA-системы на базе WinCC 
 
 
Рисунок 2 –Микроконтроллер Ардуино  с датчиком на монтажной  платой   
 
Решение вышеперечисленных образовательных задач  требует быстрого реализации ряда 
кадровых, учебно-организационных мероприятий. Кафедра за короткий срок переподготовила 
шесть  преподавателей  на  курсах  повышения  квалификации  в  Санкт-Петербургском 
политехническом  университете,  на  базовом  и  продвинутом  тренингах  по  микроконтроллерам  
SIMATIC S7-300, датчикам  и  приводам  фирмы Festo в    центре Didactic Festo г.Алматы,  на 
пилотной  установке SIMATIC S7-300 со SCADA-системой  на  базе WinCC АСУ  ТП  
Соколовско-Сарбайского ГОК в ТОО «Системотехника». Для чтения лекций были приглашены 
ряд известных зарубежных специалистов по автоматизации  из вузов партнеров по программе 
Темпус-Тасис, фирмы AMD, профессора ведущих вузов США, России. 
Для  оптимизации  учебного  процесса  предлагается  в  рамках  имеющихся  базовых, 
профилирующих  и  элективных  дисциплин  бакалавриата,  магистратуры  и  докторантуры 
кафедры  повышена  роль  дисциплин  общетеоретического  характера.  Для  этого  в  учебных 
программах    магистратуры  рассматриваются    вопросы    линейных,  инвариантных  во  времени 
систем и базовые сведения по теории этих систем, составлению моделей динамических систем, 
одноконтурным  системам  с  обратной  связью,  о  методе  пространства  состояния,  конечных 

169 
 
автоматах, программных пакетах Simulink и LabView, предназначенных для анализа, синтеза и 
быстрого  проектирования  систем  регулирования (Rapid-Control-Prototyping), приборном 
оснащении  систем  автоматизации  (включая  системы  программируемого  управления),  об 
измерительных и исполнительных элементах. 
В  дисциплинах, связанных с практическими приложениями, рассматриваются машинно-
ориентированные  языки  программирования      Ассемблер,  языки  программирования  АСУ  ТП  
STL, LAD, FBD, объектно-ориентированные  языки  программирования  частично  переориен-
тированы  на    решением  ряда  практически  важных  задач  на  симуляторе SCADA – системы 
WinCC. 
Выпускники  магистратуры  со  специализацией  «Автоматизации  и  управление  техно-
логическим процессами» также будут  ознакомлены с такими техническими и программными 
средствами  моделирования  и  проектирования  систем  управления  как Hardware-in-the-Loop-
Simulation и Software-in-the-Loop-Simulation, которые широко применяются в разных отраслях 
промышленности.  
В  заключении  отметим,  что    как  автоматизация  со  всеми  отраслями  её  применения 
является  особенной  междисциплинарной  областью,  это  требует  создания  концепции 
межфакультетских магистерских программ.  
Думаем,  что    было  бы  целесообразным  объединение  преподавательского  потенциала  в 
области  автоматизации,  имеющегося  на  разных факультетах  университета, чтобы  предложить 
межфакультетскую  магистерскую  программу  для  выпускников  бакалавриата  по  при-
боростроению, машиностроению, нефтегазовой и химической  технологиям, электротехнике и 
информатике. 
Для  развития  научно-технического  творчества  в  области  автоматизации  предлагается  
открытие  на  базе  центра  «Алгоритм»  механико-математического  факультета  научно-
технического  СКБ  для  старшеклассников  и  студентов  младших  курсов      по  занимательной 
автоматизации.  
Курсовые  проекты    и  диссертации  магистрантов  будут    ориентированы  на  решение 
практически  важных  задач  по  автоматизации  вентиляции  и  отоплению  гражданских  и 
производственных зданий, созданию «умных» перекрестков, освещения  и полива газонов. Все 
эти задачи будут решены в сетевых версиях. 
Для  налаживания  постоянных  связей  с  предприятиями  инновационно - индустриальной 
дорожной карты важно и актуально открыть сертификационный центр переподготовки кадров 
по  межотраслевой    автоматизации.  Это  позволит  иметь  обратную  связь  с  производством  и 
совместно взаимно выгодно решать актуальные задачи по современной автоматизации. 
 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет