46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет28/44
Дата22.12.2016
өлшемі8,28 Mb.
#220
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44

Литература 
1.  Джекел П. Применение методов Монте – Карло в финансах. Москва: Интернет-трейдинг. 2004. 
256 с.  
2.  Ширяев А.Н. Основы стохастической финансовой математики. Том 1. Факты.Модели. Москва: 
ФАЗИС. 1998. 512 с.  
3.  Ширяев А.Н. Основы стохастической финансовой математики. Том 2.Теория. Москва: ФАЗИС. 
1998. 544 с. 
4.  Новоселов А.А.  Математическое моделирование финансовых рисков. Красноярск: Теория 
измерения. 2001. 99 с.  
5.  Шакенов  Р.К.  Математическое  моделирование,  оптимальное  и  динамическое  управление 
(хеджирование)  портфелем  ценных  бумаг  на 


,  
B S
рынке.Дисс.  на  соискание  уч.  ст.  канд.  физ.-мат. 
наук. КазНУ. Алматы.2010. 143 с.  
 
 
 
 
 
 

207 
 
Ыбырайымова С.С. 
 
МАТЕМАТИКАНЫ ҚОЛДАНБАЛЫ ЖӘНЕ ПРАКТИКАЛЫҚ БАҒЫТТА ОҚЫТУ 
 
«Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және 
оларға  пайдалы да, қажет те» 
Р.Бэкон 
 
Мектепте,  я  болмаса  университетте  болсын  барлық  мұғалім  өзінше  еңбектенеді.  Өзі 
оқыған мектептен, университеттен, өмірден алған білімдерін, тәжірибелерін жас жеткіншекке, 
болашақ  жас  маманға  жеткізуге  тырысады.  Тіпті  кейбіреулер  басқадан  артық  еңбектеніп 
жүрмін  деуі  де  мүмкін,  бірақ  оқушы  оны  «жақсы»  мұғалім  деп  санамайды.  Өйткені  ондай 
мұғалім оқушыға өз кәсібіне бейімділігі мен қабілеттілігін таныта алмайды, өзі оқып – үйретіп 
жатқан  ғылымның  қыр-сырын  ашып,  практикалық,  қолданбалы  бағытын  оқушы  санасына 
сіңіре  алмайды.  Өлмес  мұра,  өшпес  із  қалдырған  ғылым  алыбы – И.Ньютонның  дәрісінен 
студенттер  қашып  кетеді  екен.  Сондақтан  оқушы  мұғалімді  бағалаудың  өзіне  тән  қарапайым 
белгілеріне  сүйеніп,  мұғалімге  «жақсы», «жаман»  деп  баға  береді.  Осы  жағдайды  болдырмау 
үшін  мұғалім  өз  кәсібінің  деңгейіне  әсер  ететін  негізгі  шарттарды  білуі  керек.  Айталық 
оқушылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерін, оларға ықпал ету жолдарын, өз білім деңгейін 
көтеріп  отыруды,  жаңашылдық  танытып,  жинаған  білімін  түсінікті  етіп  басқаларға  жеткізе 
білуді т. б. 
Математика пәнін оқыту барысында әрбір жаңа тақырыпты түсіндіруді оның қолданбалы 
бағытынан бастаған жөн, яғни сол тақырыпқа қатысты түрлі мәселе есептер, өмірден алынған 
тапсырмалар  тобын  беріп,  олардың  қызығушылығын  оятуға  тырысу  керек. «Осы  тақырыпты 
жақсы  түсініп  алсаңдар,  алдарыңдағы  есептерді  оп-оңай  шығаратын  боласыңдар»  деп, 
мотивация  берген  жөн.  Математиканы  қолданбалы  бағытта  оқыту  дегеніміз - математиканы 
оқытуда  техника  мен  оған  жақын  ғылымдарда  оны  қолдану,  халық  шаруашылығы  мен 
тұрмыста  қолдануға  бағыттау,  немесе  оқытуға  политехникалық  бағыт  беру,  яғни  физика, 
химия,  география,  сызу,  технология  сабақтарымен  байланыс  орнату;  математикалық  ойлау 
және  жұмыс  дағысын  қалыптастыру,  оқушыға  есептер  шешу,  мысалдар  шығару,   өз  бетінше 
есептей білу дағдыларын қалыптастыру. 
Мектепте  оқыту - жартылыстану-математикалық  және  қоғамдық-гуманитарлық  екі 
бағытта  жүретін  белгілі.  Болашақ  таңдаған  мамандығының  математикамен  байланысы  жоқ 
болса оқушылар, «Журналистке синустың керегі не?», «Заңгерге пирамиданың не қажеті бар?», 
«Әдебиетші  туындыны  қайда  қолданады?»  деген  сұрақтарын  дайындап  отырады.  Тіпті 
қаржыгер,  есепші  болғысы  келетін  оқушыларды  да  осындай  сұрақтар  мазалайды.  Сондайда, 
«мықты математик болу үшін тек математиканы оқуға болады, ал жоғары деңгейлі физик болу 
үшін физика мен математиканы, керемет биолог болу үшін биология мен математиканы, нағыз 
психолог  болғыларың  келсе  психология  мен  математиканы  оқып,  тіпті  ұлы  суретші 
болғыларың  келсе  де  сурет  салумен  қатар  математиканы  меңгеруге  тиіссіңдер.  Нарықтық 
экономика  жағдайында,  бәсекелестік  жоғары  болып  тұрған  тұста  ертеңгі  күні  бір  курста 
оқитын 20-30 студенттің  (барлығы  да  экономист  болғысы  келеді!)  арасынан,  жылына 
университет бітіріп шығатын 2000-нан астам экономистің арасынан (барлығы да жұмыс істегісі 
келеді!), 5000-нан астам маманның ішінен (барлығы да жақсы қызметте істеп, жоғары жалақы 
алғылары  келеді!)  суырылып  алға  шыққыларың  келсе,  ең  алды  болмаса  да  алғашқы  үштікте, 
бестікте,  ондықта,  жүздікте    болғыларың  келсе  (қою  шаңның  ішінде  қалмай!)  экономикамен 
қатар математиканы оқыңдар»  деп жауап берем.  
Статистикалық деректерге сүйенсек, қазіргі таңда еліміздегі жоғарғы оқу орындарының 
55%, яғни 80-нен астамы экономистерді даярлайды екен, ал ЖОО контингентіндегі экономист-
студенттердің  үлесі 25-27% болса,  маркетингтік  зерттеулер  нәтижесінде  нарықтағы  оларға 
деген сұраныстың 13%  екені белгілі болды.  
Белгілі бір мамандық иесі атануды қалайтын оқушының алдында сол саланы танып-білу 
процесі  тұрады.  Ал  таным  процесі – өте  күрделі  процесс.  Білім  қорының  молаюы  осыған 
байланысты.  Ал  математиканың  дүниені  танудағы  ролі  ерекше.  Шынында  тәжірибе  мен 
бақылаудан  алынатын  материалдарды  математикалық  түрде  өңдеу  құбылыс  дәрежесіндегі 
жаңа  заңдылықтарды  ашуға  мүмкіндік  береді.  Кез-келген  саладағы  ғылыми  білімдерді 
жинақтау  және  синтездеуде  математиканың  рөлі  ерекше.  Білімді  жаппай  математикаландыру 

208 
 
нәтижесінде  жаңа  биологиялық,  геологиялық,  әлеуметтік,  т.б.  математикалар  пайда  болды. 
Бұрын бір-бірімен байланыспаған ғылымдар (экономика, лингвистика, психология, педагогика, 
эстетика  т.б)  өзара  жақындасуда.  Математика – таным  әдісін,  жаңалықтарды  ашатын  және 
ғылыми теорияларды құратын құрал. Оқушы өндірісте нақты жұмыс істемегенімен, жеке тұлға 
ретінде  күнделікті  өмірінде,  өзін  қоршаған  ортада  түрлі  саяси,  экономикалық,  құқықтық 
қатынастарға араласады. Осы қатынастарды, құбылыстарды ой елегінен өткізіп, оларды тануда 
белгілі  бір  кәсіптік  ұғым,  категория,  теорияны  санасында  қалыптастырады.  Қалыптасқан  ой 
практикалық  міндеттерді  шешуге,  нақтылы  кәсіптік  шешім  іздеуге  бағытталады.  Сондықтан, 
математиканы оқыту үрдісінде қалыптасқан кәсіптік ойлау қабілеті дүниені танудың белсенді 
қаруы және оны түрлендірудің маңызды құралы болады. 
XXI  ғасырды  математикалық  тәсілдердің  ғылымның  барлық  дерлік  саласына,  соның 
ішінде  экономикаға,  медицинаға,  экологияға,  логистикаға,  басқару  теориясы  мен 
менеджментке де екпінді түрде кірген ғасыры десек, артық айтқандық болмас. Математика ерте 
кезден  бері  әртүрлі  салалардағы  ғылыми  зерттеулердің  негізі  болып,  тіптен, «ғылымдар 
патшасы»  деп  дәріптелгені  бізге  белгілі.  Атақты  суретші  әрі  жаратылыстанушы  ғалым 
Леонардо да Винчи өзінің табиғатты зерттеу жұмыстарында математиканың рөлі мен маңызын 
былай  деп  атап  көрсеткен  екен: «Математикалық  дәлелдеме  сатысынан  өтпейінше,  адам 
баласының қандай да бір зерттеуін нағыз ғылым деп атауға болмайды». Есептеу техникасы мен 
математикалық  модельдеудің  экономикаға  және  менеджментке  енгізілуі  жоғары  оқу 
орындарындағы  (ЖОО)  математика  курсының  қолданбалылық  бағытына  деген  талапты 
күшейтті. Аса көрнекті академик, экономист, экономика саласы бойынша Нобель сыйлығының 
алғашқы  иегерлерінің  бірі – П.Самуэльсон  айтқан  екен: «Экономика  өзіне  математикалық 
тәсілдердің  келуінен  кейін  ғана  ғылым  болып  қалыптасты»  деп.  Келесі  жағынан, 
математиканың  өзі  экономикамен  тығыз  байланысы  арқасында  баий  түсті  өйткені, 
математиканың көптеген тармақтарының пайда болуына дәл осы экономика себеп болған еді. 
Қазіргі  заманғы  экономист  және  басқарушы  мәліметтерді  талдау  мен  өңдеудің,  болжаудың 
математикалық  тәсілдерін  игермейінше,  математикалық  модельдерді  және  компьютерлік 
бағдарламаларды пайдалану машығы болмайынша толыққанды кәсіби маман деп есептелмейді. 
Математика  салаларының  әрқайсысының,  шебер  қолындағы  түрлі  құралдар  секілді, 
қолданылатын  аймақтары  бар.  Мысалы,  экономикадағы  математиканың  қолданылуына 
тоқталалық: 
Элементар  арифметика  және  алгебра  (теңдеулер,  функция  және  графиктер) – 
экономикалық  есептеулерді  (бөліктерді  анықтау,  материалдық  қорлардың  процентін  анықтау, 
пропорция құру, табысты, пайданы, салықты есептеу, т. б.) жүргізу үшін пайдаланылады. 
Арифметикалық  және  геометриялық  прогрессиялар – экономикалық  көрсеткіштер  мен 
объектілердің  тізбектермен  байланысты  есептерін  (мысалы  пирамидалар)  шешу  үшін 
қолданылады. 
Комбинаторика - әртүрлі экономикалық объектілердің байланысын, алмастырылуы мен 
орналастырулары кезіндегі нәтижені анықтауға мүмкіндік береді. 
Геометрия – экономисті  қызықтыратын  нысанның  кеңістіктегі  қатынастары  мен 
формасына байланысты есептерді шешуге қолданылады.  
Логика  –экономикалық  жағдайды  сипаттайтын  ақпаратты  ақиқаттық  немесе  жалғандық 
тұрғыдан  бағалау  барысында,  қиын  жағдайда,  шатасқан  тұстарда  тығырықтан  шығуға 
көмектеседі
Туынды – белгілі  бір  уақыт  мезетіндегі  еңбек  өнімділігін  есептеуге,  сұраныс  пен 
тұтынуды талдау кезіндегі сұраныстың икемді-икемсіздігін анықтауға мүмкіндік береді. Өндіру 
және  тұтыну,  сұраныс  және  ұсыныс  теорияларының  негізгі  заңдары  туындының 
тұжырымдарына негізделеді.  
Анықталған  интеграл - өнеркәсіптің  өнімділігі  арқылы  оның  шығаратын  өнімінің 
көлемін табу үшін қолданылады . 
 
Сызықтық  программалау – шарттар  мен  шектеулері  бірінші  дәрежелі  теңдеулер  мен 
теңсіздіктер  арқылы  өрнектелген  экономикалық  мазмұндағы  есептің  ұтымды  шешімін  табуға 
мүмкіндік  береді.  Бұл  әдіс  ең  жоғарғы  пайда  түсіру  үшін  өндірісті  қалай  басқаруға  болады  
деген сұраққа жауап береді. 
Сызықтық емес программалау - шарттары мен шектеулері екінші немесе одан да жоғары 
дәрежелі  теңдеулер  мен  теңсіздіктер  арқылы  берілген    экономикалық  есептің  тиімді  шешім 
табуға мүмкіндік береді.  

209 
 
Динамикалық  программалау  -  әрбір  этаптың  қорытындысы  алдыңғы  этапқа  тәуелді 
болатын көп деңгейлі іс-әрекеттердің тиімді жоспарын жасауға мүмкіндік береді. 
Ықтималдықтар  теориясы – кездейсоқ  сипатты  оқиғалармен  байланысты 
экономикалық есептерді шешуге мүмкіндік береді. 
Математикалық  статистика - экономикалық  статистикалық  материалдарды  жинау, 
өңдеу  және  талдаумен  айналысады.  Жаппай  қызмет  көрсету  үрдістері  үшін  өндірістік-
экономикалық көрсеткіштердің есебіне сай қажетті ұсыныстарды берумен айналысады. 
Статистикалық  тәжірибелер  әдісі  (Монте-Карло) – жасанды  статистикалық 
материалдар  негізінде  кездейсоқ  сипатты  оқиғалармен  байланысты  экономикалық  есептерді 
құрумен айналысады. 
Ойындар  теориясы – оқиғаның  жан-жақты  анықталмаған  жағдайында  экономикалық 
шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. 
Статистикалық  шешімдер  теориясы – белгісіз  немесе  кездейсоқ  сипатты  нысандық 
жағдайлар  туғызған  анықталмағандық  шартында  экономикалық  шешімдер  табу  үшін 
қолданылады. 
Желілік  жоспарлау – мақсатқа  қысқа  мерзімде,  жоғары  деңгейлі  нәтижелермен  жетуді 
көздейтін  есептерді  қарастыра  отырып,  экономикалық  амалдарды  жүргізудің  рационалды 
жоспарын құруға және іске асыруға мүмкіндік береді.   
 Экономикалық  есептерді  шешу  әдістерінің  соншама  бай  қорынан  қажеттісін  және  ең 
тиімдісін  таңдап  ала  білу  де  университет  бітіріп  шығатын  жас  маманның  кәсіби  тұрғыда 
жоғары  өрлеуіне  көмек  болары  сөзсіз.  Дәл  осылай  математиканың  басқа  да  ғылым 
салаларындағы  қолданылуын  терең  қарастырып,  оқушыларға,  студенттерге  математиканы 
оқыту  барысында  практикалық,  қолданбалы  сипаттағы  есеп,  тапсырмаларды  көбірек  беріп 
отырсақ,  оқу – оларға  қызық,  оқыту – бізге  оңайырақ  болар  еді.  Елбасымыз  «Бүгінгі  заман 
талабына  сай  мұғалім – ол  рухани  дамыған,  педагогикалық  технологияның  қыр-сырын  жетік 
меңгерген шығармашыл тұлға болуы тиіс. Мұның математика мұғалімдеріне де ерекше қатысы 
бар.  Себебі  еліміздің  жедел  индустриялық-инновациялық  дамуы  жағдайында  базалық 
техникалық  пәндердің  бірі  ретінде  математика  қазіргі  заманғы  білім  берудің  алдыңғы  шебіне 
шығып  отыр.  Жаңа  заман  талабы  математикалық  білім  беруді  жетілдіріп,  оның  тиімділігін 
арттырудың нақты тетіктерін айқындау міндетін қояды» деп, өз сөзінде математиканың қазіргі 
замандағы маңызын баса айтқан. 
 
 
Қолданылған әдебиеттер тізімі: 
1.  Абчук В. А. Экономико-математические методы. С-П, 1999 г. 
2.  ҚР статистикалық агенттігінің мәліметтері. 
 
 
 
Гусманова Ф.Р., Абдулкаримова Г.А. 
 
ИНФОРМАТИКА ОҚЫТУШЫЛАРЫН ДАЙЫНДАУДА ОҚЫТУДЫҢ 
ПРАКТИКАЛЫҚ-БАҒДАРЛАНҒАН ТЕХНОЛОГИЯСЫ 
 
Түйін  сөздер:  кәсіби  білім  беру,  практикалық-бағдарланған  оқыту  технологиясы, 
программалық жүйелерді жобалау. 
 
Қазақстан  Республикасында  жүргізіліп  отырған  Мемлекеттік  үдемелі  индустриалдық-
инновациялық  даму  бағдарламасы  жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  практикалық- 
бағдарланған  технологиясының  қажеттілігін  арттыра  отырып,  жоғары  кәсіби  білім  беру 
жүйесін  де  қамтыды.  Заманауи  қоғамның  талаптарына  сай  жоғары  кәсіби  білім  беру 
қоғамының  түлектері  теориялық  білімді  практикалық  мәселелерді  шешуге  әкелетін  өмірлік 
жағдайлармен  байланыстыра  білулері  керек.  Болашақ  мұғалімдер  үшін  кәсіби  педагогикалық 
жағдайларды шешумен қатар, өзінің пәндік бейімділігінде практикалық салаларды көруді және 
түсінуді  үйрене  білулері  қажет.  Болашақ  мұғалімдерді  дайындаудың  білім  беру 
бағдарламаларында оқыту технологиясын сипаттау барысында біздің ойымызша дидактикалық 
принциптерге, дәлірек айтқанда олардың тұтастық жүйесіне сүйену қажет. 

210 
 
Жоғары  оқу  орындарының  білім  беру  мазмұнын  таңдаудағы  еркіндіктеріне  байланысты 
кәсіби оқытуда жалпыдидактикалық принциптерді жоққа шығарудың қаупі бар. 
Дидактикалық принциптер өзара байланысты және тұтас жүйені құрады.  
Дидактиканың  қосжақтылығы  олардың  атауында  болатын  принциптермен  қарасты-
рылады. Мысалы, қос дидактикалық принциптерге В.И. Загвязинский бойынша 
білім берудің іргелілігі мен олардың кәсіби бағыттылығының принципін; 
- ғылыми және теория мен практика байланыстарының принциптерін; 
- жүйелілік пен бірізділік принциптерін жатқызуға болады. 
Программалық жүйелердің кеңінен тарауына байланысты оларды жобалау және трансфер 
технологиясы  қоғамда  маңызды  құндылыққа  ие  болуда.  Сондықтан  да,  политехнизм  мен 
политехнологизмді қолдану маңызды болып табылады. Политехнизм принципі әр түрлі ғылым 
үшін,  өндіріс  технологиясы  үшін  ортақ  ғылыми  негізде  меңгеру  барысында  кең  бейімдегі 
мамандарды дайындауға бағытталған, ал ол өз алдына студенттерге бір салада алынған білімді 
басқа  салаға  аударуға  мүмкіндік  береді.  Политехнологизм  деп  алынған  білімдерін  кәсіби 
қызметіне қолдана алатын, заманауи техника мен өндіріс технологиясына тез бейімде алатын, 
өзінің  шығармашылық  әлеуетін  дұрыс  бағалай  алатын  және  берілген  салада  өзін  өзі 
жетілдіруге  уәждемені  меңгеретін  қоғам  мүшесін  тәрбиелеуге  баулайтын  білім  беруді 
ұйымдастыру  принципі  түсініледі.  Политехнологизм  болашақ  мамандардың  ой-өрістерінің, 
олардың кәсіпқойлылығы мен жалпы мәдениетінің жоғары деңгейлілігінің, олардың заманауи 
технология  мен  өндіріс  технологиясына  тез  бейімделу  қабілеттілігінің  дамуына  мүмкіндік 
береді. 
Оқытудың  аталған  принциптерін  жүзеге  асыруда  информатика  мен  ақпараттық 
технологиялардың пәндік салаларына қатысты пәндерді өзара біріктіру талап етіледі. 
Информатиканың  әр  түрлі  бағытының  қарқынды  дамуымен  байланысты  политех-
гологизм  принциптерін  жүзеге  асыруға  қабілетті  пәндер  саласы  артты.  Программалау,  ком-
пьютерлік модельдеу сияқты пәндер практикалық- бағдарланған оқытуда іргетасы ретінде бола 
алады. Әйтсе де, бір оқу пәнінің аясында политехникалық білім беруді жүзеге асыру жеткілікті 
түрде тиімді болып табылмайды.  
Информатика  пәні  өз  алдына  метапән  болып  табылмайтынын  айта  кеткен  жөн.  Сон-
дықтан  да,  біріктіру  информатика  пәнінің  аясындағы  пәндерде  тиімді  жүзеге  асырылуы 
мүмкін. 
Программалық  қолданбалы  қосымшалар  мен  жүйелерді  жобалау  заманауи  кезде 
құрылымдық,  объектілі-бағдарланған  жобалау  мен  программалау,  компьютер  сәулеті, 
компьютерлік коммуникациялар мен желілер, микроэлектроника құрылғылары, алгоритмдерді 
дайындау әдістері, ақпараттық жүйелерді жобалау мәселелері мен  теориялық информатиканың 
кейбір мәселелерін қарастырады. 
Жобалау  өнімдік  қызметі  ретінде  жоба  түсінігімен  байланысты  кейбір  аяқталған 
сатыларға  бөлінген.  А.М.  Новиков  білім  беру  жобасына  талдау  жүргізе  отырып,  оның  тех-
нологиямен және рефлексиямен тығыз байланыстылығын ескертеді. Жоба өзінің фазаларының: 
жобалау фазасы, технологиялық фазалар мен рефлексивтік фазалар бірлігінде құрылады. 
Жобалау,  құрылымдау,  модельдеу  түсінігі  бастапқыда  техника  аясында  қалып-
тастырылды, кейіннен кибернетиканың дамуымен байланысты олар жаппай басқа салаларда да 
таралды, соның ішінде психология мен білім беру саласына да келді. Модельдеу студенттердің 
оқу-кәсіби  құрылымымен,  оның  таңбалық  толықтырылуымен  (А.А.  Вербицкий  бойынша) 
кәсіби  коммуникация  құралы  ретінде  қызмет  атқарады.  Философия  ғылымында  модель- 
деу  теориясының  гносеологиялық  рөлін  ескере  отырып  модельдеуді  танымның  негізгі  әді- 
сіне жатқызады, сонымен қатар, практикалық қызметі ретінде модельдеу негізінен ақпараттық 
және  программалық-техникалық  жүйелерді  дайындаудың  әр  түрлі  кезеңдерінде  жиі  қол-
данылады.   
Информатика  пәнінің  болашақ  оқытушыларына  оқытудың  практикалық-  бағдарланған 
технологиясын  дайындау  мен  қолдану  авторлардың  жетекшілігімен  орындалған  дипломдық 
жұмыстар мен магистрлік диссертациялардың аясында тәжірибелік-эксперименталдық зерттеу 
кезінде  жүзеге  асырылды.  Осы  принциптерді  түсіндіру  келесі  негізгі  идеяға  әкелді: 
студенттерге оқытылатын теориялық білім мен оларды өндірістік қызметте қолдану барысында 
арасындағы  байланысты  көрсете  отырып  кәсіби  білім  беруде  ғылымның,  техниканың, 
өндірістің,  даму  беталысын  ескеру  қажет.  Зерттелген  бағыттардың  ішінде  программалық 
қолданбалы қосымшалар мен жүйелердің жобалауын ерекшелейміз.  

211 
 
Программалық қолданбалы қосымшаларды жобалау төменгі курстарда жүзеге асырылды. 
Жобалау үшін «Информатика» және «Программалау» пәндері таңдалынды. Барлық жобаларға 
қойылатын  талаптар  олардың  нақты  жұмысқа  қабілеттілігімен  шектелді,  ал  ол  практикалық- 
бағдарланған  оқытудың  идеяларына  сәйкес  келеді.  Әйтсе  де,  жобалық  құжаттаманың  бар 
болуына, болашақ қолданбалы программалық жүйенің функционалы мен қасиетін сипаттауға, 
пәндік сала моделінің бар болуына ерекше көңіл бөлінді.   
Студенттердің  қызметінің  уәждемесі  алдымен  бәсекелес  бағалау  жағдайында  сапалы 
компьютерлік  программалық  жүйені  алуға,  содан  кейін  практикалық  икемділіктің  артуын 
рефлексивті өзін-өзі бағалауға негізделеді.  
Педагогикалық  зерттеудің  нәтижесінде  студенттердің  қабілеттілігіне:  іргелі  түсініктер 
мен  пәндік-кәсіби  жобалау  технологиясының  нысандарының  өзара  байланыстарын  ескеріп 
оқыту және өзін-өзі оқыту үрдісін жоспарлауға; сипаттау мен берудің кәсіби тілдерін қолдана 
отырып,  проблемалық  салаларды  ақпараттық  модельдеуді  пәндік-кәсіби  жобалау  үрдісінде 
жүзеге  асыруға; білім  беру мақсатына  тұлғалық  бағдарланған  жағдайда  пәндік технологиялар 
негізінде  жүзеге  асырылатын  оқу-кәсіби  жобалық  қызметті  ұйымдастыру  мен  бағалауға; 
бағытталған  пәндік-кәсіби  жобалауға  информатика  пәнінің  болашақ  мұғалімдерінің 
дайындығын қалыптастыруда пәнаралық технология дайындалып, жүзеге асырылды. 
Дайындалған  технология  курсаралық  оқу-кәсіби  жобалар  әдісіне  негізделген  және 
жобаға қатысатын, жоба тобына жетекшілік ететін, жоба қызметін ұйымдастыратын, жобалауға 
сараптама  тұрғысынан  қолдау  көрсететін  технология  кезеңдерін  жүзеге  асыруды  қамтамасыз 
ететін  диагностикалық  құралдарды  (тапсырмалар,  сауалнамалар,  сұрақтар,  тестілік  базаны), 
ақпараттық,  оқу-әдістемелік  және  ұйымдастыруды,  жабдықтарды  қамтиды.  Курсаралық  оқу-
кәсіби  жобалар [1] таңдау  кезеңінің  және  жоба  тақырыбын  талдаудың,  іздеу  жұмыстары  
мен  жоспарлаудың,  таңбалық  ақпараттық  модельдерді  құрудың,  жобаны  алдын  ала  қорғау 
түріндегі  бақылау  тренингісінің,  жоба  өнімінің  технологиялық  жүзеге  асыруының,  жобаны 
қорғаудың, бақылау-рефлексивтік және жобадан кейінгі ұйымдастыру қызметтерінің негізінде 
құрылады.  
Технологияны  енгізу  нәтижесі  информатика  пәнінің  болашақ  оқытушыларын  алған 
білімдерін  тестілеу  барысында  анықталған  пәндер  материалдарын  меңгергендігін  қамти 
отырып  пәндік-кәсіби  дайындау  сапасының  арттыруын  көрсетеді.  Студенттерде  курсаралық 
жүйе  қызметтерін  ұйымдастыруда  көрсететін  жүйелі  пәндік-кәсіби  икемділіктің  пада  болуы 
айқындалады.  
Информатика  пәнінің  болашақ  оқытушыларын  дайындауда  практикалық-  бағдарланған 
технологиясын қолдануды зерттеудегі екінші бағыт «Компьютерлік желілер», «Интернет және 
мультимедия технологиялары», «Компьютер сәулеті» және тағы басқа пәндердің салаларында 
политехнологизм [2] принциптерін  белсенді  түрде  қолданып  программалық  қолданбалы 
жүйелерді  талдау  және  жобалауға  тоғыстырылған.  Политехнологизм  принципін  тиімді 
пайдалануға мүмкіндік беретін оқыту тәсілі ретінде дәстүрлі тәсілден басқа заманауи есептеу 
техникасы  мен  технологияларының  мүмкіндіктерін  көрсетуге  бағытталған  әдістер,  жобалау 
әдістемесі,  сонымен  қатар,  оқытудың  эвристикалық  әдісі  пайдаланылған.  Дидактикалық 
жасақтамамен  берілген  жалпы  және  арнайы  тағайындалудағы  техникалық  құрылғылардың 
жиынтығы  біздің  көзқарасымыз  бойынша  студенттердің  оқу-таным  қызметін  қолданбалы 
тағайындалудағы оқу мәселелерін шешуде теориялық білімдері мен технологияларды қолдану 
тәсілдерін  көрсету  арқылы  белсендендіруге  болады,  сонымен  қатар,  дәстүрлі  оқытудан 
ерекшеленетін жаңа деңгейдегі оқыту үрдісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Эксперименталдық  жұмыс  үрдісінде  студенттердің  политехнологиялық  дайындығын 
қалыптастыру  технологиясы  дайындалды.  Студенттердің  политехнологиялық  дайындығы 
ретінде  жалпытехникалық  және  жалпытехнологиялық  білімдерін  өздерінің  кәсіби  қыз-
меттерінде  қолдану  қабілеттілігі,  жеке  қарастырылған  өндірістік  салаларда  базалық  мәсе-
лелерді  шешу  барысында  заманауи  техника  мен  технологияларға  тиімді  бағдарлай  білу, 
түсініледі.  
Технологияның  жалпы  білім  беру,  негізгі,  ғылыми-зерттеу  кезеңдері  ұсынылды.  Жалпы 
білім  беру  кезеңінде  зерттеу  «Информатика»  және  «Программалау»  пәндерін  оқу  барысында 
жүргізілді.  Студенттерге  практикалық  мәні  бар  проблемалық  жағдайлардағы  теориялық 
білімдерін  түсіндіруге  бағытталған  практикалық-  бағдарланған  тапсырмалар  берілді.  Негізгі 
кезең жоғарыда келтірілілген «Компьютер сәулеті», «Компьютерлік желілер», «Интернет және 
мультимедиа технологиялары» пәндерінің материалдары негізінде жүргізілді. Ғылыми-зерттеу 

212 
 
кезеңі  дипломдық  жұмыстарына  жетекшілік  ету  үрдісінде,  сондай-ақ  студенттік  кон-
ференциялар мен пәндік байқауларды жүргізу үрдісінде жүзеге асырылды.   
Дәлелдеу  механизмін  пайдаланып  студенттердің  белсенділігін  реттеу  үрдісі  тиімді, 
мақсатты бағытталған оқу қызметінің негізін қалаушы компоненттердің бірі болып табылады. 
Студенттерді оқытудың практикалық-бағдарланған технологиясында ішкі оң уәждемесі ретінде 
кәсіби,  оқу-таным  және  әлеуметтік  уәжіне,  шығармашылық  жүзеге  асыру  уәжіне  сүйене 
отырып  орталық  звено  орын  алады.  Нәтижесінде  білім  беру  мекемелерінде  жұмыс  істеуге 
бағытталған  педагогикалық  мамандықтардың  студенттер  санын  арттыратын  рефлексия 
фонында  практикалық икемділікті қалыптастыру тұлғалық-кәсіби өсу уәждемесі байқалады. 
Осылайша,  информатика  пәнінің  болашақ  оқытушылары  үшін  қарастырылып  отырған 
программалық  қолданбалы  қосымшалар  мен  жүйелерді  жобалау  арқылы  оқыту  технологиясы 
информатиканың бейімдік саласындағы практикалық-бағдарланған ретінде ғана емес, сонымен 
қатар, тұтасымен алғанда кәсіби педагогткалық салада да қарастырылуы мүмкін. 
___________________ 
1. Дудышева,  Е.В.  Междисциплинарное  учебно-профессиональное  проектирование  в  подготовке 
будущих  специалистов  в  области  информатики  /Монография,  Алтайская  государственная  академия 
образования имени В.М. Шукшина" (Бийск), 2012, С.161. 
2. Политехнологизм versus политехнизм / А.  А.  Веряев // Политехническое  образование  как 
важный  фактор  эффективной  подготовки  молодежи  к  труду  в  рыночных  условиях : материалы 
Междунар. науч.-практ. конф., 9–14 авг. 2006 г. – Горно-Алтайск, 2006. – С. 67–68. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет