4ро кім күшті? (қазақ ертегісі) Кейіпкерлер



Дата22.02.2023
өлшемі14,48 Kb.
#69872

4РО
Кім күшті?
(қазақ ертегісі)
Кейіпкерлер: қырғауыл, мұз, жаңбыр, жер, көп шөп, тоқты, қасқыр, мылтық, тышқан, құмырсқа
Автор: Ерте, ерте, ерте екен, 
Ешкі жүні бөрте екен
Қырғауылы қызыл екен. 
Қырғауылы қырқылдап, 
Жалтыр мұзға сыртылдап
Алшая келіп қоныпты, 
Шаты айрылып қалыпты. 
Қисая жатып қырғауыл 
Сонда мұздан сұрапты:

Қырғауыл:– Мұз, мұз сен неден күшті болдың? 
Мұз:– Мен күшті болсам бауырымды жаңбырға тестірмес едім.

Қырғауыл:– Жаңбыр, жаңбыр, сен неден күшті болдың? 
Жаңбыр:– Мен күшті болсам, жерге жұтқызар ма едім. 


Қырғауыл:– Жер, жер, сен неден күшті болдың? 
Жер:– Мен күшті болсам, көк шөпке бауырымды жұлдырмас едім.


Қырғауыл:– Көк шөп, көк шөп, сен неден күшті болдың? 
Көк шөп: – Мен күшті болсам, көк тоқты мойнымнан жұлдыртпас едім. 


Қырғауыл:Көк тоқты, көк тоқты, сен неден күшті болдың?
Көк тоқты: – Мен күшті болсам көк шұнақ қасқырға жұлқытпас едім.


Қырғауыл:Көк қасқыр, көк қасқыр, сен неден күшті болдың?
Көк қасқыр: – Мен күшті болсам, көк мылтыққа атқызбас па едім. 


Қырғауыл:Көк мылтық, көк мылтық , сен неден күшті болдың?
Көк мылтық: – Мен күшті болсам, қоңыр шолақ тышқанға білтемді қидырмас едім.
Қырғауыл:– Тышқан, тышқан, сен неден күшті болдың? 
Тышқан:– Мен күшті болсам, құмырсқаға інімді алдырмас едім.
Қырғауыл:Құмырсқа, құмырсқа, сен неден күшті болдың?
Құмырсқа:– Алты батпан ауырды арқалаған күштімін, жеті батпан ауырды желкелеген күштімін, – деген екен құмырсқа.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет