46. Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы



бет1/33
Дата06.02.2023
өлшемі137,82 Kb.
#65349
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33


46.Плаун тәрізділер бөлімінің мысал ретінде шоқпарбас плаунының құрылысы, көбеюі, қоректену әдістері. Табиғатта, медицинада, фармацияда маңызы.


Плаунтәріздестер ерте дәуірде пайда болған. Олардың қазіргі кездегі өкілдері - көпжылдық мәңгі жасыл шөптекті өсімдіктер. Плаунтәріздестер - тең және әр түрлі споралы өсімдіктер. Тең споралы плаунтәріздестердің кең тараған өкілі - шоқпарбас плаун. Ол қарағайлы ормандарда жиі кездеседі.

Шоқпарбас плаун – мәңгі көгеріп тұратын, биіктігі 1,5 метрге жететін, споралы өсімдік. Сабағы жерге төселіп, жайыла өседі де, біртіндеп бұтақтанып жоғары көтеріледі. Сопақша келген жіңішке жапырақтарының ұшында ұзын әрі өткір ақ түсті шаш сияқты зат, ал бұтақтарының ұшында 3-4 споралы масақшалар бар. Осы масақшалардан шілде айының аяғында су жұқпайтын ұнтақ сияқты сары түсті споралар төгіледі. Шоқпарбас плаун таулы және тасты жерлерде, аршалы тоғайлардың ішінде, бұталардың арасында, орманды жерлерде өседі. Шоқпарбас плаун өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі төселіп өсетін өркендерінің үзінділері арқылы жүзеге асады. Мұндай үзінділердің жас жасушаларынан алдымен қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетіледі. Осылай бір өсімдіктен бірнеше жас плаун пайда болады. Кейбір түрлері (басқа ағашқа жабысып өсетіндер) өркендерінің ұшында пайда болатын бүршіктері арқылы өсімді көбейеді. Бүршік әбден жетілгенде үзіліп, 0,5 м қашықтыққа түсіп, қолайлы жағдайда енеді. Мұндай бүршіктер өркенде жылына бір рет түзіледі.


Жыныссыз көбеюі споралар арқылы жүзеге асады. Споралар өркендерде жетіледі. Плаунның спора түзетін өркенінің ұшына көптеген үш бұрышты, ұшы үшкір спорофилдер (грекше «спорос» - екпе, сеппе, «филлон» - жапырақ, спорангиі бар жапырақ) бекиді. Осы спорофилдерде бүйрек тәрізді спорангийлер орналасады. Спорангий - споралар дамитын орын. Олардың ішінде көптеген ұсақ, сары түсті споралар жетіледі. Споралардың барлығының пішіні мен мөлшері бірдей. Пісіп жетілген споралар спорангийлер жарылғанда жерге шашылады.
Жынысты көбеюі жерге түскен споралардың өнуінен басталады. Плаун спораларының өнуінің екі: жерүсті және жерасты типі белгілі. Бірінші жағдайда споралар жерге түскен соң бірнеше күннен кейін жерүсті өскіншелерін береді. Бұл өскіншелер жартылай сапрофит (грекше «сапрос» - шірінді, «фитон» - өсімдік, шіріндімен қоректенетін ағза) ретінде қоректенеді. Олардың жерге төселіп өскен ашықтау-жасыл түсті өскіншелерінің астында саңырауқұлақтардың жіпшумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жіпшумағынсыз өскіншелер өспей, құрап қалады. Осылай жартылай жерге еніп жататын өскіншелер бір жаздың өзінде пісіп жетіледі. Плаундардың өскіншелері - қосжынысты, ұзындығы 20 миллиметрден аспайды. Өскіншенің үстіңгі бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері түзіледі. Аталық және аналық жыныс жасушалары қосылып, ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдіктің тамыры, сабағы және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан - нағыз тамыр, сабақшадан - нағыз сабақ, ал жапырақшадан нағыз жапырақ қалыптасады. Соның нәтижесінде плаун өсімдігі пайда болады. Жерасты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жіпшумақтарымен селбесіп өсіп, қосжынысты өскіншеге айналады. Ұрықтанған жасушалардан келешекте жас плаун өсімдігі пайда болады
Дәрі жасау үшін шоқпарбас плаунның жас бұтақтарын және спораларын жинап алады. Бұл үшін плаунның бұтақшаларын қайшымен қиып алып, қағаз қапшықтарға салады да, жабық үйдің ішінде кептіреді. Кептірілген спораларды електен өткізіп алады. Оның құрамында ликоподин, клаватин, клаватоксин деген алкалоидтер, споронин, клетчатка, қант, минералды заттар болады. Спорада 40-50 процент май, пальмитин, стеарин, арахин, олеин қышқылдары бар.
Медицинада шоқпарбас плаунның спорлары жас балалардың денесіне, жараларға себетін дәрі ретінде пайдаланылады. Шоқпарбас плаунның бұтақтары нерв жүйесін және ревматизмге байланысты буынның сырқырағанын тыныштандыратын дәрі есебінде қолданылады. Сонымен қатар бұл өсімдіктің споралары мен бұтақтарының сулы тұнбаларын бүйректің және қуықтың ауруларын емдеу үшін де пайдаланады. Қабынуға қарсы әсер ететіп, ауырған жерлерді тыныштандыратын қасиеттеріне байланысты, шоқпарбас плауннан жасалған дәрілер бауыр ауруларын, жоғарғы тыныс жолдарының қабынуларын және денедегі әр түрлі шаншуларды емдеу үшін қолданылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет