№4(60)/2010 Серия филология


Қазіргі қазақ психологиялық драмасы



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата29.12.2016
өлшемі2,07 Mb.
#703
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Қазіргі қазақ психологиялық драмасы 
З.Шашкиннің «Ақын жүрегі» пьесасы бойынша
 
Кішкенбаева Ж.Қ. 
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана 
Автор,  опираясь  на  мировой  литературоведческий  опыт,  выявляет  основные  закономерности 
казахской  психологической  драмы,  а  также  историю  традиций  в  этом  жанре.  В  статье 
рассматриваются  вопросы  возникновения,  развития  казахской  психологической  драмы  и  проблемы 
характера и конфликта в психологической драме на материале пьесы З.Шашкина «Сердце поэта». 
The author of article, leaning on world study of literature experience, reveals the basic laws of the Kazakh 
psychological drama, and also history of traditions in this genre. In article questions of origination, develop-
ment of the Kazakh psychological drama, and a problem of character and the conflict in a psychological dra-
ma on a material of the play of Z.Shashkin «Heart of the Poet» are considered. 
 
«Драматургия — қазақ  əдебиетінде ХХ  ғасырдың  басында  əлеуметтік-қоғамдық  факторлардың 
ықпалымен,  ұлттық  өнердің  тарихи  дамуының  заңды  жемісі  ретінде  туған  жаңа  жанрлық  түр» [1]. 
Драматургияның тез өсіп, жедел жетілуіне əсер еткен негізгі дəстүрдің бірі — халықтың сан ғасырлар 
бойы жинақталған, сұрыпталған, екшелген ғаламат бай фольклоры. 
Ал драмалық шығармаларда кейіпкер өзінің айтатын сөздері арқылы, сонымен бірге сахнадағы 
қимыл-əрекеті,  жүріс-тұрысы,  сонда  байқалатын  жай-күйі  арқылы  бейнеленеді.  Кейіпкердің  жеке 
қалып  айтатын  сөзі,  бір-бірімен  өзара  сөйлесуі — бұлар  олардың  характерін,  басқа  адамдарға, 
өмірдегі түрлі жағдайларға қатынасын, қоғамдық мəселелерге көзқарасын сипаттаудың басты тəсілі. 
Автордың уақиғаға барысын, кейіпкерлердің іс-əрекетін, мінез-құлқын, жай-күйін тікелей өз атынан 
суреттеп, баяндап беруі жоқтың қасы. Біз болып жатқан, өткен оқиғаларды кейіпкерлердің айтуынан 
біліп, сол кейіпкердің көзімен көріп, кейіпкердің хал-жайын, сағыныш, қуаныш-қайғыға берілуінен, 
ойлау-сезінуінен байқаймыз. 
Əлеуметтік  өмір  қоғамнан  тыс  өмір  сүрмейді.  Қоғамдық  факторлар:  аласапыран  оқиғалар, 
таптық шайқастар, түрлі қоғамдық-əлеуметтік көзқарастар. 
Жалпы  драматургия — ұлттық  өнердің  тарихи  дамуының  заңды  жалғасы  дегеніміз — өнердің 
түп  негізі,  қайнар  тұмасы,  бастауы — халықтың  өзінде  жатады.  Түрлі  тамаша  аңыздар,  эпостық 
шығармалар мен сюжеттер, характерлер қазақ драматургтерінің алғашқы буыны үшін байтақ қазына, 
кеніш ырыздық болатын. 
Жүсіпбек  Аймауытов,  Мұхтар  Əуезов,  Жұмат  Шанин,  Ғабит  Мүсірепов  сынды  қаламгерлер 
қалың  елдің  ықылым  замандардан  бауырына  басқан  дүниелеріне  құр  ие  бола  салмай,  оларды  биік 
зерделі  дүниетаным,  реалистік  шеберлік,  зор  таланттың  күшімен  жаңғыртып,  өрнегіне-өрнек, 
бояуына-бояу қосып, жандандыра түскен. 
Ұлттық  əдебиетіміздегі  уақыт  сынына  төтеп  берген,  əсерлілік  қуатын  жоймаған,  ең  үздік 
пьесалар — эпостық  материалдар  негізінде  туған  шығармалар.  Бұл  құбылыс  өнердегі  халықтық 
сарындар, ежелгі дəстүрлер өміршең екендігін, жаңа түр, жаңа қалып бір күнде, бір сəтте аяқ астынан 
туа салмайтынын тағы айғақтай түссе керек. 
Кейіпкер  таңдау,  сюжет  қалау,  өмір  материалдарын  сұрыптау  мəселелеріне  келгенде,  қазақ 
драматургтергі  өздерінің  алғашқы  қадамдарынан  бастап  екі  арнаны  қатар  алып  жүрді.  Бірі — 
эпостың  ізі,  тарихи  аңыздар,  биографиялық  сюжеттер,  екіншісі — заман  жəне  өмірдің  көкейкесті 
мəселелері. «Еңілік–Кебек», «Арқалық батыр», «Майдан», «Шернияз», «Ақан сері–Ақтоқты» — осы 
тұжырымның дəлелі. 
Уақыт озған сайын қадым замандар дүниелерін өзек ете отырып, шығарма жасау дəстүрі əлсіреп, 
өз кезеңінің мəселелерін арқау еткен туындылар саны молая түсті. 
Осы  орайда  суреткер  Зейін  Шашкиннің  шығармашылығы  туралы  бірқыдыру  соны  пікірлер 
айтуға болады. 
Қазақ  драматургиясының  бүгінгі  дамуындағы  жақсы  бір  құбылыс  адам  психологиясын  ашуға 
ұмытылу  екендігіне  Зейін  Шашкиннің  «Ақын  жүрегі»  пьесасы  жақсы  айғақ  бола  алады.  Көп 
сахналық  шығармалар  салған  жерден  диалогтан  ақсап  жатады.  Бірінің  бетін  бірі  жыртып,  ұрсып, 

Кішкенбаева Ж.Қ. 
102 
Вестник Карагандинского университета 
айғайлап  қоя беретін кейіпкерлер сөзін естігенде, мазасыз, кесірлі  үйге  енгендей  боласың.  Өмірден 
көріп,  біліп  ұшырасып  жүретін  адамдарыңа  мүлде  ұқсамайтын,  бар  сырын,  бар  ашуын  қолма-қол 
ақтарып  тастайтын  даукес,  қызыл  өңеш  кейіпкерлер  мезі  еткендіктен  де  шығар,  жұмбағы  жан 
түкпірінің  тереңіңде  жататын,  ашынса  да  кісіліктен  арылмаған  бейнелерге  бірден  іш  тартасың. 
«Ақын жүрегі» драмасы ең алдымен психологизмге ден қойғандығымен қызықты. 
Өнерпаз  бейнесін  жасауда  қазақ  əдебиетінде  біраз  тəжірибе  жинақталған.  Драматургиядағы 
соқталы бейнелер Шернияз, Сырым, Абай, Ақан сері — бəрі де ақындар. Əсіресе Сырым мен Ақан 
серінің  романтикалық  серпінді  əуенде  жазылған,  кемерінен  асып  төгіліп  жатқан  толғаулары  қазақ 
драматургтерінің көбіне стильдік жағынан ықпалды əсер еткені рас. 
Шашкиннің  «Ақын  жүрегі»  пьесасындағы  Жұмат  монологтарынан  осы  дəстүр  айқын 
аңғарылады.  Пьесада  сырын  мəнермен,  ырғақпен,  ойын  тұспалмен,  астармен  емес,  шашып-төгіп, 
тебіреніп, жарқыратып  жайнатып,  сыр  мен  ойды, сезім  мен  байламды  қатар  өрген  ақын  мінезі  бар. 
Оның сөзі шұбырта жөнелген төкпе жыршының термесі іспетті ұйқасып, айшықтанып шыға келеді. 
Бірақ  қасындағы  адамды  көп  елемей  алып  қашып,  аспанға  шығып  кететін  кездерінде,  пьесаның 
драмалық арқауы үзіліп, құр бос сөз шыға келеді. 
Суреткерлік  талапты,  əсіресе  роман  жанрында  айырықша  танылған  Зейін  Шашкиннің 
шығармашылығына  тəн  сипат  түр  жаңалығын  қарастыру,  бұрын  із  түсе  қоймаған  тақырыпты  жаңа 
қырынан  алып  бейнелеу  талабы  драмалық  шығармаларында  да  жиі  ұшырасады.  Эпикалық 
туындылар  мен  кинода  қолданылатын  прологты  автор  «Ақын  жүрегі»  пьесасында  орынды 
пайдаланған. 
Асылында жол үсті адамды еріксіз ойға шомдырады. Көз алдыңнан бұлдырап өтіп жатқан тау-
тас,  өзен-көл,  бұлт-сағым  тіршіліктің  де  тұрақсыздығын,  өмірдің  өткіншілігін,  пəнидің  сырын 
мегзегендей;  жалғыз  болсаң  мұндайда  кешегі  күндер,  базарлы  шақтар,  қайдағы  мұң  еске  түсіп 
тұнжырайсың; сезімтал жолаушы кездессе, мұндайда шартарапқа көз салып, ой бөлісіп, сыр бөлісіп 
бір жасап қаласың. 
Əрине, егде тартқан ақын көлденең кездескенге салған жерден ақтарыла салмақ емес. Жұматтың 
Нəзипаға кешегі соғыс сұрапылындағы бастан кешкен хикметтерін айтып беруі тебіреністен, ерекше 
толқудан  туған  жағдай.  Жұматтың  өткен  күндерін  көзге  елестетер  монологында  талантты  ақын, 
əйгілі партизан Жұмағали Саин өміріне ұқсас жайттар мол кездеседі. 
«Ақын жүрегі» документалды шығарманың саяз деңгейінде қалып қоймаған. Мұнда өмір жəне 
жеке  деректер  автордың  суреткерлік  идеалы  тұрғысынан  əбден  сұрыпталып,  қорытылған. 
Драматургтың  мақсаты  Жұмағали  Саинның  өмірбаянын  бейнелеу,  ғұмырнамасын  жасау  емес, 
психологиялық  тартыстар  үстінде  көрінген  мінез  тартыстары  арқылы  өзегін  жарып  шыққан 
көкейкесті сырын айту. 
Пьесадағы оқиға  əр жерде  өтпей  бір  орында  өтсе,  көрерменнің  назар, ықыласы күшейе  түспек 
деген классицизм əдісінің қағидасын ұстанған ертедегі драматургтер ғана емес, алып отырған өмірлік 
материалдың ыңғайына, шығарма идеясына сəйкестікті бүгінгі қаламгерлер тəжірибесінде қолдануды 
«Ақын жүрегі» драмасынан көреміз. 
Облыстық  аурухананың  бас  дəрігерінің  үйіне  қонақ  келмек.  Алыс  қырдың  астында  қалған 
жастық  шақты  бірге  өткізген  достар:  ақын  Жұмат,  дəрігер  Есен.  Институт  бітірген  қызы  бар 
қырықтың ішіндегі Шəрбан жүрегі алай-түлей: көзден кетсе де көңілден кетпеген ескі күндер қайта 
еске түскендей. Шаңырақ иесі Нəби қатулы: құшақ жая қарсы алар сыңай танытпайды. 
Əрекетті  қонақ  келер  алдындағы  үй-ішінің  əбігерге  түсуінен  сабақтап  алған  драматург  анасы 
мен қызы арасындағы қызықты диалогтардың үстінен түсіреді. Бүгінгі заман тынысы, тіршіліктің көп 
сырын  кітаптан,  кинодан  ерте  біліп  алу  қазіргі  жастар  мінезіне  ерекше  сипат  бітіргендей.  Баз 
біреулер  əлеуметтік,  азаматтық  кəмелеттен  гөрі  балиғатқа  ерте  жетіп,  ес  біліп  етек  жаппай  тұрып 
аяғын  дүниеде  шалыс  басады.  Ал  біреулердің  жастық  албырттықтан,  адалдықтан  гөрі  кекселік 
кемелдікті сүйіп, күйіп кетуінен гөрі есептеп өлшеуі, таразылап таңдауы басым жатады. 
Мезгіл ырғағын байқағыш суреткер кейінгі буын өкіліне тəн сабырлылықты дəрігер Нəзипа қыз 
бейнесі арқылы көрсетпек болған. 
Жастары  алшақ  жандар  арасындағы  сүйіспеншіліктің  иірім  сырларын  Шекспир,  Чехов, 
Хемингуэй сынды классиктер терең бейнелеген. Бір қуаныш, бір қайғы, бір романтика, бір трагедия 
қатар жүретін күйлерді суреттеу үшін нағыз шеберлік қажет. 
Нəзипаның  əкесімен  құрдас,  бір  кезде  шешесіне  көңілі  кеткен,  қилы  заманды  бастан  кешкен 
адамға ынтызары аууын өмірде кездеспейтін жайт деу, бұл моральға кереғар нəрсе деп келте қайыру 

Қазіргі қазақ психологиялық драмасы … 
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
103 
солақайлық  болар  еді.  Келбетті,  мүсінді,  ойлы  еркекті  бір  көргеннен  жүрегі  тулап  шыға  келген 
қыздың алды-артына қарамай, тəуекелге бел буғандай қалпы бар. 
Драматург  Нəзипа  мен  Есеннің  арасындағы  байланысты  шағын  көрініспен  тиянақтағандай 
болады. Жас сұлу есірік жігіттен егде еркектің ақылын жөн санап, өмірден татқан ащысы мол, түйген 
байламы көп жанды қалайды екен. Ал егде еркек жас арудың тентек жүрегіне ие бола алмаймын деп 
қорқады, өйтпесе неге қашсын. 
Жұмат, Есен, Нəби, Шəрбан өмірлерінің ерекше мəнді кезеңіне қатысты өткен бір оқиға жотасы 
қайта-қайта, қылтиып көріне береді. Кең жайылған дастарқан ашық жарқын əзіл-күлкі, сый-сияпат — 
бəрі де оны ұмыттыра алмайды. 
Драматургтің  өмір жолы  мен  шығармашылығы жайында  академик-ғалым Р.Нұрғали: «Өнердің 
ұзақ бəйгесіне енді түсем, бауырым жазылып, кеңге сілтеймін деп жүрген шағында еріксіз тұсалып 
қалған  талантты  Зейін  көп  жылдар  қалың  тұманда  адасып,  шалғай  кетіп,  шет  жайлап  барып,  өз 
үйіріне басқалар белден асып кеткен кезде, өмірі енді еңкейе бастаған шағында қайта қосылды. Оның 
шығармашылығына  тұтас  көз  тастағанда,  талай  уақытын  өткізіп  алған,  енді  қайтсем  қарпып  қалам 
деген  жанның  асығыс  қомағайлығын,  содан  туған  кейбір  атүстілікті,  тереңдетер,  əшекейлер  тұста 
жалғыз сызық, бір бояудың жетпей қалар сəттерін көруге болады,— дейді [2]. 
Расында  да  «Ақын  жүрегі»  пьесасында  драматург  қатар  жүріп,  бірге  ойнап,  бірге  күлген 
достардың  басына  өмір  қатері  төнгенде, «кім  қалай  басты,  қайда  тартты?»  деген  сұрауларға  жауап 
іздеп  қоймайды,  сондай-ақ  адамгершілік  сыналар  тұстағы  мінездердің  құбылысын  бейнелейді. 
Опасыздық пен сатқындық, өлім мен өмір бетпе-бет келген соғыста ғана емес, бейбіт тіршілікте де 
болып жататынын көрсетеді. 
Сырт  қарағанда  төрт  құбыласы  түгел жандар кездеседі, басында — үйі,  бауырында — қазаны, 
алдында — малы, жанында — отбасы бар жұмыр басты пенде бұдан артық не тілейді деп шүкіршілік 
қылады. Облыстық аурухананың бас дəрігері, заманында министрдің орынбасары болған, ізін басып 
келе  жатқан  қызы  қандай,  қырықтың  үстіндегі  ажары  таймаған  əйелін  айт — Нəби  бақыттылығын 
сипаттауға осылар да жетіп жатыр. 
Сондай  бақытты  адамның  рухани  дүниесін  бірер  сағатқа  келген  қонақтары  астаң-кестеңін 
шығарды. 
Мезгілсіз  шақта  бейкүнə  қудаланып  Итжеккен  асып  кеткен  Есен  соңғы  түнді  ұмытпайды. 
Айтқан  сөзі,  оқыған  өлеңі,  басқан  қадамына  дейін  Жұматтың  жадында  сақталған.  Жалақор  кім? 
Жайқалып өсіп келе жатқан өрімталды көктей орған кім? 
Ешқайсысы  Нəбиді  көзге  шұқып, басқа салып қалмайды.  Жылдар  өтер, буындар  ауысар,  біреу 
өрлеп шыңға шығар, біреу зымырап құзға құлар, сонда талай нəрсе кешілер, көп қиянат ұмытылар, 
бірақ  тірлік жолына  қол ұстасып  бірге  шыққан  досыңнан  көрген  қиянат  ұмытылмас  та  кешірілмес, 
бейдауа дертке айналып, жүрекке шемен боп қатып, о дүниеге өзіңмен бірге кетер. 
Өткен  күнде  жасаған  қылмыстың  зіл  батпан  салмағы  кеудесін  езіп,  жанын  азаптаған  күйге 
түскен Нəбиді ескі достары — Жұмат, Есен жүйелі сөзбен тұсап, еріксіз жерге қаратады. 
Ауру жүрек шыдатпай, Нəби күнəһарлығынан ары күйген ақын Жұмат құлайды. 
Пьесаның  екінші  бөліміндегі  тартыс  қолма-қол,  асығыс  шешім  қабылдау  керек  шұғыл 
операцияға байланысты өрбиді. Кейіпкердің мінезі, адамдық келбеті осы қадамға қатынасына сəйкес 
көрінеді. 
Бұрынғы  зобалаңды  еске  түсіруге  құрылған  драмалық  əрекетке  енді  өлім  үстінде,  ауру 
қыспағында  жатқан  адамға  тəуекелге  бел  буып,  басыңды  қатерге  тігіп,  арашашы  болу  яки 
қиындықтан, жауапкершіліктен қашып, басқаға сілтей салу пиғылдарының айқасы қосылады. 
Өзі  көзбен  көріп,  қолмен  ұстаған  дүниелер,  тіршілікте  мұрат  тұтқан  мамандық  ерекшеліктері 
жазушы  шығармаларында  əр  түрлі  ыңғайда  көрініс  береді.  Етжақын  өмір  нысанын  тақырып  етіп 
алып,  кəсіп  қалыбынан  туатын  психологиялық  дара  сипаттарды  дəл  бейнелеу  жиі  кездеседі.  Қазақ 
əдебиетіндегі бұл құбылысты ұзақ жылдар дəрігер болған Зейін Шашкин шығармашылығынан анық 
аңғаруға болады. Мамандық аясына қатысты туған мінез-құлықты тиянақты суреттеген. 
Жүрек операциясына байланысты дəрігерлер — Нəзипа, Есен, Еркін, Генриэтта түскен əр түрлі 
сезім күйлерін драматург бөгде адам аңғара бермес, тек өз ісінің маманы ғана көзі шалар дəлдікпен 
көрсетеді.  Дəрігердің  жұмыс  үстіндегі  қатқыл  мінезі,  сөйлеу  ерекшеліктері,  кəсіби  қимыл-
қозғалыстары сенімді бейнеленген. 
Операция  кезіндегі  қылығы  арқылы  Нəби  мінезі  жақсы  ашылған.  Ол  үшін  аруақты  ақын 
Жұматтың  тірі  қалу-қалмауынан  гөрі  өз  басының  амандығы,  қызметінен  сырғып  түсіп  кетпеуі 

Кішкенбаева Ж.Қ. 
104 
Вестник Карагандинского университета 
маңыздырақ.  Хал  үстіндегі  адамды  Алматыға  əкетіңдер  деген  сөзді  жаны  ашығандықтан  емес, 
жауапкершіліктен  қашып,  не  көрсе  де  басқа  көрсін  деп  айтып  отыр.  Бұл  қара  басының  қамынан 
өзгеге селт етпейтін тоғышар, менменнің кескіні, іс оңға басайын деген кездегі қалпын көріңіз: 
«Тыңдап тұрмын. Иə, Нəби! Кім дейсіз? (Даусын өзгертіп). Ə, саламатсыз ба, жолдас секретарь! 
Операция  жақсы  аяқталды.  Оқ  алынды.  Ерлік  дейсіз  бе?  Əрине,  біздің  бала  да  жанын  салды-ау. 
Хирургтің алтын қолы өлім аузынан қайтарды деген осы» [3; 295]. 
Əуелде ат-тонын ала қашып, беті ары қарап кетсе, пəлесіне қалмайын деген кісі, енді абыройға 
еншілес, жақсы атаққа ие болмақ. Жұмат көз жұмғанда, Нəби тағы өзгеріп сала береді: 
«Осында  құдайдың  зарын  қылдық: «Жасама,  жасама,  операцияны!» — деп.  Құртты-ау  мына 
қыз!.. Обкомға не деймін, бетім-ау!..» [3; 302]. 
Драматург кейіпкерлер мінезін психологиялық тебіреністер арқылы ашпақ болған ниетіне үнемі 
жете бермейді. Егде тартқан ақын Жұмат пен салиқалы əйел Шəрбан арасындағы айтылатын сөздер 
тым  əсіре  қызыл,  мөлшерден  артық  жылтыр  сөздер.  Кірпік  қағуы  қиындап  кеткен  сəтте  Жұматтың 
үздігіп  өліп-өшуі  адамды  мүлде  иландыра  алмайды.  Сахналық  эффект  үшін  демесе,  Жұмат  ойын 
дауыс арқылы беру пьесаның драмалық материалына қабысып тұрған жоқ. 
Суреткердің «Ақын жүрегі» пьесасындағы кейіпкерлер — түрлі характердің, түрлі мінездердің 
адамдары.  Бұл  шығармалардың  өмірлік  материалдары  сұрыптау  əдістерінде,  стиль  қалпында, 
колоритінде, өзіндік ерекшеліктерінде көрінеді. 
Дегенмен  де  достық  парызы,  адамгершілік  мұраты  идеясын  психологиялық  арнада  бейнелеген 
З.Шашкиннің «Ақын жүрегі» пьесасын бүгінгі қазақ драмасының ізденіс жолындағы бір үлгісі деуге 
əбден болады. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Қазақ əдебиеті энциклопедиясы. — Алматы: Ғылым, 1999. — 207-б. 
2.  Нұрғали Р. Драма өнері. — Алматы: Жазушы, 2005. — 398-б. 
3.  Шашкин З. Шығармалары. — 2-т. –Алматы: Жазушы, 1984. 
 
 
 
 
 
ƏОЖ 82 
Ұлттық күйініштің лебі 
Рахманова Н.М. 
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, Алматы 
В статье рассматриваются особенности идейно-тематического и художественно-эстетического содер-
жания  романа  М.Ауэзова  «Лихая  година»  и  проблемы  его  публикации.  Проанализированы 
литературоведческие работы Ш.Айтматова, Э.Шарипова, Г.Мусрепова и Р.Нургали об исторической 
ценности  романа.  Автором  также  прослеживается  возникновение  сюжета  и  исследуются  художест-
венные особенности создания образов романа. 
The article is devoted to the features of the ideologically-thematic and art-aesthetic maintenance of the 
M.Auezov’s novel «The Hard Time» and problems of its publication are considered. S.Ajtmatov, E.Sharipov, 
G.Musrepov, and R.Nurgali’s works in revealing a historical value of the novel are analyzed. An object of re-
search also becomes to research of occurrence of a plot and art features of creation of images of the novel. 
 
М.Əуезовтің тағдыр талайы еректеу шығармасының бірі — «Қилы заман». Бұл кітап автордың 
ойға  алған  трилогиясының  бірінші  бөлімі  болса  керек.  Жазушы 1917 жылғы  революцияны, 1918 
жылғы  азамат  соғысын  зерделеп,  тұтас  дүние  жасауды  мақсат  тұтыпты.  Көңілдегі  трилогияның 
жазылуына кітаптың бірінші бөлімі қалам тартқан автор ойын сансыратқандай. 
«Қилы  заман» 1928 жылы  Қызылорда  қаласында  жарық  көрді.  Шығарманың  алғы  сөзін  баспа 
атынан Ғабит Мүсірепов жазған, жанрын «роман» деп атаған. Алғы сөзде 1917 жылдың оқиғасында 

Ұлттық күйініштің лебі  
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
105 
ұлт  қозғалысының,  ұлт  ішіндегі  топ  тартыстарының,  бай  мен  болыстың,  тілмəш,  төрелердің 
сұмдықтарын,  ұлтшыл  оқығандардың  жақсы-жаман  істерінің  бəрін  де  ашып  жазу,  дұрыс  суреттеу 
керек  еді.  Бірақ  жасыратыны  жоқ,  мұны  жазып  отырған  Мұхтар  бізге  түгелімен  берілген,  бізге  тəн 
адам емес. Мұхтардың бұдан бұрынғы жазғандарының көбі ескі сарын. Ол əлі күнге дейін ескіліктің 
жырын жырлап келеді дейді де, Ғабит Мұхтарға қарата «аты басқа, заты бөлек, беті теріс адам» деген 
сөздер қосады [1; 13]. 1929 жылы 14 сəуірде «Еңбекші қазақ» газетінде Б.Əбдірайымұлының «Қилы 
заманға сын» атты мақаласы басылды. Мақала түйіні шығарманы қоғамда жат туынды, идеясы кеңес 
бағыты емес дегенге саяды, сөйтіп, «Қилы заман» құрықталды. Ұзақ жылдар «Қилы заманның» атын 
атауға тыйым салынды. «Қазақ əдебиеті» газетінде 1967 жылы 1 қыркүйекте басылған «Қилы заман» 
қандай  туынды?»  деген  Рымғали  Нұрғалиевтің  мақаласы  басылды.  Бұл  «Қилы  заманды»  ұмытқан, 
ересек  ұрпаққа  тіпті  атын  да  естімеген  келесі  буынға  таныстырған,  табыстырғаны  үшін  де  қымбат 
мақала. 
Осы мақаладан кейін Ғабит Мүсіреповтің «Қилы заманның» жолы ауырлап кету себептерін, өзі 
жазған алғы сөздің араша сөз екенін ұқтыруға ынталанып: «Ресми қызметте отырған кісіге, əсіресе ол 
кезде  қоңырауы  бар  адамның  шығармасы  туралы  ағынан  жарылып  пікір  айтуға  болмайды,  мақтау 
жағынан  сақтық  қажет...  Мұхтар  шығармасы  шалға  бармаймын  деп  жылаған  қыз,  байдан  қорлық 
көрген кедей хикаясын, ауыл арасының үйреншікті итжығысын емес, Россия мен Қазақстан қарым-
қатынасының  күрделі  кезеңін  көрсетіп  отырса,  отаршылдық  тепкісіндегі  елдің  трагедиясын  айтып 
отырса, ондай намысты туындыға қалай ара түспейсің?» дейтіні бар [1; 13]. 
«Қилы  заман»  қырық  төрт  жылдан  кейін 1972 жылы  «Новый  мир»  журналында  Шыңғыс 
Айтматовтың  алғы  сөзімен  жарық  көрді.  Ш.Айтматов  алғы  сөзінде  «Қилы  заманды»  заман  ығына 
икемдеу  үшін  шығармадағы  оқиғаны  М.Əуезов  «Өз  кезеңінің  алдыңғы  қатарлы,  революциялық 
таптық позициясы тұрғысынан жасаған» дегенді айтады [2]. Бұл пікірді де «шығарма орысқа қарсы 
жазылған»  дейтінді  айналып  өтудің  қисыны  деп  ұққан  жөн,  əйтпесе  «Қилы  заманда»  тапқа  бөліну, 
бай-кедей болып жарылу, жіктелу басты тақырып болып суреттелмейді. 
Бұл тұста Мүсіреповтікін де, Айтматовтікін де қайтсе де «Қилы заманды» халықтың құлағына, 
жүрегіне жеткізудің амалы деп түсіну керек, уақыт екпіні солай еді. Араға екі жыл салып барып 1974 
жылғы  «Жұлдыз»  журналының  № 8  санында  Əди  Шəріповтің  алғы  сөзімен  қалың  қазақ  оқырманы 
«Қилы заманмен» қайта қауышты. 
Бұл  шығарманың  жазылуына  Тұрар  Рысқұлов,  Ораз  Жандосов,  Ілияс  Жансүгіров,  Иса 
Байзақовтың повесть кейіпкері Серікбайдың əйелі Көкшегірдің (шын аты Қаныке) ықпалы болғаны 
жазылып  жүр.  М.Əуезовтің  қызы  Лəйлə  Əуезова  «История  Казахстана  в  творчестве  М.Ауэзова» 
еңбегінде: «1926 жылы  Қарқараға  барып  келген  Əміре  Қашаубаев  пен  Қалибек  Қуанышбаев 
жазушының Қарқара жəрмеңкесінде болған оқиғаға ықылас-назарын аударды», — дейді [3]. 
«Қилы заман» туралы жазылған Тұрсын Жұртбайдың «Бейуақ», Дандай ЬІсқақұлының «Талант 
пен  тағдыр»  кітаптары,  Зейнол  Бейсенғалидың  «Қилы  заман»  ұшыраған  зобалаң»,  Бақытжан 
Майтановтың «Қилы заман» — тарихи туынды», Қазтай Ұлтарақовтың «Қилы заман» хикаясы қалай 
жазылған?»  мақалалары  көп  жайларға  қанықтырады.  Шығарманың  бас  кейіпкерлерінің  бірі  Ұзаққа 
«бұғалықтың түскені, əлдеқашан емес пе еді» дегізетін орыс-казактардың қазақ жерін жаулауы, елді 
əлеуметтік-экономикалық,  рухани-моральдық  тұрғадан  тұралатуы,  болмай  қоймайтын  көтерілістің 
пісуін  жеткізген  еді.  Отаршылдықтың  зардабы  асқынып  тұрған  кезде 1916 жылғы  патша 
жарлығының  шығуы  халықты  шарасыз  болса  да  бұлқынып  қалуға  итермелеп  еді.  Өкіметтің 
əлпештеуінде  болып  «жауым  қазақ-қырғыз»  деп  мылтық  ұстап  қаруланған  орыс-казактардың  қазақ 
елін қалай қансыратқанын талай ақын-жазушылар шығармаларына өзек етті. 
Əуезов  те  айтулы  кезең 1916 жыл  оқиғасына  қатысты  тарихи  тұлғаларды  əдеби  кейіпкер  етіп, 
мəңгі  есте  қалдыруды  парыз  санағандай.  Ел  бұлқынысының  сан  алуан  толқынын  жазушы  көркем 
тілмен  жеткізген.  Шығарма  тілі  төгіліп  тұр.  Бұны  туындыда  кең  көлемде  орын  алған  авторлық 
баяндаудан да, кейіпкер диалогынан да, монологынан да байқаймыз. Іштеріне қан қатқан елдің мұң-
зарын, отаршылдық зауалдарын жазушы қазбалай, мəтін астарына ой жасырам деп əуереленбей еркін 
көсіледі.  Шығарма  жазылған  кезең — əдебиеттің  аяғына  темір  қақпан  əлі  кілтін  салмаған  тұс. 
Осындайда  шығарманы  автордың  қайта  өңдеуіне мүмкіндік болмағаны да оңды  болды  ма  деген  ой 
келеді. Осы шығармамен тұстас жазылған дүниелерін автор кейін қайта өңдеп, саясаттан сытылудың 
дəрменін іздестіретіні де шындық. 
Шығарма  басында  көрінетін  екі  басты  самұрық  бейнелеген  ақ  жалауды  автор  «қомағай 
озбырының айқын тұрған белгісі» деп мегзесе, «Бай, момын елдің мол денесі обырдай обып жатқан 

Рахманова Н.М. 
106 
Вестник Карагандинского университета 
қомағай  ұртқа  бойындағы  тəтті,  дəмдісін  иігендей  төсеп  жатыр»  деген  кейіптеу  астарында 
отаршылдықтың құлдық сананы мойындату əрекетіндегі айласы, күші, бас идіріп, дəрменсіздендіруі 
жатыр.  М.Əуезов  сол  бір  зобалаң  тұстағы  шындықтың  суретін  боямсыз,  дəл  беруді  алдына  мақсат 
еткен. Шығармада басты көзге түсетін нəрсе, ой ағымының көптігі, кейіпкер ойы, автор ойы, бірін-
бірі  жетелеп  отырады.  Шығарманың  басты  кейіпкерлерінің  бəрі  өмірде  болған  адамдар.  Ұзақ 
Саурықұлы (атақты Сауық батырдың баласы), Жəмеңке Мəмбетовтер — Қарқара қазақтарына қадірлі 
жандар.  Жəмеңке  топта  сөз  бастаған,  аузына  елді  қаратқан,  Жетісу  қазақтарының  ғана  емес,  көрші 
қырғыз  ауылдарының  да  ақылманы.  Жазушыны  тəнті  еткен  Жəмеңкенің  айтарын  кімнің  алдында 
болсын  тайсалмай  айтатын  өжеттігі  мен  айтар  мұңының  ел  мұңымен  үндесуі  болса  керек. 
Жəмеңкенің  «Баяғы  өткен  ата-бабаның  абырой  бағын  бізге  берген  жоқ»  деуі  оның  өкініш  пен 
мұңының бер жағы. Отаршылдық құрығы енді қазақты тыпыр еткізбейтінін сұңғыла қарт сезеді де, 
өзгелерге  сездіреді  де.  Жəмеңкенің  де,  өзге  кейіпкерлердің  де  ой  əуендері,  сезім-түйсіктері,  іс-
əрекеттерінде  бұқпантайлық  жоқ,  кіммен  болса  да  шайқасқа  əзірлігін  жасырмай,  азаттық  аңсаған 
ойларын  жайып  салады.  Жауапқа  келген  Жəмеңке  прокурор  алдында  қаймықпай: «Жерді  алды. 
Қонысты алды. Ел күнін көріп отырған суды алды, өз жерімізді сатты» деп отаршылдық зобалаңын 
жайып  салды.  Көтеріліс  басшысы  Ұзақ  бойында  батырға  тəн  мінездің  бəрі  бар.  Көп  сөйлемейтін 
тұйықтығы да, сөйлесе кесіп айтар  өткірлігі де, айтқанынан қайтпайтын  қайсарлығы  да,  шындыққа 
тура қарайтын турашылдығы да, елдің бəріне өзіндей сенетін аңғалдығы да, оның болмысында. Ұзақ 
отарлаушы саясатқа қарсылығын патшаның жарлығы жарияланғаннан кейін ашық та, ашына айтады. 
Ағасы  Тұңғатар  үстем  күшпен  соғысудың  арты  жақсылыққа  апармайтынын,  батырдың  өзіне  ғана 
емес,  айналасына,  туыстарына  да  зардабы  зор  екенін  айтып  сақтандырады.  Оны  өзінің  туыстық 
парызы  деп  санайтынын  да  жасырмайды.  Тұңғатардың  бұл  қамқорлығы  Ұзаққа  қызы  Бекейдің 
өліміне оның қатыстығын еске түсіріп, қайғысын жаңалайды. 
Оқырманын «өне бойы тер сасыған семіз пристав» деумен-ақ жирендірген Ақжелке де «олардың 
малын жерімізге түсті деп қуалайсың, сендерде жер бар ма? Жер патшанікі» деп зекиді. Жалпы адам 
баласы үшін жер-су тіршілік көзі, қасиеттінің қасиеттісі. Ал онан айдың, күннің аманында айрылып, 
жатқа жалтақтау,  түбінде  жалпыхалықтық бұлқынысты  тудырады  деген  ойдың  ұшығын  да  жазушы 
шығара  кетеді.  Жəмеңке,  Ұзақ,  Əубəкір  сияқты бетке  айтып, шет  қимылға  бекінгендер  саны  патша 
жарлығынан  кейін  көбейіп,  ел  тұтасты.  Шығармада  кімдер  екені  түстелмей,  көп  дауысты  лебіздер, 
кіжінген  дауыстар  арқылы  елдің  жапырыла  дəрменсізденуін  суреттеу  алапат  апаттың  болатынын 
сездіргендей.  Ұжымдық  хаос  бой  көтереді,  бұл  тұста  зердешіліктен  гөрі  сезім  басым  болатынын 
автор  шынайы  суреттейді.  Ұлттық  көрініс  беретін  тұстары  да  бар:  мысалы,  жағдайға  тез  икемделе 
алмайтын  қазақи  жайбарақаттылық  повестің  əр  тұсында  көрініс  береді.  Жазушы  шығармада  халық 
ішіне түскен жік, бай-кедей деп емес, ар мен адамшылық жігі дегенді байқатады. 
Орысқа  бір  көзбен,  қазаққа  басқа  көзбен  қарайтын  тілмаштардың  бейнесін  беруде  автор 
метафоралық  тіркестерді  ұтымды  қолданады  «кеудесінде  ит  өлгендей,  сасып-бықсыған  арам 
өзімшілдікпен  бірге,  ерекше,  жақсы  үйлескен  бітеулік,  сезімсіздік бар  еді. Ар  маңдайы көн  терідей 
қалың еді» [4; 264]. 
«М.Əуезов  зор  тарихи-əлеуметтік  оқиға  өткен  жердің  табиғи  əсемдігіне  тамсану  арқылы 
соншама  байлықпен  ырысқа  ие  болған  халық  өміріндегі  ілкі  дəуірге  сабақтас  ерлік  пен  күрес 
нəтижелерін алдағы қатыгез əрекет пен салыстыру тəрізді апперцепциялық үрдістердің сілемінен де 
хабардар береді [5]. 
Табиғат пен адам арасындағы үзілмес байланысты автор шығармада үнемі еске салып отырады. 
Шығармадағы  пейзаж,  кейіптеу  Əуезов  көзімен  аңдамағаныңды  аңғартады.  Ұзақтың  қызының 
қазасына  қатысты  ішкі  алпарысын  берген  тұста,  мынандай  пейзажға  орын  береді: «Кейде  бергі 
беттегі  дəл  желкедегі  тоғай,  қара  быжырық  болып,  жас  ойға  түскен  қайғыдай  көлеңкеленіп, 
көкшілденіп жүдеп кетті». 
«Желкедегі тоғай» қазақ жастарының символындай, оның «жас ойға түскен қайғыға» теңелуінде 
де уақыт табын сездіретін астар бар. Автор су сойып кеткен тау бетін «түйілген қабақтың арасындағы 
ежелгі суық əжімдей» деп бейнелейді. Мұндағы «ежелгі суық əжімде» де отарлаудың бұрыннан келе 
жатқан зобалаңы мен зардабын мегзейтін символ жатыр. Жазушы тау бөктеріндегі сайды, сай-қайғы, 
мұң-сайы»  деп  суреттейді.  Тұтастай  алғанда  Əуезовті  суреткер  ретінде  танытатын  «Қилы  заманда» 
автордың  романтизмге  мойын  ұсынатын  тұстары  бар.  Бұл  борап  тұрған  оқтан  тайсалмаған 
көтерісшілердің өрлігін суреттеуде, Ыбырай бастаған қызыл бөрік жігіттерінің қапиядан жол тапқан 
сұңғылалығын  бейнелеуде  байқалады.  Сол  жерде  соңғы  қазақ  қалғанша  жусатып  алуға  əзір  тұрған 

Ұлттық күйініштің лебі  
Серия «Филология». № 4(60)/2010 
107 
пулемет  пен  мылтықтан  серпіліп  төбе  тасалаған  көтерісшілердің  қимылын  автор  сүмірейте 
суреттемейді, қайта осы əрекеттерің алдағы жеңістердің бастауы дегендей кейіп танытады. Автор осы 
тұстағы жəрмеңкенің тыныс-тіршілігін «күні бойы ел жиынының көрсеткен мінезі бұндағы жұртты 
қатты  сескендірген  болатын.  Сондықтан  жəрмеңке  ішінен  шығып,  ел  тобына  қарсы  барып,  қарсы 
шабуыл  жасауға  жарайтын  ешбір  əскер,  ешбір  жан  шыққан  жоқ-ты»  деп  көтерісшілердің  мысы 
басқанын баяндайды. Шығарма соңында туған тау тасы енді пана болмасын ұғынған ел бар пəленің 
басын  жəрмеңкемен  жақындастырып,  оған  өрт  қояды.  Қытайға  үдере  көшкен  жұрт  соңында 
«Артында қара түтін болып жəрмеңке қалды. Иесіз болып қаңырап Алатаудың жайлауы қалды... жұрт 
қалды... момындық күн қалды... ата қоныс мекені қалды... қора-қора қой қалды... көршілер де қалды... 
далашықтың байы Дəулетбақ қалды... Тұңғатар бай қалды... тілмаштар қалды... Оспан мен Жебірбаев 
қалды... [4; 330]. Осы  тұста  «қалды»  сөзін  автор  сан  мəрте  қайталау  арқылы  халықтық  қасірет, 
қимастық  пен  өкініш  бұлтының  қою  екенін,  қазақ  жерінде  бұл  қалғандардың  легінде 
қайшылықтардың қоса қалғанын сездіреді. 
Жазушы «Қилы заман» қыспағын қайта қайталай жазу болашақ бұлқыныстарға жетелейді деген 
ықласты ұстанған. 
М.Əуезов қазақ жеріндегі ХХ ғасырдың басындағы отаршылдық саясаттың күшейіп, қысымның 
түрі  түрленгенін,  оған 1916 жылғы  патша  өкіметінің  қазақтан  əскер  алу  жөніндегі  жарлықтың 
қосылып, елді əбігерге салып, үрей мен қорқыныш билегенін, халық мұңын қаза жазан. Бұл шығарма 
автор көкірегіндегі қатпарлы ұлтық күйініштің лебін, қайғысын айту арқылы ұлт тарихындағы қадау-
қадау шындықтардың тиегін ағытады. 
 
 
Əдебиеттер тізімі 
1.  Жұртбаев Т. Бейуақ. — Алматы: Қазақстан, 1990. — 304 б. 
2.  Айтматов Ш. Алғы сөз орнына / Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 1979. 
— 14-б. 
3.  Ауэзова Л. История Казахстана в творчестве М.Ауэзова. — Алматы: Жазушы, 1997. — С. 282. 
4.  Əуезов М. Жиырма томдық шығармалар жинағы. — 2-т. — Алматы: Жазушы, 1979. — 436 б. 
5.  Майтанов Б. Қилы заман — тарихи туынды / Қазіргі əдебиеттану мен фольклористиканың өзекті мəселелері. — 3-кіт. 
—Алматы: Қазақ ун-ті, 2006. — 13-б. 
 
 
 
 
 
УДК: 82–1/29:81'36:81'366.8 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет