46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары



жүктеу 8.28 Mb.
Pdf просмотр
бет38/44
Дата22.12.2016
өлшемі8.28 Mb.
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44

Lessons.comсайтын  қолданамын.  Бұл  сайтта  аудирование(тыңдап  түсіну),  кысқа  текстер,  әр 

279 
 
түрлі таұырыптардағы сабақтар, бизнес сабақтар, әлемдегі болып жатқан жаңалықтарды тауға 
болады. Бұл сайттың оқытушыларға ерері мол деп ойлаймын.  
“English grammar for pupils”ағылшын грамматикасы мен фонетикасын оңай әрі тиімді жолмен 
түсіндіруге көмектеседі.  
“Enjoy English” электронды  оқулығы  ойлау,  сөйлеу  және  олардың  коммуникативті  дамуына 
көп ықпал етеді. 
Енді,  осы  ақпараттық  технологияларды  жүзеге  асырудағы  жұмыс  түрлеріне  тоқталып 
өтейік: 
Ақпараттық  технологиялардың  бірі — интерактивтік  тақта,  мультимедиялық  және  он-
лайн сабақтары.  
Жоғары оқу орындарында ақпараттық оқыту технологиялардың озық үлгілерін қолдану 
арқылы  білім  берудің  ғылыми-әдістемелік  жүйесін  жаңарту,  оқыту  әдістері  мен  тәсілдерінің 
түрлерін  молайту,  электронды  оқулықтар  жасауды  ұйымдастыру  ұлттық  білім  беру  деңгейін 
халықаралық стандартқа жақындатуға мүмкіндік беретіні сөзсіз.  
Студенттердің  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн  қалыпастыру 
қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең көкейтестi мәселелердiң бiрiне 
айналып  отыр.Оқытушы  сабағында  ақпараттық – коммуникациялық  технологияларды 
пайдалану арқылы cтудентке үйретуге тиісті ақпараттар мен білім қорын жүйелі түрде көрсете 
біледі.  
Ағылшын  тілі  сабақтарында  ақпараттық   –  коммуникациялық  технологияларды  пайда-
ланудың тиімді жолдары: 
 студент дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың көмегімен  мәтінді тыңдайды, 
бейнесюжеттерді көре алады; 
 аз уақытта студент көп ақпарат алып, уақытты үнемдейді; 
 қашықтықтан білім алу мүмкіндігін пайдаланады; 
 ағылшын тіліндегі мәтіндерді оқу арқылы есте сақтау қабілеті артады; 
 қажеттіақпараттыжеделтүрдеалады; 
 аудиокассеталар мен CD дисккеқажеттіматериалдарын көшіріпжазыпалады; 
Компьютер  және  интерактивті  құралдар  арқылы  жасалып  жатқан  оқыту  процесі  сту-
денттің  жаңаша  ойлау  қабілетін  қалыптастырып,  оларды  жүйелік  байланыстармен  заңдылық-
тарды  табуға  итеріп,  нәтижесінде - өздерінің  кәсіби  потенциалдарының  арттырады.  Бүгінгі 
таңдағы ақпараттық қоғам  аймағында, студенттердің   ойлау  қабілетін қалыптастыратын  және 
компьютерлік  оқыту  ісін  дамытатын  жалпы  заңдылықтардан  тарайтын  педагогикалық 
технологияларды ғана тиімді деп санауға болады. 
Студенттердің интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және жүзеге асырылатын 
ойлау  қабілеті  бұрынғы  технологиялар  арқылы  берілетін  ойлау  жүйесінен  өзгеше 
болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес, қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде 
болады. 
Интерактивті құралдар оқытушыныңстуденттердің шығармашылықпен жұмыс жасауына 
жол  ашып  отыр.  Интерактивті  құрал  ретінде  интерактивті  тақтаны  қолданудың  маңызы  зор. 
Оны сабақта пайдалану дидактикалық бірнеше мәселелерді шешеді: 
 пән бойынша базалық білімді меңгеру; 
 алған білімді жүйелеу; 
 өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру; 
 жалпы оқуға деген ынтасын арттыру; 
 өз бетімен жұмыс істеуге үйрену; 
 түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жүргізеді; 
 пәнаралық байланыс қалыптасады; 
 өзге студенттермен топтасып бірге жұмыс жасау мүмкіндігі; 
 Internet желісін пайдалану; 
 шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне мүмкіндік туады 
Интерактивті  тақтамен  жұмыс  жасаудың  сол  сабаққа  дайындалу  барысында  оқытушы 
сабақ мазмұны студенттер үшін танылуылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі ушін өзінің 
бағалы  уақытын  қажетті  материалды  іздеу  мен  жүйелеуге  жұмсай  отырып,нәтижеге 
бағытталған  мақсаттары  мен  міндеттеріне  жете  алуында.  Оқытушы  сабақ  материалын 
презентация түрінде береді.  

280 
 
Сонымен  қатар,  материалдың  құрамын  кесте,  диаграмма,  сурет,  графиктер  қоса  алады. 
Түсіндіру  барысында  оқытушы  тақтаның  алдында  тұрып  жасырулы  ақпаратты  және 
объектілерді  көрсете  және  өзгерте  алады.  Қолданылған  материалды  есте  сақтап,  қажет 
жағдайда қайталап қолдана алады. Мұндай әдістеме сабақты белсенді түрде өткізуге мүмкіндік 
береді. Интерактивтік тақта сабаққа қатысушылардың барлығының ойын бір ортаға жинақтап, 
қажет ақпаратты өңдеу арқылы жалпыланған ақпараттық біліктілікті қалыптастыратын тиімді 
құрал болып табылады.  Алдын ала дайындалған оқу материалдары-презентациялар, мәтіндік, 
графикалық  ақпараттық  объектілер-сабақтың  жақсы  әрі  тиімді  өтуін  және  ақпарат  ақпарат 
түрлерін  қолдануды  қамтамасыз  етеді. Microsoft Office құралдары  арқылы  құжаттарға  немесе 
программалау  ортасының  көмегімен  құрылған  файлдарға,интернет  беттеріне  сілтемелерді 
ұйымдастыруға  мүмкіндік  береді.”Проектор”және  “Шторка”құралдары  экранның  белгілі  бір 
кішігірім  аумағын  көрсетуге  арналған.  Тақырыпты  қорытындылау  сабақтарында  тест 
тапсырмасын  бере  отырып,  дұрыс  жауапты  “Шторкамен”  жауып,  лезде  дұрыс  жауаптарға 
тексеруге, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Оған қоса,бұл режимде студенттерді түрлі 
сөздіктермен  жұмыс  жасауға  үйретуге  болады.  Шетел  тілі  сабағында  Интернет  жүйесін 
қолдану  қазіргі  кезде  дүние  жүзінің  дамыған  елдерінде  дұрыс  жолға  қойылған.  Интернет 
арқылы  оны  қолданушылар  электронды  почта,  телеконференция,  видеоконференциялардан 
мәліметтер  алып,  іздеу  және  желіден  сөйлесу  жүйесіне  ене  алады.  Интернет  желісін  қолдана 
отырып,оқу  үрдісін  интеграциялап,  шетел  тілін  оқытуда  бірнеше  дидактикалық  міндеттерді 
шешуге болатынын айтады: 
-студенттер  бойында  Интернеттегі  түрлі  мәліметтерді  қолдану  арқылы  оқуға  қажетті 
білік дағдылар қалыптасады; 
-жүйеден  алынған  материалдар  арқылы  монолог  және  диалог  түріндегі  сөз  біліктілігін 
жетілдіруге болады; 
-әріптестерімен қарым-қатынас жасай отырып студенттер реферат - дайындауға, шығар-
малар жасауға төселеді,яғни, жазу шеберлігін ұштайды. 
 Әлемнің  барлық  үлкен  газеттерінің  интернетте  арнайы Web-беттері  бар,сондай-ақ  ВВС 
ақпарат агенттігі тарататын әлемдегі адам баласының өміріне байланысты жаңалықтарды оқып 
қана қоймай,тыңдауға да мүмкіндік бар. Электронды почтаны қолдану барысында студенттер 
өзара  достық  қарым-қатынас  орнатып,  ағылшын  тілін  түрлі  салада,түрлі  деңгейде  қолдануға 
жаттығады.  Электронды  почтаны  қолданудың  шетел  тілін  үйренуде  мынадай  тиімді  жақтары 
бар: 
1 )электрондық коммуникация тіл үйренудің өте тиімді практикасы; 
2) хат жазу арқылы студенттер өз қателерін түзетуге дағдыланады; 
3) e-mail қолдану шетел тілін үйренуге деген қызығушылық арттылады; 
болады. 
Оқу процесінде, оның ішінде практикалық сабақтарда интерактивті құралдарды қолдану 
оқытушының  жеке  тәжірибесіне,  шығармашылық  ізденісіне  байланысты.  Интерактивті 
құралдар  оқыту  формасын  ұйымдастыруды  түрлендіруге,  дәстүрлі  оқыту  әдістеріне  жаңа 
элементтер енгізуге мүмкіншіліктер жасайды. Бұл студенттердің пәнге деген қызығушылығын 
арттырады.  Қорытындылай  келе  интерактивті  құралдарды  орынды  қолдану,  оқыту  сапасын 
жетілдіруге көмектеседі.  
 
Әдебиеттер: 
1. Полат Е.С. Интернет на уроках иностранного языка//М.,  ИЯШ, 2001, №2, с. 24-28. 
2.  Полат Е.С. Метод проектов на уроках иностранного языка //М., ИЯШ 2000,  №3, с. 34-37. 
 
 
 
Арыстанбекова Қ.Д., Қошымова А.О. 
 
ОҒЫЗДАР ТАРИХЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Қандай  да  мемлекет  өз  болашағын  ойласа,  ең  алдымен,  ғылымын,  білімін,  жетілдіруі 
керек. Бүгінгі күнгі білім сапасының басты мақсаты жоғары оқу жүйесін әлемдік стандарттар 
деңгейіне  көтеру  болып  табылады.XXI  ғасыр  жаһандану  заманында  білім  беру  жүйесі 
интеллектуалды  азамат  қалыптастыруға,  қойылған  міндеттер  бойынша  жастардың 

281 
 
дүниетанымын  өзгертіп,  олардың  жаңаша  ойлау  қабілеттерін  арттыруға,  білімге  деген 
құштарлығын  оятуға,  отансүйгіштік  қасиетін  одан  әрі  дамытуға  бағытталып  отыр.  Білім 
жүйесін  әлемдік  дамыған  инновациялық  технологиялармен  жабдықтау,  білім  мен  ғылымның 
халықаралық стандартын меңгеру, сапалы білім беруге қол жеткізу, қоғам сұранысына жауап 
беретін білікті маман даярлау қажет.  
Бүгінгі  студент  келешекте  білікті  маман  болып  қана  қоймай,  ар-намысын  ойлайтын,  ел 
бірлігін,  ұлтының,  жерінің  қауіпсіздігін  қорғайтын,  халқын  сүйетін,  ұлтының  тілін,  дінін, 
өнерін,  ата-бабасының  салт-дәстүрін,  әдет-ғұрпын,  тарихын  құрметтейтін  ойлы,  саналы, 
отансүйгіш  азамат  болуы  қажет.  Ұлтжанды  ұрпақ  тәрбиелеуде,  негізгілердің  бірі  болып 
табылатын, Қазақстан тарихы пәнінің маңызы зор екендігін айтпаса да түсінікті. 
Егемендігін  жариялап,  тәуелсіздікке  қол  жеткізген  кез-келген  ел,  оның  ішінде  кейбір 
тарихи  кезеңдерде  тарихынан  айырылуға  шақ  қалған  ұлттар  мен  халықтар  өзінің  арғы  тегін 
іздестіріп  тереңдете  зерттей  отырып,  ата-бабасының  кім  болғандығын  анықтаумен  қатар, 
олардың жүріп өткен жолдары мен асқан асқарларын анықтап, болашаққа көз тігері заңдылық. 
Оның үстіне Батыстан басталған “жаһандану” қаупі астында шағын ұлттар мен ұлыстар туған 
тілдері мен төл мәдниеттерін сақтап қалу үшін барынша жанталасып жатқаны бәрімізге белгілі. 
Тарих – қай  елдің  болмасын  рухани  іргетасы  әрі  ұлттық  мәйегі.  Сондықтан  да  халық  өзінің 
рухани  болмысымен  танысып,  сусындағысы,  рухани  нәр  алғысы  келсе  тарихының  терең 
қатпарлары  мен  сандаған  қырларына  үңіліп,  сырларынан  нәр  алуы  тиіс.  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаевтың  “Тарих  толқынында”  атты  еңбегінде  “Түркі  халықтарының  әлемдік  өркениетке 
қосқан  үлестерін  дәлелдеу  арқылы  жалпы  түріктік  рухани  негіздегі  қасиетті  қазыналар 
жасалған, - деп атап көрсете отырып, - қазақ халқы осы жерге әлдеқалай отаршылдық немесе 
басқыншылық жолмен келмеген. Қазақтардың тарихи тек-тамыры мейлінше тереңде. Онда тек-
тамыр  алғашқы  Қазақ  хандығы  құрылған  кезеңмен  әсте  шектелмейді.  Қазақтардың  тарихи 
тұрақтылығы, төл этногенетикалық аумағына бауыр басуы әртүрлі тарихи кезеңдерде айрықша 
рөл атқарған” [1] – деген пікірі, қазақ халқының көнеден келе жатқанын, бірнеше мыңжылдық 
тарихы, мәдениеті, тілі бар ұлт екендігіне баса назар аударады. 
Көптеген түркі халықтарының арғы тегі саналған оғыздар мәселесі де міне осы сүреден 
шығады  десек  қателеспеспіз.  Себебі,  бүгінде  әлемнің  көптеген  елін  жайлаған  оғыз  тілдес 
халықтар  қатарынан  түрікмендер,  азербайжандар,  осман  түріктері,  гагауыздар,  сондай-ақ 
қазіргі кавказ халықтары мен қырымдағы түркі халықтары да саналады. 
Студенттерге  жалпы  ортағасырлардағы  тайпалар  бір–бірімен  тығыз  байланыста  өмір 
сүргенгендігін атап көрсету қажет. Сол кездегі заңдылық бойынша билік басына келген тайпа 
атымен  мемлекет  аты  аталынып  отырған.  Оған  мысал  авторы  белгісіз  парсы  еңбегінде: “Еділ 
мен  Дон  өзенінің  арасы  бұрын  осы  жерде  мекендеген  хазарлар  атымен  “Хазар  даласы”  деп 
аталушы  еді,  енді  бұл  жер  “Қыпшақ  даласы”  деп  аталады”, - дейді.  Мерв  қаласында  тұрған 
парсылық ақын әрі жиһангез, мемлекет шенеунігі Насыр Хосроу 1045 жылы Алтайдан Еділге 
дейінгі жерді Дешті Қыпшақ, яғни “Қыпшақ даласы” деп атады. Бұған дейін бұл аймақты араб 
географтары  “Оғыздар  даласы”  деп  атап  келген  болатын.  Бұл  жөнінде  тарих  ғылымдарының 
докторы,  профессор  И.Н.  Ундасыновтың  “История  казахов  и  их  предков”  атты  еңбегінің 
“Огузы и кангаро-печенеги” атты тарауында былай делінеді: “Когда один племена вытестяются 
с  мест  проживания  другими  племенами,  это  вовсе  не  значит,  что  свою  землю  покидают  все 
члены вытесненных племен. Как правило, часть них остается и принимает власть пришедших. 
В  дальнейшем  они  либо  ассимилируются  вытеснившими  их  племенами,  либо  если  их 
достаточно  много, образуют этнические группы, сохраняющие свой быть, язык, культуру” [2, 
140 б.]. 
Студенттерге  Қазақ  хандығы  құрылу  территориясының  Батыс  Жетісу  жерімен  тікелей 
байланысты  екендігін,  ал  өз  кезегінде  оғыздар  да  ең  алғаш  Қазақстан  территориясында  осы 
аумақта мекен ете отырып, қарлұқтардың күшеюімен Сыр бойына ығысқандығы жөнінде атап 
өту  керек.  Бұл  жөнінде  Әбілғазы  (Хиуа  ханы)  былай  деп  баяндайды: “Барша  елдерден 
түрікменге  жақынырақ  отырған Қытай, Қанқалы, Найман  еді, ол  елдер  түрікменнің  қалғанын 
шапты. Ыстық көл Алмалық, Сайрам, Ұлықтау, Кішітау бұ жұрттардың баршасын тастап, Сыр 
суының аяғына  келіп, падишаһлары  Ианки  кентте  отырып, өздері  Сырдың  екі  жағын  жайлап, 
қыстап,  он  ата  өткенше  отырды” [3, 22 б.].  Бұл  бірінші  байланыс  деп  есептер  болсақ,  екінші 
кезекте  Қазақ  хандығының  билік  басына  келген  кез-келген  билеушілері  өз  тарапынан  Сыр 
бойында  орналасқан  сауда-экономикалық,  стратегиялық  маңызы  зор  болып  табылатын, 
қызғыштай  қорып  келген  қалаларды  осы  аты  аталып  отырған  оғыздардың  салдырып  кеткені 

282 
 
түрлі  деректер  (археологиялық  қазба  жұмыстарының  нәтижелері  мен  жазба  мәліметтер) 
арқылы мәлім. 
Қазақ  хандығының  мемлекеттік  дәрежесіне  көтерілуіне  көптеген  ортағасырлық,  ерте 
түркі  кезеңіндегі  тайпалардың  ықпалы  мен  әсері  мол  болғаны  сөзсіз.  Оның  ішінде  сонау 
сақтар,  ғұндар,  үйсіндер  мен  қаңлылар  және  т.б.  олардың  жалғасы  ретінде  ортағасырларда 
оғыздар да өз үлесін қосты.  
Осы  орайда  студенттерге  мемлекеттілік  дегенге  анықтама  беріп  өткен  дұрыс. 
Мемлекеттілік- оның өзіне тиесілі шекаралық аймағы, басшысы, басшысының көмекшілері мен 
астанасы  бар  белгілі  рулық-тайпалық  бірлестікті  айтар  болсақ,  осының  барлық  үдерісінен 
оғыздар мемлекеті де шығатын еді.  
Орта  ғасырда  өмір  сүрген  тайпалардың  территорияларына,  шекараларына  қатысты, 
олардың  мекен  етіп  тұрған  не  болмаса  салдырған  қалалары  мен  мекен  қыстақтары  жөнінде 
және т.б. көптеген мәліметтер беретін “Худуд әл-алам мин әл-машриқ или-л-мағриб” жәдігері 
студенттерге  оғыздар  жайынан  да  бірқатар  сыр  ақтаруға  көмектесері  хақ.  Бұл  туындының 
авторы  өз  еңбегінде  оғыздардың  аталмыш  Сыр  бойы  мен  Арал  өңірін,  Қарақұм  мен 
Қызылқұмдымекен  ететіндігін  көрсетеді. “Оның  қолжазбасынан  шежірешінің  осы  өңірді 
аралап  шыққанын  аңғаруға  болады.  Бірқатар  географиялық  нүктелердің  арақашықтығын  сөз 
ете отырып ол: “Хорезм (Арал) теңізінің айналасындағы жердің бәріне гуздер (оғыздар) иелік 
етеді”, - деп  жазады.  Сол  сияқты  қыпшақтардың,  қимақтардың,  шігілдердің,  тухсилардың, 
қарлықтардың  қоныстары  жөнінде  де  нақтылы  деректер  келтіреді. “Худуд  әл-алам  мин  әл-
машриқ или-л-мағрибтен” соң арада бір ғасыр уақыт өткенде түркі халықтарына ортақ әлемдік 
алып тұлғалардың бірі Махмұд Қашқари 1072-1074 жылдары жазған даңқты “Диуани лұғат-ат-
түрк” атты кітабында Қарнақ, Қаражұқ (Қарашық), Сабран (Сауран), Сұғнақ (Сығанақ) секілді 
мекендердің оғыз шаһарлары екенін айтады” [4, 135 б.]. 
Қазіргі Қазақстанның Батыс өлкесі мен Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысын ІХ-
ХІ ғасырларда тұрақты мекеніне айналдырған оғыз тайпалары ірі, қуатты мемлекеттік дәрежеге 
көтерілгенін  тарихтан  аңғарамыз.  Ал,  ХІ  ғасырдың  орта  шағында  оғыздар  қыпшақ 
тайпаларынан  ойсырай  жеңіліп,  мемлекет  ретінде  өмір  сүруін  де  тоқтатып,  бүгінде  әлемнің 
түкпір-түкпіріне  жайыла,  түркі  әлемін  құрай  орналасқан  түрлі  халықтардың  құрамына  кіріп, 
сіңісіп кетеді. Дегенмен артында өшпес із қалдырған оғыздар тарихы бүгінде өзектілігін сақтап 
қалып отыр. 
Жалпы Жүсіп Баласағұнның мына бір ауыз өлең шумақтарынан талайды аңғаруға болар:  
“Болған талай қалалар да халық та, 
Уақыт көмді бәрін жерлеп табытқа. 
Болған талай ауылымыз, тайпамыз, 
Енді  соның  ізін  тауып  байқаңыз”  дегенінен,  талай-талай  мемлекеттердің  ордалары  мен 
қоныстары,  қалалары  мен  елді-мекендерінің  болғандығын,  бүгінгі  халықтардың  түп 
аталарының  өмір  сүрген  тайпалардың  мұраларынан  аршып  алар  болса  әрқайсысының 
тарихынан  сыр  ақтарар  сынықтары  қалғанын,  оны  зерттейтін,  орнын  аршып,  тарихты 
жаңартатын  ұрпақтарына  аманнаттап  қалдырып  кеткендей.  Сондай  ірі-ірі  қалалардың 
қатарында,  қазақ  даласындағы  ең  мықты  деген  мемлекеттердің  астанасына  лайықты  орынды 
алатын ежелгі Сығанақ  қаласын айта аламыз. Қазақтың алғашқы мемлекеті – Ақ Орданың да 
астанасы болғаны туралы мәселенің сыры әлі күнге дейін ашыла қойған жоқ.  
Сығанақ  қаласы  туралы  ең  алғашқы  дерек  “Худуд  әл-алам  мин  ал-Машрик  ила-л-
Магриб” (“Шығыстан батысқа дейінгі әлем шекаралары”) атты авторы белгісіз еңбекте “Сунах” 
атымен  белгілі  болды [5, 90 б.].  ХІ  ғасырда  өмір  сүрген  ғұлама  ғалым,  түркі  тілінің  маманы 
Махмұт Қашқари өзінің “Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде Сығанақ қаласын оғыз қалаларының 
ішінде атап өткендігін де жоғарыда айттық. Х ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Макдиси 
Сығанақты Отырармен кіндігі бір егіз қала деп көрсеткен. 
Міне,  көріп  отырғанымыздай,  жалпы  қазақ  мемлекеттілігінің  тарихында  үлкен  маңызға 
ие, өзіндік орны бар Сығанақ қаласы жайындағы мәліметтер, тарихи деректер жеткілікті. Бұл 
қаланың  орналасқан  аумағы  қазіргі  Қызылорда  облысының  Жаңақорған  ауданындағы 
Төменарық  темір  жол  станциясынан 8 шақырым  жерде,  Қаратау  қыратының  оңтүстік-батыс 
етегінде Сырдария өзенінен15 шақырым қашықтықтағы Белқор үстіртінде орналасқан, жалпы 
аумағы 20 гектардай жерді алып жатқан бес бұрышты төбе.   
Сығанақ  қаласын  ІХ-ХІ  ғасырларда  оғыз  тайпалары  мекен  етсе,  ХІ-ХІІ  ғасырларда 
Сығанақ Қыпшақ мемлекетінің астанасы болған. ХІІІ-ХІҮ ғғ. Ақ Орда хандығының астанасына 

283 
 
айналып,  ХҮ  ғасырда  Қазақ  хандығының  астанасы  болған.  Тарихи  байланыс,  тарихи 
сабақтастық  деп  осыны  айтқан  болар  едік.  Қазақ  жерінде  өмір  сүрген  ірі  мемлекеттердің 
астанасы ретінде лайықты орын алған Сығанақ қаласының айтары көп-ақ. 
Қалай  десек  те  қала  өзінің  пайда  болуынан  бастап  ірі-ірі  саяси  оқиғаларды  басынан 
өткергендігі  анық. “Сығанақ  халқы  отырықшы  болған.  Онда  сауда,  қолөнер  жақсы  дамыған 
және  үлкен  әскери-стратегиялық  мәнге  ие  болды.  Қазақ  хандығы  үшін  экономикалық,  саяси-
әкімшілік  орталық,  әскери  тірек  пункті  ретінде  ерекше  маңызды  болып  саналды.  Сығанақ 
халқы  Сырдария  бойындағы  басқа  қалалардың  тұрғындары  секілді  суармалы  егіншілікпен 
айналысқан” [6, 7 б.].  Ол  жөнінде  Ибн  Рузбихан  өзінің  еңбегінде  “Егістік  жерлерді  суғаруға 
пайдаланылған арықтар Сейхуннан бастау алады” деп көрсеткен.   
Сыр өңірі ежелден-ақ адамзат баласының мекені екендігі тарихтан жақсы таныс. Уақыт 
көші алға жылжыған сайын олар жайында құнды деректермен қауышып жатырмыз. Сырдария 
бойындағы ескі қала, күмбез, мұнаралар мен олардың қирап жатқан орындары Оғыз дәуірінен 
қалған  белгілердің  аса  күрделісі  де  құндысы  болып  саналады.  Бұл  тайпа  ҮІІІ-ХІ  ғасырларда 
Сыр  өзені  мен  Торғай  өлкесінің  арасында  көшіп-қонған  іргелі  ел  болғандықтан  да  олар 
жайында  дерек  беретін  тарихи  жәдігерлер  бұл  аймақта  жиі  кездесіп  отырады.  Янгикент 
(Жанкент), Жент, Узгент (Өзгент), Баршынкент (Қызқала) шаһарлары аталмыш тайпаның осы 
өлкедегі ең атақты мекендері болып саналады.  
Әбілғазының Түркмен шежіресінде оғыз елі әруақыт Жанкент қаласына жиналып, қайы 
халқынан Инал Яумды хан көтеріп, оған Қорқыт атаны кәзір ететіні айтылады.  
Ал,  енді,  оғыздардың  астанасы  Жаңакент  не  болмаса  Жанкент  қаласы  жайына  келер 
болсақ,  жазба  деректерде  Жанкент  алғаш  рет  араб  тарихшысы  Ибн-Рүстемнің  еңбегінде 
аталады. Сондай-ақ, араб географы Ибн-Хаукал оғыздардың басты қаласы Жанкент болғанын, 
оны ирандықтар Нау-Керде, арабтар Эл-Хариат, сарматтар Дахи-Нау деп атағанын жазады. Бұл 
шаһар биікке орналасқан. Жанкент атауының өзі Янгикент – Жаңакент – Жанкент (Жаңа қала) 
деген мағынаны білдіреді. Оның тарихы ғасырлар қойнауында жатыр. Қаланың гүлдену дәуірі 
ІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі.  
Жанкеттің шығыс пен батысты жалғастырып жатқан Ұлы жібек жолы бойындағы тоғыз 
жолдың торабына орналасуы географиялық, экономикалық маңызын арттыра түсті. Оғыздарда 
қала мәдениеті жоғары дамыды.  
Жалпы  алғанда,  тарихта  кездесетін  атаулардың  әрбір  елдің  жер-су  атауларымен 
байланысы  халықтар  арасындағы  жақындықты  аңғартатындай.  Оны  мына  үзіндіден 
байқаймыз: “Ежелгі  оғыз  тайпаларының  ең  жақын  мұрагерлерінің  бірі  болып  есептелінетін 
әзірбайжан  елінде  қазір  “Нахичевань”  деп  аталатын  қала  бар. “Географический  энцикло-
педический  словарь”  атты  сөздіктен  орыс  тілінің  ыңғайына  қарай  “Нахичевань”  аталатын 
атаудың  әзірбайжан  тіліндегі  тұлғасы  “Нахчыван”  екендігін  көреміз.  Зер  салып  қарар  болсақ, 
“Нахчыван”  атауы  мен  “Шобанақ”  топонимінің  мағыналас  сөздер  екенін  аңғару  қиын  емес:  
“Нах + чыван” = “Шобан + нақ”. Топонимдерде ұшырасатын мұндай қызықты деректерді тасқа 
түскен түркі жазулары мен қазіргі жер-су атауларынан көптеп кездестіруге болады” [4, 140 б].   
Сырдарияның  солтүстік  бөлігін,  Арал  теңізі  мен  Каспий  теңізі  аралығындағы  “Ғұз 
даласы” (араб  тілінде  Оғыз)  деп  танылған  даласындағы  қалалар  (Аркөк,  Аққорған, 
Баршынкент,  Үзгент,  Сығанақ,  Сауран)  бертін  келе  қазақ  елінің  ХV-ХVІ  ғасырлардағы  саяси 
және экономикалық өмірінде маңызды орын иемденді. О бастан-ақ, Сығанақ, Құмқала сияқты 
қалалар  сауда  орталығы  болып,  жол  торабында,  яғни  керуен  жолдарының  қиылысында 
орналасқандықтан, олар бертінге дейін өзінің бұрынғы маңызын еш жойған жоқ. 
Қазақ  жері  тұнып  тұрған  тарих  дейтін  болсақ,  Сыр  бойының  тарихы  оның  бір  бөлшегі 
болып  саналады.  Айтары  мол  қазақ  тарихын  тереңдете  зерттеу  бүгінгі  күннің  талабы.  Бүгінгі 
уақыт – тарихына қарап елін танитын уақыт. 
Қазақтың  ата-бабасы  болып  табылатын  оғыздар  тарихы  студенттің  көңілін  өсіріп, 
отаншылдық  сезімін  қозғайтыны  анық.Университетімізде  білім  алып  жатқан  студенттердің 
Қазақстан  Республикасына  деген  патриоттық  сезімінің  қалыптасуына  және  өзін-өздері 
тануларына, әлеуметтенуіне, нағыз кәсіби, интеллектуалды маман болып даярланып шығуына 
оңтайлы жағдай жасау қажет.     
Бүгінгі  күні  әлем  бойынша  жер  көлемінен  тоғызыншы  орын  алатын  Қазақстанның 
тарихы  өте  бай.  Ертеңгі  күннің  кепілі  болып  табылатын  тарихты  оқып-игеру  барша  әлем 
азаматтары үшін маңызды. 
 

284 
 
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 
1. 
Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б. 
2. 
Ундасыновтың И.Н. “История казахов и их предков”. Часть 1. Наши предки (ІІ тысячилетие до 
н.э. – ХІІ век н.э.). – М.: “Леном”, 2002. – 160 с. 
3. 
Әбілғазы. Түрікмен шежіресі // Жалын, номері 2, 1991.-наурыз-көкек.-13-30 бб. 
4. 
Қошым-Ноғай  Б.  Тіл  ұшындағы  тарих (“Біраз  сөз  қазақтың  түбі  қайдан  шыққаны  туралы”). 
Алматы: Жазушы, 2003. – 496 бет. 
5. 
Қинаятұлы З. Сығанақ алғашқы қазақ мемлекеті – Ақ Орданың астанасы. // Отан тарихы, 2008, 
номер 3. – 90-95 бб. 
6. 
Амандықов Р. Құм жұтқан қала // Егемен Қазақстан. -2014.-21 тамыз (номер 162) -7 б. 
 
 
 
 
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   44


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет